MUM58234 - ас үй роботы BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз MUM58234 BOSCH PDF форматында.

BOSCH MUM58234 - ас үй роботы
📄 263 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice BOSCH MUM58234 - page 223
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Көп функционалды ас үй роботы
Бренд Bosch
Модель MUM58234
Қуат 800 Вт
Ыдыс сыйымдылығы 3,9 л (тотықпайтын болат ыдыс)
Өлшемдері (Ұ x Т x Б) 28 x 28 x 30 см
Салмағы 6,0 кг
Қоректену 220-240 В, 50/60 Гц
Жылдамдықтар саны 7 жылдамдық + импульс
Негізгі функциялар Илеу, араластыру, шайқау, турау, араластырғыш, үккіштен өткізу (қосымшаларға байланысты)
Қосымша жабдықтар Шайқағыш, илеу ілгегі, ұрғыш, 1,5 л араластырғыш, турау пышағы, шырын сыққыш
Қауіпсіздік жүйесі Шамадан тыс жүктеме кезінде автоматты тоқтау, бұрылмалы қолдың қауіпсіздік бекіткіші
Күтім және тазалау Ыдыс жуғыш машинада жууға болатын алынбалы бөлшектер (ыдыс, шайқағыш, ілгек, ұрғыш, араластырғыш)
Сақтау Негізде қосымша жабдықтарға арналған кіріктірілген сақтау бөлімі
Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі Bosch Home & Garden сайтында немесе сатудан кейінгі қызметте қолжетімді
Кепілдік 2 жыл (заңнамаға сәйкес)
Түсі Ақ / Тотықпайтын болат (нұсқаға байланысты)

Жиі қойылатын сұрақтар - MUM58234 BOSCH

Bosch MUM58234 роботын нан қамырын дайындау үшін қалай қолдануға болады?
Илеу ілгегін ыдысқа салыңыз, құрғақ ингредиенттерді, содан кейін сұйықтарды қосыңыз және 1-2 жылдамдықты таңдаңыз. Біртекті қамыр алынғанша 5-8 минут илеңіз. Қозғалтқышты қызып кетпеу үшін 3-жылдамдықтан асырмаңыз.
Тотықпайтын болат ыдысты ыдыс жуғыш машинада жууға бола ма?
Иә, тотықпайтын болат ыдыс, шайқағыш, илеу ілгегі және ұрғыш ыдыс жуғыш машинада жууға болады. Жуу алдында резеңке тығыздағыштарды алыңыз.
Робот пайдалану кезінде кенеттен тоқтап қалса, не істеу керек?
Бұл шамадан тыс жүктемеге немесе ұзақ пайдалануға байланысты болуы мүмкін. Құрылғыны 15-20 минут бойы салқындатыңыз. Ыдыстың максималды сыйымдылығынан (3,9 л) асып кетпегеніңізді тексеріңіз.
1,5 л араластырғышты (блендер) қалай тазалау керек?
Араластырғышты бөлшектеңіз және пайдаланғаннан кейін бірден шайыңыз. Шыны немесе пластик бөлшектер (қозғалтқыштан басқа) ыдыс жуғыш машинада жуылады. Терең тазалау үшін жұмсақ щетканы қолданыңыз.
MUM58234 роботы басқа Bosch модельдерінің қосымша жабдықтарымен үйлесімді ме?
Иә, MUM5 сериясының көптеген қосымша жабдықтары үйлесімді (мысалы, ет тартқыш, көкөніс үккіші). Қосымша жабдықтар тізімін Bosch сайтынан тексеріңіз.
Bosch MUM58234 роботында жылдамдықты қалай реттеуге болады?
Бүйірдегі айналмалы селекторды пайдаланыңыз. 1-3 жылдамдықтар нәзік дайындықтарға (крем, жұмыртқа), 4-7 жылдамдықтар қамыр және қою қоспаларға арналған. “Импульс” (Pulse) позициясы қысқа қуат береді.
Роботпен жаңғақтар немесе шөптерді турауға бола ма?
Иә, турау қосымшасын (кішкене ыдыс пышақпен) пайдаланыңыз. Тағамдарды аз мөлшерде қосып, импульс режимінде іске қосыңыз. Тым қатты тағамдарды (сүйектер, дәнектер) турамаңыз.
Бұрылмалы қол бекітілмесе, не істеу керек?
Ыдыстың дұрыс бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Шерткен дыбыс естілгенше қолды төмен басыңыз. Егер мәселе шешілмесе, механизмде қалдықтардың жоқтығын тексеріңіз.
Берілген шырын сыққышты қалай пайдалануға болады?
Шырын сыққышты роботтың қолына орнатыңыз. Цитрусты екіге бөліп, айналмалы конусқа қысыңыз. Шырын тікелей ыдысқа ағады. Жақсы нәтиже үшін 2-жылдамдықты пайдаланыңыз.
MUM58234 үшін қосалқы бөлшектерді қайдан табуға болады?
Қосалқы бөлшектер (ыдыс, шайқағыштар, пышақтар, тығыздағыш) Bosch Home & Garden ресми сайтында немесе уәкілетті сатушылардан қолжетімді. Үйлесімді бөлшектерді анықтау үшін модель нөмірін пайдаланыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы MUM58234 BOSCH

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ас үй роботы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз MUM58234 - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. MUM58234 брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ MUM58234 BOSCH

Пайдалану нұсқаулығы

Bosch фирмасының жаңа бұйымын сатып алғаныңызбен құттықтаймыз.

Біздің бұйымдарымыз туралы қосымша мәліметтерді веб-сайтымыздан таба аласыз.

Мазмұны

Қауіпсіздік шаралары223
Қауіпсіздік жүйесі226
Жалпы мәліметтер226
Жұмыс күйлері227
Қолдану228
Тазалау және күту232
Сақтау232
Ақаулықтар орын алған жағдайдағы көмек233
Қолдану мысалдары233
Қоқыска тастау235
Кепілдік шарттары235
Арнайы жабдықтар236

Қауіпсіздік шаралары

Бұл бұйым үшін маңызды қауіпсіздік және қолдану нұсқауларын алу үшін осы қолдану туралы нұсқаулығын толығымен мұқият оқып шығыңыз. Бұйымды лайықты түрде қолдану туралы нұсқауларға сай әрекет етілмегенде осы әрекеттерден шығатын шығындар үшін өндіруші тарапынан кепілдік берілмейді.

Бұл бұйым тұрмыстық жағдайларда азық-түлік өнімдерінің тұрмыстық көлемдерде немесе тұрмыстық жағдайларға ұқсас бейкоммерциялық мақсаттарда өңдеу үшін арналған.

Тұрмыстық жағдайларға ұқсас қолдану қатарына, мысалы, бұйымды дүкендер, кеңселер, ауылшаруашылық және басқа коммерциялық өндірістердегі қызметкерлер асханаларында қолдану немесе пансиондарда, шағын қонақ үйлерде немесе осыларға ұқсас жерлерде қолдану жатады. Бұйымды тек тұрмыстық көлемдер мен уақыттарда өңдеу үшін қолданыңыз.

Рұқсат етілген максимальды көлемдерден («Қолдану мысалдары» мақаласын қараңыз) асырмаңыз!

Бұл бұйым азық-түлік өнімдерін араластыру, илеу және қағуға арналған. Оны басқа нәрселерді немесе заттарды өңдеу үшін қолдануға болмайды. Өндіруші рұқсат еткен көмекші құралдарды қолданған кезде көбірек әрекеттер орындауға болады. Бұйымды тек қана түпнұсқалық көмекші құралдармен бірге қолданыңыз.

Көмекші құралдарды қолданған кезде онымен бірге берілген қолдану туралы нұсқаулықты ұстаныңыз.

Қолдану туралы нұсқаулықты сақтап қойыңыз. Бұйымды басқа адамдарға бергеніңізде онымен бірге қолдану туралы нұсқаулықты да беріңіз.

Жалпы қауіпсіздік нұсқаулары

⚠ Тоқ соғу қаупі бар!

Бұл бұйымды балаларға қолдануға беруге болмайды.

Бұйымды және оның кабелін балалардан алшақ жерде сақтау керек. Бұл бұйымдар дене, сезім және ақыл-ой қабілеттері шектеулі, сонымен бірге тәжірибесі және білімі жеткіліксіз адамдар тарапынан тек бақылау астында болғандарында, немесе бұйымды қауіпсіз түрде қолдану бойынша мәліметтерін өздеріне жауапты тұлғалардан алып, осы бұйымды қолданудан пайда бола алатын қауіптерді түсінгендерінде ғана қолданыла алады.

Балаларға осы бұйыммен ойнауға рұқсат етпеңіз.

Бұйымды қадағалаусыз қолданбаңыз.

Бұйымды тек қана фирмалық тақтайшада көрсетілген мәліметтері бойынша іске қосып қолданыңыз. Тек қана жабық бөлмелерде қолдануға арналған.

Егер бұйым немесе оның қуат сымы зақымдалса, оны пайдаланбаңыз.

Жұмыс істетілген көмекші құрал не қосалқы бөлшектерді алмастыру алдында, бұйымды өшіріп, желіден ажырату керек.

Бұйымды, оны бақылаусыз қалдырғаныңызда, құрастырып орнатқаныңызда, бөлшектегеніңізде немесе тазалағаныңызда әрқашан желіден ажыратыңыз.

Бұйым кабелін өткір немесе ыстық жерлер арқылы тартпаңыз.

Осы бұйымның кабелі бұзылып зақымданған күйде болса, қауіптердің пайда болуын болдырмау үшін, оның өндіруші немесе техникалық қызмет көрсету орталығының маманы арқылы, немесе осыларға ұқсас арнайы білімі бар адам тарапынан ауыстырылуы қажет. Бұйымды жөндеу жұмыстары тек қана техникалық қызмет көрсету орталығының маманы арқылы өткізілуі қажет.

Бұл бұйымға арналған қауіпсіздік нұсқаулары

⚠️ Ток соғу қаупі бар!

Желі ашасын тек бұйыммен жұмыс істеу үшін қажетті әрекеттер өткізіліп және өнімдер мен заттар дайындалып қойылғанда ғана электр розеткасына жалғаңыз.

Негізгі бұйымды ешқашан сұйықтық ішіне батырмаңыз және ағынды су астында ұстамаңыз. Ешқандай бу тазалағышын пайдаланбаңыз.

Бұйым қосулы болған кезде, айналмалы тұтқаны реттемеңіз.

Жетек толығымен тоқтағанша күтіңіз. Құралды / көмекші құралды жетек тоқтатылған күйінде болғанда ғана алмастырыңыз – жетек өшірілгеннен кейін біраз уақыт жұмыс істеп тұрады.

Бұйымды тек қана айналмалы ажыратқыш арқылы қосып өшіріңіз. Бұйымды қолданбаған кезде ашаны розеткадан шығарыңыз. Ақаулықты жою алдында ашаны розеткадан шығарыңыз.

⚠️ Айналмалы құралдан жарақаттану қаупі бар!

Айналып тұратын бөлшектерін ұстамаңыз. Қолдану барысында ыдысты ұстамаңыз. Тек жабылған қақпақпен жұмыс істеңіз!

Құралды / көмекші құралды жетек тоқтатылған күйінде болғанда ғана алмастырыңыз – жетек өшірілгеннен кейін біраз уақыт жұмыс істеп тұрады және құралды алмастыру күйінде тұрады.

Айналмалы тұтқаны алдымен құралдың бос жүріс күйіне жылжытыңыз.

Қауіпсіздік себептеріне байланысты бұйымды қолданылмаған жетек қорғаныс қақпағымен жабылған кезде ғана жұмыс істетуге болады.

Асүйлік майдалағышты тек қана бұйым жетегі тоқтап тұрғанында және кабелі электр розеткасынан шығарылғанында енгізіңіз / шығарыңыз. Құйғыш ішіне қолыңызды салмаңыз.

⚠️ Өткір пышақтан жарақаттану қаупі бар!

Майдалағыш дискінің өткір пышақтары мен жиектерін ұстамаңыз. Майдалағыш дискілерге тек бүйірінен қол тигізіңіз! Араластырғыш пышаққа жалаң қолмен тимеңіз.

⚠️ Өткір пышақ / айналып тұратын жетектен жарақаттану қаупі!

Орнатылған араластырғышты ұстамаңыз! Араластырғышты тек қана бұйым жетегі тоқтап тұрғанында енгізіңіз / шығарыңыз!

Араластырғышты тек жинақталған күйде және жабылған қақпақпен пайдаланыңыз.

⚠️ Күйіп қалу қаупі бар!

Ыстық араластырылатын өнімді өңдеу кезінде қақпақтағы құйғыштан бу шығады. Ең көбі 0,5 литр ыстық не көпіршіген сұйықтық толтырыңыз.

⚠️ Маңызды!

Бұйымды тек қана түпнұсқалық көмекші құралдармен бірге қолданыңыз. Көмекші құралдарды қолданған кезде онымен бірге берілген қолдану туралы нұсқаулықты ұстаныңыз.

Бір уақытта тек бір құрал не көмекші құрал қолданыңыз.

⚠️ Құрылғы не көмекші құралдағы белгілердің түсіндірмесі

BOSCH MUM58234 - ⚠️ Құрылғы не көмекші құралдағы белгілердің түсіндірмесі - 1

Қолдану туралы нұсқаулықтағы нұсқауларды орындаңыз.

BOSCH MUM58234 - ⚠️ Құрылғы не көмекші құралдағы белгілердің түсіндірмесі - 2

Абай болыңыз! Айналмалы пышақ.

BOSCH MUM58234 - ⚠️ Құрылғы не көмекші құралдағы белгілердің түсіндірмесі - 3

Абай болыңыз! Айналмалы құрал. Толтыру саңылауын ұстамаңыз.

Қауіпсіздік жүйесі

Кенет іске қосылудан қорғаныс

«Жұмыс күйлері» кестесін қараңыз.

Бұйымды тек қана 1 және 3 күйлерінде қосуға болады:

■ ыдыс (11) орнатылғанда және тірелгенше бұралған кезде және ■ араластырғыш жетегінің қорғаныс қақпағы (8) жабылған кезде.

Қайта іске қосылудан қорғаныс

Ток қуаты үзілген кезде бұйым қосулы күйінде қалады, алайда қозғалтқыш жұмыс істемей қалады. Қайта іске қосу үшін айналмалы ажыратқышты 0/off күйіне бұрап қосыңыз.

Артық жүктемеден қорғаныс

Егер жұмыс барысында қозғалтқыш өздігінен тоқтап қалса, артық жүктемеден қорғаныс іске қосылады. Бұл жағдайдың ықтимал себебі - азық-түлік өнімдерінің үлкен мөлшерлерін өңдеу.

Қауіпсіздік жүйелерінің іске қосылғанында әрекеттер туралы «Ақаулықтар орын алған жағдайдағы көмек» мақаласын қараңыз.

Колдану нұсқаулығында түрлі үлгілерге сипаттама беріледі, үлгі шолуын да қараңыз (М суреті). Бұйым күтуді қажет етпейді.

Жалпы мәліметтер

Беттік жағынан жайып ашыңыз.

A cypeti:

Негізгі бүйым

1 Босату түймесі 2 Айналмалы тұтқа

Тұтқаның жоғары қарай жылжуына қолдау көрсетуге арналған «Easy Armlift» функциясы («Жұмыс күйлері» мақаласын қараңыз).

3 Айнамалы ажыратқыш

Өшірілгеннен кейін («0/off» күйі) бүйым құралды алмастыру үшін автоматты түрде оңтайлы күйде жұмыс істейді.

MUM52..:

0/off = тоқтату

М = жоғарырақ айналу жылдамдығына арналған жедел ауыстыру, ажыратқышты қалаулы араластыру ұзақтығы үшін ұстап тұрыңыз.

1-4 қадамы, жұмыс жылдамдығы: 1 = төмен айналу жылдамдығы – баяу, 4 = жоғары айналу жылдамдығы – жылдам.

MUM54.. / MUM55.. / MUM56.. /

MUM58..:

0/off = тоқтату

М = жоғарырақ айналу жылдамдығына арналған жедел ауыстыру, ажыратқышты қалаулы араластыру ұзақтығы үшін ұстап тұрыңыз.

1-7 қадамы, жұмыс жылдамдығы: 1 = төмен айналу жылдамдығы – баяу, 7 = жоғары айналу жылдамдығы – жылдам.

4 Жұмыс индикаторы

(MUM54.. / 55.. / 56.. / 58..)

Жұмыс барысында жанады (айналмалы ажыратқыш М немесе 1-7 күйінде). Бұйым жұмысында қателер орын алғанда, электрондық сақтандырғыш ажыратылғанда және бұйым бүлінген жағдайда жыпылықтайды, «Ақаулықтар орын алған жағдайдағы көмек» мақаласын қараңыз.

5 Жетектің қорғаныс қақпағы

Жетектің қорғаныс қақпағын алып тастау үшін, артқы жағын басып, қақпақты алып тастаңыз.

6 Жетек:

– асүйлік майдалағыш және – шырын сыққыш (арнайы жабдық*). Бұйымды қолданбаған кезде жетектің қорғаныс қақпағын орнатыңыз.

7 Құралға арналған жетек

(бұлғауыш, қаққыш, илегіш) және ерттартқыш (арнайы жабдық*)

8 Араластырғыш жетегінің қорғаныс қақпағы

9 Араластырғышқа арналған жетек (арнайы жабдық*)

Колданылмаған кезде араластырғыш жетегінің қорғаныс қақпағын орнатыңыз.

Кабельді орган арналған бөлмеге қойыңыз

MUM55.. / MUM56..:

Кабельді автоматты орауыш күрал

Көмекші құралы бар ыдыс

11 Тот баспайтын болаттан араластырғыш ыдыс

12 Какпак

Куралдар

13 Булғауыш

14 Каккыш

16 Көмекші күрал дорбасы

Күралдар мен майдалағыш дискілерді сақтауға арналған.

Асүйлік майдалағыш

17 Итергіш

19 Майдалағыш дискілер

а Айналмалы кескіш диск – қалың / жіңішке b Айналмалы уккіш диск – үлкен / шағын с Үйкелме диск – орташа

20 Диск ұстағышы

21 Шығыс саңылауы бар корпус

Араластырғыш*

22 Араластырғыш сауыт

23 Қақпақ

24 Құйғыш

* Косалқы бөлшек жеткізілім бумасында болмаған жағдайда, оған сауда орны мен қызмет көрсету орталығынан тапсырыс беруге болады.

Жұмыс күйлері

B суреті:

Назар аударыңыз!

Бұйымды тек құрал / көмекші құрал осы кестеге сай дұрыс жетекте және дұрыс күйде қолданылған кезде және жұмыс күйінде болғанда ғана қолданыңыз. Айналмалы тұтқа әрбір жұмыс күйінде енгізілуі керек.

Нұсқау

Айналмалы тұтқа «Easy Armlift» функциясымен жабдықталған, ол айналмалы тұтқаның жылжуына қолдау көрсетеді.

Жұмыс күйін реттеу:

■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны жылжытыңыз. Жылжуды бір қолмен орындаңыз. ■ Айналмалы тұтқаны тірелгенше қалаулы күйге жылжытыңыз.

Күй Жетек MUM52.. MUM
54/55/56/58..
1BOSCH MUM58234 - Жұмыс күйін реттеу: - 17BOSCH MUM58234 - Жұмыс күйін реттеу: - 2BOSCH MUM58234 - Жұмыс күйін реттеу: - 31-4 1-7
BOSCH MUM58234 - Жұмыс күйін реттеу: - 41-4 1-7
BOSCH MUM58234 - Жұмыс күйін реттеу: - 51-2 1-3
2BOSCH MUM58234 - Жұмыс күйін реттеу: - 67BOSCH MUM58234 - Жұмыс күйін реттеу: - 7 -
3BOSCH MUM58234 - Жұмыс күйін реттеу: - 86BOSCH MUM58234 - Жұмыс күйін реттеу: - 9BOSCH MUM58234 - Жұмыс күйін реттеу: - 102-4 3-7
BOSCH MUM58234 - Жұмыс күйін реттеу: - 112-3 3-5
4BOSCH MUM58234 - Жұмыс күйін реттеу: - 129BOSCH MUM58234 - Жұмыс күйін реттеу: - 13BOSCH MUM58234 - Жұмыс күйін реттеу: - 14
7BOSCH MUM58234 - Жұмыс күйін реттеу: - 153-4 5-7

* Қаққыш, бұлғауыш, илегішті орнату / алып тастау; үлкен өңделетін көлемдерді қосу.

Қолдану

Желі ашасын тек бұйыммен жұмыс істеу үшін қажетті әрекеттер өткізіліп және өнімдер мен заттар дайындалып қойылғанда ғана электр розеткасына жалғаңыз.

Назар аударыңыз!

Бұйымды тек көмекші құрал / құралмен жұмыс күйінде қолданыңыз. Бұйымды бос күйінде қолданбаңыз. Бұйым мен қосалқы бөлшектерге жылу көздерін түсірмеңіз. Бөлшектер микротолқынды пештерге арналмаған.

■ Бұйымды және көмекші құралдарды алғаш рет қолдану алдында жақсылап тазалап алыңыз, «Тазалау және күту» тарауын оқыңыз.

Маңызды нұсқау

Бұл қолдану туралы нұсқаулықта 7 қадамдық айналмалы ажыратқышы бар бұйымдардағы жұмыс жылдамдығы бойынша ұсынылатын шамалы мәндер келтірілген. 4 қадамдық айналмалы ажыратқышы бар бұйымдар үшін мәндер тиісінше арттағы жақшаларда берілген. Бұл қолдану туралы нұсқаулықта құрал не көмекші құралды қолданған кезде бұйымдардың жұмыс жылдамдығы бойынша шамалы мәндермен затбелгі берілген. Біз осы затбелгіні бұйымға жапсыруды ұсынамыз (с суреті).

Дайындау

■ Негізгі бұйымды тегіс және таза бетке қойыңыз.

■ Кабельді шығарыңыз (D суреті).

MUM52.. / MUM54.. / MUM58..

Кабель бөлімі:

Кабельді қалаулы ұзындыққа дейін шығарыңыз.

MUM55.. / MUM56..

Кабельді автоматты орауыш құралы:

Кабельді қалаулы ұзындыққа дейін (макс. 100 см) шығарып, баяу босатыңыз; кабель токтатылады.

Кабельдің жұмыс ұзындығын азайту үшін: кабельді сәл тартып, қалаулы ұзындыққа дейін жайыңыз. Содан кейін кабельді қайтадан тартып, баяу босатыңыз; кабель токтатылады.

Назар аударыңыз!

Кабельді салған кезде айналдырмаңыз. Кабельді автоматты орауыш құралы бар бұйымдарда кабельді қолмен салмаңыз. Кабель қысылған кезде, оны толығымен шығарып, жайылуына мүмкіндік беріңіз.

■ Ашаны розеткаға қосыңыз.

Қолдану барысында ыдысты ұстамаңыз. Тек жабылған қақпақпен (12) жұмыс істеңіз!

BOSCH MUM58234 - Кабельді салған кезде айналдырмаңыз. Кабельді автоматты орауыш құралы бар бұйымдарда кабельді қолмен салмаңыз. Кабель қысылған кезде, оны толығымен шығарып, жайылуына мүмкіндік беріңіз. - 1

Құралды / көмекші құралды жетек тоқтатылған күйінде болғанда ғана алмастырыңыз – жетек өшірілгеннен кейін біраз уақыт жұмыс істеп тұрады және құралды алмастыру күйінде тұрады. Айналмалы тұтқаны алдымен құралдың бос жүріс күйіне жылжытыңыз.

Қауіпсіздік себептеріне байланысты бұйымды қолданылмаған жетек қорғаныс қақпағымен (5, 8) жабылған кезде ғана жұмыс істетуге болады.

Назар аударыңыз!

Ыдысты тек осы бұйыммен жұмыс істеген кезде ғана қолданыңыз.

Бұлғауыш (13)

камырды бұлғауға арналған, мысалы, кекс қамыры

камырды булғауға арналған, мысалы, кекс қамыры

Каккыш (14)

жұмыртқа ақуызын, кілегейді қағу және жеңіл қамырды бұлғауға арналған, мысалы, бисквит қамыры

Илегіш (15)

ауыр қамырды илеу және майдаланбайтын ингредиенттерді араластыруға арналған (мысалы, жүзім, шоколад жоңқасы)

BOSCH MUM58234 - Илегіш (15) - 1

BOSCH MUM58234 - Илегіш (15) - 2

BOSCH MUM58234 - Илегіш (15) - 3

Ыдыспен және құралмен жұмыс істеу ☒ суреті:

■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 2 күйіне жылжытыңыз.

BOSCH MUM58234 - Ыдыспен және құралмен жұмыс істеу ☒ суреті: - 1

■ Ыдысты орнату:

Алға қарай еңкейтілген ыдысты енгізіп тіреңіз, содан кейін сағат бағытына қарсы тірелгенше бұраңыз.

■ Өңдеу тапсырмасына байланысты бұлғауыш, қаққыш не илегішті жетекке тірелгенше енгізіңіз.

Нұсқау:

Илегіш жағдайында қамыр жапқышты илегіш енгізілгенше бұраңыз

(Ε-4b суреті).

■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 1 күйіне жылжытыңыз.

BOSCH MUM58234 - (Ε-4b суреті). - 1

■ Қақпақты орнатыңыз.

■ Айналмалы ажыратқышты қалаулы қадамға қойыңыз.

Біздің ұсыныс:

- Булғауыш:

алдымен 1-қадамда араластырып (1), содан кейін 7-қадамды (4) таңдаңыз

- Қаққыш:

7-қадам (4), 1-қадамда араластырыңыз (1)

- Илегіш:

алдымен 1-қадамда араластырып (1), 3-қадамда қағыңыз (2)

Ингредиенттермен толтыру

■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш арқылы өшіріңіз.

■ Ингредиенттерді қақпақтағы құйғыш арқылы толтырыңыз.

Немесе

■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 2 күйіне жылжытыңыз.

■ Ингредиенттерді толтырыңыз.

BOSCH MUM58234 - Немесе - 1

Жұмыстан кейін

■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш арқылы өшіріңіз. ■ Ашаны розеткадан шығарыңыз. ■ Қақпақты алып тастаңыз. ■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 2 күйіне жылжытыңыз.

■ Куралды жетектен шығарыңыз. ■ Ыдысты алып тастаңыз. ■ Барлық бөлшектерді тазалаңыз, «Тазалау және күту» тарауын оқыңыз.

Асүйлік майдалағыш

Майдалағыш дискінің өткір пышақтары мен жиектерін ұстамаңыз.

Майдалағыш дискілерге тек бүйірінен қол тигізіңіз!

Асүйлік майдалағышты тек қана бұйым жетегі тоқтап тұрғанында және кабелі электр розеткасынан шығарылғанында енгізіңіз / шығарыңыз.

Күйғыш ішіне қолыңызды салмаңыз.

Назар аударыңыз!

Асүйлік майдалағышты тек толығымен жинақталған күйінде қолданыңыз. Асүйлік майдалағышты ешқашан негізгі бұйымға құрастырмаңыз. Асүйлік майдалағышты тек құрастырылған жұмыс күйінде қолданыңыз.

Артық жүктемеден қорғау

F cypeti:

Асүйлік майдалағышқа артық жүктеме түсіруден бұйымның ауыр зақымдануын болдырмау үшін, асүйлік майдалағыштың жетекші білігінде кертік (бағдарламаланған бұзылу орны) бар.

Артық жүктеме түскен жағдайда жетекші білік осы жерден бұзылады. Жетекші білігі бар жаңа диск ұстағышы қызмет көрсету орталығында қолжетімді.

BOSCH MUM58234 - F cypeti: - 1

Айналмалы кескіш диск – қалың / жіңішке

BOSCH MUM58234 - Айналмалы кескіш диск – қалың / жіңішке - 1

жеміс пен көкөністі турауға арналған.

5-қадамда өңдеу (3).

Айналмалы кескіш дискідегі белгі: қалың кескіш жағы үшін «1», жіңішке кескіш жағы үшін «3»

Назар аударыңыз!

Айналмалы кескіш диск қатты ірімшік, нан, бөлке нан мен шоколадты турауға арналмаған. Пісірілген, қатты пісірілген картопты тек суық күйінде тураңыз.

Айналмалы үккіш диск – үлкен / шағын

BOSCH MUM58234 - Айналмалы үккіш диск – үлкен / шағын - 1

көкөніс, жеміс пен ірімшікті үгуге арналған, қатты ірімшіктен басқа (мысалы, пармезан).

3-қадамда (2) немесе 4-қадамда (3) өңдеу.

Айналмалы үккіш дискідегі белгі: үлкен үккіш жағы үшін «2» шағын үккіш жағы үшін «4»

Назар аударыңыз!

Айналмалы үккіш диск жаңғақтарды үгуге арналмаған. Жұмсақ ірімшікті үлкен жағымен 7-қадамда (4) үгіңіз.

Үккіш диск – орташа

BOSCH MUM58234 - Үккіш диск – орташа - 1

шикі картоп, қатты ірімшік (мысалы, пармезан), суытылған шоколад пен жаңғақтарды үгуге арналған.

7-қадамда өңдеу (4).

Назар аударыңыз!

Үккіш диск жұмсақ және тілім ірімшікті үгуге арналмаған.

Асүйлік майдалағышпен жұмыс істеу © суреті:

■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 2 күйіне жылжытыңыз.

BOSCH MUM58234 - Асүйлік майдалағышпен жұмыс істеу © суреті: - 1

■ Ыдысты орнату: Алға қарай еңкейтілген ыдысты енгізіп тіреңіз, содан кейін сағат бағытына қарсы тірелгенше бұраңыз.

■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 3 күйіне жылжытыңыз.

BOSCH MUM58234 - Асүйлік майдалағышпен жұмыс істеу © суреті: - 2

■ Жетектің қорғаныс қақпағын асүйлік майдалағыштың жетегінен алып тастаңыз (Є-5а суреті). ■ Диск ұстағышын астыңғы шетінен ұстаңыз, ол үшін екі ұшты жоғары қарату керек. ■ Қалаулы кескіш не үккіш дискіні диск ұстағышының ұштарына мұқият орнатыңыз (Є-6а суреті).

Айналмалы дискілерде қалаулы жағы жоғары қаратылғанына көз жеткізіңіз.

■ Диск ұстағышын жоғарғы шетінен ұстап, корпусқа орнатыңыз (G-6b суреті). ■ Қақпақты орнатып (белгіні қадағалаңыз) сағат бағытымен тірелгенше бұраңыз.

■ Асүйлік майдалағышты G-8 суретінде көрсетілгендей жетекке орнатып, сағат бағытымен тірелгенше бұраңыз.

■ Айналмалы ажыратқышты ұсынылған қадамға қойыңыз. ■ Өңделетін азық-түлік өнімін құйғышқа салып, жапқышпен жылжытыңыз.

Назар аударыңыз!

Туралатын өнімнің шығыс саңылауында қалуына жол бермеңіз.

Кеңес: Біркелкі турау нәтижесіне жету үшін жіңішке туралатын өнімді байлам бойынша өңдеңіз.

Нұсқау: Өңделетін азық-түлік өнімдері асүйлік майдалағышта бітеліп кетсе, асүйлік комбайнды өшіріңіз, ашаны розеткадан шығарыңыз, жетек тоқтағанша күтіңіз, асүйлік майдалағыштың қақпағын алып тастаңыз және құйғышты босатыңыз.

Жұмыстан кейін

■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш арқылы өшіріңіз. ■ Асүйлік майдалағышты сағат бағытына қарсы бұрап, алып тастаңыз. ■ Қақпақты сағат бағытына қарсы бұрап, алып тастаңыз. ■ Диск ұстағышын дискімен бірге алып тастаңыз. Ол үшін саусақпен астынан жетекші білікке қарсы басыңыз (Н суреті).

■ Бөлшектерді тазалаңыз.

Араластырғыш

⚠️ Өткір пышақ / айналып тұратын жетектен жарақаттану қаупі!

Орнатылған араластырғышты ұстамаңыз! Араластырғышты тек қана бұйым жетегі тоқтап тұрғанында енгізіңіз / шығарыңыз! Араластырғышты тек жинақталған күйде және жабылған қақпақпен пайдаланыңыз.

⚠️ Күйіп қалу қаупі бар!

Ыстық араластырылатын өнімді өңдеу кезінде қақпақтағы құйғыштан бу шығады. Ең көбі 0,5 литр ыстық не көпіршіген сұйықтық толтырыңыз.

Назар аударыңыз!

Араластырғыш бұзылып кетуі мүмкін. Жақында мұздатылған ингредиенттерді (шығарылған мұз текшесі) өңдемеңіз. Араластырғышты бос күйінде қолданбаңыз.

Араластырғышпен жұмыс істеу J суреті:

■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 4 күйіне жылжытыңыз. ■ Араластырғыш жетектің қорғаныс қақпағын алып тастаңыз. ■ Араластырғыш сауытты орнатып (ұстағыштағы белгі, негізгі бұйымдағы белгі), сағат бағытына қарсы тірелгенше бұраңыз. ■ Ингредиенттерді толтырыңыз. Сұйық максималды көлемі = 1,25 литр; көпіршікті немесе ыстық сұйықтықтардың максималды көлемі = 0,5 литр; оңтайлы өңдеу көлемі, қатты = 50 - 100 грамм; ■ Қақпақты орнатып сағат бағытына қарсы тірелгенше араластырғыш ұстағышына бұраңыз. Қақпақ енгізілуі тиіс. ■ Айналмалы ажыратқышты қалаулы қадамға қойыңыз.

BOSCH MUM58234 - Араластырғышпен жұмыс істеу J суреті: - 1

Ингредиенттермен толтыру J-8 суреті:

■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш арқылы өшіріңіз. ■ Қақпақты алып тастап, ингредиенттерді толтырыңыз

Немесе

■ Құйғышты алып тастаңыз және қатты ингредиенттерді құйғыш саңылауға біртіндеп толтырыңыз

Немесе

■ Сұйық ингредиенттерді құйғыш арқылы толтырыңыз.

Жұмыстан кейін

■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш арқылы өшіріңіз. ■ Араластырғышты сағат бағытымен бұрап, алып тастаңыз.

Кеңес: Араластырғышты қолданған соң бірден тазалаңыз.

Тазалау және күту

Назар аударыңыз!

Ешбір қыра алатын тазалау бұйымдарын қолданбаңыз. Үстілердің бұзылып кетуіне әкелуі мүмкін.

Негізгі бұйымды тазалау

⚠️ Ток соғу қаупі бар!

Негізгі бұйымды ешқашан су ішіне батырмаңыз және ағынды су астында ұстамаңыз. Ешқандай бу тазалағышын пайдаланбаңыз.

■ Ашаны розеткадан шығарыңыз. ■ Негізгі бұйым мен жетектің қорғаныс қақпағын ылғалды шүберекпен сүртіңіз. Қажет болса, біраз ыдыс жуғыш құрал қолданыңыз.

■ Содан кейін бұйымды құрғақтай сүртіңіз.

Ыдыс пен құралды тазалау

Ыдыс және құрал ыдыс-аяқ жуатын машинада жуу үшін жарамды. Пластик бөлшектерді ыдыс-аяқ жуатын машинада қыспаңыз, себебі шаю барысында қалдықтар пайда болуы мүмкін!

Асүйлік майдалағышты тазалау

Асүйлік майдалағыштың барлық бөлшектері ыдыс-аяқ жуатын машинада жуу үшін жарамды.

Кеңес: Мысалы, сәбіз өңдеуден кейін қалатын қызыл түнбаны кетіру үшін, шүберекке аздап өсімдік майын жағып, асүйлік майдалағышты (майдалағыш дискілерді емес) сүртіңіз. Содан кейін асүйлік майдалағышты шайыңыз.

Араластырғышты тазалау

⚠️ Өткір пышақтан жарақат алу қаупі бар!

Араластырғыш пышағына жалаң қолмен тимеңіз.

Араластырғыш ыдысын, қақпақты және құйғышты ыдыс-аяқ жуу машинасында жууға болады.

Кеңес: Сұйықтықтарды өңдегеннен кейін әдетте араластырғышты тазалау үшін оны бұйымнан алып тастау қажет емес. Ол үшін аздап суды жуғыш құралмен бірге орнатылған араластырғышқа құйыңыз. Араластырғышты бірнеше секундқа қосыңыз (М қадамы). Шаюға қолданылған суды төгіп, араластырғышты таза сумен шайыңыз.

Маңызды нұсқау

Көмекші құрал дорбасын қажетінше тазалаңыз. Дорбадағы күту бойынша нұсқауларды орындаңыз.

Сақтау

Бұйымды қолданбаған кезде ашаны розеткадан шығарыңыз.

К суреті:

■ Құралдар мен майдалағыш дискілерді көмекші құрал дорбасына салыңыз. ■ Көмекші құрал дорбасын ыдыс ішінде сақтаңыз. ■ Түпнұсқа орауышта сақтау үшін L суретін қараңыз.

Ақаулықтар орын алған жағдайдағы көмек

Ақаулықты жою алдында ашаны розеткадан шығарыңыз.

MUM54.. / MUM55.. / MUM56.. / MUM58.. үшін маңызды нұсқау

Бұйымның жұмысындағы қате, электрондық сақтандырғыштардың ажыратылуы немесе бұйым бүлінуі жұмыс индикаторының жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.

Айналмалы тұтқа әрбір жұмыс күйінде енгізілуі керек.

Біріншіден пайда болған мәселені төмендегі нұсқауларды қолданып шешуге тырысыңыз.

Ақаулық

Бұйым іске қосылмай тұр.

Шешім

■ Ток көзін тексеріңіз. ■ Ашаны тексеріңіз. ■ Айналмалы тұтқаны қадағалаңыз. Күйі дұрыс орнатылған ба?

Енгізіліп тұр ма?

■ Араластырғыш не ыдысты тірелгенше бұрап бекітіңіз.

■ Араластырғыш қақпағын орнатып, тірелгенше бұрап бекітіңіз.

■ Жетектің қорғаныс қақпағын қолданылмаған жетекке орнатыңыз.

■ Қайта іске қосылудан қорғаныс белсенді. Бұйымды 0/off күйіне орнатыңыз да, содан кейін қалаулы қадамға қайтарыңыз.

Ақаулық

Бұйым қолдану кезінде өшіріліп қалады. Артық жүктемеден қорғаныс белсенді. Бір уақытта тым көп азық-түлік өнімдері өңделген.

Шешім

■ Бұйымды өшіріңіз. ■ Өңдеу көлемін азайтыңыз. ■ Рұқсат етілген максималды көлемдерден («Қолдану мысалдары» мақаласын қараңыз) асырмаңыз!

Ақаулық

Жетек іске қосулы кезінде босату түймесі қате басылды. Айналмалы тұтқа жоғары қарай жылжытылды. Жетек тоқтатылған, бірақ құралды алмастыру күйінде қалмайды.

Шешім

■ Айналмалы ажыратқышты 0/off қадамына қойыңыз.

■ Айналмалы тұтқаны 1 күйіне жылжытыңыз.

■ Бұйымды қосыңыз (1 қадамы).

■ Бұйымды қайтадан өшіріңіз.

BOSCH MUM58234 - Шешім - 1

Құрал құралды алмастыру күйінде тұр.

Ақаулық

Араластырғыш жұмыс істемей бастайды немесе қолдану барысында тұрып қалады, жетек «дірілдеп» тұр. Пышақ блокталған.

Шешім

■ Бұйымды өшіріңіз және ашаны розеткадан шығарыңыз. ■ Араластырғышты алып тастаңыз және бөгетті кетіріңіз. ■ Араластырғышты қайтадан орнатыңыз. ■ Бұйымды қосыңыз.

Маңызды нұсқау

Егер ақаулықты өз бетінше жоя алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Колдану мысалдары

Шайқалған кілегей

100 r-600 r

BOSCH MUM58234 - Шайқалған кілегей - 1

■ Кілегейді 1½ - 4 минут ішінде 7-кадамда (4) - кілегейдің мөлшері мен қасиеттеріне байланысты қаққышпен өнденіз.

Жұмыртқа ақуызы

1 - 8 жұмыртқа ақуызы

BOSCH MUM58234 - Жұмыртқа ақуызы - 1

■ Жұмыртқа ақуызын 4 - 6 минут ішінде 7-қадамда (4) қаққышпен өнденіз.

Бисквит қамыры

Негізгі рецепт

2 жұмыртқа

■ Ингредиенттерді (үн мен крахмалдан басқа) шам. 4-6 минут ішінде 7-қадамда (4) қаққышпен көпіртіп қағыңыз.

■ Айналмалы ажыратқышты 1-қадамға (1) орнатып, еленген үн мен крахмалды шам. ½ - 1 минут ішінде қасықпен араластырыңыз.

Максималды мөлшер: 2 х негізгі рецепт

Кекес қамыры

Негізгі рецепт

6 жұмыртқа

500 г қант

1 шай қасық тұз

2 пакет ваниль қанты немесе 1/2 лимон қабығы

■ Жұмыртқа, қант, тұз бен ваниль қантын немесе лимон қабығын 1-қадамда (1) бұлғауышпен 10 секунд ішінде араластырыңыз.

■ 5-қадамға (3) орнатып, 120 секунд ішінде өңдеңіз.

■ Май қосып, 3-қадамда (2) 60 секунд ішінде өңдеңіз.

■ Май мен қопсытқыш қосып, 1-қадамда (1) 2 минут ішінде өңдеңіз.

■ 3-қадамға (2) орнатып, 2 минут ішінде сүтті біртіндеп қосыңыз.

Максималды мөлшер: 1 х негізгі рецепт

Үгілмелі қамыр

Негізгі рецепт

125 г май (бөлме температурасы)

125 г май (бөлме

температурасы)

100-125 г қант

1 жұмыртқа

1 салым тұз

кішкене лимон қабығы не ваниль шекері 250 г ұн

қопсытқыш (қосымша)

■ Барлық ингредиенттерді шамамен ½ минут ішінде 1-қадамда (1), содан кейін шамамен 2-3 минут ішінде 6-қадамда (3) бұлғауышпен өңдеңіз.

500 г ұн:

■ Ингредиенттерді илегішпен шамамен ½ минут ішінде 1-қадамда (1), содан кейін шамамен 3-4 минут ішінде 3-қадамда (2) илеңіз.

Максималды мөлшер: 2 х негізгі рецепт

Ашықты қамыр

Herizrì рецепт

500 г ұн

1 жұмыртқа

80 г май (бөлме температурасы)

80 г қант

200-250 мл жылы сүт

25 г жаңа ашытқы немесе 1 пакет

құрғақ ашытқы

½ лимон қабығы

1 шымшым тұз

■ Барлық ингредиенттерді шамамен ½ минут ішінде 1-қадамда, содан кейін шамамен 3-6 минут ішінде 3-қадамда (2) илегішпен өңдеңіз.

Максималды мөлшер: 2 х негізгі рецепт

Кеспе қамыры

Herizrì рецепт

300 г ұн

3 жұмыртқа

■ Барлық ингредиенттерді шамамен 3-5 минут ішінде 3-қадамда (2) қамырға дейін өңдеңіз.

Максималды мөлшер: 1,5 x негізгі рецепт

BOSCH MUM58234 - Кеспе қамыры - 1

BOSCH MUM58234 - Кеспе қамыры - 2

BOSCH MUM58234 - Кеспе қамыры - 3

Нан қамыры

Herizrì рецепт

1000 г ұн

3 пакет құрғақ ашытқы

2 шай қасық тұз

660 мл жылы су

■ Барлық ингредиенттерді шамамен ½ минут ішінде 1-қадамда, содан кейін шамамен 4-5 минут ішінде 3-қадамда (2) илегішпен өңдеңіз.

Майонез

2 жұмыртқа

2 шай қасық қыша

1/4 л май

2 ас қасық лимон шырыны немесе сірке суы

1 шымшым тұз

1 шымшым қант

Ингредиенттер бірдей температурада болуы тиіс.

■ Ингредиенттерді (майдан басқа) бірнеше секунд ішінде 3-қадамда (2) немесе 4-қадамда (3) араластырғышта өңдеңіз.

■ Араластырғышты 7-қадамға (4) қосыңыз және майды баяу құйғыш арқылы құйып отырыңыз және майонез пайда болғанша араластыра беріңіз.

Майонезді жақын арада қолданыңыз, сақтамаңыз.

BOSCH MUM58234 - Майонез - 1

BOSCH MUM58234 - Майонез - 2

Қоқысқа тастау

BOSCH MUM58234 - Қоқысқа тастау - 1

Орам материалдарын қоқысқа тастаудың экологиялық ережелерін сақтаңыз. Бұл құрылғы Электрлік және электрондық құрылғылар туралы 2012/19/EU Еуропалық Директивасына сай тиісті таңбамен белгіленген (waste electrical and electronic equipment – WEEE). Бұл директива құрамында ЕО аумағында қолданылатын қолданыстан шығарылған құрылғыларды өткізу және қоқысқа тастау туралы ұйғарымдар бар. Қоқысқа тастаудың нақты әдістері туралы ақпарат алу үшін сатушымен хабарласыңыз.

Кепілдік шарттары

Осы құрылғының кепілдік шарттары біздің өкіл арқылы құрылғы сатылатын елде анықталады. Осы шарттарға қатысты толық мәліметтерді құрылғыны сатып алған делдалдан білуге болады.

Есеп-шот немесе түбіртек осы кепілдік шарттары бойынша шағымданғанда көрсетіледі.

Өзгерістер сақталды.

Арнайы жабдықтар

BOSCH MUM58234 - Кепілдік шарттары - 1MUZ5ZP1ШырынсыкёшАпельсин, лимон және грейпфрутты сығуға арналған.
BOSCH MUM58234 - Кепілдік шарттары - 2MUZ5CC1ТекшелептурағышмашинаЖеміс пен көкөністі бірдей текшелермен турауға арналған
BOSCH MUM58234 - Кепілдік шарттары - 3MUZ5FW1ЕттарқышТартар не үнтақталған ет үшін жас етті турауға арналған.
BOSCH MUM58234 - Кепілдік шарттары - 4MUZ45LS1Саңылаулыдиск жиынышағын (3 мм),үлкен (6 мм)MUZ5FW1 еттарқышына арналған.Паштет және нанға жағылатын өнім үшін кіші,пісірілген шужық және шпик үшін үлкен.
BOSCH MUM58234 - Кепілдік шарттары - 5MUZ45SV1ПеченьекондырғысыMUZ5FW1 еттарқышына арналған.4 әртүрлі печенье пішініне арналған металл үлгілері бар.
BOSCH MUM58234 - Кепілдік шарттары - 6MUZ45RV1УккішкондырғысыMUZ5FW1 еттарқышына арналған.Жаңғак, бадам, шоколад және кептірілген бөлке нанды үгуге арналған.
BOSCH MUM58234 - Кепілдік шарттары - 7MUZ45FV1ШырынсыкёшкондырғысыMUZ5FW1 еттарқышына арналған.Езбе үшін танқурай, қызанақ және итмурыннан басқа жидектердің шырынын сығуға арналған.Соным қатар, мысалы, қарақатты автоматты түрде тазалауға болады.
BOSCH MUM58234 - Кепілдік шарттары - 8MUZ45PS1Фри дискісіMUZ5DS1 асүйлік майдалағышына арналған.Шикі картопты фри үшін турауға арналған.
BOSCH MUM58234 - Кепілдік шарттары - 9MUZ45AG1Азиялықкөкөніс дискісіMUZ5DS1 асүйлік майдалағышына арналған.Азиялық көкөніс тағамдары үшін жеміс пен көкөністі шағын тілімдермен турайды.
BOSCH MUM58234 - Кепілдік шарттары - 10MUZ45RS1Улкен үйкелмедискMUZ5DS1 асүйлік майдалағышына арналған.Шикі картопты, мысалы, картоп құймағы не домбай үшін үгуге арналған.
BOSCH MUM58234 - Кепілдік шарттары - 11MUZ45KP1Картоп құймағыныңдискісіMUZ5DS1 асүйлік майдалағышына арналған.Құймақ пен картоп құймағы үшін шикі картопты үгу, көкөніс пен жидекті қалың дискімен турауға арналған.
BOSCH MUM58234 - Кепілдік шарттары - 12MUZ5ER2Тот баспайтынболаттан араластырғыш ыдысЫдыс ішінде 750 г үн мен ингредиенттерді өндеуге болады.
BOSCH MUM58234 - Кепілдік шарттары - 13MUZ5KR1Пластик араластырғыш ыдысЫдыс ішінде 750 г үн мен ингредиенттерді өндеуге болады.
BOSCH MUM58234 - Кепілдік шарттары - 14MUZ5MX1Пластик араластырғыш қондырғысыСусындарды араластыру, жидек пен көкөністі даярлау, майонез дайындау, жидек пен жаңғақтарды майдалау, мүз текшелерін ұсатуға арналған.
BOSCH MUM58234 - Кепілдік шарттары - 15MUZ5MM1Мульти араластырғышДәмдеуіштер, көкөніс, алма мен етті кесу, картоп, шомыр мен ірімшікті үгу, жаңғақ пен суытылған шоколадты үгуге арналған.

Қосалқы бөлшек жеткізілім бумасында болмаған жағдайда, оған сауда орны не қызмет көрсету орталығынан тапсырыс беруге болады.

KZ Kazakhstan, Қазақстан

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : MUM58234

Санат : ас үй роботы