GBA 18 V - Кофе тартқыш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GBA 18 V BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Сымсыз кофе тартқыш |
| Бренд | Bosch |
| Модель | GBA 18 V |
| Қоректендіру | Литий-иондық 18 В аккумулятор, AMPShare үйлесімді |
| Аккумулятор сыйымдылығы (шамамен) | 2,0 Ah |
| Қуат (шамамен) | 150 Вт |
| Салмағы (аккумулятормен, шамамен) | 1,2 кг |
| Өлшемдері (шамамен) | 22 x 12 x 12 см |
| Ұнтақтау механизмінің материалы | Тот баспайтын болат |
| Дән ыдысының сыйымдылығы (шамамен) | 50 г |
| Автономды жұмыс уақыты (шамамен) | Шамамен 30 минут |
| Зарядтау уақыты | 60 мин GAL 18V зарядтағышпен |
| Жұмыс температурасы | -20 °C-тан +50 °C-қа дейін |
| Зарядтау температурасы | 0 °C-тан +35 °C-қа дейін (USB: +10 °C-тан +35 °C-қа дейін) |
| Қауіпсіздік функциялары | Қысқа тұйықталудан, шамадан тыс жүктемеден, терең разрядтан, қызып кетуден қорғау |
| Күтім және тазалау | Желдету саңылауларын жұмсақ, таза және құрғақ щеткамен тазалаңыз |
| Аккумуляторлардың үйлесімділігі | Bosch Professional 18V жүйесі және AMPShare серіктестері |
| Кәдеге жарату | Тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз; 2006/66/ЕО директивасы бойынша қайта өңдеңіз |
Жиі қойылатын сұрақтар - GBA 18 V BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GBA 18 V BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Кофе тартқыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GBA 18 V - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GBA 18 V брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GBA 18 V BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер
аумағында қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі бұйым корпусында көрсетілген.
Зарядтау құрылғысының өндірілген мерзімі бұйым корпусында көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
112 | Қазақ
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз - жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз - көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
– ток сымының тозуы немесе зақымдануы - өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек.
- Орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (шарт 1) құжатын қараңыз.
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
114 | Қазақ
Қауіпсіздік нұсқаулары

Барлық қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және ескертпелерді оқып шығыңыз. Қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және ескертпелерді орындамау ток соғуға, өртке және/немесе ауыр жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік техникасының нұсқаулары мен ескертпелерді болашақ жұмыстар үшін сақтап қойыңыз.
▶ Бұл қауіпсіздік техникасының нұсқаулары тек 18 В Bosch литий-иондық AMPShare аккумуляторларына қолданылады.
▶ Бұл аккумуляторды тек AMPShare серіктесі ұсынған өнімдерде пайдаланыңыз. AMPShare таңбалаған 18 В аккумуляторлар төмендегі өнімдермен толықтай үйлеседі:
- Bosch Professional 18В жүйелерінің барлық өнімдері
- AMPShare серіктестері ұсынған барлық 18 В өнімдер
Өніміңіздің пайдалану бойынша нұсқаулығындағы аккумулятор ұсыныстарын ескеріңіз. Тек осылайша аккумулятор мен өнімді қауіпсіз пайдалануға
болады және аккумуляторлар қауіпті жүктемеден қорғалады.
Аккумуляторларды тек өндіруші немесе AMPShare серіктесі ұсынған зарядтағыш құрылғылармен зарядтаңыз. Зарядтағыш құрылғы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану нәтижесінде өрт қаупі туындайды.
Аккумулятор түрі Уйлесімді
зарядтағыш құрылғы
GBA 18V... ,
ProCORE18V...
GAL 18..., GAL 36...,
GAX 18...
Аккумулятор жартылай зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз. ▶ Аккумуляторларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. ▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар. Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса,
дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тиген жағдайда, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, қосымша медициналық көмек сұраңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
Ақаулы аккумулятордан сұйықтық ағып, шектес заттарды сулауы мүмкін. Тиісті бөліктерді тексеріңіз. Оларды тазалап шығыңыз немесе қажет болса, алмастырыңыз.
Аккумуляторды қысқа тұйықтамаңыз. Пайдаланылмайтын аккумуляторды контактілерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, бұрандалардан немесе басқа ұсақ темір заттардан алшақ ұстаңыз. Аккумулятор контактілерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшкір заттар немесе сыртқы әсер арқылы
аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін.

Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.
Аккумуляторды тек -20°C және +50°C аралығындағы қоршаған орта температурасында пайдаланыңыз және сақтаңыз. Аккумуляторды жаз кезінде көлік ішінде қалдырмаңыз. 0°C шамасынан төмен температураларда құрылғыға байланысты қуат шектелуі мүмкін.
▶ Аккумуляторды тек 0 °C және +35 °C аралығындағы қоршаған орта температурасында зарядтаңыз. Аккумуляторды USB порты арқылы тек +10 °C және +35 °C аралығындағы
қоршаған орта температурасында зарядтаңыз. Белгіленген температура диапазонынан тыс зарядтау нәтижесінде аккумуляторға зақым келуі немесе өрт қаупі туындауы мүмкін.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумулятордың желдету саңылаулары мен жалғағыштарын жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
▶ Аккумуляторларды тазалау үшін химиялық заттарды пайдаланбаңыз.
Тасымалдау
Литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады. Үшінші тараптар (мысалы, әуе көлігі немесе жөнелту қызметі) орауышқа және белгілеуге қойылатын арнайы талаптарды орындауы тиіс. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау сарапшысымен хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату

Аккумуляторларды тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз!
Аккумуляторларды және орауыштарды қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.
Тек қана ЕО елдері үшін:
Еуропалық 2006/66/EC директивасы бойынша ақаулы немесе істен шыққан аккумуляторлар бөлек жиналып, қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату орнына тапсырылуы қажет.