WFC 3C26N F - ыдыс жуғыш WHIRLPOOL - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз WFC 3C26N F WHIRLPOOL PDF форматында.
| Өнім түрі | Ыдыс жуғыш машина |
| Бренд | Whirlpool |
| Модель | WFC 3C26N F |
| Бағдарламалар саны | 8 |
| Бағдарламалар | Эко, 6th Sense, Интенсивті, Жылдам жуу және кептіру, Кристал, 30 минуттық жылдам, Тыныш, Алдын ала жуу |
| Опциялар | Мультизона, Sani Rince, Таблетка, Кешіктірілген бастау, Құлыптау, Дренаж |
| Технологиялар | 6th Sense (лас деңгейін анықтау), NaturalDry (конвекциялық кептіру есіктің автоматты ашылуымен) |
| Сыйымдылық | 14 ас құралына дейін (шамамен) |
| Су шығыны (Эко бағдарламасы) | 9,5 л/цикл |
| Энергия шығыны (Эко бағдарламасы) | 0,95 кВт·сағ/цикл |
| Эко бағдарламасының ұзақтығы | 3 сағ 10 мин |
| Су қаттылығын реттеу | Иә, 5 деңгей |
| Тұз ыдысы | Иә, деңгей индикаторымен |
| Шайғыш сұйықтық диспенсері | Иә, дозаны реттеу (5 деңгей) |
| Жуғыш зат диспенсері | Иә, алдын ала жуу бөлімімен |
| Жоғарғы себет | Биіктігі реттелетін, бүктелетін қақпақтары бар |
| Ас құралдарына арналған себет | Иә (ас құралдары бөлімі) |
| Сүзгі | 3 бөлікті сүзгі жиынтығы, тазаланатын |
| Бүрку тетіктері | Жоғарғы және төменгі |
| Қауіпсіздік | Басқару панелін құлыптау |
| Дисплей | Сандық экран жарық индикаторларымен |
Жиі қойылатын сұрақтар - WFC 3C26N F WHIRLPOOL
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы WFC 3C26N F WHIRLPOOL
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ыдыс жуғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз WFC 3C26N F - WHIRLPOOL және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. WFC 3C26N F брендінің WHIRLPOOL.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ WFC 3C26N F WHIRLPOOL
РАКМЕТ. Барынша жан-жақты көмек алу үшін
құрылғыны мына веб-сайтта тіркеңіз:
www.whirlpool.eu/register

www
Қауіпсіздік нұсқаулығы мен Пайдаланушы нұсқаулығын, біздің веб-сайтымызға кіріп, кітапшаның артындағы нұсқауларды орындай отырып жүктеп ала аласыз docs.whirlpool.eu.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын Қауіпсіздік нұсқаулығын мұқият оқыңыз.
ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ
ҚҰРЫЛҒЫ
- Жоғарғы сөре
- Ас ішетін саймандар сересі
- Жиналмалы ысырмалар
- Жоғарғы сөренің биіктігін реттегіш
- Жоғарғы спрей тұтқасы
- Төменгі сөре
- Төменгі спрей тұтқасы
- Сузгі жинағы
- Түз қоймасы
- Тазалау құралы мен шаю құралы ыдысы
- Зауыт тактайшасы
- Баскару панелі
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
- Индикатор шамы бар қосу-өшіру/Ысыру түймесі
- Индикатор шамы бар бағдарламаны таңдау түймесі
- Индикатор шамы бар Мультизоун түймесі / Перне құлпы
- Эко бағдарламасының индикатор шамы
- Перне құлпы индикатор шамы
- Дисплей
- Бағдарлама нөмірі мен қалған уақыт индикаторы
- Таблетка (Таб) индикатор шамы
- Су краны жабық индикатор шамы
- Шаю құралын толтыру индикатор шамы
- Тұзды толтыру индикатор шамы
- Индикатор шамы бар Тазалап Шаю түймесі / Таблетка (Таб)
- Индикатор шамы бар кешіктіру түймесі
- Индикатор шамы бар Бастау/тоқтату түймесі / Тазалау
Орнатқаннан кейін тор сөрелерден тығырықтарды және үстіңгі тор сөреден тығыздағыш серіппелі элементтерді алып тастаңыз.
ТҰЗ БАГЫН ТОЛТЫРУ
Тұзды қолдану ыдыстарда және құрылғының жұмыс құрамдастарында ҚАҚ түзілуінің алдын алады.
• ТҰЗ САУЫТЫН ЕШҚАШАН БОС ҚАЛДЫРМАУДЫҢ маңызы зор: - Судың кермектігін орнатудың маңызы зор.
- Төменгі сөрені алып тастап, бак қақпағын бұрап алыңыз (сағат тіліне қарсы бағытта).
- Бұны тек бірінші рет пайдаланғанда орындау керек: тұз сауытына су құйыңыз.
- Құйғышты салыңыз (суретті қараңыз) тұз бағын шетіне дейін толтырыңыз (шамамен 1 кг); аздаған судың төгілуі қалыпсыз.
- Құйғышты алып, саңылаудан қалдық тұзды сүртіп алыңыз.
Какпактың мықтап бұлғанын тексеріңіз, жуу бағдарламасы кезінде ешбір тазалау құралы контейнерге кірмеуі керек (бұл суды жұмсарту құралына зақым келтіруі мүмкін).
Тұз қосу керек болған кезде, коррозияның алдын алу үшін, жуу циклін бастамас бұрын міндетті түрде осы процедураны орындау керек.
Суды жұмсарту құралының жақсы жұмыс істеуіне мүмкіндік беру үшін, су қаттылығы параметрінің шлангідегі нақты су қаттылығына негізделуі маңызды. Бұл мәліметтерді жергілікті су жабдығынан алуға болады.
Су кермектігіне арналған зауыттың үнсіз келісім бойынша орнатқан баптаулары.
- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы құрылғыны іске қосыңыз.
- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы құрылғыны өшіріңіз.
- Сигнал естілмейінше 5 секунд БАСТАУ/ТОҚТАТУ түймесін басып тұрыңыз.
- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы құрылғыны іске қосыңыз.
- Ағымдағы таңдау деңгейі нөмірі мен тұзды индикатор шамы жыпылықтайды.
- Түймені басу арқылы қалаған кермектік деңгейін таңдаңыз (СУ КЕРМЕКТІГІ КЕСТЕСІН ҚАРАҢЫЗ тарауын қараңыз).
Су кермектігі кестесі
| Денгей | °dHГерманияденгейлері | °fHФранцияденгейлері | °ClarkАғылшыншаградустар | |
| 1 | Жұмсақ | 0 - 6 | 0 - 10 | 0 - 7 |
| 2 | Орташа | 7 - 11 | 11 - 20 | 8 - 14 |
| 3 | Шамамен | 12 - 16 | 21 - 29 | 15 - 20 |
| 4 | Қатты | 17 - 34 | 30 - 60 | 21 - 42 |
| 5 | Өте қатты | 35 - 50 | 61 - 90 | 43 - 62 |
- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы құрылғыны өшіріңіз.
Параметр аяқталды!
Осы процедура аяқталған соң, бағдарламаны жүктемей іске қосыңыз. Тек қана ыдыс жуғыш машиналарға арналған тұзды қолданыңыз. Тұз машинаға құйылған соң, ТҰЗДЫ ТОЛТЫРУ индикатор шамы өшеді.
Егер тұз сауыты толтырылмаса, эк қалдықтарының жиналуының нәтижесінде су жұмсартқыш пен қыздыру элементіне нұқсан келуі мүмкін. Тұзды қолдану ыдыс жуғыш машинада қолданылған қаражаттың ар қандай түрімен ұсынылады.
Шайғыш құрал ыдысты құрғатуды оңайырақ етеді. Шайғыш құрал ыдысын А дисплейде ШАЙҒЫШ ҚҰРАЛДЫ ҚҰЮ индикатор шамы жанып тұрған кезде толтыру керек.

- Қақпақтағы ілмекті жоғары тартып, В шайғыш құрал ыдысын ашыңыз.
- Шайғыш құралды мұқият толтыру орнынан мүмкіндігінше (110 мл) құю аузынан терең етіп салыңыз. Төгіліп кеткен болса, дереу құрғақ матамен тазалап алыңыз.
- Оның сырт етіп жабылғанын естімейінше қақпақты басыңыз. Шаю құралын ЕШҚАШАН тікелей түтікке құймаңыз.
Курғату нәтижелерімен толығымен қанағаттанбасаңыз, қолданылған шаю құралының мөлшерін реттеуге болады.
- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін қолданып ыдыс жуғыш машинаны іске қосыңыз.
- Оны ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін қолданып өшіріңіз.
- БАСТАУ/ТОКТАТУ түймесін үш рет басыңыз, сигнал естіледі.
- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін қолданып оны қосыңыз.
- Ағымдағы таңдау деңгейі нөмірі мен шаю құралы индикатор шамы жыпылықтайды.
- Берілетін шаю құралы деңгейінің мөлшерін таңдау үшін Р түймесін басыңыз.
- Оны ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін қолданып өшіріңіз.
Параметр аяқталды!
Шаю құралы деңгейі 1 (ЭКО) деңгейіне орнатылған болса, шаю құралы беріледі. Шаю құралы таусылған болса, ТӨМЕН ШАЮ ҚҰРАЛЫ индикаторы жанбайды. Ыдыс жуғыш машинаның үлгісіне байланысты ең көбі 5 деңгейді орнатуға болады. Зауыттық параметрлер нақты үлгіге тән болады, машинаңыз бойынша оларды тексеру үшін жоғарыдағы нұсқаулыққа сүйеніңіз. - Ыдыстарда көгілдір жолақтарды байқасаңыз, төмен санды орнатыңыз (2-3). - Ыдыстарда судың тамшылары немесе ақ белгілері болатын болса, жоғары санды (4-5) орнатыңыз.
ТАЗАЛАУ ҚҰРАЛЫ ЫДЫСЫН ТОЛТЫРУ
Жугыш құрал ыдысын ашу үшін С ашу құрылғысын қолданыңыз. Жугыш құралды тек Д үнтак ыдысына салыңыз. Алдын ала жууға арналған жугыш құралдың қажетті мөлшерін барабанға тікелей салыңыз.

- Тазалау құралын өлшеген кезде, дұрыс мөлшерін қосу үшін бұрын берілген ақпаратты қараңыз. Ыдыстың ішінде D индикаторлары құралды мөлшерлеуге көмектеседі.
- Қақпақты орнына сырт етіп түскенше жауып, тазалау құралының қалдықтарын ыдыстың шеттерінен сүртіп тастаңыз.
- Жабу құрылғысы орнына қауіпсіз етіп салынбайынша, тазалау құралының қақпағын жабыңыз.
Тазалау құралының ыдысы бағдарламаға сәйкес дұрыс уақытта автоматты түрде ашылады. Егер барлық тазалау құралы бірден қолданылатын болса, ТАБЛЕТКА түймесін қолдануды ұсынамыз, себебі ол әрқашан ең жақсы жуу және құрғату нәтижелеріне қол жеткізілмейінше бағдарламаны реттейді. Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған жуғыш құралдарды пайдаланған жағдайда, құрылғының зақымдалуына немесе бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
БАҒДАРЛАМАЛАР КЕСТЕСІ
| Бағдарлама | Кұрғату сатысы | NaturalDry | Қол жетімді параметрлер*) | Длительность программы (ч:мин)** | Судың тұтынылүы (литр/айналым) | Энергияны тұтыну (кВт/айналым) | |
| 1. Эко | Eco 50° | √ | √ | 3:10 9,5 0,95 | |||
| 2. 6th Сезімтал | [WX3W] 50-60° | √ | √ | MULTI ZONE | 1:25 - 3:00 7,0 | 14,0 0,90 - 1,40 | |
| 3. Қарқынды | 65° | √ | √ | MULTI ZONE | 2:50 16,0 1,60 | ||
| 4. Тез жуу және кептіру | 50° | √ | √ | MULTI ZONE | 1:25 11,5 1,10 | ||
| 5. Кристалды | [ТТТТ] 45° | √ | √ | MULTI ZONE | 1:40 11,5 1,20 | ||
| 6. Жылдам 30' | 50° | - | - | MULTI ZONE | 0:30 9,0 0,50 | ||
| 7. Тыныш | 50° | √ | √ | 3:30 15,0 1,15 | |||
| 8. Алдын ала жуу | [Х6ТД] - | - | - | MULTI ZONE | 0:12 4,5 0,01 | ||
ЭКО бағдарлама деректері EN 60436:2020 Еуропалық стандартына сай зертханалық жағдайларға байланысты өлшенеді. Сынақ зертханаларына арналған ескертпе: салыстырмалы EN сынақ жағдайлары үшін төмендегі мекенжайға электрондық хат жіберіңіз: dw_test_support@whirlpool.com Бағдарламалардың ешқайсысы үшін ыдыс-аяқты алдын ала өңдеу керек емес. *) Барлық параметрлерді бір уақытта қолдануға болмайды. **) ЭКО бағдарламасынан басқа бағдарламаларға берілген мәндер - шамамен алынған. Нақты уақыт кіріс судың температурасы мен қысымы, бөлме температурасы, тазалау құралының мөлшері, жүктелген ыдыстың көлемі мен түрі, жүктелген ыдыстарды реттеу, қосымша таңдалған параметрлер мен датчикті калибрлеу сияқты көптеген факторларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Датчикті калибрлеу бағдарлама ұзақтығын 20 минутқа арттыруы мүмкін.
БАҒДАРЛАМАЛАР СИПАТТАМАСЫ
Жуу айналымын таңдау бойынша нұсқаулар.
1 ЭКО
Эко бағдарламасы орташа ластанған ыдыс-аяқтарды жууға арналған, әрі ол су мен энергияны қатар қолдану тұрғысынан өте тиімді бағдарлама болып табылады, сондай-ақ бұл бағдарлама ЕО экодизайн заңнамасына сәйкестікті бағалау үшін қолданылады.
2 6th CE3IMTAL
Қатып қалған тағам қалдықтары бар қалыпты ластанған ыдыстар үшін. Кірлену деңгейін анықтап, бағдарламаны сәйкесінше реттейді. Датчик кірлену деңгейін анықтағанда, дисплейде сурет пайда болады және цикл ұзақтығы жаңартылады.
3 КАРКЫНДЫ
Катты ластанған ыдыс, әсіресе таба мен көстрөл үшін ұсынылатын бағдарлама (нәзік элементтерге қолдануға арналмаған).
4 ТЕЗ ЖУУ ЖӘНЕ КЕПТІРУ
Қалыпты кірленген ыдыс-аяқ. Азырақ уақытты барынша жақсы жуу мен кептіруді қамтамасыз ететін күнделікті цикл.
5 КРИСТАЛДЫ
Стақан мен шыныаяқ сияқты жоғары температураға сезімтал нәзік заттарға арналған бағдарлама.
6 ЖЫЛДАМ 30'
Қатып қалған тағам қалдығы жоқ, аздап ластанған ыдыстарды орташа толтырып қолданылатын бағдарлама. Кептіру фазасы жоқ.
7 ТЫНЫШ
Құрылғыны түнгі уақытта пайдалану үшін қолайлы. Шуды барынша аз шығарып, барынша жақсы жуу мен кептіруді қамтамасыз етеді.
8 АЛДЫН АЛА ЖУУ
Кейінірек жуылатын ыдыс-аяқты жібіту үшін пайдаланыңыз. Осы бағдарламамен қолданылатын тазалау құралы жоқ.
Ескертпелер:
Жылдам 30' циклінің аздап қана ластанған ыдыстарды жууға арналғанын есте сақтаңыз.
ОПЦИЯЛАР МЕН ФУНКЦИЯЛАР
Опцияларды тиісті түймені басу арқылы тікелей таңдауға болады (БАСҚАРУ ПАНЕЛІН қараңыз).
Егер опция таңдалған бағдарламаға сәйкес келмесе, БАҒДАРЛАМАЛАР КЕСТЕСІН қараңыз, тиісті ЖДШ 3 рет тез жыпылықтайды да, дыбыстық белгі естіледі. Опция қосылмайды.
MULTI МУЛЬТИЗОУН
ZONE Жуылатын ыдыстар көп болмаса, қолданылатын суды, электр энергиясын және тазалау құралын үнемдеу үшін жартылай жүктеуге болады. Бағдарламаны таңдап, МУЛЬТИЗОУН түймесін басыңыз: түйменің үстіндегі индикатор жанады және таңдалған сөренің белгісі дисплейде көрсетіледі. Әдепкі бойынша құрылғы барлық сөрелердегі ыдыстарды жуады. Тек қана белгілі сөрені жуу үшін, бұл түймені қайталап басыңыз:
| _ _ дисплейде көрсетіледі (тек төменгі сөре) 2 1 - 1 дисплейде көрсетіледі (тек жоғарғы сөре) дисплейде көрсетіледі (тек ас ішетін саймандар сөресі) OFF дисплейде көрсетіледі (опция ӨШІРІЛЕДІ және құрылғы барлық сөрелердегі ыдыстарды жуады).
Тек қана жоғарғы немесе төменгі сөрені жүктеуді және сәйкесінше тазалау құралының мөлшерін азайтуды есте сақтаңыз.
Егер үстіңгі сөре алынып тасталған болса, жуғыш құралды жуғыш құрал салатын суырмаға салмай, тікелей жәшікке салыңыз.
—О ПЕРНЕ КҰЛПЫ
МУЛЬТИЗОУН түймесін ұзақ уақытқа басу (3 секунд) ПЕРНЕ ҚҰЛПЫ функциясын іске қосады. ПЕРНЕ ҚҰЛПЫ функциясы ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінен басқа басқару тақтасын құлыптайды. ПЕРНЕ ҚҰЛПЫН өшіру үшін ұзақ уақытта қайтадан басыңыз.
Кіріс су болмаған кезде немесе су краны жабық болмаған кезде жыпылықтайды.
ТАЗАЛАП ШАЮ
Бұл опция ыдысты санитар тазалау үшін пайдалануға болады.
Бұл таңдаған бағдарлама үшін соңғы шаю температурасын көбейтеді және бактерияға қарсы жуғыш құралын қосады.
Жуу бағдарламасын таңдаңыз, ТАЗАЛАП ШАЮ түймесін басыңыз; индикатор шамы жанады. Опцияны өшіру үшін сол түймені қайтадан басыңыз. Ыдыстар мен бөтелкелерді шаю үшін тамаша. Ыдыс жуғыш машинаңыздың есігі бактериялардың азайтылуына кепілдеме беру үшін бағдарлама қосылып тұрған кезде жабық болу керек. Есік ашылса, индикатор шамы жыпылықтай бастайды.
ЕСКЕРТУ: ыдыстар мен тәрелкелер айналымның соңында қатты ыстық болуы мүмкін.
ТАБЛЕТКА (Таб)
Бұл параметр қолданылған тазалау құралының түріне байланысты бағдарламаның өнімділігін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
ТАБЛЕТКА пішіміндегі (1 мөлшердегі шаю құралы, тұз және тазалау құралы) біріктірілген тазалау құралдарын қолданатын болсаңыз, ТАЗАЛАП ШАЮ түймесін 3 секундқа басыңыз (сәйкес белгі жанады).
Ұнтақты немесе сұйық тазалау құралын қолданатын болсаңыз, бұл опция өшіріледі.
КЕШІКТІРУ
Бағдарламаның басы 0:30 және 24 сағат аралығындағы мерзімге кешіктірілуі мүмкін.
- Бағдарламаны және кез келген қалаған опцияны таңдаңыз. Бағдарламаның басталуын кешіктіру үшін КЕШІКТІРУ түймесін (қайталап) басыңыз. 0:30 - 24 сағат аралығына орнатыла алады. Түймешікті әр басқан сайын кешіктіріп бастау келесідей артады: таңдау 4 сағаттан төмен болса - 0:30, таңдау 12 сағаттан төмен болса - 1:00, таңдау 12 сағаттан жоғары болса - 4 сағат. 24 сағатқа қол жеткізілген кезде, түйме басылады, кешіктіріп бастау ажыратылады.
- БАСТАУ/ТОҚТАТУ түймесін басыңыз: таймер кері есепті бастайды;
- Осы уақыт аяқталған кезде, индикатор шамы сөнеді және бағдарлама автоматты түрде басталады.
БАСТАУ/ТОҚТАТУ түймесі кері есеп кезінде қайтадан басылатын болса, КЕШІКТІРУ опциясынан бас тартылып, таңдалған бағдарлама автоматты түрде басталады.
КЕШІКТІРУ функциясын бағдарлама басталған соң орнату мүмкін емес.
Белсенді айналымды тоқтату және өшіру үшін, ТАЗАЛАУ функциясын пайдалануға болады.
БАСТАУ/ТОКТАТУ түймесін ұзақ уақытқа басу ТАЗАЛАУ функциясын іске қосады. Белсенді бағдарлама тоқтатылады және ыдыс жуғыш машинадағы су ағызылады.
NaturalDry
NaturalDry құндылықты арнайы кептіруді қамтамасыз ету үшін кептіру барысында/кептіруден кейін есікті автоматты түрде ашатын конвективтік кептіру жүйесі болып табылады. Есік ас үй жиһазыңызға қауіп келтірмейтіндей температурада ашылады, осылайша ТАЗАЛАП ШАЮ опциясы қосулы тұрса, есік ашылмайды.
Қосымша, будан қорғаныс ретінде, арнайы қорғаныс пленкасы ыдыс-аяқ жуғышымен бірге қосылады (үлгі түріне байланысты сатып алу қажет болуы мүмкін). Қорғаныс пленканы бекіту жолын білу үшін (ОРНАТУ НҰСҚАУЛЫҒЫ) бөлімін қараңыз.
Төменде берілген жолмен NaturalDry функциясын ажыратуға болады:
- ӨШІРУ үшін: Алдымен машинаны қосып, содан кейін қайта өшіріңіз. Р батырмасын 5 секунд басып тұрыңыз, 5 секунд өткен соң ыдыс жуғыш машина қысқа дыбыстық белгі береді. Машинаны қосыңыз, дисплейде „oOF” көрсетіледі.
- ҚОСУ үшін: Алдымен машинаны қосып, содан кейін қайта өшіріңіз. Р батырмасын 5 секунд басып тұрыңыз, 5 секунд өткен соң ыдыс жуғыш машина қысқа дыбыстық белгі береді. Машинаны қосыңыз, дисплейде „о” көрсетіледі.


Үшінші сөре ас ішетін саймандарды салуға арналған. Ас ішетін саймандарды суретте көрсетілгендей реттеңіз. Ас ішетін сайманды бөлек реттеу жуу және жақсылап жуу және құрғату жұмыстарын кейін ас ішетін саймандарды жинауды оңайлатады.
Өткір шеттері бар пышактар мен басқа құралдар беті төмен қаратып салынған пышактармен салынады.

Сөренің геометриясы кофе саптыаяқтары сияқты заттарды ортанғы аймаққа қоюды мүмкін етеді.
ЖОҒАРҒЫ СӨРЕ

Нәзік және жеңіл ыдыстарды жүктеңіз: стакандар, саптыаяқтар, кішкентай тарелкелер, кішкентай салат ыдыстары.
(жоғарғы сөренің жүктеу мысалы)
Жоғарғы сөренің биіктігін реттеуге болады: төменгі жәшікке көп ыдыс салу үшін жоғарғы қалып және жоғары қатарда көбірек бос орынды жасау арқылы алынбалы тіректердің көбін жасауға арналған төменгі қалып және төменгі сөреге салынған
заттармен қақтығысты тұғызбау. Жоғарғы сөре тетіктерді баспай, жоғарғы сөре жоғарғы сөренің биіктігін реттегішпен (суретті қараңыз) жабдықталады, сөре жоғарғы қалыпқа қойылған бойда, жай ғана сөренің бүйірлерін ұстап оны көтеріңіз. Төменгі қалыпты қалпына келтіру үшін, сөренің бүйірлеріндегі А тетіктерді басып, жәшікті төмен қарай басыңыз.
Ол салынған соң, сөренің биіктігін реттемеуді ұсынамыз.
ЕШҚАШАН жәшіктің тек бір жағын жоғары көтермеңіз немесе төмен түсірмеңіз.

Ыдыс-аяқты тор сөреге ыңғайлы орналастыру үшін, жиналмалы ысырмаларды жинап, қайта ашуға болады.
Шыны стакандарды әрбір стаканның тұтқасын сәйкес ұяға салу арқылы жиналмалы ысырмаларға қауіпсіз етіп салуға болады.
Үлгіге байланысты:
- ысырмаларды ашу үшін, оны сырғытып, айналдыру қажет немесе ілмектерден босатып, шығарып алу керек.
- ысырмаларды жинау үшін, оны айналдырып, ысырмаларды төмен қарай сырғыту қажет немесе оны жоғары қарай тартып, ысырмаларды ілмектерге бекіту керек
АСТЫҢҒЫ ТОР СӨРЕ
Ыдыс-аяқты тор сөреге ыңғайлы орналастыру үшін бүйірдегі қайырмалы құлақшаларды үш түрлі қалыпқа қоюға болады. Шыны стакандарды әрбір стаканның тұтқасын сәйкес ұяға салу арқылы жиналмалы ысырмаларға қауіпсіз етіп салуға болады. Ыдыс-аяқ жақсы кебуі үшін қайырмалы құлақшаларды көбірек бүктеңіз. Еңкейтуді өзгерту үшін жиналмалы ысырманы тартып алыңыз да, аздап сырғытыңыз және қалаған қалыпқа қойыңыз.

(астыңғы тор сөреге ыдысты салу мысалы)
КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
- СУ БАЙЛАНЫСЫН ТЕКСЕРУ Ыдыс жуғыш машинаның су құбырына жалғанғанын және шүмектің ашық екенін тексеріңіз.
- БІДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ІСКЕ ҚОСУ ҚОСУЛЫ/ӨШІРУЛІ ТҮЙМЕСІН БАСЫҢЫЗ.
- СӨРЕЛЕРДІ ЖҮКТЕУ (СӨРЕЛЕРДІ ЖҮКТЕУ қараңыз).
- ТАЗАЛАУ ҚҰРАЛЫ ЫДЫСЫН ТОЛТЫРУ
- БАҒДАРЛАМАНЫ ТАҢДАП, АЙНАЛЫМДЫ РЕТТЕУ Ыдыстардың түрі мен оның ластану деңгейіне байланысты (БАҒДАРЛАМАЛАР СИПАТТАМАСЫ қараңыз), Р түймесін басу арқылы сәйкес бағдарламаны таңдаңыз. Қалаған опцияларды таңдаңыз (СӨРЕЛЕРДІ ЖҮКТЕУ қараңыз).
- БАСТАУ БАСТАУ/ТОҚТАТУ түймесін басу арқылы жуу айналымын бастаңыз. Бағдарлама сигнал естілгенде басталады.
- ЖУУ АЙНАЛЫМЫНЫҢ СОҢЫ Жуу айналымының соңы сигналдармен анықталады және дисплейде END көрсетіледі. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы есікті жауып, құрылғыны өшіріңіз. Ас ішетін сайманды алмас бұрын күйіп қалмау үшін бірнеше минут күтіңіз. Төменгісінен бастап сөрелердің жүгін шығарып алыңыз.
Электр энергиясының тұтынылуын азайту үшін, енжарлықтың арнайы ұзартылған мерзімі кезінде құрылғы автоматты түрде өшіріледі.
Ас ішетін сайман аздап ластанған болса немесе ыдыс жуғыш машинаға салынбас бұрын сумен шайылған болса, сәйкесінше қолданылған тазалау құралының мөлшерін азайтыңыз.
Дұрыс емес бағдарлама таңдалған болса, ол жаңа ғана басталған болса, оны өзгертуге болады: ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басып ұстап тұрыңыз, құрылғы өшіріледі. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін қолданып құрылғыны қайта қосыңыз, жаңа жуу айналымын және қалаған опцияларды таңдаңыз; БАСТАУ/ТОҚТАТУ түймесін басыңыз.
Құрылғыны өшірмей, есікті ашыңыз (ЫСТЫҚ БУ болатынын есте сақтаңыз!) және ыдысты ыдыс жуғыштың ішіне салыңыз. Есікті жабыңыз және БАСТАУ/ТОҚТАТУ түймесін басыңыз, айналым тоқтатылған жерден басталады.
КЕЗДЕЙСОҚ КЕДЕРГІЛЕР
Жуу айналымы кезінде есік ашылатын болса немесе ток өшетін болса, айналым тоқтайды. Есік жабылған немесе электр тогы қалпына келтірілген соң, айналым тоқтатылған жерінен қайтадан бастау үшін, БАСТАУ/ТОҚТАТУ түймесін басыңыз.
DEMO режимді өшіру үшін, төмендегі әрекеттерді бірінен соң бірі, арасына үзіліс салмай орындау қажет. Машинаны қосып, сосын қайта өшіріңіз. Қоңыраудың дыбысы шыққанша, КЕШІКТІРУ батырмасын басып тұрыңыз. Машинаны қайта қосыңыз. "dOF" индикаторы жыпылықтап, содан соң өшеді.
АҚЫЛ-КЕҢЕС
КЕҢЕСТЕР
Жәшіктерді жүктемес бұрын, ыдыстардан барлық тағам қалдықтарын алып тастап, стакандарды босатыңыз. Оларды алдын ала ағын судың астында жуудың қажеті жоқ. Оның орнына мықтап салынбайынша және сыртына шығарылмайынша ыдыстарды реттеңіз; және ыдыстарды аузын төмен қаратып және ойығы/шығыңқы бөліктерін еңкейтіп салыңыз, бұл судың әрбір беткейге тиюіне және еркін ағуына мүмкіндік береді.
Ескерту: қақпақтары, тұтқалары, науалары және қуыру табалары шашыратқыш тұтқалардың айналуына кедергі келтірмеу керек. Кішкентай ыдыстарды ас ішетін саймандар жәшігіне салыңыз. Қатты ластанған ыдыстар мен табаларды төменгі жәшікке қою керек, себебі бұл бөлікте су шашыратқыштар қатты болады және қатты жуу өнімділігіне мүмкіндік береді.
Құрылғыны жүктеген соң, шашыратқыш тұтқаларының оңай айналуына мүмкіндік беріңіз.
- Ағаштан жасалған ыдыстар мен ас ішетін саймандар.
- Нәзік пішімделген стакандар, әшекейлі қолдан жасалған және антиквариаттық ыдыстар. Әшекейлері төзімді емес.
- Жоғары температураға төзімділігі жоқ синтетикалық материалдың бөліктері.
- Мыс және жіңішке ыдыс.
- Күлмен, балауызбен, майлайтын маймен немесе сиямен ластанған ыдыстар.
Стакан әшекейлерінің түстері мен алюминий/күміс бөліктері жуу кезінде өзгеруі және түсінің өзгеруі мүмкін. Стаканның кейбір түрлері (мыс., хрусталь заттар) бірнеше жуу айналымынан кейін бұлыңғыр бола бастайды.
СТАКАНҒА ЖӘНЕ АС ІШЕТІН ЫДЫСТАРҒА ЗАҚЫМ КЕЛТІРУ
- Өндіруші ыдыс жуғыш машинада жууға болады деп кепілдеме берілген шыны және фарфор ыдыстарды ғана қолданыңыз. • Фарфор ыдысқа лайықты жұмсақ жуғыш құралды пайдаланыңыз
- Жуу айналымы аяқталған соң стакандар мен ас ішетін саймандарды ыдыс жуғыш машинадан бірден шығарып алыңыз.
- Тұрмыстық ыдыс жуғыш машина өндіруші талаптарына сәйкес пайдаланылса, әдетте ыдыс жуғыш машинада ыдыс жуу үшін қолмен жуғанға қарағанда су мен энергия көлемі азырақ жұмсалады.
- Ыдыс жуғыш машинаның тиімділігін барынша арттыру үшін, жуу циклін машинаға ыдыстарды толық салып болғаннан кейін ғана бастауды ұсынамыз. Тұрмыстық ыдыс жуғыш машина сыйымдылығы өндіруші көрсеткен деңгейге дейін ғана толтырылса, су мен энергия үнемдеуге септігін тиеді. Ыдыс-аяқтарды дұрыс салу туралы ақпаратты «СӨРЕЛЕРДІ ТОЛТЫРУ» тарауынан таба аласыз. Машинаға жартылай ғана ыдыс салатын жағдайда, тек қажетті сөрелерге ыдыстарды орналастырып, қолжетімді опциялардың ішінен (Жартылай толтыру/ Зоналы жуу/ Мультизона) арнайы жуу опцияларын таңдауға кеңес береміз. Ыдыс жуғыш машинаға ыдыстарды дұрыс салмау немесе тым көп салу нәтижесінде ресурстардың тұтынылу көлемі (су, энергия және уақыт, сондай-ақ шу көлемі көбеюі мүмкін) артып, ыдысты жуу және кептіру өнімділігі төмендеуі мүмкін.
- Ыдыстарды алдын ала қолмен шаю арқылы су мен энергия тұтыну көлемі артатындықтан, ондай тәсілді қолдануға кеңес бермейміз.
ГИГИЕНА
Ыдыс жуғыш машинада жиналған иіс пен кірді кетіру үшін кемінде бір ай ішінде жоғарғы температура бағдарламасын іске қосыңыз. Тазалау құралының шай қасығын қолданып, құрылғыны тазалау үшін оны жүктемей іске қосыңыз.
Сүзгілердің бітеліп қалмауы және қалдық судың дұрыс ағуы үшін сүзгі жинағын қалыпты түрде тексеріп тұрыңыз.
Сүзгілері бітелген немесе сүзу жүйесіне бөтен заттар немесе бүріккіш құралдар түсіп кеткен ыдыс жуғыш машинаны қолданатын болса, құрылғы бұзылып, оның өнімділігі төмендеп, шуы көбейіп, ресурстарды қарқынды тұтына бастайды.
Сүзгілер жинағы үш сүзгіден тұрады, олар ыдыс жуған судағы тағам қалдықтарын кетіріп, содан кейін суды қайта айналдырады: жуу нәтижесі барынша жақсы болуы үшін оларды таза ұстау керек.
Ыдыс жуғыш машинаны сүзгілерді салмай немесе сүзгі бос болса, қолдануға болмайды.
Кем дегенде айына бір рет немесе әр 30 цикл сайын, сүзгі тізбегін тексеріп, оны тазалау қажет болса, төменде берілген нұсқауларды орындай отырып, металл емес щеткамен ағып тұрған судың астында мұқият жуып алыңыз:
- Цилиндрлік сүзгіні А сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз да, тартып шығарыңыз (1-сурет).
- Бүйір құлақшаларға аздап күш сала отырып, В тостақ сүзгіні алып шығыңыз (2-сурет).
- Тот баспайтын болаттан жасалған табақша сүзгіні сырғытып шығарыңыз С (3-сурет).
- Бөтен заттар (мәселен, сынған әйнек, фарфор, сүйектер, жеміс-жидек дәндері және т.б.) тауып алсаңыз, оларды жайлап алып тастаңыз.
- Тұтқышты тексеріп, тағам қалдықтары болса, алып тастаңыз. Жуу циклының сорғы қорғағышын (қара түсті бөлшек) ЕШҚАШАН ДА АЛМАҢЫЗ (4-сурет).

Сүзгілерді тазалаған соң, сүзгі жинағын қайта салып, оны қалпына келтіріңіз; бұл ыдыс жуғыш машинаның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін маңызды.
СУ КЕЛЕТІН ШЛАНГІНІ ТАЗАЛАУ
Су келетін шлангілер жаңа немесе ұзақ уақыт бойы қолданылмаған болса, қажетті қосылымдарды орындамас бұрын қалдық заттардың жоқтығын және оның тазалығын тексеру үшін су өткізіңіз. Осы сақтық шаралары орындалмайтын болса, су кірісінің бітелуі және ыдыс жуғыш машинаға зақым келтіруі мүмкін.
Тағам қалдықтары бүріккіштерге жабысып қалып, су бүркілетін тесіктерді бітеп тастаған жағдайда. Уақыт өте бүріккіштерді тексеріп, оларды металл емес кішкентай щеткамен тазалап тұру керек.

Жоғарғы бүріккіш тетігін алу үшін пластикалық құлыптау сақинасын сағат тілінің бағытымен бұраңыз. Үстіңгі бүріккішті тесіктердің көбісі жоғары қарап тұратындай етіп ауыстыру керек.

Астыңғы бүріккішті жоғары қарай тартып алып шығуға болады.
СУ ЖҰМСАРТУ ЖҮЙЕСІ
Су жұмсартқыш автоматты түрде судың кермектігін төмендетіп, қыздырғышта қақтың жиналуының алдын алады, осылайша тазарту тиімділігі де артады.
Бұл жүйе өзін-өзі тұзбен регенерациялайды, сондықтан тұз сауыты бос болғанда, оны әрдайым толтырып тұру қажет.
Регенерация жиілігі су кермектігі деңгейінің баптауына байланысты ерекшеленеді - регенерация әр 6 Эко циклі сайын бір рет 3-ке қойылған су кермектігі деңгейінде орындалады.
Регенерация процесі соңғы шаю циклінен кейін басталып, цикл аяқталғанға дейін кептіру фазасында аяқталады.
• Бір реттік регенерация тұтынады: ~3.5 л су; • Бір циклға қосымша 5 минут жұмсалады; • 0.005 кВт/сағ-тан аз энергия тұтынады.
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ШЕШУ
Егер сіздің ыдыс жуғыш машинаңыз тиісті деңгейде жұмыс істемей тұрса, ол мәселені төмендегі тізімнен өтіп шешуге бола ма, әлде болмай ма, тексеріңіз. Өзге де ақаулар мен мәселелер туындаған жағдайда, Сатып алғаннан кейінгі қызмет көрсету орталығына жүгініңіз, онымен байланысу ақпараты кепілдік талонында көрсетілген. Қосалқы бөлшектер арнайы нормативтік талаптарға сәйкес 7 немесе 10 жылға дейін қол жетімді болады.
| АКАУЛЫКТАР БИКТИМАЛ СЕБЕНТЕРІ ШЕШІМДЕР | |
| Туз индикаторы жанып түр | Туз сауыты бос. (Туз салғаннан кейін, туз индикаторы бірнеше жуу циклі бойы жанып туруы мүмкін). |
| Шайыш индикаторы жанып түр | Шайыш диспencerі бос. (Туз салғаннан кейін, шайыш индикаторы бірнеше жуу циклі бойы жанып туруы мүмкін). |
| Ыдыс жуғыш машина басталмайды немесе пармендерге жауап бермейді. | Кұрылғы дұрыс жалғанбаған. Ашаны розеткаға салыңыз. |
| Токтың өшуі. | |
| Ыдыс жуғыш машина есігі жабық емес. NaturalDry істігі салынбаған. | |
| Есік 4 секундтан артық уақытқа ашылғанда, цикл токталады. | |
| Ол пәрмендерге жауап бермейді. Дисплейде мыналар көрсетіледі: F9 немесе F12 және Косу/Өшіру индикаторы мен Бастау/Токтату индикаторы қатар тез жыпылықтайды. | |
| Ыдыс жуғыш машина суы ақпайды. Дисплейде мыналар көрсетіледі: F3 және Косу/Өшіру индикаторы мен Бастау/Токтатуиндикаторы қатар тез жыпылықтайды. | Жуу айналымы өлі аяқталмаған. Жуу айналымы аяқталғанша күтініз. |
| Ағызу шлангісі бүгіліп қалған. | |
| Ағызу жүйесінің құбыры бітелген. Ағызу жүйесі кұбырын тазалаңыз. | |
| Сүзгі тағам қалдықтарымен бітелген | |
| Ыдыс жуғыш машина артық шу шығарады. | Ыдыстар бір-біріне соктығысып гүрсілдеуде. |
| Көпіршіктің артық мөлшері шығарылған. | |
| Ыдыстар таза емес. | Ас ішетін ыдыс дұрыс реттелмеген. |
| Спрей тутқалары ыдыстармен араласып еркін қозғала алмайды. | |
| Жуу циклы тым женіл. | |
| Көпіршіктің артық мөлшері шығарылған. | |
| Шаю құралы бөлігінің қакпағы дұрыс жабылмаған. | |
| Сүзгі ластанған немесе бітелген. | |
| Туз жоқ. | |
| Ыдыс жуғыш машина су толтырмайды. Индикаторы қатар тез жыпылықтайды. Дисплейде мыналар көрсетіледі: F6 және Косу/Өшіру индикаторы мен Бастау/Токтатуиндикаторы қатар тез жыпылықтайды. | Су кранында су жоқ немесе кран жабық |
| Су құтын шланг бүгіліп қалған. | |
| Су құтын шлангінің торы бітеліп қалған; оны тазалау қажет. | |
| Ыдыс жуғыш машина циклді уақытынан бұрын аяқтайды. Дисплейде мыналар көрсетіледі: F15 және Косу/Өшіру индикаторы мен Бастау/Токтатуиндикаторы қатар тез жыпылықтайды. | Су ағызатын шланг тым төмен орналасқан немесе үйдің канализация жүйесіне ағып жатыр. |
| Сумен жабдықтау жүйесінде ауа бар. |

Саясат пен стандарт туралы толық құжаттама, қосалқы бөлшектерге тапсырыс және өнім туралы толық ақпаратты мына жерден таба аласыз:
• Біздің сайтқа кіріп шығыңыз: docs.whirlpool.eu және parts-selfservice.whirlpool.com
• Құрылғының QR кодын қолданыңыз
- Немесе, біздің Сатудан кейінгі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін кепілдеме шарттарынан қараңыз). Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласқанда, өнімнің техникалық кестесінде көрсетілген кодтарды хабарлаңыз.
Үлгіге қатысты ақпаратты энергетикалық затбелгіде көрсетілген QR-кодтың көмегімен қарауға болады. Сондай-ақ бұл затбелгіде үлгі сәйкестендіргіші бар, оны https://eprel.ec.eurora.eu мекенжайындағы тіркеу порталынан кеңес алу үшін қолдануға болады.


А КОСАРАК МЕГТӨЛТЕСІ
ЕВŐЕСКӨЗТАРТО

65°
50°
50°
50°