ZOB335X - Пешка ZANUSSI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз ZOB335X ZANUSSI PDF форматында.
| Өнім түрі | Кіріктірілген пеш |
| Бренд | Zanussi |
| Модель | ZOB335X |
| Ені | 60 см |
| Биіктігі | 59.5 см |
| Тереңдігі | 56.8 см |
| Салмағы | 35 кг |
| Қуат көзі | 230 В ~ 50 Гц, 3200 Вт |
| Пайдалы көлем | 72 л |
| Негізгі функциялар | Жоғарғы және төменгі қыздыру, Гриль, Желдеткіш, Жібіту, Турбожылу |
| Тазалау жүйесі | Пиролиз |
| Қауіпсіздік | Балалардан қорғау құлпы, Автоматты өшіру |
| Энергия тиімділігі класы | A |
| Есік материалы | Шыңдалған шыны |
| Түсі | Тот баспайтын болат |
| Орнату түрі | Кіріктірілетін |
| Жөндеу мүмкіндігі | Қосалқы бөлшектер қолжетімді, жөндеу мүмкіндігінің индексі 7.5/10 |
Жиі қойылатын сұрақтар - ZOB335X ZANUSSI
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы ZOB335X ZANUSSI
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Пешка PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз ZOB335X - ZANUSSI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. ZOB335X брендінің ZANUSSI.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ ZOB335X ZANUSSI
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар ____ 54 Бірінші қолданғанға дейін ____ 55 Бұйым сипаттамасы 56 Күнделікті қолдану ____ 56 Пайдалы нұсқаулар мен кеңестер _ 57 Тамақ пісіру панелі 58 Күту мен тазалау ____ 63
Не істерсіз, егер... 65 Орнату 65 Электр тоғына қосу 66 Техникалық сипаттама 67 Қоршаған ортаға зиян келтірмеу туралы мағлұматтар 67
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету мен құрылғыны дұрыс іске қосу үшін, оны орнатып, іске қоспас бұрын аталмыш нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де осы нұсқаулық құрылғымен бірге болсын. Құрылғыны пайдаланатын адамдар оның қауіпсіздік функциялары мен іске қосу жолдарын толық білуге тиіс.
Дұрыс пайдалану
- Қосылып тұрған құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз.
- Құрылғы тек үйде ғана қолдануға арналып шығарылған.
- Пештің үстін жұмыс бетіне айналдыруға не зат сақтау үшін пайдалануға болмайды.
- Тұтанғыш сұйықтарды, өте тез тұтанғыш не еріп кететін заттарды (мысалы, пластик таспа, пластмасса, алюминий) құрылғы үстіне не қасына қоймаңыз.
- Электр құрылғыларын жақын жердегі розеткаға қосқан кезде абай болыңыз. Қосылым сымдарының пештің есігінің арасына қыстырылып не оған тиіп кетпеуін қадағалаңыз.
- Су ыдыстар мен пісірілген тағамдарды пештің ішінде ұстамаңыз, себебі бу пештің сырлы қаптамасын бүлдіріп не құрам бөліктерінің ішіне кіріп кетеді.
- Жарақаттанып қалмау не құрылғыны бүлдіріп алмау үшін жөндеу жұмыстарын өзіңіз жүргізуге әрекеттенбеңіз. Әрқашан
жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Түрпілі тазалағыш заттар мен өткір металл қырғыштарды пеш есігінің шынысын тазалау үшін пайдаланбаңыз, себебі шыныға сызат түсіп, шытынап кетеді.
Эмаль каптамаға қатысты ескерту
Пайдалану барысында пештің эмаль қабатының түрінің өзгеруі пештің қалыпты жұмыс істеуіне және оны қолдануға әсер етпейді. Сондықтан да, бұл кепілдік шартына сай жөнделуге тиіс ақаулықты тудырмайды.
Бала қауіпсіздігі
- Бұл құрылғыны тек ересек адамдар ғана қолдануға тиіс. Балаларды құрылғымен ойнап қоймас үшін қадағалап отыру қажет.
- Орам материалдарының барлығын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тұншығып қалу қаупі бар.
- Балаларды жұмыс істеп тұрған құрылғыдан алыс ұстаңыз. Жұмыс жасап тұрған құрылғының қол жететін жердегі бөлшектері қатты ысып кетеді. Күйіп қалу қатері бар.
Қауіпсіздікке қатысты жалпы нұсқаулар
- Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне не пеш жұмысына қатысты тәжірибесі мен білімінің аздығына байланысты
пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды алмайынша не өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.
- Жұмыс жасап тұрған пештің іш жағы қатты ысып кетеді. Қыздырғыш элементтерге қол тиіп кетпес үшін абай болыңыз. Күйіп қалу қатері бар.
- Тамақ пісірген кезде не пісіруді аяқтаған соң жиналған бу немесе жылуды сыртқа шығару үшін пештің есігін ашқан кезде әрқашан артқа шегініңіз.
Орнату
- Құрылғыны тасымалдаған кезде оның жерінің бүлінбегенін тексеріңіз. Бүлінген
Бірінші қолданғанға дейін
құрылғыны ешқашан желіге қоспаңыз. Қажет болса, құрылғыны сатқан жерге хабарласыңыз.
- Осы құрылғыны жөндеуге тек уәкілетті маман ғана құқылы. Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
- Кіріктіріліп орнатылатын құрылғыларды арнайы орынға немесе стандарттарға сай келетін жерге орнатқан соң ғана іске қосу қажет.
- Бұл өнімді өзгертуге немесе оның техникалық сипаттарына өзгеріс енгізуге болмайды. Жарақат алу немесе құрылғыға зақым келу қаупі бар.
Назарыңызда болсын! Электр желісіне ережелерді мұқият сақтай отырып жалғаңыз.
Құрылғыны пайдаланар алдында түмшапештің ішіндегі және сыртындағы орам материалдарының барлығын алыңыз. Техникалық ақпарат тактайшасын алмаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Түмшапештің есігін ашу үшін, тұтқасын әрқашан ортасынан ұстаңыз.
Алғашқы тазалау
- Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың барлығын алыңыз.
- Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Жеміргіш жуғыш заттарды
қолданбаңыз! Құрылғының бетіне нұқсан келтіруі мүмкін. "Күтіп ұстау және тазалау" тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
Пештің ішінде қалған қалдықты күйдіріп жіберу үшін 📁 және ең жоғары температураны орнатып, бос пешті 45 минут қыздырыңыз. Керек-жарақтар әдеттегіден қаттырақ қызуы мүмкін. Осы кезде иіс шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай. Бөлменің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
Жалпы шолу

Пеш жабдықтары
• Түмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға арналған.
Күнделікті қолдану
Пешті қосу және өшіру
- Пештің функциясын басқаратын түймешесін пеш функциясына қойыңыз.
- Температура түймешесін температураға қойыңыз. Пеш жұмыс істеп тұрған кезде қуат шамы жанады. Температура шамы пештің температурасы көбейе бастаған кезде жанады.
- Пешті өшіру үшін пештің функцияларын басқаратын түймеше мен температура түймешесін Off қалпына қойыңыз.
1 Бақылау панелі 2 Температура индикаторы 3 Температура тетігі 4 Таймер 5 Түмшапеш функцияларының тетігі 6 Қуат индикаторы 7 Желдеткіш саңылаулары 8 Гриль 9 Түмшапештің шамы 10 Желдеткіш 11 Техникалық ақпарат тақтайшасы
• Терең пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
Таймер - Пісірудің соңын бағдарламалау
Түмшапеш функциясын сөндіру уақытын орнату үшін қолданыңыз.
- Түмшапештің функциясы мен температурасын орнатыңыз.
- Таймер тетігін ("Бұйым сипаттамасы" тарауын қараңыз) шегіне дейін бұраңыз. Содан кейін қажетті уақыт мәніне бұраңыз.
- Уақыт өткеннен кейін сигнал естіледі де, құрылғы сөнеді.
Құрылғыны қолдан басқару режиміне қою үшін таймердің тетігін қалпына қойыңыз.
Желдеткіш
Құрылғы іске қосылған кезде, құрылғының беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш автоматты түрде іске қосылады. Құрылғыны өшірсеңіз, желдеткіш тоқтайды.
Қауіпсіздік терморелесі
Бұл пеш (дұрыс пайдаланбау не элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты) шамадан тыс қызып кету тәрізді қатерлі жағдайдың алдын алу үшін қуатты үзіп тастайтын қауіпсіздік терморелесімен жабдықталған.
Температурасы төмендеген кезде пеш автоматты түрде қайта қосылады.
Пеш функциялары
| Түмшапеш функциясы Қолданылүы | ||
| OFF (сөндірулі) қалпы | Құрылғы сөндірулі. | |
![]() | Қосарлы гриль | Бүтін қақтама элементі қосылады.Жалпақ етіп дайындалған тағамдардан көп мөлшерде гриль дайындауға арналған. Тост жасау үшін. |
![]() | Желдеткіш арқылы пісіру | Бірнеше сөрені пайдалана отырып, бірдей температурада пісірілуге тиіс тағамдарды иістерін бір-біріне сіңірмей құыруға немесе құырып-пісіруге арналған. |
![]() | Дәстүрлі пісіру | Жоғарғы және төменгі элементтен бірдей қыздырады. Түмшапештің бір деңгейінде пісіру және құыру үшін. |
![]() | Түмшапештің шамы | Ешқандай пісіру функциясыз жанып тұрады. |
Назарыңызда болсын! Тағамды
пісіргенде, тіпті гриль жасаған кезде де әрқашан пеш есігін жауып отыру қажет.

Пісіру табаларын, кәстрөлдерді т.с.с.
пештің сыры кетпес үшін оның табанына қоймаңыз.

Пештің сырын кетіріп алмас үшін оның
- Пештің төрт сөре қатары бар. Сөре қатарлары пештің астынан бастап саналады.
- Әртүрлі тағамдарды пештің екі қатарына қойып, бір мезгілде пісіруіңізге болады. Сөрелерді 1-ші және 3-ші қатарға қойыңыз.
- Пеш ауаны үздіксіз айдап және буды тұрақты айналдырып отыратын арнайы жүйемен жабдықталған. Бұл жүйе тамақты булы ортада пісіріп, тағамдардың ішін жұмсақ, ал сыртын қытырлақ күйде сақтайды. Сондай-ақ, бұл тамақ пісіретін уақыт пен қуат шығынын барынша азайтады.
- Құрылғының ішіне немесе есігінің шынысына конденсат тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісіріліп жатқан кезде есікті әрқашан артқа шегініп барып ашыңыз. Бу конденсаты аз жиналу үшін пешті тағамды пісірмей тұрып 10 минуттай қыздырып алыңыз.
- Құрылғыны әр пайдаланып болған сайын ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
Торттарды пісіру
- Торт пісіруге 150°C мен 200°C аралығындағы температура тамаша сай келеді.
- Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут қыздырып алыңыз.
- Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
- Бір уақытта екі пісіру сөресін пайдалансаңыз, олардың арасындағы бір қатарды ашық қалдырыңыз.
- Салмағы 1 кг-нан аз болатын етті пісірмеңіз. Тым аз етті пісіргенде ет өте кебір болып піседі.
- Қызыл еттің сырт жағын әбден, ішін сөлімен пісіру үшін температураны 200 °С-250 °С аралығында орнатыңыз.
- Үй құсының еті не балық тәрізді ақ етті пісіру үшін температураны 150°C - 175 °С аралығында орнатыңыз.
- Өте майлы тағам пісірген кезде, пеште кетпейтін дақ қалып қоймас үшін май жинайтын табаны қолданыңыз.
- Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай тұрып 15 минуттай қоя тұрыңыз.
- Тағам қуырған кезде пештің іші қатты түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш табаға аздап су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас үшін, су кеуіп кеткен сайын қосымшалап су құйыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыты тағамның түріне, құрылымына және мөлшеріне байланысты.
Бастапқы кезде, тағамның қалай пісірілетініне назар аударыңыз. Осы құрылғыны қолданған кезде, ыдысқа, рецептілерге және тағамның мөлшеріне барынша сай келетін параметрлерді (қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.) табыңыз.
Тамақ пісіру панелі
Пісіру және қуыру кестесі
| TAFAM TYPI | Дәстүрлі пісіру | Желдеткіш арқылы пісіру | Пісіру уақыты [мин] | Ескерімдер | ||
| Деңге й ☐ | Темп. [°C] | Деңге й ☐ | Темп. [°C] | |||
| Шайқап пісіру рецептері | 2 170 | 2 (1 | және 3) | 165 | 45-60 | Тортқа арналған қалыпта |
| Угілмелі қамыр | 2 170 | 2 (1 | және 3) | 160 | 24-34 | Тортқа арналған қалыпта |
| Майсу қосылған сүзбелі торт | 1 | 170 | 2 | 165 | 60-80 | Тортқа арналған 26 см- лік қалыпта |
| TAFAM TYPI | Дестурлі пісіру | Желдеткіш арқылы пісіру | Пісіру уақыты [мин] | Ескерімдер | ||
| Денге й ☐ | Темп. [°C] | Денге й ☐ | Темп. [°C] | |||
| Алма торты (Алма бәліші) | 1 170 | 2 (1 | және 3) | 160 | 100-120 | Сөреге қойылған 20 см- лік 2 торт қалыбы |
| Штрудель | 2 | 175 | 2 | 150 | 60-80 | Пісіру табағында |
| Джем қосылған пирожныйлар | 2 170 | 2 (1 | және 3) | 160 | 30-40 | Тортқа арналған 26 см- лік қалыпта |
| Жеміс торты | 2 | 170 | 2 | 155 | 60-70 | Тортқа арналған 26 см- лік қалыпта |
| Бисквит торт (майсыз бисквит торт) | 2 | 170 | 2 | 160 | 35-45 | Тортқа арналған 26 см- лік қалыпта |
| Рождество торты/ шырынды жеміс-жидек торты | 2 | 170 | 2 | 160 | 50-60 | Тортқа арналған 20 см- лік қалыпта |
| Қара өрік торты | 2 170 | 2 165 50-60 | Нан қалыбында 1) | |||
| Кішкене кекстер | 3 170 | 3 (1 | және 3) | 165 20-30 Жайпақ пісіру табағында | ||
| Печеньелер 3 | 150 3 (1 | және 3) | 140 20-30 Жайпақ пісіру табағында 1) | |||
| Меренга | 3 | 100 | 3 | 115 | 90-120 | Жайпақ пісіру табағында |
| Мейізді тоқаш | 3 | 190 | 3 | 180 | 15-20 | Жайпақ пісіру табағында 1) |
| Кремді пирожный | 3 190 | 3 (1 | және 3) | 180 25-35 Жайпақ пісіру табағында 1) | ||
| Тарталетка | 3 | 180 | 2 | 170 | 45-70 | Тортқа арналған 20 см- лік қалыпта |
| Виктория сәндвичі | 1 не 2 | 180 | 2 | 170 | 40-55 | 20 см-лік торт қалыбының сол + оң жағында |
НАН ЖӘНЕ ПИЦЦА
| TAFAM TYPI | Дәстүрлі пісіру | Ауамен желпіп пісіру | Пісіру уақыты [мин] | Ескерімдер | ||
| Деңге й ☐ | Темп. [°C] | Деңге й ☐ | Темп. [°C] | |||
| Ақ нан | 1 | 190 | 1 | 195 | 60-70 | 1-2 бөлке, бір бөлкесі 500 г 1) |
| Қарабидай наны | 1 | 190 | 1 | 190 | 30-45 | Нан пісіретін қалбырда |
| Тоқаш 2 190 2 (1 | және 3) | 180 | 25-40 | 6-8 токаш, жайпақ пісіру табағында 1) | ||
| Пицца | 1 | 190 | 1 | 190 | 20-30 | Құыруға арналған шұңғыл табада 1) |
| Шелпек | 3 | 200 | 2 | 190 | 10~20 | Жайпақ пісіру табағында 1) |
| TAFAM TYPI | Дәстүрлі пісіру | Ауамен желпіп пісіру | Пісіру уақыты [мин] | Ескерімдер | ||
| Деңге й ⚫ | Темп. [°C] | Деңге й ⚫ | Темп. [°C] | |||
| Макаронды ашық бәліш | 2 | 180 | 2 | 180 | 40-50 | Қалыпта |
| Қекөністі ашық бәліш | 2 | 200 | 2 | 200 | 45-60 | Қалыпта |
| Бәліш | 1 | 190 | 1 | 190 | 40-50 | Қалыпта |
| Лазанья | 2 | 200 | 2 | 200 | 25-40 | Қалыпта |
| Қамыр түтікшелер | 2 | 200 | 2 | 200 | 25-40 | Қалыпта |
| Йоркшир пуддингі | 2 220 | 2 210 20-30 | 6 пуддинг қалыбы 1) | |||
| TAFAM TYPI | Дестурлі пісіру | Желдеткіш арқылы пісіру | Пісіру уақыты [мин] | Ескерімдер | ||
| Денге й ⏻ | Темп. [°C] | Денге й ⏻ | Темп. [°C] | |||
| Сиыр еті | 2 | 200 | 2 | 190 | 50-70 | Пеш сөресі мен құыруға арналған шүңғыл табада |
| Шошка еті | 2 | 180 | 2 | 180 | 90-120 | Пеш сөресі мен құыруға арналған шүңғыл табада |
| Бузау еті | 2 | 190 | 2 | 175 | 90-120 | Пеш сөресі мен құыруға арналған шүңғыл табада |
| Шала құырылған ағылшын ростбифі | 2 | 210 | 2 | 200 | 44-50 | Пеш сөресі мен құыруға арналған шүңғыл табада |
| Орташа құырылған ағылшын ростбифі | 2 | 210 | 2 | 200 | 51-55 | Пеш сөресі мен құыруға арналған шүңғыл табада |
| Жаксы құырылған ағылшын ростбифі | 2 | 210 | 2 | 200 | 55-60 | Пеш сөресі мен құыруға арналған шүңғыл табада |
| Шошқаның қол омыртқасы | 2 | 180 | 2 | 170 | 120-150 | Құыруға арналған шүңғыл табада |
| Шошқаның жіліншігі | 2 | 180 | 2 | 160 | 100-120 | 2 кесек, құыруға арналған шүңғыл табада |
| Қой еті | 2 | 190 | 2 | 190 | 110-130 | Қол еті |
| Тауық еті | 2 | 200 | 2 | 200 | 70-85 | Түтас пісірілген, құыруға арналған шүңғыл табада |
| Қүркетауық еті | 1 | 180 | 1 | 160 | 210-240 | Түтас пісірілген, құыруға арналған шүңғыл табада |
| Үйрек еті | 2 | 175 | 2 | 160 | 120-150 | Түтас пісірілген, құыруға арналған шүңғыл табада |
| TAFAM TYPI | Дәстүрлі пісіру | Желдеткіш арқылы пісіру | Пісіру уақыты [мин] | Ескерімдер | ||
| Денге й | Темп. [°C] | Денге й | Темп. [°C] | |||
| Қаз еті | 1 | 175 | 1 | 160 | 150-200 | Түтас пісірілген, құыруға арналған шұңғыл табада |
| Қоян еті | 2 | 190 | 2 | 175 | 60-80 | Кесектеп туралған |
| Қоян еті | 2 | 190 | 2 | 175 | 150-200 | Кесектеп туралған |
| Қырғауыл | 2 | 190 | 2 | 175 | 90-120 | Түтас пісірілген, құыруға арналған шұңғыл табада |
БАЛЫҚ ЕТІ
| TAFAM TYPI | Дәстүрлі пісіру | Желдеткіш арқылы пісіру | Пісіру уақыты [мин] | Ескерімдер | ||
| Денге й ☐ | Темп. [°C] | Денге й ☐ | Темп. [°C] | |||
| Бақтак/Теңіз мөңкесі | 2 190 | 2 (1 | және 3) | 175 40-55 3-4 балық | ||
| Тунец/Албырт балық | 2 190 | 2 (1 | және 3) | 175 | 35-60 | 4-6 кесек қоң еті |
Грильдеу
i Пісіруді бастамай тұрып, бос пешті 10 минут қыздырып алыңыз.
| TAFAM TYPI | Мөлшері | Грильдеу | Минутка шаққандағыпісіру уақыты | |||
| Бөліктер | г | денгейі | Температура(°C) | 1-ші жағы | 2-ші жағы | |
| Филе стейкі | 4 | 800 | 3 | 250 | 12-15 | 12-14 |
| Сиыр еті стейкі | 4 | 600 | 3 | 250 | 10-12 | 6-8 |
| Шужыктар | 8 | / | 3 | 250 | 12-15 | 10-12 |
| Шошка етініңбөлігі | 4 | 600 | 3 | 250 | 12-16 | 12-14 |
| Тауық еті (2-ге бөлінген) | 2 | 1000 | 3 | 250 | 30-35 | 25-30 |
| Кебаб | 4 | / | 3 | 250 | 10-15 | 10-12 |
| Тауықтың keудесі | 4 | 400 | 3 | 250 | 12-15 | 12-14 |
| Гамбургер | 6 | 600 | 3 | 250 | 20-30 | |
| Балық филесі | 4 | 400 | 3 | 250 | 12-14 | 10-12 |
| Қызартылған сендвич | 4-6 | / | 3 | 250 | 5-7 | / |
| Тост | 4-6 | / | 3 | 250 | 2-4 | 2-3 |
Күту және тазалау

Назарыңызда болсын! Құрылғыны тазалардың алдында өшіріп қойыңыз.
Құрылғының суығанына көз жеткізіп алыңыз.

Назарыңызда болсын! Құрылғыны бу бүріккішпен немесе жоғары қысым
арқылы тазалайтын құралмен тазаламаңыз.

Жеміргіш немесе түрпілі тазалағыш заттарды, өткір құралдарды, дақ кетіргіштер немесе түрпілі жөкелерді қолданбаңыз.

Назарыңызда болсын! Шыны есікті
жеміргіш заттармен немесе металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі шыны панель бетінің қызуға төзімділігі төмендеуі мүмкін.

бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
- Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш сұйық қосылған жылы суға батырылған жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
- Құрылғының металл беттерін әдетте қолданылатын жуғыш заттармен тазалаңыз
- Түмшапештің ішін әр пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз. Осылайша ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
- Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
- Түмшапештің керек-жарақтарының (жуғыш зат қосылған жылы суға батырылған шүберекпен) бәрін әр пайдаланып болған сайын тазалаңыз да, құрғатыңыз.
- Түмшапештің керек-жарағына ластық түрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Бұл оның ластық түрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Түмшапештің есігін тазалау
Түмшапештің есігін тазалар алдында оны түмшапештен ағытып алыңыз.
Назарыңызда болсын! Шыны есікті тазаламас бұрын, шыны қабаттардың салқын болуын тексеріңіз. Шынының сынып кету қаупі бар.
Назарыңызда болсын! Есіктің шыны қабаттары зақымданған немесе жарылған кезде, олар әлсіз болып, сынып кетуі мүмкін. Мұны болдырмау үшін оларды ауыстыру қажет. Қосымша нұсқауларды жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласып алыңыз.

① Есікті толық ашып, есіктің екі топсасын ұстап тұрыңыз.

② Екі топсадағы тетіктерді көтеріп, бұраңыз.

③ Пештің есігін бірінші ашу күйіне (жартылай) қарай жабыңыз. Алға қарай тартып, оны ұясынан шығарып алыңыз. Есікті жұмсақ мата төселген орнықты жерге қойыңыз.
Шыны панельдерді сабын сумен жуыңыз. Жақсылап сүртіңіз.
Тазалау рәсімі аяқталғаннан кейін есікті орнына салыңыз. Ол үшін әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
i Тот баспайтын болаттан немесе алюминийден жасалған аспаптар:
Түмшапештің есігін дымқыл жөкемен ғана тазалаңыз. Жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
Темір жүн, қышқыл немесе түрпілі материалдарды қолданбаңыз, себебі бұндай заттар түмшапештің бетіне нұқсан келтіруі мүмкін. Түмшапештің басқару панелін де осы сақтық шараларын орындап тазалаңыз.
Пеш шамы
Назарыңызда болсын! Электр катеріне ұшырау қаупі бар!
Пештің шамын ауыстырар алдында:
- Пешті өшіріңіз. - Сақтандырғыш қорапшасындағы сақтандырғыштарды немесе айырып-қосқышты алыңыз.
i Пештің шамы мен шамының қалпағына нұқсан келмес үшін пештің табанына шүберек төсеңіз.
Пештің шамын айырбастау/шыны қалпағын тазалау
- Шыны қалпағын сағат бағытына қарсы бұраңыз да, ағытып алыңыз.
- Шыны қалпағын тазалаңыз.
- Пештің шамын 300°C градустық қызуға төзімді, сай келетін пеш шамына айырбастаңыз.
- Шыны қалпақты орнына қойыңыз.
| Ақаулық | Ықтимал себебі | Жәндеу |
| Пеш қызбай түр | Пеш токқа қосылмаған | Пешті іске қосыңыз ("Қүндөлікті пайдалану" тарауын қараңыз). |
| Пеш қызбай түр | Сақтандырғыш қорапшасындағы сақтандырғыш ағытылып қалған | Сақтандырғышты тексеріңіз. Сақтандырғыш бірнеше рет ағытылып қалса, білікті электрші маманға хабарласыңыз. |
| Пештің шамы жанбай түр | Пеш шамында ақау бар | Пештің шамын ауыстырыңыз |
| Бу мен конденсат тағамның үстіне және пештің ішіне жиналады | Тағам пеш ішінде ұзақ уақыт қалып қойған | Тағамды пісіріп болған соң пеш ішінде 15-20 минуттан артық қалдырманыз |
Ақаулықты түзететін жолды таппасаңыз, өз дилеріңізге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұл ақпарат сізге жылдам да дұрыс көмек көрсету үшін қажет. Бұл мәліметтер техникалық ақпарат ("Өнім сипаттамасы" тарауын қараңыз) тақтайшасында берілген.
• Құрылғы үлгісінің сипаттамасы...... • ΘΗΜΗΜΙΡΙ (PNC)...... - Сериялық нөмірі (S.N.)......

Назарыңызда болсын! Құрылғыны
тек маман электрші немесе білікті
адамға ғана жөндеттіру керек.
Өте маңызды! Құрылғыны дұрыс пайдаланбаған жағдайда қызмет көрсету орталығы не дилер жіберген маманның көрсеткен қызметі үшін, Құрылғының кепілдік мерзімі аяқталмаса да төлемақы алынады.

Алдыңғы жағы металдан жасалған құрылғыларға қатысты ақыл-кеңес:
Есікті тағамды пісіріп немесе қуырып болғаннан кейін дереу ашсаңыз, терезені бу шалады.
Орнату
Кіріктіру

Назарыңызда болсын! Құрылғыны
тек уәкілетті қызметкер не білікті
маман ғана орнатуға тиіс. Уәкілетті қызметкерді не білікті маманды шақырмасаңыз, ақаулық орын алған кезде құрылғы кепілдігі жарамсыз болып қалады.
Құрылғыны ас үй жиһазына орнатпай тұрып, оның өлшемдерінің құрылғыға сай келетінін тексеріңіз.
- Орнатқан кезде электр қатерінен сақтандырғыш құрал бар екеніне көз жеткізіңіз.
- Қолданыстағы ережелерге сәйкес, электр қатерінен сақтандыратын бөлшектердің барлығын сайманның көмегінсіз ағытылмайтын етіп бекіту қажет.
- Пештің кейбір бөліктерінде электр кернеуі болуы мүмкін. Құрылғыны жиһазға кіргізіп жауып, бос жерлері жоқ
екенін тексеріңіз. Бұл құрылғының қатерлі бөлшектеріне кездейсоқ қол тиіп кетіп, электр тоғы соғуына жол бермейді.
- Құрылғының арты мен бір бүйірін одан биігірек құрылғыға не қабырғаға жапсарлас орнатуға болады. Екінші жанын керісінше биіктігі бірдей жиһазға қатарлас орнату қажет.
- Кіріктірілген пештер мен пештің үсті арнаулы қосылым жүйелерімен жабдықталған. Қауіпсіздік мақсатында тек бір өндіруші шығарған құрылғыларды бірге пайдалану керек.




Электр тоғына қосу

Назарыңызда болсын! Электр
желісіне білікті және уәкілетті маман қосуға тиіс.
- Осы сақтық шаралары орындалмаған жағдайда, өндіруші жауапкершілік көтермейді.
- Құрылғыны жерге қосқанда сақтық шараларын орындаңыз.
- Техникалық ақпарат тақтайшасындағы атаулы кернеу мен электрмен жабдықтау түрінің жергілікті кернеу мен қуатпен жабдықтау мәндеріне сай келетініне көз жеткізіңіз.
- Бұл құрылғы қорек сымымен немесе қорек ашасымен жабдықталмаған.
- Кез келген электрлік құралас элементті қызмет көрсету орталығы немесе білікті маман орнатуға немесе ауыстыруға тиіс.
- Құрылғы кабелінің түрлері: H07RN-F, H05RN-F, H05RR-F, H05VVF, H05V2V2-F (T90), H05BB-F.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз. - Көп тармақты ашаларды, жалғастырғыштар мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар. - Орнатып болғаннан кейін, жөндеу немесе күтім көрсету жұмыстары қажет болған жағдайда, техник маман түмшапешке оңай қол жеткізе алатынына көз жеткізіңіз. - Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз. - Құрылғыны барлық магниттік полюстерде ені кем дегенде 3 мм түйіспелі саңылаудың көмегімен желіден ажыратуға мүмкіндік беретін құралға, мысалы, желіні автоматты қорғайтын ажыратқышқа немесе сақтандырғышқа жалғаңыз.
- Кернеу параметрі техникалық ақпарат ("Бұйым сипаттамасы" тарауын қараңыз) тақтайшасында берілген.
Техникалық сипаттама
Кернеу 230 В
Жиілік 50 Гц
Қоршаған ортаға зиян келтірмеу туралы мәліметтер
Бұйымдағы немесе бұйым
қорапшасындағы белгісі осы бұйым кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп білдіреді. Сондықтан оны ескі электр және электроникалық бұйымдарды жинап утилизация үшін арнайы контейнерлерге салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған орта мен адам денсаулығына түсіп пайда бола алатын зиянын болдыртпауыңыз үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда болуы мүмкін. Осы бұйымның утилизациясы туралы көбірек білуіңіз үшін жергілікті әкімшілігіңізбен, қалдықтарды жинап әкететін мекемеңізбен немесе осы бұйымды өзіңізге сатқан дүкенмен хабарласыңыз.
Орам материалдары
белгішесі бар материалдарды қайта өңдеуден өткізуге болады. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін қалдық жинауға арналған арнайы контейнерлерге тастаңыз.
Құрылғыны тастау
- Ашаны розеткадан ағытып алыңыз.
- Корек сымын кесіп алыңыз да, тастаңыз.
- Есіктің бекітпесін тастаңыз. Бүл балалардың құрылғының ішіне қамалып қалуына жол бермейді. Түншығып қалу қаупі бар.



