MUM59363 - ас үй роботы BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз MUM59363 BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Көпфункциялы робот |
| Бренд | Bosch |
| Модель | MUM59363 |
| Қозғалтқыш қуаты | 800 Вт |
| Ыдыс сыйымдылығы | 3,9 л |
| Ыдыс материалы | Тот баспайтын болат |
| Жылдамдықтар саны | 7 + импульс |
| Қосымша жабдықтар | Шанышқы, илеу ілмегі, шайқау, блендерлі миксер, турағыш, үккіш/кескер |
| Негізгі функциялар | Илеу, шайқау, араластыру, турау, кесу, үккіш, араластырғыш, эмульсиялау |
| Өлшемдер (Е x Б x Т) | 280 x 400 x 280 мм |
| Салмағы | 7,5 кг |
| Электр қорегі | 220-240 В, 50-60 Гц |
| Қуат сымы | Кері тартылатын |
| Қауіпсіздік құрылғысы | Шамадан тыс жүктеме кезінде автоматты тоқтату, қауіпсіздік құлыпы |
| Тазалау | Ыдыс және аксессуарлар ыдыс жуғышта жууға жарамды |
| Айнымалы жылдамдық | Иә, айналиалы ауыстырып-қосқышпен |
| Жөндеу мүмкіндігі | Bosch сервис орталықтарында қосалқы бөлшектер қолжетімді |
| Кепілдік | 2 жыл (елге байланысты) |
| Жалпы ақпарат | MUM 5 сериясының көпфункциялы үй роботы, тұрмыстық пайдалануға арналған |
Жиі қойылатын сұрақтар - MUM59363 BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы MUM59363 BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ас үй роботы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз MUM59363 - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. MUM59363 брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ MUM59363 BOSCH
Бұл құрылғы тек жеке үйде пайдалануға арналған. Бұйымды тек қана азық-түлік өнімдерін қалыпты тұрмыстық көлемде және уақытта өңдеу үшін қолданыңыз.
Бұл бұйым азық-түлік өнімдерін араластыру, илеу және қағуға арналған. Құрылғыны басқа заттектерді немесе заттарды өңдеу үшін қолдануға болмайды. Шығарушы тарапынан қолдану үшін рұқсат етілген басқа қосалқы бөлшектерін қолданғанда қосымша қолдану түрлері де мүмкін болады. Құрылғыны тек рұқсат етілген бөлшектер мен керек-жарақтармен пайдаланыңыз. Ешқашан керек-жарақтарды басқа құрылғылар үшін пайдаланбаңыз. Құрылғы бөлме температурасындағы ішкі жайларда ғана және теңіз деңгейінен 2000 м дейінгі биіктікте қолдануға арналған.
Маңызды қауіпсіздік туралы мәліметтер
Осы пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз және сақтап қойыңыз! Құрылғыны басқа біреуге берген кезде осы нұсқаулық та берілуі керек. Бұйымды лайықты түрде қолдану туралы нұсқауларға сай әрекет етілмегенде осы әрекеттерден шығатын шығындар үшін өндіруші тарапынан кепілдік берілмейді. Бұл бұйым дене, сезім және ақыл-ой қабілеттері шектеулі, сонымен бірге тәжірибесі және білімі жеткіліксіз адамдар тарапынан тек бақылау астында болғандарында, немесе бұйымды қауіпсіз түрде қолдану бойынша мәліметтерін өздеріне жауапты тұлғалардан алып, осы бұйымды қолданудан пайда бола алатын қауіптерді түсінгендерінде ғана қолданыла алады. Балаларды құрылғыға және кабельге жақындатпаңыз және олар құрылғыны пайдаланбасын. Балаларға осы құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз. Балаларға тазалауға және техникалық қызмет көрсетуге болмайды.
⚠️ Өртену және электр тогына түсу қаупі!
Құрылғыны тек ережелер бойынша орнатылған жерге қосылған розетка арқылы айнымалы токтық ток желісіне қосу мүмкін. Ішкі электр сымдарының жерге тұйықтау жүйесінің ережелерге сәйкес лайықты түрде орнатылғанын тексеріңіз.
Бұйымды тек қана фирмалық тақтайшада көрсетілген мәліметтері бойынша іске қосып қолданыңыз. Егер бұйым немесе оның қуат сымы зақымдалса, оны пайдаланбаңыз. Қауіпті жағдайлар туындатпас үшін, зақымданған желіге қосу сымын ауыстыру сияқты барлық жөндеу жұмыстарын біздің қызмет көрсету жөніндегі білікті қызметкерлеріміз орындауы керек.
Бұйымды тек қана айналмалы ажыратқыш арқылы қосып өшіріңіз.
Құрылғыны ешқашан таймер немесе қашықтан басқарылатын розеткаларға қоспаңыз. Құрылғыны пайдалану кезінде бақылап тұрыңыз!
Құрылғыны ыстық беттер үстіне немесе қасына қоймаңыз, мысалы, плитаға. Желі кабелін ыстық бөліктерге тигізбеңіз, өткір шеттерінен тартпаңыз немесе тасымалдау тұтқасы ретінде пайдаланбаңыз.
Негізгі құрылғыға ешқашан су тигізбеңіз немесе ыдыс жуғыш машинаға салмаңыз. Бумен тазалау құралын қолданбаңыз. Құрылғыны ылғалды қолмен қолдануға болмайды.
Бұйымды әр пайдаланудан соң, оны бақылаусыз қалдырғаныңызда, құрастырып орнатудан алдын, бөлшектегеніңізде немесе тазалағаныңызда және қателік пайда болғанда әрқашан желіден ажыратыңыз.
■ Жұмыс істелген көмекші құралды немесе қосалқы бөлшектерді ауыстырмас бұрын, құрылғыны өшіріп, желіден ажырату керек. Жетек өшірілгеннен кейін біраз уақыт жұмыс істей береді. Жетек толығымен тоқтағанша күтіңіз.
■ Құрылғы қосулы тұрғанда, айналмалы тұтқаны реттемеңіз.
■ Аспаптарды тек орнатылған ыдыспен, орнатылған қақпақпен және орнатылған жетек қақпағымен пайдаланыңыз! Керек-жарақтарды пайдаланған кезде ыдысты, қақпақты және жетек қақпағын нұсқаулыққа сәйкес орнатыңыз!
■ Қолдану кезінде қолмен ыдысты немесе толтыру шахтасын ұстамаңыз. Ыдысқа немесе толтыру шахтасына ешқандай затты (мысалы, қасық) салмаңыз. Қолды, шашты, киімді және басқа заттарды айналмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз.
■ Ешқашан аспап пен керек-жарақтарды немесе екі керек-жарақты бірдей пайдаланбаңыз. Керек-жарақтарды қолданғанда, олардың нұсқаулығын орындаңыз.
■ Керек-жарақтарды тек толық жиналған күйде пайдаланыңыз. Керек-жарақтарды ешқашан негізгі құрылғыға жинамаңыз. Керек-жарақтарды тек өзіне тиісті жұмыс күйінде пайдаланыңыз. ■ Майдалағыш дискінің өткір пышақтары мен жиектерін ұстамаңыз. Майдалағыш дискілерге тек бүйірінен қол тигізіңіз! ■ Араластырғыш пышаққа жалаң қолмен тимеңіз. ■ Орнатылған араластырғышты ұстамаңыз! Араластырғышты ешқашан орнатылған қақпақсыз пайдаланбаңыз. ■ Өткір пышақтармен жұмыс істегенде, ыдысты босатуда және тазалауда абай болыңыз.
⚠️ Күю қаупі бар!
Ыстық араластырылатын өнімді өңдеу кезінде қақпақтағы құйғыштан бу шығады. Ең көбі 0,5 литр ыстық немесе көпіршіген сұйықтық толтырыңыз.
⚠️ Тұншығу қаупі!
Балаларға орам материалдарымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
⚠️ Назар аударыңыз!
Құрылғы ешқашан азық-түліктерді өңдеу үшін қажетті уақыттан ұзағырақ уақыт бойы қосылып тұрмауы керек. Бос түрінде іске қоспаңыз.
⚠️ Маңызды!
Құрылғыны әр пайдаланудан кейін немесе ұзақ уақыт пайдаланбағанда әбден тазалаңыз (→ «Тазалау және күту» мына бетті қараңыз: 231).
⚠️ Құрылғыдағы немесе көмекші құралдағы белгілердің түсініктемесі

Колдану туралы нұсқаулықтағы нұсқауларды орындаңыз.

Абай болыңыз! Айналмалы пышақ.

Абай болыңыз! Айналмалы құрал. Толтыру саңылауын ұстамаңыз.
Bosch фирмасының жаңа бұйымын сатып алғаныңызбен құттықтаймыз. Біздің бұйымдарымыз туралы қосымша мәліметтерді веб-сайтымыздан таба аласыз.
Мазмұны
Тиісті ретте пайдалану .....222 Маңызды қауіпсіздік туралы мағлұматтар .....222 Қауіпсіздік жүйесі .....225 Жалпы мәліметтер 225 Жұмыс күйлері .....226 Қолдану....227 Тазалау және күту ......231 Сақтау 231 Ақаулықтар орын алған жағдайдағы көмек 231 Қолдану мысалдары ......232 Қоқысқа тастау .....234 Кепілдік шарттары .....234 Арнайы жабдықтар ......235
Қауіпсіздік жүйесі
Кенет іске қосылудан қорғаныс
«Жұмыс күйлері» кестесін қараңыз.
Бұйымды тек қана 1 және 3 күйлерінде қосуға болады:
■ ыдыс (11) орнатылғанда және тірелгенше бұралған кезде.
Қайта іске қосылудан қорғаныс
Ток қуаты үзілген кезде бұйым қосулы күйінде қалады, алайда қозғалтқыш жұмыс істемей қалады. Қайта іске қосу үшін айналмалы ажыратқышты 0/off күйіне бұрап қосыңыз.
Артық жүктемеден қорғаныс
Егер жұмыс барысында қозғалтқыш өздігінен тоқтап қалса, артық жүктемеден қорғаныс іске қосылады. Бұл жағдайдың ықтимал себебі - азық-түлік өнімдерінің үлкен мөлшерлерін өңдеу.
Қауіпсіздік жүйелерінің іске қосылғанында әрекеттер туралы «Ақаулықтар орын алған жағдайдағы көмек» мақаласын қараңыз.
Бұйым күтуді қажет етпейді.
Жалпы мәліметтер
Беттік жағынан жайып ашыңыз.
A cypeti:
Herizgi бұйым
1 Босату түймесі 2 Айналмалы тұтқа
Тұтқаның жоғары қарай жылжуына қолдау көрсетуге арналған «Easy Armlift» функциясы («Жұмыс күйлері» мақаласын қараңыз).
3 Айнамалы ажыратқыш
Өшірілгеннен кейін («0/off» күйі) бұйым құралды алмастыру үшін автоматты түрде оңтайлы күйде жұмыс істейді.
MUM52..:
0/off = тоқтату
M = жоғарырақ айналу
жылдамдығына арналған жедел ауыстыру, ажыратқышты қалаулы араластыру ұзақтығы үшін ұстап тұрыңыз.
1-4 қадамы, жұмыс жылдамдығы:
1 = төмен айналу жылдамдығы – баяу, 4 = жоғары айналу жылдамдығы – жылдам.
MUM54.. / MUM55.. / MUM56.. /
MUM58..:
0/off = тоқтату
M = жоғарырақ айналу
жылдамдығына арналған жедел ауыстыру, ажыратқышты қалаулы араластыру ұзақтығы үшін ұстап тұрыңыз.
1-7 қадамы, жұмыс жылдамдығы:
1 = төмен айналу жылдамдығы – баяу, 7 = жоғары айналу жылдамдығы – жылдам.
4 Жұмыс индикаторы
(MUM54.. / 55.. / 56.. / 58..)
Жұмыс барысында жанады (айналмалы ажыратқыш М немесе 1-7 күйінде). Бұйым жұмысында қателер орын алғанда, электрондық сақтандырғыш ажыратылғанда және бұйым бүлінген жағдайда жыпылықтайды, «Ақаулықтар орын алған жағдайдағы көмек» мақаласын қараңыз.
5 Жетектің қорғаныс қақпағы
Жетектің қорғаныс қақпағын алып тастау үшін, артқы жағын басып, қақпақты алып тастаңыз.
6 Жетек:
– асүйлік майдалағыш және – шырын сыққыш (арнайы жабдық*). Бұйымды қолданбаған кезде жетектің қорғаныс қақпағын орнатыңыз.
7 Куралға арналған жетек
(булғауыш, қакқыш, илегіш) және ерттартқыш (арнайы жабдық*)
8 Араластырғыш жетегінің қорғаныс қақпағы
9 Араластырғышқа арналған жетек (арнайы жабдық*)
Қолданылмаған кезде араластырғыш жетегінің қорғаныс қақпағын орнатыңыз.
10 Кабельді сақтау камерасы MUM52.. / MUM54.. / MUM58
Кабельді оған арналған бөлмеге қойыңыз
MUM55.. / MUM56..:
Кабельді автоматты орауыш құрал
Көмекші құралы бар ыдыс
11 Тот баспайтын болаттан араластырғыш ыдыс
12 Қақпақ
Құралдар
13 Булғауыш
14 Қаққыш
16 Көмекші құрал дорбасы
Құралдар мен майдалағыш дискілерді сақтауға арналған.
Асүйлік майдалағыш
17 Итергіш
19 Майдалағыш дискілер
а Айналмалы кескіш диск – қалың / жіңішке b Айналмалы үккіш диск – үлкен / шағын с Үйкелме диск – орташа
20 Диск ұстағышы
21 Шығыс саңылауы бар корпус
Араластырғыш*
22 Араластырғыш сауыт
23 Қақпақ
24 Құйғыш
* Қосалқы бөлшек жеткізілім бумагында болмаған жағдайда, оған сауда орны мен қызмет көрсету орталығынан тапсырыс беруге болады.
Жұмыс күйлері
В суреті:
Назар аударыңыз!
Бұйымды тек құрал / көмекші құрал осы кестеге сай дұрыс жетекте және дұрыс күйде қолданылған кезде және жұмыс күйінде болғанда ғана қолданыңыз.
Айналмалы тұтқа әрбір жұмыс күйінде енгізілуі керек.
Нұсқау
Айналмалы тұтқа «Easy Armlift» функциясымен жабдықталған, ол айналмалы тұтқаның жылжуына қолдау көрсетеді.
Жұмыс күйін реттеу:
■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны жылжытыңыз. Жылжуды бір қолмен орындаңыз.
■ Айналмалы тұтқаны тірелгенше қалаулы күйге жылжытыңыз.
| Күй Жетек MUM52.. MUM | ||||
| 54/55/56/58.. | ||||
1 ![]() | 7 ![]() | ![]() | 1-4 1-7 | |
![]() | 1-4 1-7 | |||
![]() | 1-2 1-3 | |||
2 ![]() | 7 . | |||
3 ![]() | 6 ![]() | ![]() | 2-4 3-7 | |
![]() | 2-3 3-5 | |||
4 ![]() | 9 ![]() | ![]() | ||
| 7 | ![]() | 3-4 5-7 | ||
* Қаққыш, бұлғауыш, илегішті орнату / алып тастау; үлкен өңделетін көлемдерді қосу.
Қолдану
Желі ашасын тек бұйыммен жұмыс істеу үшін қажетті әрекеттер өткізіліп және өнімдер мен заттар дайындалып қойылғанда ғана электр розеткасына жалғаңыз.
Назар аударыңыз!
Бұйымды тек көмекші құрал / құралмен жұмыс күйінде қолданыңыз. Бұйымды бос күйінде қолданбаңыз. Бұйым мен қосалқы бөлшектерге жылу көздерін түсірмеңіз. Бөлшектер микротолқынды пештерге арналмаған.
■ Бұйымды және көмекші құралдарды алғаш рет қолдану алдында жақсылап тазалап алыңыз, «Тазалау және күту» тарауын оқыңыз.
Маңызды нұсқау
Бұл қолдану туралы нұсқаулықта 7 қадамдық айналмалы ажыратқышы бар бұйымдардағы жұмыс жылдамдығы бойынша ұсынылатын шамалы мәндер келтірілген. 4 қадамдық айналмалы ажыратқышы бар бұйымдар үшін мәндер тиісінше арттағы жақшаларда берілген. Бұл қолдану туралы нұсқаулықта құрал не көмекші құралды қолданған кезде бұйымдардың жұмыс жылдамдығы бойынша шамалы мәндермен затбелгі берілген. Біз осы затбелгіні бұйымға жапсыруды ұсынамыз (с суреті).
Дайындау
■ Негізгі бұйымды тегіс және таза бетке қойыңыз.
■ Кабельді шығарыңыз (D суреті).
MUM52.. / MUM54.. / MUM58..
Кабель бөлімі:
Кабельді қалаулы ұзындыққа дейін шығарыңыз.
MUM55.. / MUM56..
Кабельді автоматты орауыш құрал:
Қатардағы кабельді қалаулы ұзындыққа дейін (макс. 100 см) шығарып, баяу босатыңыз; кабель тоқтатылады.
Кабельдің жұмыс ұзындығын азайтыңыз: кабельді сәл тартып, қалаулы ұзындыққа дейін жайыңыз.
Содан кейін кабельді қайтадан тартып, баяу босатыңыз; кабель тоқтатылады.
Назар аударыңыз!
Кабельді салған кезде айналдырмаңыз. Кабельді автоматты орауыш құралы бар бұйымдарда кабельді қолмен салмаңыз. Кабель қысылған кезде, оны толығымен шығарып, жайылуына мүмкіндік беріңіз.
■ Ашаны розеткаға қосыңыз.


Ыдыс және құрал
⚠️ Айналмалы құралдан жарақаттану қаупі
Қолдану барысында ыдысты ұстамаңыз. Тек жабылған қақпақпен (12) жұмыс істеңіз!
Құралды / көмекші құралды жетек тоқтатылған күйінде болғанда ғана алмастырыңыз – жетек өшірілгеннен кейін біраз уақыт жұмыс істеп тұрады және құралды алмастыру күйінде тұрады. Айналмалы тұтқаны алдымен құралдың бос жүріс күйіне жылжытыңыз. Пайдаланбаған жетектерді қорғаныс қақпағымен жабыңыз.
Назар аударыңыз!
Ыдысты тек осы бұйыммен жұмыс істеген кезде ғана қолданыңыз.
Бұлғауыш (13)
қамырды бұлғауға арналған, мысалы, кекс қамыры
Қаққыш (14)
жұмыртқа ақұызын, кілегейді қағу және жеңіл қамырды бұлғауға арналған, мысалы, бисквит қамыры
Илегіш (15)
ауыр қамырды илеу және майдаланбайтын ингредиенттерді араластыруға арналған (мысалы, жүзім, шоколад жоңқасы)
Ыдыспен және құралмен жұмыс істеу ☒ суреті:
■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 2 күйіне жылжытыңыз.
■ Ыдысты орнату: Алға қарай еңкейтілген ыдысты енгізіп тіреңіз, содан кейін сағат бағытына қарсы тірелгенше бұраңыз.
Өндөү тапсырмасына байланысты бүлғауыш, қаққыш не илегішті жетекке тірелгенше енгізіңіз.
Нұсқау:
Илегіш жағдайында қамыр жапқышты илегіш енгізілгенше бұраңыз
(☐-4b суреті).




■ Өңделетін ингредиенттерді ыдысқа салыңыз. ■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 1 күйіне жылжытыңыз. ■ Қақпақты орнатыңыз. ■ Айналмалы ажыратқышты қалаулы қадамға қойыңыз.

Біздің ұсыныс:
-Бұлғауыш:
алдымен 1-қадамда араластырып (1), содан кейін 7-қадамды (4) таңдаңыз
-Қаққыш:
7-қадам (4), 1-қадамда араластырыңыз (1)
-Илегіш:
алдымен 1-қадамда араластырып (1), 3-қадамда қағыңыз (2)
Ингредиенттермен толтыру
■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш арқылы өшіріңіз. ■ Ингредиенттерді қақпақтағы құйғыш арқылы толтырыңыз.
Немесе
■ Какпакты алып тастаңыз. ■ Босату түймесін басып, айналмалы түтқаны 2 күйіне жылжытыңыз. ■ Ингредиенттерді толтырыңыз.
Жұмыстан кейін
■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш арқылы өшіріңіз. ■ Ашаны розеткадан шығарыңыз. ■ Какпакты алып тастаңыз. ■ Босату түймесін басып, айналмалы түтқаны 2 күйіне жылжытыңыз.
■ Құралды жетектен шығарыңыз.
■ Ыдысты алып тастаңыз.
■ Барлық бөлшектерді тазалаңыз, «Тазалау және күту» тарауын оқыңыз.
Асүйлік майдалағыш
Майдалағыш дискінің өткір пышақтары мен жиектерін ұстамаңыз.
Майдалағыш дискілерге тек бүйірінен қол тигізіңіз!
Асүйлік майдалағышты тек қана бұйым жетегі тоқтап тұрғанында және кабелі электр розеткасынан шығарылғанында енгізіңіз / шығарыңыз.
Күйғыш ішіне қолыңызды салмаңыз.
Назар аударыңыз!
Асүйлік майдалағышты тек толығымен жинақталған күйінде қолданыңыз. Асүйлік майдалағышты ешқашан негізгі бұйымға құрастырмаңыз. Асүйлік майдалағышты тек құрастырылған жұмыс күйінде қолданыңыз.
Артық жүктемеден қорғау F суреті:
Асүйлік майдалағышқа артқы жүктеме түсіруден бұйымның ауыр зақымдануын болдырмау үшін, асүйлік майдалағыштың жетекші білігінде кертік
(бағдарламаланған бұзылу орны) бар. Артық жүктеме түскен жағдайда жетекші білік осы жерден бұзылады. Жетекші білігі бар жаңа диск ұстағышы қызмет көрсету орталығында қолжетімді.
Айналмалы кескіш диск – қалың / жіңішке

жеміс пен көкөністі турауға арналған. 5-қадамда өндеу (3).
Айналмалы кескіш дискідегі белгі: қалың кескіш жағы үшін «1», жіңішке кескіш жағы үшін «3»
Назар аударыңыз!
Айналмалы кескіш диск қатты ірімшік, нан, бөлке нан мен шоколадты турауға арналмаған. Пісірілген, қатты пісірілген картопты тек суық күйінде тураңыз.
Айналмалы үккіш диск – үлкен / шағын

көкөніс, жиеміс пен ірімшікті үгуге арналған, қатты ірімшіктен басқа (мысалы, пармезан).
3-қадамда (2) немесе 4-қадамда (3) өндеу.
Айналмалы үккіш дискідегі белгі: үлкен үккіш жағы үшін «2», шағын үккіш жағы үшін «4»
Назар аударыңыз!
Айналмалы үккіш диск жаңғақтарды үгуге арналмаған. Жұмсақ ірімшікті үлкен жағымен 7-қадамда (4) үгіңіз.
Үйкелме диск – орташа

шикі картоп, қатты ірімшік
(мысалы, пармезан), суытылған шоколад пен жаңғақтарды үгуге арналған.
7-қадамда өңдеу (4).
Назар аударыңыз!
Үйкелме диск жұмсақ және тілім ірімшікті үгуге арналмаған.
Асүйлік майдалағышпен жұмыс істеу — С суреті:
■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 2 күйіне жылжытыңыз.

■ Ыдысты орнату:
Алға қарай еңкейтілген ыдысты енгізіп тіреңіз, содан кейін сағат бағытына қарсы тірелгенше бұраңыз.
■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 3 күйіне жылжытыңыз.

■ Жетектің қорғаныс қақпағын асүйлік майдалағыштың жетегінен алып тастаңыз (С-5а суреті).
■ Диск ұстағышын астыңғы шетінен ұстаңыз, ол үшін екі ұшты жоғары қарату керек.
■ Қалаулы кескіш не үккіш дискіні диск ұстағышының ұштарына мұқият орнатыңыз (С-6а суреті).
Айналмалы дискілерде қалаулы жағы жоғары қаратылғанына көз жеткізіңіз.
■ Диск ұстағышын жоғарғы шетінен ұстап, корпусқа орнатыңыз (С-6b суреті). ■ Қақпақты орнатып (белгіні қадағалаңыз), сағат бағытымен тірелгенше бұраңыз.
■ Асүйлік майдалағышты С-8 суретінде көрсетілгендей жетекке орнатып, сағат бағытымен тірелгенше бұраңыз.
■ Айналмалы ажыратқышты ұсынылған қадамға қойыңыз. ■ Өңделетін азық-түлік өнімін құйғышқа салып, жапқышпен жылжытыңыз.
Назар аударыңыз!
Туралатын өнімнің шығыс саңылауында қалуына жол берменіз.
Кеңес: Біркелкі турау нәтижесіне жету үшін жіңішке туралатын өнімді байлам бойынша өңдеңіз.
Нұсқау: Өңделетін азық-түлік өнімдері асүйлік майдалағышта бітеліп кетсе, асүйлік комбайнды өшіріңіз, ашаны розеткадан шығарыңыз, жетек тоқтағанша күтіңіз, асүйлік майдалағыштың қақпағын алып тастаңыз және құйғышты босатыңыз.
Жұмыстан кейін
■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш арқылы өшіріңіз. ■ Асүйлік майдалағышты сағат бағытына қарсы бұрап, алып тастаңыз. ■ Қақпақты сағат бағытына қарсы бұрап, алып тастаңыз. ■ Диск ұстағышын дискімен бірге алып тастаңыз. Ол үшін саусақпен астынан жетекші білікке қарсы басыңыз. ■ Бөлшектерді тазалаңыз.
(H суреті).
Араластырғыш
⚠️ Өткір пышақ / айналып тұратын жетектен жарақаттану қаупі!
Орнатылған араластырғышты ұстамаңыз! Араластырғышты тек қана бұйым жетегі тоқтап тұрғанында енгізіңіз / шығарыңыз! Араластырғышты тек жинақталған күйде және жабылған қақпақпен пайдаланыңыз.
⚠️ Күйіп қалу қаупі бар!
Ыстық араластырылатын өнімді өңдеу кезінде қақпақтағы құйғыштан бу шығады. Ең көбі 0,5 литр ыстық не көпіршіген сұйықтық толтырыңыз.
Назар аударыңыз!
Араластырғыш бұзылып кетуі мүмкін. Жақында мұздатылған ингредиенттерді (шығарылған мұз текшесі) өңдемеңіз. Араластырғышты бос күйінде қолданбаңыз.
Араластырғышпен жұмыс істеу J суреті:

■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 4 күйіне жылжытыңыз. ■ Араластырғыш жетектің қорғаныс қақпағын алып тастаңыз. ■ Араластырғыш сауытты орнатып (ұстағыштағы белгі, негізгі бұйымдағы белгі), сағат бағытына қарсы тірелгенше бұраңыз. ■ Ингредиенттерді толтырыңыз. Сұйық максимальды көлем = 1,25 литр; көпіршікті немесе ыстық сұйықтықтардың максимальды көлемі = 0,5 литр; оңтайлы өңдеу көлемі, қатты = 50 - 100 грамм; ■ Қақпақты орнатып сағат бағытына қарсы тірелгенше араластырғыш ұстағышына бұраңыз. Қақпақ енгізілуі тиіс. ■ Айналмалы ажыратқышты қалаулы қадамға қойыңыз.
Ингредиенттермен толтыру
J-8 суреті:
■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш арқылы өшіріңіз. ■ Қақпақты алып тастап, ингредиенттерді толтырыңыз
Немесе
■ Құйғышты алып тастаңыз және қатты ингредиенттерді құйғыш саңылауға біртіндеп толтырыңыз
Немесе
■ сұйық ингредиенттерді құйғыш арқылы толтырыңыз.
Жұмыстан кейін
■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш арқылы өшіріңіз. ■ Араластырғышты сағат бағытымен бұрап, алып тастаңыз.
Кеңес: Араластырғышты қолданған соң бірден тазалаңыз.
Тазалау және күту
Назар аударыңыз!
Ешбір қыра алатын тазалау бұйымдарын қолданбаңыз. Үстілердің бұзылып кетуіне апаруы мүмкін.
Негізгі бұйымды тазалау
⚠️ Ток соғу қаупі бар!
Бұйымды ешқашан су ішіне батырмаңыз және ағынды су астында ұстамаңыз. Ешқандай бу тазалағышын пайдаланбаңыз.
■ Ашаны розеткадан шығарыңыз. ■ Негізгі бұйым мен жетектің қорғаныс қақпағын ылғалды шүберекпен сүртіңіз. Қажет болса, біраз ыдыс жуғыш құрал қолданыңыз. ■ Содан кейін бұйымды құрғақтай сүртіңіз.
Ыдыс пен құралды тазалау
Ыдыс және құрал ыдыс-аяқ жуатын машинада жуу үшін жарамды. Пластик бөлшектерді ыдыс-аяқ жуатын машинада қыспаңыз, себебі шаю барысында қалдықтар пайда болуы мүмкін!
Асүйлік майдалағышты тазалау
Асүйлік майдалағыштың барлық бөлшектері ыдыс-аяқ жуатын машинада жуу үшін жарамды.
Кеңес: Мысалы, сәбіз өңдеуден кейін қалатын қызыл түнбаны кетіру үшін, шүберекке біраз өсімдік майын жағып, асүйлік майдалағышты (майдалағыш дискілерді емес) сүртіңіз. Содан кейін асүйлік майдалағышты шайыңыз.
Араластырғышты тазалау
⚠️ Өткір пышақтан жарақаттану қаупі бар!
Араластырғыш пышаққа жалаң қолмен тимеңіз.
Араластырғыш ыдысын, қақпақты және құйғышты ыдыс-аяқ жуу машинасында жууға болады.
Кеңес: Сұйықтықтарды өңдегеннен кейін әдетте араластырғышты тазалау үшін оны бұйымнан алып тастау қажет емес.
Ол үшін біраз суды жуғыш құралмен бірге орнатылған араластырғышқа құйыңыз.
Араластырғышты бірнеше секундқа қосыңыз (М қадамы). Шаюға қолданылған суды төгіп, араластырғышты таза сумен шайыңыз.
Маңызды нұсқау
Көмекші құрал дорбасын қажетінше тазалаңыз. Дорбадағы күту бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Сақтау
Бұйымды қолданбаған кезде ашаны розеткадан шығарыңыз.
Суретті қараңыз:
■ Құралдар мен майдалағыш дискілерді көмекші құрал дорбасына салыңыз. ■ Көмекші құрал дорбасын ыдыс ішінде сақтаңыз. ■ Түпнұсқа орауышта сақтау үшін L суретін қараңыз.
Ақаулықтар орын алған жағдайдағы көмек
Ақаулықты жою алдында ашаны розеткадан шығарыңыз.
MUM54.. / MUM55.. / MUM56.. / MUM58.. үшін маңызды нұсқау
Бұйымның жұмысындағы қате, электрондық сақтандырғыштардың ажыратылуы немесе бұйым бүлінуі жұмыс индикаторының жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
Айналмалы тұтқа әрбір жұмыс күйінде енгізілуі керек.
Біріншіден пайда болған мәселені төмендегі нұсқауларды қолданып шешуге тырысыңыз.
Ақаулық
Бұйым іске қосылмай тұр.
Шешім
■ Ток көзін тексеріңіз. ■ Ашаны тексеріңіз. ■ Айналмалы тұтқаны қадағалаңыз. Күйі дұрыс орнатылған ба? Енгізіліп тұр ма? ■ Араластырғыш не ыдысты тірелгенше бұрап бекітіңіз. ■ Араластырғыш қақпағын орнатып, тірелгенше бұрап бекітіңіз. ■ Жетектің қорғаныс қақпағын қолданылмаған жетекке орнатыңыз. ■ Қайта іске қосылудан қорғаныс белсенді. Бұйымды 0/off күйіне орнатыңыз да, содан кейін қалаулы қадамға қайтарыңыз.
Ақаулық
Бұйым қолдану кезінде өшіріліп қалады. Артық жүктемеден қорғаныс белсенді. Бір уақытта тым көп азық-түлік өнімдері өңделген.
Шешім
■ Бұйымды өшіріңіз. ■ Өңдеу көлемін азайтыңыз. ■ Рұқсат етілген максимальды көлемдерден («Қолдану мысалдары» мақаласын қараңыз) асырмаңыз!
Ақаулық
Жетек іске қосулы кезінде босату түймесі қате басылды. Айналмалы тұтқа жоғары қарай жылжытылды. Жетек тоқтатылған, бірақ құралды алмастыру күйінде қалмайды.
Шешім
■ Айналмалы ажыратқышты 0/off қадамына қойыңыз.
■ Айналмалы тұтқаны 1 күйіне жылжытыңыз.
■ Бұйымды қосыңыз (1 қадамы).
■ Бұйымды қайтадан өшіріңіз.
Құрал құралды алмастыру күйінде тұр.

Ақаулық
Араластырғыш жұмыс істемей бастайды немесе қолдану барысында тұрып қалады, жетек «дірілдеп» тұр. Пышақ блокталған.
Шешім
■ Бұйымды өшіріңіз және ашаны розеткадан шығарыңыз. ■ Араластырғышты алып тастаңыз және бөгетті кетіріңіз. ■ Араластырғышты қайтадан орнатыңыз. ■ Бұйымды қосыңыз.
Маңызды нұсқау
Егер ақаулықты өз бетінше жоя алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қолдану мысалдары
Шайқалған кілегей
-100 г-600 г
■ Кілегейді 1½ - 4 минут ішінде 7-қадамда (4) - кілегейдің
мөлшері мен қасиеттеріне байланысты қаққышпен өңдеңіз.

Жұмыртқа ақуызы
-1 - 8 жұмыртқа ақуызы
■ Жұмыртқа ақуызын 4 - 6 минут ішінде 7-қадамда (4) қаққышпен өңдеңіз.

Бисквит қамыры
Herizrì рецепт
-2 жұмыртқа -2-3 ас қасық ыстық су -100 г қант -1 пакет ванилин шекері -70 г ұн -70 г крахмал -қопсытқыш (қосымша)

■ Ингредиенттерді (ұн мен крахмалдан басқа) шамамен 4-6 минут ішінде 7-қадамда (4) қаққышпен көпіртіп қағыңыз.
■ Айналмалы ажыратқышты 1-қадамға (1) орнатып, еленген ұн мен крахмалды шамамен ½ - 1 минут ішінде қасықпен араластырыңыз.
Максималды мөлшер: 2 х негізгі рецепт
Кекес қамыры Herizrì рецепт

-6 жұмыртқа
-500 г қант
-1 салым тұз
-2 пакет ванилин шекері немесе
1/2 лимон қабығы
■ Жұмыртқа, қант, тұз бен ваниль шекерін немесе лимон қабығын шамамен 10 секунд ішінде 1-қадамда (1) бүлғауышпен араластырыңыз.
■ 5-қадамға (3) орнатып, шамамен 120 секунд ішінде өңдеңіз.
■ Май қосып, шамамен 60 секунд ішінде 3-қадамда (2) өңдеңіз.
■ Май мен қопсытқыш қосып, шамамен 2 минут ішінде 1-қадамда (1) өңдеңіз.
■ 3-қадамға (2) орнатып, 2 минут ішінде сүтті біртіндеп қосыңыз.
Максималды мөлшер: 1 х негізгі рецепт
Угілмелі камыр Негізгі рецепт

-125 г май (бөлме температурасы)
-100-125 г кант
-1 жұмыртқа
-1 салым түз
-кішкене лимон қабығы не ваниль шекері -250 г үн
■ Барлық ингредиенттерді шам. ½ минут ішінде 1-қадамда (1), содан кейін шам. 2-3 минут ішінде 6-қадамда (3) бүлғауышпен өндеңіз.
500 г үн:
■ Ингредиенттерді илегішпен шам. ½ минут ішінде 1-қадамда (1), содан кейін шам. 3-4 минут ішінде 3-қадамда (2) илеңіз.
Максималды мөлшер: 2 х негізгі рецепт
Ашыкты камыр Herizrì рецепт

-500 г үн
-1 жұмыртқа
-80 г май (бөлме температурасы)
-80 г кант
-200-250 мл жылы сүт
-25 г жаңа ашытқы немесе 1 пакет
-Құрғақ ашытқы
-½ лимон қабығы
-1 шымшым тұз
■ Барлық ингредиенттерді шамамен ½ минут ішінде 1-қадамда, содан кейін шамамен 3-6 минут ішінде 3-қадамда (2) илегішпен өңдеңіз.
Максималды мөлшер: 2 х негізгі рецепт
Кеспе қамыры

Herizrì рецепт
-300 г ұн
-3 жұмыртқа
-қажет болса, 1-2 ас қасық (10-20 г) субық су
■ Барлық ингредиенттерді шамамен
3-5 минут ішінде 3-қадамда (2) қамырға дейін өңдеңіз.
Максималды мөлшер: 1,5 x негізгі рецепт
Нан камыры

Herizrì рецепт
-1000 г үн
-3 пакет күрғақ ашытқы
-2 шай қасық түз
-660 мл жылы су
■ Барлық ингредиенттерді шам. ½ минут ішінде 1-қадамда, содан кейін шам. 4-5 минут ішінде 3-қадамда (2) илегішпен өндеціз.
Майонез

-2 жұмыртқа
-2 шай қасық қыша
-¼ л май
-2 ас қасық лимон шырыны не сірке
-1 салым түз
-1 салым кант
Ингредиенттер бірдей температураға не болуы тиіс.
Қоқысқа тастау
■ Ингредиенттерді (майдан басқа) бірнеше секунд ішінде 3-қадамда (2) немесе 4-қадамда (3) араластырғышта өңдеңіз. ■ Араластырғышты 7-қадамға (4) қосыңыз және майды баяу құйғыш арқылы құйып отырыңыз және майонез пайда болғанша араластыра беріңіз.
Майонезді жақын арада қолданыңыз, сақтамаңыз.
Қоқысқа тастау

Орам материалдарын қоқысқа тастаудың экологиялық ережелерін сақтаңыз. Бұл құрылғы Электрлік және электрондық құрылғылар туралы 2012/19/EU Еуропалық Директивасына сай тиісті таңбамен белгіленген (waste electrical and electronic equipment – WEEE). Бұл директива құрамында ЕО аумағында қолданылатын қолданыстан шығарылған құрылғыларды өткізу және қоқысқа тастау туралы үйғарымдар бар. Қоқысқа тастаудың нақты әдістері туралы ақпарат алу үшін сатушымен хабарласыңыз.
Кепілдік шарттары
Осы құрылғының кепілдік шарттары біздің өкіл арқылы құрылғы сатылатын елде анықталады. Осы шарттарға қатысты толық мәліметтерді құрылғыны сатып алған делдалдан білуге болады. Есеп-шот немесе түбіртек осы кепілдік шарттары бойынша шағымданғанда көрсетіледі.
Өзгерістер сақталды.
Арнайы жабдықтар
| MUZ5ZP1Шырын сыкқыш | Апельсин, лимон және грейпфрутты сығуға арналған. | |
| MUZ5CC1Текшелеп турағыш машина | Жеміс пен көкөністі бірдей текшелермен турауға арналған | |
| MUZ5FW1Еттартқыш | Тартар не үнтақталған ет үшін жас етті турауға арналған. | |
| MUZ45LS1Саңылаулы диск жиынышағын (3 мм), үлкен (6 мм) | MUZ5FW1 еттартқышына арналған.Паштет және нанға жағылатын өнім үшін кіші, пісірілген шұжық және шпик үшін үлкен. | |
| MUZ45SV1Печенье қондырғысы | MUZ5FW1 еттартқышына арналған.4 әртүрлі печенье пішініне арналған металл үлгілері бар. | |
| MUZ45RV1Уккіш қондырғысы | MUZ5FW1 еттартқышына арналған.Жаңғақ, бадам, шоколад және кептірілген бөлке нанды үгуге арналған. | |
| MUZ45FV1Шырын сыкқыш қондырғысы | MUZ5FW1 еттартқышына арналған.Езбе үшін таңқурай, қызанақ және итмұрыннан басқа жидектердің шырынын сығуға арналған. Соным қатар, мысалы, қарақатты автоматты түрде тазалауға болады. | |
![]() | MUZ45PS1Фри дискісі | MUZ5DS1 асүйлік майдалағышына арналған.Шикі картопты фри үшін турауға арналған. |
![]() | MUZ45AG1Азиялық көкөніс дискісі | MUZ5DS1 асүйлік майдалағышына арналған.Азиялық көкөніс тағамдары үшін жеміс пен көкөністі шағын тілімдермен турайды. |
![]() | MUZ45RS1Улкен үйкелмедиск | MUZ5DS1 асүйлік майдалағышына арналған.Шикі картопты, мысалы, картоп құймағы недомбай үшін үгуге арналған. |
![]() | MUZ45KP1Картоп құймағыныңдискісі | MUZ5DS1 асүйлік майдалағышына арналған.Құймақ пен картоп құймағы үшін шикі картопты үгу, көкөніс пен жидекті қалың дискімен турауға арналған. |
| MUZ5ER2Тот баспайтынболаттанараластырғышыдыс | Ыдыс ішінде 750 г үн мен ингредиенттердіөндеуге болады. | |
| MUZ5KR1Пластикараластырғышыдыс | Ыдыс ішінде 750 г үн мен ингредиенттердіөндеуге болады. | |
| MUZ5MX1Пластикараластырғышкондырғысы | Сусындарды араластыру, жидек пен көкөністі даярлау, майонез дайындау, жидек пен жаңғақтарды майдалау, мүз текшелерін ұсатуға арналған. | |
| MUZ5MM1Мультиараластырғыш | Дәмдеуіштер, көкөніс, алма мен етті кесу, картоп, шомыр мен ірімшікті үгу, жаңғақ пен суытылған шоколадты үгуге арналған. |
Қосалқы бөлшек жеткізілім бумасында болмаған жағдайда, оған сауда орны не қызмет көрсету орталығынан тапсырыс беруге болады.






.










