GNF 65 A Professional - Бұранда BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GNF 65 A Professional BOSCH PDF форматында.

BOSCH GNF 65 A Professional - Бұранда
📄 254 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice BOSCH GNF 65 A Professional - page 157
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Батырмалы айналмалы ара
Бренд Bosch
Модель GNF 65 A Professional
Пышақ диаметрі 65 мм
Максималды кесу тереңдігі 20 мм
Бос жүріс жылдамдығы 3500 - 5000 айн/мин
Тұтынылатын қуат 650 Вт
Қоректену кернеуі 230 В
Салмағы 2,5 кг
Өлшемдері (Ұ x Е x Б) шамамен 300 x 200 x 150 мм
Негізгі функциялар Батырмалы кесу, бұрыштап кесу, параллель бағыттау
Күтім және тазалау Желдету саңылаулары мен пышақты үнемі тазалаңыз. Құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
Қауіпсіздік Электрондық пышақ тежегіші, қорғаныс қақпағы, қауіпсіздік ажыратқышы
Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі Пышақтар, көміртекті щеткалар, бағыттауыштар Bosch қызметінен қолжетімді
Жалпы ақпарат Панельдер мен жұқа материалдар үшін кәсіби пайдалану

Жиі қойылатын сұрақтар - GNF 65 A Professional BOSCH

Bosch GNF 65 A Professional арасының максималды кесу тереңдігі қандай?
Максималды кесу тереңдігі 20 мм құрайды, бұл жұқа панельдер үшін өте қолайлы.
GNF 65 A қандай пышақ диаметрін пайдаланады?
Ол стандартты тесігі бар 65 мм диаметрлі пышақты пайдаланады.
Кесу тереңдігін қалай реттеуге болады?
Араның бүйіріндегі реттеу доңғалағын пайдаланыңыз. Босатыңыз, реттеңіз және қайта қатайтыңыз.
Бұл араны бұрыштап кесу үшін қолдануға бола ма?
Иә, көлбеу табан 45 градусқа дейін бұрыштап кесуге мүмкіндік береді.
Қозғалтқыштың қуаты қандай?
Қозғалтқыш 650 Вт қуатын дамытады, бұл жұмсақ материалдар мен ағаш үшін жеткілікті.
Bosch GNF 65 A арасына қалай күтім жасау керек?
Желдету саңылауларын щеткамен үнемі тазалаңыз және щеткалардың тозуын тексеріңіз.
Қосалқы бөлшектерді қайдан сатып алуға болады?
Қосалқы бөлшектер Bosch рұқсат етілген сатушыларда немесе ресми сайтта онлайн қолжетімді.
Ара параллель бағыттауышпен бірге жеткізіле ме?
Иә, дәл кесу үшін қорапта параллель бағыттауыш бар.
Мен қандай пышақ түрін қолдануым керек?
Материалға (ағаш, пластик, түсті металдар) бейімделген 65 мм айналмалы ара пышағын пайдаланыңыз.
Пышақты қалай ауыстыруға болады?
Араны ажыратыңыз, пышақты блоктау тетігімен бекітіңіз, орталық бұранданы бұрап алыңыз, пышақты ауыстырыңыз және қайта бұраңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GNF 65 A Professional BOSCH

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Бұранда PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GNF 65 A Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GNF 65 A Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GNF 65 A Professional BOSCH

Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сондай-ақ қосымшалар да болуы мүмкін. Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген. Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде көрсетілген. Импорттаушының контактілік мәліметін орамада табу мүмкін.

Өнімді пайдалану мерзімі

Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі

  • тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз
  • өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
  • ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз
  • жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз
  • корпус ішіне су кірсе, құрылғыны қосушы болмаңыз
  • көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
  • қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз

Шекті күй белгілері

  • ток сымының тозуы немесе зақымдануы
  • өнім корпусының зақымдалуы

Қызмет көрсету түрі мен жиілігі

Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

Сактау

  • Құрғақ жерде сақтау керек
  • Жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек
  • Сақтау кезінде температураның кенет өзгеруінен қорғау керек
  • Орамасыз сақтау мүмкін емес
  • Сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз

Тасымалдау

  • Тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
  • Босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
  • Тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз.

Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.

Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған „Электр құрал“ атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.

Жұмыс орнының қауіпсіздігі

Жұмыс орнын таза және жақсы жарықталған жағдайда ұстаңыз. Тәртіп немесе жарық болмаған жұмыс аймақтары жазатайым оқиғаларға алып келуі мүмкін. Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қауіпі бар қоршауда электр құралды пайдаланбаңыз. Электр құралдары ұшқын шығарып, шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. Электр құралдарын пайдалану кезінде балалар және басқа адамдарды ұзақ жерге шеттетіңіз. Ауытқу кезінде құрал бақылауын жоғалтуыңыз мүмкін.

Электр қауіпсіздігі

Электр құралының штепсельдік айыры розеткаға сыйымды болуы керек. Айырды ешқандай өзгерту мүмкін емес. Жерге қосылған электр құралдарымен ешқандай адаптерлік айырды пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айыр және жарамды розеткаларды пайдалану электр тогының соғу қаупін төмендетеді. Құбыр, жылыту жабдығы, плита және тоңазытқыш сияқты жерге қосулы құралдардың сыртына тимеңіз. Егер денеңіз жерге қосулы болса, электр тогының соғу қаупі артады. Электр құралдарын ылғалдан, сыздан сақтаңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тогының соғу қаупін арттырады. ▶ Электр құралды алып жүру, асып қою немесе айырын розеткадан шығару үшін кабельді тартпаңыз. Кабельді ыстықтан, майдан, өткір шеттерден немесе құралдың жылжымалы бөліктерінен алыс жерде ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель электр тогының соғу қаупін арттырады. Электр құралымен ашық жерде жұмыс істесеңіз, тек сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты пайдалану электр тогының соғу қаупін төмендетеді.

Қауіпсіздік нұсқаулары

Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік нұсқаулықтары

ЕСКЕРТУ

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз.

Bosch Power Tools 1 609 92A 2PN | (26.8.16)

158|Қазақша

Электр құралын ылғалды ортада пайдалану қажет болса, автоматты сақтандырғыш ажыратқышын пайдаланыңыз. Автоматты сақтандырғыш ажыратқышты пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді.

Адамдар қауіпсіздігі

Сақ болып, не істеп жатқаныңызға айрықша көңіл бөліп, электр құралын ретімен пайдаланыңыз. Шаршаған жағдайда немесе еліткіш, алкоголь немесе дәрі әсері астында электр құралды пайдаланбаңыз. Электр құралды пайдалануда секундтық абайсыздық қатты жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Жеке сақтайтын киімді және әрдайым қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Электр құрал түріне немесе пайдалануына байланысты шаңтұтқыш, сырғудан сақтайтын бәтеңке, сақтайтын шлем немесе құлақ сақтағыш сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию жарақаттану қаупін төмендетеді. ▶ Байқаусыз пайдаланудан аулақ болыңыз. Электр құралын токқа және/немесе аккумуляторға қосуда, оны көтергенде немесе алып жүргенде, өшірулі болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын көтеріп тұрғанда, бармақты ажыратқышта ұстау немесе құрылғыны қосулы күйде токқа қосу, жазатайым оқиғаға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын реттейтін аспаптарды және гайка кілттерін алыстатыңыз. Айналатын бөлшекте тұрған аспап немесе кілт жарақаттануларға алып келуі мүмкін. ▶ Қалыпсыз дене күйінде тұрмаңыз. Тірек күйде тұрып, әрқашан өзіңізді сенімді ұстаңыз. Осылай сіз күтпеген жағдайда электр құралды жақсырақ бақылайсыз. Жұмысқа жарамды киім киініз. Кең немесе сәнді киім кимеңіз. Шашыңызды, киіміңізді және қолғапты қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім, әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге тиюі мүмкін. ▶ Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс пайдаланылуына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады.

Электр құралдарын пайдалану және күту

▶ Куралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. ▶ Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады.

Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе құралды алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектердің бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. ▶ Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.

Қызмет

Электр құралыңызды тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.

Тегістеу-кесу машинасына арналған қауіпсіздік нұсқаулары

Қорғаныш қаптамасы электр құралында берік бекітілген, қауіпсіздік деңгейінің ең жоғары көлеміне реттелген болуы қажет, сол арқылы ажарлауыш шарықтың ең кіші бөлшегі пайдаланушыға ашық көрінеді. Адамдардың айналатын ажарлауыш шарық деңгейінен қашықта болуын қамтамасыз етіңіз. Қорғаныш қаптамасы пайдаланушыны сынықтардан немесе ажарлау шарығының тиісінен қорғайды. Электр құрылығы үшін тек тік күшейтілген немесе алмас салынған кесу шеңберлерін пайдаланыңыз. Электр құралында берік бекіту мүмкіндігі бар жабдықтар ғана қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді. ▶ Алмалы-салмалы аспаптық рұқсат етілген айналымдар саны кемінде электр құралында белгіленген максимальды айналымдар санына сәйкес болуы керек. Рұқсат етілгеннен жылдам айналатын жабдық бұзылып, шашылып кетуі мүмкін.

Қазақша | 159

▶ Абразивті құралдарды тек ұсынылатын жұмыстар үшін пайдалану керек. Мысалы: ешқашан кесу шеңберінің бетін тегістемеңіз. Кесу шеңберлері материалды жиекпен алуға арналған. Бүйірлік күштер әсер етсе, осы абразивті құрал сынуы мүмкін. ▶ Әрқашан зақымдалмаған, таңдалған тегістеу шеңбері үшін өлшемдері сәйкес қысқыш фланецтерді пайдаланыңыз. Дұрыс фланецтер тегістеу шеңбері үшін тірек болып табылады және оның сыну қаупін азайтады. Жұмыс құралының сыртқы диаметрі және қалыңдығы электр құралдың өлшемдеріне сәйкес болуы керек. Өлшемдері қате анықталған салынған бөлшек жеткілікті қорғалмайды және бақылаудан шығуы мүмкін. ▶ Тегістеу шеңберлері мен фланецтер электр құралының ажарлау шпинделіне сай болуы керек. Электр құралының ажарлау шпинделінде дұрыс тұрмауынан жұмыс құралдары соғылып, айналады, қатты дірілдейді және бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін. ► Бұзылған тегістеу шеңберін пайдаланбаңыз. Әрбір пайдаланудан алдын тегістеу шеңберлерін сынықтар және жарықтарға тексеріңіз. Электр құралын немесе тегістеу шеңберін түсіріп алсаңыз, оны тексеріңіз, тек зақымдалмаған тегістеу шеңберін пайдаланыңыз. Тегістеу шеңберін тексеріп салу кезінде өзіңіздің және өзге адамдардың айналатын тегістеу шеңберінен қашық жерде тұрғанында ғана құралды бір минут ішінде максималды айналымдар санында қосыңыз. Зақымдалған тегістеу шеңберлері осы тексеру кезінде бұзылады. Жеке қорғаныс жабдықтарын киіп жүріңіз. Жұмыста бетті толық қорғайтын масканы, көз сақтауышын немесе қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Қажет болса шаңтұтқыш, қорғауыш қолғапты, алқапқыштық немесе басқа да қорғаныс киімдерін киіңіз. Көздер әртүрлі жұмыстардан пайда болып шашылатын бөтен бөлшектерден қорғануы қажет. Шаңтұтқыш және газқағар жұмыс кезінде пайда болатын шаңды сүзгіден өткізеді. Дыбысы қатты шуылда көп болу есту қабілетіңізді төмендетуі мүмкін. - Басқа адамдардың жұмыс кеңістігінен қашық тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс кеңістігіне кірген әрбір адам жеке қорғаныш жабдықтарын киюі қажет. Дайындалам немесе бұзылған алмалы-салмалы аспаптың сынған бөлшектері атылып жұмыс кеңістігінен тыс жерде де зақым келтіруі мүмкін. ▶ Алмалы-салмалы аспап жасырын ток сымына немесе өз желі кабеліне тиюі ықтимал жұмыс кезінде құрылғының оқшауланған тұтқасынан ұстаңыз. Ток өтетін сымына тию металлды құрал бөлшектеріне ток беріп ток соғуына алып келуі мүмкін.

Желі кабелін айналатын алмалы-салмалы аспаптан қашық жерде ұстаңыз. Құрылғыны бақылауды жоғалтсаңыз, желі кабелі кесіліп немесе ілініп, алақаныңыз немесе қолыңыз айналып тұрған алмалы-салмалы аспапқа түсіп, жаралануыңыз мүмкін. ▶ Алмалы-салмалы аспап толық тоқтамайынша электр құралын босатушы болмаңыз. Айналып тұрған алмалы-салмалы аспап қойылған жеріне тиіп, электр құралын бақылауды жоғалтуыңыз мүмкін. Электр құралын тасымалдау кезінде қосушы болмаңыз. Кездейсоқ тию арқылы айналып тұрған алмалы-салмалы аспап киіміңізге оралып, денеңізді ауыр жарақаттауы мүмкін. Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр қауіпін тудыруы мүмкін. Электр құралын ешқашан жанғыш материалдар жанында пайдаланбаңыз. Ұшқындар бұл материалдарды жандыруы мүмкін. Сұйық салқындатқыштарды қажет ететін құралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа салқындатқыш сұйықтықтарды пайдалану ток соғуына әкелуі мүмкін.

Кері соққы және сәйкес қауіпсіздік техникасының ережелері

▶ Кері соққы сыналапын, тұрып қалған айналып жатқан тегістеу шеңберлерінің кенет реакциясының нәтижесі болып табылады. Тұрып қалу немесе сыналану айналып жатқан құралдың кенет тоқтап қалуына әкеледі. Бұл кезде бақыланатын құрал бұғатталу орнында жұмыс құралының айналу бағытына қарсы жылдамайды. Тегістеу шеңбері бұғатталса немесе дайындамаға тұрып қалса, онда дайындамаға кіргізілген тегістеу шеңберінің жиегі қысылып қалуы және нәтижесінде шеңбердің дайындамадан шығуына немесе кері соққыға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бұғатталу орнындағы шеңбердің бағытына байланысты тегістеу шеңбері операторға немесе одан әрі қозғалады. Тегістеу шеңбері сынуы мүмкін. Кері соққы электр құралды дұрыс пайдаланбаудың немесе оператор қатесінің салдары болып табылады. Мұны төменде сипатталғандай тиісті сақтық шараларын қолдану арқылы болдырмауға болады. Электр құралды берік ұстаңыз, денеңіз кері соққыларды ұстап қалатындай қалыпта болуы керек. Айналымдар артқан кезде кері соққыларға немесе реакциялық моменттерге мүмкіндігінше жақсы қарсы тұру үшін бар болса қосымша тұтқаны пайдаланыңыз. Оператор тиісті сақтық шараларының көмегімен кері соққыларға және реакциялық моменттерге қарсы тұра алады. ▶ Қолыңыз айналып жатқан құралдың жанында болмауы керек. Кері соққы кезінде құрал қолыңызға жылжуы мүмкін.

▶ Айналатын шеңбердің алдындағы және артындағы аймаққа жақындамаңыз. Кері соққы электр құралды бұғатталу орнындағы тегістеу шеңберінің қозғалысына кері бағытта жылжытады. ► Бұрыштарда, үшкір жиектерде және т.б. әсіресе абайлап жұмыс істеңіз. Жұмыс құралының дайындамадан ыршуын және сыналануын болдырмаңыз. Айналып жатқан жұмыс элементі бұрыштарда, үшкір жиектерде және ыршу кезінде сыналануға бейім. Бұл бақылауды жоғалтуды және кері соққыны тудырады. ▶ Аралау шынжырларын және аралау полотносын және ені 10 мм көп болған ойықтық бұрышты алмасты шеңберді пайдаланбаңыз. Мұндай жұмыс құралдары жиі кері соққының немесе электр құралды бақылауды жоғалтудың себебіне айналады. Кесу шеңберінің бұғатталуын немесе артық басу қысымын болдырмаңыз. Тым терең кесулерді орындамаңыз. Кесу шеңберіне артық жүктеме түсіру оның еңкеюіне және бұғатталуына әкеледі және осылайша кері соққының немесе абразивті құралдың сынуы мүмкіндігін арттырады. Кесу шеңбері сыналаңда, жұмыс үзілісінде электр құралын өшіріңіз және шеңбер тоқтағанша қозғалтпай ұстаңыз. Әлі айналып жатқан шеңберді кесілген жерден шығаруға ешқашан тырыспаңыз, бұл кері соққыға әкелуі мүмкін. Сыналану себебін анықтаңыз және жойыңыз. ▶ Абразивті құрал әлі дайындамада кезде электр құралды қайтадан қоспаңыз. Кесуді жалғастырмай тұрып кесу шеңберіне толық айналымдарға жетуге мүмкіндік беріңіз. Әйтпесе шеңбер тұрып қалуы, дайындамадан ыршуы және кері соққыға әкелуі мүмкін. ▶ Кесу шеңбері сыналанған жағдайда кері соққы мүмкіндігін азайту үшін тақталарды және үлкен дайындамаларды тіреңіз. Үлкен дайындамалар өз салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы кесіп жатқан жердің екі жағында да, жиектерде де тіреу керек. ▶ Қабырғаларда және көрінбейтін аумақтарда кесуді орындау кезінде әсіресе сақ болыңыз. Ендірілетін кесу шеңбері кесу кезінде су құбырына, электр сымдарына және басқа нысандарға тиіп, бұл кері соққыға әкелуі мүмкін.

Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары

Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.BOSCH GNF 65 A Professional - Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары - 1

▶ Дайындаманы қысқышпен немесе басқа жолмен тұрақты тіреуіште бекітіңіз. Егер дайындаманы тек қолмен немесе денеге басып ұстасаңыз ол тұрақты болмай бақылау жоғалтуына алып келуі мүмкін.

▶ Құлақты қорғау құралдарын, қорғаныш көзілдірікті, шаңтұтқыш пен қолғаптарды киіңіз. Шаңтұтқыш ретінде FFP 2 сыныпындағы кемінде бір бөлшекті сүзгілейтін жартылық шаңтұтқышты пайдаланыңыз. Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып, жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе ток соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию материалдық зиян немесе ток соғуына алып келуі мүмкін. Жұмыстан соң кесу дискісін суығанша тимеңіз. Кесу дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады. Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарылады.

Өнім және қызмет сипаттамасы

BOSCH GNF 65 A Professional - Өнім және қызмет сипаттамасы - 1

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау ток соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Электр құралының суреті бар бетті ашып, пайдалану нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.

Тағайындалу бойынша қолдану

Электр құралы М шаң сыныбындағы шаңсорғышпен, қатты тірелген күйде бағыттауыштармен болаттық бетон, тас пен жол қаптамасы сияқты көбінесе минералдық заттектерді су пайдаланбай кесуге және оюға арналған.

Бейнеленген құрамды бөлшектер

Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай.

1 Қосқыш/өшіргіш 2 Аралау бұрышының шкаласы 3 Айналма деңгелек 4 Қосымша тұтқа 5 Қосымша тұтқа ұстағыш 6 Қосымша тұтқа ұстағыштың бекіту бұрандасы 7 Шпиндельді бекіту түймесі 8 Бағыттауыштың қорғауыш қаптамасы 9 Тереңдік шектеуішінің цангалық қысқышы 10 Аспирациялық келте құбыр 11 Сору ніні 12 Сорғыш шланг 13 Бұрандалы шеге 14 Қорғайтын қаптаманың қысқыш тұтқышы 15 Ажарлау шпинделі 16 Тірек фланеці 17 Алмас кесу шеңбері*

Қазақша | 161

20 Қысатын сомынның екі тесікті кілті*

21 Сындыру аспабы*

* Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.

Техникалық мәліметтер

Ойык кескішGNF 65 А
Өнім нөмірі0 601 368 7..
Кесімді куаты пайдалануВт2
ӨнімділікВт1
Бос айналу сәтімин 1 5 200
алмасты тегістеу шеңберінің макс. диаметрімм 230
алмастык тегістеу шеңберімен жұмыс істеу – мин. тегістеу шеңберінің қалындығымм2,3
– макс. тегістеу шеңберінің қалындығымм2,8
Екі алмасты кесу шеңберімен жұмыс істеу – мин. тегістеу шеңберінің қалындығымм2 x 2,3
– макс. тегістеу шеңберінің қалындығымм2 x 2,8
Аралау дискісінің тесігінің диаметрімм 22,2
Ойык терендігімм 20 - 65
Ойык енімм8 - 40
EPTA-Procedure 01:2014 кужатына сай салмағыкг8,4
Сақтық сынылы☐/П
Мәліметтер (U) 230 В кесімді кернеуге арналған. Басқакернеу және елде кабівіданған заңдар буля мәліметтерді озгертуі мүмкин.

Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат

Өлшемдер EN 60745 бойынша есептелген (эктас).

А мен белгіленген электр құралын шуыл деңгейі әдетте төмендегіге тең: дыбыс күші 97 дБ(А); дыбыс қуаты 108 дБ(А). Өлшеу дәлсіздігі К = 3 дБ.

Кулақты қорғау құралдарын киіңіз!

Жиынтық діріл мәні aₙ (үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі EN 60745 стандартына сай анықталған:

a₀ = 9.0 м/с², K < 2.0 м/с²

Осы ескертпелерде берілген дірілдеу мәні EN 60745 ережесінде мөлшерленген өлшеу әдісі бойынша есептелген болып, құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол дірілдеу қуатын шамалап өлшеу үшін де жарамды. Берілген діріл мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін түрлі керек-жарақтармен басқа алмалы-

салмалы аспаптармен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса, дірілдеу мәндері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы діріл қуатын арттырады. Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту: қолдарды жылы ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.

Сәйкестік мәлімдемесі

CE

Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер" де сипатталған өнімнің 2011/65/EU, 2014/30/EU, 2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті анықтамаларына өзгерістерімен бірге сәйкес екенін және төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз: EN 60745, EN 50581.

Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідей: Robert Bosch Power Tools GmbH, PT/ETM9, 70538 Stuttgart, GERMANY

Henk Becker

▶ Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.

Шаңсорғыш

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек.

  • Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз.
  • Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
  • Р2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын үйғарымдарды пайдаланыңыз.

Шаңсорғышта тас шаңын соруға рұқсат болуы керек. Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.

Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.

Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал қосылғанда автоматты түрде іске қосылады. Шаңсору кепте құбырын 11 аспирациялық кепте құбырына 10 салып, шаңсору шлангіне 12 қосыңыз. Сорғыш шлангін 12 шаңсорғышқа қосыңыз (жабдықтар). Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.

Ойық кескіш пайдалану туралы ескертулер

Жұмыс уақытында болатын шаңды шығаруды азайту үшін келесі сақтық шараларын қолданыңыз.

— Тек Bosch ұсынған ойық кескіш пен М шаң сыныпындағы шаңсорғыш комбинациясын пайдаланыңыз. Басқа тіркесімдер шаңды жинаудың нашарлауына және шаңның жиналуына әкелуі мүмкін. Шаңсорғыштың техникалық қызмет көрсету және шаңсорғыш пен сүзгілерді тазалау туралы нұсқауларын орындаңыз. Толы болса, шаңжинағыштарды бірден тазалаңыз. Жүйелі түрде шаңсорғыштағы сүзгіні тазалаңыз және шаңсорғышта сүзгіні әрқашан дұрыстап орнатыңыз. - Тек қамтамасыз етілетін Bosch сору шлангтарын пайдаланыңыз. Сору шлангісін ашпаңыз. Егер вакуумдық шлангқа тас сынықтары кірсе, жұмысты бірден тоқтатыңыз және сору шлангісін тазалаңыз. Сору шлангісінің майысуларын болдырмаңыз. - Ойық кескішін тек мақсатына сай пайдаланыңыз. - Тек мінсіз және өткір алмалы-салмалы аспаптарды пайдаланыңыз. Жұмыс тиімділігінің төмендеуі алмалы-салмалы аспаптың тозғанының белгісі болады. - Құрылыс аландарындағы жұмысқа қойылатын жалпы талаптарды орындаңыз. -Жақсы желдетуді қамтамасыз етіңіз. – Еркін жұмыс аймағын қамтамасыз етіңіз. Ұзақ ойықтар кезінде шаңсорғыш еркін қозғалуы немесе уақытылы қозғалуы керек. - Қажет болса, есту органдарын қорғау құралдарын, қорғағыш көзілдірікті, респираторларды, қолғапты киіңіз. Шаңтұтқыш ретінде FFP 2 сыныпындағы кемінде бір бөлшекті сүзгілейтін жартылық шаңтұтқышты пайдаланыңыз. - Жұмыс орнын тазалау үшін сайкес шаңсорғышты пайдаланыңыз. Бұрылыстарда жиналған шаңды кетірмеңіз.

Қорғаныш қаптамасын реттеу

Қорғағыш қаптаманы 8 шектелген күйде реттеуге болады. Цангалық қысқышты 14 босатып, қорғағыш қаптаманы 8 жұмыс жағдайына сай бұраңыз. 13 бұрандасының жылжымауына көз жеткізіңіз.

Сосын қорғағыш қаптаманы 8 цангалық қысқышпен 14 қайта бекітіңіз.

Қосымша тұтқаны орнату

Қосымша тұтқаны 4 жұмыс әдісіне байланысты оңға немесе солға қарай қосымша тұтқа ұстағышына бұрап бекітіңіз.

Қосымша тұтқа ұстағышын бекіту бұрандасын 6 босатқаннан соң 30° қадамда жұмыс күйіне лайықтау мүмкін.

Бекіту бурандасын 6 бурауда қосымша тұтқа ұстағышының төрт бекіту істіктері қорғағыш қаптаманың 8 тесіктерінде болуын қамтамасыз етіңіз.

Алмасты кесу шеңберлерін орнату

▶ Барлық жұмыстардан алдың электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. ▶ Алмасты тегістеу шеңберлерін орнату мен алмастыруда қорғауыш қолғапты кию ұсынылады. ▶ Алмасты тегістеу шеңберлері жұмыс істеуде қызады, әбден суығанша оларға тимеңіз. ▶ Алмасты тегістеу шеңберін пайдаланыңыз. Бунақты алмасты шеңберлер тек теріс кесу бұрышымен бунақ арасында 10 мм максималды ойықтық болуы керек.

Электр құралды шетке қойып, кесу тереңдігі шкаласы 2 көрінетін етіңіз.

Цангалық қысқышты 9 босатып, ең кіші кесу тереңдігін реттеңіз.

Қысу құралдарын шешу (А суретін қараңыз)

Тегістеу шпинделін 7 бекіту үшін шпиндельді бекіту түймесін басыңыз.

▶ Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдау мүмкін.

Қысқыш сомынды 19 20 екі тесікті кілтімен босатып, 19 қысқыш сомынды бұрап шешіңіз. 18 дистанциялық шайбасы мен 16 тірек фланецін шешіңіз.

Тегістеу шпинделін 15 және барлық орнатылатын құралдарды тазалаңыз.

Ойық енін анықтау

Ойық енін 18 дистанциялық шайба санынан екі 17 алмас шеңберлер арасында және алмас кесу шеңберінің кесу енінен есептеуге болады.

Ойық енін төмендегідей есептеу мүмкін: Ойық ені = Дистанциялық шайба қалыңдығы + Алмасты кесу шеңберлердің ені.

Рұқсат етілген ойық ені „Техникалық мәліметтер" бөлімінде көру мүмкін.

Электр құралын бір немесе екі алмас кесу шеңберімен пайдалану мүмкін.

Кысу аспаптарын орнату (А суретін қараңыз)

Қысу фланецін 16 ажарлау шпинделіне орнатыңыз. Қысу фланеці айналу ұстағышымен ажарлау шпинделінде дұрыс тұруы керек.

Алмас кесу шеңберін 17 және 18 дистанциялық шайбаларды 16 қысу фланеціне орнатыңыз.

▶ Керекті ойық еніне байланысты емес ретте жинақтағы 18 дистанциялық шайбалардың барлығын орнату керек. Әйтпесе 17 алмас кесу шеңбері жұмыс істеу кезінде босап, жарақаттануға алып келуі мүмкін.

Керекті дистанциялық шайбалар саны:

3 дана 4 мм қалыңдықпен және 4 дана 6 мм қалыңдықпен

2 алмас кесу шеңберінің 17 арасында кемінде бір 18 дистанциялық шайбасын орнату керек.

Алмас кесу шеңберлерін орнатуда алмас кесу шеңберіндегі айналу бағытының көрсеткісі электр құралдағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз (редукторлық бастағы айналу көрсеткісін қараңыз).

Қысу гайкасын 19 орнатыңыз және гайка кілтімен 20 берік бекемденіз.

2 алмас кесу шеңберімен жұмыс істеген кезде 17 әрдайым екеуін де алмастырыңыз.

Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.

Ескертпе: Орнатылған алмас кесу шеңберлері 17 ең кіші таңдалған кесу тереңдігінде де қорғағыш қаптамадан шығып тұрады. Сол үшін электр құралды ешқашан айналма дөңгелекке қоймаңыз 3, әрдайым жанына қойыңыз.

Пайдалану

Кесу тереңдігін таңдау

▶ Кесу тереңдігін таңдауды тек электр құрылғысы өшірулі кезде орындау керек.

Цангалық қысқышты 9 босатып, кесу тереңдігі шкаласы 2 бойынша керекті кесу тереңдігін реттеңіз. Сосын цангалық қысқышты 9 қайта бұрап бекітіңіз.

Пайдалануға ендіру

Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі мүмкін.

Қосу/өшіру

Электр құралын іске қосудан алдын артқы айналма дөңгелектерге 3 алмас кесу шеңберлерін дайындамаға тимейтіндей етіп қойыңыз. Әйтпесе алмас кесу шеңберлерінің дайындамаға тиюінен қосудан соң электр құралын бақылауды жоғалтуыңыз мүмкін.

Электр құралды қосу үшін сөндіргішті 1 алға жылжытыңыз, содан кейін басыңыз.

Басылған сөндіргішті 1 бекіту үшін сөндіргішті 1 одан әрі алға жылжытыңыз.

Электр құралды өшіру үшін сөндіргішті 1 жіберіңіз немесе бекітілсе, сөндіргішті 1 қысқа уақыт бойы басыңыз және жіберіңіз.

Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек пайдаланарда қосыңыз.

Бекітілмейтін сөндіргіш (кейбір елдер үшін):

Электр құралды қосу үшін сөндіргішті 1 алға жылжытыңыз, содан кейін басыңыз.

Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 1 жіберіңіз.

▶ Әлі айналып тұрған электр құралды ешқашан айналма дөңгелекке қоймай, 3 алмас кесу шеңберлері еркін айналып денеге көрсетпейтін етіп жанына қойыңыз.

▶ Пайдаланудан алдын алмасты тегістеу шеңберін қайта тексеріңіз. Тегістеу шеңбері мінсіз орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін алмасты тегістеу шеңберін пайдаланбаңыз. Бұзылған алмасты тегістеу шеңберлері жарылып зақымдарға алып келуі мүмкін.

Іске қосу тогының шектеулері

Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Артық жүктеу қорғанысы

Қайта іске қосқанда қозғалтқыш тоқтайды. Құрылғының бос жүрістегі ең жоғары жүктемеде шамамен 30 секунд бойы сууына мүмкіндік беріңіз.

Қайта қозғалу сақтағышы

Кездейсоқ қосылудан қорғау қуатпен қамтудағы ақаулықтан кейін электр құралдың бақылаусыз іске қосылуын болдырмайды.

Қайта пайдалану үшін ажыратқышты 1 өшірілген күйге келтіріп электр құралды қайта қосыңыз.

Ескертпе: Жұмыс кезінде желілік ашаны суырып, қайта қосу арқылы қайта іске қосу функциясын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.

▶ Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда абайлаңыз, „Статика туралы нұсқаулар“ тарауын қараңыз.

▶ Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.

▶ Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе, дайындаманы бекітіңіз.

▶ Бұл электр құралды тек құрғақ кесу үшін пайдалануға болады.

Электр құралын әрдайым екі тұтқадан ұстап бағыттаңыз. Электр құралды шаңсору келте құбырынан ұстамаңыз немесе тасымалдамаңыз.

- Кесу тереңдігін реттеңіз, „Кесу тереңдігін таңдау“ тарауын қараңыз. Жұмыс бастағанда пайда болатын дәлсіздіктерді теңестіру үшін кесу тереңдігін керегінен шамамен 3 мм тереңірек реттеу керек.

BOSCH GNF 65 A Professional - Қайта қозғалу сақтағышы - 1

  • Электр құралын екі артқы айналмалы дөңгелекке 3 алмас кесу шеңберлері дайындамаға тимейтіндей етіп қойыңыз.
  • Электр құралды қосып, материалға батырыңыз.
  • Электр құралды екі тұтқамен біркелкі, материалға сәйкес берумен жылжытыңыз.
  • Электр құралды әрқашан айналу бағытына қарсы жүргізу керек. Әйтпесе бақылаусыз кесілген жерден шығу қаупі туындайды.
  • Электр құралды кесу бағытында жылжыту немесе тарту мүмкін. Тік ойықтар жоғарыдан төменге тарту арқылы оңай жасалады.
  • Жұмыс әдісін аяқтағаннан соң алмас кесу шеңберлерін қозғалтқыш істеп тұрғанда ойықтан шығарып төңкеріңіз.
  • Электр құралды өшіріңіз. Тегістеу шеңберін бүйірлік қысыммен тоқтатпаңыз. Айналып тұрған электр құралды ешқашан айналмалы дөңгелекке қоймай, 3 алмас кесу шеңберлері еркін айналып денеге көрсетпейтіндей етіп жанына қойыңыз.
  • Алмас тегістеу шеңберлері жұмыс істеуде қызады, әбден суығанша оған тимеңіз.

21

Материалда қалған арқалықтарды сындыру аспабымен шығарыңыз.

Қисық кесіктер жасау мүмкін емес, себебі алмас кесу шеңберлері дайындамада тығылып қалуы мүмкін.

Плиталық заттектерді ажыратуда олар қатты табанда немесе тіреліп тұруы керек.

Мысалы, перфоратормен қабырғаны тесуде алдымен максимальды кесік тереңдігінде ойық жасап беттегі материал жарылуының алдын алуыңыз мүмкін.

Құрамында қиыршық тас өте көп аса қатты материалдарды, мысалы, бетонды, өңдеу кезінде алмас шеңбер қызып кетуі және зақымдалуы мүмкін. Алмас шеңбердегі ұшқындар осыны білдіреді.

Бұл жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас шеңберді бос жүрісте, ең жоғары жылдамдықта қысқа уақыт бойы салқындатыңыз.

Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және ұшқындар алмас кесу шеңбері өтпес болып қалғанын білдіреді. Оны абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште, қысқа кесу арқылы өткірлеуге болады.

Статика туралы нұсқаулар

Тірек қабырғалардағы ойықтарға DIN 1053 нормасының 1 тармағы немесе сәйкес елдегі ереже қолданылады.

Бұл нұсқауларды міндетті түрде орындау керек. Жұмысты бастамас бұрын статика жөніндегі маманмен, сәулетшімен немесе прорабпен кеңесіңіз.

Рұқсат етілген ойық тереңдігі мен ені ойық ұзындығына, қабырға қалыңдығына және пайдаланған құрылыс материалына байланысты.

Техникалық күтім және қызмет

Қызмет көрсету және тазалау

▶ Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.

▶ Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.

Жұмысты аяқтағаннан соң қысқыш құралдарды шешіп, барлық қысқыш бөліктер мен қорғаныш қаптамасын тазалаңыз.

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету орталықтарында орындаңыз.

Қосалқы бөлшектер

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері

Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:

www.bosch-pt.com

Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға тиянақты жауап береді.

Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде электр құралы зауыттық тақтайшасындағы 10 орынды өнім нөмірін жазыңыз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош“ фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Қазақстан

ЖШС „Роберт Бош“

Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы

Алматы қаласы

Қазақстан

050050

Райымбек даңғылы

Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1

Тел.: +7 (727) 232 37 07

Факс: +7 (727) 233 07 87

E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com

Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz

Кәдеге жарату

Электр құралдарын, жабдықтарды және олардың қаптамаларын қоршаған ортаны қорғайтын кәдеге жарату орнына апару қажет.

Электр құралдарын үй қоқысына тастамаңыз!

Тек қана ЕО елдері үшін:

BOSCH GNF 65 A Professional - Кәдеге жарату - 1

Электр және электрондық ескі құралдар бойынша Еуропа 2012/19/EU ережесі және оның ұлттық заңдарда орындалуы бойынша басқа пайдаланып болмайтын электр құралдар бөлек жиналып кәдеге жаратылуы қажет.

Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GNF 65 A Professional

Санат : Бұранда