WG7450 - принтер CANON - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз WG7450 CANON PDF форматында.

📄 256 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice CANON WG7450 - page 148
Нұсқаулықты қарау : Français FR English EN Қазақша KK Кыргызча KY Русский RU Українська UK

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз принтер PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз WG7450 - CANON және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. WG7450 брендінің CANON.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ WG7450 CANON

талаптарының сипаттамасы Әр қауіпсіздік стандартының белгісі мен декларациясы туралы ескертуӘр қауіпсіздік стандартының белгісі мен декларациясы олар қолданылатын тиісті елдегі не аумақтағы кернеу мен жиілік үшін ғана жарамды болады.

Бұл тарауда осы құрылғы пайдаланушылары мен басқа тұлғалардың жарақаттануының әрі мүліктің бүлінуінің алдын алуға арналған маңызды қауіпсіздік нұсқаулары сипатталған. Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы тарауды оқып, оны тиісінше қолдану үшін берілген нұсқауларды орындаңыз. Бұл нұсқаулықта сипатталмаған кез келген әрекеттерді орындамаңыз. Canon компаниясы осы нұсқаулықта сипатталмаған, дұрыс қолданылмаған немесе жөндеуге немесе Canon немесе Canon тарапынан рұқсат етілген үшінші тарап жасамаған әрекеттерден туындаған кез келген зақымдарға жауапты болмайды. Осы құрылғыны дұрыс пайдаланбау жарақатқа және/немесе шектеулі кепілдікте қамтылмаған болуы мүмкін кеңейтілген жөндеуді талап ететін зақымға әкелуі мүмкін. ЕСКЕРТУДұрыс орындалмаған жағдайда өлім немесе жарақатқа әкелуі мүмкін әрекеттерге қатысты ескертулерді білдіреді. Құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін әрқашан осы ескертулерге назар аударыңыз. АБАЙЛАҢЫЗДұрыс орындалмаған жағдайда жарақатқа әкелуі мүмкін әрекеттерге қатысты сақтық шараны білдіреді. Құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін әрқашан осы сақтық ескертулерге назар аударыңыз. МАҢЫЗДЫЖұмыс талаптары мен шектеулерін көрсетеді. Құрылғыны тиісінше басқару және құрылғы мен мүліктің зақымдалуын болдырмау үшін бұл бөлімдерді оқыңыз. Бұл құрылғыны қауіпсіз және қиындықсыз пайдалану үшін келесі сақтандыруларды мұқият оқып шығыңыз және құрылғыны тиісті орынға орнатыңыз.• Мүмкіндігінше, байланыс кедергі келтірілетін заттар арқылы құрсауланбайтын жерге орнатыңыз. Қабырғалар немесе едендер арқылы өткенде сигнал төмендеуі мүмкін.• Құрылғыны сандық сымсыз телефондардан, қысқа толқынды пештерден немесе радио толқындар шығаратын басқа жабдықтан мүмкіндігінше алыс ұстаңыз. АБАЙЛАҢЫЗКассета беру құралын Canon WG7000 сериясының принтерімен пайдаланған кезде нұсқаулықта берілген нұсқауларды орындап, принтерді кассета беру құралына мықтап бекітіңіз. Әрдайым принтер мен кассета беру құралының келесі тіркесімдерін пайдаланыңыз.Canon WG7000 сериясы: Canon Cassette Feeding Unit CF10 пайдаланыңыз.Принтер мен кассета беру құралының жоғарыда көрсетілгеннен өзгеше тіркесімін пайдалану, тізімде көрсетілмеген кассета беру құралын пайдалану немесе принтерді кассета беру құралына мықтап бекітпеу нәтижесінде жабдық тұрақсыз болып, жарақаттауы мүмкін. ЕСКЕРТУ• Тек көрсетілген талаптарға сай келетін қуат көзін пайдаланыңыз. Олай істемеген жағдайда өрт шығуы немесе электр тоғы соғуы мүмкін.• Ұсынылғаннан басқа қуат сымдарын пайдаланбаңыз, себебі бұл өртке немесе электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.• Бірге берілген қуат сымы құрылғымен пайдалануға арналған. Қуат сымын басқа құрылғыларға жалғамаңыз.• Қуат сымын өзгертпеңіз, тартпаңыз, күштеп бұрмаңыз немесе зақымдай алатын басқа әрекеттерді орындамаңыз. Қуат сымының үстіне ауыр заттарды қоймаңыз. Қуат сымының зақымдалуы өрт тудыруы немесе электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.• Қуат ашасын су қолмен розеткаға қоспаңыз және ажыратпаңыз, себебі бұл электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.• Ұзартқыш сымдарды немесе бірнеше розеткасы бар ұзартқыштарды құрылғымен бірге пайдаланбаңыз. Олай істеу өрт тудыруы немесе электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.• Қуат сымын тартпаңыз немесе оны түйін етіп байламаңыз, себебі бұл өртке немесе электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.• Қуат сымын айнымалы тоқ розеткасына толығымен қосыңыз. Олай істемеген жағдайда өрт шығуы немесе электр тоғы соғуы мүмкін.• Найзағай кезінде айнымалы тоқ розеткасынан қуат ашасын толығымен ажыратыңыз. Олай істемеген жағдайда өрт шығуы, электр тоғы соғуы немесе құрылғының зақымдалуы мүмкін.• Құрылғы үшін қуат көзі қауіпсіз екендігіне және тұрақты кернеуі бар екендігіне көз жеткізіңіз. ЕСКЕРТУҚұралды өрт немесе электр тоғымен зақымдану туындауы мүмкін орындарда орнатпаңыз• Желдету тесіктері буғатталған орындар (қабырғаларға, төсектерге, дивандарға, кілемдерге немесе ұқсас нысандарға өте жақын)• Ылғалды және шаң басқан орын• Тікелей күн сәулесі түсетін немесе ашық ауадағы орындар• Жоғары температуралар болатын орын• Ашық жалын әсер ететін орын• Ішімдіктің, бояу еріткіштің немесе басқа да жеңіл тұтанатын заттардың жанындаБасқа ескертулер• Бұл құрылғыға рұқсат етілмеген кабельдерді жалғамаңыз. Олай істеу өрт тудыруы немесе электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.• Моншақ немесе басқа металдан жасалған заттарды не сұйықтығы бар ыдыстарды құрылғыға қоймаңыз. Бөгде заттар құрылғы ішіндегі электр бөліктерге тисе, бұл өртке немесе электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.• Қосымша қосалқы құралдарды орнату және жою кезінде қуатты ӨШІРІҢІЗ, қуат ашасын розеткадан суырыңыз, содан кейін бүкіл интерфейстік кабельдерді және қуат сымын құрылғыдан ажыратыңыз. Әйтпесе, қуат сымы немесе интерфейстік кабельдер зақымдалып, өртке немесе тоқ соғуына әкелуі мүмкін.• Егер қандай да бір бөгде зат бұл құрылғыға түссе, қуат ашасын айнымалы тоқ розеткасынан ажыратыңыз да, өкілетті Canon дилеріне хабарласыңыз.Келесі орындарда орнатпаңызҚұрылғы құлап қалып, жарақаттануға әкелуі мүмкін.• Тұрақсыз орын• Тербелістер әсер ететін орын АБАЙЛАҢЫЗКелесі орындарда орнатпаңызОлай істеу құрылғыны зақымдауы мүмкін.• Температурасы және ылғалдылығы төмен немесе жоғары шектерде кенет өзгеретін орын• Температурасы не ылғалдылығы кенеттен өзгеретін орын• Магниттік немесе электромагниттік толқындар шығаратын жабдыққа жақын

  • Зертхана немесе химиялық реакциялар орын алатын жер• Тотықтыратын немесе улы газдар бар
  • Құрылғының салмағынан сынуы немесе құрылғы құлауы мүмкін жер (кілем, т.б.)Биіктігін теңшеу аяқтары (тек биіктігін теңшеу аяқтары бар өнімдер үшін)Құрылғыны орнатқаннан кейін машинаның биіктігін теңшеу аяқтарын алып тастамаңыз, бұл құрылғының құлап кетуіне немесе түсіп қалуына себеп болуы мүмкін, нәтижесінде адам жарақат алады.Сымсыз жергілікті желіні пайдалану кезінде (тек сымсыз LAN функциясы бар өнімдер үшін)• Құрылғыны сымсыз жергілікті желіден 50 м немесе одан аз қашықтықта орнатыңыз.
  • Қуат сымын жылу көзінен аулақ ұстаңыз; бұдан бас тарту қуат сымы жабынының балқуына әкелуі мүмкін, бұл өртке немесе электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.
  • Егер қуат сымының жалғағыш бөлігіне шамадан тыс күш қолданылса, бұл қуат сымының зақымдалуына әкелуі мүмкін немесе құрылғының ішіндегі сымдар ажырауы мүмкін. Бұл өртке әкелуі мүмкін. Келесі жағдайлардан аулақ

– Қуат сымын жиі қосу және ажырату. – Қуат сымына шалыну. – Қуат сымы жалғағыш бөлік жақта иілген және розеткаға немесе жалғағыш бөлікке тұрақты күш қолданылады. – Қуат ашасына шамадан тыс күш

Құрылғыны розетка жанына орнатып, төтенше жағдайда ажыратуы жеңіл болуы үшін қуат ашасының айналасында жеткілікті бос орын қалдырыңыз.

  • Қуат сымын үздіксіз қуат көзіне жалғамаңыз. Қуат іркілісі кезінде бұл құрылғының зақымдалуына немесе бүлінуіне әкелуі мүмкін.
  • Бұл құрылғыны бірнеше ұясы бар айнымалы тоқ розеткасына қоссаңыз, қалған ұяларды басқа құрылғыларды қосу үшін пайдаланбаңыз.
  • Қуат сымын компьютердегі қосымша айнымалы тоқ розеткасына қоспаңыз. Басқа сақтандырулар Электрлік шу бұл құрылғының бұзылуына немесе деректердің жоғалуына себеп болуы мүмкін.
  • Құрылғы әдеттен тыс шу, оғаш иіс немесе түтін шығарған кезде не қатты қызып кетсе, дереу қуат ашасын айнымалы тоқ розеткасынан ажыратыңыз және өкілетті Canon дилеріне хабарласыңыз. Пайдалануды жалғастыру өртке немесе электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.
  • Осы құрылғыны бөлшектеуге немесе оның құрылымын өзгертуге болмайды. Құрылғының ішкі бөлшектерінің кернеуі және температурасы жоғары болады. Бөлшектеу немесе өзгеріс енгізу өрт тудыруы немесе электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.
  • Құрылғыны балалардың қолы қуат сымына және басқа кабельдерге немесе құрылғының ішіндегі механизмдер мен электр бөлшектеріне жетпейтін жерге орнатыңыз. Болмаса, бұл күтпеген нәтижелерге әкелуі
  • Бұл құрылғының қасында тез жанғыш заттарды пайдаланбаңыз. Тез жанғыш заттардың бұл құрылғы ішіндегі электрлі бөлшектермен жанасуы өрт шығуына немесе электр тоғының соғуына себеп болуы мүмкін. Қуатты үнемдеу пернесі (тек қуатты үнемдеу пернесі бар өнімдер үшін)
  • Құрылғы ұзақ уақыт бойы, мысалы түнде пайдаланылмаған кезде (қуатты үнемдеу) пернесін басыңыз. Осымен бірге негізгі қуат қосқышын ӨШІРУ және құрылғы ұзақ уақыт бойы, мысалы, ұзақ демалыс күндері кезінде пайдаланылмаған кезде қуат сымын қауіпсіздік мақсаттарында ажырату
  • Осы құрылғыға тіркелген абайлаңыз жапсырмасындағы нұсқауларды
  • Құрылғыны қатты соққыға немесе дірілге қалдырмаңыз.
  • Есіктер, қақпақтар және басқа бөлшектерді күштеп ашпаңыз және жаппаңыз. Олай істеу құрылғыны зақымдауы мүмкін.
  • Құрылғы пайдалануда болған кезінде негізгі қуат қосқышын ӨШІРУ немесе қақпақтарды ашуға тыйым салынған. Бұл қағаз кептелістеріне әкелуі мүмкін.
  • 3 метрден қысқарақ модульдік кабельді пайдаланыңыз.
  • 3 метрден қысқарақ USB кабелін пайдаланыңыз. Егер шу деңгейі мазаңызды алса Пайдалану жағдайы мен жұмыс режиміне байланысты, егер жұмыс шуы мазаңызды алса, құрылғыны кеңседен басқа орынға орнату ұсынылады. Техникалық қызмет көрсету және тексерулер Құрылғыны жүйелі түрде тазалап отыру қажет. Шаң жиналған кезде құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Тазалау кезінде келесілерге назар аударыңыз. Мәселе жұмыс барысында туындаған жағдайда «Ақаулықтарды жою» бөлімін қараңыз. Мәселе шешілмеген жағдайда немесе құрылғыны тексеру қажет болса, «Мәселені шешу мүмкін емес» бөлімін
  • Тазаламас бұрын, қуатты ӨШІРУ және қуат ашасын айнымалы тоқ розеткасынан ажырату қажет. Олай істемеген жағдайда өрт шығуы немесе электр тоғы соғуы мүмкін.
  • Қуат ашасындағы шаң мен кірді тазалау үшін оны жүйелі түрде ажыратып, құрғақ матамен сүртіп отыру қажет. Жиналған шаң ауадағы ылғалды сіңіріп, электр тоғының әсеріне ұшыраған жағдайда өртті тудыруы
  • Ылғалды қатты сығылған матамен құрылғыны тазалау үшін пайдаланыңыз. Тек сумен тазалау үшін маталарды сулаңыз. Алкоголь өнімдерін, бензинді немесе басқа тез тұтанатын өнімдерді пайдаланбаңыз. Қаптағыш қағазды немесе қағаз сүлгілерді пайдаланбаңыз. Осы заттардың құрылғы ішіндегі электрлі бөлшектермен жанасуы статикалық электр тоғының түзілуіне әкеліп, өрт шығуына немесе электр тоғының соғуына себеп болуы мүмкін.
  • Бұл құрылғыны жылжыту кезінде оның қуатын ӨШІРУ қажет, кейін қуат ашасы мен интерфейстік кабельдерін ажыратыңыз. Бұл нұсқауды орындамау, қуат сымы немесе интерфейстік кабельдер зақымдалып, өртке немесе тоқ соғуына әкелуі мүмкін.
  • Қуат айыры айнымалы тоқ розеткасына жалғанған күйде USB кабелін қосу не өшіру кезінде коннектордың металл шетіне қолыңызды тигізбеңіз, бұл электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін. Кардиостимуляторды пайдаланған

Бұл құрылғы төмен деңгейлі магниттік ағын шығарады. Кардиостимуляторды пайдалансаңыз және қолайсыздықты сезінсеңіз, құрылғыдан алыс кетіп, дәрігерге бірден қаралыңыз.

  • Осы құрылғыға ауыр заттарды қоймаңыз, олар құлап жарақаттауы
  • Қауіпсіздік үшін құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, қуат ашасын ажыратыңыз.
  • Қолыңызды зақымдап алмау үшін сақ
  • Шығару аумағында орналасқан білікшеден қолыңызды және киіміңізді аулақ ұстаңыз. Білікшеге қолыңызды немесе киіміңізді тигізу зақымдануға әкелуі мүмкін.
  • Сөздік сияқты ауыр затты жұмыс әйнегіне құлатып алмаңыз. Болмаса, бұл жұмыс әйнегін зақымдап, жарақатты тудыруы мүмкін.
  • Құрылғыны қосымша қағазға арналған тартпасымен бірге тасымаңыз. Болмаса, қағазға арналған тартпа құлап, жарақат тудыруы мүмкін. Беру құралы
  • Қалың кітаптардың көшірмесін жасау үшін үстіңгі әйнекті пайдаланған кезде беру құралын қатты баспаңыз. Болмаса, бұл жұмыс әйнегін зақымдап, жеке жарақатты тудыруы мүмкін.
  • Қолыңызды қысып қалмауы үшін беру құралын абайлап жабыңыз, бұл жарақатқа әкелуі мүмкін.
  • Беру құралының артқы жағында қолыңызды қысып қалмауы үшін беру құралын абайлап жабыңыз, бұл жарақатқа әкелуі мүмкін. Қағазға арналған тартпа
  • Қағазға арналған тартпа ашық күйінде қолыңызды құрылғыға салмаңыз, бұл жеке жарақатты тудыруы мүмкін. 51KZ Сипаттамалары Жалпы сипаттамалары Басып шығару ажыратымдылығы (нүкте/

1200 x 1200 Интерфейс Сымды LAN желісі (LAN ұяшығы): 1 Гбит/с (1000 Мбит/с)/100 Гбит/с/10 Гбит/с (Автоқосылу) Сымсыз LAN желісі: IEEE 802.11n / IEEE 802.11g / IEEE 802.11b (WG7450Z/WG7450F/WG7450) USB жады құрылғысына арналған USB ұяшығы: Жылдамдығы жоғары USB 2.0 Компьютерге арналған USB ұяшығы: Жылдамдығы жоғары USB 2.0 Телефонға арналған (Сыртқы телефон ұясы) (WG7450Z/WG7450F) Телефон желісіне арналған (Телефон желісінің ұясы): Super G3, G3 (WG7450Z/WG7450F) NFC (жақын байланыс) (WG7450Z) Жұмыс ортасы Температура: 5–35 °C (41–96 °F) Ылғалдық: 20–90 % СЫ (конденсациясыз) Сақтау ортасы Температура: 0 – 40 °C (32 – 104 °F) Ылғалдылық: 5 – 95 % салыстырмалы ылғалдылық (конденсациясыз)

Кернеу: 100-240В Жиілік: 50/60Гц Тоқ: 3 A Қуат тұтыну Басып шығару (көшіру): Ең көбі 110 Вт Күту режимі (ең азы): Ең көбі1,9 Вт Өшіп тұру: Ең көбі 0,1 Вт Өлшем (Е x Д x Б) 560 x 590 x 880 мм Салмағы Шамамен 82.5kg (WG7450Z) Шамамен 82.1kg (WG7450F) Шамамен 81.5kg (WG7450/WG7440)

  • Қуат сымында және ашасында жүйелі түрде тат басу, майысу, тозу, шамадан тыс қызу немесе шаң басу белгілерінің болмауын тексеріңіз. Нашар сақталған қуат сымын немесе ашасын пайдалану өрт шығуына немесе электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.
  • Құрылғының ішіндегі құрамдастардың температурасы және кернеуі жоғары болады. Бұл құрамдастарға тию жарақат немесе күюлерге әкелуі мүмкін. Нұсқаулықта көрсетілмеген құрылғының ешбір құрамдастарына
  • Қағазды салу немесе кептелген қағазды шығарып алу кезінде қағаздың шеттерімен қолдарыңызды кесіп

Беларусь, Қазақстан, Армения және Қырғызстан импорттаушылары толығырақ ақпарат алу үшін, қораптағы сипаттаманы

Өндіру айы мен жылын қорапты немесе осы принтерді қараңыз. Өнімді кәдеге жарату Бұл өнім Сіздің ұлттық және жергілікті заңнамаларыңызға сәйкес кәдеге жаратылуы тиіс. Құрылғыны тасымалдау Жарақатты немесе басқа сәтсіз жағдайды болдырмау, сонымен бірге ішкі механизмдерді қорғау үшін онлайн нұсқаулықты қараңыз. Процедураны сақтамай құрылғыны тасымалдау нәтижесінде тасымалдау кезінде құрылғы ішіндегі сияның ағуы

Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : CANON

Модель : WG7450

Санат : принтер