BM201SG3BG - Пешка GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз BM201SG3BG GORENJE PDF форматында.

GORENJE BM201SG3BG - Пешка
📄 366 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice GORENJE BM201SG3BG - page 170
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Кіріктірілген электрлік пеш
Бренд Gorenje
Модель BM201SG3BG
Энергия көзі Электр
Кернеу 220-240 В
Жиілік 50/60 Гц
Қуат тұтыну Шамамен 3,0 кВт
Пештің жалпы сыйымдылығы 77 л
Пеш функциялары Дәстүрлі, Гриль, Ауа айналымы, Жібіту, Пицца
Температура диапазоны 50-250 °C
Басқару түрі Электронды сенсорлық басқару
Дисплей Сандық LED дисплей
Таймер Иә, бастауды кейінге қалдырумен
Тазалау түрі Каталитикалық (артқы қабырға)
Есік түрі Салқын сенсорлы, үш қабатты шыны
Балалар құлпы Иә
Қауіпсіздік мүмкіндіктері Автоматты өшіру, қызып кетуден қорғау
Орнату түрі Кіріктірілген
Өлшемдері (Е x Б x Т) 595 x 595 x 548 мм
Салмағы (нетто) Шамамен 30 кг
Қосалқы бөлшектердің қолжетімділігі Иә, ресми Gorenje бөлшектері

Жиі қойылатын сұрақтар - BM201SG3BG GORENJE

Gorenje BM201SG3BG пешінің сағатын қалай орнатуға болады?
Clock түймесін басыңыз, содан кейін +/- түймелерімен сағат пен минутты орнатыңыз. Қайтадан Clock түймесін басу арқылы растаңыз.
Пештің функциялары қандай және оларды қалай таңдауға болады?
Функцияларға Дәстүрлі, Гриль, Ауа айналымы, Жібіту және Пицца кіреді. Функцияны таңдау түймесін бұраңыз.
Каталитикалық эмальды қалай тазалауға болады?
Артқы қабырға каталитикалық эмальмен қапталған. Жоғары температурада пісіру кезінде ол өзін-өзі тазартады. Салқындағаннан кейін қалдықтарды дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Неге менің пешім қызбайды?
Электрмен жабдықтауды және пештің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз. Таймердің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Егер мәселе шешілмесе, қыздыру элементін ауыстыру қажет болуы мүмкін.
'E2' қате коды нені білдіреді?
E2 қате коды температура сенсорында ақаулықты көрсетеді. Пешті 5 минутқа өшіріп, қайта іске қосыңыз. Егер қайта пайда болса, сервис орталығына хабарласыңыз.
Пеште алюминий фольгасын қолдануға бола ма?
Иә, бірақ түбін немесе желдеткішті жаппаңыз. Оны пісіру табағына салыңыз. Қыздыру элементіне тиюден аулақ болыңыз.
Балалар құлпын қалай іске қосуға болады?
Child Lock түймесін 3 секунд басып тұрыңыз. Дисплейде кілт белгісі пайда болады. Өшіру үшін қайталаңыз.
Орнату үшін қандай өлшемдер қажет?
Пеш шамамен 560 x 550 x 560 мм (E x B x T) ойығын қажет етеді. Нұсқаулыққа сәйкес желдету үшін саңылау қалдырыңыз.
Пеш жарық шамын қалай ауыстыруға болады?
Пешті ажыратыңыз, шыны қақпақты алыңыз және G9 40W шамын салыңыз. Сағат тілімен бұраңыз және қақпақты қайта орнатыңыз.
Gorenje пешіне қосалқы бөлшектерді қайдан табуға болады?
Қосалқы бөлшектерді ресми Gorenje қызмет көрсету орталықтарынан және уәкілетті дилерлерден алуға болады. Модель нөміріңізді BM201SG3BG пайдаланыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы BM201SG3BG GORENJE

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Пешка PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз BM201SG3BG - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. BM201SG3BG брендінің GORENJE.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ BM201SG3BG GORENJE

Біздің өнімімізді сатып алғаныңыз үшін алғыс айтамыз және біздің бұйымдарымыздың сенімділігіне көз жеткізе алатыныңызға сенімдіміз. Аспапты қолдану ыңғайлы әрі қарапайым болуы үшін біз пайдалану жөніндегі толық нұсқаулықты дайындадық.

Нұсқаулық аспаппен жылдам танысып шығуға мүмкіндік береді. Аспапты алғаш қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.

Аспабыңызда бұзылулардың жоқ екендігін тексеріп алыңыз. Тасымалдау кезінде пайда болған қандай да бір бүлінулерді анықтаған кезде аспапты сатып алған сауда өкіліңізге хабарласыңыз. Телефон нөмірі түбіртекте немесе жүкқұжатында көрсетілген.

GORENJE BM201SG3BG - 1

Аспапты асқан қызығушылықпен қолдануыңызды тілейміз!

Аспап электромагнитті энергия көмегімен тағамдарды және сусындарды қыздыру үшін жылдам қолдануға арналған. Тек бөлме ішінде ғана қолданыңыз.

ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз және оны одан әрі қолдану үшін сақтап қойыңыз.

Нұсқаулық тұтынуға арналған. Нұсқаулықта аспап және оны қолдану сипатталады. Нұсқаулық аспаптың бірнеше типіне арнап дайындалған, сондықтан сіздің моделіңізде жоқ жекелеген функциялардың сипаттамаларынан тұруы мүмкін.

  1. Аспапты есігін ашып пайдаланбаңыз, өйткені бұл шектен тыс АЖЖ-сәулеленудің әсер етуіне алып келуі мүмкін. Есіктің қорғайтын сырмаларының бүлінуіне жол бермеңіз және конструкциясына өзгерістер енгізбеңіз.
  2. Есік пен пештің алдыңғы панелі арасына заттар салмаңыз және нығыздағыш беттерге ластың немесе жуу құралдарының жиналуына жол бермеңіз.
  3. ЕСКЕРТУ! Есік немесе нығыздағыш бүлінген болса, пешті қолдануға тыйым салынады. Жөндеу үшін авторлық құқығы бар сервис орталығына хабарласыңыз.

Толықтыру

Аспапты таза күйде ұстаңыз. Әйтпесе оның беттері бүлінуі мүмкін, бұл оның қызмет ету мерзіміне әсер етеді және қауіпті жағдайлардың туындауына алып келуі мүмкін.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Жалынның туындауының, электр тоғынан зақым алудың, жарақат алудың немесе шектен тыс АЖЖ-сәулеленудің әсер етуінің алдын алу үшін аспапты қолдану кезінде төменде берілген қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін ұстаныңыз:

  • ЕСКЕРТУ! Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін қысқа толқынды сәулеленуден қорғайтын қақпақты ағытып алуды талап ететін аспапты жөндеу мен қызмет көрсетуді тек сервис орталығының маманы ғана жүзеге асыра алады.
  • ЕСКЕРТУ! Сұйықтықты және тағамдарды тығыз жабылған ыдыстарда қыздырмаңыз, өйткені олар жарылуы мүмкін.
  • Аспапты 8 жастан асқан балалардың және физикалық, сенсорлық және ақыл-ой қабілеттері шектелген немесе білімі немесе тәжірибесі жетіспейтін адамдардың қандай да бір тұлғалардың қарауында болған немесе аспапты қауіпсіз қолдану жөніндегі нұсқауларды алған және оны пайдалануға байланысты қауіптерді түсінген жағдайларда ғана қолдануына болады. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз. Балалар 8 жасқа жеткен және үлкен кісінің қарауында болған жағдайда ғана аспапты тазалауды және оған қызмет көрсетуді орындай алады.
  • Аспап пен қорек шнурын 8 жасқа толмаған балалардың қолы жетпейтін жерде бірге сақтаңыз.
  • Қысқа толқынды пештерде қолдануға болатын ыдыстарды ғана қолданыңыз.
  • Пешті жүйелі түрде тазалап тұру және тағамның жиналып қалған қалдықтарын кетіру қажет. • «ШЕКТЕН ТЫС АЖЖ-СӘУЛЕЛЕНУДІҢ ӘСЕР ЕТУ ЫҚТИМАЛДЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ШАРАЛАР» бөлімінде берілген ережелерді оқып шығыңыз және орындаңыз.
  • Тағамды пластик немесе қағаз контейнерлерде қыздыру кезінде аспапты қадағалап отырыңыз, өйткені жалындау қауіпі бар.
  • Егер түтін байқасаңыз, жалынды оқшаулау үшін пеш есігін ашпаңыз. Аспапты сөндіріңіз және ашаны розеткадан ажыратыңыз. • Тағамды қатты қыздырмаңыз.
  • Духовка камерасын сақтау үшін қолданбаңыз. Нанды, печеньені және т.б. пеш ішінде сақтамаңыз.
  • Пешке қағаз немесе пластик контейнерлерді / пакеттерді салмас бұрын олардың сым және металл бекіткіштерін алып тастаңыз.
  • Аспапты ұсынылған орнату жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қана орнатыңыз немесе орналастырыңыз.
  • Қабығы бар жұмыртқаны және тұтастай пісірілген жұмыртқаны қысқа толқынды пеште дайындамаңыз және жылытпаңыз, өйткені ол бағдарлама аяқталған соң да жарылуы мүмкін.
  • Аспап тұрмыстық жағдайда және тұрмыстық жағдайға жақындатылған жерлерде қолдануға арналған, соның ішінде:

– дүкендердегі, кеңселердегі асхана аймақтарында және басқа да өндірістік жағдайларда, – қонақүйлердегі, мотельдердегі және тұрғын үй түріндегі басқа да инфрақұрылымдағы тұрғындарға, – ауылшаруашылығы фермаларында, – ұйықтайтын және таңғы ас ішетін орындарда,

  • Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін бүлінген қорек кабелін ауыстыруды өндіруші, авторлық құқығы бар сервис орталығы немесе білікті маман ғана орындай алады.
  • Аспапты ғимараттан тыс сақтамаңыз және қолданбаңыз.
  • Аспапты су көздеріне жақын жерлерде, дымқыл ортада немесе бассейндер жанында қолданбаңыз.
  • Аспап жұмысы кезінде оның беттері қатты қызуы мүмкін. Шнурдың ыстық беттермен жанасып тұрмауын, пештің желдету саңылауларының бітеліп қалмауын қадағалаңыз.
  • Шнурдың аспап орналасқан үстелден немесе басқа да беттерден салбырап тұруына жол бермеңіз.
  • Егер аспапты таза күйде ұстамаса, оның беті бүлінеді, бұл аспаптың қызмет ету мерзімінің қысқаруына алып келеді, сонымен қатар қауіпті жағдайдың туындауына себеп болуы мүмкін.
  • Бөтелкедегі немесе банкадағы балалар тағамын қыздыру кезінде тамақтандырар алдында міндетті түрде араластырыңыз және баланың күйіп қалмауы үшін температурасын тексеріңіз.
  • Сұйықтықты қысқа толқынды пеште қыздыру кезінде қайнау кідіреді және сұйықтық сәл ғана шайқау кезінде бүлкілдеуі мүмкін, сондықтан сұйықтық құйылған ыдысты қолдану кезінде аса сақ болыңыз.
  • Аспап физикалық, сенсорлық және ақыл-ой қабілеттері шектелген немесе білімі немесе тәжірибесі жетіспейтін адамдардың (балаларды қоса) олардың қауіпсіздігіне жауап беретін басқа да адамдардың қарауымен немесе басшылығымен ғана қолдануына арналған.
  • Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз.
  • Аспап сыртқы таймердің немесе қашықтықтан басқарылатын жеке жүйенің көмегімен басқаруды қарастырмайды.
  • Жұмыс кезінде аспаптың кейбір бөліктері қатты қызуы мүмкін. Балалардың аспапқа жақын жерде жүрмеуін қадағалаңыз.
  • Аспапты тазалау үшін бумен тазалағышты қолданбаңыз.
  • Жұмыс кезінде аспап қатты қызады. Аспаптың ішіндегі қыздыру элементтеріне қолыңызды тигізбеңіз.
  • Аспаптың осы түрі үшін ұсынылған термозондты қолдануға болады (конструкциясында термозондты жалғау қарастырылған аспаптар үшін).
  • ЕСКЕРТУ! Жұмыс барысында аспап және оның кейбір бөлшектері қатты қызады. Аса сақ болыңыз, ыстық бөлшектерге қолыңызды тигізбеңіз. 8 жасқа толмаған балалар тұрақты бақылауда болуы тиіс!
  • Жұмыс барысында қысқа толқынды пештің декоративтік есігі (декоративтік есігі бар пештер үшін) ашылып тұруы тиіс.
  • Сақтауға арналған жылжымалы жәшіктің беті қатты қызуы мүмкін.
  • Қысқа толқынды пеш тағамдар мен сусындарды жылытуға арналған. Тағамдарды және киімдерді кептіруге, сондай-ақ компрессорларды, аяқ киімді, губкаларды, дымқыл шүберектерді және сол сияқты заттарды қыздыру бұзылуға, жалындауға немесе өртенуге алып келуі мүмкін.
  • Аспапты тазалау үшін бумен тазалағышты қолданбаңыз.
  • Ыдыстарды аспаптан алу кезінде айналып тұрған тәрелкені қозғап жібермеу үшін аса сақ болыңыз.
  • Қызып кетудің алдын алу үшін аспапты декоративтік есіктің артына орнатпаңыз.
  • ЕСКЕРТУ! Аспап аралас режимде жұмыс жасап тұрған кезде аспап ішіндегі температураның жоғары болуына байланысты балалар аспапты тек ересектердің қадағалауымен ғана қолдануы тиіс.

Электр тоғынан зақым алу қаупі

Кейбір ішкі бөлшектерге қол тигізу ауыр жарақат алуға немесе қаза болуға алып келуі мүмкін. Аспапты бөлшектемеңіз.

Электр тоғынан зақым алу қауіпі

Жерге тұйықтауды дұрыс орындамау электр тогынан зақым алуға алып келуі мүмкін. Аспап дұрыс орнатылып, жерге тұйықталмайынша, ашаны розеткаға қоспаңыз.

Аспап жерге тұйықталуы тиіс. Қысқаша тұйықталу орын алған жағдайда жерге тұйықтау электр тоғына арналған ағын жолының түзілуі есебінен электр тоғынан зақым алу қауіпін азайтады.

Аспаптың жерге тұйықталған сыммен жабдықталған қорек шнуры мен ашасы бар. Ашаны дұрыс орнатылған және жерге тұйықталған розеткаға қосқан жөн.

Жерге тұйықтау туралы нұсқауларды қосымша анықтап алу үшін, сонымен қатар аспапты жерге тұйықтау дұрыстығына қатысты күмән туындаған кезде білікті электрикке немесе сервис орталығына хабарласыңыз.

Қажет болған кезде тек 3 сымды ұзартқышты ғана қолдануға болады.

Аспап жынтығында қысқа қорек шнуры болады, ол ұзын шнурмен салыстырғанда шатасып қалуға немесе сүрінуге байланысты қауіптерді азайтуға мүмкіндік береді.

  1. Ұзын қорек шнурын немесе ұзартқышты қолданған жағдайда:

1) Шнурда немесе ұзартқышта көрсетілген электрлік параметрлер аспаптың электрлік параметрлерінен кем болмауы тиіс. 2) Тек жерге тұйықталған 3 сымды ұзартқыштарды ғана қолдануға болады. 3) Ұзын шнурды балалар тартып қалмау немесе кездейсоқ сүрініп қалмау үшін үстелден немесе жиһаз беттерінен салбырап тұрмайтындай етіп орналастырған жөн.

Тазалауды бастамас бұрын аспапты электр желісінен ажыратыңыз!

  • Қолданып болған соң пештің жұмыс камерасын сәл ғана дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
  • Пеш жабдықтарын жұмсақ жуу құралы қосылған сумен тазалаңыз.
  • Егер есік жиектемесі, нығыздағыш немесе аралас беттер ластанған болса, оларды дымқыл матамен мұқият тазалаңыз.
  • Есік әйнегін тазалау үшін абразивтік тазалау құралдарын немесе өткір металл қырғыштарды қолданбаңыз, өйткені олар беттерге сызат түсіруі және әйнектің сынуына себеп болуы мүмкін. • Тазалау бойынша кеңестер. Дайындап жатқан тағамдар тиіп кетуі мүмкін жұмыс камерасының қабырғаларын тазалауды жеңілдету үшін ыдысқа жарты лимон салып, 300 миллилитр (1/2 пинта) су қосыңыз және қысқа толқындардың 100% қуатымен 10 минут бойы қыздырыңыз. Камераны жұмсақ құрғақ матамен сүртіңіз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Жарақат алу қаупі

Құзыретті емес тұлғалар үшін қысқа толқынды сәулеленуден қорғайтын қақпақты ағытып алуды талап ететін жөндеу және қызмет көрсету бойынша қандай да бір жұмыстарды орындау қауіпті.

«Қысқа толқынды пеште қолдануға болатын материалдар» және «Қысқа толқынды пеште қолдануға болмайтын материалдар» бөлімдерінің нұсқауларын қараңыз.

Кейбір металл емес ыдыстарды қысқа толқынды пеште қолдануға болмайтын болуы мүмкін. Күмән туындаған жағдайда төменде сипатталғандай ыдысты тексеріңіз.

Ыдысты тексеру

  • Қысқа толқынды пеште қолдануға болатын ыдысқа 1 стакан (250 миллилитр) салқын су құйып, пешке тексерілетін ыдыстың жанына қойыңыз.
  • Ең жоғары жылдамдықта 1 минут бойы қыздырыңыз.
  • Ыдысты ақырын ұстап көріңіз. Егер ыдыс қызған болса, оны қысқа толқынды пеште қолданбаңыз.
  • Ыдысты 1 минуттан артық қыздырмаңыз.

Қысқа толқынды пеште қолдануға болатын материалдар

ЫдысЕскертпелер
Пісіруте арналған қалыпӨндірушінің нұсқауларын орынданыз. Пісіруге арналған ыдыстың түбі айналып түратын тәрелкеден кемінде 5 миллиметрге (3/16 дюймға) жоғары болуы тиіс. Дұрыс колданбау бұрылатын үстелдің сынуына алып келуі мүмкін.
Асхана ыдысыТек қыска толқынды пештерде қолдануға арналған. Өндірушінің нұсқауларын орынданыз. Сызат түскен немессе жарылған тәрелкелерді қолданбаңыз.
Әйнек банкаларӘрқашан қақпағын алыңыз. Тағамдарды сәл ғана жылы күйге дейін қыздыру үшін қолданыңыз. Әйнек банкалардың көбі жылуға төзімді емес және жарылыш кетуі мүмкін.
Әйнек ыдысҚыска толқынды пеште тек жылуға төзімді әйнек ыдыстарды ғана қолданыңыз. Ёдыстың металл жиектемелерінің жоктығына көз жеткізіңіз. Сызат түскен немессе жарылған ыдыстарды қолданбаңыз.
Пісіруге арналған пакеттерӨндірушінің нұсқауларын орынданыз. Пакеттерді металл қыстыргғыштармен жаппаңыз. Будың шығуы үшін пакеттерді тесіп жіберіңіз немесе сәл ашылған күйде қалдырыңыз.
Қағаз тәрелкелер мен стакандарТек аз уқытта дайындау / қыздыру үшін қолданыңыз. Пісіру барысында қараусыз қалдырмаңыз.
Қағаз сүлгілерТағамның бетін жабу және майды сіңіріп алу үшін қолданыңыз. Тек жылдам дайындау үшін қолданыңыз, қараусыз қалдырмаңыз.
Пісіруге арналған қағазШашырауға жол бермесу мақсатында бетін жабу үшін немесс бумен дайындауға арналған конверт ретінде қолданыңыз.
ПластикТек қыска толқынды пештерде қолдануға арналған. Өндірушінің нұсқауларын орынданыз. Бұйымдардың Microwave Safe («Кыска толқынды пештерге арналған») таңбасы болуы тиіс. Кейбір пластик контейнерлер тағамның қызуы салдарынан жұмсарады. Пісіруге арналған пакеттерді және тығыз жабылған пластик пакеттерді тесу, кесу немессе каптамадағы нұсқауларға сәйкессаңылаулар жасау қажет.
Тағам пленкасыТек қыска толқынды пештерде қолдануға арналған. Ылғалды сақтап қалу үшін дайындау барысында бетін жабу үшін қолданыңыз. Дайындау барысында тағаммен жанасуына жол берменіз.
ТермометрлерТек қыска толқынды пештерге арналғандар (етке және кондитерлік бұйымдарға арналған термометрлер).
Балауыз қағазШашыраудың алдын алу және ылғалды сақтап қалу мақсатында бетін жабу үшін қолданыңыз.

Қысқа толқынды пеште қолдануға болмайтын материалдар

ЫдысЕскертпелер
Алюминий калыпптарЭлектр догасының түзілуіне алып келуі мүмкін. Тағамды қыска толқынды пештер үшін жарамды ыдыстарға салыныз.
Металл тұтқалары бар тағам картоныЭлектр догасының түзілуіне алып келуі мүмкін. Тағамды қыска толқынды пештер үшін жарамды ыдыстарға салыныз.
Металл ыдыс немесе металл жиектемелері бар ыдысМеталл тағамды қыска толқынды сәуледен экрандайды. Металл қаптама электр догасының түзілуін тудырады.
Металл бекіткіштерҚыска толқынды пеште электр догасының түзілуіне және жалындауга алып келуі мүмкін.
Қагаз пакеттерҚыска толқынды пеште жалынның пайда болуына алып келуі мүмкін.
Қөбікті пластикЖоғары температурада көбікті пластик балқып кетуі немесе ішіндегі ыдыстың ластануына алып келуі мүмкін.
Ағаш ыдысҚыска толқынды пеште қолдану кезінде ағаш кебеді және жарылыш кетуі немесе қатпарлануы мүмкін.

(Осы басшылықта ұсынылған кескін мен аспап арасында айырмашылық

болған жағдайда аспаптың нақты конфигурациясын басшылыққа алған жөн).

Аспапты қораптан алыңыз. Материалдардың барлығын пештің жұмыс камерасынан алыңыз.

Аспапты жеткізу жиынтығы келесілерден тұрады:

Әйнек тәрелкеGORENJE BM201SG3BG - Қысқа толқынды пеште қолдануға болмайтын материалдар - 1

Шығыршықты тұғырGORENJE BM201SG3BG - Қысқа толқынды пеште қолдануға болмайтын материалдар - 2

Пайдалану жөніндегі нұсқаулықGORENJE BM201SG3BG - Қысқа толқынды пеште қолдануға болмайтын материалдар - 3

Айналып тұратын тәрелкенің жетегіGORENJE BM201SG3BG - Қысқа толқынды пеште қолдануға болмайтын материалдар - 4

A B D C

A) Баскару панелі C) Есікті блоктау жүйесі В) Жиынтықтағы есіктер D) Қарау терезесі

Жұмыс камерасын тазалау және айналып тұратын тәрелкені орнату Аспапты алғаш орнату кезінде тасымалдайтын қаптаманы алып тастаңыз және айналып тұратын тәрелке жетегінен пленканы алыңыз. Аспапты тағам дайындау үшін алғаш қолданар алдында айналып тұратын тәрелкені дұрыс орнатыңыз және жұмыс камерасы мен жабдықты тазалаңыз.

GORENJE BM201SG3BG - Қысқа толқынды пеште қолдануға болмайтын материалдар - 6

Айналып тұратын тәрелкені орнату тәртібі

  1. Шығыршықты тұғырды ③ жұмыс камерасындағы ойыққа салыңыз.
  2. Әйнек тәрелкені ① шығыршықты тұғырға ③ орнатыңыз. Әйнек тәрелкенің ортасындағы төменгі бөлігіндегі томпақтарды жетектегі үш ойықпен сәйкестендіріңіз. Әйнек тәрелкенің ① жұмыс камерасы түбінің ортасындағы жетекке ② сенімді орнатылғанына көз жеткізіңіз. Әйнек тәрелкенің түбіндегі томпақтар жетектегі ойықтармен толықтай сәйкес келуі тиіс.

Ескертпе

  1. Аспапты ешқашан айналып тұратын тәрелкесіз қолданбаңыз. Оның дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Тәрелке сағат тілі бағытында немесе қарсы бағытта айналуы мүмкін.
  2. Әйнек тәрелкені ешқашан төңкеріп қоймаңыз. Әйнек тәрелкенің айналуына ешнәрсе кедергі келтірмеуі тиіс.
  3. Дайындау үшін екі элементті де қолдану талап етіледі: әйнек тәрелкені және шығыршықты тұғырды.
  4. Дайындау үшін барлық тағамдар мен тағамдары бар контейнерлерді әйнек тәрелкеге орнату қажет.
  5. Тәрелкенің айналуына ешқандай кедергі болмауы тиіс.
  6. Эйнек тәрелкеде немесе шығыршықты тұғырда сызаттар немесе жарықтар пайда болған кезде авторлық құқығы бар сервис орталығына жүгініңіз.

graph TD A["Start"] --> B["Pause"] B --> C["Stop"] C --> D["Return"] D --> E["Continue"] style A fill:#fff,stroke:#000 style B fill:#fff,stroke:#000 style C fill:#fff,stroke:#000 style D fill:#fff,stroke:#000 style E fill:#fff,stroke:#000

Қысқа толқындар Гриль / комбо Массасы бойынша еріту Уақыт бойынша еріту Таймер/Сағат Стоп / Бас тарту Старт/+30СЕК/Растау

Аспапты қолдану

1. Сағаттарды баптау

Бұл қысқа толқынды пеште тағамды өз қажеттіліктеріңізге сәйкес дайындау параметрлерін реттеуге мүмкіндік беретін заманауи электронды басқару қолданылады.

Аспапты электр желісіне жалғаған кезде дисплейде «0:00» жанады және бір дыбыстық сигнал беріледі. Пеш күту режимінде тұр.

1) «Таймер/Сағат» батырмасын екі рет басыңыз. Дисплейде сағатты білдіретін сандар жыпылықтай бастайды. 2) «∨» немесе «∧» батырмаларын басу арқылы сағат мәнін 0 және 23 аралығындағы диапазонға орнатыңыз. 3) «Таймер/Сағат» батырмасын тағы бір рет басыңыз, минутты білдіретін сандар жыпылықтай бастайды. 4) «∨» немесе «∧» батырмаларын басу арқылы минут мәнін 0 және 59 аралығындағы диапазонға орнатыңыз. 5) Сағатты орнатуды аяқтау үшін «Таймер/Сағат» батырмасын басыңыз. Дисплейде қос нүкте «:» жыпылықтайды және тәуліктің ағымдағы уақыты жанады.

Ескертпе

Егер сағат бапталмаса, аспап желіге қосылған кезде ол жұмыс жасамайды.

1) «Қысқа толқындар» батырмасын бір рет басыңыз, дисплейде «Р100W» көрсетіледі. 2) «Қысқа толқындар» батырмасын немесе «∨» немесе «∧» батырмаларын басу арқылы қысқа толқындардың қажетті қуатын таңдаңыз. Дисплейде мәндер ауысады: «Р100», «Р80», «Р50», «Р30», «Р10». 3) Растау үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын басыңыз. 4) «∨» немесе «∧» батырмаларымен дайындау уақытын таңдаңыз (дайындаудың максималды уақыты – 95 минут). 5) Дайындауды режимін іске қосу үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ:

Қысқа толқындар қуаты мәндерінің кестесі

Кыска толкындар куатыЖоғарыОрташа жоғарыОрташаОрташа төменТөмен
Дисплейдегі мәнP100P80P50P30P10
  1. «Гриль» немесе «Комбо» режимінде дайындау

«Гриль/комбо» батырмасын басыңыз, дисплейде «G» көрсетіледі, одан әрі қайтадан «Гриль/комбо» батырмасын басыңыз немесе «∨» немесе «∧» батырмаларымен өзіңіз қалаған қуатты таңдаңыз, бұл ретте дисплейде «G», «С-1» немесе «С-2» мәндері кезекпен көрсетіледі. Қуаттың таңдалған мәнін растау үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын басыңыз. «∨» немесе «∧» батырмаларымен дайындау уақытын таңдаңыз (дайындаудың максималды уақыты – 95 минут). Дайындауды бастау үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын басыңыз. Мысал: Егер қысқа толқын қуатының 55% және гриль (С-1) қуатының 45% қолданғыңыз және 10 минут дайындағыңыз келсе, келесі әрекеттерді орындау қажет болады: 1) «Гриль/комбо» батырмасын басыңыз, дисплейде «G» көрсетіледі. 2) Дисплейде «С-1» мәні пайда болғанға дейін «Гриль/комбо» батырмасын баса беріңіз. 3) Растау үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын басыңыз. 4) «∨» немесе «∧» батырмаларымен «10:00» дайындау уақытын таңдаңыз. 5) Дайындауды бастау үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын басыңыз.

Қуаттың аралас баптаулары жөніндегі нұсқаулар

БағдарламаДисплейКыска толқындар куатыГриль куаты
ГрильG0%100%
Комбо 1C-155%45%
Комбо 2C-236%64%

Ескертпе:

Дайындаудың жарты уақыты өткеннен кейін грильде дыбыстық сигнал екі рет беріледі, бұл қалыпты жағдай. Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін тағамды төңкеріп, содан соң есікті жауып, растау үшін

«Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын қайта басу қажет болады.

Мұны жасамасаңыз, біраз уақыт өткен соң аспап жұмысты автоматты түрде жалғастырады.

  1. Салмағы бойынша еріту

1) «Салмағы бойынша еріту» батырмасын бір рет басыңыз, дисплейде «dEF1» көрсетіледі. 2) «∨» немесе «∧» батырмаларымен тағам массасын таңдаңыз. Масса диапазоны – 100 және 2000 г. аралығында. 3) Растау үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын басыңыз.

Ескертпе:

Ерітудің жарты уақыты өткеннен кейін грильде дыбыстық сигнал екі рет беріледі, бұл қалыпты жағдай. Ерітудің ең жақсы нәтижелеріне қол жеткізу үшін тағамды төңкеріп, содан соң есікті жауып, растау үшін

«Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын қайта басу қажет болады. Мұны жасамасаңыз, біраз уақыт өткен соң аспап жұмысты автоматты түрде жалғастырады.

5. Уақыт бойынша еріту

1) «Уақыт бойынша еріту» батырмасын бір рет басыңыз, дисплейде «dEF2» көрсетіледі. 2) «∨» немесе «∧» батырмаларымен тағамды еріту уақытын таңдаңыз. Ерітудің максималды уақыты - 95 минут. 3) Ерітуді бастау үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын басыңыз.

Ескертпе:

1) Ерітудің жарты уақыты өткеннен кейін грильде дыбыстық сигнал екі рет беріледі, бұл қалыпты жағдай. Ерітудің ең жақсы нәтижелеріне қол жеткізу үшін тағамды төңкеріп, содан соң есікті жауып, растау үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын қайта басу қажет болады. Мұны жасамасаңыз, біраз уақыт өткен соң аспап жұмысты автоматты түрде жалғастырады.

6. Қадаммен дайындау

Бұл режим әрқайсысын өз параметрімен бірінен кейін бірі жүретін 2 дайындау кезеңін орнатуға мүмкіндік береді. Егер дайындау ерітуден тұратын болса, бұл кезең бірінші орнатылады. Бірінші кезеңнен кейін дыбыстық сигнал беріледі және келесі кезең басталады.

Ескертпе:

Автомәзір және жылдам дайындау функциялары бұл режимде қолданылмайды.

Мысал. Тағамды 5 минут бойы ерітіп, содан соң қысқа толқынның 80% қуатымен 7 минут бойы дайындауды қалайсыз. Сіздің әрекеттеріңіз:

1) «Уақыт бойынша еріту» батырмасын бір рет басыңыз, дисплейде «dEF2» көрсетіледі; 2) «∨» немесе «∧» батырмаларымен еріту уақытын 5 минутқа орнатыңыз; 3) «Қысқа толқындар» батырмасын 1 рет басыңыз, дисплейде «Р100» мәні пайда болады. 4) Дисплейде «Р80» мәні пайда болғанға дейін «Қысқа толқындар» батырмасын баса беріңіз. 5) Растау үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын басыңыз. 6) «∨» немесе «∧» батырмаларымен дайындау уақытын 7 минутқа орнатыңыз; 7) Растау үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын басыңыз.

7. Таймер

1) «Таймер/Сағат» батырмасын бір рет басыңыз, дисплейде «00:00» көрсетіледі. 2) «∨» немесе «∧» батырмаларымен таймердің қажетті уақытын орнатыңыз (максималды уақыт 95 минут). 3) Растау үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын басыңыз. 4) Таймер уақыты өткеннен кейін 5 дыбыстық сигнал беріледі. Егер сағат орнатылған болса (24 сағаттық формат), дисплейде ағымдағы уақыт көрсетіледі.

Ескертпе:

Дайындау уақыты тәулік уақытынан өзгеше болады. Таймер – бұл асхана сағаты.

8. Автомәзір

1) Қажетті мәзірге өту үшін күту режимінде «^» батырмасын бірнеше рет басыңыз. 2) Мәзірді таңдауды растау үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын басыңыз. 3) «∨» немесе «∧» батырмаларымен тағам массасын таңдаңыз. 4) Дайындау процесін бастау үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын басыңыз.

Мәзір кестесі:

1) Күту режимінде қысқа толқындарының қуаты 100% болған кезде ұзақтығы 30 секундқа созылатын дайындау процесін іске қосу үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын басыңыз. Әр кейінгі басу дайындау уақытын 30 секундқа арттырады. Дайындаудың максималды уақыты - 95 минут. 2) Уақыт бойынша қысқа толқын, гриль, комбо және еріту режимдерінде уақытты арттыру үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын басыңыз. 3) Автомәзір және салмақ бойынша еріту режимдерінде «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын басу арқылы дайындау уақытын көбейту мүмкін емес. 4) Дайындау уақытын таңдау үшін күту режимінде «∨» батырмасын басыңыз. Дайындау уақытын орнатқаннан кейін қысқа толқындардың 100% қуатымен дайындау процесін іске қосу үшін «Старт/+30СЕК/Растау» батырмасын басыңыз.

Балалардан қорғайтын блоктауды қосу: Күту режимінде балалардан қорғайтын блоктау режиміне кіру үшін «Стоп/бас тарту» батырмасын басып, 3 секунд ұстап тұрыңыз. Дисплейде ағымдағы уақыт (егер орнатылған болса) немесе белгісі пайда болады.

Балалардан қорғайтын блоктауды өшіру:

Блоктау режимінде «Стоп/бас тарту» батырмасын басып, 3 секунд ұстап тұрыңыз. Балалардан қорғайтын блоктау өшеді.

11. Дайындау кезіндегі ақпарат

1) «Қысқа толқындар», «Гриль/комбо» режимдерінің жұмысы кезінде «Қысқа толқындар» немесе «Гриль/комбо» батырмасын басқан кезде дисплейде 3 секунд ішінде қуаттың ағымдағы деңгейі көрсетіледі. 2) Егер сағат орнатылған болса, дайындау процесінде ағымдағы уақыт туралы ақпарат алу үшін «Таймер/Сағат» батырмасын басыңыз. Ағымдағы уақыт дисплейде 3 секунд бойы көрсетіледі.

12. Айқындау

1) Егер дайындау процесінде есік ашылса, оны жабыңыз, содан соң дайындауды жалғастыру үшін "Старт/+30 секунд/Растау" батырмасын басыңыз. 2) Егер дайындау бағдарламасын орнатқаннан кейін 1 минут ішінде "Старт/+30 секунд/Растау" батырмасы басылмаса, дисплейде ағымдағы уақыт көрсетіледі. Баптау тоқтатылады. 3) Тиімді басылған кезде бір рет дыбыстық сигнал беріледі, ал тиімді емес басу кезінде реакция болмайды.

Орнату және жалғау жөніндегі нұсқаулық

Орнату және жалғау

  • Аспап тек тұрмыстық қолдануға ғана арналған.
  • Аспап тек кірістірілген аспап ретінде ғана қолданыла алады. Аспап үстел бетіне немесе шкафқа орнатуға және қолдануға арналмаған.
  • Орнату жөніндегі нұсқаулықтың нұсқауларын орындаңыз.
  • Аспапты ені 60 сантиметр болатын аспалы шкафқа кірістіруге болады.
  • Аспап ашасы бар қорек шнурымен жабдықталған және дұрыс орнатылған, жерге тұйықталған розеткаға ғана жалғануы тиіс.
  • Желі кернеуі аспаптың зауыттық кестесінде берілген кернеуге сәйкес келуі тиіс.
  • Розетканы орнатуды және қорек шнурын ауыстыруды тек білікті маман ғана орындай алады. Егер орнатқаннан кейін ашаға қол жетімсіз болса, электр сымда барлық полюстерде контакттарды кемінде 3 миллиметрге ажыратуды қамтамасыз ететін ажыратқыш қарастыру қажет.
  • Адаптерлерді, ажыратқыштарды және ұзартқыштарды қолдануға болмайды, өйткені олардағы шектен тыс жүктеме жалынның туындауына алып келуі мүмкін.

Жұмыс кезінде аспаптың қолжетімді беттері қатты қызуы мүмкін.

GORENJE BM201SG3BG - Орнату және жалғау - 1

Орнатуды бастамас бұрын нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.

Электр желісіне жалғау

Аспап ашасы бар қорек шнурымен жабдықталған және дұрыс орнатылған, жерге тұйықталған розеткаға ғана жалғануы тиіс. Қолданыстағы талаптарға сәйкес розетканы орнатуды және қорек шнурын ауыстыруды тек білікті маман ғана орындай алады.

Егер орнатқаннан кейін ашаға қол жетімсіз болса, электр сымында барлық полюстерде контактілерді кемінде 3 миллиметрге ажыратуды қамтамасыз ететін ажыратқыш қарастыру қажет. Орнату кезінде контактілерді қорғауды қарастыру қажет.

Бекітілетін бұрандалар

Шкафта аспап артында артқы қабырға болмауы тиіс. Орнатудың минималды биіктігі: 850 мм. Желдету саңылаулары мен ауа жинағыштарды бөгде заттармен бітемеңіз.

Жұмыс бетінің астында қолданбаңыз және аспап орнатылған беттерге контейнерлердегі сұйықтықтың төгілуіне жол бермеңіз.

Аспалы шкафтағы аспап - 1А суреті

Едендегі сөредегі аспап - 1В суреті

Пешті орнату - 2-сурет

Ескертпе: Желілік сымды қыспаңыз және майыстырмаңыз

GORENJE BM201SG3BG - Пешті орнату - 2-сурет - 1

Қалыпты жұмыс жасау
Қыска толқынды пеш ТВ сигналлын қабылдауға кедергі келтіреді.Пеш жұмысы барысында радио- және ТВ сигналдарын қабылдау нашарлауы мүмкін. Бұл миксер, шансорғыш және желдеткіш сияқты шағын түрмыстық электрлік аспаптардың кедергілеріне ұксас. Бұл қалыпты жағдай.
Қыска толқынды пеш жарығы әлсіз.Қыска толқындардың аз куатымен дайындау кезінде пеш шамының жарығы нашарлауы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Есікте бу пайда болады, желдету саңылауларынан ыстық ауа шығады.Дайындау барысында тағамнан бу бөлінуі мүмкін. Оның көп бөлігі желдету саңылаулары арқылы шығады. Дегенмен пештің есігі сияқты салқын беттерге шөгеді. Бұл қалыпты жағдай.
Қыска толқынды пешті кездейсок тағамсыз қосып жіберген.Пешті тағамсыз іске қосуға тыйым салынады. Бұл өте қауіпті.
АқаулықЫқтимал себебіЖою
Қыска толқынды пеш қосылмайды.(1) Қорек шнуры розеткаға толыктай тығылмаған.Қорек шнурын розеткадан ажыратыңыз. 10 секунд өткен соң оны кейін қарай салыңыз.
(2) Сақтандырғыш қүйіп кеткен немесе автоматты өшіргіш іске қосылды.Сақтандырғышты ауыстырыңыз немесе автоматты өшіргішті бастапқы қүйіне қайтарыңыз (жөндеуді біздің компаниямыздың мамандары жүзеге асырады).
(3) Розеткада мәселелер туындады.Розетканы басқа электрлік аспаптар көметімен тексеріңіз.
Қыска толқынды пеш қыздырмайды.(4) Есік нашар жабылған.Есікті дұрыстап жабыңыз.

GORENJE BM201SG3BG - Пешті орнату - 2-сурет - 2

Электрлік және электрондық жабдықтардың қалдықтары туралы директиваға (WEEE) сәйкес оны жинау және қайта өңдеу бөлек жүргізілуі тиіс. Егер болашақта бұйымды лақтыру қажет болса, оны тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмаңыз. Бұйымды электрлік және электрондық жабдықтардың қалдықтарын қабылдау орындарына тапсырыңыз.

Кепілдік және сервис

Қосымша ақпарат алу үшін немесе қандай да бір мәселелер туындаған

жағдайда өз еліңіздегі Gorenje қолдау қызметіне хабарласыңыз (телефон нөмірлері кепілдік міндеттемелерінде көрсетілген). Егер еліңізде мұндай қызметтер болмаса, жергілікті Gorenje сауда ұйымына немесе Gorenje сервис орталығына хабарласыңыз.

Бір дизайн-желі аясындағы аспаптар мен олардың бөлшектері түстері бойынша сәл ғана өзгеше болуы мүмкін, бұл түрлі параметрлерге негізделген болуы мүмкін, мысалы, көру бұрышының түрлілігі, фон, материалдар және бөлмені жарықтандыру.

Тек жеке қолдануға арналған!

Қысқа толқынды пеште дайындау туралы қосымша ұсыныстарды және пайдалы кеңестерді мына сайттан табуға болады:

http://www.gorenje.com

Өндіруші пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға кез келген өзгерістер және түзетулер енгізуге құқылы.

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : GORENJE

Модель : BM201SG3BG

Санат : Пешка