LFG517X - плита ELECTROLUX - Notice d'utilisation et mode d'emploi gratuit

Retrouvez gratuitement la notice de l'appareil LFG517X ELECTROLUX au format PDF.

Page 54
Assistant notice
Powered by ChatGPT
En attente de votre message
Informations produit

Marque : ELECTROLUX

Modèle : LFG517X

Catégorie : плита

Téléchargez la notice de votre плита au format PDF gratuitement ! Retrouvez votre notice LFG517X - ELECTROLUX et reprennez votre appareil électronique en main. Sur cette page sont publiés tous les documents nécessaires à l'utilisation de votre appareil LFG517X de la marque ELECTROLUX.

MODE D'EMPLOI LFG517X ELECTROLUX

МАЗМҰНЫ 1. ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ОРНАТУҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ55 2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ 55 3. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ 55 4. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ 56 5. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР 57

БІЗ СІЗ ТУРАЛЫ ОЙЛАЙМЫЗ Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рақмет. Сіз он жылдаған кәсіби тәжірибе және инновация арқылы пайда болған өнімді таңдадыңыз. Бірегей және стильді, ол сізді ескере отырып жобаланған. Оны әр пайдаланғанда тамаша нәтижелер алатыныңызға сенімді бола аласыз. Electrolux компаниясына қош келдіңіз. Мынау үшін веб-сайтымызға кіріңіз:

Пайдалану туралы ақпаратты, кітапшаларды, ақаулықты жою құралы, қызмет көрсету және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз: www.electrolux.com/support Жақсырақ қызмет алу үшін өніміңізді тіркеңіз: www.registerelectrolux.com Құрылғыңыз үшін аксессуарларды, шығын материалдарын және қосалқы бөлшектерді сатып алыңыз: www.electrolux.com/shop

ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ Әрқашан түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз. Өкілетті қызмет көрсету орталығымызға хабарласқанда, мына деректердің болуын қамтамасыз етіңіз: Үлгі, PNC, сериялық нөмір. Бұл ақпаратты техникалық деректер тақтайшасынан табуға болады. Ескерту/сақтық-қауіпсіздік туралы ақпарат Жалпы ақпарат пен кеңестер Қоршаған орта туралы ақпарат Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

1. ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ОРНАТУҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздікке және орнатуға қатысты ақпаратқа арналған кітапшадан қауіпсіз орнату туралы нұсқаулықты қараңыз. Құрылғыны пайдалану немесе оған қызмет көрсету алдында қауіпсіздік туралы тарауларды мұқият оқып шығыңыз.

2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ 2.1 Басқару панеліне шолу 1

Шамды қосу және өшіру.

Желдеткіш жылдамдығы ауыстырып-қосқышы

Желдеткіш жылдамдығының деңгейлері арасында ауыстыру.

Түтін шығарғыш жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.

3. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ 3.1 Ауа тартқыш құралды пайдалану Төмендегі кестеге сәйкес ұсынылған жылдамдықты тексеріңіз. Тамақты жылытқанда, қақпақ жабылған ыдысты қолданып пісіргенде. Бірнеше пісіру аймақтарында немесе оттықтарда қақпағы жабық ыдыста тамақ пісіргенде, баппен қуырғанда.

Көп мөлшердегі тағамдарды қақпақсыз қайнатқанда және қуырғанда, бірнеше пісіру аймағында немесе оттықтарда пісіргенде. Тағамды пісіргеннен кейін ауа тартқыш құралды шамамен 15 минут қосып қоюға кеңес беріледі. ауа тартқыш құралды пайдалану үшін: Желдеткіштің жылдамдық ауыстырғышын жылдамдық деңгейлерінің біріне жылжытыңыз. Ауа тартқыш құрал жұмыс істей бастайды. Керек болса, қосқышты жылжыту арқылы жылдамдықты өзгертіңіз.

Түтін шығарғыштың шамы басқа түтін шығарғыш функцияларынан тәуелсіз жұмыс істейді. Әзірлеу бетін жарықтандыру үшін мынаны пайдаланыңыз: шам қосқышы

Құрылғыны сөндіру үшін желдеткіштің жылдамдық қосқышын 0 күйіне жылжытыңыз.

4. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ 4.1 Тазалау туралы ескертпелер Абразивті жуғыш заттарды және щеткаларды пайдаланбаңыз. Құрылғының бетін жұмсақ шүберекпен, жылы сумен және жұмсақ жуғыш затпен тазалаңыз. Әзірлеуден кейін құрылғының кейбір бөліктері қызуы мүмкін. Дақтарды болдырмау үшін құрылғыны салқындатып, таза Жуғыш заттар шүберекпен немесе қағаз сүлгілермен құрғату керек. Дақтарды жұмсақ жуғыш затпен тазалаңыз. Құрылғыны және май сүзгілерін ай сайын тазалаңыз. Ішіндегі және май сүзгілеріндегі майды мұқият тазалаңыз. Жиналған май немесе басқа қалдық өртке әкелуі мүмкін. Май сүзгілерін ыдыс жуу машинасында жууға болады. Түтін Ыдыс жуғыш машинада төмен температураны және қысқа шығарғышты циклді орнату керек. Май сүзгісінің түсі өзгеруі мүмкін, бұл таза ұстаңыз құрылғының жұмыс істеуіне әсер етпейді.

Көмір сүзгісінің толу уақыты тағам пісірудің түрі мен май сүзгісінің қаншалықты жиі тазаланғанына байланысты болады. Белсендірілген көмір сүзгісін жуу мүмкін емес, регенерациялау мүмкін емес және оны шамамен 4/6 ай пайдаланған сайын немесе өте ауыр пайдалану үшін жиірек ауыстырып тұру керек.

4.2 Май сүзгісін тазалау Сүзгілерді орнату үшін қарама-қарсы жақтарында қысқыштар мен қадауыштар пайдаланылған. Сүзгіні тазалау үшін: 1. Ауа тартқыш құралдың астындағы сүзгі панеліндегі бекіту қысқышының ұстағышын басыңыз (1).

4.3 Көмір сүзгісін ауыстыру ЕСКЕРТУ! Көмір сүзгісін жууға БОЛМАЙДЫ! Сүзгіні қалпына келтіру мүмкін емес! Көмір сүзгісін ауыстыру үшін: 1. Май сүзгілерін құрылғыдан шығарып алыңыз. Осы тараудағы «Май сүзгілерін тазалау» бөлімін қараңыз. 2. Сүзгіні сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз (1), содан кейін тартыңыз (2).

2. Сүзгінің алдыңғы жағын төмен қарай аздап еңкейтіңіз (2), содан кейін тартыңыз. Барлық сүзгілер үшін алғашқы екі қадамды қайталаңыз. 3. Сүзгілерді жеміргіш емес жуғыш заттарды қолданып жөкемен немесе ыдыс жуғыш машинада тазалаңыз. Ыдыс жуғыш машинада төмен температураны және қысқа циклді орнату керек. Май сүзгісінің түсі өзгеруі мүмкін, бұл құрылғының жұмыс істеуіне әсер етпейді. 4. Сүзгіні қайта орнына қою үшін алғашқы екі қадамды керісінше орындаңыз. Қажет болса, барлық сүзгілер үшін қадамдарды қайталаңыз.

Сүзгіні қайта орнына қою үшін қадамдарды керісінше орындаңыз. Кез-келген жағдайда сүзгілерді кем дегенде төрт ай сайын ауыстыру керек.

4.4 Шамды ауыстыру Бұл құрылғы ЖШД шамымен және бөлек іске қосу құралымен (ЖШД драйвері) жабдықталған. Бұл бөлшектерді техник қана ауыстыра алады. Ақаулық орын алған жағдайда "Қауіпсіздік нұсқаулары" тарауындағы "Қызмет көрсету" бөлімін қараңыз.

5. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу

арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу

орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.