OW220830 - Көпфункциялы пеш MOULINEX - Notice d'utilisation et mode d'emploi gratuit
Retrouvez gratuitement la notice de l'appareil OW220830 MOULINEX au format PDF.
Téléchargez la notice de votre Көпфункциялы пеш au format PDF gratuitement ! Retrouvez votre notice OW220830 - MOULINEX et reprennez votre appareil électronique en main. Sur cette page sont publiés tous les documents nécessaires à l'utilisation de votre appareil OW220830 de la marque MOULINEX.
MODE D'EMPLOI OW220830 MOULINEX
СИПАТТАМАСЫ 1 Қақпақ 2 Басқару тақтасы a Дисплейлік экран b Бағдарламаларды таңдау c Салмақты таңдау d Кейін қосу параметрлерін және бағдарламалардың уақытын реттеу түймелері 11 e Қызарту дәрежесін таңдау f Қосу/өшіру түймесі g Жұмыс индикаторлық шамы
Нан пісіретін таба Араластыратын қалақ Өлшейтін стақан Шай қасық / ас қасық Араластыратын қалақты суыратын ілгек 8 Сақтауға арналған қақпақ 9 Сүзбе ыдысы 10 Йогурт ыдысы
Бұл өнімдегі дыбыс деңгейі — 66 дБа.
ЖАҢА ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ АЛДЫНДА • Қаптаманы, жапсырмаларды алып, құрылғының іші мен сыртындағы барлық керек-жарақтарды шығарыңыз ( A ). • Құрылғының өзін және оның барлық бөлшектерін дымқыл шүберекпен сүртіп шығыңыз.
ІСКЕ ҚОСУ • Сымын жазып, жерлестірілген қуат көзіне жалғаңыз. Дыбыстық сигнал естілгенде, әдепкі параметр бойынша 1-бағдарлама көрсетіледі ( H ). • Құрылғыны алғаш рет қолданғанда, аздаған иіс шығуы мүмкін. • Тұтқасынан ұстап, нан пісіретін пішінді шығарыңыз. Содан соң араластыратын қалақты орнатыңыз ( B - D ). • Тиісті реті бойынша пішінге азық-түліктерді салыңыз («ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР» бөлімін қараңыз). Қосылатын заттар дәл өлшенуі керек ( E - F ). • Нан пісіретін пішінді салыңыз ( G ). • Қақпағын жабыңыз. • пернесімен қажетті бағдарламаны таңдаңыз. • пернесін басыңыз. Таймердің екі көрсеткіші жыпылықтай бастайды. Жұмыс индикаторлық шамы жанады ( I - J ). • Тамақ піскенде, пернесін басып, құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз. Нан пісіретін пішінді шығарыңыз. Пішіннің тұтқасы да, қақпақтың ішкі беті де ыстық болатындықтан, тұтқышпен ұстағаныңыз жөн. Нанды ыстық күйі төңкеріп түсіріп, суығанша 1 сағат сөреге қоя тұрыңыз ( K ). Нан пешіне үйренгенше, алғаш тәжірибе ретінде «ФРАНЦУЗ НАНЫ» рецептісін пайдаланып көруіңізге болады. ФРАНЦУЗ НАНЫ (6-бағдарлама) ҚЫЗАРТУ ДӘРЕЖЕСІ = ОРТАША САЛМАҒЫ = 1000 г 118
ҚҰРАМЫ (ш.қ. = шай қасық, ү.қ. = ас қасық) 1. СУ = 365 мл 2. ТҰЗ = 2 ш.қ.
3. ҰН = 620 г 4. АШЫТҚЫ = 1,5 ш.қ.
Мәзір пернесінің көмегімен қажетті бағдарламаны таңдаңыз. пернесін басқан сайын, экрандағы нөмір келесі бағдарламаға ауысады. 1. Тұзды глютенсіз нан. Қанты мен майы аз рецептілерге арналған бағдарлама. Дайын қамырды пайдаланған дұрыс (глютенсіз нан бағдарламаларын пайдалану туралы ескертулерді қараңыз). 2. Тұзды глютенсіз нан. Қанты мен майы бар рецептілерге арналған бағдарлама (мысалы, тоқаш). Дайын қамырды пайдаланған дұрыс. 3. Глютенсіз кекс. Қопсытқыш қосып, глютенсіз кекс пісіруге арналған бағдарлама. Дайын қамырды пайдаланған дұрыс. 4. Кәдімгі нан. Бұл бағдарламаны жұмсақ ақ бөлке нан пісіру үшін пайдаланыңыз. 5. Жылдам пісетін кәдімгі нан. Бұл бағдарламаны жұмсақ бөлке нанды жылдам пісіру үшін пайдаланыңыз. 6. Француз наны. Бұл бағдарламаны қабығы қалың дәстүрлі француз ақ нанын пісіру үшін пайдаланыңыз. 7. Тәтті нан. Бұл бағдарлама майы мен қанты көбірек тоқаш сияқты рецептілерге жарайды. Дайын қамыр салатын болсаңыз, 750 грамнан асып кетпеуін қадағалаңыз. 8. Бүтін дәндерден дайындалған нан. Бүтін дәндерден тартылған ұн қосылатын нан пісіргенде, осы бағдарламаны таңдаңыз. 9. Бүтін дәндерден жылдам дайындалған нан. Бүтін дәндерден тартылған ұн қосылатын нанды жылдам пісіру үшін осы бағдарламаны пайдаланыңыз. 10. Қарабидай наны. Қарабидай ұны немесе ұқсас дақылдар (қарақұмық, борай бидай) көп қосатын кезде, осы бағдарламаны таңдаңыз. 11. Ашытқан қамыр. Бұл бағдарламамен пицца, нан және вафли қамырын илеуге болады. Бұл бағдарламамен нан пісірмейді. 12. Паста. Бұл бағдарламаны итальяндық паста немесе бәліш қамырын илеу үшін пайдалануға болады. 13. Кекс. Қопсытқыш қосылатын кекстерді пісіруге арналған бағдарлама. Бұл бағдарламада 750 г параметрі ғана қолданылады. 14. Нан пісіру. Бұл бағдарламамен 10-70 минут пісіруге болады. Оны бөлек таңдап: a) «Ашытқан қамыр» бағдарламасы біткен соң; ә) піскеннен кейін, суып қалған нанды жылыту немесе қызарту үшін; б) нан пісіп жатқанда, ұзақ уақытқа электр қуаты өшіп қалған кезде, пісіру циклын аяқтау үшін пайдалануға болады. 15. Ботқа. Бұл бағдарлама ботқа және күріш пуддингтерін пісіруге арналған. 16. Дақылдар. Бұл бағдарламамен күріш пуддингін, жарна пуддингін және қарақұмық пуддингін дайындауға болады. 17. Тосап. Бұл бағдарламамен тосап пісіруге болады. 15, 16 және 17-бағдарламаны қосқанда, қақпақтың сыртынан шығатын және ашқанда көтерілетін ыстық будан абай болыңыз. «Pain & Délices» нан пештерінде ғана болатын бағдарламалар: 18. Йогурт. Пастерленген сиыр сүті, ешкі сүті немесе соя сүтінен йогурт дайындауға арналған. Йогурт ыдысын пішінге салыңыз (қақпағын және сүзбе ыдысын алып тастап). Әзір болғанда, салқын жерге қойып, 7 күн тұрғызыңыз. 19. Сұйық йогурт. Пастерленген сүттен сұйық йогурт дайындау үшін. Йогурт ыдысын пішінге салыңыз (қақпағын алып тастап). Ішу алдында жақсылап шайқаңыз. Әзір болғанда, салқын жерге қойып, 7 күн тұрғызыңыз.
20. Жұмсақ ақ ірімшік. Іріген сиыр не ешкі сүтінен жұмсақ ақ ірімшік дайындау үшін. Сүзбе ыдысын йогурт ыдысына салып (қақпақсыз), табаға кіргізіңіз. Сұйықтық аққанша күту қажет. Әзір болғанда салқын жерде сақтап, 2 күн пайдаланыңыз.
пернесімен салмақты таңдаңыз: 500 г, 750 г немесе 1000 г. Таңдалған параметрдің жанынан индикаторлық шам жанады. Салмақ тек ақпарат үшін беріледі. Кейбір бағдарламаларда салмақ таңдалмайды. Нұсқаулықтың соңындағы қадамдар кестесін көріңіз.
Қызарту дәрежесін таңдау
Үш дәрежесі бар: жеңіл, орташа, қатты. Әдепкі параметрді өзгерткіңіз келсе, тиісті пернесін басып тұрыңыз. параметрдің жанындағы индикаторлық шам жанғанша Кейбір бағдарламаларда қызарту дәрежесі таңдалмайды. Нұсқаулықтың соңындағы қадамдар кестесін көріңіз.
Іске қосу және өшіру
Құрылғыны қосу үшін, пернесін басыңыз. Кері санақ басталады. Бағдарламаны тоқтату немесе кейін қосу функциясын өшіру үшін, 3 секунд бойы пернесін басып тұрыңыз.
НАН ПЕШІНІҢ ЖҰМЫСЫ Қадамдар кестесінде (нұсқаулықтың соңында) таңдалған бағдарламаға сәйкес түрлі қадамдар нақтылап көрсетілген. Индикаторлық шам дәл қазір қай қадам орындалып жатқанын көрсетеді.
Бұл бағдарламаны қамырды илеу және ашыту үшін қолданыңыз. Бұл бағдарламада кепкен жеміс-жидек, зәйтүн, т.б. сияқты азық-түліктерді қосуға болады. Қосатын кезде, дыбыстық сигнал беріледі. Қадамдар кестесін (нұсқаулықтың соңында) және қосымша бағанды көріңіз. Бұл бағанда дыбыстық сигнал берілгеннен кейін құрылғының экранында көрсетілетін уақыт берілген.
Қамыр сапасын жақсарту үшін қамырдың қандыру үшін берілетін уақыт.
Ашытқы әсерінен қамыр көтеріліп, иісі шыққанша берілетін уақыт.
Қамыр бөлке пішінін алып, қажетті қызарту және қытырлау дәрежесіне сәйкес піседі.
Піскеннен кейін, нан 1 сағат бойы жылы болып тұрады. Дегенмен, піскеннен кейін, нанды бірден түсірген дұрыс. Бір сағатқа созылатын «Жылуды сақтау» кезеңі барысында экранда «0.00» көрсетіліп тұра береді. Бұл кезең біткенде, құрылғы бірнеше дыбыстық сигнал беріп, автоматты түрде өшеді. 120
КЕЙІН ҚОСУ БАҒДАРЛАМАСЫ 15 сағат не одан аз уақыт бұрын тамақтың әзір болатын уақытын таңдап қоюға болады. Қадамдар кестесін көріңіз (нұсқаулықтың соңында). Бұл қадам бағдарламаны, қызарту дәрежесін және салмақты таңдағаннан кейін шығады. Бағдарламаның уақыты көрсетіледі. Кейін қосу уақытын реттеу үшін, және басыңыз. Экранда тамақ пісіп болғанға дейін қалған уақыт көрсетіледі. пернесін басыңыз. жанады. Кейін қосу бағдарламасын іске қосу үшін Уақытты қате таңдап қойсаңыз немесе жай өзгерткіңіз келсе, дыбыстық сигнал пернесін басып тұрыңыз. Әдепкі уақыт көрсетіледі. Басынан бастаңыз. шыққанша, Бұзылып кететін азық-түліктер бар. Шикі сүт, жұмыртқа, йогурт, ірімшік, жеміс-жидек қосылған рецептілер үшін кейін қосу бағдарламасы жарамайды.
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР 1. Салынған азық-түліктер бөлме температурасында (нұсқау басқаша жазылмаса) болуы және дәл өлшенуі керек. Сұйықтықтарды жинақтағы өлшегіш стақанмен өлшеңіз. Жинақтағы қасықтың бір жағы ас қасық, ал екінші жағы шай қасық мөлшерімен бірдей. Дұрыс өлшенбесе, нәтиже дұрыс шықпайды. Нан температура мен ылғалдылыққа өте сезімтал келеді. Күн ыстық болғанда, сұйықтықтарды салқындатып құйған дұрыс. Сол сияқты суық кезде суды немесе сүтті жылыту (бірақ 35°C-тан асыруға болмайды) қажет болуы мүмкін.
2. Азық-түліктерді жарамдылық мерзімі біткенше қолданыңыз және салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. 3. Ұнды асүй таразысымен дәл өлшеу қажет. Құрғақ ашытқы пайдаланыңыз (пакетке салынған). 4. Істеп тұрған құрылғының қақпағын ашпаңыз (нұсқау бойынша ашу керек болмаса). 5. Азық-түліктерді рецептіде көрсетілген мөлшермен және тиісті ретпен салыңыз. Алдымен сұйық, артынан қатты заттарды салыңыз. Ашытқы сұйықтыққа немесе тұзға тікелей тимеуі керек. Ашытқы тым көп болса, қамыр шектен тыс көтеріліп, артынан пісірілу барысында басылып қалуы мүмкін. 121
Азық-түліктерді салудың жалпы реті: –– Сұйық заттар (жұмсақ май, сұйық май, жұмыртқа, су, сүт) –– Тұз –– Қант –– Ұнның бір бөлігі –– Ұнтақ сүт –– Қатты азық-түліктер –– Ұнның екінші бөлігі –– Ашытқы 6. Электр қуаты 7 минуттан аз уақытқа өшсе, қайта берілгенде, құрылғы қойылған бағдарламаны жалғастырады. 7. Бір нанды пісіріп алғаннан кейін, екіншісін салмас бұрын 1 сағаттай күте тұру керек. Жұмысына әсері тимеуі үшін, салқындап алғаны дұрыс. 8. Нанды төңкергенде, араластыратын қалақ нанның ішінде қалып қоюы мүмкін. Оны ілгекпен ақырын шығарып алыңыз. Ол үшін ілгекті қалақтың ойығына кіргізіп, тартып шығарыңыз.
Глютенсіз нан бағдарламаларын пайдалануға қатысты ескертулер
Глютенсіз нан немесе кекс пісіру үшін, 1, 2 және 3-мәзірді қолданыңыз. Әр бағдарламадағы салмақ параметрі әр түрлі. Глютенсіз нандар мен кекстер түрлі дәнді дақылдарда (бидай, арпа, қарабидай, сұлы, камут, борай бидай, т.б.) болатын глютенге төзімсіз (іш ауруларымен ауыратын) адамдарға арналған. Глютені бар ұнмен араласып кетпеуін қадағалау қажет. Глютенсіз нан мен кекс дайындар алдында, пішін, араластыратын қалақ, қолданылатын басқа да құралдар мұқият тазалануы керек. Салынатын ашытқыда да глютен болмауы керек. Глютенсіз рецептілер Schär немесе Valpiform түріне жататын глютенсіз нан пісіретін дайын қамырлар негізінде құрастырылған. • Қамырда кесектер болмауы үшін, араласқан ұнды ашытқымен бірге електен өткізу керек. • Бағдарлама қосылғанда темір емес қасықпен шетте тұрып қалған заттарды табаның ортасына қарай итеріп жіберу керек. • Глютенсіз нан дәстүрлі нан сияқты қатты көтерілмейді. Кәдімгі нанға қарағанда тығыз әрі ақшыл болады. • Түрлі дайын қамырлардың нәтижелері де әр түрлі болады: рецептілерді бейімдеу керек. Сондықтан алдымен сынап көрген дұрыс (төмендегі мысалды қараңыз).
Мысал: сұйықтық мөлшерін бейімдеу.
Ерекшелік: кекстің қамыры кәдімгідей сұйық болуы керек.
АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ Ашытқы: Нан арнайы ашытқымен дайындалады. Ондай ашытқының мынадай түрлері болады: сығылған шағын кесектер, сұйылтылатын белсенді құрғақ ашытқы және лездік құрғақ ашытқы. Ашытқы дүкендерде сатылады (наубайханада немесе азық-түлік дүкенінде), бірақ наубайшыдан сығылған ашытқы алса да болады. Ашытқыны басқа азық-түліктермен бірге бірден құрылғының пішініне салу керек. Біркелкі таралуы үшін, сығылған ашытқыны қолмен үгітіп салған дұрыс. Мөлшер талаптарын сақтаңыз (төмендегі салыстырма кестені қараңыз). Құрғақ және сығылған ашытқы мөлшері мен салмағының салыстырмасы: Құрғақ ашытқы (ш.қ.) 1 1,5 2 2,5 3 3,5 4 4,5 Сығылған ашытқы (г) 9 13 18 22 25 31 36 40
Ұн: Рецептіде басқасы көрсетілмесе, T55 ұны дұрыс болады. Тоқаш (бриошь) немесе сүтті нан пісіруге арналған түрлі ұндар қоспасын пайдаланғанда, қамырдың жалпы салмағы (ұн + су) 750 грамнан аспағын жөн. Ұнның сапасына байланысты піскен нан да әрқалай болады. • Қоршаған ортаға (ылғалдылық) байланысты қасиеттері өзгеріп тұратындықтан, ұнды ауа өтпейтін контейнерде сақтаған дұрыс. Қамырға сұлы, кебек, бидай өскінін, қарабидай немесе бүтін дәндерді қосып жіберсе, нанның тығыздығы артып, үлпілдек болмайды. • Ұнның құрамындағы бүтін дәндер мөлшері неғұрлым көп болса, яғни бидай дәндерінің сыртқы қабығын неғұрлым көбірек қамтыса (T>55), қамыр азырақ көтеріліп, тығыздығы арта түседі. • Дүкенде сатылатын дайын қамырды пайдалануға да болады. Ондай қамырды пайдаланғанда, құрылғы өндірушісінің кеңестерін назарға алыңыз. Глютенсіз ұн: Нан пісіру үшін мұндай ұн түрлерін көптеп пайдаланғанда, глютенсіз нан пісіру бағдарламасын қолдану керек. Глютені жоқ ұндардың алуан түрлісі болады. Олардың ең жиі кездесетіндері: қарақұмық ұны, күріш ұны (ақ немесе бүтін дәнді), киноа ұны, жүгері ұны, талшын ұны, тары ұны, бал жүгері ұны. Глютенсіз нан пісіргенде, глютен беретін иілгіштікті қамтамасыз ету үшін әр түрлі ұндарды араластырып, қоюландырғыш қосу қажет. 123
Глютенсіз нанға арналған қоюландырғыштар: Консистенциясы дұрыс болуы және глютен иілгіштігін беру үшін, қамырға ксантан және/немесе гуар шайырын қосуға болады. Дайын глютенсіз қамырлар: Құрамына қоюландырғыштар қосылатындықтан және глютен жоқ екеніне сенімді бола алатындықтан (кейбіреулерінде тек табиғи заттар қолданылған), мұндай қамырды пайдаланған өте ыңғайлы. Дайын глютенсіз қамырлар әр түрлі болатындықтан, піскенде де әрқалай шығады. Қант: Қант кесектерін салмаңыз. Қанттан ашытқы өсіп, нанның дәмі жақсарады, сырты қызарып піседі. Тұз: Ашытқының белсенділігін реттеп, нанға дәм береді. Қамыр илеудің алдында тұз ашытқыға тимеуі керек. Нанның құрылымын жақсартады. Су: Ашытқыны суландырып, белсендіреді. Сонымен бірге ұндағы крахмалды белсендіріп, қамырдың бөлке пішінін алуына жағдай жасайды. Суды толықтай немесе жартылай сүтпен немесе басқа сұйықтықпен алмастыруға болады. Сұйықтықтар бөлме температурасында болуы керек, тек глютенсіз нан үшін ғана жылы су (шамамен 35°C) қажет. Майлар: Майдан нан үлпілдек болады. Ұзағырақ сақталады. Май тым көп болса, қамыр баяу көтеріледі. Сары майды кесектерге турап немесе жұмсартып салу керек. Ерітіп салмаған жөн. Ашытқының сулануына кедергі келтіретіндіктен, май ашытқыға тікелей тимеуі керек. Жұмыртқа: Нанның түсін және иісін жақсартады, қамырдың иын қандырады. Жұмыртқа салғанда, сұйықтық мөлшерін азайту керек. Жұмыртқаны жарып, рецептіде көрсетілген мөлшерге жеткенше, сұйықтық қосыңыз. Рецептілер 50 г орташа жұмыртқаларға арналған, одан үлкен болса, ұнды көбірек қосыңыз, одан кіші болса, ұнды азырақ салыңыз. Сүт: Сүттің эмульгациялық әсері бар, сондықтан тұрақты жасушалар көбірек түзіліп, бөлкенің түрі жақсара түседі. Сұйық немесе ұнтақ сүт қосуға болады. Ұнтақ сүт қолданылса, тиісті су мөлшерін қосыңыз: жалпы мөлшері рецептіде көрсетілгенмен бірдей болуы керек.
«PAIN & DÉLICES» НАН ПЕШТЕРІНЕ ҒАНА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ:
ЙОГУРТ ДАЙЫНДАЙТЫН АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕРДІ ТАҢДАУ Сүт
Қандай сүт түрін қолдануға болады? Сүттің кез келген түрі жарай береді (мысалы: сиыр сүті, ешкі сүті, қой сүті, соя сүті немесе басқа зауытта дайындалатын сүт). Йогурттың қоюлығы сүтке байланысты әр түрлі болып шығады. Бұл құрылғыда шикі сүтті, ұзақ мерзімі сүтті және төменде берілген барлық сүт түрлерін қолдануға болады: • Стерильденген ұзақ мерзімді сүт: Ультрапастерленген, қаймағы алынбаған сүттен жасалған йогурт қою болады. Қаймағының бір бөлігі алынған сүттің қоюлығы төменірек болады. Қою болуы үшін, қаймағының бір бөлігі алынған сүтке 1-2 үлкен қасық құрғақ сүт салып жіберуге болады. • Қаймағы алынбаған сүт: ондай сүттің йогурты крем сияқты болады, бетінде жұқа қабығы тұрады. 124
• Шикі сүт (ферма сүті): ондай сүтті алдымен қайнатып алу керек. Біраз уақыт бойы қайнатып алған дұрыс. Одан кейін құрылғыға құймас бұрын салқындату керек. • Құрғақ сүт:ондай сүттің йогурты крем сияқты жұмсақ болады. Әрдайым өндірушінің қаптамасында көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
Фермент Йогуртқа арналған Фермент ретінде мыналарды алуға болады: • Жарамдылық мерзіміне дейін ең ұзақ уақыт қалған дүкендегі кәдімгі йогурт. • Мұзға қатырылған фермент немесе лактобактериялар. Бұл жағдайда ферменттің нұсқауында көрсетілген ұйыту мерзімін сақтау керек. Мұндай ферменттерді дүкеннен, дәріханадан және сау азық-түлік дүкендерінен сатып алуға болады. • Жақында дайындаған йогурт салса да болады, бірақ кәдімгі йогурт болуы керек. Бұл процесс «ұю» деп аталады. Температура тым жоғары болса, ферменттердің сипаты бұзылуы мүмкін.
• Қосылатын заттарға және қалаған нәтижеге байланысты йогуртты ұйыту уақыты 6-12 сағатқа созылады. Сұйық Қою Тәтті 6 сағ.
Қышқыл 10 сағ. 11 сағ. 12 сағ.
Қыздыру кезеңі біткен соң, йогуртты кем дегенде 4 сағатқа тоңазытқышқа салып, 7 күн ішінде жеп бітіріңіз.
Мәйек (жұмсақ ақ ірімшік дайындау үшін)
Ірімшік дайындау үшін іріген сүтке мәйек немесе лимон қышқылы, сірке су сияқты қышқылды сұйықтық қосу керек.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ • Құрылғыны ток көзінен ажыратып, толық суығанша күтіңіз. • Ыстық сабынды сумен пішінді және араластыратын қалақты жуыңыз. Қалақ табада қалса, 5-10 минут жібітіп қойыңыз. • Басқа бөліктерін дымқыл губкамен тазалаңыз. Жақсылап кептіріңіз. • Ешқай бөлігін ыдыс жуғыш машинаға салуға болмайды. • Тұрмыстық химия, қырғыш жөкелерді және спиртті пайдалануға болмайды. Жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіңіз. • Құрылғының өзін немесе қақпағын суға малуға болмайды. 125
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ НҰСҚАУЛЫҒЫ Күткен нәтиже алынған жоқ па? Мына кесте сізге көмек үшін берілген.
Нан қатты Нан тым көтеріл қатты геннен көтер кейін түсіп іледі кетеді
Нан дұрыс көтері лмейді
Сырты дұрыс қызар майды
Бүйір жақтары Бүйірі мен қоңырлан жоғарғы жақ ғанымен беттерінде іші дұрыс ұн қалады піспейді
Пісіп жатқанда, түймесі басылған. Ұны аз. Ұны көп. Ашытқысы аз. Ашытқысы көп. Суы аз. Суы көп. Қанты аз. Ұнның сапасы нашар. Қосылған заттардың арақатынасы дұрыс емес (тым көп). Су тым ыстық. Су тым суық. Бағдарлама дұрыс таңдалмаған. Қалаған нәтиже алынбады ма? Шешімі осы кестеден табылады. Аз ұйытылған. Ұзақ ұйытылған. Фермент аз қосылған немесе өлі не белсенсіз фермент қосылған. Йогурт ыдысы дұрыс жуылмаған. Қосылған сүттің құрамындағы май мөлшері тым аз (қаймағы жартылай алынған сүт қолданылған). Қақпағы ашылмаған. Дұрыс бағдарлама таңдалмаған.
Араластыратын қалақ табадан шықпайды.
• Су құйып, жібітіп қойыңыз.
пернесін басқанда, ештеңе өзгермейді.
• Экранда «EO1» көрсетіліп, жыпылықтайды, дыбыстық сигнал беріледі: құрылғы тым ыстық. Қайта қолдану үшін, 1 сағат күту қажет. • Экранда «EOO» көрсетіліп, жыпылықтайды, дыбыстық сигнал беріледі: құрылғы тым суып кеткен. Бөлме температурасына дейін жылығанша күтіңіз. • Экранда «HHH» немесе «EEE» көрсетіліп, жыпылықтайды, дыбыстық сигнал беріледі: құрылғы бұзылды. Құрылғыны өкілетті мамандарға көрсету керек. • Кейін қосу бағдарламасы қойылды.
басқанда, қозғалтқыш қосылады, бірақ қалақ істемейді.
• Пішін дұрыс салынбаған. • Араластыратын қалақ жоқ немесе дұрыс салынбаған. түймесін Жоғарыда аталған екі жағдайда құрылғыны басып тұру арқылы өшіріңіз. Бағдарламаны басынан қойыңыз.
Кейін қосу бағдарламасымен нан дұрыс көтерілген жоқ немесе ешқандай әрекет болған жоқ.
• Кейін қосу бағдарламасын қойғаннан кейін, пернесін басуды ұмытып кеттіңіз. • Ашытқы тұзға және/немесе суға тиген. • Араластыратын қалақ жоқ.
• Қосылған заттардың бір бөлігі табаның сыртына түскен: құрылғыны қуат көзінен ажыратып, суығаннан кейін тазалағыш зат қоспай дымқыл губкамен тазалаңыз. • Қосылған заттардың, әсіресе сұйықтықтың мөлшері тым көп. Рецептіде берілген мөлшерді сақтаңыз.
ҚАМЫР ӘЗІРЛЕУ (илеу, иын қандыру, көтерілуі) (сағ.)
Notice Facile