ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ CareStyle 7 IS 7282 BRAUN
KZ Аспапты қолданар алдында қауіпсіздік бойынша нұсқауларды (бөлек кітапша) зейін қойып тікелей оқып шығыңыз.
1 Қосу/Өшіру түймесі/белгішесі 2 Қарқынды булау түймесі/белгішесі (тек кейбір үлгілерде) 3 FastClean түймесі/белгішесі 4 Су үнемдеу белгішесі 5a iMode таңдау тетігі 5b Бу параметрлері белгішелері 6 Бу түймесі 7 Үтік қойғыш
8 Бекіту жүйесі 9 Алмалы су сауыты 10 Тығын 11 Қосарлы сым / сақтау орны 12 Қуат сымы / сақтау орны 13 Тұғыр
Қолданылу мақсаты
Бұл аспап күтіп ұстау заттаңбасына сәйкес үтіктеуге жарайтын киім-кешекті ғана үтіктеу үшін пайдаланылуға тиіс. Сонымен қатар аспапты киімді жаңалау үшін пайдалануға болады. Киіп жүрген
киімді ешқашан үтіктеуге немесе булауға болмайды.
Бірінші рет қолданар алдында
Бірінші рет бу дайын болғанда, киімді үтіктің зауыттан қалып қойған қалдықтары былғамас үшін бірнеше минут бір шуберекті үтіктеуді ұсынамыз.
(A) Су құятын ыдысқа су құю
Құрылғыны өшіріп, жүйені қуат көзінен ажыратыңыз.
- Су құятын ыдыстағы суды төгіңіз (9).
- Су құтын ыдысқа краннан су құйыңыз, "max" деңгейінен асырмаңыз, бірақ "min" белгісінен төмен болмауын қадағалаңыз.
- Егер суыңыз тым кермек болса, 50 % құбыр суы мен 50 % сүзілген таза суды араластырып пайдалануға кеңес береміз.
- Сүзілген таза судың өзін ғана пайдалануға болмайды. Ешқандай қоспалар қосуға болмайды (мысалы, крахмал). Кір кептіретін машинада жиналған суды қолданбаңыз.
- Су құятын ыдысты орнына салыңыз.
- Құрылғыны жазық, тұрақты жерге қойыңыз.
Ескертпе: Егер сүзу құралдарын немесе тұрмыстық тұрақты қақ тазалағышты қолдансаңыз, алынған судың pH көрсеткіші бейтарап екеніне көз жеткізіңіз.
(В) Су үнемдеу функциясы
Су деңгейі төмендеген кезде, су үнемдеу белгішесі ♦(4) жыпылықтай бастайды. Бұл кезеңде бумен үтіктеуді 10-15 минуттай жалғастыруға болады.
Су үнемдеу белгішесі үздіксіз жанып тұрғанда су сауытына су құю керек. Сонымен бір мезгілде Қосу/Өшіру белгішесі (1) мен таңдалған параметрді бастау белгішесі жыпылықтай бастайды.
Бумен үтіктеуді жалғастыру үшін су сауытына кем дегенде “min” белгісіне дейін су құйыңыз.
Үтіктеуге кіріспес бұрын киімді күтіп ұстау бойынша нұсқауларды зейін қойып оқыңыз. ✉ таңбасы бар маталарды үтіктеуге болмайды.
- Үтікті тұғырына (7) немесе тіреуішіне (13) қойыңыз, екі сымын (11, 12) толық жазып, аспапты токқа жалғаңыз да, On/Off (қосу/өшіру) түймесін (1) басыңыз.
- iCare параметрі 📋( ) және Қосу/Өшіру түймесі жыпылықтай бастайды да, дыбыстық белгі естіледі. Үтік қыза бастайды.
- Температураға жеткеннен кейін Қосу/Өшіру түймесі мен тиісті бу параметрі белгішесі үздіксіз жанады да, бумен үтіктеуге дайын екенін білдіретін дыбыстық белгі беріледі.
Бумен үтіктеу
Бу шығару үшін бу түймесін (6) басыңыз.
Құрғақ үтіктеу
Бу түймесін (6) баспастан үтіктеңіз. Құрғақ үтіктеу басталғаннан кейін 10 минут өткенде құрылғының күту күйіне ауысатынын ескеріңіз. Тағы да 10 минут өткенде авто-өшіру режимі іске қосылады.
Бу түймесін (15) 1 секунд ішінде екі рет жылдам басыңыз. Бірнеше секунд үздіксіз бу шығарылады. Функцияны тоқтату үшін бу шығару барысында бу түймесін тағы бір рет басыңыз.
(D) Параметрлер
Аспап токқа жалғанған кезде, соңғы жолы таңдалған параметрге қарамастан, ол әрқашан iCare параметріне орнатылады.
Бір параметрден екіншісіне ауысу үшін iMode тетігін (5а) басыңыз.
Eco
Синтетика, жібек және аралас материалдар сияқты нәзік заттарды үтіктеуге қолайлы. Бұл режимде қуат үнемдеу мүмкіндігі бар.
iCare
Жүн, полистер және мақтадан жасалған заттарды үтіктеуге қолайлы.
Turbo +
Мақта/зығыр және джинси сияқты күшті буды қажет ететін материалдардан жасалған заттарды үтіктеуге қолайлы.
Бұл параметрді сондай-ақ, киер алдында шкафта болған киім-кешекті жаңалап, тазарту үшін пайдалануға болады.
Ескертпе: Тазарту функциясын адамдарға немесе үй жануарларына пайдалануға болмайды.
Осы параметрдің көмегімен ең мол бумен 15 минут бойы үтіктеуге болады.
- Іске қосу үшін қарқынды жұмыс түймесін (2) басыңыз.
- Қарқынды булау белгішесі мен турбо белгішесі + үздіксіз жанады да, қысқа дыбыстық белгі естіледі.
- Осы функцияны тоқтату үшін iMode тетігін (5а) немесе қарқынды жұмыс түймесін қайтадан басыңыз.
15 минуттан кейін турбо режимінде үтіктеуді жалғастыруға болады.
Ескертпе: Карцынды булау функциясы тек керекті температураға жеткенде және бу дайын болғанда ғана жұмыс істейді.
ProSteam 🎨 (тек CareStyle 7 Pro)
Бұл параметр бу түймесін (6) баспастан 30 секундқа дейін үздіксіз булауды қамтамасыз етеді.
Оның булау жылдамдығы iCare 📋¶параметрімен бірдей болғандықтан, оны жүн мата, полиэстер мен мақта мата сияқты киім-кешекке қолдану ұсынылады.
- Осы параметрді іске қосу үшін ProSteam ✉️ таңдаңыз да, бу түймесін (6) бір рет басыңыз.
- Үтіктен бу 30 секунд бойы автоматты түрде шығады.
- Функцияны ертерек тоқтату үшін бу түймесін қайтадан басыңыз.
Бумен тігінен үтіктеу
Үтікті ілініп тұрған киімдерді булау үшін де қолдануға болады. Үтікті тік күйінде ұстаңыз да, ProSteam 📋 🔒 параметрін таңдаңыз.
Абай болыңыз: Бу өте ыстық болады. Киіп жүрген киімді ешқашан үтіктеуге немесе булауға болмайды.
Эргономикалық тұрғыдан сертификаттау
Эргономикалық сертификаттау институты бағалап, сертификаттаған осы политехникалық, биомедициналық, психоәлеуметтік (пайдалану ыңғайлылығы) және адамға бағдар алатын жобалау процесіне қатысты эргономикалық талаптарға сай болып, ыңғайлы әрі тамаша нәтижемен үтіктеу үшін жасалған.
Барынша жақсы нәтижеге жету мақсатында аспапты жобалаудың барлық кезеңдеріне мен сынақтан өткізу процесіне нақты тұтынушылар белсенді түрде қатыстырылды.
Үтіктеуге ыңғайлы және әрі жайлырақ болу үшін төменде келтірілген ұсыныстамаларды орындаңыз:
- Иығыңыздың ыңғайсыз қалпын азайту мақсатында үтіктеу тактасын бойыңызға дәлдеп реттегеніңіз дұрыс. Ең жақсы қалып – иығыңыз бен арқаңыз еркін қозғалуы үшін шынтағыңыз 90° бұрышпен орналасуы керек.
- Сонымен қатар сақтауға қойған және тасымалдаған кезде аса жайлы әрі ыңғайлы болуы үшін оны аспаптың ішіне бекітпес бұрын куат сымын қолыңызға
ораңыз да, жинаққа кіретін қысқышпен бұғаттаңыз.
- Құрылғыны тасымалдау алдында су сауытын босату, ал оны көтерген кезде арқаңызды тым қатты шалқайтпаған жөн.
(Е) Авто өшіру
Егер 10 минуттан кейін бу шықпаса, осы функция іске қосылады.
- Үтік авто-өшіру режимінде тұрғанда, Қосу/Өшіру түймесі (1) және таңдалған параметрге қатысты белгіше жыпылықтай бастайды.
- Үтіктеуді жалғастыру үшін кез келген түймені басыңыз да, параметрге қатысты белгіше үздіксіз жанғанша күтіңіз.
- Бу шығармастан тағы 10 минут өткенде, үтік пен бу станциясы ажырайды.
(F) Қақты кетіру
Аспап ыстық және (немесе) болғанда тығынды (10) ашуға
немесе тиісуге болмайды.
Қайнатқышты шаю үшін химиялық заттарды, үстемелерді немесе қақ тазартқыштарды қолданбаңыз.
Аспаптың қағын кетіру қажет болған кезде FastClean белгішесі (3) үздіксіз жанады.
Қақты кетіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
- Құрылғыны өшіріп (1), розеткадан суырыңыз.
- Су сауытындағы суды төгіңіз.
- Құрылғы әбден суығанша күтіңіз (кем дегенде 2,5 сағат).
- Аспапты шұңғылшаның шетіне қойыңыз да, тығынды (10) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап ашыңыз. Суды шұңғылшаға төгіңіз.
- Түзілген қақты кетіру үшін тығынды ағып тұрған суға жуыңыз.
- Аспаптан су ағуы тоқтаған кезде, қайнатқышты жабу үшін тығынды сағат тілінің бағытына қарсы бұрап жабыңыз.
- Розеткаға жалғаңыз да, токқа қосыңыз.
- Бастапқы қалпына қайтару үшін FastClean жүйесінің түймесін (3) 2 секунд басыңыз.
Егер құрылғыны қақты кетірместен өшірсе, келесі жолы токқа қосқан кезде FastClean белгішесі (3) үздіксіз жанады.
Ескертпе: Тұрмыстық тұрақты әк тазартқыш жүйені пайдаланғанда су тұтыну көлемі басқаша болатындықтан, суды 4 рет толық құйған сайын немесе кем дегенде айына бір рет жүйені әктен тазартуды ұсынамыз.
Мұндай жағдайда FastClean белгішесінің автоматты түрде жанбайтынын ескеріңіз.
(G) Үтіктегеннен кейін
Күтіп ұстау және тазалау
Эр кез үтіктеп болғаннан кейін су сауытын алыңыз да, босатыңыз.
- Тазалар алдында үнемі құрылғының өшіріліп, қуат көзінен ажыратылып, толық суығанына көз жеткізіп алыңыз.
- Утіктің табаны мен түтқасындағы жұмсақ материалды дымқыл шуберекпен тазалаңыз.
- Химиялык заттарды, сірке суын немесе қырғыш жөкені (мыс., қатты нейлон матасы бар жөке т.с.с) пайдалануға болмайды.
Бекіту жүйесі
Тасымалдау ыңғайлы әрі сақтауға оңай болуы үшін аспап бекіткіш жүйемен жарақталған. Аспапты бекітілген үтіктің түтқасынан ұстап көтеруге немесе алып жүруге болмайды.
Ескертпе: Тасымалдаудан бұрын үтіктің дұрыс бекітілгеніне және су сауытының бос екеніне көз жеткізіңіз.
- Утік табанын темір төсемнің ойығына орналастырыңыз.
- Утікті бекіту үшін жүгірткіні (8) (оңай бекіту) “сырт” еткен дыбыс естілгенше үтікке қарай итеріңіз.
- Утіктің бекіткішін ағыту үшін жүгірткідегі (оңай бекіту) түймені төмен басыңыз. Утік босатылады.
Сактауға қою
Утікті токтан ажыратып, су сауытын босатыңыз да, сақтау үшін сымдарды орамас бұрын аспаптың суығанын күтіңіз.
Куат сымын ыңғайлы сақтау үшін "Эргономикалық тұрғыдан сертификаттау" бөлімін қараңыз.
Кепілдік және жәндеу
Толық ақпаратты бөлек кепілдік және жәндеу парақшасынан қараңыз немесе www.braunhousehold.com сайтына кіріңіз.
Ақаулықтарды жою нұсқаулығы
| Ақаулық Себебі Шешімі | | |
| Құрылғықосылмайды. | Құрылғы қуат көзінежалғанбаған. | Құрылғының дұрыс қосылыптүрғанын тексеріп, қосу/өшірутүймесін басыңыз. |
| Бу бекетінің астынанбу шығады. | "Мах" қысым қауіпсіздігіжүйесі ашылып кеткен. | Құрылғыны дереу өшіріп, Braunтүтынушыларға қызмет көрсетуорталығына хабарласыңыз. |
| Үтік табанындағытесіктерден сутамшылайды. | Бу бірінші рет қолданылыпотырғандықтан,түтіктердің ішінде сужиналып қалған немесекұрылғы біраз уакытқолданылмаған. | Үтіктеу тактасынан алысырақтұрып бу түймесін бірнеше ретбасыңыз. Бүл бу жүйесіндегісуық суды жояды. |
| Табанынан қоңыртүсті сүйықтықағады. | Су құятын ыдысына сужұмсартатын химикаттарнемесе қосындыларқұйылған. | Су құятын ыдыска ондайөнімдерді құюға болмайды.Үтіктің табанын дымқылшуберекпен сүртіп алыңызжәне қайнатқышты шайыңыз. |
| Құрылғы біріншірет қосылғанда,түтін немесеиіс шыққанынбайқайсыз. | Үтіктің кейбірбөлшектері тығыздағышматериалдармен/майлармен өнделген,сондықтан үтік бірінші ретқосылғанда сол заттаршығады. | Бұл қалыпты жағдай жәнеүтікті бірнеше рет қолданғансон, өздігінен токтайды. Егерқұрылғы өшірілгеннен соңда түтін/иіс кетпесе, Braunтүтынушыларға қызметі көрсетуорталығына хабарласыңыз. |
| Құрылғы дірілгеұқсас үзік шушығарады. | Бу генераторына сутартылуда. | Бұл қалыпты жағдай және өшәрекет жасамаңыз. |
| Тығында бұрап алу қыын. | Әк қабаты тығынды ашуға кедергі келтіруде. | Қақпакшаны қуштеп бұрап ашыңыз. Ақаулыққа жол бермеу үшін аспаптың қағын жиі тазалау қажет. |
| Қайнатқышта әлі де қысым бар. | Қайнатқышта әлі де қысым болса немесе ыстық болса, тығынды ашуға болмайды. Тығынды ашпас бұрын кем дегенде 2,5 сағат күтіңіз. |
| Су қүйғаннан кейін, ♠ белгішесі бастапқы қалпына қайтарылмайды. | Су қалқымасы дұрыс жұмыс істемейді. | Су сауытын босатып, шайыңыз, қайтадан су толтырыңыз. |
| Су құятын ыдысы дұрыс салынбаған. | Су құятын ыдысты дұрыстап салыңыз. |
| Жарық диодты шамдардың барлығы жыпылықтап түр. | Жүйе қателігі. | Жүйені куат көзіне ажыратып, қайта жалғаңыз да, Қосу/Өшіру түймесін басыңыз. Егер мәселе әлі де шешілмесе, құрылғыны өшіріп, Braun тұтынушыларға қызметі көрсету орталығына хабарласыңыз. |
| Бу белгішесі тұрақты түрде қосылып түр, бірақ табанынан бу шықпайды. | Су сауыты бекітіліп қалған немесе дұрыс салынбаған. | Құрылғыны өшіріп, куат көзінен ажыратыңыз. Су сауытын босатып, ішін шайып, қайтадан су толтырыңыз. Су құятын ыдысты орнына салыңыз. Аспап әбден суығанша күтіңіз (кем дегенде 2,5 сағат), содан кейін тағы бір байқап көріңіз. Егер мәселе әлі де шешілмесе, Braun Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз |
| Тығыннан сыртқа бу немесе су шашырайды. | Тығын дұрыс қатайтып бұралмаған. | Аспапты өшіріп, розеткадан ашасын суырыңыз да, суытыңыз (кем дегенде 2,5 сағат). Тығынды бұрап алыңыз да, аспапқа қайтадан дұрыстап бұрап салыңыз. Ескертпе: Тығынды бұрап алған кезде шамалы су ағуы мүмкін. |
| Қосарлы сым пайдалану кезінде ысып кетеді. | Бұл қалыпты жағдай. Мұның себебі – үтіктеу барысында бу сым арқылы өтеді. | Қосарлы сымға үтіктеу кезінде тиіп кетпеу үшін оны қарама-қарсы жаққа қойыңыз. |
| Су сауытын суырған кезде шамалы су тамшылайды | | Бұл қалыпты жағдай, сондықтан ештеңе істеу қажет емес. |
EAC
| Улгі IS 7262, IS 7282, IS 7286 |
| Кернеу 220 – 240 В |
| Герц 50-60 Гц | |
| Ватт 2600 Вт | |
| Сақтаушарттары: | температура:+5°C және +45°СЫлғалдылық: < 80% |
Қытайда жасалған
Германия Заңды өндіруші:
Бұйымды іске пайдалану нұсқаулығына
сәйкес өз
мақсатында пайдалану керек. Бұйымның
қызмет
мерзімі тұтынушыға сатылған күннен бастап
2 жылды құрайды.
Импорттаушы:
«Делонги» ААҚ, Ресей, 127055,
Мәскеу қаласы, Сущёвская көшесі,
27/3-үй (27-үй, 3-құрылым)
Сақталу мерзімі: Шектелмеген
Жою жағдайлары: Қоршаған ортаны
қорғау талаптарына сәйкес
Тасымалдау жағдайлары: Тасымалдау кезінде құлатып алуға немесе шамадан тыс шайқалтуға болмайды.
Сату жағдайлары: Сату
жағдайларын өндіруші көрсетпеген, бірақ олар жергілікті, мемлекеттік және халықаралық ережелер мен стандарттарға сай болуға тиіс
Өндіруші зауыт:
De'Longhi Braun Household GmbH, Carl-Ulrich-Strasse 4, 63263 Neu Isenburg, Germany
Сипаттама