WK 22M UP0 - HOTPOINT - Notice d'utilisation et mode d'emploi gratuit

Retrouvez gratuitement la notice de l'appareil WK 22M UP0 HOTPOINT au format PDF.

Page 57
Assistant notice
Powered by ChatGPT
En attente de votre message
Informations produit

Marque : HOTPOINT

Modèle : WK 22M UP0

Catégorie : анықталмаған

Téléchargez la notice de votre анықталмаған au format PDF gratuitement ! Retrouvez votre notice WK 22M UP0 - HOTPOINT et reprennez votre appareil électronique en main. Sur cette page sont publiés tous les documents nécessaires à l'utilisation de votre appareil WK 22M UP0 de la marque HOTPOINT.

MODE D'EMPLOI WK 22M UP0 HOTPOINT

PT Instruções de Utilização UA Інструкції з експлуатації KZ Пайдалану нұсқаулығы BG Инструкции за употреба

ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

ОҚЫЛЫП, ОРЫНДАЛУЫ МАҢЫЗДЫ • •

Құрылғыны пайдаланбас бұрын, Денсаулық пен қауіпсіздік және Қолдану/күтім көрсету нұсқаулықтарын мұқият оқып шығыңыз. Бұл нұсқауларды кейін қарап тұру үшін оңай жерде ұстаңыз.

СІЗДІҢ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ

Осы нұсқаулық пен құрылғының өзінде әрқашан орындалуы тиіс маңызды қауіпсіздік ескертулері беріледі

Барлық қауіпсіздік ескертулері ықтимал қауіп-қатерге қатысты ерекше мәліметтерді беріп, құрылғыны дұрыс қолданбау салдарынан болатын жарақат алу, зақым келтіру және ток соғу қаупін азайту жолдарын көрсетеді. Төмендегі нұсқауларды бұлжытпай орындаңыз. Осы нұсқаулар орындалмаған жағдайда қауіп-қатерлер туындауы мүмкін. Осы кеңестер мен сақтық шаралары еленбеген жағдайда, Өндіруші адамдардың я жануарлардың жарақат алуына немесе мүлікке зақым келуіне еш жауапты болмайды.

Ересек адам бақылап тұрмаған кезде, бұл өнімді 8 жасқа толмаған балалар қолданбауы керек. 8 жасқа толған балаларға және дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеті төмен, я болмаса тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға осы құрылғыны басқа адам бақылап тұрған кезде ғана қолдануға болады. Бұл адамдарға құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану бойынша нұсқама берілген және олар құрылғыны қолдануға қатысты қауіптерді түсінген жағдайда, құрылғыны қолдануға болады. Балаларға құрылғымен ойнауға болмайды. Балаларға бақылаусыз құрылғыны тазалауға және оған қызмет көрсетуге болмайды.

ӨНІМНІҢ ҚОЛДАНУ МАҚСАТЫ •

Осы құрылғы тек тұрмыстық жағдайда қолданылуға арналған. Бұл өнім коммерциялық жағдайда қолданылуға арналмаған. Өндіруші басқару элементтерін дұрыс қолданбауға немесе дұрыс орнатпауға жауапты болудан мүлдем бас тартады.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен басқарылуға арналмаған.

• Құрылғыны сыртта қолданбаңыз. • Құрылғы ішінде немесе жанында жарылғыш я тұтанғыш заттарды, мысалы, аэрозоль баллондарын сақтауға, сондай-ақ бензин я басқа тұтанғыш заттарды қоюға болмайды: құрылғы байқаусызда қосылған жағдайда, өрт шығуы мүмкін. •

Құрылғы өндірушісі ұсынбаған керек-жарақтарды немесе қосым­ шаларды қолдануға болмайды. • Құрылғы корпусын суға салмаңыз, себебі ток соғады.

• Шәугімді тек бірге берілген табанмен қолдануға болады. Тұғырды арналған мақсатынан басқа түрде қолдануға болмайды. • Шәугімді тек сумен толтыруға болады. Сүт пен ұнтақтан жасалатын сусындар күйіп, құрылғыны зақымдайды. • Құрылғыны ванна, шұңғылша немесе ылғалдығы жоғары орталар сияқты су болатын жерлерде қолдануға болмайды. ОРНАТУ •

Жөндеу жұмыстарын өндіруші нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сәйкес білікті маман атқаруы тиіс. Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше көрсетілмеген болса, құрылғының ешбір бөлігін жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды. Орындау жұмыстарын балалар атқармауы тиіс. Құрылғыны орнатқан кезде балаларды аулақ ұстаңыз. Құрылғыны орнатып жатқан кезде және одан кейін қаптама материалдарын (пластик қаптар, полистирол бөліктер, т.б.) балалардан аулақ ұстаңыз.

Құрылғыны қаптамадан шығарғаннан кейін, оған тасымалдау кезінде зақым келмегеніне көз жеткізіңіз. Проблемалар болған жағдайда, сатушыға немесе біздің сатудан кейін қолдау көрсету қызметімізге хабарласыңыз. • Құрылғыны орнатқан кезде балаларды аулақ ұстаңыз.

• Орнату жұмыстарына кіріспес бұрын құрылғыны токтан ажырату керек. • Орнату кезінде құрылғы қуат кабеліне зақым келтірмейтініне көз жеткізіңіз. 58

Қуат кабелі үстелдің шетінен салбырап тұрмауы немесе ыстық беттерге тимеуі керек. Құрылғыны газ немесе электр плитасына (тегіс плита бетіне) я оның жанына қоюға немесе қызып тұрған пештің ішіне салуға болмайды. Құрылғыны қолданбас бұрын барлық қорғағыш ораманы немесе пластик қаптарды алып тастаңыз. Құрылғыны тегіс әрі тұрақты жерге қойып қолданыңыз.

ТОКҚА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУЛЕР •

Номиналды сипаттар тақтасындағы кернеу үйіңіздегі кернеуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. • Нормативтік талапқа сәйкес, құрылғы жерге тұйықталған розеткаға қосылуы керек.

• Құрылғының айыры бекітілген болса және ол розеткаға дәл келмесе, білікті маманға хабарласыңыз. • Ұзартқыш сымдарды, бірнеше розетканы немесе адаптерлерді қолдануға болмайды. Құрылғыны қашықтан басқару мүмкіндігі бар розеткаға жалғауға болмайды. • Корпусына орнатылғаннан кейін қуат кабелінің ұзындығы құрылғыны розеткаға жалғауға жеткілікті болуы тиіс. • Қуат кабелінен ұстап тартпаңыз. • Қуат кабеліне зақым келсе, оны дәл сондай кабельге ауыстыру керек. Қуат кабелін тек өндіруші нұсқауы мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сәйкес білікті маман ауыстыруы тиіс. Уәкілетті қызмет орталығына хабарласыңыз.

• Қуат кабелі немесе айыры зақымдалған, дұрыс жұмыс істемейтін немесе зақымдалған я құлаған құрылғыны пайдалануға болмайды. Қуат кабелін немесе айырды суға салмаңыз. Кабельді ыстық беттерге тигізбеңіз. • Құрылғыға дененің кез келген су бөлігін тигізуге немесе құрылғыны жалаң аяқ пайдалануға болмайды. •

Ток өшсе, құрылғы ҚОСУЛЫ күйде қалады да, ток беріле сала жұмыс істей бастайды. 59

kz it ЭЛЕКТР ҚОСЫЛЫСТАР Розетка / айыр Бекітілген айыр розеткаға дәл келмесе, сатудан кейін қолдау көрсету қызметіне хабарласып, қосымша нұсқау алыңыз. Айырды өз күшіңізбен ауыстыруға тырыспаңыз. Бұл процедураны өндіруші нұсқаулары мен ағымдағы стандартты қауіпсіздік ережелеріне сәйкес білікті маман орындауы тиіс. ДҰРЫС ҚОЛДАНУ • Қолданбаған кезде, тазалау, құрастыру, бөлшектеу немесе кез келген керек-жарақты қолдану алдында құрылғы өшіріп, розеткадан ағытыңыз. • Жұмыс істеп тұрған құрылғыны бақылаусыз қалдыруға болмайды. •

Ауыстырып-қосқышқа ештеңе кедергі жасап тұрмағанына және қақпақша мықтап жабылғанын көз жеткізіңіз. Ауыстырып-қосқышқа бірдеңе кедергі жасап тұрса немесе қақпақша ашық тұрса, шәугім өшпейді. Қыздыру элементтеріне зақым келтірмеу үшін құрылғыны бос күйде қоспаңыз. Шәугімге ең көбі 1,7 л су сыяды. Шәугімге максималды деңгейден асырып су құймаңыз, себебі су қайнаған кезде шүмектен төгілуі мүмкін. Айырды қуат беру құрылғысына қоспас бұрын қақпақша мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз. Су қайнап тұрған кезде немесе дәл қайнап болғаннан кейін буға тиюші болмаңыз. Жидіп қалу қаупі: қолданған кезде шәугім қызады. Сондықтан, оны көтеру үшін тек тұтқасынан ұстаңыз және қақпағын тек шәугім салқындағаннан кейін ашыңыз. Ыстық су толтырылған құрылғыны жылжытқан кезде өте сақ болу керек. Қайнап тұрған суды құйған кезде шәугімді жылдам еңкейтпей, абайлап ақырын құю қажет, себебі қайнаған судан жидіп қалу қаупі бар. Шәугімдегі су ыстық болғанда қақпақшаны ашпаңыз. Қызып тұрған шәугімге су құйғанда абай болыңыз.

kz it ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ •

Тазалау немесе қызмет көрсету жұмыстарына кіріспес бұрын құрылғыны токтан ажырату керек.

• Бумен тазалағыш жабдықты қолданушы болмаңыз. •

Құрылғының сыртында жиналып қалған болуы мүмкін шаңды абайлап сүртіп алыңыз, одан кейін жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз. Ешқандай күшті жеміргіш тазалағыш заттарды, сілтілі тазалағыш заттарды немесе май кетіргіш заттарды қолдануға болмайды. Керек-жарақтарды сабынды жылы сумен жуып, одан кейін құрғақ орамалмен құрғатыңыз.

kz it БӨЛШЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10.

Су деңгейінің көрсеткіші Шәугім Шүмек Қақ сүзгісі (алынбалы) Қақпақша Қақпақшаны ашу түймесі Тұтқа Айырып қосқыш Табан Кабель

КІРІСПЕ Біздің өнімді сатып алғаныңызға алғыс білдіреміз. Солайша, тиімді әрі өнімділігі жоғары құрылғыны таңдадыңыз. Құрылғыны дұрыс қолдануға қатысты нұсқаулар орындалмаса, өндіруші ешбір залалға жауапты болмайды. Пайдалану нұсқауларында әр түрлі модельдер қарастырылуы мүмкін: кез келген айырмашылық анық көрсетіледі.

АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНБАС БҰРЫН Құрылғының сыртында жиналып қалған болуы мүмкін шаңды абайлап сүртіп алыңыз. Құрғақ шүберекпен құрғатыңыз. Ток кабелін суға не басқа сұйықтықтарға салмаңыз. Шәугімді алғаш рет қолданатын болсаңыз, толтырылған шәугімді екі рет қайнатып, суын төгіп тастау арқылы оны тазалаған жөн.

ШАЙНЕКТІ ҚОЛДАНУ Шәугімді тек бірге берілген табанымен қолданыңыз. 1. Шәугімді толтыру үшін оны қуат табанынан алып, қақпақша ашу түймесімен қақпақшасын ашыңыз, қажетті көлемде су құйып, қақпақшаны жабыңыз. Немесе, шәугімді шүмегі арқылы толтыруға болады. Су деңгейі максималды белгіден аспауы немесе минималды деңгейден төмен болмауы тиіс. Су тым аз болса, су қайнамас бұрын шәугім өшеді.

Шәугімге ең көбі 1,7 л су сыяды. Шәугімге максималды деңгейден асырып су құймаңыз, себебі су қайнаған кезде шүмектен төгілуі мүмкін. Айырды розеткаға қоспас бұрын қақпақша мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз. 2. 3.

Шәугімді қуат табанына қойыңыз. Айырды розеткаға қосыңыз. Айырып қосқышты басыңыз, сол кезде су өлшеуішінде индикатор жанады. Одан кейін су қайната бастайды. Су қайнағаннан кейін шәугім автоматты түрде өшеді. Шәугімді қуат табанына көтеріп, суды құйыңыз. Айырып қосқыш басылмаса, шәугім суды қайтадан қайнатпайды. Қолданылмаған кезде шәугімді табанына қойып қоюға болады.

Ауыстырып-қосқышқа ештеңе кедергі жасап тұрмағанына және қақпақша мықтап жабылғанын көз жеткізіңіз. Ауыстырыпқосқышқа бірдеңе кедергі жасап тұрса немесе қақпақша ашық тұрса, шәугім өшпейді. Шәугімнен су құйғанда абай болыңыз, себебі қайнаған судан жидіп қалу қаупі бар. Шәугімдегі су ыстық болғанда қақпақшаны ашпаңыз.

ҚАЙНАП БІТУДЕН ҚОРҒАУ Абайсызда шәугімді су құймай қосып қойсаңыз, қайнап бітуден қорғау механизмі қуатты автоматты түрде өшіреді. Мұндай жағдай орын алса, суық су құймас бұрын шәугім салқындағанша күтіңіз.

ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ Тазаламас бұрын құрылғы розеткадан ажырату қажет. 1. Шәугімді, қуат кабелін немесе қуат табанын суға салушы және оларға ылғалдың тиюіне жол беруші болмаңыз. 2. Корпустың сыртын ылғал шүберекпен немесе тазалағышпен сүртіңіз. Улы тазалағыш зат қолданушы болмаңыз. 3. Сүзгіні жүйелі түрде тазалап отыруды ұмытпаңыз. Тазалауды жеңілдету үшін сүзгіні жоғары тарту арқылы шешіп алыңыз. Тазалағаннан кейін оны орнына қойыңыз. Өңін кетіріп алмау үшін, шәугімнің сыртын тазалаған кезде химиялық, болат, ағаш немесе абразивті тазалағыштар немесе щеткалар қолданбаңыз.

kz it ТҰЗ ҚАҚТАРЫН КЕТІРУ

құрылғыны сатқан дүкенге хабарласыңыз.

Шәугімді жүйелі түрде қақтан тазалап тұру керек, себебі құбыр суындағы тұздар шәугімнің түбінде қақ түзіп, оның өнімділігін азайтуы мүмкін. Дүкендерде сатылатын кез келген қақ кетіргішті қолдануға болады. Қақ кетіргіштің қаптамасындағы нұсқауларды орындаңыз. Немесе төмендегі нұсқауларды орындап, ақ сірке суын қолдануға болады. 1. Құрылғының 3/4 толтырып, қайнатып, одан кейін құрылғыны розеткадан ағытыңыз да (сымсыз шәугімді тұғырынан алыңыз), бос шұңғылшаға немесе тегешке қойыңыз. Суға біртіндеп 50 мл ақ сірке суын қосыңыз. Ішіндегі ерітіндімен шәугім бір түн тұрсын. 2. Шәугімдегі қоспаны төгіп, шәугімге таза су құйып, қайнатып, одан кейін суды төгіп тастаңыз. Сірке иісі кеткенше бірнеше рет қайталаңыз. Шүмек ішінде қалған дақтарды дымқыл шүберекпен сүртіп алу арқылы кетіруге болады.

Бұл құрылғы электр және электрондық құрылғылардың (WEEE) қалдықтарына қатысты 2012/19/EU Еуропа директивасына сәйкес белгіленген. Осы өнімнің дұрыс тасталуын қамтамасыз ету арқылы осы өнімнің дұрыс тасталмаған жағдайда қоршаған орта мен адам денсаулығына тигізетін кері әсерінің алдын алуға көмектесесіз. Өнімдегі немесе ілеспе құжаттамадағы (*) таңбасы бұл өнім кәдімгі тұрмыстық қоқыс сияқты тасталмай, электр және электрондық жабдықты қайта өңдеумен айналысатын тиісті жинау орталығына тапсырылуы тиіс екенін білдіреді.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Бұл құрылғы мына Еуропа директиваларының қауіпсіздік талаптарына сай жобаланған, жасалған және таратылған: • Төмен кернеулі жабдық туралы 2006/95/EC директивасы • Электрмагниттік үйлесімділік туралы 2004/108/EU директивасы

ҚАПТАМА МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ Қаптама материалының 100% қайта өңдеуге болады және ол қайта өңдеу таңбасымен (*) белгіленген. Сондықтан қаптаманың әр түрлі бөліктерін тастағанда жауапкершілік танытып, қоқыс тастауға қатысты жергілікті органдардың ережелерін ұстану қажет.

ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ Құрылғыны қоқысқа тастаған кезде қуат кабелін қиып, оны қолданылмайтын күйге келтіріңіз, сондай-ақ балалар ішіне кіріп, шыға алмай қалмауы үшін есіктері мен тартпаларын (бар болса) алып тастаңыз. Бұл құрылғы қайта өңдеуге болатын (*) немесе қайта қолдануға болатын материалдардан жасалған. Оны қоқыс тастауға қатысты жергілікті ережелерге сәйкес тастаңыз. Тұрмыстық электр құрылғыларды өңдеу, қалпына келтіру және қайта өңдеу туралы қосымша ақпарат алу үшін, құзырлы жергілікті органға, тұрмыстық қоқысты жинаумен айналысатын қызметке немесе

Ешбір орама материалы тағамға тимеуі керек.

СӘЙКЕСТІК МӘЛІМДЕМЕСІ

Біз өз тұтынушыларымызға қызмет көрсетеміз және сервистік қызметті жоғары деңгейде ұсынуға тырысамыз. Сізге құрылғымен оңай және қолайлы жұмыс жасауға мүмкіндік беру үшін өз өнімдерімізді үздіксіз жетілдіріп отыруға тырысамыз. Құрылғыға күтім көрсету Құрылғыға күтім көрсетуге арналған Hotpoint Ariston ұсынатын құрылғының Professional кәсіби бұйымдарының желісі құрылғының қолданыс мерзімін ұзартады және оның сынып қалу қаупін азайтады. Professional кәсіби бұйымдарының желісі құрылғыңыздың ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Өнімдер сапа, экология және қолдану қауіпсіздігі бойынша Еуропалық жоғары стандарттарды қатаң сақтай отырып Италияда жасалған. Толық ақпаратты www.hotpoint-ariston. ru веб-сайтының “Қызмет көрсету” бөлімінен қараңыз және қалаңыздағы дүкендерден сұраңыз.

kz it Уәкілетті қызмет көрсету орталықтары Өз тұтынушыларымызға жақынырақ болу үшін шебер мамандарының жоғары деңгейдегі кәсіби дайындығы мен әділдігімен ерекшеленетін қызмет көрсету желілерін қалыптастырдық. Ақау пайда болған жағдайда Қызмет көрсету орталығына хабарласар алдында, ақаулықты өзіңіз түзетіп көруге тырысыңыз (“Ақаулықтар және оларды түзету жолдары” тарауын қараңыз). Қызмет көрсету орталығына кепілдік құжатында көрсетілген телефон нөмірімен хабарласуға болады. ! Біз уәкілетті қызмет көрсету орталықтарына ғана хабарласуды ұсынамыз

! Жөндеу жұмыстарын іске асырған кезде фирмалық бөлшектерді ғана қолдануын талап етіңіз. Қызмет көрсету орталығына хабарласар алдында келесі мәліметтерді беруге дайын екеніңізді тексеріп алыңыз: • Ақаулық түрін сипаттау; • Кепілдік құжатының нөмірі (қызмет көрсету кітапшасы, қызмет көрсету сертификаты т.с.с.); • Құрылғының ақпарат тақтайшасында немесе кепілдік құжатында көрсетілген құрылғының моделі және сериялық нөмірі (S/N); • Құрылғының сатылған ай-күні Басқа пайдалы ақпарат пен жаңалықтарды www.hotpointariston.ru веб-сайтының «Қызмет көрсету» тарауынан көре аласыз.

Сауда атауы Өндірушінің сауда белгісі Үлгі

Ток желісіндегі кернеудің немесе кернеулер ауқымының номиналды мәні

Электр токтың стандартты түрі немесе айнымалы токтың номиналды жиілігі

Электр токтан қорғау сыныбы

Қарастырылудағы құрал бойынша сәйкестік куәліктері туралы қосымша ақпарат немесе сәйкестік куәлігінің көшірмесі қажет болса, cert.rus@indesit,com электорндық пошта мекенжайына сұрау жіберуіңізге болады. Осы кұралдың өндірілген күнін штрих-кодта көрсетілген сериялық нөмірден табуға болады (S/N XXXXXXXXX * XXXXXXXXXXX), яғни:

- Сериялық нөмірдегі 7- сан жылдың соңғы білдіреді. - Сериялық нөмірдегі 8- және 9- сан айдың реттік нөмірін білдіреді. - Сериялық нөмірдегі 10- және 11-сан айтылған ай мен жылдың күнін білдіреді.

Сұрақтарыңыз бар болса, мына мекенжайға хабарасыңыз (Ресейде):

Корпус 1, 12 – үй, Двинцев көшесі, 127018 Мәскеу, Ресей