HUAWEI Band 8 - смартсағат

Band 8 - смартсағат HUAWEI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Band 8 HUAWEI PDF форматында.

📄 66 бет PDF ⬇️ Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы 🖨️ Басып шығару
Notice HUAWEI Band 8 - page 42
Нұсқаулықты қарау : Français FR English EN Español ES Bahasa Indonesia ID 日本語 JA Қазақша KK Português PT Русский RU Tiếng Việt VI
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : HUAWEI

Модель : Band 8

Санат : смартсағат

SKIP

Жиі қойылатын сұрақтар - Band 8 HUAWEI

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз смартсағат PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Band 8 - HUAWEI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Band 8 брендінің HUAWEI.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Band 8 HUAWEI

Құрылғы қуатын қосу, қуатын өшіру немесе қайта іске қосу үшін басып, ұстап тұрыңыз.

Жүрек соғу жиілігінің датчигі

Жылдам шығару түймесі Құрылғы мен қосалқы құралдары таза және құрғақ екеніне көз жеткізіңіз. Құрылғыңызды реттеу 1 Құрылғыны қосу үшін түймені басып тұрыңыз немесе зарядтаңыз. 2 QR кодын сканерлеу үшін телефонды пайдаланыңыз не AppGallery дүкенінен "Huawei Health" қолданбасын іздеңіз немесе Huawei Health қолданбасын жүктеп алу үшін consumer.huawei.com сайтына кіріңіз. 3 Huawei Health қолданбасын ашып, құрылғылар экранына өтіңіз де, қосқыңыз келетін құрылғыларды таңдап, экрандағы нұсқаулармен жұптауды аяқтаңыз. Анықтама алу Байланыс және функциялар туралы қосымша ақпарат әрі пайдалану туралы кеңестер алу үшін Huawei Health қолданбасында онлайн анықтаманы қараңыз. Авторлық құқық © Huawei Device Co., Ltd. 2023. Барлық құқықтары қорғалған. БҰЛ ҚҰЖАТ ТЕК АҚПАРАТТЫҚ МАҚСАТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘНЕ ҚАНДАЙ ДА БІР КЕПІЛДІК ТҮРІНЕ ЖАТПАЙДЫ. Сауда белгілері және рұқсаттар Bluetooth

сөз белгісі мен логотиптері — Bluetooth SIG, Inc. меншігіндегі тіркелген сауда белгілері және осы белгілер Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясының лицензиясы бойынша пайдаланылады. Huawei Device Co., Ltd. — Huawei Technologies Co., Ltd. филиалы. Басқа сауда белгілері, өнім, қызмет және компания атаулары тиісті иелерінің меншігі болып табылады. Құпиялық саясаты Жеке ақпаратыңызды қалай қорғайтынымызды жақсырақ түсіну үшін https://consumer.huawei.com/privacy-policy бөліміндегі құпиялық саясатын

Пайдалану және қауіпсіздік

  • Мақұлданбаған немесе үйлесімді емес қуат адаптерін, зарядтағышты немесе батареяны пайдалану өртке, жарылысқа немесе басқа қауіптерге себеп болуы мүмкін.
  • Қолайлы температуралар: пайдалану үшін -10-+45°C, сақтау үшін -20-+55°C.
  • Құрылғыны және батареяны қатты ыстық көзінен және тікелей күн сәулесінен алыс сақтаңыз. Оларды микротолқынды пештер, пештер немесе радиаторлар сияқты жылыту құрылғыларының үстіне немесе ішіне қоймаңыз. Оны бөлшектеуге, өзгертуге, лақтыруға немесе қысуға болмайды. Оған бөгде заттарды салуға, оны сұйықтықтарға батыруға не оған сыртқы күш немесе қысым салуға болмайды, себебі бұл оның ағуына, қызып кетуіне, тұтануына немесе тіпті жарылуына себеп болуы мүмкін.
  • Батареяны өз бетіңізше ауыстырмаңыз, бұл батареяға зақым келтіріп, ол қызып кетуі, өртенуі, жарақаттауы мүмкін. Құрылғыға кірістірілген батареяға Huawei немесе өкілетті қызмет көрсетуші қызмет көрсетуі керек.
  • Қуат ашасы ажырату құрылғысы ретінде пайдаланылады. Қосылатын жабдық үшін желілік розетка оңай қолжетімді болуы керек.
  • Құрылғы жұмысы медициналық құрылғы жұмысына кедергі келтіретінін анықтау үшін дәрігерге және құрылғы өндірушісіне хабарласың

өнім медициналық құрылғы болуға арналмаған және аурурды анықтауға, емдеуге, жеңілдетуге немесе алдын алуға арналмаған. Барлық деректер мен өлшемдерді тек жеке анықтама ретінде пайдалану керек.

  • Құрылғыны таққан кезде тері ыңғайсыздығы сезілсе, оны шешіп, дәрігерге хабарласыңыз.
  • Құрылғы IP68 (IEC 60529) талаптарына сәйкес.
  • Балалар осы өнімді пайдаланса немесе оған тисе, ересектің бақылауы ұсынылады.
  • Ауруханаларда, емханаларда немесе денсаулық сақтау мекемелерінде солай істеу сұралғанда, сымсыз құрылғыны өшіріңіз. Бұл сұраулар сезгіш медициналық жабдықпен ықтимал кедергіні болдырмау үшін арналған. 40• Кейбір сымсыз құрылғылар есту құралдарының немесе кардиостимулятордың өнімділігіне әсер етуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін қызмет жеткізушіге хабарласыңыз.
  • Кардиостимуляторға кедергі келтіру ықтималын болдырмау үшін кардиостимулятор өндірушілер құрылғы мен кардиостимулятор арасында ең аз 15 см қашықтық сақталуын ұсынады.
  • Егер кардиостимулятор пайдаланылса, құрылғыны кардиостимулятордың қарама-қарсы жағында ұстаңыз және құрылғыны алдыңғы қалтаңызда тасымаңыз.
  • Құрылғыны пайдаланған кезде жергілікті заңдар мен ережелерді сақтаңыз. Апаттар қаупін азайту үшін көлік жүргізу барысында сымсыз құрылғыңызды пайдаланбаңыз.
  • Құрылғының бөліктеріне немесе ішкі схемаларын зақымдап алмау үшін оны шаң, түтін, дымқыл немесе лас орталарда немесе магниттік өрістердің жанында пайдаланбаңыз.
  • Құрылғыны жанғыш немесе жарылғыш заттар сақталған жерде (мысалы: жанармай құю бекеті, мұнай базасы немесе химиялық зауыт) пайдаланбаңыз, сақтамаңыз немесе тасымалдамаңыз. Құрылғыны осы орталарда пайдалану жарылыс немесе өрт қаупін арттырады.
  • Бұл құрылғыны, батареяны және керек-жарақтарды жергілікті ережелерге сәйкес қоқысқа лақтырыңыз. Олар қалыпты тұрмыстық қалдықпен бірге тасталмауы керек. Батареяны дұрыс пайдаланбау өртке, жарылысқа немесе басқа қауіптерге себеп болуы мүмкін.
  • Егер батарея ақса, электролиттің тікелей теріңізге немесе көздеріңізге тимеуін қамтамасыз етіңіз. Егер электролит теріңізге тисе немесе көзіңізге шашыраса, дереу таза сумен жуыңыз және дәрігерге қаралыңыз.
  • Құрылғыны зарядтаған кезде қуат адаптері құрылғылардың жанындағы розеткаға қосылғанына және қол оңай жететініне көз жеткізіңіз. Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаса, зарядтағышты электр розеткасы мен құрылғыдан ажыратыңыз.
  • Сымсыз құрылғылар ұшақтың ұшу жүйесіне кедергі келтіруі мүмкін. Құрылғыңызды ұшақ компаниясының ережелеріне сәйкес сымсыз құрылғыларға рұқсат етілмеген жерде пайдаланбаңыз.
  • Әуежай немесе әуе желісі қызметкерлері нұсқау берсе ғана сымсыз құрылғыны өшіріңіз. Әуе желісі қызметкерінен ұшақ бортында сымсыз құрылғыларды пайдалану туралы сұраңыз, құрылғыңыз «ұшақ режимін» ұсынса, оны ұшаққа мінбес бұрын қосу қажет.
  • Киілетін құрал мен қосалқы құралдарын күшті әсерден, күшті дірілдеуден, сызаттардан және үшкір нысандардан қорғаңыз, себебі олар құрылғыға зақым келтіруі мүмкін.
  • Күні бойы теріңіз демалуы үшін бауды шамалы босатыңыз. Таққан кезде ыңғайсыздық сезілсе, киілетін құралды шешіп, білекті демалдырыңыз. Әлі де ыңғайсыздық сезілсе, тағуды тоқтатып, мүмкіндігінше жылдам медициналық көмекке жүгініңіз. Сонымен қатар ресми Huawei веб-сайтынан басқа материалдардан жасалған және дизайндары әртүрлі бауларды сатып алуға болады.
  • Қуат адаптері IEC/EN 62368-1 стандартына сәйкес екеніне және ұлттық немесе жергілікті стандарттарға сәйкес сыналғанына және мақұлданғанына көз жеткізіңіз.
  • Бұл құрылғыда шағын өлшемді батарея қолданылады. Батареяны жұтуға болмайды, химиялық күю қаупі бар.
  • Шағын өлшемді батареяны жұтып қойған жағдайда, ол 2 сағат ішінде қатты ішкі күйіктерге және өлімге әкелуі мүмкін.
  • Жаңа және пайдаланылған батареяларды балалардан аулақ ұстаңыз. Батарея салатын орын дұрыс жабылмаса, өнімді пайдалануды тоқтатып, оны балалардан аулақ ұстаңыз. Батареялар жұтылып қойған немесе қандай да бір жолмен ішке өткен деп күдіктенсеңіз, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгініңіз. Жою және қайта өңдеу туралы ақпарат Өнімдегі, батареядағы, әдебиетіндегі немесе орауыштағы сызып тасталған шелек таңбасы барлық электрондық өнімдердің және батареялардың жарамдылық мерзімі аяқталған кезде бөлек жинау нүктелеріне апару керектігін білдіреді; оларды тұрмыстық қоқыспен бірге қалыпты қоқыс ретінде тастамау керек. Жабдықты арнайы жинау нүктесіне немесе электр және электрондық жабдықты (WEEE) және батареяларды жергілікті заңдарға сәйкес бөлек қайта өңдеу қызметінің көмегімен тастау пайдаланушының міндеті болып табылады. Жабдықты дұрыс жинау және қайта өңдеу электрлік және электрондық жабдық (EEE) қалдығын құнды материалдарды сақтауға және адам денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі, дұрыс пайдаланбау, кездейсоқ бұзылу, зақымдалуы және/немесе жарамдылық мерзімі біткен кезде дұрыс қайта өңдемеу денсаулыққа және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін. EEE қалдығын қайда және қалай тастау туралы қосымша ақпарат алу үшін жергілікті әкімшілікке, сатушыға немесе тұрмыстық қоқысты жою қызметіне хабарласыңыз немесе https://consumer.huawei.com/en/ веб-сайтына өтіңіз. Қауіпті заттарды азайту Бұл құрылғы және оның электрлік керек-жарақтары ЕО REACH ережесі, RoHS және батареялар (қосылған жерде) директивасы сияқты электрлік және электрондық жабдықтағы белгілі бір қауіпті заттарды пайдалану шектеуіне қолданылатын жергілікті ережелерге сәйкес. REACH және RoHS туралы сәйкестік мәлімдемелерін алу үшін https://consumer.huawei.com/certication веб-сайтына кіріңіз. ЕО нормативтік сәйкестігі РЖ әсері талаптары Құрылғыңыз қуаты аз радио таратқыш және қабылдағыш болып табылады. Халықаралық нұсқаулардың ұсыныстары бойынша құрылғы сатылатын нарықпен орнатылған лимиттерге сәйкес болып жасалады.

Осы құжат арқылы Huawei Device Co., Ltd. компаниясы бұл құрылғының 2014/53/EU директивасының негізгі талаптары мен басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін мәлімдейді. Сәйкестік туралы декларацияның соңғы және жарамды нұсқасын https://consumer.huawei.com/certication бетінде көруге болады. Бұл құрылғыны ЕО-ның мүше елдерінде пайдалануға болады. Құрылғы пайдаланылатын жердегі ұлттық және жергілікті ережелерді сақтаңыз. Жергілікті желіге байланысты бұл құрылғыны пайдалану шектелуі мүмкін. Жиілік диапазондары және қуат (a) Радио жабдығы пайдаланылатын жиілік жолақтары: Кейбір жолақтар барлық елдерде немесе барлық аймақтарда қолжетімсіз болуы

осымша деректер алу үшін жергілікті операторға хабарласыңыз. (ә) Радио жабдығы пайдаланылатын жиілік жолақтарында тасымалданған максималды радио жиілігінің қуаты: Барлық жолақтардың максималды қуаты қатысты «Келісілген стандарт» құжатында көрсетілген ең жоғарғы шектен төмен. 41Осы радио жабдығына қатысты жиілік жолақтары және тасымалдау қуатының (сәулелі және/немесе өткізілген) номинал шектері келесідей: Bluetooth 2.4GHz: 10 dBm. Керек-жарақтар және бағдарламалық құрал туралы ақпарат Келесі керек-жарақтарды пайдалану ұсынылады: Зарядтау базасы:POWER-CA010 Өнім бағдарламалық құралының нұсқасы — 3.1.1.7 Өнім шыққаннан кейін қателерді түзету немесе функцияларды кеңейту үшін өндіруші бағдарламалық құрал жаңартуларын шығарады. Өндірушімен шығарылған барлық бағдарламалық құрал нұсқалары тексерілген және қатысты ережелермен үйлесімді. Барлық РЖ параметрлеріне (мысалы, жиілік ауқымы және шығыс қуаты) пайдаланушы қатынаса алмайды және пайдаланушы оларды өзгерте алмайды. Керек-жарақтар мен бағдарламалық құрал туралы ең соңғы ақпаратты https://consumer.huawei.com/certication веб-сайтындағы СД (Сәйкестік туралы декларация) ішінен қараңыз. Еліңіздегі немесе өңіріңіздегі соңғы жаңартылған шұғыл желі және электрондық пошта мекенжайы үшін https://consumer.huawei.com/kz/support бетіне кіріңіз. Электрондық белгі экранын көру үшін құрылғыда Параметрлер > Туралы > Нормативтік ақпарат (Settings > About > Regulatory information) тармағына өтіңіз.

Қолданушы жылдам бастау нұсқаулығына қосымша (тек Қазақстан Республикасы үшін)

Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сəйкес дайындаушы (импорттаушы - егер тарап болса) уəкілеттік берген тұлғаның атауы мен орналасқан жері. ЖШС «Хуавей Текнолоджиз Казахстан» 050059, Достық даңғылы 210, Бизнес центр “Grand Koktem”, 1-ші блок, Медеу ауданы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Сауда белгісі HUAWEI

Тауардың атауы Смарт білезік HUAWEI ASK-B19 моделі

Қолдану мақсаты HUAWEI ASK-B19 Смарт білезігі - бұл түрлі-түсті сенсорлық экраны, бүйірлік басқару түймесі және 50 м-ге дейін суға төзімділікті қолдайтын смарт білезік

Сипаттамалары мен параметрлері Өлшемі: 43,45 мм × 22,54 мм × 8,99 мм Салмағы: 14г (баусыз) Бау ені: 16мм(бау толығымен босатылған кезде), білек: 130-210мм (қызғылт баусыз) және 120-190мм (қызғылт

Түсті AMOLED экраны Экранның жыратымдылығы: 194 × 368 пиксель, өлшемі: 1,47дюйм

Батарея сыйымдылығы: 180 мАч (орташа) Түрі: кіріктірілген литий-полимерлі батарея Зарядтау уақыты: шамамен 65 минут (қоршаған орта температурасында +25°C)

КО ТР-ға сəйкес Құрылғының сәйкестігі: —КО TР 020/2011 «Техникалық жабдықтардың электромагниттік үйлесімділігі»; —ТР ЕАЭО 037/2016 «Электр және электронды өнімдерде қауіпті заттарды пайдалануды шектеу туралы».

Қауіпсіз қолданудың ережелері мен

Құрылғы жабық жылытылатын бөлмеде -10 және 45 град. С аралығында, және 5% - 95% аралығынан аспайтын ылғалдылықта қолдануға арналған (конденсациясыз). Қызмет мерзімі кезінде құрылғыға мерзімді қызмет көрсету қажет емес. Қызмет мерзімі құжаттамада көрсетілген.47

Монтаж жасау шарттары Құрылғы монтажы берілген құрылғыға қосылған қолданушы қысқа нұсқаулығы бойынша жасалады.

Сақтау шарттары Жабдықтарды жабық бөлмелерде, түпнұсқа қаптамада, минус 20-дан +55-ге C дейін қоршаған орта температурасында сақтау керек, және салыстырмалы ылғалдылық 5% - 95% аралығынан аспауы тиіс.

Тасымалдау ережелері мен шарттары Құрылғыны тасымалдау тек зауыттық қаптамада, кез келген транспортпен, кез келген қашықтыққа жасалады.

Іске асыру ережелері мен шарттары

Утилизация ережелері мен шарттары Жабдықтың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жабдықты жою үшін уәкілетті дилерге хабарласыңыз.

Электр желісіне жəне басқа техникалық құралдарға қосу шарттары мен ережелері, жəне реттеу мен іске қосу Берілген құрылғыға қосылған қолданушы қысқа нұсқаулығы бойынша жасалады.

Тұрғын үй, коммерциялық жəне өндірістік салаларда жұмыс істеу мақсатын ескере отырып, пайдаланудағы шектеулер туралы

Құрылғы қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінсіз тұрғын, коммерциялық және өнеркәсіптік аймақтарда пайдалануға арналған. Құрылғы қызмет көрсету персоналының тұрақты қатысуынсыз тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуге арналған

Құрылғы істен шыққан жағдайда қолданылатын шара туралы ақпарат Құрылғы істен шыққан жағдайда: Құрылғыны өшіріңіз, Құрылғыны қуат көзінен босатыңыз, Кеңес алу немесе құрылғыны жөндеу үшін сервис орталығы немесе уәкілетті дилерге хабарласыңыз

Өндіру айы мен жылы жəне (немесе) жылын анықтау əдісі мен орны туралы ақпарат Құрылғының жасалған уақыты қорапта көрсетілген АА/ЖЖ (АА-ай, ЖЖ-жыл)

- сағат - 1 дана; - Зарядтағыш (соның ішінде зарядтау кабелі) - 1 дана; - пайдалану құжаттары

  • Жинақталым сатылатын елге немесе аймаққа байланысты әр түрлі болуы мүмкін.