SE 5.100 - Шаңсорғыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз SE 5.100 Kärcher PDF форматында.
| Өнім түрі | Бүрку арқылы сору (кілем тазалағыш) |
| Бренд | Kärcher |
| Модель | SE 5.100 |
| Номиналды кернеу | 220-240 В ~ 50-60 Гц |
| Номиналды қуат | 1200 Вт |
| Максималды қуат | 1400 Вт |
| Салмағы (керек-жарақсыз) | 7,1 кг |
| Акустикалық қысым деңгейі | 77 дБ(А) |
| Таза су ыдысының сыйымдылығы | Шамамен 1 л (MAXI белгісіне дейін толтырыңыз) |
| Лас су ыдысының сыйымдылығы | Шамамен 1 л (толғанда автоматты түрде тоқтайды) |
| Негізгі функциялар | Кілемдерді, қатты едендерді және төсеніштерді ылғалды тазалау; құрғақ және ылғалды сору |
| Тазалау технологиясы | Жуғыш ерітіндіні бүрку + бір уақытта сору |
| Қосымша құрылғылар | Кілем жуу саптамасы қатты еден табанымен, кері айналмалы еден саптамасы (кілем/қатты еден), саңылау сорғышы, жастықтарға арналған щетка-саптама, ылғалды/құрғақ сору адаптері, сүзгі қапшығы, RM 519 жуғыш зат (100 мл) |
| Сүзгілеу | Жалпақ қатпарлы сүзгі (жууға болады) |
| Қауіпсіздік | Лас су ыдысы толғанда автоматты тоқтау; сорғының термиялық ажыратқышы; ұзартқышта шашыраудан қорғау |
| Күту | Жалпақ сүзгіні, бүрку саптамасын және таза су ыдысының торын үнемі тазалау |
| Ұсынылатын қосалқы бөлшектер | Сүзгі жиынтығы (5 дана) реф. 6.904-143.0, жалпақ сүзгі реф. 6.414-498.0, жиһаз жуу саптамасы реф. 2.885-018.0 |
Жиі қойылатын сұрақтар - SE 5.100 Kärcher
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы SE 5.100 Kärcher
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз SE 5.100 - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. SE 5.100 брендінің Kärcher.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ SE 5.100 Kärcher
Бұйым сипаттамасы
Қолдану
Кедергілер болғанда көмек алу
Техникалық мағлұматтар
Бұйымды алғашқы қолдану алдында пайдалану нұсқауын мұқият оқып шығыңыз, нұсқауларды орындаңыз,
кейінгі пайдалану үшін немесе осы аппаратты кейін пайдаланатын тұлғалар үшін сақтап қойыңыз.
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану
Бұл құрылғы жеке қолданысқа арналған және өндірістік мақсаттармен қолданылуға арналмаған.
- Бұл құрылғыны сатып алу арқылы сіз терең тазалайтын қабілеті бар кілем төселген едендерді түбегейлі тазалайтын және күтім беретін бүріккіш экстракторға (жуу шаңсорғышы) не болдыңыз.
- Жуу шлангісінің шүмегіне (жеткізу жинағында қамтылған) арналған қатты еден саптамасының көмегімен қатты едендерді тазалауға болады.
- Тиісті керек-жарақтардың көмегімен (жинақта қамтылған) оны әмбебап сорғыш ретінде де қолдануға болады.
Қоршаған ортаны қорғау

Қаптау материалдары екінші өңдеуге жарамды. Қаптаманы үй қоқысына лақтырмауыңызды сұраймыз, оларды екінші өңдеу үшін бөлек қойыңыз.

Өз мерзімін аяқтаған құралдарда бағалы, екінші өңдеуге жарамды материалдар бар. Сондықтан қолданылған және ескі бұйымдарды арнайы іріктеп жинау жүйелері арқылы қалдықтарға тапсыруыңыз лазым.
Сүзгіні және сүзгіш қапты тастау
Сүзгі мен сүзгіш кап экологиялық таза материалдардан жасалған.
Егер үй қалдықтары үшін рұқсат етілмеген заттар жоқ болса, қалыпты үй қалдықтарымен бірге тастауға болады.
Құрамындағы заттар туралы анықтамалар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мәліметтерді төменде көрсетілген интернет беттерімізде оқи аласыз:
Бұйымдарымыз үшін әр елде жауапты өтім серіктестеріміз тарапынан шығарылатын кепілдеме шарттары күште болады. Егер материалдардың ақаулығы немесе дайындау барысындағы қателіктер табылса, біз ықтимал ақаулықтарды кепіл мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепіл мерзімі ішінде наразылықтарыңыз болса, аспапты сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті сервистік қызмет көрсету орнына сатып алу чегін көрсетіп, хабарласыңыз.
Өндірілген күні көрсетілген түр кестесінде шифрланған.
Жеке сандардың мағынасы келесідей болады:
Мысалы: 30190
3 Өндірілген жылы 0 Өндірілген ғасыры 1 Өндірілген онжылдық 9 Өндірілген айының екінші саны 0 Өндірілген айының бірінші саны
Сонымен бұл мысалда 30190 коды 09/(2)013 өндірілген күнін білдіреді.
Бұйым Қолданушыларға Қызмет Көрсету бөлімі
Егер Сізде сұрақтар пайда болса немесе Сіз белгілі бір кемшіліктерге тап болсаңыз, біздің KÄRCHER бөлімшелеріміз Сізге құлшына көмек көрсетеді. (Мекенжайы артқы жағында берілген)
Қосалқы бөлшектері мен арнайы бөлшектеріне тапсырыс беру
Құрылғыға кері әсерін тигізбес үшін, тек өндіруші мақұлдаған түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.
Қосалқы бөлшектері мен арнайы бөлшектерін өзіңіздің сатушыңызда немесе KÄRCHER компаниясының жергілікті өкілеттігінде сатып алуыңыз мүмкін.
Қауіпсіздік туралы нұсқаулар
Қауіпсіздік ережесін пайдалану нұсқауындағы ережелермен қоса, жалпы заңды қауіпсіздік және жазатайым оқиғаны алдын алу талаптарын сақтаған жөн.
Осы нұсқаулықтарға қарсы жасалған кез келген қолданыс кепілдің жойылуына әкеледі.
- Құрылғыны тек жерге тұйықталған ашалы розеткаға қосыңыз. – Бұйымды тек қана ауыспалы токқа қосыңыз. Тоқ кернеуі бұйымның түрі белгісіндегі көрсетілген кернеуіне сәйкес болуы тиіс. – Кабель ашасы мен электр розеткасын ешқашан ылғалды қолмен ұстамаңыз не түртпеніз. – Кабель ашасын розеткадан шығару үшін бұйым кабелінен тартпаңыз. – Бұйым бойынша өткізілетін барлық жұмыстар уақытында бұйымды міндетті түрде электр тоғынан шығарып, электр ашасын розеткадан шығарылып алынуы тиіс. – Жөндеу жұмыстары мен электр бөлшектері бойынша жұмыстар тек қана осы жұмыстар үшін рұқсаты бар арнайы мамандар арқылы ауыстыртып алуыңыз тиіс. – Қосу кабельдері мен бұйым ашасын қолдану алдынан алдынала бұзылған жерлері болған болмағанын тексеріп алыңыз. Бұзылып қалған кабельдерін, жаралану немесе басқа
бұзылуды болдыртпау үшін, дереу түрде осы жұмыстар үшін рұқсаты бар арнайы мамандар арқылы ауыстыртып алуыңыз тиіс.
– Электр опаттарын болдыртпау үшін кате токтан сақтау үшін алдыналы қосылған арнайы розеткасын қолдануыңызды ұсынамыз (қосылып кету тоғының макс. номиналдық күші 30 мА). – Жарамсыз ұзартқыштарды қолдану қауіпті болуы мүмкін. ұзартқыш ретінде тек су бүріккішінен сақтайтын кемінде 3 х 1 мм² көлденең қималы кабельді пайдаланыңыз. – Желілік кабель немесе ұзартқыштағы жалғау муфталарын алмастыру кезінде бүріккіштің қорғанысын және механикалық беріктікті қамтамасыз ету қажет. – Бұйымды куат көзі желісінен шығарудан бұрын, оны негізгі ажыратқыштан өшіріңіз. – Көпіршіктену немесе сұйықтық шығатын кезде, бұйымды өшіріңіз немесе электр ашасын шығарыңыз!
– Бұл құрылғыны физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой дамуы шектелген немесе тәжірибесі және/немесе біліктілігі жоқ адамдар білікті маманның бақылауында болмаған кезде немесе осы мамандар тарапынан бұйымды қолдану тәсілі және оған қатысты қауіптер түсіндірілмеген кезде пайдаланбауы тиіс.
– Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат берменіз.
– Балаларға құрылғымен ойнауға жол бермеу үшін оларды бақылап отыру керек.
– Балалар құрылғыны тек ересектердің бақылауында тазалауы және пайдалануы мүмкін.
– Қаптауыш қағазды балалардан аулақ ұстаңыз, тұншығып қалу қаупі бар!
– Бұйымды әр пайдалану және тазалау/қызмет көрсетуден кейін өшіріңіз.
– Өрт қаупі. Жанғыш немесе тұтанғыш заттарды соруға болмайды.
Бұйым тұрақтылықты сақтайтын жерде тұруы керек.
Қолданушы құрылғыны тағайындалған міндетіне қарай пайдалануы қажет. Ол төңіректегі
ерекшеліктерді ескеруі тиіс, құрылғымен жұмыс кезінде айналадағы басқа тұлғаларды, әсіресе балаларды қадағалауы керек.
Қолдану алдында құрылғы мен керек-жарақтардың дұрыс күйін тексеріңіз. Егер оның күйі жақсы болмаса, қолдануға тыйым салынады.
Ешқашан бұйымды суға немесе басқа да сұйықтықтарға қоймаңыз.
Жарылу қаупі бар жерлерде пайдалануға тыйым салынады. Қауіпті аймақта құрылғыны қолдану кезінде тиісті қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
Құрылғыны жағымсыз ауа-райының ықпалынан, ылғал мен жылу көздерінен қорғау керек.
Егер бұйым құласа, оны уәкілетті қызмет көрсету орны тексеруі қажет, себебі өнім қауіпсіздігін төмендететін ішкі ақаулықтар пайда болуы мүмкін.
Гипс, цемент ұқсас материалдарды сормаңыз, сумен қатынас кезінде олар қатаюлары мүмкін.
Қолдану кезінде бұйымды көлденең тұрысқа қою керек.
Тек өндіруші ұсынған жуу құралдарын қолданған жөн,
сонымен қатар қолдану нұсқаулығын, қалдықтарды жою мен жуу құралының өндірушісінен берілген ескертулерді қадағалау керек.
Ешбір түрпілі тазартатын құралды, әйнек тазалайтын және барлығын тазалайтын құралдарды қолданбаңыз! Бұйымды ешқашан суға батырмаңыз.
Сорғылып отырған ауамен қосылғанда кейбір заттар жарылуға жол аша алатын булар мен ерітінділерінің пайда болуына апара алады. Астыдағы заттарды ешқашан сорғышпен сорғызбаңыз:
Жарылып немесе жанып кете алатын газдар, булар мен шаңдар (реактивті шаңдар)
– Реактивті металл шандарын (мысалы алюминий, магнезий, мырыш) аса куатты алкаликалық және қышқыл тазалау бұйымдарымен бірге
– Ерітілмеген куатты қышқылдар мен сілтілерді
– Органикалық өрітінді бұйымдарын (мысалы бензин, бояу өрітінділерін, ацетон, мазут).
– Осыдан басқа, осы заттар бұйымдағы қолданылған
материалдардың бұзылуына да апара алады.
Қолдану туралы нұсқаулықтағы символдар мен белгілер
⚠️ҚАУІП
Бұл белгі тікелей түрде түсе алатын қауіпті білдіреді, осы қауіп ауыр дене жаралануына және ажалды апаттарға апаруы мүмкін.
⚠️ЕСКЕРТУ
Бұл белгі мүмкін болып қалатын бір жағдайды көрсетіп білдіреді, осы қауіп ауыр дене жаралануына және ажалды апаттарға апаруы мүмкін.
⚠АБАЙЛАҢЫЗ
Бұл белгі мүмкін болып қалатын қауіпті бір жағдайды көрсетіп білдіреді, осы қауіп жеңіл дене жаралануына немесе заттар мен бұйымдарға зиян түсуіне апаруы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Материалдық зиянға апарып соғатын ықтимал қауіпті жағдайға нұсқау.
Бұйым сипаттамасы
Суреттер буктемелі бетте караныз!
Бүйым қорапшасын ашқанда қорапша ішіндегі бүйым мен бөлшектерінің толық және бұзылмаған түрде болғандығын тексеріп алыңыз. Тасымалдау нәтижесінде бүлінген жері болса, бүйымды сатқан сауда мекемесіне хабарлаңыз.
Cypet 1
1 Сауыт
2 Бүріккіш шлангісінің қосылымы
3 Сузгі жапкышының ажырату түймешігі
4 Сору шлангісінің қосылымы, жуу сорғышы
5 Сүзгіні тазалау
6 Курылғы басы
7 Тасымалдау түткасы
8 Сорғыш түймешігі
9 Бүріккіш түймешігі
10 Бүріккіш/сорғыш түтіктеріне арналған бөлім
11 Бакты босату
12 Тегіс бүгілмелі сүзгі *
13 Лас су багы, сыртқа шығарылады *
14 Таза су багы, сыртқа шығарылады *
15 Бүріккіш/сорғыш шлангісі
16 Ұстау тұтқасы
19 Бүріккіш тетігіне арналған бекіткіш түймешік
20 Бекіткіш тетігі
21 Сорғыш түтігі 2 x 0,5 м
22 Кілем төселген едендерді тазалауға арналған жуу шлангісінің шүмегі, қатты еден саптамасымен
24 Ылғалды/құрғақ жерді соруға арналған адаптер
25 Кілем мен қатты едендерге арналған реверсивтік еден шүмегі
26 Жапсарлар үшін шүмек
27 Жұмсақ жиһаздарды сору үшін шүмек
28 Сүзгіш қап
29 Қаптауышты тазалайтын жуу форсункасы
* құрылғыға әлдеқашан орнатылған
** SE 5.100 Plus

Колдану
Іске қосу алдында
Сурет 2
→ Екі тетікті де көрсеткі бағытымен бұрыңыз, құрылғының басын алып тастаңыз және керек-жарақтарды бактан алыңыз.
Сурет 3
→ Дөңгелектер мен бағыттағыш роликтерді орнатыңыз.
Сурет 4
→ Керек-жарақтарға арналған қысқышты орнатыңыз.
Бұйымды іске қосу
→ Ылғалды жерді тазалау ("Ылғалды тазалау/Таза су багын толтыру" бөлімін қараңыз)
→ Құрғақ жерді сору ("Құрғақ жерді сору" бөлімін қараңыз)
→ Ылғалды кір/суды сорғыту ("Ылғалды кір/суды сорғыту" бөлімін қараңыз)
Сурет 5
→ Бұйым жапқышын орнатыңыз және бекітіңіз.
→ Сорғыш шлангіні және бүріккіш шлангіні құрылғыдағы қосқышқа жалғаңыз. Нұсқау: Сорғыш шлангіні қосылым ішіне бекітілгенше енгізіңіз.
→ Бүріккіш/сорғыш түтіктерін бірге тұтқаға іліп қойыңыз. Бірге қою кезінде бекіткіш тетігі ортасына келеді, сенімділік үшін сағат тілі бойынша бұраңыз.
→ Жуу шлангісінің шүмегін бүріккіш сору түтігіне енгізіңіз және бекіткіш тетікпен бекітіңіз.
Құрылғы енді ылғалды жерді тазалауға дайын.
Ылғалды жерді тазалау Кілем төселген едендер/қатты едендер/ қаптауыш
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құрылғыны іске қоспас бұрын, тазаланатын бұйымның елеусіз жеріне бояу мен су тұрақтылығын тексеріп көріңіз.
Суға сезімтал төсемелерге қолданбаңыз: мысалы, паркетті еден (ылғал еденге сіңіп, оны зақымдауы мүмкін).
Нұсқау
Жылы су (максималды 50 °C) тазарту нәтижесін арттырады.
Жуу құралының сорғышын тек қолдану кезінде қосыңыз. Жұмыстың құрғақ күйде болуынан қажетсіз қысым өсімі (динамикалық қысым) секілді, мейлінше сақтану қажет.
Жуғыш құрал сорғышының қызып кету қаупі туындаса, термо қорғаушы қосқыш өшіріледі. Сорғыш суытылған соң (20 - 30 мин.) дайын күйіне қайта түседі.
Таза су багын толтыру
Cypet 8
Таза су багын толтыру үшін оны сыртка шығарып қоюға болады.
RM 519 кілемді тазалау құралынан 100 - 200 мл. (мөлшері ластану деңгейіне қарай өзгереді) таза су багына құйыңыз, су жүргізетін құбырдан сумен толтырыңыз, асыра толтыруға болмайды (МАХ белгісін қадағалаңыз).
Кілем төселген еденді ылғалды тазалау
→ Кілемді тазалауға арналған жуу шлангісінің ендірмесін пайдаланыңыз. → Қатты еден саптамасынсыз жұмыс істеңіз. Тазалау үшін тек қана KÄRCHER ұсынған RM 519 кілем тазалау құралын пайдаланғаныңыз жөн.
Қатты едендерді ылғалды тазалау
Ешқандай ламинат, сол сияқты паркеттік едендерге қолданбаңыз!
→ Кілемді тазалауға арналған жуу шлангісінің ендірмесін пайдаланыңыз. → Қатты еден саптамасын жуу шлангісінің шумегіне бүйірінен жылжытыңыз. Резеңке ыскыш алға қарай, ал қылшақ таспасы артқа қарай бағытталады.
Қаптауштардың ылғалды тазалануы
→ Қаптауышты тазалауға арналған жуу шлангісінің ендірмесін пайдаланыңыз.
Жұмысты бастау
Cypet 9
→ Электр ашасын электр розеткасына салыңыз. → Сорғыш түймешігін басыңыз, сору турбинасы іске қосылады.
Cypet 10
→ Тұтқадағы қосымша ауа жапқышты толықтай жабыңыз.
→ Бүріккіш түймешігін басыңыз, жуу құралының сорғышы дайын.
→ Тазартуға арналған ерітінді жағу үшін, бүріккіш тетігіндегі түтқаны басыңыз.
→ ۶зак бүрку үшін бүрку тетігі белгіленген болуы мүмкін, бул мақсатта шаю тетігін қосып және бекіткіш түймешігін темен қарай тарту қажет. → Тазаланатын қабатта жанасып жатқан жол бағыты бойынша үстінен жүргізіп шығыңыз. Оның үстіне форсунканы артқы жүріспен тартыңыз (жылжытпаңыз).
Лас су багын жұмыс уақытында босату
→ Лас су багы толып кетсе, кұрылғы автоматты түрде өшеді. Нускау: Кұрылғы өшірілген кезде, оны ажыратыңыз, әйтпесе сору турбинасы кұрылғыны ашу кезінде қайта іске қосылады.
→ Курылғы басын ағытыңыз және алып тастаңыз.
→ Лас су багын сыртка шығарыңыз және төгіп тастаңыз.
Ылғалды жерді тазалауды аяқтау
→ Кұрылғыдағы бүрку сымдарын шайып тастаңыз, бул мақсатта: Таза су багын шамамен 1 литр таза сумен толтырыңыз.
Форсунканы ағынды судың астында ұстаңыз және бүріккіш сөрғышын мөлдір су қолданылғанша қосыңыз.
Тазалауға қатысты кеңестер/жұмыс тәртібі
– Әрдайым жарықтан көлеңкеге қарай (терезеден есікке) жұмыс істеңіз. – Әрдайым тазаланған аймақтан, тазаланбаған аймаққа қарай жұмыс істеңіз. – Кендір матадан жасалған кілем төселген еденылғалды тазарту кезінде қыртыстанып, оңүымүмкін. - Түгі қалың кілемдерді тазалап болған соң, түгінің бағыты бойынша ыскышпен тазалаңыз (мысалы, кілемге арналған ыскыш немесе сыпырғы көмегімен). – Ълғалды тазалаудан кейін Care Tex RM 762 тазалағыш құралымен ылғалдау кілем бетінің қайта тез кірленуінен сақтайды. - Тазаланған бетте журуге немесе жићаздарды орналастыруға тек кепкен соң ғана болады, әйтпесе жићаздардан тат ізі түсуі мүмкін.
Тазалау тәсілдері
Әлсіз дақтардан қалыпты ластануға дейін (тазалау, күтім көрсету):
→ Сорғыш пен бүріккішті қосыңыз. → Жұмыс кезінде жууға арналған ерітіндіні жағыңыз, әрі сорыңыз. → Содан соң бүріккіш қосқышын сөндіріңіз және жуу құралының қалдықтарын жинаңыз. → Тазалап болған соң кілемді таза, жылы сумен тағы шайыңыз және қалауыңыз бойынша қанықтырыңыз.
Өте қатты ластану мен дақтар болған жағдайда (түбегейлі тазалау):
→ Бүріккішті қосыңыз. → Тазалағыш ерітіндіні жағыңыз және 5 минутқа қалдырыңыз (сорғыш өшірулі). → Содан соң қабатты жеңіл/қалыпты ластану тәртібінде тазалаңыз. → Тазалап болған соң кілемді таза, жылы сумен тағы шайыңыз және қалауыңыз бойынша қанықтырыңыз.
Құрғақ тазалау
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
Сауыт пен керек-жарақтар құрғақ болуы керек, әйтпесе кір жабысып қалуы мүмкін.
→ Лас су және таза су багын алыңыз.
Сурет 14
→ Кеңес: Сорғыту үшін сүзгіш қапты орнатыңыз.
Сурет 15
→ Ылғалды/құрғақ сорғышқа арналған адаптерді қолданыңыз. Тұтқаға немесе сорғыш тетігіне адаптерді қосыңыз, сенімділік үшін бекіту тетігін бұраңыз. → Қалаған керек-жарақты таңдаңыз және бүріккіш-сорғыш түтігіне немесе тікелей адаптерге қойыңыз. → Сорғышты қосыңыз. Нұсқау: Бүріккішті іске қоспаңыз.
Қатты едендерді сорғыту
Сурет 16
Еден тазалау шүмегінің қосқышын аяғыңызбен басыңыз. Еден сору шүмегінің астындағы қылтарақ жолақтары шығарылып тұрады.
Кілем салынған едендерді сорғышпен тазалау
Сурет 16
Еден тазалау шүмегінің қосқышын аяғыңызбен басыңыз. Еден сору шүмегінің астындағы қылтарақ жолақтары шығарылып тұрады. Сорғыш қуатын таңдау үшін қосымша ауа жапқышын басыңыз. Қосымша ауа жапқышын қолданғаннан кейін қайтадан жабыңыз!
Нұсқау:
Ылғалды кір/суды сорғыту
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Сүзгіш қапты қолданбаңыз!
Таза су мен кір су багын алыңыз, ылғалды кір/суды тікелей бакқа сорыңыз. Ылғалды кір/суды сорғыту үшін жуу шлангісінің ендірмесін пайдаланыңыз. Лас су багы толып кетсе, құрылғы автоматты түрде өшеді. Нұсқау: Егер құрылғы өшіп қалса, оны сөндіріңіз, әйтпесе сору турбинасы құрылғыны ашу кезінде қайта іске қосылады.
Жапсарлы және тігісті форсунканы қолдану:
Ылғалды/құрғақ сорғышқа арналған адаптерді ажыратып, сақтап қойыңыз. Жапсарлы және тігісті форсунканы адаптерге қойыңыз.
Сорғышты қосыңыз.
Жұмысты аяқтау
Бұйымды істен шығарыңыз. Толған бакты босатыңыз. Бакты таза сумен жақсылап шайыңыз. Тұтқаны, бүріккіш сору түтігін және жуу шлангісінің ендірмесін бір-бірінен ажыратыңыз, ол үшін бекіткіш тетікті ашыңыз (ортасында). Керек-жарақтың бөлшектерін ағынды су астында шайыңыз және жақсылап кептіріңіз. Құрылғыны кептіру үшін ашық қалдырыңыз.
Сурет 17
→ Керек-жарак камерасы: Сорғыш шлангісі, сорғыш түтігі және керек-жарактар көп жерді алмай, құрылғыда ыңғайлы орналаса алады.
→ Құрылғыны сақтаңыз. Құрылғыны құрғақ бөлмеде сақтаңыз.
Күту мен техникалық тексеру жұмыстары
Бүріккіш форсункасын тазалау
Эркелкі шашыраған кезде.
Сурет 18
→ Форсунка бекіткішін босатыңыз және алып шығыңыз, бүріккіш форсункасын тазалаңыз немесе ауыстырыңыз.
Таза су багындағы торды тазалаңыз.
Жылына 1 рет немесе қажет болғанда.
Сурет 19
→ Торды тазалаңыз.
Тегіс бүгілмелі сүзгіні тазалау
Өте қатты ластанғанда:
Сурет 20
→ Қақпақты ағытып ашыңыз, тегіс бүгілмелі сүзгіні алыңыз, торды алып тастаңыз және сүзгіні сілкіп шайқаңыз.
Кедергілер болғанда көмек алу
Форсункаға ешқандай су тимеуі қажет.
→ Таза су багын толтырыңыз. → Таза су багындағы тор бітеліп қалған. → Термо қорғаныш қосқышы жуу құралы сорғышының шектен тыс қызу салдарынан өшіп қалды. Құрылғыны өшіріңіз және салқындатыңыз (шамамен 20-30 минут). → Жуу құралының сорғышы істен шықты, қызмет көрсету орталығына тапсырыңыз.
Эркелкі шашырау
→ Жуу шлангісі ендірмесінің бүріккіш форсункасын тазалаңыз.
Сорғыш сымы жеткіліксіз
→ Туткадағы қосымша ауа жапқышты жабыңыз. → Керек-жарақтар, сорғыш шлангісі немесе сорғыш түтіктері бітелген. Бітелуді жойыңыз. → Сүзгіш қап толған: Жаңа сүзгіш қапты орнатыңыз. → Тегіс бүгілмелі сүзгі ластанған, сүзгіні тазалау жұмысын іске қосыңыз, қатты ластанған жағдайда шешіңіз және тазалаңыз ("Тегіс бүгілмелі сүзгіні тазалау" бөлімін қараңыз).
Жуу құралының сорғышы шуылдайды
Бакта шектен тыс көпіршіктену
→ KÄRCHER сапалы тазалағыш құралын қолданыңыз. Тапсырыс № 6.295-771.0 кілемді тазалау құралы RM 519.
Бұйым жұмыс істемегенде
→ Желі ашасын енгізіңіз.
Техникалық мағлұматтар
| Кернеу1~50-60 Hz | 220 - 240 V | |
| Номиналдык куаттылығы Р 1200 Вт | ||
| Куаттылығы Р макс | 1400 Вт | |
| Желілік сақтандырғыш(инерциялы) | 10 | A |
| Дыбыс деңгейі(EN 60704-2-1) | 77 дБ(А) | |
| Бүйымның керек-жарактарсыз салмағы | 7,1 кг | |
Техникалық өзгерістер пайда болып қалуы мүмкін!
Арнайы жабдықтар
| Тапсырыс No | |
| Сүзгі жинағы (5 дана) 6.904-143.0 | |
| Тегіс бүгілмелі сүзгі 6.414-498.0 | |
| Қаптауышты тазалайтын жуу форсункасы | 2.885-018.0 |
| RM 519 кілемді тазалау құралы (1 л бөтелке) Халықаралық 6.295-771.0 | |
| Care Tex RM 762 сіндіру қоспасы (0,5 л бөтелке) Халықаралық 6.295-769.0 |
07.04.2015
