BO6737E02AXK - Пешка GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз BO6737E02AXK GORENJE PDF форматында.
| Өнім түрі | Кіріктірілген электр пеші |
| Бренд | Gorenje |
| Модель | BO6737E02AXK |
| Ені | 59,5 см |
| Биіктігі | 59,5 см |
| Тереңдігі | 54,6 см |
| Пештің сыйымдылығы | 77 литр |
| Энергия класы | A+ |
| Энергия тұтыну (дәстүрлі) | 0,99 кВт·сағ |
| Энергия тұтыну (желдеткіш мәжбүр) | 0,89 кВт·сағ |
| Функциялар саны | 9 |
| Қыздыру функциялары | Дәстүрлі, Желдеткіш, Гриль, Желдеткіш гриль, Төменгі қыздыру, Пицца, Жібіту, Эко, Жылы ұстау |
| Тазалау жүйесі | AquaClean |
| Есік түрі | CoolTouch, Үш қабатты шыны |
| Балалар құлпы | Иә |
| Дисплей | LED |
| Нетто салмағы | 35 кг |
| Орнату түрі | Кіріктірілген |
| Түсі | Тот баспайтын болат |
| Басқару түрі | Айналмалы тетіктер және сенсорлық |
| Гриль қуаты | 2200 Вт |
| Қосылған функциялар | Жоқ |
Жиі қойылатын сұрақтар - BO6737E02AXK GORENJE
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы BO6737E02AXK GORENJE
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Пешка PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз BO6737E02AXK - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. BO6737E02AXK брендінің GORENJE.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ BO6737E02AXK GORENJE
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Ені 60 сантиметрді құрайтын кірістірілетін электрлік духовка шкафы

- Аспапты балаларға, физикалық, қозғалу және психикалық қабілеттері шектелген адамдарға (соның ішінде балаларға), сонымен қатар оны қолдану үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек біреудің қарауымен немесе егер оларды олардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлға аспапты қолдануды үйреткен жағдайда ғана осы аспапты қолдануға рұқсат етіледі. Балалардың аспаппен ойнамауын қадағалаңыз.
- Қолдану кезінде аспап қызады. Духовка ішіндегі қыздыру элементтеріне қолыңызды тигізбеңіз (плиталар мен духовка шкафтарына қатысты).
- ЕСКЕРТУ! Аспап жұмысы барысында қол жетімді бөлшектер қызуы мүмкін. Кішкене балаларды аспапқа жақындатпаңыз.
- Духовка есігінің әйнегін және пісіру бетінің әйнек қақпағын тазалау үшін абразивтік тазалау құралдарын және өткір металл қырғыштарды қолданбаңыз, өйткені бұл әйнек беттерді бүлдіріп, оның шытынап кетуіне алып келуі мүмкін.
- Егер сынақ кезінде 11-тармаққа сәйкес керек-жарақтарға арналған жәшік түбінің ортасындағы температура аспап жұмысының қарапайым режимінде қысқа уақытқа ұстан тұратын тұтқалар үшін көрсетілген мәннен асып кетсе, нұсқада бұл беттердің қызып кетуі мүмкіндігі көрсетілуі тиіс. ● Аспапты тазалау үшін бумен тазалағышты қолданбаңыз. Электр тоғынан зақым алудың алдын алу үшін шамды ауыстырмас бұрын аспаптың өшірілгеніне көз жеткізіп алыңыз. ● Қызып кетудің алдын алу үшін аспапты декоративтік есік артына орнатуға тыйым салынады.
- Аспапты орнатқаннан кейін қорек шнурының ашасына немесе стационарлы сымға орнатылған өшіргішке еркін қатынау қамтамасыз етілуі тиіс.
- Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін бүлінген қорек шнурын ауыстыруды тек өндіруші, оның сервистік қызметі немесе тиісті біліктілігі бар тұлғалар ғана орындай алады.
- Аспап электрлік желіге өшіргіш арқылы жалғануы тиіс, ол аспапты орнатқаннан кейін қол жетімді болуы және аспапты электр желісінен толықтай ажыратуды қамтамасыз етуі тиіс. Өшіргішті электр сымына орнату электрлік монтаждау ережелеріне сәйкес орындалуы тиіс.
- Аспапты 8 жастан асқан балалардың және физикалық, сенсорлық және ақыл-ой қабілеттері шектелген немесе білімі немесе тәжірибесі жетіспейтін адамдардың қандай да бір тұлғалардың қарауында болған немесе аспапты қауіпсіз қолдану жөніндегі нұсқауларды алған және оны пайдалануға байланысты қауіптерді түсінген жағдайларда ғана қолдануына болады. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз. Балалар аспапты үлкендердің қадағалауымен ғана тазалай және қызмет көрсете алады!
- ЕСКЕРТУ! Жұмыс кезінде аспаптың қолжетімді бөліктері қатты қызады. ● Абай болыңыз: қыздыру элементтеріне қолыңызды тигізбеңіз.
ЕСКЕРТУ!
- Алкогольді қолданып дайындау кезінде жоғары температураның булануына және тіпті ыстық қызып тұрған элементтердегі спирттің жануына алып келуі мүмкін. ● Дайындауды аяқтағаннан кейін температурасын ұстап тұру үшін тағамды духовкада қалдырмаңыз, өйткені ылғалдықтың жоғары деңгейі және пайда болатын конденсат уақыт өткен сайын духовка ішіндегі коррозияға алып келуі мүмкін. Басқару панелі де, үстел беті мен асхана шкафы да бүлінуі мүмкін. Духовка ішінде тағам бар кезде духовканы толығымен өшірмеңіз, оның орнына қыздырудың қолданылатын режимі үшін ең төменгі температураны орнатыңыз. Бұл желдеткіш жұмысын жалғастыруды қамтамасыз етеді.
- Егер тағамды духовкада температураны ұстап тұру үшін қалдыратын болсаңыз, олардың бетін жабыңыз, өйткені өнімдерден бөлінетін ылғал духовкада коррозияның пайда болуына алып келуі мүмкін. Бетін жабу сондай-ақ тағамдардың кеуіп кетуінің алдын алады. Духовканың түбіне алюминий фольга төсемеңіз және камера түбіне табаларды және басқа да ыдыстарды қоймаңыз. Бұл ауа айналымына, тағамды тиісті деңгейде пісіруге кедергі келтіреді және духовка ішіндегі эмальдың бүлінуіне алып келуі мүмкін.
Біздің духовка шкафымыз өте қарапайым және қолданылуы тиімді. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысыңыз және осыдан кейін аспапты еш қиындықсыз қолдана аласыз.
Духовка шкафы өндіруші зауытта қауіпсіздік нысаны мен дұрыс жұмыс жасауға мұқият тексеруден өткен.
Аспапты қолданар алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Аспапты қолдану кезінде мәселелердің алдын алу үшін оның нұсқауларын орындаңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтаңыз және оны кез келген сәтте қолдана алу үшін ыңғайлы жерде ұстаңыз.
Жазатайым жағдайлардың алдын алу үшін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың нұсқауларын қатаң орындаңыз
Назар аударыңыз!
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысып шықпайынша, духовка шкафын қолданбаңыз.
Аспап тек тұрмыстық қолдануға ғана арналған.
Өндіруші аспаптың жұмысына әсер етпейтін өзгерістерді енгізуге құқылы.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік шаралары....3
Электр энергиясын үнемдеу....5
Аспап сипаттамасы....7
Тазалау және қызмет көрсету....17
Техникалық деректер....21
ЕСКЕРТПЕ
Аспаптың жанында (аспаптың артында) жерге тұйықталған розетканың бар екеніне көз жеткізіңіз.
Аспапты жеке қорек тізбегіне жалғау ұсынылады (бірақ міндетті емес). Сол тізбекке қосымша электрлік аспаптарды жалғау және қолдану ондағы номиналды токтың жоғарылауына (ампермен) алып келуі мүмкін.
Егер аспапты орнатқаннан кейін автоматты өшіргіш іске қосыла берсе немесе сақтандырғыш күйіп кетсе, аспапты жеке тізбекке қосу қажет.
!Аспапты орнатуды тек білікті маман ұсынылған нұсқаулыққа сәйкес жүргізе алады. Қате орнату адамдар мен жануарлардың жарақат алуына, сонымен қатар мүліктің бүлінуіне алып келуі мүмкін.
Өндіруші қате орнату нәтижесінен адамдарға, жануарларға немесе мүлікке келтірілген жарақаттар мен залалдарға жауап бермейді.
Маңызды! Кез келген әрекет жасау және аспапқа қызмет көрсету алдында аспапты қорек желісінен ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Аспапты қолданар алдында төменде берілген негізгі сақтық шараларымен танысып шығу қажет.
Кірістірілетін духовка шкафы электрлік аспап болып табылады. Кез келген басқа да электрлік аспаптарды, әсіресе электрлік қыздырғыштармен жабдықталған аспаптарды қолданған сияқты өрт, күю, электр тогынан зақым алу және/немесе басқа да ауыр жарақаттар немесе қаза болу қауіпін азайту үшін негізгі сақтық шараларын сақтау қажет.
!Жұмыс кезінде аспап қызады. Духовканың ішіндегі ыстық бөлшектерге қолыңызды тигізбеңіз.
!Аспап физикалық, сенсорлық және ақыл-ой қабілеттері шектелген немесе білімі немесе тәжірибесі жетіспейтін адамдардың (соның ішінде балалардың) олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамдардың қарауымен немесе қауіпсіз қолдану бойынша нұсқаулар алған жағдайда ғана қолдануына арналған. Балалардың аспаппен ойнамауын қадағалаңыз.
Жұмыс істеп тұрған аспапқа қол тигізу күйікке алып келуі мүмкін!
Тұрмыстық аспаптардың бөлшектерінің, соның ішінде қорек шнурының ыстық духовкамен немесе пісіру бетімен жанасып тұрмағанын қадағалаңыз, өйткені бұл бөлшектердің оқшаулау материалы жоғары температураға төзімді бола бермейді.
Қуыру барысында аспапты қараусыз қалдырмаңыз. Күйіп кеткен май жануы мүмкін.
Салмағы 15 килограмнан асатын ыдысты духовканың ашылып тұрған есігіне және салмағы 25 килограмнан асатын ыдысты пісіру бетіне қоймаңыз.
Духовка есігінің әйнегін және пісіру бетінің әйнек қақпағын тазалау үшін абразивтік тазалау құралдарын және өткір металл заттарды қолданбаңыз, өйткені бұл беттерді бүлдіріп, шынының жарылып кетуіне алып келуі мүмкін.
Аспап бұзылған жағдайда оны қолданбаңыз. Кез келген ақауларды жоюды тек авторлық құқығы бар білікті маман ғана орындай алады.
Техникалық ақаулар болған жағдайда аспапты қоректен ажыратып, оны жою үшін сервис орталығына хабарласыңыз.
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың нұсқауларын нақты орындаңыз.
Нұсқаулықпен таныспаған адамдардың аспапты қолдануына жол бермеңіз.
Аспапты тазалау үшін бумен тазалағышты қолданбаңыз.
Аспаппен жапсарлас орналасқан панельдер жылуға төзімді материалдан жасалуы тиіс. Шпонмен қапталған шкафтар 100°C дейінгі температураға шыдайтын желімді қолданып дайындалуы тиіс. Жапқыш, жиһаз, жастық, киім, төсем жабындары, қағаз және т.б. сияқты тез жанатын заттар мен материалдардың аспаптың алдыңғы және артқы бетінен кемінде 3 фут (0,9 метр) қашықтықта орналасуын қадағалаңыз. Бұл аспапты бензин, бояу және басқа да тез жанатын сұйықтықтар немесе олардың буы болуы мүмкін жерлерде қолданбаңыз. Жанудың алдын алу үшін аспапты желдету және айналдыру каналдары бітеліп қалуы мүмкін жерлерге орналастырмаңыз және орнатпаңыз. Аспаптың қорек шнуры тиісті тәсілмен жерге тұйықталған және қорғалған 220-240 В электрлік розеткаға жалғануы тиіс. Егер электротехникалық нормаларға сәйкес талап етілсе, жерге тұйықталудан қорғауды қамтамасыз етіңіз. Жанудың алдын алу үшін қорек шнурын кілемнің, кілем жабындарының және т.б. астымен жүргізбеңіз. Шнурды ілініп қалуы мүмкін жерлерден алысқа орналастырыңыз. Аспапты электр желісіне жалғау үшін ұзартқыштарды қолданбаңыз, өйткені олар қызып кетіп, жануға себеп болуы мүмкін. Тасымалдау және сақтау кезінде аспапты құрғақ жерде ұстаңыз, шаңның, шектен тыс дірілдің және оны зақымдауы мүмкін басқа да факторлардың әсер етуіне жол бермеңіз. Егер қорек шнуры немесе аша бүлінген болса, сонымен қатар аспап жұмысында кідіріс болса немесе аспап бұзылған болса, оны қолданбаңыз. Диагностикалау және ақауларды жою үшін аспапты авторлық құқығы сервис орталығына жіберіңіз. Бүлінген қорек шнурын ауыстыру үшін арнайы шнурды немесе сервис орталығынан алуға болатын жиынтықты қолданыңыз. Аспапты осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың нұсқауларына сәйкес қолданыңыз. Кез келген басқа қолдануды өндіруші ұсынбайды және ол өрттің туындауына, электр тогынан зақым алуға немесе жарақат алуға алып келуі мүмкін. Аспап физикалық, сенсорлық және ақыл-ой қабілеттері шектелген немесе білімі немесе тәжірибесі жетіспейтін адамдардың (соның ішінде балалардың) олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамдардың қарауымен немесе қауіпсіз қолдану бойынша нұсқаулар алған жағдайда ғана қолдануына арналған. Балалардың аспаппен ойнамауын қадағалаңыз. Ыстық эмаль табада немесе пісірмелерге арналған табада тұрған тағамға, сонымен қатар ыстық духовкадағы тағамға тікелей салқын су қоспаңыз. Пайда болған бу ауыр күйік шалуға алып келуі мүмкін, сонымен қатар температураның күрт өзгеруі эмальды зақымдауы мүмкін. Аспапты есігінің тұтқасынан ұстап көтермеңіз.

Электр энергиясын жауапты қолдану ақшаны үнемдеп қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға да септігін тигізеді. Төменде мұны қалай жасау керектің бірнеше кеңесі берілген.
Ыдыстың қақпағын жиі ашпаңыз (егер дайындау барысын қадағалап тұрсаңыз, тағам тасып кетпейді).
Духовка есігін жиі және қажетсіз аша бермеңіз.
Дайындау аяқталғанға дейін бірнеше минут бұрын духовканы өшіріңіз және қалдық жылуды қолданыңыз.
Узак уакыт дайындау кезінде дайындау аякталғанға дейін 5-10 минут бұрын конфоркаларды өшіріңіз. Бүл электр энергиясын 20%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Духовканы тек үлкен тагамдарды дайындау үшін қолданыңыз. Салмағы 1 килограммға дейінгі етті кастрюльде пісіру панеліне қойып дайындау үнемдірек.
Духовканың қалдық жылуын қолданыңыз. Егер дайындау уақыты 40 минуттан асып кетсе, духовканы дайындау аяқталғанға дейін 10 минут бұрын өшіріңіз.
Маңызды! Таймерді қолдану кезінде рецепттен көрсетілгеннен барынша қыска дайындау уақытын көрсетіңіз.
Духовка есігінің тығыз жабылғанын тексеріңіз.
Жылу төгіліп қалған сүйықтық салдарынан жабысып қалған саңылаулар арқылы шығуы мүмкін. Төгілген сүйықтықты бірден сүртіп алыңыз.
Аспапты салкындату аспаптарына тікелей жақын жерге орналастырмаңыз, өйткені электр энергиясын тұтыну айтарлықтай жоғарылауы мүмкін.

Тасымалдау кезінде аспапты бузылулардан қорғау үшін қорғайтын қаптама қолданылады. Қаптаманы қоршаған ортаға залал келтірмей көдеге жаратыңыз. Қаптаманың барлығы
экологиялық таза материалдардан жасалған, олар 100% кайта өндеуге жатады және тиісті танбалары бар.

Колданысы аякталған буйымды әдеттегі түрмыстық қалдықтармен бірге лақтыруға болмайды. Буйымды электрлік және электрондық жабдықтарды қабылдау және қайта өндеу орындарына тапсырыңыз. Буйымдағы, пайдалану жәніндегі нұсқаулықтардағы немесе қаптамадағы символ оның екінші рет қайта өндеу үшін жарамды екенін көрсетеді.
Назар аударыңыз! Каптама материалдарын (полиэтилен пакеттер, пенопласт және т.б.) алғаннан кейін оларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Буйымда қолданылатын материалдар қайта өнделуі тиіс және тиісті таңбаларға ие. Қолданысы аяқталған техниканы және материалдарды қайта өндеуге тапсыру арқылы қоршаған ортаны қорғауға айтарлықтай үлес қосасыз.
Кәдеге жарату туралы толық ақпарат алу үшін жергілікті билік органдарына хабарласыңыз.
1 Жұмыс режимдерінің ауыстырып қосқышы 2 Температураның ауыстырып қосқышы 3 Есік тұтқалары 4 Қыздырудың қызыл индикаторы 5 Жұмыстың сары индикаторы
BO6737E02AXK BO6737E02ABG

Асхана бөлмесі құрғақ, жақсы желдетілетін болуы және тиімді желдеткішпен жабдықталуы тиіс. Аспапты орнатқаннан кейін басқару элементтеріне еркін қатынау қамтамасыз етілуі тиіс.
Бұл кірістірілетін духовка шкафы және оның артқы және бір бүйір қабырғасы биік асхана шкафының немесе қабырғаның жанында орналасуы мүмкін. Шпон немесе аспап кірістірілетін асхана шкафының жабыны жылуға төзімді желіммен (100°C) жабыстырылуы тиіс, әйтпесе материалдардың түрі өзгеруі немесе қабатталуы мүмкін.
Суретте көрсетілгендей өлшемдері бар аспапты кірістіруге арналған саңылауларды дайындаңыз.
Қорек шнурының ашасының ажыратылғанына көз жеткізіңіз, содан соң аспапты электр желісіне қосыңыз.
Аспапты монтаждау саңылауына толықтай салыңыз, схемада көрсетілген жерлердегі төрт бұранданың түсіп қалуына жол бермеңіз.

Аспап өлшемдері Ойық өлшемдері
Биіктігі: 595 мм 600 мм
Биіктігі: 595 мм 560 мм
Электр желісіне жалғау
Ескерту!
Кез келген электрлік монтаждау жұмыстарын тек білікті электрик қана орындай алады. Аспаптың электрлік құрылымына өзгерістер енгізуге тыйым салынады.
Монтаждау жөніндегі ұсыныстар
Аспап бір фазалы айнымалы ток желісінде жұмыс жасауға арналған (220В-240 В / 50 Гц). Жалғау схемасы байланыстыру қорабының қақпағында көрсетілген. Қорек шнуры жалғау түрі мен аспаптың номиналды қуатына сәйкес келуі тиіс.
Корек шнурын міндетті түрде шнурдың шектен тыс созылуының алдын алатын қысқыш көмегімен бекіту қажет.
Ескерту!
Жерге тұйықтау сымын белгіленген клеммаға жалғаңыз.
Аспапқа қорек беретін тізбек қажет болған кезде аспап қорегін өшіруге мүмкіндік беретін қорғаныс өшіргішімен жабдықталуы тиіс. Қорғайтын өшіргіштің ашылған контактілері арасындағы арақашықтық кемінде 3 миллиметрді құрауы тиіс.
Аспапты электр желісіне жалғамас бұрын зауыттық жапсырмадағы ақпаратпен және жалғау схемасымен танысып шығыңыз.


Назар аударыңыз! Қыздыру элементтерінің кернеуі 220 В~240 В.
Назар аударыңыз! Кез келген жалғау кезінде жерге тұйықтау сымы PE клеммасына жалғануы тиіс.

Жерге тұйықталған 220-240 В бір фазалы қосылу кезінде: қоңыр сымды L-ға, көк сымды N-ға, жерге тұйықтау сымын (сары-жасыл) PE-ға жалғаңыз.

Басқару панелі

1) Жұмыс режимдерінің ауыстырып қосқышы 2) Температураның ауыстырып қосқышы 3) Хабарлау таймерінің батырмасы 4) Дайындау ұзақтығының батырмасы 5) Дайындауды аяқтау батырмасы 6) Қолмен басқарылатын режим батырмасы 7) «—» батырмасы 8) «+» батырмасы 9) Дисплей
Духовка жұмысының қолмен басқарылатын
режимі
Аспапты электр желісіне алғаш жалғағаннан кейін таймер дисплейінде сандар жыпылықтай бастайды. Қыздыру режимін таңдамас немесе температураны орнатпас бұрын аспапты басқарудың қолмен басқарылатын режиміне ауыстырыңыз.
- Ол үшін басқару панеліндегі қолмен басқару режимінің батырмасын (6) басыңыз.
Уақытты орнату
Баскарудың қолмен басқарылатын режимін орнатқаннан кейін ағымдағы уақытты орнатыңыз.
○ Қолмен басқарылатын режимнің батырмасын (6) басқаннан кейін «−» (7) және «+» (8) батырмаларымен дисплейде көрсетілетін ағымдағы уақытты орнатыңыз. Дисплейде дұрыс ағымдағы уақыт көрсетілген кезде «−» және «+» батырмаларын жіберіңіз. Бірнеше секунд өткен соң уақыт сақталады (дисплейде тұрақты көрсетіліп тұрады) және духовканы қолдана аласыз.
Таймер
«Еріту» функциясымен тек хабарлау таймерін ғана қолдануға болады. Таймердің қалған режимдері «Еріту» функциясымен бірге жұмыс жасамайды.
o Духовкадан өндіру процесінің нәтижесінде қалуы мүмкін заттарды тазалау үшін желдеткіші бар қыздыру режимін таңдаңыз және максималды температураны орнатыңыз. o Қыздыру процесінде иіс білінуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. o Бөлмедегі желдеткішті қосыңыз немесе терезені ашыңыз. o Бірінші қыздыру кезінде бөлмеде болмаған дұрыс. ◦ Духовканы максимальды температурамен 30-40 минутқа жұмыс жасауға қалдырыңыз. ◦ Духовка суыған кезде оны жылы сабынды суға малынған губкамен немесе жұмсақ матамен сүртіп алыңыз. Абразивтік тазалау құралдарын қолданбаңыз. o Духовканың сыртқы беттерін жылы сабынды суға малынған губкамен немесе жұмсақ матамен сүртіп алыңыз. Абразивтік тазалау құралдарын қолданбаңыз. ◦ Тот баспайтын болаттан жасалған беттерді тазалау және жылтырату үшін арнайы құралдарды қолдану ұсынылады.
Хабарлау таймері
Хабарлау таймерін духовканы қыздырудың таңдалған режиміне қарамастан кез келген уақытта орнатуға болады. Хабарлау таймерінің көмегімен аяқталған кезде духовка дыбысты сигнал беретін уақытты тағайындауға болады.
○ Хабарлау таймерінің батырмасын (3) басыңыз, дисплейде «00:00» уақыты көрсетіледі. «—» (7) және «+» батырмаларымен хабарлау таймерінің уақытын орнатыңыз. ◦ Дисплейде қажетті уақыт көрсетілген кезде «—» және «+» батырмаларын жіберіңіз. Дисплейде хабарлау таймерінің индикаторы (11) жанады. - Уақытты орнатқаннан кейін оны «—» немесе «+» батырмаларының көмегімен көбейтуге немесе азайтуға болады. - Орнатылған уақыт өткеннен кейін хабарлау таймерін басу арқылы өшіруге болатын дыбысты сигнал беріледі. o Маңызды! Дыбысты сигналды өшіргеннен кейін духовка қызуын жалғастырады. Егер дайындауды әлі де аяқтамасаңыз, жұмыс режимдерін ауыстырып қосқыш пен температураны 0 күйіне орнатыңыз.
Дайындау ұзақтығын орнату
Бұл функция да таймерді орнатуға мүмкіндік береді, бірақ хабарлау таймеріне қарағанда тағайындалған уақыт аяқталғаннан кейін қыздыру аяқталып, духовка өшеді.
Температураны температураны ауыстырып қосқышпен (2) орнатыңыз. Дисплейде қолмен басқару режимінің индикаторы (12) жанады.
- Жұмыстардың режимдерінің ауыстырып қосқышымен (1) қыздыру режимін таңдаңыз.
- Осыдан кейін дайындау ұзақтығын орнатуға болады. ◦ Дайындау ұзақтығының батырмасын (4) басыңыз, дисплейде «00:00» уақыты көрсетіледі. «—» (7) және «+» (8) батырмаларымен дайындау ұзақтығын орнатыңыз. ◦ Дисплейде қажетті уақыт көрсетілген кезде «—» және «+» батырмаларын жіберіңіз. Таймер бірден уақытты кері санауды бастайды және дисплейде AUTO индикаторы жанады.
- Уақытты орнатқаннан кейін оны «—» немесе «+» батырмаларының көмегімен көбейтуге немесе азайтуға болады.
- Орнатылған уақыт өткен соң дыбыстық сигнал беріледі және духовка сөнеді. AUTO индикаторы жыпылықтайды, ал қыздыру индикаторы сөнеді. Дыбыстық сигналды өшіру үшін, дайындау ұзақтығының батырмасын басыңыз. ◦ Дайындау ұзақтығы функциясын қолданғаннан кейін духовканы басқарудың қолмен басқарылатын режиміне ауыстыру қажет. Ол үшін қолмен басқару режимінің батырмасын басыңыз, AUTO индикаторы сөнеді және қолмен басқарылатын режим индикаторы жанады. ◦ Маңызды! Егер температураны және жұмыс режимдерін ауыстырып қосқышты 0 күйіне орнатпаса, онда духовка қолмен басқару режимінің батырмасын басқаннан кейін жұмысын жалғастыра береді.
Дайындауды аяқтау уақытын орнату
Бұл функция дайындау ұзақтығының функциясына ұқсас, бірақ дайындау ұзақтығының орнына духовка өшірілуі тиіс уақыт орнатылады.
◦ Температураны температураны ауыстырып қосқышпен (2) орнатыңыз. Дисплейде қолмен басқару режимінің индикаторы (12) жанады. ◦ Жұмыстардың режимдерінің ауыстырып қосқышымен (1) қыздыру режимін таңдаңыз. ◦ Дайындауды аяқтау батырмасын (5) басыңыз, дисплейде «00:00» уақыты көрсетіледі. «—» (7) және «+» (8) батырмаларымен духовка өшірілуі тиіс тәулік уақытын орнатыңыз. Таймер жұмысты аяқтаудың таңдалған уақыты негізінде дайындау уақытын есептейді және оны дисплейде көрсетеді. ◦ Дисплейде духовка өшірілуі тиіс тәулік уақыты көрсетілген кезде «—» және «+» батырмаларын жіберіңіз. Таймер бірден уақытты кері санауды бастайды және дисплейде AUTO индикаторы жанады. ◦ Уақытты орнатқаннан кейін оны «—» немесе «+» батырмаларының көмегімен көбейтуге немесе азайтуға болады. ◦ Таймер дайындауды аяқтаудың тағайындалған уақытына жеткен кезде духовка өшеді және дыбыстық сигнал беріледі. AUTO индикаторы жыпылықтайды, ал қыздыру индикаторы сөнеді. Дыбыстық сигналды өшіру үшін дайындауды аяқтаудың немесе дайындау ұзақтығының батырмасын басыңыз. ◦ Дайындау ұзақтығы функциясын қолданғаннан кейін духовканы басқарудың қолмен басқарылатын режиміне ауыстыру қажет. Ол үшін қолмен басқару режимінің батырмасын басыңыз, AUTO индикаторы сөнеді және қолмен басқарылатын режим индикаторы жанады. ◦ Маңызды! Егер температураны және жұмыс режимдерін ауыстырып қосқышты 0 күйіне орнатпаса, онда духовка қолмен басқару режимінің батырмасын басқаннан кейін жұмысын жалғастыра береді.
Дайындауды бастауды және аяқтауды орнату
Бұл функция духовка қосылатын және өшірілетін уақытты бағдарламалауға мүмкіндік береді.
Температураны ауыстырып қосқышпен (2) орнатыңыз. Дисплейде қолмен басқару режимінің индикаторы (12) жанады. Жұмыс режимдерінің ауыстырып қосқышымен (1) қыздыру режимін таңдаңыз. Дайындау ұзақтығының батырмасын (4) басыңыз, дисплейде «00:00» уақыты көрсетіледі. «—» (7) және «+» (8) батырмаларымен дайындау ұзақтығын орнатыңыз. Дисплейде AUTO индикаторы жанады. Бірден дайындауды аяқтау батырмасын (5) басыңыз, дисплейде «00:00» уақыты көрсетіледі. «—» және «+» батырмаларымен духовка өшірілуі тиіс тәулік уақытын орнатыңыз. Тағамның тағайындалған уақытта дайын болуы үшін духовка қосу уақытын автоматты түрде есептейді. Қосудың есептелген уақыты келген кезде духовка автоматты түрде қосылады. Таймер дайындауды аяқтаудың тағайындалған уақытына жеткен кезде духовка өшеді және дыбыстық сигнал беріледі. AUTO индикаторы жыпылықтайды, ал қыздыру индикаторы сөнеді. Дыбыстық сигналды өшіру үшін дайындауды аяқтаудың немесе дайындау ұзақтығының батырмасын басыңыз. Дайындау ұзақтығы функциясын қолданғаннан кейін духовканы басқарудың қолмен басқарылатын режиміне ауыстыру қажет. Ол үшін қолмен басқару режимінің батырмасын басыңыз, AUTO индикаторы сөнеді және қолмен басқарылатын режим индикаторы жанады. Маңызды! Егер температураны және жұмыс режимдерін ауыстырып қосқышты 0 күйіне орнатпаса, онда духовка қолмен басқару режимінің батырмасын басқаннан кейін жұмысын жалғастыра береді.
Духовканы қосу және сөндіру
Духовканы қосу
Духовка жұмысының параметрлерін орнатыңыз (қыздыру температурасы мен режимін).
Ауыстырып қосқышты оңға айналдыру арқылы қажетті күйге орнатыңыз.

Духовка жұмысы
Классикалық духовка
Духовка төменгі және жоғарғы қыздырғыштардың көмегімен қызады. Духовка жұмысын басқару келесілер көмегімен жүзеге асырылады:
- жұмыс режимдерінің ауыстырып қосқышы: жұмыс режимін таңдау үшін ауыстырып қосқышты қажетті күйге бұраңыз
![graph TD A["+"] --> B["0"] B --> C["☀"] C --> D["水"] D --> E["+"] E --> F["水"] F --> G["="] G --> H["⊕"] H --> I["二"] I --> J["★"]](/content/2026/06/1362491/images/4a291961e643665157783030829633e4f77e2ddb2bff48e54a0ca4b8eab08a4f.jpg)
– температураның ауыстырып қосқышы: температураны орнату үшін ауыстырып қосқышты қажетті күйге бұраңыз.

Духовканы өшіру үшін ауыстырып қосқыштың екеуін де «●/○» күйіне орнатыңыз.
Назар аударыңыз!
Жұмыс режимдерін ауыстырып қосқыш осы күйде тұрған, ал температураны ауыстырып қосқыш 0-ден басқа кез келген күйде тұрған кезде духовка қызбаса да, қызыл индикатор жануы мүмкін.
Духовка жұмысының

Духовка жарығы
Духовка ішіндегі жарықты қосуды жұмыс камерасын тазалау үшін де қолдануға болады.

Желдеткіш жұмысының есебінен өнімдерді ұқыпты пісіру үшін қолданылады.

Классикалық қыздыру (үстінен + астынан)

Жоғарғы және төменгі қыздырғыштар жылуды духовка ішінде біркелкі таратады.

Классикалық қыздыру + желдеткіш
Кез келген пісірмелерді дайындау үшін қолданылады. Төменгі және жоғарғы қыздырғыштар мен желдеткіш бір уақытта жұмыс жасайды.

Астынан қыздыру
Тек төменгі қыздырғыш жұмыс жасайды. Егер тағамды астынан пісіру қажет болса, осы режимді қолданыңыз.

Сақиналы қыздырғыш + желдеткіш
Желдеткіш дайындалатын тағамның айналасында ыстық ауаның тұрақты циркуляциясын тудырады. Бұл режимді бірнеше деңгейде дайындау үшін қолдануға болады.

Үлкен гриль
(гриль + жоғарғы қыздырғыш)
Инфрақызыл қыздырғыш пен жоғарғы қыздырғыш бір уақытта жұмыс жасайды. Бұл духовканың жоғарғы бөлігінде айтарлықтай жоғары температураны тудырады, ол тағамның бетін барынша қызартуға және үлкен порцияларды дайындауға мүмкіндік береді.

Үлкен гриль + желдеткіш
Инфрақыздырғыш, жоғарғы қыздырғыш және желдеткіш бір уақытта жұмыс істейді. Грильде дайындау процесін жылдамдату және тағамның бетін қытырлағанша пісіру үшін қолданыңыз. Грильді духовканың есігі жабық тұрған кезде қолданыңыз.

Үстінен қыздыру + сақиналы
қыздырғыш + желдеткіш
Бұл режим көбінесе пицца, бәліш және басқа да пісірмелерді дайындау үшін қолданылады. Осы режимді мұздатылған өнімдерден дайындалатын тағамдарды дайындау үшін қолданған кезде духовканы алдын ала қыздыру талап етілмейді.
Назар аударыңыз!
Қыздырудың кез келген режимін таңдаған кезде духовка температураны ауыстырып қосқышпен температура орнатылғаннан кейін ғана қосылады.
Духовканы қосу екі индикатормен белгіленеді: сары және қызыл. Қосылған сары индикатор духовканың жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Қосылған қызыл индикатор духовканың қызып жатқанын көрсетеді. Қызыл индикатор өшкен кезде бұл духовканың тағайындалған температураға жеткенін білдіреді. Егер рецепт бойынша тағамды қыздырылған духовкаға салу ұсынылатын болса, мұны қызыл индикатор бірінші рет өшкен кезде жасауға болады. Дайындау кезінде қызыл индикатор әлсін-әлсін жанады және сөнеді (духовкадағы температураны ұстап тұру үшін қыздырғыштар әлсін-әлсін қосылады). Егер «Духовка жарығы» режимі таңдалған болса, сары индикатор да жанып тұруы мүмкін.
Жүйелі түрде тазалау және қызмет көрсету аспаптың дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
Тазалауды бастамас бұрын духовканы өшіріңіз: ауыстырып қосқыштардың барлығы «●/о» күйіне орнатылуы тиіс. Тазалауды бастамас бұрын духовканы суытып алыңыз.
Жұмсақ жуу немесе тазалау құралдарын қолданыңыз, мысалы, май кетіруге арналған сұйықтықтар немесе эмульсиялар. Егер ұсынылған құралдар болмаса, ыдыс жууға арналған құралдың немесе тот баспайтын болатты тазалауға арналған құралдың аз ғана мөлшері қосылған жылы суды қолдану ұсынылады.
Духовка
Әр қолданғаннан кейін духовканы тазалаңыз. Ласты жақсы көрініп тұруы үшін ішкі жарықты қосу ұсынылады.
Духовка камерасын ыдыс жууға арналған құралдың аз ғана мөлшері қосылған жылы сумен ғана тазалауға болады.
Тазалап болған соң духовка камерасының қабырғаларын құрғатып сүртіңіз.
Назар аударыңыз!
Алдыңғы әйнек панельді тазалау және оғал қызмет көрсету үшін абразивтік тазалау құралдарын қолданбаңыз.
Бумен тазалау
Ыдысқа 250 мл су (1 стакан) құйыңыз және бағыттағыштардың ең төменгі деңгейіне орнатыңыз.
Духовка есігін жабыңыз.
50°C температураны және «Астынан қыздыру» жұмыс режимін орнатыңыз.
Духовканы шамамен 30 минут қыздырыңыз.
Духовка есігін ашыңыз және мата немесе губка көмегімен камера қабырғаларын ыдыс жууға арналған құралдың аз ғана мөлшері қосылған жылы сумен тазалаңыз.
Назар аударыңыз! Бумен тазалау нәтижесінде плита астына аз ғана су жиналуы мүмкін.
Тазалап болған соң духовка камерасының қабырғаларын құрғатып сүртіңіз.
Жарықтандыру шамдарын ауыстыру
Электр тогынан зақым алу қауіпінің алдын алу үшін шамды ауыстырмас бұрын аспапты қоректен ажыратыңыз.
Ауыстырып қосқыштардың барлығын «●/○» күйіне орнатыңыз және ашаны розеткадан ажыратыңыз.
Шамның қақпағын бұрап алып, жуыңыз және құрғатып сүртіңіз.
Шамды бұрап алыңыз және келесі параметрлерге ие жаңа жоғары температурасы бар түрімен (300°C) ауыстырыңыз.
- кернеуі 230 В,
- қуаты 25 Вт,
- G9.

Жаңа шамның ұяшыққа дұрыс орнатылғанына көз жеткізіп алып, оны бұраңыз.
Шам қақпағын бұраңыз.
Духовканың есігін толығымен ашыңыз.

Топсалардың бекіткіштерін көтеріңіз.

Бекіткіштер есіктегі ойықтарға тірелгенге дейін есікті ақырын жабыңыз. Есікті бүйір бетінен ұстап тұрып, жабуды жалғастыра отырып, оны сәл ғана көтеріңіз де, ағытып алыңыз.

Тазалап болған соң есік топсаларын ұяшықтарына орналастырыңыз. Есікті алға және төменге итеріңіз. Есіктің бүлінуінің алдын алу үшін топсалардың орнына сенімді бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Егер қандай да бір қиындықтар туындаса, сервис орталығына хабарласыңыз (осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың кері бетінде көрсетілген ақпаратты қараңыз).
Есікті толығымен ашыңыз және бекіткіштерді бастапқы күйге түсіріңіз. Есікті орнату аяқталды.
Есіктің ішкі әйнегін ағытып алу
Торды екі қолыңызбен бүйір бетінен басыңыз, өзіңізге қарай тартып, ағытып алыңыз.

Есіктің ішкі әйнегін ағытып алыңыз.

Тазалап болған соң әйнекті есікке ақырын орнатыңыз және әйнекті орнына бекіту үшін желдету торын салыңыз.

Ақаулық орын алған жағдайда:
Аспапты сөндіріңіз.
Қорек шнурының ашасын розеткадан ажыратыңыз.
Сервиске хабарласыңыз.
Кейбір болмашы ақауларды төмендегі кестеде берілген нұсқауларға сәйкес жоюға болады.
| МЭСЕЛЕ СЕБЕБІ ЖОЮ | ||
| Аспап жұмыс жасамайды. Электр | қорек берудегі кідірістер | Сақтандырғыштары бар шкафты тексеріңіз. Егер сақтандырғыш күйіп кеткен болса, оны жаңасымен ауыстырыңыз. |
| Духовка жарығы жанбайды. | Шам тығыз бұралмаған немесе күйіп кеткен. | Шамды тығыздап бұраңыз немесе күйіп кеткен шамды ауыстырыңыз («Тазалау және қызмет көрсету» тарауын қараңыз). |
BO6737E02AXK
Номиналды кернеу
Номиналды қуат
Аспап өлшемдері Б/Е/Т
Духовканың пайдалы көлемі
Салмақ
Аспап өлшемдері Б/Е/Т
Духовканың пайдалы көлемі
Салмақ
220-240 В~, 50/60 Гц
макс. 2,9 кВт
59,5/59,5/53,0 см
73 литр шамамен
32 кг
BO6737E03AWG
Номиналды кернеу
Номиналды қуат
Аспап өлшемдері Б/Е/Т
Духовканың пайдалы көлемі
Салмақ