ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ CareStyle 3 Pro IS 3155 BRAUN
Осы өнімді пайдаланардан бұрын нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Ескертпе

Сактандыру: Ыстық беткей!
Электрлі үтіктеу бекеттері күйіп қалу қаупін тудыратын жоғары температура және ыстық буды пайдаланады.
Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан асқан балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері төмен немесе тәжірибесі және білімі жоқ адамдар қадағаланса немесе құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалануға қатысты нұсқаулар алса және байланысты қауіптерді түсінсе пайдалана алады.
Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету балалар тарапынан бақылаусыз орындалмауы тиіс.
Қолданыс кезінде немесе үтікті суыту кезінде үтіктің сымын балалардың қолы жетпейтін жерге қою керек.
Егер қуатпен қамту сымы зақымдалған болса, жарақатты болдырмау үшін ол өндіруші, оның қызмет көрсету агенті немесе ұқсас өкілеттігі бар тұлғалар тарапынан ауыстырылуы тиіс.
Су құярда бекетті әрқашан қуат көзінен суырыңыз.
Құрылғыны тұрақты беткейде қолданып, тұрақты жерге қою керек.
Үзіліс кезінде үтікті арнайы қойғышына немесе тіреуішіне қойыңыз. Үтік тіреуішін тұрақты беткейге қойыңыз.
Құрылғы қуат көзіне жалғанып тұрғанда, оны бақылаусыз қалдыруға болмайды.
Бойлерді үтіктеу кезінде ашуға болмайды.
Пайдалану барысында қысымдалған тесіктерді толтыру, қақ тазалау, шаю немесе тексеру үшін ашпау керек.
Құрылғыны құлатып алсаңыз, бүліну белгілері айқын көрініп тұрса немесе сұйықтық жылыстаса, қолдануға болмайды. Қуат сымдарының күйін жиі тексеріңіз.
Бұл құрылғы үй шаруасында қолдануға ғана арналған және тағамдарды үй шаруасына қажетті мөлшерде ғана қолдану қажет.
Қуат сымын ыстық заттарға, үтік табанына, суға және үшкір нәрселерге тигізбеген дұрыс.
Розеткаға жалғар алдында, қуат көзінің кернеуі құрылғы түбінде көрсетілген кернеу мәніне сәйкес болуын және розетканың жерге тұйықталуын қадағалаңыз.
Ұзартқыш қолданылғанда, ұзартқыштың күйін тексеріңіз және қуат ашасының жерге тұйықталғанын және құрылғыда көрсетілген қуат мәніне (16А) сәйкес болуын қадағалаңыз.
Үтік те, табаны да өте жоғары температураға жете қызады, сондықтан күйіп қалу қаупі жоғары болады. Қолыңызды тигізбеңіз.
Сипаттамасы
Бу шығаратын үтік
1 Дисплей
2 Қосу/Өшіру түймесі 3 Режимдер (эко, қалыпты, турбо) 4 Эк тазалау жүйесі 5 Үтік қойғыш 6 Су құятын ыдысы 7 Қуат сымы 8 Мөлдір қақпақ 9 Тазалау клапаны 10 Бекіту жүйесі
Үтік
11 Бу түймесі 12 Температураны бақылау шамы 13 Көздеп үтіктеу түймесі 14 Қос сым 15 Тіреуіш
(A) Су құятын ыдысын толтыру
- Құрылғыны өшіріп, жүйені қуат көзінен ажыратыңыз. • Су құятын ыдыстағы суды төгіңіз (6).
- Су құятын ыдысқа краннан су құйыңыз, „max“ деңгейінен асырмаңыз, бірақ „min“ белгісінен төмен болмауын қадағалаңыз, әйтпесе құрылғы үтіктеуге әзір болмайды. Егер су қатқыл болса, 50 % құбыр суы мен 50 % сүзілген таза суды араластырып пайдалануға кеңес береміз.
- Сузілген таза судың өзін ғана пайдалануға болмайды. Ешқандай қоспалар қосуға болмайды (мысалы, крахмал). Кір кептіретін машинада жиналған суды қолданбаңыз.
- Су құятын ыдысты орнына салыңыз.
- Құрылғыны жазық, тұрақты жерге қойыңыз.
Есіңізде болсын:
Егер сүзу құралдарын қолдансаңыз, алынған судың рН көрсеткіші бейтарап екеніне көз жеткізіңіз.
Су үнемдеу функциясы
- Су деңгейі төмендегенде, ♠ белгісі жарқылдай бастайды. Бұл кезеңде бумен үтіктеуді 10-15 минуттай жалғастыруға болады.
- Белгішесі тұрақты түрде жанғанда, су құю қажет болады. Сонымен қатар, температураны бақылау шамы (12) жыпылықтай бастайды және таңдалған режиммен байланысты белгіше өшіп қалады.
- Бумен үтіктеуді жалғастыру үшін, су құятын ыдысқа (А) қайта су толтырыңыз.
(В) Үтіктеуді бастаңыз
- Үтікті үтік қойғышқа (5) немесе тіреуішіне (15) қойып, құрылғыны қуат көзіне жалғап, құрылғының Қосу/Өшіру түймесін (2) басыңыз.
- Үтіктелетін заттардың материалына арналған режимді (3) таңдаңыз.
- Үтік қыза бастайды және температураны бақылау түймесі (12) жыпылықтайды. • Дисплейдегі (1) таңдалған режим белгішесі жыпылықтай бастайды. Бу әзір болғанда, белгіше тұрақты түрде жанады.
- Қажетті температураға жеткенде, температураны бақылау шамы (12) тұрақты түрде жанады.
- Режимдер: Қажетті режимді сәйкес белгішені басып таңдауға болады (эко, қалыпты немесе турбо). Бір режимнен екінші режимге ауысу үшін, арнаулы түймені басыңыз (3).
CareStyle 7
ЭКО
Синтетика, жібек және аралас материалдар сияқты нәзік заттарды үтіктеуге қолайлы. Бұл режимде қуат үнемдеу мүмкіндігі бар.
қалыпты
Жүннен, полистер және мақта/зығырдан жасалған киімдерді үтіктеуге қолайлы.
Есіңізде болсын: Үтік бірінші рет қосылғанда, қалыпты режим 📌️ автоматты түрде таңдалады, 2-ші рет қосылғанда соңғы рет таңдалған режиммен қосылады.
CareStyle 7 Pro
ЭКО
Синтетика, жібек және аралас материалдар сияқты нәзік заттарды үтіктеуге қолайлы. Бұл режимде қуат үнемдеу мүмкіндігі бар.
қалыпты
Жүн, полистер және мақтадан жасалған заттарды үтіктеуге қолайлы.
турбо
Мақта/зығыр және джинси сияқты күшті буды қажет ететін материалдардан жасалған заттарды үтіктеуге қолайлы.
Есіңізде болсын: Турбо режимінде температура жоғары болғандықтан, үтікті заттың үстіне қойып, бақылаусыз тастауға болмайды.
Есіңізде болсын: Үтік қосылғанда, соңғы таңдалған режимге қарамастан, бу әрқашан қалыпты режимде болады.
- Бумен үтіктеу үшін, үтіктің тұтқасының астындағы бу түймесін (11) басыңыз. Үтіктің табанындағы барлық тесіктерден бу шығады.
- Қос түрткі: Бу түймесін (11) немесе көздеп үтіктеу түймесін (13) 1 секунд арасында 2 рет басыңыз. Бірнеше секунд үздіксіз бу шығарылады. Функцияны тоқтату үшін, бу түймесін (11) немесе көздеп үтіктеу түймесін (13) тағы бір рет басыңыз.
- Құрғақ үтіктеу үшін, бу түймесін (11) баспай үтіктеңіз. Құрғақ үтіктеу басталғаннан кейін 10 минут аралығында құрылғы „авто-өшу“ күйіне ауысатынын ескеріңіз.
- Бумен тігінен үтіктеу: Үтікті ілініп тұрған киімдерді булау үшін де қолдануға болады (В). • 3D табан: 3D табанының дөңгелек пішімі үтіктеуге қиын аймақтарды (түймелер, қалталар және т.б.) қамту мүмкіндігін ұсынады.
(C) Көздеп үтіктеу түймесі
- Көздеп үтіктеу (13) түймесін түбіне дейін басыңыз.
- Бу үтіктің табанының ұшынан ғана шығады.
- Бұл функцияны тоқтату үшін, (13) түймені босатыңыз.
- Егер түймені түбіне дейін баспасаңыз, табанының артқы жағындағы тесіктерден бу шығуы мүмкін.
(D) Авто-өшіру функциясы
- Үтік авто-өшіру режимінде болғанда, ⏻ белгішесі жыпылықтап, температураны бақылау шамы (12) өшеді. Үтік қуат үнемдеу үшін өшеді.
- Егер 10 минут аралығында бу шығарылмаса, ол қайта қосылады.
- Үтікті қайта қосу үшін, Қосу/Өшіру түймесін (2) басу қажет. Қайта үтіктеуге кірісуге дейін, температураны бақылау шамының (12) жануын күтіңіз.
Үтіктеу аяқталғанда
- Құрылғыны өшіру үшін, Қосу/Өшіру түймесін (2) басыңыз.
- Құрылғыны жинап қояр алдында, қуат көзінен ажыратып, сууын күтіңіз. • Шүңғылдағы суды төгіңіз.
- Үтікті бекітіңіз.
(E) Бекіту жүйесі
Бекіту жүйесін бу бекеті мен үтікті қауіпсіз сақтау үшін қолдануға болады. Құрылғыны бекітілген үтіктің ұстағышынан ұстап көтеруге немесе алып жүруге болмайды.
- Үтік табанын темір төсемнің ойығына орналастырыңыз.
- Үтікті „кілт“ еткен дыбыс естілгенше төмен қарай басыңыз, сонда үтік автоматты түрде бекітіледі.
- Үтіктің бекітпесін ашу үшін, бекіту жүйесін алға қарай сырғытыңыз. Үтік босатылады.
(F) Әкті кетіру
Жұмысы дұрыс болу үшін, жүйені әр 15 литр су қолданылғаннан кейін тазалап отыру қажет (8 рет толтырумен тең).
белгішесі жыпылықтап тұр.
- Бірінші, құрылғыны өшіріп, қуаттан ажыратыңыз.
- Үтіктің бекітпесін ашып, үтікті үтік қойғыштан алыңыз. Құрылғы әбден суығанша күтіңіз (кем дегенде 2,5 сағат).
- Су ыдысын алып, суын төгіңіз.
- Мөлдір қақпақты (8) алып, тазалау клапанын бұрап ашыңыз (9).
- Қайнатқышты босатыңыз.
- 500 мл куб су құйыңыз. Химиялық заттарды, қоспаларды немесе әк тазалағыштарды қолданбаңыз.
- Тазалау клапанын бұрап (9), қайнатқышты жабыңыз.
- Бу бекетін жақсылап шайып, суын төгіңіз.
- Осы қадамдарды тағы бір рет орындаңыз.
- Әк тазалау жұмыстарын аяқтаған соң, құрылғыны (2) қосып, жүйенің тазалау түймесін (4) 2 секундтай басыңыз.
Егер құрылғы әктен тазаланбай өшірілсе, онда 😊 белгішесі келесі жолы қосылғанда, қайта жыпылықтай бастайды.
Ескерту: Үйде тұрақты түрде орнатылған әк тазалағышты қолдану нәтижесінде су құрамы әртүрлі болатындықтан, жүйеде жиналған әкті әр 4 толтырудан кейін тазалап отыруға кеңес береміз. Бұл жағдайда әк тазалау белгішесі автоматты түрде қосылмайтынын ескеріңіз.
(G) Тазалау және күту жұмыстары
- Тазалар алдында үнемі құрылғының өшіріліп, қуат көзінен ажыратылып, толық суығанына көз жеткізіп алыңыз.
- Үтіктің табанын дымқыл немесе құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
- Ысқыш, сіркесу немесе басқа химикаттарды қолданбаңыз.
- Ұстағышындағы жұмсақ материалды тазалау үшін дымқыл шүберек қолданыңыз.
Шығарылған жылы
Шығарылған жылын белгілеу үшін бұйым тақташасындағы 5-сандық шығарушы кодын қараңыз. Шығарушы кодының бірінші саны шығарған жылдың соңғы санын білдіреді. Келесі 2 сандар шығарылған жылдың күнтізбелік апта санын білдіреді. Ал соңғы 2 сандар 1992 жылдан бастап автоматты түрде есептелген басып шығару мерзімін білдіреді.
Мысалы: 30421 – Бұйым 2013 жылының 4 аптасында шығарылған.
| Улгі IS 7043, 7044, 7055, 7056 |
| Кернеу 220 – 240 В |
| Герц 50-60 Гц | |
| Ватт 2000-2400 Вт |
| Сактаушарттары: | температура: +5°C және +45°CЫлғалдылық: < 80% |
Кытайда жасалған үшін Делонги Браун Хаусхолд ГмбХ
Кепілді қызмет көрсету мерзімінде немесе одан кейін қызмет көрсету, сондай-ақ ақаулықтарды анықтау мәселелері бойынша Braun компаниясының Тұтынушыларға қызмет көрсету қызметіне
Бұйымды іске пайдалану нұсқаулығына сәйкес өз мақсатында пайдалану керек. Бұйымның қызмет мерзімі тұтынушыға сатылған күннен бастап 2 жылды құрайды.
Импортер:
«Делонги» ААҚ, Ресей, 127055, Москва қаласы, Сущёвская көшесі, 27/3-үй (27-үй, 3-құрылым) Тел. +7 (495) 781-26-76
Ақаулықтарды жою нұсқаулығы
| АҚАУЛЫҚ СЕБЕБІ ЖӨНДЕУ | |
| Құрылғы қосылмайды. | Құрылғы қуат көзіне жалғанбаған. | Құрылғының дұрыс қосылып түрғанын тексеріп, қосу/өшіру түймесін басыңыз. |
| Бу бекетінің астынан бу шығады. | "Ма́х" қысым қауіпсіздігі жүйесі ашылып кеткен. | Құрылғыны дереу өшіріп, Braun түтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. |
| Үтік табанындағы тесіктерден су тамшылайды. | Бу бірінші рет қолданылып отырғандықтан, түтіктердің ішінде су жиналып қалған немесе құрылғы біраз уақыт қолданылмаған. | Бу түймесін бірнеше рет басыңыз, бірақ үтіктеу тақтасынан қашық ұстаңыз. Бул бу жүйесіндегі суық суды жояды. |
| Табанынан қоңыр түсті сүйықтық ағады. | Су құятын ыдысына су жүмсартатын химикаттар немесе қосындылар құйылған. | Су құятын ыдыска ондай өнімдерді құюға болмайды. Утіктің табанын дымқыл шубереклен сүртіп алыңыз және қайнатқышты шайыңыз. |
| Құрылғы бірінші рет қосылғанда, түтін немесе иіс шыққанын байқайсыз. | Үтіктің кейбір бөлшектері тығыздағыш материалдармен/ майлармен өнделген, сондықтан үтік бірінші рет қосылғанда сол заттар шығады. | Бүл қалыпыты жағдай және үтікті бірнеше рет қолданған сон, өздігінен токтайды. Егер құрылғы өшірілгеннен сон да түтін/иіс кетпесе, Braun түтынушыларға қызметі көрсету орталығына хабарласыңыз. |
| Құрылғы тербелістермен байланысты үздікті шуыл шығарады. | Бу генераторына су тартылуда. Бүл қалыпыты жағдай және еш әрекет жасамаңыз. |
| Құрылғы тербелістерге байланысты үздіксіз шуыл шығарады. | Жүйе қателігі. Құрылғыны қуат көзінен ажыратып, Braun түтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. |
| Тазалау клапанын бурап алу қиын. | Әк тазалау клапанын ашуға кедергі келтіруде. | Қақпақшаны қүштеп бұрап ашыңыз. Мәселе қайталанбас үшін, бу генераторын жиішаю қажет. |
| Су толтырғаннан кейін, ♠ шамы қайта реттелмейді. | Су қалқымасы дұрыс жұмыс істемейді. | Су құятын ыдысты босатып, шайып, қайта толтырыңыз. |
| Су құятын ыдысы дұрыс салынбаған. | Су құятын ыдысты дұрыстап салыңыз. |
| Жарық диодты шамдардың барлығы жыпылықтап түр. | Жүйе қателігі. | Жүйені қуат көзіне ажыратып, қайта жалғаныз да, Қосу/Өшіру түймесін басыңыз. Егер маєеле әлі де шешілмесе, құрылғыны өшіріп, Braun түтынушыларға қызметі көрсету орталығына хабарласыңыз. |
| Бу белгішесі тұрақты түрде қосылып түр, бірақ табанынан бу шықпайды. | Су құятын ыдыс қалқымасы бекітілген немесе ыдыс дұрыс салынбаған. | Құрылғыны өшіріп, қуат көзінен ажыратыңыз. Су құятын ыдысты босатып, шайып, қайта толтырыңыз. Су құятын ыдысты орнына салыңыз. Құрылғыны қосып, қолдануға әзір болғанша күтініз. Бу түймесін басып, бу шыққанша күтініз. Бу шыққанда, бу түймесін 10 секунд ұстан тұрыңыз, одан кейін босатыңыз. |
Ескертусіз өзгертілуі мүмкін нәрсе.
Өнім қолданыстан шыққанда басқа үй қоқысымен бірге тастамаңыз.
Еліңіздегі Braun қызмет көрсету орталығына немесе тиісті өткізу орталықтарына өткізуіңізге болады.
