WV 5 Premium Plus - бумен тазалағыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз WV 5 Premium Plus Kärcher PDF форматында.
| Бренд | Kärcher |
| Модель | WV 5 Premium Plus |
| Өнім түрі | Батареямен жұмыс істейтін терезе жуғыш (терезелерді, айналарды және тегіс беттерді тазалайтын құрылғы) |
| Қуат көзі | Қайта зарядталатын литий-ионды батарея 3,6 В (кірістірілген) |
| Зарядтағыш | Түпнұсқа желілік зарядтағыш (100-240 В розетка) |
| Жұмыс уақыты | Шамамен 20 минут (толық батарея) |
| Зарядтау уақыты | Бос батарея үшін шамамен 2-3 сағат |
| Кір су ыдысының сыйымдылығы | 100 мл |
| Таза су ыдысының сыйымдылығы | 20 мл (спрей үшін) |
| Салмағы | Шамамен 0,6 кг (тек құрылғы) |
| Өлшемдері (Ұ x Б x Т) | Шамамен 15 x 32 x 10 см |
| Негізгі функциялар | Тазартқыш затты бүрку, кір суды сору, микрофибра шүберекпен сүрту |
| Қолайлы беттер | Терезелер, айналар, плитка және басқа да тегіс және ылғалды беттер |
| Жинақтағы керек-жарақтар | Микрофибра шүберек (x2), таза су ыдысы, зарядтағыш, батарея |
| Күтім | Әр қолданғаннан кейін микрофибра шүберекті тазалау, кір су ыдысын босату және шаю, саптаманы тазалау |
| Қауіпсіздік | Ағынды көзге бағыттамаңыз, құрылғыны суға батырмаңыз, тек түпнұсқа зарядтағышты пайдаланыңыз, су бар жерде зарядтамаңыз |
| Қосалқы бөлшектер қолжетімді | Микрофибра шүберектер, ауыстырылатын батарея, зарядтағыш, сорғыш, ыдыстар (www.kaercher.com сайтында) |
| Кепілдік | Сатушы шарттарына сәйкес (толық нұсқаулықты қараңыз) |
| Жөндеу мүмкіндігінің индексі | Хабарланбаған (қосалқы бөлшектер қолжетімді) |
| Шу деңгейі | Көрсетілмеген (төмен, шаңсорғыш үшін типтік) |
Жиі қойылатын сұрақтар - WV 5 Premium Plus Kärcher
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы WV 5 Premium Plus Kärcher
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бумен тазалағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз WV 5 Premium Plus - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. WV 5 Premium Plus брендінің Kärcher.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ WV 5 Premium Plus Kärcher
Терезе тазартқышты қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар

Бұйымыңызды алғашқы рет қолдану алдында осы қауіпсіздік туралы нұсқауларын оқып алып, осыған
сәйкес әрекет етіңіз. Осы қауіпсіздік нұсқауларын кейінгі пайдалану үшін немесе осы бұйымды кейін пайдаланатын тұлғалар үшін сақтап қойыңыз.
– Бұйымыңызды алғаш рет іске қосу алдында қолдану туралы графикалық нұсқаулықты орындап, қауіпсіздік туралы нұсқауларға аса назар аударыңыз.
– Пайдалану нұсқауындағы ережелермен қоса, жалпы заңды қауіпсіздік және жазатайым оқиғалардың алдын алу талаптарын сақтаған жөн.
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану
– Батареямен жұмыс істейтін осы бұйымды тек қана жеке мақсаттарыңызда, терезе, айна немесе кафель сияқты ылғалды, тегіс жерлерді тазалау үшін қолданыңыз. Шаң сорғытылмауы тиіс. – Бұйым тік жерлерден көп мөлшердегі сұйық заттарды, мысалы, аударылып қалған ыдыстан (макс. 25 мл) сорғыту үшін жарамсыз. – Бұл бұйымды тек қана стандартты терезе тазалау бұйымдарымен қолданыңыз (спиртсіз, көпіршіксіз). – Бұл бұйымды тек қана KÄRCHER фирмасы тарапынан рұқсат етілген қосалқы және қосымша бөлшектерімен қолданыңыз.
Бұйымды аталған шектерден шығатын кез келген қолдану әрекеті бұйымды мақсатына сай қолданбау болып есептеледі. Осының нәтижесінде пайда болған ақауға өндіруші жауапты емес, тәуекелді қолданушы ерекше түрде өз мойнына алады.
Қаптама ішіндегі бөлшектер
Сіздің бұйымыңыздың жеткізілу көлемі қорапшада бейнеленген. Бұйым қорапшасын ашқанда қорапша ішіндегі бұйым мен бөлшектерінің толық және бұзылмаған түрде болғандығын тексеріп алыңыз. Егер кейбір жабдықтар жоқ болса немесе тасымалдау кезіндегі ақаулар болса, аппаратты сатқан фирманы хабардар етіңіз.
Қоршаған ортаны қорғау

Қаптау материалдары екінші өңдеуге жарамды. Қаптаманы үй қоқысына лақтырмауыңызды сұраймыз, оларды екінші өңдеу үшін бөлек қойыңыз.

Пайдаланылған құралдарда қоршаған ортаға тасталмауы тиіс құнды, өңдеуге бейім материалдар мен заттар бар. Сондықтан, құрал мен оның қуаттандырғышын үй қоқысына тастауға болмайды. Оларды жергілікті қоқыстарды тапсыру және жинау жүйелеріне табыс ету керек.
Электрлік және электрондық бұйымдардың құрамында қате қолдану немесе қате кәдеге жарату нәтижесінде адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіруі ықтимал бөлшектер жиі кездеседі. Алайда аталған бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды. Құрамдас бөлшектер бойынша нұсқаулар (REACH) Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді:
Батарея, халықаралық тасымалдау үшін негізгі ережелеріне сай түрде тексерілген, тасымалдау/поштамен жіберу үшін жарамды.
Кепілдеме
Әр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік шарттары қызмет атқарады. Егер құрылғыда материалдық немесе өндірістік кемшіліктер табылса, ықтимал кемшіліктерді кепілдік мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз болса, құрылғыны сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
Өнім жасалған күн деректер такташасында шифрланған күйде көрсетілген. Әрбір санның мағынасы мынадай:
Мысалы: XX4125015
4 Өнім жасалған күн (апта күні) 12 Дайындалған апта 15 Жасалған жыл
Бұл мысалда коды бар құрылғы, XX4125015 2015 жылдың 12 аптасындағы бейсенбі күні жасалған.
Қосалқы бөлшектер
Тек түпнұсқа керек-жарақтар мен түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданыңыз, себебі олар бұйымның қауіпсіз және ақаусыз жұмысына кепілдік береді. Керек-жарақтар мен қосалқы құралдар туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Қауіп деңгейі
⚠️ҚАУІП
Ауыр жарақаттануға не өлімге апарып соғатын тікелей түрде түсе алатын тәуекелге нұсқау.
⚠️ЕСКЕРТУ
Ауыр жарақаттануға не өлімге апарып соғатын ықтимал қауіпті жағдайларға нұсқау.
⚠АБАЙЛАҢЫЗ
Жеңіл жарақаттануға апарып соғатын ықтимал қауіпті жағдайға нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
Материалдық зиянға апарып соғатын ықтимал қауіпті жағдайға нұсқау.
Қауіпсіз қолдану
⚠️ҚАУІП
Бұл құрылғыны физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой дамуы шектелген немесе тәжірибесі және/немесе біліктілігі жоқ адамдар білікті маманның бақылауында болмаған кезде немесе осы мамандар тарапынан бұйымды қолдану тәсілі және оған қатысты қауіптер түсіндірілмеген кезде пайдаланбауы тиіс.
■ Балалар 8 жастан асқан жағдайда немесе олардың қауіпсіздігіне жауапты адам бақылауында немесе құрылғының қолдану тәсілімен және оған
қатысты қауіптермен танысқан кезде ғана құрылғыны қолдана алады.
■ Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз. Балаларға құрылғымен ойнауға жол бермеу үшін оларды бақылап отыру керек. ■ Балалар құрылғыны тек ересектердің бақылауында тазалауы және пайдалануы мүмкін.
⚠️ЕСКЕРТУ
■ Ағынды көздеріңізге бағыттамаңыз.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
■ Шығу тесіктеріне ешқандай заттарды енгізбеңіз. ■ Қолдану алдында аса сезімтал (жылтыраған) беттерде микрофибр материалдан шығарылған жуу қапшығымен көрінбейтін жерлерін тексеріп алыңыз. ■ Сақтау кезінде бұйым тек тік күйде тұруы тиіс.
Электрлік құрамдастар
⚠️ҚАУІП
Ток матасу қаупі!
Ағынды бұйымға, құрылғылардың электр құрамдастарына (мысалы ас үй пештерінің ішкі жағына) шашыратпаңыз. ■ Толтыру жеріне ток өткізе алатын заттарды (мысалы бұрағыш немесе ұқсас заттарды) енгізбеңіз.
■ Контактілерге немесе байланыс желілеріне қол тигізбеңіз. ■ Аккумуляторларды толтыру үшін тек қана бұйыммен бірге сатылатын аккумулятор толтыру құрылғысын немесе KÄRCHER компаниясы тарапынан рұқсат берілген құрылғыларды қолданыңыз. ■ Аккумуляторлық батареяны тікелей күн сәулесі, жоғары температура және оттың әсеріне ұшыратпаңыз. ■ Зарядтау кабелі мен зарядтау құрылғысында бұзылған жерлер бар болса, оны дереу түрде бұйым шығарушының жаңа құрылғысын алып, ауыстырыңыз. Бұйым құрамында электрикалық бөлшектері бар - оны ағынды сумен тазаламаңыз. ■ Зарядтау құрылғысын тек қана құрғақ жерлерде қолданып, жылылық деңгейі 5 - 40° С болған жерлерде сақтаңыз. ■ Зарядтау құрылғысын тек рұқсат етілген аккумулятор блоктарын зарядтау үшін қолданыңыз. ■ Батареяларды (қуат беру элементі) зарядтамаңыз, жарылу қаупі бар.
Бүлінген аккумулятор блоктарын зарядтамаңыз. Бүлінген аккумулятор блоктарын ауыстырыңыз. ■ Аккумулятор блоктарын металды заттардың қасында сақтамаңыз, қысқа тұйықталу қаупі бар. ■ Аккумуляторды отқа немесе үй қалдығы ретінде лақтырмаңыз. ■ Аккумулятордан аққан сұйықты қолмен ұстамаңыз. Кездейсоқ ұстағанда сұйықты сумен шайыңыз. Көзге түскен жағдайда дәрігерге қаралыңыз. ■ Бұйым ашасын ешқашанда сулы қолдарыңызбен ұстамаңыз.
△АБАЙЛАҢЫЗ
Бұйым алдында құлатылған болса, оның үстінде зақым белгілері көрінсе немесе кемістіктер бар болса, оны пайдаланбаңыз.
Бұйымдағы символдар мен белгілер
Таңбалар құрылғының орындалуына байланысты әртүрлі болады.

Аккумуляторды тек жинақтағы түпнұсқалық зарядтау құралымен немесе KÄRCHER рұқсат берген зарядтау құралымен зарядтаңыз.
Тек алынбалы аккумуляторы бар құрылғыларға арналған

Аккумуляторды отқа тастамаңыз.

Аккумуляторды суға тастамаңыз.
Қолдану туралы нұсқаулықтағы символдар мен белгілер

Кір су жинау сауытының мөлшері

Батарея толып тұрғандағы жұмыс уақыты

Шығыс кернеу / зарядтау құрылғысының шығыс тогы

Бұйымды пайдалану үшін дайындау

Бұйымды пайдалану

Кір су жинау сауытын босату

Зарядтау құрылғысы тек құрғақ бөлмеде пайдаланылуы тиіс.
Бұйым түрі бойынша белгілер.

Аккумулятор толығымен зарядталғаннан кейін жарық диодтары одан әрі 60 минут жанып тұрады. Осы уақыттан кейін шамдар сөнеді.

Қосымша керек-жарақтар
Жабдықталуына байланысты зарядтау станциясы мен аккумулятордан тұрады.

Зарядтау станциясын пайдалану үшін - суды буландыру бұйымдарына арналған қауіпсіздік бойынша нұсқауларды оқып шығыңыз!

Зарядтау станциясына желілік кабельді жалғаңыз және желілік розеткаға салыңыз.

Аккумуляторды зарядтау станциясына салыңыз.

Бұйымды зарядтау станциясына салыңыз.
Нұсқау
Аккумулятор зарядталу барысында бұйым ішінде орналасуы керек.

Алмастырғыш аккумулятор мен бұйымды бір уақытта зарядтау станциясына салыңыз.
Назарыңызда болсын
Аккумулятор зарядталу барысында бұйым ішінде орналасуы керек.
Бұйымдағы аккумулятор әрқашан бірінші болып толығымен зарядталады. Зарядтау аяқталған соң бұйым жұмысқа дайын болады. Содан кейін зарядтау станциясы алмастырғыш аккумуляторды зарядтай бастайды.
Deraza tozalagich uchun xavfsizlik yo'riqnomalari

Қурилмани илк бор ишлатишдан олдин ушбу хавфсизлик йўриқномаларини ўқиб уларга