CCMN 7182 B - тоңазытқыш CANDY - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз CCMN 7182 B CANDY PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз тоңазытқыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз CCMN 7182 B - CANDY және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. CCMN 7182 B брендінің CANDY.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ CCMN 7182 B CANDY
RU 124-145 KZ102 -KZ104 Жалпы қауіпсіздік шаралары
- ЕСКЕРТУ – Бұл электр аспап тұрмыстық жəне сол іспетті қолдануға арналған, мысалы: - дүкендерде, офистерде қызметші құрамға арналған асүй үй-жайлары мен басқа да жұмыс үй-жайлары; - қала сыртындағы үйлерде пайдалану жəне клиенттердің отельдерде, мотельдерде жəне басқа тұрғын үй- жайларда пайдалануы; "түнеу жəне таңғы ас" типті қонақүйлерде пайдалану; - тамақтандыру бойынша қызмет көрсету жəне бөлшек сауда үшін қолданудан бөлек сол іспетті қолдану.
- ЕСКЕРТУ – Бұл электр аспапта жарылғыш заттектерді, сондай-ақ аэрозоль мен жанғыш ығыстырғыш газ бар банкаларды сақтамаңыз.
- ЕСКЕРТУ – Электр аспаптың зақымдалған желілік қоректендіру бауын тек өндіруші, оның техникалық қызмет көрсету жөніндегі агенті немесе білікті маман ауыстыруға тиіс. Бұл электр аспаптың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.
- ЕСКЕРТУ – Электр аспаптың корпусындағы немесе электр аспап оған кіргізіп орнатылатын асүй жиһазындағы желдету ойықтарының кірмен жəне шаң-тозңмен бітеліп қалмауын жəне көлегейленбеуін қадағалаңыз.
- ЕСКЕРТУ – Тоңазытқышты жібітуді жылдамдату үшін өндіруші кеңес бергеннен бөлек механикалық құрал- сайманды жəне басқа құралдарды пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ – Тоңазытқыш агенттің контурын зақымдап алмаңыз.
- ЕСКЕРТУ – Егер ондай электр аспаптарға өндіруші кеңес бермеген болса, тоңазытқыштың камераларының ішінде электр аспаптарды пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ! Абай болыңыз, тоңазытқыш контурды зақымдап алмаңыз
САҚТАУ ЖƏНЕ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
- Қапталымдағы тоңазытқыш табиғи желдету жүйесі бар жабық үй-жайларда 80 пайыздан жоғары емес салыстырмалы ылғалдылық жағдайында сақталуға тиіс.
- Егер тоңазытқыш ұзақ уақыт бойынша іске пайдаланылмайтын болса, оны электр желісінен ажырату, өнімдерді шығару, мұздатқыш камераны жібіту, камераларды жиыстыруды жүргізу керек. Камераларда иіс пайда болмауы үшін, жиыстырғаннан кейін есікшелерді ашық қалдыру керек.
- Тоңазытқышты жұмыс күйінде кез келген жабық көлік түрімен, оны сенімді орнықтырып тасымалдау (вертикалды түрде) қажет.
- Тиеу-түсіру жұмыстары кезінде тоңазытқышты соққылардың жүктемесіне түсіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
- НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Есікшелерді, есікшелердің тұтқаларын, əшекейлік қалқанды (болған жағдайда) сындырып алмау үшін, тоңазытқышты олардан ұстап жылжытпаңыз.KZ105
- ЕСКЕРТУ – Тоңазытқыш агент пен оқшаулағыш газ жанғыш заттектер болып табылады. Өз мерзімін өткерген электр аспапты арнаулы қалдықтар жинау орталығына апарыңыз. Электр аспапты оттың əсеріне ұшыратпаңыз. Тоңазытқыш агент Бұл тоңазытқыштың тоңазытқыш агентінің контурында изобутан (R600a, изобутан) болады, ол қоршаған ортаны ластамайтын табиғи газ, бірақ солай болса да, жанғыш газ болып табылады. Электр аспапты тасымалдау жəне орнату уақытында тоңазытқыш агенттің контурының компоненттерін зақымдап алмау үшін сақ болыңыз. Тоңазытқыш агент (R600a) жанғыш газ болып табылады. Назар аударыңыз: өрт шығу қаупі Егер тоңазытқыш агенттің контуры зақымдалған болса: - Ашық от пен тұтану көздерінен сақтаныңыз. - Онда электр аспап орнатылған үй-жай жақсы желдетілетін болуға тиіс. Электр аспаптың конструкциясына ешқандай өзгертулер енгізбеңіз жəне оның сипаттамаларын өзгертпеңіз. Бұл қауіпті. Электр аспаптың желілік бауының зақымдалуы қысқа тұйықталуға, өртке жəне/немесе электр тогының соққысын алуға əкеліп соғуы мүмкін. Электр қауіпсіздігі
1. Желілік бауды ұзартуға тыйым салынады.
2. Электр ашасының бүлінбегенін немесе зақымдалмағанын тексеріңіз. Бүлінген немесе зақымдалған электр
ашасы қатты қызуы мүмкін, бұл өз кезегінде өртке əкеліп соғуы мүмкін.
3. Электр ашасына ыңғайлы қол жеткізу мүмкіндігі болуын тексеріңіз.
4. Электр ашасын розеткадан суыру үшін баудан ұстап тартпаңыз, ашаның өзін ұстап тартыңыз
5. Егер электр розеткасы нашар орнықтырылған болса, оған ашаны сұқпаңыз. Бұл электр тогының соққысын
алуға немесе өртке əкеліп соғуы мүмкін.
6. Электр аспапты оның ішінде орналасқан шамның қақпақшасы жоқ кезде қосуға тыйым салынады.
7. Тоңазытқыш тек бір фазалық 220-240 В/50 Гц электр желісіне қосыла алады. Егер электр желісіндегі
кернеудің ауытқуы көрсетілген кернеулер диапазонының шектерінен тыс шығатын болса, онда бұл тоңазытқыш үшін қуаттылығы кем дегенде 350 Вт автоматты қуаттылық реттеуішті пайдалану керек. Тоңазытқышты электр желісіне қосу үшін бөлек электр розеткасын пайдалану керек. Қоректендіру бауының ашсы жерге тұйықтау сымымен жабдықталған электр розеткасына сəйкес болуға тиіс.KZ106 Күнделікті пайдалану
- Тоңазытқыштың ішінде жанғыш газдар мен сұйықтарды сақтамаңыз. Бұл жарылысқа əкеліп соғуы мүмкін.
- Тоңазытқыштың ішінде басқа электр аспаптарды (мысалы, электрлік балмұздақ жасағыштарды, миксерлерді жəне т.т.) қоспаңыз.
- Электр аспаптың қоректендіру бауын электр розеткасынан ағытатын кезде əрдайым баудан емес, электр ашасынан ұстаңыз.
- Электр аспаптың пластмасс бөліктерінің қасына ыстық заттарды қоймаңыз.
- Өнімдерді тоңазытқыштың артқы қабырғасында орналасқан ауаға арналған шығару ойықтарының қарсысына орналастырмаңыз.
- Қапталымдғы мұздатылған өнімдерді мұздатылған өнімдер өндірушінің нұсқауларына сəйкес сақтаңыз.
- Сондай-ақ электр аспапты өндірушінің ұсыныстамалары қатаң сақталуға тиіс. Өнімдерді сақтауға қатысты тиісті ұсыныстамаларды қараңыз.
- Мұздатқыш камераның ішіне газдалған сусындарды қоймаңыз, өйткені бұл онда газдалған сусын бар контейнердің ішіндегі қысымның жоғарылауына алып келеді, бұл, өз кезегінде, газдалған сусын контейнердің жарылуына жəне электр аспаптың зақымдалуына əкеліп соғуы мүмкін.
- Егер мұздатылған тамақ оны мұздатқыш камерадан алып шыққаннан кейін бірден тұтынса, суықтан күюге себеп болуы мүмкін.
- Электр аспапты тура күн сəулесінің əсерінің астында орналастырмаңыз.
- Жанып тұрған майшамдар, шамдар жəне ашық жалыны бар басқа да заттар электр аспапқа жақын жерде тұрмауға тиіс. Бұл электр аспаптың өртенуінің алдын алу үшін қажет.
- Электр аспап тағам өнімдерін жəне/немесе сусындарды сақтауға арналған жəне осы нұсқауда баяндалғандай, қалыпты тұрмыстық қолдануға арналған. Электр аспап едəуір ауыр болып табылады. Оны жылжытқан кезде абай болу керек.
- Дымқыл/су қолмен мұздатқыш камерадан өнімдерді алып шықпаңыз жəне мұздатқыш камераның ішінде орналасқан бөлшектерді ұстамаңыз. Бұл қолдың терісінің суықтан күюіне əкеліп соғуы мүмкін.
- Тоңазытқыштың табанын, тартпа контейнерлерін, есікшелері мен басқа да компоненттерін ешқашанда тұғыр ретінде пайдаланбаңыз.
- Мұздатылған өнімдер жібітілгеннен кейін олар екінші қайтара мұздатылмауға тиіс.
- Балмұздақты немесе мұз текшелерін оларды мұздатқыш камерадан алып шыққаннан кейін бірден тұтынбаңыз, өйткені бұл ауыз қуысы мен еріннің суықтан күюіне əкеліп соғуы мүмкін.
- Өнімдердің тоңазытқыштан түсіп қалуынан жəне соның салдарынан жарақат алуға немесе электр аспаптың зақымдалуынан сақтану үшін, тоңазытқыштың есікшелерінде орналасқан сөрелерге тым көп өнімдер орналастырмаңыз жəне тоңазытқыштың тартпа контейнерлерінде тым көп өнімдер орналастырмаңыз. Назар аударыңыз! Күтім жасау жəне тазалау
- Тоңазытқышқа қызмет көрсетуді жүргізудің алдында электр аспапты өшіріңіз де, желілік баудың ашасын электр розеткасынан ағытыңыз.
- Электр аспапты металл заттарды, бумен тазалағыштарды, эфир майларын, органикалық еріткіштер мен абразивтік тазартқыш құралдарды пайдаланып тазаламаңыз.
- Электр аспаптың ішіндегі қырауды өткір заттарды пайдаланып кетірмеңіз. Ол үшін пластмасс қырғышты пайдаланыңыз. Орнатуды орындау жөніндегі маңызды нұсқаулар
- Электр қосылыстарды осы нұсқауда келтірілген нұсқаулықтарға қатаң сəйкестікте орындаңыз.
- Қапталымдық материалдарды алып тастаңыз жəне электр аспапта көзге көрінетін зақымдардың жоқ болуын тексеріңіз. Егер электр аспаптың зақымдары бар болса, оны электр желісіне қоспаңыз. Анықталған зақымдар туралы электр аспап одан сатып алынған сауда ұйымына хабарлаңыз. Ондай жағдайда қапталымдық материалдарды сақтап қалыңыз.
- Электр аспапты электр желісіне қосардың алдында компрессорға майдың ағып болуына мүмкіндік беру үшін кем дегенде төрт сағат күте тұруға кеңес беріледі.
- Электр аспаптың айналасында ауаның жеткілікті циркуляциясы қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл талаптың орындалмауы электр аспаптың шамадан тыс қызуына əкеліп соғады. Жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету үшін, электр аспапты орнатуға қатысты нұсқаулықтарды ұстану керек.KZ107
- Егер оған мүмкіндік бар болса, онда бөлменің қабырғасы мен электр аспаптың артқы жағының арасында жеткілікті бос кеңістік болуға тиіс. Бұл ыстық бөлшектерге (компрессор, конденсатор) тиісуден сақтану жəне өрт шығу қаупін жоққа шығару үшін қажет. Электр аспапты орнатуға қатысты нұсқаулықтарды ұстаныңыз.
- Электр аспап радиаторлар мен тамақ пісіретін беттердің қасында орналастырылмауға тиіс.
- Электр аспап оны іске пайдаланатын жеріне орнатылғаннан кейін электр аспаптың желілік бауының ашасына ыңғайлы қол жеткізу мүмкіндігінің қамтамасыз етілуін тексеріңіз.KZ108 Қызмет көрсету
- Электр аспапқа қызмет көрсету үшін қажет барлық электротехникалық жұмыстарды білікті электрик немесе құзыреті бар адам орындауға тиіс.
- Бұл бұйымға қызмет көрсетуді бекітілген сервистік орталық орындауға тиіс жəне бұл орайда тек фирмалық қосалқы бөлшектер пайдаланылуға тиіс.
1) Егер тоңазытқышта Frost Free функциясы бар болса.
2) Егер тоңазытқышта мұздатқыш
камера бар болса. Жаңа электр аспапты орнату Электр аспапты алғаш орнатудың алдында төменде келтірілген ақпаратпен танысып шығу қажет. Электр аспаптың желдетілуі Тоңазытқыштың тиімді жұмыс істеуін жəне электр энергиясының үнемделуін қамтамасыз ету үшін, электр аспаптың айналасында жылуды сейілтуге арналған жақсы желдету қамтамасыз етілген болуға тиіс. Сондықтан тоңазытқыштың айналасында жетерліктей үлкен бос кеңістіктер болуға тиіс. Тоңазытқыштың артқы қабырғасы мен бөлменің қабырғасының арасындағы саңылау кем дегенде 75 мм болғаны, тоңазытқыштың үстіңгі қақпағының үстіндегі бос кеңістік кем дегенде 100 мм болғаны, тоңазытқыштың қапталдық қабырғалары мен бөлменің қабырғаларының арасындағы бос кеңістік кем дегенде 100 мм болғаны жəне тоңазытқыштың алдыңғы жағының қарсысындағы бос кеңістік тоңазытқыштың есікшелері кем дегенде 132° бұрышқа ашыла алатындай болғаны дұрыс. Төмендегі берілген суретті қараңыз.
Тиісті ақпарат Өлшем бірлігі W W1 D D1 мм 700 264 650 1018
- Бұл электр аспап төмендегі көрсетілген климаттық кластарда іске пайдалануға арналған. Егер ол ұзақ уақыт бойы қоршаған ортаның температураларының көрсетілген диапазонынан тыс болса, тиісті түрде жұмыс істемеуі мүмкін.KZ109
Климаттық класс Қоршаған ортаның температурасы SN + 10° C - + 32°C аралығында N + 16° C - + 32°C аралығында ST + 16° C - + 38° C аралығында T +16° C - + 43° C аралығында
- Электр аспабыңызды құрғақ жерде орнатыңыз.
- Электр аспапты тура күн сəулесінің, жаңбырдың жəне төмен температуралардың əсеріне ұшыратпаңыз. Электр аспапты радиаторлар, тамақ пісіретін беттер, тұмша пештер секілді жəне т.т. жылу көздерінің қасына орнатпаңыз.
Электр аспаптың горизонталды деңгейін реттеу
- Тоңазытқыштың горизонталды деңгейін дұрыс орнату жəне оның төменгі бөлігінде қалыпты ауа циркуляциясын қамтамасыз ету үшін, тоңазытқыштың аяқтарының биіктігін реттеуді орындау арқылы реттеу талап етілуі мүмкін. Ондай реттеуді саусақтардың көмегімен немесе лайықты гайкалық кілттің көмегімен орындауға болады.
- Тоңазытқыштың есікшелерінің қалыпты жабылуын қамтамасыз ету үшін, тоңазытқыш шамамен 10 мм артқа қарай шалқайтып немесе реттелетін аяқтарын 0.5° градусқа бұру арқылы орнатылуға тиіс.
- Егер сіз тоңазытқышты жылжытқыңыз келсе, ол қиындықсыз жылжытыла алуы үшін, оның аяқтарын бастапқы қалпына келтіріңіз. Тоңазытқыш жаңа қалыпта орнатылғаннан кейін, аяқтарының биіктігін реттеу арқылы оның горизонталдық деңгейін реттеңіз. Назар аударыңыз! Рояльдік типті доңғалақтар (бұрылатын роликтер) болып табылмайтын роликтер тоңазытқышты тек алға немесе артқа жылжыту үшін пайдаланылуға тиіс. Тоңазытқышты қапталдық
жылжыту еденнің жəне роликтердің зақымдалуына əкеліп соғуы мүмкін. Жылжымалы тақтайша
- Тоңазытқыштың есікшесі жабылардың алдында жылжымалы тақтайша есікшенің дұрыс жабылуын қамтамасыз ету үшін дұрыс қалыпта тұруға тиіс. Төмендегі берілген суретті қараңыз:
Дұрыс емесKZ110 Ескерім: Егер жылжымалы тақтайша температураның ұлғаюының əсерін сезетін болса, бұл қалыпты құбылыс, өйткені жылжымалы тақтайшаның ішінде конденсат түзілуіне жол бермеуге арналған қыздырғыш бар.KZ111
Электр аспаптың суреттемесі
3. Сүт өнімдеріне арналған қақпақшасы бар
5. Тоңазытқыштың есікшесінің тығыздамасы
7. Жылжымалы тақтайша
8. Шөлмектерге арналған сөре
9. Өнімдер сақтауға арналған контейнердің
10. Жемістер мен көкөніс сақтауға арналған
12. Үстіңгі мұздатқыш камераның тартпа жəшігі
13. Үстіңгі мұздатқыш камераның астаушасы
14. Астыңғы мұздатқыш камераның тартпа
15. Мұз текшелеріне арналған астауша
16. Реттелетін астыңғы аяқтар
Ескерім: Біз өзіміз шығаратын бұйымдарды үнемі жетілдіріп отыруымызға байланысты, сіздің тоңазытқышыңыз осы нұсқауда сипатталғаннан біраз өзгеше болуы мүмкін, бірақ оның жұмысы жəне оны іске пайдалану тура осы нұсқауда баяндалғандай болады.KZ112 Орнатылымдарды дисплейде көрсету Сіздің электр аспабыңыздың орнатылымдары төменде көрсетілген дисплейде бейнеленеді. Электр аспап алғаш рет қосылған уақытта, дисплейде пиктограммалар пайда болады. Егер сіз ешқандай түймешіктерді баспасаңыз, онда дисплейдегі пиктограммалар жоғалады.
Температураны реттеу Тоңазытқышты алғаш қосқан кезде тоңазытқыш камерадағы температураны 3 °С градусқа тең, ал мұздатқыш камерадағы температураны – -18 °С градусқа тең етіп орнатуға кеңес беріледі. Егер сіз температураның орнатылымын өзгертуді қаласаңыз, төмендегі берілген нұсқаулықтарды орындаңыз. Назар аударыңыз! Сіз тоңазытқыштағы температураны орнатқан уақытт, сіз сонымен қатар тоңазытқыштың бүкіл шкафы бойынша орташа температураны орнатасыз. Тоңазытқыштың əр бөлімшесінің ішіндегі температура тоңазытқышта сақтаулы тамақтың көлеміне жəне сіздің оны тоңазытқышқа қашан салғаныңызға қарай, дисплейде көрсетілетін температурадан өзгеше болуы мүмкін. Қоршаған ортаның температурасы да сондай-ақ тоңазытқыштың ішіндегі іс жүзіндегі температураға ықпал етуі мүмкін. Егер дисплейде пиктограммасы бейнелетін болса, онда барлық басқару түймешіктерінің əрекеті бұғатталады. Басқару түймешіктерінің əрекетін бұғаттан босату үшін, "Mode/Unlock" (Режим/Бұғаттан босату) түймешігін басыңыз жəне оны басулы күйінде 5 секунд бойы ұстап тұрыңыз.
Сіз тоңазытқыш камерадағы температураны "frige" (тоңазытқыш камера) түймешігін басу арқылы 8°С - 2°С градус аралығындағы диапазонда орната аласыз. Бұл түймешік басылған кезде басқару панелінде төмендегідей кезектілік бейнеленетін болады:
Сіз мұздатқыш камерадағы температураны "frige" (мұздатқыш камера) түймешігін басу арқылы -15°С - 25°С градус аралығындағы диапазонда орната аласыз. Бұл түймешік басылған кезде басқару панелінде төмендегідей кезектілік бейнеленетін болады:KZ113
3. Режим/ Бұғаттан босату (Mode/Unlock)
Сіздің "Mode/Unlock" басқару түймешігін басу арқылы əр түрлі жұмыс режимдеірін таңдауыңызға болады.өзіңізге керекті жұмыс режимі таңдалғаннан кейін, тиісті пиктограмма жыпылықтап тұрғанша 10 секунд бойы күте тұрыңыз. Содан кейін екі дыбыстық сигнал беріледі де, пиктограмма дисплейде көрсетілетін болады. Бұл орнатудың орындалғанын білдіреді.
4. Супер салқындату (Super cool)
Супер салқындату режимі сіздің тағам өнімдеріңізді ол əдетте орындалатынға қарағанда, əлдеқайда жылдам тоңазыта алады, бұл саумал тағамның анағұрлым ұзақ уақыт бойы сақталуын қамтамасыз етеді.
- Супер салқындату функциясы қосылған кезде дисплейде тиісті пиктограмма жанады.
- Супер салқындату функциясы 6 сағаттан соң автоматты түрде ажыратылады, ал тоңазытқыштағы температура индикаторында 2°С көрсетіледі.
5. Супер мұздату (Super freeze)
Супер мұздату функциясы өнімдерді мұздату температурасын жылдам төмендете алады жəне сіздің тағам өнімдеріңізді əдетте орындалатынға қарағанда, əлдеқайда жылдам тоңазытуға мүмкіндік береді. Бұл өнімдердің дəрумендері мен тағамдық құндылығын олар өнім сатып алынған сəтте болған деңгейде сақтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ сіздің тамағыңызды əлдеқайда ұзақ сақтауға мүмкіндік
1. Супер мұздату функциясы іске қосу үшін "Super freeze
" түймешігін басыңыз. Тиісті жарық индикаторы жанады. Супер мұздату функциясы 32 сағаттан соң автоматты түрде ажыратылады, ал тоңазытқыштағы температура индикаторында -24°С көрсетіледі.
2. Егер өнімдердің барынша көп көлемін мұздату керек болса, онда "Super freeze" түймешігін басқаннан кейін
24 сағат тосыңыз, ал содан кейін "Super freeze" түймешігін екі мəрте басыңыз. Содан кейін мұздатқыш камераға өнімдердің барынша көп көлемін жүктеуге болады. Супер мұздату функциясы супер мұздату түймешігі екінші қайтара басылғаннан кейін 32 сағаттан соң автоматты түрде ажыратылады.
3. Супер мұздату функциясы қосулы тұрған кезде сіз оны "Super freeze" немесе "Freezer" түймешігін басу
арқылы күшін қайтара аласыз. Содан кейін мұздатқыш камерадағы температура орнатылымы алдындағы мəніне қайтып оралады.
6. Демалыс (Holiday)
- Егер сіз "демалыс" функциясын іске қоссаңыз, онда тоңазытқыштағы температура 15°С мəніне орнатылады, бұл электр энергиясының үнемді жұмсалуын қамтамасыз етеді. Бұл маңызды! Бұл уақытта тоңазытқышта ешқандай тамақты сақтамаңыз.
7. Қуат үнемдеу (Energy saving)
Қуат үнемдеу функциясы таңдалған кезде тоңазытқыш камерадағы температура автоматты түрде 8°С градусқа орнатылады, ал мұздатқыш камерадағы температура автоматты түрде -18°С градусқа орнатылады.
8. Жасанды интеллект
(Artificial intelligence) Бұл функция таңдалған кезде электр аспаптағы температураны автоматты түрде реттеу орындалады. Ескерім: Егер сіз бұл функцияны ажыратуды қаласаңыз, онда тек "Room" (Камера) түймешігін басыңыз да, тоңазытқыштың тиісті камерасында керекті температураны орнатыңыз.
9. Ашық қалған есікше туралы ескерту
Егер тоңазытқыш немесе мұздатқыш камераның есікшесі 1 минуттан астам ашық қалатын болса, онда есікшенің
қалғаны туралы ескертуші дыбыстық сигнал беріледі жəне басқару панелінде мұздатқыш немесе тоңазытқыш камера үшін " " жарық индикаторы көрсетілетін болады. Есікшенің ашық қалғаны туралы ескертуші сигнал қосулы тұрған кезде, əр минут сайын 3 дыбыстық сигнал берілетін болады, ал 10 минуттан соң ескертуші сигнализация ажыратылады.
- Электр аспапты пайдалану кезінде электр энергиясын үнемдеу мақсаттарында оның есікшелерін ұзақ уақытқа ашық қалдырмаңыз. Тоңазытқыштың есікшесінің ашық қалғаны туралы ескертуші сигнализацияны тоңазытқыштың есікшесін жабу арқылы ажыратуға болады.KZ114 Электр аспапты пайдалану
1. Тоңазытқыш камераны пайдалану
Тоңазытқыш камера көкөністер мен жемістерді пайдалану үшін жақсы. Тоңазытқышта сақталатын тамақ оның ылғалы жоғалмайтындай жəне тамақтың иісі тоңазытқышта сақталатын басқа өнімдерге сіңбейтіндей етіп қапталуға тиіс. Назар аударыңыз! Сөрелер, өнімдерді сақтауға арналған контейнерлер жəне/немесе тартпа сөрелер сыртқа шығып тұрған уақытта ешқашанда тоңазытқыштың есікшесін жаппаңыз . Бұл тоңазытқыштың сөрелері мен тоңазытқыштың өзінің зақымдалуына əкеліп соғуы мүмкін.
- Тоңазытқыштың есікшесіндегі сөрелерге сүт өнімдеріне арналған жабық сөрелер, ортаңғы сөрелер, шарапқа арналған сөрелер жəне астыңғы сөрелер кіреді. Ол сөрелерді жұмыртқа, банкалардағы сұйықтарды, сусындар бар шөлмектерді жəне қапталымдағы тамақты қорғау үшін пайдалануға болады.
- Тоңазытқыштың есікшесіндегі ортаңғы сөре сіздің талаптарыңызға сəйкес əр түрлі биіктікте орнатыла алады. Сөрені көтерердің алдында, одан өнімдерді түсіріңіз.
Ескерім: Тоңазытқыштың есікшесіндегі барлық сөрелер мен қақпақтар түгелдей ағытылмалы болып табылады, бұл оларды тазалауды жеңілдетеді.
- Тоңазытқыш камерада екі ағытылмалы шыны сөре (үстіңгі жəне астыңғы сөрелер) жəне бір жиналатын сөре (ортаңғы сөре) болады.
- Сөрелерді шығарып алу үшін олар бағыттауыштарынан шығуы үшін, оларды ақырындап алдыға тартыңыз.
орындарына орнатқан кезде артында кедергілердің жоқ болуын тексеріңіз жəне сөрелерді абайлап орындарына қойыңыз.
- Жиналатын сөрені өзіңізге өнімдерді сақтау үшін керек кеңістік алу үшін реттеуге жəне жинауға болады.
1. Егер сіз тамақ сақтауға арналған кеңістікті бөлуді қаласаңыз, жиналатын сөренің алдыңғы жəне артқы
бөліктерін бір бірінен ажыратыңыз (жоғарыда берілген суретті қараңыз).
2. Егер сіз алдыңғы сөрені көтерсеңіз жəне оны ішке кіргізсеңіз, онда сізге тоңазытқышта
біршама ірі өнімдерді алдыңғы сөреде жəне одан ұсақ өнімдерді артқы сөреде сақтауыңызға болады.KZ115
3. Алдыңғы сөре ішке толық салынғаннан кейін, өнімдер сақтау үшін көбірек кеңістікті қамтамасыз ету үшін,
Жаңа өнімдерді сақтауға арналған нөлдік аймақ
- Бұл аймақтағы температура тоңазытқыш камерадағы температурадан шамамен 2-3°С градус төмен.
- Бұл аймақ балықты, етті жəне басқа жылдам бүлінетін өнімдерді сақтауға арналған. Ескерім: Барлық модельдерде бірдей бола бермейді. Шарапқа арналған сөре
- Сіз бұл жерде өз қалауыңыз бойынша жұмыртқаларды немесе шарапты сақтай аласыз. Ескерім: Барлық модельдерде бірдей бола бермейді.
- Телескоптық тартпа бағыттауыштарға орнатылған контейнер көкөністер мен жемістерді сақтауға арналған.
- Контейнерді шығарып алатын кезде оны алдыға тартыңыз, ал содан кейін контейнерді бағыттауыштардан ажыратыңыз. Оның алдында контейнерден өнімдерді алып шығуды ұмытпаңыз. Контейнерді шығарып алғаннан кейін бағыттауыштардың түгелдей ішке кіріп тұруын тексеріңіз.
Контейнердің қақпақшасы
- Контейнердің қақпақшасы контейнердің ішіндегі температураны бақылауға жəне көкөністердің ылғалын жоғалтуға жол бермеуге арналған. Сіз контейнердің ішіндегі ылғалдылықты тартпа блоктың көмегімен реттей аласыз.KZ116
2. Мұздатқыш камерадағы тартпа жəшіктерді пайдалану
- Мұздатқыш камерадағы тартпа жəшіктер мұздатылуға тиіс өнімдерді, мысалы, етті, балмұздақты жəне басқа тағам өнімдерін сақтау үшін пайдаланыла алады. Тартпа жəшіктер
- Тартпа жəшіктер телескоптық тартпа бағыттауыштарға орнатылады жəне тоңазытқыш камерада орналасқан көкөністер мен жемістерді сақтауға арналған контейнерлерді шығарып алған секілді, шығарып алуға болады.
- Мұздатқыш камераның табандығы мұздатылуға тиіс мөлшерлері шағын өнімдерді сақтау үшін жарамды.
- Егер сіз бос кеңістікті кеңейту үшін оны шешіп алуды қаласаңыз, оның қаптал жақтарына күш салып оны көтеріңіз де, шешіп алыңыз. Мұздатқыш камераның табандығын орнына орнату үшін, жоғарыда суреттелген операцияларды керісінше ретте орындаңыз. Назар аударыңыз! Мұздатқыш камерада сусындар бар шөлмектерді сақтамаңыз, өйткені бұл шөлмектердің қирауына əкеліп соғуы мүмкін. Мұз текшелерін жасауға арналған астауша
- Мұз текшелерін жасауға арналған астауша мұз текшелерін дайындау үшін пайдаланылады. Мұз текшелерін дайындау үшін мұз текшелерін жасауға арналған астаушаға ауыз су құйыңыз. Астаушаға құйылған судың деңгейі үстіңгі белгіден (мұз текшелерін жасауға арналған астаушаның көлемінің 80%-ынан) аспайтын болуға тиіс. Астаушаны мұздатқыш камераның астыңғы тартпа жəшігіне салыңыз да, мұз текшелері қалыптасуы үшін кем дегенде 2 сағат күтіңіз. Мұз текшелері қалыптасып болғаннан кейін мұз текшелерін астаушадан ажыратып алу үшін, мұз текшелерін жасауға арналған астаушаны ақырындап төңкеріңіз.
Тартпа жəшік Мұздатқыш камераның табандығыKZ117 Пайдалы кеңестер Электр энергиясын үнемдеуге қатысты пайдалы кеңестер Электр энергиясын үнемдеу үшін төменде келтірілген пайдалы кеңестерді басшылыққа алу керек.
- Электр энергиясын үнемдеу үшін тоңазытқыштың есікшесін ұзақ уақытқа ашық қалдырмаңыз. Электр аспап сыртқы жылудың тура күн сəулесі, электр тұмша пештер, тамақ пісіретін беттер жəне т.т.) əсеріне ұшырамауға тиіс.
Электр энергиясын үнемдеу мақсаттарында тоңазытқыштың есікшесін ұзақ уақытқа ашық қалдырмаңыз. Электр аспап сыртқы жылудың тура күн сəулесі, электр тұмша пештер, тамақ пісіретін беттер жəне т.т.) əсеріне ұшырамауға тиіс.
- Тоңазытқышта талап етілетіннен төмен температура орнатпаңыз.
- Тоңазытқышқа жылы тамақ пен буланатын сұйықтарды қоймаңыз.
- Электр аспап жақсы желдетілетін үй- жайда орнатылуға тиіс. Тоңазытқышты орнату жөніндегі нұсқаулықтарды қараңыз.
- Егер суретте тартпа жəшіктердің, көкөністер мен жемістерді сақтауға арналған жəшіктердің жəне сөрелердің дұрыс ұштастығы көрсетілген болса, ондай ұштастықты өзгертпеңіз, өйткені көрсетілген ұштастық электр энергиясын үнемдеу тұрғысынан неғұрлым тиімді болып табылады. Тың тағам өнімдерін салқындатуға қатысты кеңестер
- Тоңазытқыш немесе мұздатқыш камераға ыстық тамақты қоймаңыз. Бұл тоңазытқыштың ішіндегі температураның жоғарылауына жəне компрессордың жұмыс қарқынының үдеуіне əкеліп соғады, ол, өз кезегінде, электр энергиясының шығынының ұлғаюына əкеліп соғады.
- Тамақты, əсіресе, егер тамақтың иісі күшті болс, қақпақшамен жабыңыз немесе оны таспаға ораңыз.
- Тамақты ауа оның айналасында еркін айнала алуы үшін, дұрыс орналастырыңыз.
өнімдерін салқындатуға қатысты кеңестер
- Ет (барлық түрлері). Полиэтилен таспаға ораңыз да, көкөністерге арналған тартпа жəшіктің үстінде орналасқан шыны сөреге қойыңыз. Əрдайым өнімдердің сақталу уақытына қатысты кеңестерді ұстаныңыз жəне өнімдерді өндіруші көрсеткен күніне қарай пайдаланыңыз.
- Дайындалған тамақ, салқын тағамдар жəне т.т.: Бұл өнімдер қақпақшамен жабылуға тиіс жəне кез келген сөреде сақтала алады.
- Жемістер мен көкөністер: Бұл өнімдер тоңазытқышта бар жемістер мен көкөністерді сақтауға арналған тартпа жəшікте сақталуға тиіс.
- Сарымай мен ірімшік; Фольга немесе пластик таспаға тұмшалап ораулы күйде сақталуға тиіс.
- Сүт құйылған шөлмектер: Қақпақшалармен жабдықталған болуға жəне тоңазытқыштың есікшесінде орналасқан сөрелерде сақталуға тиіс. Тамақты мұздатуға қатысты кеңестер
- Электр аспапты алғаш рет немесе ол ұзақ уақыт пайдаланылмағаннан кейін қосқан кезд, тоңазытқышқа өнімдерді салмастан бұрын, оған минималды температура орнатылымдары кезінде 2 сағат бойы жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз.
- Өнімдерді кішкене үлестермен қаптаңыз, бұл оларды жылдам мұздатуға, сондай-ақ кейіннен тамақтың тек қажетті көлемін жібітуге мүмкіндік береді;
Өнімдерді алюминий фольгаға немесе полиэтилен таспаға ораңыз да, қапталымның тұмшаланған болып табылатынына көз жеткізіңіз;
- Бұрын мұздатылған өнімдердің температурасының жоғарылауына жол бермеу үшін, тың, мұздатылмаған өнімдерді енді мұздатылып қойған өнімдермен араластыруға жол бермеңіз;
- Оларды мұздатқыш камерадан алып шыққаннан кейін бірден пайдаланылатын мұздатылған өнімдер терінің суықтан күюіне əкеліп соғуы мүмкін.
- Өнімнің сақталу мерзімін өткізіп алмау үшін, əр қапталымда өнімнің мұздатылған күнін көрсетуге кеңес
Мұздатылған өнімдерді сақтауға қатысты пайдалы кеңестер
- Өзіңіз сатып алған мұздатылған өнімдердің дүкенде дұрыс сақталғанына көз жеткізіңіз;KZ118
- Жібітілген өнімдер жылдам бүлінетін болады жəне екінші қайтара мұздатылмауға тиіс. Өнімдерді өндіруші көрсеткен өнімдердің сақталу уақытын асырмаңыз. Электр аспапты өшіру Егер электр аспап ұзақ уақытқа өшірілуге тиіс болса, онда оның ішінде зеңнің түзілуіне жол бермеу үшін, төмендегі операцияларды орындау керек:
1. Тоңазытқыштан барлық тамақты шығарып алыңыз.
2. Желілік баудың ашасын электр розеткасынан суырыңыз.
3. Тоңазытқыштың ішкі беттерін мұқият тазалаңыз жəне құрғатыңыз.
4. Тоңазытқыштың ішінде ауа циркуляциясын қамтамасыз ету үшін, тоңазытқыштың барлық есікшелері сəл
ашық қалдырылуға тиіс. Тазалау жəне күтім жасау Гигиеналық мақсаттарда электр аспап (сыртқы жəне ішкі беттерін қоса алғанда) кем дегенде екі айда бір мəрте тазалауға жатқызылып отыруға тиіс. Назар аударыңыз! Тазалауды орындаған кезде электр аспап электр желісінен ағытылған болуға тиіс. Бұл электр тогының соққысын алу қаупін жоқ қылады. Тазалауды орындардың алдында электр аспапты өшіріңіз
желілік баудың ашасын электр розеткасынан суырыңыз. Сыртқы беттерді тазалау Өз электр аспабыңыздың жақсы сырт əлпетін сақтау үшін, оны жүйелі түрде тазалап отыру керек. − Электр аспаптың цифрлық панелі мен дисплейін таза, дымқыл шүберекпен сүртіп отырыңыз. − Суды тікелей электр аспаптың беттеріне бүркімеңіз, оны шүберекке бүркіңіз. Бұл ылғалдың беттің бойымен
таралуын қамтамасыз етеді. − Есікшелерді, тұтқаларды жəне корпустың беттерін жұмсқ жуғыш құралдың көмегімен тазалаңыз, ал содан кейін жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіп алыңыз. Назар аударыңыз! − Электр аспапты тазалауды орындаған кезде өткір заттарды пайдаланбаңыз, өйткені олар беттерге сызат түсіруі мүмкін. − Электр аспапты тазалау үшін бояуға арналған еріткіштерді, автомобиль жууға арналған құралдарды, мата ағартқыштарды, эфир майларын, абразивтік тазартқыш құралдарды, сондай-ақ органикалық, мысалы, бензол секілді еріткіштерді пайдаланбаңыз, өйткені ондай заттектер электр аспаптың беттеріне зақым келтіруі жəне жануға əкеліп соғуы мүмкін. Ішкі беттерді тазалау Сіз электр аспаптың ішкі беттерін жүйелі түрде тазалап отыруға тиіссіз. Өйтіп тазалауды тоңазытқыштың ішіндегі өнімдер аз болған уақыта орындаған жеңілірек. Тоңазытқыштың ішкі беттерін натрий бикарбонатының сұйытылған ерітіндісімен сүртіп шығыңыз, ал содан кейін ол үшін сығып алынған жөкені немесе шүберекті пайдаланып, жылы сумен сүртіп шығыңыз. Сөрелер мен себеттерді орындарына қоймастан бұрын, барлық беттер мен ағытылмалы бөліктерді мұқият құрғатыңыз. Бұл электр аспапты жібіту автоматты түрде орындалатын болса да, мұздатқыш камераның есікшесін ұзақ уақыт бойына жиі аша берген жағдайда, мұздатқыш камералардың ішкі қабырғаларында қыраудың қабаты түзілуі мүмкін. Егер қыраудың қабаты тым қалың болып табылса, мұздатқыш камерадағы өнімдердің көлемі аз болатын ұрымтал уақытты пайдаланып, төмендегі операцияларды орындаңыз:
1. Мұздатқыш камералардан өнімдер мен себеттерді шығарып алыңыз, электр аспаптың қоректендіру бауының
ашасын электр розеткасынан суырыңыз да, мұздатқыш камералардың есікшелеін ашық қалдырыңыз. Жібіту үдерісін жылдамдату үшін, бөлмені мұқият желдетіңіз.
2. Жібіту орындалғаннан кейін мұздатқыш камераны жоғарыда суреттелгендей тазалаңыз.
Есікшелердің тығыздағыш аратөсемдерін тазалау Тоңазытқыштың есікшелерінің тығыздағыш аратөсемдері таза болуға тиіс. Тығыздағыш аратөсемдерге жабысып қалған тағам мен оларға тиген сусындардың қалдықтары тығыздағыш аратөсемдердің тоңазытқыштың корпусыа жабысып қалуына жəне тоңазытқыштың есікшесін ашқан кезде олардың жыртылуынна əкеліп соғуы мүмкін. Есікшелердің тығыздағыш аратөсемдерін жұмсақ тазартқыш құралмен жəне жылы сумен жуып отырыңыз. Тазалауды орындағаннан кейін сумен жуыңыз да, мұқият құрғатыңыз.KZ119 Назар аударыңыз! Тоңазытқышты тек тоңазытқыштың есікшелерінің тығыздағыш аратөсемдері толық құрғағаннан кейін ғана қосуға болады. Жарықдиодты шамды ауыстыру Ескерту: Жарықдиодты шамды пайдаланушы ауыстырмауға тиіс! Жарықдиодты шам істен шыққан жағдайда, уəкілетті сервистік орталыққа көмек сұрап хабарласыңыз.
Ақаулықтарды табу жəне жою Егер сізде өз электр аспабыңыздың жұмысына байланысты проблемалар орын алса, немесе егер сіз өз электр аспабыңыз тиісті түрде жұмыс істемейді деп күдіктенсеңіз, онда сервистік қызметке хабарласпастан бұррын, сізге төмендегі суреттелген қарапайым тексеруді орындауыңызға болады. Ескерту! Электр аспапты өз бетіңізбен жөндеуге тырыспаңыз. Егер төмендегі суреттелген тексеру əрекеттерінен кейін проблема қала беретін болса, сервистік қызметтің инженері мақұлдаған тəжірибелі маманға немесе өзіңіз
бұйымды сатып алған дүкенге хабарласыңыз.KZ120 Проблема Проблеманың ықтимал себебі жəне оны жою Желілік баудың ашасы электр розеткасына дұрыс сұғылғанын тексеріңіз. Өз электр желіңіздегі сақтандырғышты тексеріңіз. Қажет болған жағдайда оны ауыстырыңыз. Қоршаған ортаның температурасы тым төмен. Проблеманы жою үшін, тоңазытқыштағы температураны одан көрі төмен деңгейге орнатыңыз.
Электр аспап тиісті түрде жұмыс істемейді Егер мұздатқыш камера автоматты жібіту циклының уақытында немесе электр аспап қосылғаннан кейін бірден азғантай уақыт бойы жұмыс істемесе, бұл қалыпты құбылыс болып табылады. Бұл компрессорды қорғау үшін жасалады. Тоңазытқыштың ішкі беттері тазаланбаған. Тоңазытқыштың камераларының ішінде иіс бар Иістерді кейбір тамақ, контейнерлер немесе орауыштар бөліп шығарады. Электр аспаптың жұмысына ілесетін төменде аталған шуылдар қалыпты құбылыс болып табылады:
- Компрессордың жұмысына ілесетін шуыл.
- Мұздатқыш камерада немесе тоңазытқыштың басқа камераларында орналасқан кішкене желдеткіштің жұмысынан туындаған ауаның қозғалысына байланысты шуыл.
- Су қайнағанда естілетін дыбысқа ұқсайтын бүлкілдеу.
- Автоматты түрде жібіту орындалып жатқан кездегі сартылдар.
- Компрессор іске қосылардың алдындағы сыртыл.
Басқа əдеттен тыс шуылдар төменде аталған себептерден туындауы мүмкін жəне оларды жою үшін тексеруді орындау жəне тиісті іс-қимылдар жасау қажет: Тоңазытқыштың шкафының горизонталды орнатылу деңгейі реттелмеген. Тоңазытқыштың артқы қабырғасы бөлменің қабырғасына тиіп тұр. Шөлмектер немесе контейнерлер құлаған немесе шайқалып тұр.
Жұмыс істеп тұрған электр қозғалтқыштың шуылы жиі естіледі. Бұл қалыпты құбылыс. Электр қозғалтқыш төмендегідей жағдайларда біршама ұзақ уақыт жұмыс істейтін болады:
- Талап етілетіннен төмен температура орнатылған.
- Тоңазытқышта жақында жылы тамақтың көп көлемі қойылған.
- Қоршаған ортаның температурасы тым жоғары.
- Тоңазытқыштың есікшелері тым ұзақ ашық қалдырылған немесе тым жиі ашыла берген.
- Электр аспап орнатылғаннан кейін бірден немесе ола ұзақ уақыт бойы өшірулі күйде тұрғаннан кейін.
Ауа шығаруға арналған ойықтардың тамақпен көлегейленбеуін жəне тамақтың тоңазытқыштың ішінде тиісті желдету қамтамасыз етілетіндей орналастырылуын тексеріңіз. Тоңазытқыштың есікшелерінің толық жабылғанына көз жеткізіңіз. Қырауды кетіру үшін "Тазалау жəне күтім жасау" бөлімін қараңыз. Тоңазытқыштың
Сіз тоңазытқыштың есікшесін тым ұзақ уақытқа ашық қалдырған болуыңыз немесе оларды тым жиі аша берген болуыңыз мүмкін. Əлде есікшелер олардың жабылуына кедергілер болғанының нəтижесінде ашық қалған. Немесе тоңазытқыштың қапталдық қабырғаларының, артқы қабырғасының немесе үстіңгі қақпағының арасындағы бос кеңістік тым аз. Тоңазытқыштың
Тоңазытқышта берілетін температураны "Орнатылымдарды дисплейде көрсету" бөлімінде көрсетілгендей ұлғайтыңыз.KZ121 Проблема Проблеманың ықтимал себебі жəне оны жою Есікшені жабу
Тоңазытқыштың үстіңгі бөлігі артқа қарай 10-15 мм шалқайып тұрғанына көз жеткізіңіз. Бұл тоңазытқыштың есікшелері өздігінен жабылуы үшін қажет. Немесе бұл тоңазытқыштың ішінде тоңазытқыштың есікшелерінің қалыпты жабылуына кедергі жасайтын бір нəрсенің бар болуына байланысты болуы
Суды жинауға арналған табандық (шкафтың артқы астыңғы бөлігінде орналасқан) горизонталды түрде орнатылмаған болуы мүмкін немесе су ағызатын ойық (компрессордың табанының астында орналасқан) суды табандыққа бағыттау үшін дұрыс орнатылмаған немесе су ағызатын ойықты кірдің бітеп қалған болуы мүмкін. Сізге су жинауға арналған табандық пен су ағызатын ойықты тексеру үшін тоңазытқышты бөлменің қабырғасынан ысыру қажет болуы мүмкін.
- Жарықдиодты шам зақымдалған болуы мүмкін. Ондай жағдайда уəкілетті сервистік қызметтің маманына хабарласыңыз.
- Басқару жүйесі тоңазытқыштың есікшесінің тым ұзақ ашық қалғанының нəтижесінде шамдардың жұмысын бұғаттаған. Шамдарды қосу үшін тоңазытқыштың есікшесін жабыңыз да, оны қайтадан ашыңыз. Электр аспапты кəдеге жарату Бұл электр аспапты əдеттегі тұрмыстық қалдықтар секілді кəдеге жаратуға тыйым салынады. Қапталымдық материалдар Оларда қайтадан пайдалану символы бар қапталымдық материалдар оларды қайтадан пайдалануға арналған. Ондай қапталымдық материалдарды қайтадан пайдаланудың жүзеге асырылуы үшін, ол қапталымдық материалдарды сондай материалдарды жинауға арналған контейнерге тастаңыз. Өз мерзімін өткерген электр аспаптан арылудан бұрын
1. Электр аспаптың желілік бауының ашасын электр розеткасыдан суырыңыз.
2. Желілік бауды қиып алыңыз да, оны желілік баудың электр ашасымен бірге шығарып тастаңыз.
Ескерту! Тоңазытқыштардың ішінде тоңазытқыш агент жəне оқшауламалық материалдардағы газдар болады. Тоңазытқыш агент пен газдар кəсіби түрде кəдеге жаратылуға тиіс, өйткені олар көздің зақымдалуына немесе
шығуына əкеліп соғуы мүмкін. Тоңазытқышты кəдеге жаратардан бұрын тоңазытқыш агенттің контурының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Бұл электр аспап Электр жəне электрондық жабдықтың қалдықтарына (ЭЭЖҚ) қатысты 2012/19/EU Еуропалық директивасына сəйкес таңбаланған. ЭЭЖҚ құрамында ластаушы заттектер де (қоршаған ортаға теріс əсер көрсетуі мүмкін), сондай-ақ қайтадан пайдалануға болатын компоненттер де болады. ЭЭЖҚ табиғатты ластайтын барлық заттектерді дұрыс жою жəне кəдеге жарату мен қайтадан пайдалану үшін жарамды барлық материалдарды қалпына келтіру жəне қайтадан пайдалану үшін арнайы өңдеуге жатқызылуға тиіс. Адамдар қоршаған ортаны оған ЭЭЖҚ зиянды əсерінен қорғауда маңызды қызмет атқара алады, ол үшін бірнеше негізгі ережені ұстану керек: - ЭЭЖҚ əдеттегі тұрмыстық қалдықтар секілді тасталмауға
- ЭЭЖҚ муниципалдық билік орындары немесе тіркелген компаниялар басқаратын тиісті жинау пунктеріне жөнелтілуге тиіс. Бірқатар елдерде ірі габаритті ЭЭЖҚ үшін оларды үйден жинау ұйымдастырылған болуы
- Бірқатар елдерде, егер сіз жаңа электр аспапты сатып алатын болсаңыз, онда сізге дүкенге ескісін қайтаруыңызға болады, сіз тап сондай жаңа жабдық сатып алатын шартпен, дүкен оны тегін (бірге бір) қабылдауға тиіс болады.KZ122
Бұл бұйымды дұрыс кəдеге жарату Бұл таңбалама бұл бұйымның ЕО шектерінде басқ тұрмыстық қалдықтармен бірге тастала алмайтынын көрсетеді. Қалдықтардан бақылаудан тыс арылудың салдарынан қоршаған ортаның ықтимал ластануына жəне адамдардың денсаулығына зиян келуіне жол бермеу үшін, оның құрамындағы қайтадан пайдалану үшін жарамды материалдарды дұрыс пайдалану керек. Өзінің мерзімін өткерген жабдықты қайтару үшін өзінің мерзімін өткерген жабдықты қайтару жүйесін жəне өзінің мерзімін өткерген жабдықты жинау жүйесін пайдаланыңыз немесе өзіңіз одан бұйымды сатып алған дүкенге хабарласыңыз. Бұл бұйымның құрамында бар материалдарды қоршаған орта үшін қауіпсіз қайтадан пайдалануды қамтамасыз ете алады.96RU RU 124-145 RU124 -RU126 Общие меры безопасности
ОңайНұсқаулық