CVH Anniversary Edition - Шаңсорғыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз CVH Anniversary Edition Kärcher PDF форматында.

Kärcher CVH Anniversary Edition - Шаңсорғыш
📄 76 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice Kärcher CVH Anniversary Edition - page 65
Нұсқаулықты қарау : Français FR Български BG Ελληνικά EL Magyar HU Қазақша KK Latviešu LV Nederlands NL Română RO Українська UK
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
БрендіKärcher
МоделіCVH Anniversary Edition
Өнім түріСымсыз қол шаңсорғышы
ПайдалануЖеке тұрмыстық пайдалану
Өлшемдері (Ұ × Е × Б)380 × 76 × 76 мм
Салмағы (аксессуарларсыз)0,52 кг
ҚоректенуLi-ion батареясы 7,2 В / 2500 мА·сағ
ЗарядтағышUSB желілік адаптері 5 В / 100-240 В
Зарядтау уақыты3-4 сағат
Автономдылық≤ 20 минут
Номиналды қуат100 Вт
Шаң жинағыш сыйымдылығы0,15 л
Максималды вакуум12 кПа
Дыбыс деңгейі78 дБ(А)
Сүзгі жүйесіHEPA 12 сүзгісі (EN1822) + болат сүзгі
Сүзгілер саны2 HEPA сүзгісі және 1 болат сүзгі
Сору режимдеріТолық жылдамдық және үнемдеу режимі
LED индикаторыЖасыл (қосулы/батарея толық), жыпылықтаған қызыл (батарея әлсіз/зарядталуда)
Жинақтағы аксессуарлар2-і-1 саптама, USB кабелі, зарядтағыш, сақтау қабы
СақтауҚұрғақ жерде сақтаңыз, сақтау қабын пайдаланыңыз
КүтімСүзгілерді сумен тазалау, толық кептіру
КепілдікЕл шарттарына сәйкес, материал немесе өндіріс ақаулары

Жиі қойылатын сұрақтар - CVH Anniversary Edition Kärcher

CVH Anniversary Edition шаңсорғышын қалай зарядтау керек?
Зарядтау кабелінің екі USB қосқышын құрылғының зарядтау портына және зарядтағышқа жалғаңыз. Зарядтағышты электр розеткасына жалғаңыз. Зарядтау уақыты шамамен 3-4 сағатты құрайды. Бірінші пайдалану алдында құрылғыны толық зарядтау керек.
Жыпылықтаған қызыл LED индикаторы нені білдіреді?
Жыпылықтаған қызыл LED индикаторы батареяның әлсіз екенін немесе зарядталуда екенін көрсетеді. Егер құрылғы қосулы және индикатор қызыл болып жыпылықтаса, батареяны зарядтау қажет.
HEPA сүзгісін қалай тазалау керек?
Шаң контейнерін құлпын ашыңыз, сүзгі жинағын алыңыз, сүзгі қақпағын сағат тіліне қарсы бұраңыз. HEPA сүзгісін қағып немесе ағын су астында шайып тазалаңыз. Орнына қою алдында толық кептіріңіз. Кір жуғыш машинаны немесе шаш кептіргішті пайдаланбаңыз.
HEPA сүзгісін қаншалықты жиі ауыстыру керек?
HEPA сүзгісін пайдалануға байланысты 6 ай сайын ауыстыру ұсынылады. Егер ол көзге түсерлік зақымдалған болса немесе тазалау мүмкін болмаса, дереу ауыстырыңыз.
Сору күші азайса не істеу керек?
Шаң жинағыштың толы екенін немесе HEPA сүзгісінің бітелгенін тексеріңіз. Жинағышты және сүзгіні тазалаңыз. Егер мәселе шешілмесе, саптамадағы кедергілерді тексеріңіз.
Шаңсорғыш сұйықтықтарды сора ала ма?
Жоқ, шаңсорғыш ылғалды немесе сұйық заттарды соруға жарамсыз. Сұйықтықтарда пайдалану құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Жеткізу жинағына қандай аксессуарлар кіреді?
Жеткізу жинағына шаңсорғыш, 2-і-1 саптама, USB кабелі, зарядтағыш және сақтау қабы кіреді. Ораудан босатқан кезде қаптаманың мазмұнын тексеріңіз.
Шаңсорғышты пайдаланудан кейін қалай сақтау керек?
Шаңсорғышты, зарядтау кабелін, зарядтағышты және 2-і-1 саптаманы берілген сақтау қабына салыңыз. Қапты баумен жабыңыз. Құрылғыны құрғақ жерде сақтаңыз.
Батареяның автономдылығы қандай?
Толық зарядталған батареямен қалыпты жұмыс кезінде максималды автономдылық 20 минутты құрайды. Бұл уақыт пайдаланылған сору режиміне байланысты өзгеруі мүмкін.
Мен түпнұсқа емес зарядтағышты пайдалана аламын ба?
Жоқ, құрылғыны тек берілген түпнұсқа зарядтағышпен немесе KÄRCHER рұқсат еткен зарядтағышпен зарядтаңыз. Сәйкес келмейтін зарядтағышты пайдалану құрылғыны зақымдауы мүмкін.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы CVH Anniversary Edition Kärcher

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз CVH Anniversary Edition - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. CVH Anniversary Edition брендінің Kärcher.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ CVH Anniversary Edition Kärcher

Пайдалану мақсаты.... 65

Қоршаған ортаны қорғау 65

Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер ...... 65

Жеткізілім жинағы 65

Құрылғыны шолу.... 65

Кепілдік 66

Тасымалдау.... 66

Сақтау 66

Күтім және техникалық қызмет көрсету ...... 66

Кедергілер болғанда көмек алу 67

Техникалық мағлұматтар 67

Жалпы нұсқаулар

Kärcher CVH Anniversary Edition - Жалпы нұсқаулар - 1

Kärcher CVH Anniversary Edition - Жалпы нұсқаулар - 2

Құрылғыны алғаш рет қолданбас бұрын, осы пайдалану жөніндегі түпнұсқа нұсқаулық пен берілген

қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды оқып шығыңыз.

Оларға сай әрекет етіңіз.

Екі кітапшаны да әрі қарай пайдалану немесе келесі иесі үшін сақтап қойыңыз.

Пайдалану мақсаты

Бұл әмбебап шаңсорғыш коммерциялық мақсатта емес, үйде жеке пайдалануға арналған. Дұрыс емес пайдалану немесе дұрыс пайдаланбау салдарынан болуы мүмкін кез келген зақым үшін өндіруші жауапкершілік алмайды. Әмбебап шаңсорғышты мыналармен ғана пайдаланыңыз:

• түпнұсқа сүзгілер; • түпнұсқа қосалқы бөлшектер, керек-жарақтар және арнайы керек-жарақтар.

Әмбебап шаңсорғыш мыналар үшін жарамсыз:

  • адамдарды немесе жануарларды тазалау;
  • шаңсорғышпен тазалау:

— шағын тіршілік иелері (мысалы, шыбындар, өрмекшілер және т.б.); — денсаулыққа зиянды, өткір жиектері бар немесе ыстық немесе жанып жатқан заттар; — ылғал немесе сұйық заттар; — жанғыш немесе жарылғыш заттар мен газдар.

ЕСКЕРТУ

Балаларға бұл құрылғымен ойнауға тыйым салынады.

Қоршаған ортаны қорғау

Kärcher CVH Anniversary Edition - Қоршаған ортаны қорғау - 1

Орауыш материалдарын утилизациялауға болады. Орауыштарды қоршаған ортаға қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.

Kärcher CVH Anniversary Edition - Қоршаған ортаны қорғау - 2

Электрлік және электрондық бұйымдардың құрамында қате қолдану немесе утилизациялау нәтижесінде адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп

төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделетін материалдар және батареялар, аккумуляторлар немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі. Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен белгіленген құрылғыларды үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды.

Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)

Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мәліметтерді мына мекенжай бойынша табуға болады: www.kaercher.de/REACH

Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер

Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың қауіпсіз және апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік береді.

Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.

Жеткізілім жинағы

Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.

Құрылғыны шолу

Сурет А

① ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі ② Тұтқа ③ Батарея индикаторы ④ Шаң жинағыш ⑤ Сүзгі қақпағы ⑥ HEPA сүзгісі (2x) ⑦ Болаттан жасалған тор сүзгі ⑧ Күвисты қондырма 1-еуде 2-еу ⑨ Зарядтау кабелі ⑩ Зарядтағыш ⑪ Сактау қабы

Зарядтағыш

⚠️ЕСКЕРТУ

- Бұйымды тек жеткізілім жинағына кіретін түпнұсқа зарядтағыш құрылғымен немесе КÄRCHER компаниясы рұқсат еткен зарядтағыш құрылғымен зарядтаңыз.

Келесі адаптерді қолданыңыз:

- Қолданба түрі CVH Anniversary Edition: 1,198–355,0

ZD010M050200EU

9,796–743,0

Шансорғышты зарядтау

Нұсқау

  • Зарядтау кезінде құрылғы жұмыс істемейді.
  • Зарядтау уақыты шамамен 3–4 сағат.
  • Алғаш қолданар алдында құрылғыны толық зарядтау керек.
  • Зарядтау кабелінің екі USB аша қосқышын құрылғы мен зарядтағыштың зарядтау портына салыңыз.
  • Зарядтағышты розеткаға қосыңыз. Сурет В
  • Зарядтау процесі аяқталғанда, қуат ашасын розеткадан ажыратыңыз.

Пайдалану

- Шаңды / кірді сорып алу үшін ҚОСУ / ӨШІРУ түймесін басыңыз.

Сурет C

- Толық жылдамдықпен соратын және энергияны үнемдеу режимін қолданатын 2 сору режимі бар.

Төмендегі кестеде құрылғыдағы жарық диодты индикаторлардың мағыналары сипатталған:

Жарык диодты индикаторСипаттама
Жарык диоды токтаусыз жанып түрадыКұрылғы қосулы
Батарея куаты толық зарядталған
Жарык диоды қызыл болып жыпылықтайдыБатарея куаты аз
Батарея куаты зарядталып жатыр

- Жұмсақ жиһазды, матрастарды, шілтер перделерді және т.б. тазалау үшін 2-де 1 саңылау саптамасын бекітіңіз.

Сурет D

Сурет E

① Бұл нәзік заттарды, мысалы, кітап сөрелерін, қолөнер бұйымдарын және т.б. мұқият тазалау үшін қолданылады.

② Бұл қосылыстарды, есіктер мен терезелер арасындағы ойықтарды, ұсақ саңылауларды және т.б. тазалау үшін қолданылады.

Кепілдік

Әр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда, ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.

(Мекенжайымыз артқы бетте) Кепілдік туралы қосымша ақпаратты (бар болса) жергілікті Kärcher веб-сайтының «Жүктеулер» бөліміндегі қызмет көрсету бөлімінде табуға болады. Шығару күні фирмалық тақтайшада ММ/YYYY пішімінде көрсетіледі, мұнда ММ - өндіріс айы, YYYY - шығарылған жылы немесе кодталған түрде.

Жеке сандардың мағынасы келесідей болады: Мысалы: 30290

3 Өндірілген жылы

0 Өндірілген ғасыры

9 Өндірілген айының екінші саны

0 Өндірілген айының бірінші саны

Сонымен бұл мысалда 30290 коды 09/(2)023 өндірілген күнін білдіреді.

Тасымалдау

Аккумулятор халықаралық тасымалдаудың тиісті ережелеріне сәйкес тексерілген және оны тасымалдауға/жәнелтуге болады.

Сактау

Нұсқау

• Құрылғыны құрғақ бөлмеде сақтаңыз.

- Құрылғыны сақтау кезінде оның салмағын ескеріңіз.

  1. Пайдаланғаннан кейін шаңсорғышты, зарядтау кабелін, зарядтағышты және 2-і 1-саңылау саптасын сақтау қабында сақтаңыз.
  2. Сактау қабын сыммен жабыңыз.

Сурет M

Күтім және техникалық қызмет көрсету

Нұсқау

  • Құрылғыны тек барлық сүзгілер мен шан жинағыш орнатылған кезде ғана қолданыңыз.
  • Ақаулы сүзгілер мен бұдан әрі тазаланбайтын сүзгілерді ауыстыру керек.

Құрылғыда кез келген жұмысты жасамас бұрын:

  1. Құрылғыны өшіріңіз.
  2. Қуат көзін розеткадан ағытыңыз.

Сүзгі жиынтығы мен шаң жинағышты тазалау

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

НЕРА сүзгісін дұрыс тазаламау

НЕРА сүзгісінің зақымдалуы

НЕРА сүзгісін кір жуғыш машинада тазаламаңыз.

НЕРА сүзгісін шаш кептіргішпен құрғатпаңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Денсаулыққа төнетін қауіп

Құрылғыдағы НЕРА сүзгілері толық құрғатылмаса зеңдер мен споралар көбейіп кетуі мүмкін.

Орнату кезінде НЕРА сүзгісінің толық құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.

НЕРА сүзгісі шығарылған ауаның таза болуын қамтамасыз етеді.

  • НЕРА сүзгісін, егер ол кір болса, тазалаңыз.
  • НЕРА сүзгісін, егер ол зақымдалған болса, ауыстырыңыз.
  • Кұрылғыны пайдалануыңызға байланысты НЕРА сүзгісін әр 6 ай сайын ауыстырып отыруды ұсынамыз.
  • Шаң жинайтын контейнердің құлпын ашыңыз. Сурет F
  • Шаң жинайтын контейнерден сүзгі жинағын ажыратыңыз. Сүзгі қақпағын сағат тіліне қарсы бұраңыз. Сүзгі қақпағын алыңыз, НЕРА сүзгісін болат сүзгіден ажыратыңыз. Сурет G
  • НЕРА сүзгісін тазалаңыз және НЕРА сүзгісінен кірді абайлап шығарыңыз/қағыңыз. Сурет Н
  • Шаң жинағышты босатып, оның ішін шүберекпен сүртіңіз. Сурет I
  • Сүзгі қақпағын, болаттан жасалған сүзгіні, НЕРА сүзгісін және шаң жинағыш контейнерді ағын судың астында жуыңыз. Сурет J
  • Сүзгі қақпағын, болаттан жасалған сүзгіні, НЕРА сүзгісін және шаң жинағыш контейнерді толық кептіріңіз. Сурет К
  • Сүзгі жинағын шаң жинағыш контейнерге салыңыз, содан кейін шаң жинағыш контейнерді сағат тілімен бұрап, орнына бекітіңіз. Сурет L

Кедергілер болғанда көмек алу

Кемшіліктердің себебін төменде көрсетілген тізімге сәйкес өзіңіз жоя аласыз. Күдікті жағдайларда немесе осында аталмаған себептер болған жағдайларда Қызмет Көрсету бөлімінің арнайы мамандарымен хабарласыңыз.

АкауЫктимал себебіАкаулькты жою әдісі
Құрылғы жұмыс істемейді.Батарея заряды бітуге жақын.1. Батареяны зарядтаңыз.
Құрылғының қызып кету қаупі бар.1. Шаң жинағыштың бітелгенін тексеріңіз.2. Шаң жинағышты тазалаңыз.3. Құрылғыны қайтадан қосыңыз.
Сору мүмкіндігі азаяды. / Қалыпты емес дыбыс немесе жұмыс кезіндегі қатты шу.Шаң жинағыш толы.НЕРА сүзгісінің жинағы бітелген.1. Шаң жинағышты тексеріңіз.2. Сүзгіні тексеріп, тазалаңыз.

Техникалық мағлұматтар

Электр желісіне косу
Желі жилігіHz50 - 60
Желілік кернеуV100 - 240
Аккумулятор кернеуіV5
Батарея кернеуіV7,2
Батарея толығымен зарядсызданған кездегі зарядтау уақытыминуттар180–240
Батарея сыйымдылығыmAh2500
Батарея түріLi-ion
Қорғау класыII
Номиналды қуатW100
Құрылғының техникалық сипаттамалары
Шаң жинағыштың тиімді көлеміI0,15
Вакуум (мин.)kPa12
Қалыпты жұмыс кезінде батарея толық болғандағы жұмыс уақытыминуттар≤ 20
Сүзгі түріНЕРА 12(EN1822:1998)
Дыбыстық шуылдың деңгейі қылғал таратқыштықdB(A)78
Өлшемдері мен өнімдер
Салмағы (толымдаушыларсыз)kg0,52
Үзындығыmm380
Еніmm76
Биіктігіmm76

Техникалық өзгерістер рұқсат етілген.

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : Kärcher

Модель : CVH Anniversary Edition

Санат : Шаңсорғыш