MUZ45X - ас үй роботы BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз MUZ45X BOSCH PDF форматында.
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы MUZ45X BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ас үй роботы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз MUZ45X - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. MUZ45X брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ MUZ45X BOSCH
Пайдалану нұсқаулығы
Қауіпсіздік шаралары
Бұл көмекші құрал MUM5.../MUMX.../MUMXX.. асүйлік комбайнына арналған. MUM5.../MUMX.../MUMXX.. асүйлік комбайнының Қолдану туралы нұсқаулығын сақтаңыз.
Бұл көмекші құрал 3 негізгі өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді:
Ұсақтау: дәмдеуіштердің (мысалы, бұрыш, кмин, арша, даршын, құрғақ анис, бәйшешек), дәнді дақылдардың (мысалы, бидай, тары, зығыр дәні), кофе не қанттың шағын мөлшерлерін ұсақтау және майдалау үшін
Майдалау: ет, қатты ірімшік, пияз, дәмдеуіштер, сарымсақ, жемістер, көкөністер, жаңғақтар, бадам не шоколадты майдалау және турау үшін
Араластыру: сұйық не жартылай қатты ас өнімдерін араластыру, шикі жемістер мен көкөністерді және мұздатылған жемістерді майдалау/турау және арнайы суық не жылы сұйықтықтарды (мысалы, сүт, су) қосып езбе жасау үшін
⚠️ Маңызды!
Ыстық сұйықтықтарды (>60°C) ешқашан пайдалануға болмайды. Бұйымды басқа заттар не заттектерді өңдеу үшін пайдалануға болмайды.
Бұл бұйымға арналған қауіпсіздік нұсқаулары
⚠️ Өткір пышақ/айналмалы жетектен жарақаттану қаупі!
Пышақ ендірмесіндегі пышаққа ешқашан тимеңіз!
Пышақ ендірмесімен кез келген жұмыс орындаған кезде (құрастыру, бөлшектеу, тазалау) пышақ қорғауышын орнатыңыз. Пышаққа жалаң қолмен тимеңіз!
Көмекші құралды жетек бос жүріс күйінде болғанда орнатыңыз және алып тастаңыз. Көмекші құралды тек толығымен құрастырылған күйде негізгі бұйымға бекітіңіз.
⚠️ Маңызды!
Тоңазытқышта сақтау үшін пышақ ұстағышын пышақ өндірмесімен алып тастаңыз және контейнерге қақпақ қойыңыз. Шыны контейнерге ешқандай температура құбылыстарын болдырмаңыз (мысалы, тоңазытқыштан шығарылған шыны контейнер ішіне ыстық ингредиенттерді салмаңыз). Шыны контейнерде ешқандай мұздатылған ас өнімдерін өндемеңіз.

Құрылғы немесе көмекші құралдағы белгілердің түсіндірмесі

Қолдану туралы нұсқаулықтағы нұсқауларды орындаңыз.

Кондырманы негізгі бүйымға орнатыңыз (☐) және құлыптаңыз (☐).

Контейнерді қақпақпен жабыңыз (🔒) немесе қақпақты алып тастаңыз (🔒).
Бұл бүйым үшін маңызды қауіпсіздік және қолдану нұсқауларын алу үшін осы қолдану туралы нұсқаулықты толығымен мұқият оқып шығыңыз. Қолдану туралы нұсқаулықты сақтап қойыңыз. Бүйымды басқа адамдарға бергеніңізде онымен бірге Қолдану туралы нұсқаулықты да беріңіз. Нұсқаулықта көмекші құралдардың әртүрлі жабдықтары және оның әртүрлі бүйымдарда қолданылуы сипатталған.
Жалпы мәліметтер
Екі жағынан жайып ашыңыз.
A cypeti
1 Пышақ қорғауышы 2 Ұсақтағыш пышағы бар пышақ ендірмесі (қара тығыздатқыш, металл корпусы) 3 Араластырғыш/майдалағыш пышағы бар пышақ ендірмесі (қызыл тығыздатқыш, пластик корпусы)
4 Пышақ ұстағышы
Ұсақтағыш/майдалағыш кондырма
5 Қақпақ 1)
6 Шыны контейнер 1) Тоңазытқыш ішінде сақтауға арналған қақпақ орнатылған.
Араластырғыш кондырма 2)
7 Қақпақ
Жабылмалы ішуге арналған саңылауы бар. Тасымалдау үшін (ToGo).
8 Пластиктен жасалған контейнер. Бокал ретінде қолданылуы мүмкін.
1) Мөлшері үлгіге байланысты. 2) Үлгіге байланысты.
Суретте
Өнімдегі жұмыс күйі
Суреті
Қондырмалардың біріктіру мүмкіндіктері (үлгіге байланысты):
a Сақтау функциясы = пышақ ұстағышы (4) + ұсақтағыш пышағы бар пышақ ендірмесі (2) + әйнек контейнер (6) b Майдалау функциясы = пышақ ұстағышы (4) + майдалағыш пышағы бар пышақ ендірмесі (3) + әйнек контейнер (6) с Араластыру функциясы = пышақ ұстағышы (4) + араластырғыш пышағы бар пышақ ендірмесі (3) + пластик контейнер (8)
Қолдану

Өткір пышақтан жарақаттану қаупі!
Пышақ ендірмесіндегі пышаққа ешқашан тимеңіз! Пышақ ендірмесімен кез келген жұмыс орындаған кезде (құрастыру, бөлшектеу, тазалау) пышақ қорғауышын орнатыңыз.
■ Алғаш рет қолдану алдында барлық бөлшектерді тазалаңыз, «Тазалау және күту» тарауын оқыңыз.
D суреті → MUM5... E суреті → MUMX...
Қондырманы дайындау
Толық мәліметті сурет 1-5
■ Ингредиенттерді контейнер ішіне салыңыз. max белгісінен асырмаңыз! ■ Пышақ қорғауышындағы пышақ ендірмесін алып, пышақ ұстағышына салыңыз. Тірелгенше астыға қарай басыңыз. ■ Пышақ қорғауышын алып тастаңыз. ■ Пышақ ұстағышын контейнерге салып, сағат бағытына қарсы бұрау арқылы жабыңыз.
Кеңес: Жабуды оңайлату үшін, пышақ ендірмесінің тығыздатқышын кішкене сумен не өсімдік майымен сулаңыз.
■ Пышақ ендірмесіндегі қызыл қауіпсіздік ілмегінің толық құлыптанғанын қадағалаңыз (5-ші толық мәліметті сурет). Толық емес құлыптанған кезде қондырма негізгі бұйымға орнатылмауы мүмкін! ■ Қондырманы бұраңыз.
Жұмыстар
Толық мәліметті сурет 6-11
■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны тік күйге қойыңыз. ■ Қолданылмайтын жетекті қорғаныс қақпағымен жабыңыз. ■ Араластырғыш жетектің қорғаныс қақпағын алып тастаңыз. ■ Қондырманы орнатыңыз (пышақ ұстағышындағы көрсеткі негізгі бұйымдағы көрсеткіні білдіреді) және астыға қарай басыңыз (8-ші толық мәліметті сурет). ■ Қондырманы сағат бағытына қарсы тірелгенше бұраңыз (пышақ ұстағышындағы орын негізгі бұйымдағы көрсеткіні білдіреді, 9-шы толық мәліметті сурет). ■ Ашаны розеткаға қосыңыз.
■ Айналмалы ажыратқышты М деңгейіне дейін бұрап бекітіңіз.
Бұйым қаншама ұзақ қосулы болса, кесілген өнім соншама ұсақ болады. Дәмдеуіштер майдалау кезінде қалаулы нәтижеге жету үшін өте қысқа жұмыс уақыты қажет болуы мүмкін. М деңгейін сәл «түрту» жеткілікті болуы мүмкін.
Нұсқау: Көмекші құралды пайдалану бойынша ұсыныстар «Рецепттер» мақаласында берілген.
с суретінде әртүрлі қондырмалармен жұмыс істегендегі максималды мөлшерлер мен өңдеу уақыттарына қатысты шамалы мәндер берілген.
Жұмыстан кейін
⚠️ Айналмалы жетектен жарақаттану қаупі!
Араластырғыш пышаққа жалаң қолмен тимеңіз.
Толық мәліметті сурет 12-17
■ Айналмалы ажыратқышты жіберіңіз. ■ Ашаны розеткадан шығарыңыз. ■ Қондырманы сағат бағытымен бұрап шығарыңыз. ■ Қондырманы бұраңыз. ■ Пышақ ұстағышын сағат бағытымен бұрау арқылы босатып шығарыңыз. ■ Пышақ қорғауышын орнатып, тірелгенше басыңыз. ■ Контейнерге қақпақты салып жабыңыз (🔒).
Кеңес: Қондырманы пайдаланған соң бірден тазалағаны дұрыс. Мұқият тазалау үшін пышақ ендірмесін пышақ ұстағышынан шығарып алуға болады («Тазалау және күту» тарауын оқыңыз).
Тазалау және күту

Өткір пышақтан жарақаттану қаупі! Нұсқау: Қосалқы құралдың көлеміне
Пышақ ендірмесімен кез келген жұмыс орындаған кезде (құрастыру, бөлшектеу, тазалау) пышақ қорғауышын орнатыңыз. Пышаққа жалаң қолмен тимеңіз!
Назар аударыңыз!
Ешбір қыра алатын тазалау бұйымдарын қолданбаңыз. Үстілердің бұзылып кетуіне апаруы мүмкін.
Пышақ ендірмесін, контейнер мен қақпақты ыдыс-аяқ жуу машинасында пайдалануға болады.
Мұқият тазалау үшін пышақ ендірмесін пышақ ұстағышынан шығарып алуға болады.
■ Пышақ ұстағышын (орнатылған пышақ қорғауышымен) бұраңыз. ■ Пышақ ендірмесін пышақ ұстағышынан ортасымен шығарыңыз. ■ Қайта құрастыру үшін пышақ қорғауышындағы пышақ ендірмесін алып, пышақ ұстағышына салыңыз. Тірелгенше астыға қарай басыңыз.
Кеңес: Алдын ала тазалау үшін қолданғаннан кейін бірден тазалау бұйымы қосылған кішкене суды қондырма ішіне құйыңыз. Пышақ ұстағышымен жауып, асүйлік комбайнға орнатыңыз. Бірнеше секундқа қосыңыз (М деңгейі). Кір суды төгіп, бөлшектерді таза сумен шайыңыз.
Рецепттер
!Нұсқау: Қосалқы құралдың көлеміне байланысты кейбір рецепттер қолданылмауы мүмкін. * белгісімен белгіленген рецепттер үшін араластырғыш қондырмасын пайдалану қажет.
Жерорта теңіздік дәмдеуіштер қоспасы
-9 г кептірілген гүлшетен, -14 г кептірілген зире тұқымы, -6 г кептірілген күнзе тұқымы, -3 г кептірілген киікоты, -2 г кептірілген даршын, -5 г ірі тұз
Құрал: ұсақтағыш қондырма және ұсақтағыш пышағы бар пышақ ендірмесі (қара тығыздатқыш)
■ Барлық дәмдеуіштерді әйнек контейнерге салып, пышақ ұстағышымен жабыңыз. ■ М қадамында 90 секунд майдалаңыз.
Бұл дәмдеуіштер қоспасын, мысалы, грильде қуырылған көкөністер, маринадталған балық, маринадталған ет, кәуап, көкөніс лазаньясы, паста тұздықтары үшін қолдануға болады.
Райханды песто
-10 г пиниоли жаңғағы, -3 г сарымсақ, -5 г тұз, -40 г пармезан ірімшігі, -10 г жаңа піскен райхан, -70 г зәйтүн майы
Құрал: ұсақтағыш қондырма және араластырғыш/майдалағыш пышағы бар пышақ ендірмесі (қызыл тығыздатқыш)
■ Пиниоли жаңғағын, сарымсақ, тұз бен пармезан ірімшігін әйнек контейнерге салып, пышақ ұстағышымен жабыңыз. ■ М қадамында 15 секунд майдалаңыз. ■ Райхан мен зәйтүн майын қосып, барлығын 10 секунд ішінде М қадамында араластырыңыз.
Жупар жаңғағының иісімен бал-банан коктейлі
-80 г банан, текшелеп туралған (қоюлау консистенция үшін мұздатылған банандарды қолданыңыз), -120 г майсыз табиғи йогурт (ваниль), -3 г бал (немесе қалауыңызға сай), -200 г суық сүт (майсыз сүт не соялық сүт те қолданылуы мүмкін), -1 салым жупар жаңғағы, -30 г мұз текшелері (қоюлау консистенцияны қалаған кезде)
Құрал: ұсақтағыш қондырма және ұсақтағыш пышағы бар пышақ ендірмесі (қара тығыздатқыш)
■ Жупар жаңғағын әйнек контейнерге салып, пышақ ұстағышымен жабыңыз. ■ М қадамында 60 секунд майдалаңыз.
Құрал: араластырғыш қондырма және араластырғыш/майдалағыш пышағы бар пышақ ендірмесі (қызыл тығыздатқыш)
■ Барлық дәмдеуіштерді (жұпар жаңғағынан басқа) пластик контейнерге салып, пышақ ұстағышымен жабыңыз.
■ М қадамында 45 секунд майдалаңыз.
Бір салым жупар жаңғағын қосыңыз.
-70 г жаңа піскен немесе мұздатылған шие не дәнегі -50 г банан -40 г кокос сүті -5 г ащы шоколад (какао құрамы жоғары) -75 г су -2 мұз текшесі -30 г қант ұнтағы -70 г шайқалған кілегей
Құрал: араластырғыш қондырма және араластырғыш/майдалағыш пышағы бар пышақ ендірмесі (қызыл тығыздатқыш)
■ Барлық дәмдеуіштерді пластик контейнерге салып, пышақ ұстағышымен жабыңыз. ■ М қадамында 45 секунд майдалаңыз.
Каперс салат тұздығы
-70 г зәйтүн майы -40 г лимон шырыны -10 г соя тұздығы -10 г қыша -20 г каперс -10 г тұздатылған каперс -15 г қара зәйтүн -5 г сарымсақ
Құрал: араластырғыш қондырма және араластырғыш/майдалағыш пышағы бар пышақ ендірмесі (қызыл тығыздатқыш)
■ Барлық дәмдеуіштерді пластик контейнерге салып, пышақ ұстағышымен жабыңыз. ■ М қадамында 40 секунд майдалаңыз.
Манго тұздығы
-200 г дәнексіз жұмсақ, тазартылған манго -15 г лимон шырыны –Лимон қабығының үгіндісі -6 г туралған шалот -5 г зығыр майы -Қалауыңызға сай тұз бен бұрыш
Құрал: араластырғыш қондырма және араластырғыш/майдалағыш пышағы бар пышақ ендірмесі (қызыл тығыздатқыш)
■ Барлық дәмдеуіштерді пластик контейнерге салып, пышақ ұстағышымен жабыңыз. ■ М қадамында 40 секунд майдалаңыз.
Ірі дәнді құймақшалар
-70 г ірі тартылған дән немесе үлкен дәндер (қалауыңызға сай) -150 г су -1 жұмыртқа -1 салым тұз -1 салым қант -2,5 г күнбағыс майы -1 салым ванильді қант
Құрал: ұсақтағыш қондырма және ұсақтағыш пышағы бар пышақ ендірмесі (қара тығыздатқыш) - қажет болғанда
■ Үлкен дәндерді әйнек контейнерге салып, пышақ ұстағышымен жабыңыз. ■ М қадамында 90 секунд майдалаңыз.
Құрал: араластырғыш қондырма және араластырғыш/майдалағыш пышағы бар пышақ ендірмесі (қызыл тығыздатқыш)
■ Пластик контейнерге алдымен барлық ылғалды ингредиенттерді, ал содан кейін кептірілген ингредиенттерді салыңыз. Пышақ ұстағышымен жауып қойыңыз. ■ М қадамында 45 секунд майдалаңыз.
«Virgin Daiquiri» құлпынай коктейлі*
-80 г мұздатылған құлпынай -60 г қант -45 г ащы лимон -200 г су -15 г лимон шырыны -80 г мұз текшесі
Құрал: араластырғыш қондырма және араластырғыш/майдалағыш пышағы бар пышақ ендірмесі (қызыл тығыздатқыш)
■ Барлық дәмдеуіштерді пластик контейнерге салып, пышақ ұстағышымен жабыңыз. ■ М қадамында 40 секунд майдалаңыз.
Жасыл смузи*
-1 жасыл алма (шам. 100 г) -Бір лимон шырыны (шам. 20 г) -20 г грюнколь -10 г балдыркөк -10 г күнзе жапырақтары -10 г зығыр дәні -1 г ұсақталған даршын -250 г салқындатылған су
Құрал: араластырғыш қондырма және араластырғыш/майдалағыш пышағы бар пышақ ендірмесі (қызыл тығыздатқыш)
■ Алманы тазартып, тілімдеп тураңыз. ■ Балдыркөкті тілімдеп тураңыз. ■ М қадамында 60 секунд майдалаңыз.
Бізде өзгерістер енгізу құқығы бар.