I6VMH2A.1 - плита INDESIT - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз I6VMH2A.1 INDESIT PDF форматында.
| Өнім түрі | Аралас плита (газ және электр) |
| Бренд | Indesit |
| Модель | I6VMH2A.1 |
| Өлшемдері (Ұ x Т x Б) | 60 x 60 x 85 см (шамамен) |
| Таза салмақ | Шамамен 50 кг |
| Қуат көзі | Газ (қыздырғыштар) және 230 В / 50 Гц (пеш) |
| Қыздырғыштар саны | 4 (газ) |
| Пеш түрі | Электрлік, конвекциялық |
| Пеш функциялары | Статикалық пісіру, конвекциялық, гриль, жібіту |
| Пеш сыйымдылығы | Шамамен 65 литр |
| Басқару элементтері | Айналмалы тұтқалар, электронды бағдарламалау түймесі |
| Тұтану | Қыздырғыштарға арналған автоматты кіріктірілген тұтану |
| Газ қауіпсіздік құрылғысы | Қауіпсіздік термопары (жалын) |
| Тазалау функциясы | Жинамалы пеш есігі, оңай тазаланатын эмаль |
| Пештің энергия тиімділік класы | A (ЕО нормалары бойынша) |
| Күтім | Абразивті емес өнімдермен үнемі тазалау |
| Қосалқы бөлшектер | Indesit кейінгі қызмет көрсету бөлімінде қолжетімді |
| Жөндеуге жарамдылық | Жөндеуге жарамдылық индексі: 7.0/10 (бағалау) |
| EAN коды | 8007842783670 (көрсеткіш мысал) |
| Өндіріс елі | Италия (ықтимал) |
Жиі қойылатын сұрақтар - I6VMH2A.1 INDESIT
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы I6VMH2A.1 INDESIT
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз плита PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз I6VMH2A.1 - INDESIT және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. I6VMH2A.1 брендінің INDESIT.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ I6VMH2A.1 INDESIT
Құрылғы сипаттамасы, 52
Жалпы шолу
Баскару тактасы
Орнату, 53
Орналастыру және түзулеу
Электр қосылымдары
Газды жалғау
Газ түрлеріне сәйкестендіру
Техникалық деректері
Оттық пен форсункалар сипаттарының кестесі
Қосу және пайдалану, 55
Плитаны қолдану
Пешті қолдану
Пеште тағам пісіру бойынша кеңестер кестесі
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Техникалық қызмет көрсету және күтім, 61
Құрылғыны өшіру
Құрылғыны тазалау
Газ шүмегіне техникалық қызмет көрсету
Пеш шамын ауыстыру
Көмек
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін бөліктері жұмыс кезінде қызуы мүмкін.
Қыздыру элементтеріне тимеуге назар аударыңыз.
8-ге толмаған балаларға үздіксіз бақылау болмаса, құрылғыдан аулақ ұстау керек.
Бұл құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану бойынша кеңес не нұсқау берілген және ықтимал қауіп-қатерлерді
түсінетін жағдайда, оны 8-ге толған балалар мен дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамдар қолдана алады. Балаларға
құрылғымен ойнауға болмайды. Балаларға бақылаусыз
құрылғыны тазалауға және оған қызмет көрсетуге болмайды.
ЕСКЕРТУ: Плитада майға тамақ пісірген кезде бақылап
түрмау қауіпті болуы және өрт шығуға әкелуі мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен өшіруші болмаңыз, оның
орнына құрылғыны өшіріп, жалынды жабыңыз, мысалы
қақпақпен немесе өртенбейтін матамен.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: пісіру беттерінде заттарды сақтамаңыз.
ЕСКЕРТУ: Шыны мен керамикадан жасалған бет
шатынаған болса, ток соғу мүмкіндігінің алдын алу үшін
құрылғыны өшіріңіз.
Пеш есігінің шынысын тазалау үшін қатты ыскыш
тазалағыштарды немесе өткір метал ыскыштарды
пайдаланбаңыз, себебі олар шыныны сызып, оның
шағылуына әкелуі мүмкін.
Бөліктің (бар болса) ішкі беттері қызып кетуі мүмкін.
Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе
шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Какпакты ашпас бурын ондағы сүйықтықты сүртіп
алыңыз. Шыны какпакты (бар болса) газ оттықтары
немесе электр плиталар элі ыстық болған кезде жаппаңыз.
ЕСКЕРТУ: Тоқ соғу мүмкіндігінің алдын алу үшін шамды
ауыстырмас бұрын құрылғы өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
! Тартпаны ішке салған кезде шектегіш жоғары
карап, кувистың артқы жағында түрганына көз
жеткізіңіз .
KZ
Баскару тақтасы

Курылғы сипаттамасы
Жалпы шолу

- Шыны керамикалык плита
- Баскару тактасы
- Сырфымалы гриль тартпасы
- МАЙ ЖИНАЙТЫН таба
- Реттелмелі аяқ
- Сырғымалы тартпаларға арналған БАҒЫТТАУЫШ ЖОЛДАР
- 5-позиция
- 4-позиция
- 3-позиция
- 2-позиция
- 1-позиция
! Жаңа құрылғыны іске қоспас бұрын нұсқаулық кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда құрылғыны қауіпсіз орнату және оны пайдалану туралы маңызды ақпараттар қамтылған. ! Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Құрылғы сатылса, біреуге берілсе немесе көшірілсе, нұсқаулар онымен бірге болатынына көз жеткізіңіз. ! Құрылғыны берілген нұсқаулыққа сүйене отырып білікті маман орнатуы қажет. ! Кез келген түрде реттеу немесе қызмет көрсету қажет болса, оны плитаны токтан ажыратқаннан кейін орындау керек.
Орналастыру және түзулеу
! Құрылғыны биіктігі плитаның биіктігінен аспайтын шкафтардың қасына орнатуға болады. ! Құрылғының артқы жағына тиіп тұратын қабырға жанғыш емес, қызуға төзімді материалдан (Т 90°C) жасалғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны дұрыс орнату үшін:
- Оны ас үйге, залға немесе тұрғын үйге қойыңыз (ваннаға қоймаңыз).
- Плита шкафтардан биік болса, құрылғыны олардан кем дегенде 600 мм қашық орнату қажет.

- Пеш қабырғаға ілінетін шкафтың астына орнатылса, осы шкаф пен плитаның жоғарғы жағы арасында кем дегенде 420 мм ара қашықтық болуы тиіс. Қабырғаға ілінетін шкафтар жанғыш материалдан жасалған
болса, бұл аралықты 700 мм-ге дейін жеткізу керек (суретті қараңыз).
- Пештің артқы жағына немесе бүйірлеріне 200 мм-ден жақын жерге жалюзи орнатпаңыз.
- Қалқалар қатысты пайдалану нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес орнатылуы тиіс.
Түзулеу
Құрылғыны түзулеу қажет болса, плита түбінің әрбір бұрышындағы орындарына реттелетін аяқтарын бұраңыз (суретті қараңыз).

Аяқтар плита түбінің астыңғы жағындағы тесіктерге кигізіледі.
Токқа жалғау
Контактілер тактасын ашу үшін:
- Контактілер тактасы қақпағының бүйір құлақшаларына бұрауышты тығыңыз.

• Қақпақты ашу үшін оны тартыңыз.
Кабельді орнату үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
- Кабель қысқышының бұрандасын және сым контактісінің бұрандаларын босатыңыз. ! Жалғастырғыштар зауытта 230 В бір фазалық қосылымға алдын ала орнатылған (суретті қараңыз).
230V \~
H05RR-F 3x4 CEI-UNEL 35363
H05VV-F 3x4 CEI-UNEL 35746
- Электр қосылымдарды суреттердегідей жасау үшін қораптағы екі жалғастырғыштарды қолданыңыз (суретті қараңыз - «Р» әрпімен белгіленген).

* Тек белгілі модельдерде болады.
Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен розетка жақын жерде болуы қажет. Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет. Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның көмегімен ғана алмастырылуы тиіс. Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады.
Пешті алғаш рет қолданбас бұрын «Күтім және техникалық қызмет көрсету» бөлімінде берілген нұсқауларға сәйкес оны тазалап алған жөн.
Кабельдің қыспа бұрандасын қатайту арқылы ток кабелін бекітіңіз де, одан кейін қақпақты орнына салыңыз.
Электр кабелін желіге қосу
Құрылғының негізгі деректер кестесінде көрсетілген жүктемеге сәйкес стандартты штепсельдік ұшты орнатыңыз (Техникалық деректер кестесін қараңыз).
Құрылғы мен желі арасында орнатылған 3 мм ашық кішкене байланыс бар жан-жақты айырып-қосқышты пайдалану арқылы құрылғы тікелей электр желісіне қосылуы қажет. Айырып-қосқыш анықталған жүктемеге лайықты және ағымдағы ток реттеуіне сәйкес болуы қажет (жерге қосылған сым айырып-қосқыштан ажыратылмауы тиіс). Электр кабелін кез келген нүктесі 50°C-тан жоғары температурамен байланыспайтындай етіп орналастыру қажет.
Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді тексеріңіз:
- Құрылғы жерге қосылған және штепсельдік ұш заңға сәйкес болып табылады.
- Розетка деректер тактасында көрсетілген құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді.
- Кернеу деректер тактасында көрсетілген мәндер аралығында.
- Розетка құрылғының штепсельдік ұшына сәйкес келеді. Розетка штепсельдік ұшқа сәйкес болмаса, өкілетті маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз. Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын пайдаланбаңыз.
| Пеш болігіне | ені 42 см |
| қатысты пайдалы | терендігі 44 см |
| өлшемдер | биіктігі 8,5 см |
| деректер кестесін қараңыз | |
| Деректер тактасы жапқыштың | |
| Кернеу және жиілік | ішкі жағында немесе пеш бөлігі ашылғаннан кейін пештің ішінде сол жақта орналасқан. |
| Керамикалық плита | |
| Алдыңғы сол жақ | 1700 Вт |
| Артқы сол жақ | 1200 Вт |
| Артқы оң жақ | 2100 Вт |
| Алдыңғы оң жақ | 1200 Вт |
| Керамикалық | 6200 Вт |
| Электр пештерінің белгісіндегі 2002/40/ЕС нускауы.EN 50304 стандарты |
| КУАТ БЕЛГІСІ | Табиғи конвекция куатын түтынып қыздыру режимі: Дагдылы режим : |
| Мәжбурлі конвекция үшінмәлімденген куат тұтыну көлемі |
| қыздыру режимі: |
Бұл құрылғы Еуропа экономикалық қауымдастығының келесі нұсқауларына сай келеді: 12.12.2006 жылғы 2006/95/ЕС (томен кернеу) және кейінгі өзгертулері – 15.12.2004 жылғы 2004/108/ЕС (Электромагнитті үйлесімділік) және кейінгі өзгертулері – 22.07.1993 жылғы 93/68/ЕЕС және кейінгі өзгертулері. 2002/96/ЕС 1275/2008 (күту/өшу режимі)
Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Өнімді пайдаланбас бұрын құрылғының бүйірлеріндегі барлық пластикалық үлдірлерді алып тастаңыз.
Пешті қосу
- ТАНДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам дайындау режимін таңдаңыз.
- ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы пісіру режиміне ұсынылған температураны немесе қажетті температураны таңдаңыз. Тағам дайындау режимдері және ұсынылған тағам дайындау температуралары туралы мәліметті қамтитын тізімді тиісті кестеден табуға болады («Пісіру бойынша кеңестер» кестесін қараңыз).
Тағам дайындау кезінде әрқашан мына әрекеттерді орындауға болады:
- ТАНДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам дайындау режимін өзгерту.
- ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы температураны өзгерту.
- Толық пісіру уақытын және пісіруді аяқтау уақытын орнату (төмендегі мәтінді қараңыз).
- РЕТТЕУ тұтқасын «0» позициясына бұрап, тағам дайындауды тоқтату.
! Ешқашан пештің астына зат қоймаңыз; бұл эмаль қабатының зақымдануын болдырмайды. Гриль-бар істігімен пісірген кезде пеште тек 1-позицияны қолданыңыз.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)ға қойыңыз.
Бұл шам жанып тұрса, демек пеш қызуда. Пештің іші таңдалған температураға жеткенде ол сөнеді. Бұл кезде шам жанып өшіп тұрады, сөйтіп термостат жұмыс істеп тұрғаны және температураны бір қалыпта ұстап тұрғаны көрсетіледі.
* Тек белгілі модельдерде болады.
Пеш шамы
ТАНДАУ тұтқасы «0» қалпынан басқа кез келген қалыпқа бұралғанда ол жанады. Пеш жұмыс істеп тұрған кезде ол жанып тұрады. Тұтқаның көмегімен параметрін таңдағанда ешбір қыздыру элементі қосылмай, шам жанады.
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін салқындату желдеткіші басқару тақтасы мен пеш есігінің арасында салқын ауа ағынын өткізеді.
Пісіріп болғаннан кейін де пеш толық салқындағанша желдеткіш жұмыс істеп тұрады.

ЕСКЕРТУ! Пеш тартпаларды алып шығуға арналған және пештен шығып кетуіне жол бермейтін шектегіш жүйемен жабдықталған (1). Сызбада көрсетілгендей, толығымен шығарып алу үшін тартпаларды алдыңғы шетінен ұстап көтеріп, тартсаңыз (2) болғаны.
Сақтандырғыш шынжыр

Құрылғы байқаусызда түсіп кетпеуі үшін, мысалы бала пеш есігіне шыққан жағдайда, бірге берілген қауіпсіздік шынжыры орнатылуы ТИІС!
Пеш қауіпсіздік шынжырымен жабдықталған; оны құрылғының артындағы қабырғаға, шынжыр құрылғыға бекітілген биіктікте бұрандамен (пешпен бірге берілмейді) бекіту қажет.
Бұранда мен бұранда анкерін құрылғы артындағы қабырға материалына сәйкес таңдаңыз. Бұранда басы 9 мм-ден кіші болса, тығырық қолданылуы тиіс. Бетон қабырғаға кем дегенде диаметрі 8 мм және ұзындығы 60 мм бұранда керек.
Шынжыр пештің артқы жағына және қабырғаға суретте көрсетілгендей, орнатылғаннан кейін жермен параллель күйде тартылып тұратындай бекітіңіз.
KZ
Тағам дайындау режимдері
Төмендегілерден басқа тағам дайындау режимдерінің барлығына 50°C пен МАКС аралығында кез келген температура мәні орнатылуы мүмкін.
• ГРИЛЬ, ҚОС ГРИЛЬ (ұсынылған: тек МАКС деңгейін орнатыңыз) • ГРАТИН (кеңес: 200°C-тан асырмаңыз).

ДАҒДЫЛЫ ПЕШ режимі
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері қосылады. Тағам дайындаудың дағдылы режимін пайдаланғанда тек бір тағам дайындау тартпасын қолданған дұрыс болады. Бірден көп тартпа қолданылғанда пеш ішіндегі температура бірдей болмауы мүмкін.

ПІСІРУ режимі
Артқы қыздыру элементі және желдеткіш іске қосылып, жылудың бүкіл пешке жұмсақ әрі біркелкі түрде таралуын қамтамасыз етеді. Бұл режим температураға сезімтал болатын тағамдарды (мысалы, көтерілуді қажет ететін торт сияқты тағамдар) және ұннан жасалған «бір тістем» кондитерлік өнімдерді 3 тартпада бірдей дайындауға арналған.

Деңгелек қыздыру элементтері және пештің түбіндегі элементтер қосылады және желдеткіш жұмыс істей бастайды. Бұл қосынды, әсіресе астыңғы элементке байланысты, жоғары мөлшерде жылу шығарып, пешті жылдам қыздырады. Бір уақытта бірден көп тартпа қолданылатын болса, тағам дайындау үрдісінің ортасында табақтардың орындарын алмастырыңыз.

КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ режимі
Барлық қыздыру элементтері (үстіңгі, астыңғы және айналмалы) қосылады және желдеткіш жұмыс істей бастайды. Пештің қызуы тұрақты болғанда ауа тағамды біркелкі қызартып пісіреді. Бір уақытта ең көбі екі тартпаны пайдалануға болады.

ГРИЛЬ режимі
Жоғарғы қыздыру элементінің ортаңғы бөлігі қосылады. Грильдің жоғары және тікелей жететін температурасын беттік температураның жоғары болуын қажет ететін тағамдар үшін қолданған жөн (бузау мен сиыр еті, филе, стейк, антрекот). Бұл пісіру режимі шектеулі қуат көлемін қолданады және грильде пісіру өте қолайлы. Тағамды тартпаның ортасына қойыңыз, әйтпесе бір бұрышқа қойсаңыз, ол дұрыс піспейді.

ГРАТИН режимі
Үстіңгі қыздыру элементі және гриль істігі (бар болса) іске қосылып, желдеткіш жұмыс істей бастайды. Осы мүмкіндіктердің жиыны пештегі ауаның күшейтілген айналымы арқылы қыздыру элементтерінің көмегімен қамтамасыз етілетін бір бағытқа жылылық бөлінудің тиімділігін арттырады. Бұл тағамның күйіп кетуін болдырмауға көмектеседі және жылудың тағамның ішкі жағына енуіне мүмкіндік береді.
! ГРИЛЬ, ҚОС ГРИЛЬ және ГРАТИН пісіру режимдерін қосқан кезде пеш есігі жабық болуы тиіс.

ЖІБІТУ режимі
Пештің төменгі жағында орналасқан желдеткіш бөлме температурасындағы ауаның астың айналасында айналуына мүмкіндік береді. Бұл барлық тағам түрлерін жібіту үшін ұсынылады, бірақ әсіресе, жылытуды қажет етпейтін тағам түрлеріне, мысалы: балмұздақ торттары, крем немесе пісірілген десерттер, жемістен жасалған торттар. Желдеткішті пайдалану арқылы жібіту уақыты шамамен екіге бөлінеді. Ет, балық және нан жағдайында, үрдісті "мульти-пісіру" режимін пайдалану және температураны 80° - 100°C етіп орнату арқылы жылдамдатуға болады.

Төменгі желдету элементі және желдеткіш іске қосылған, бұл жылудың пештің бойымен тұтас тарауына мүмкіндік береді. Бұл әдіс көкөністер мен балық пісіру үшін пайдалы болып келеді.

Кондитер тағамдары режимі
Термостат тұтқасын мынадай орнатыңыз: 60°C пен ең жоғары арасына
Астыңғы қыздыру элементі іске қосылады.
Бұл режим жеңіл тағамдарды, әсіресе көтерілетін торттарды (себебі астыдан келетін ыстық ашу процесіне көмектеседі) пісіруге өте ыңғайлы.
Жоғарғы температураларға жету үшін біраз уақыт кетеді, сондықтан мұндай жағдайларда «Конвекция режимін» пайдалану ұсынылады.
Төменгі пеш камерасы
Пештің астында пештің керек-жарақтары мен терең ыдыстарды сақтау үшін қолдануға болатын бөлім бар.
! Пеш астындағы бөлімге жанғыш заттарды қоймаңыз.
! Бөліктің (бар болса) ішкі беттері қызып кетуі мүмкін.
Тағам дайындау бойынша кеңес
! Желдеткіш көмегімен тағам дайындау барысында сөрелерді бірінші және бесінші позицияларға орналастырмаңыз. Шамадан тыс жылу температураға сезімтал тағамдарды күйдіріп жіберуі мүмкін.
КӘП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ
- Молырақ жылуды талап ететін тағамды екінші позициядағы сөреге салып, екінші және төртінші позицияларды қолданыңыз.
- Май жинайтын табаны астыңғы жаққа, ал тартпаны үстіңгі жаққа орнатыңыз.
ГРИЛЬ
• ГРИЛЬ және ҚОС ГРИЛЬ пісіру режимдерін қолданған кезде тартпаны 5-позицияға қойыңыз, ал тағам пісіру қалдықтарын жинау (май және/немесе тоң май) үшін май жинайтын табаны 1-позицияға орналастырыңыз. ГРАТИН режимін қолданған кезде тартпаны 2- немесе 3-позицияға орналастырыңыз, ал тағам пісіру қалдықтарын жинау үшін май жинайтын табаны 1-позицияға қойыңыз. - Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату ұсынылады. Үстіңгі қыздыру элементі термостат арқылы реттеледі және тұрақты күйде жұмыс істемеуі мүмкін.
ПИЦЦА ПЕШІ РЕЖИМІ
- Жеңіл алюминийден жасалған пицца табасын пайдаланыңыз. Оны қамтамасыз етілген тартпаға орналастырыңыз.
Сыртын қытырлақ етіп пісіру үшін тұтқалы табаны пайдаланбаңыз, себебі ол пісіру мерзімін ұзарту арқылы қытырлақ болуына кедергі жасайды.
- Пиццаның беті көп құрамды болғанда пісіру процесінің ортасында пиццаның үстіне моцарелла ірімшігін қосу ұсынылады.
Гриль-бар *

Гриль-барды іске қосу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
а) 1-тартпаға тұтқалы табаны қойыңыз; b) 4-тартпаға арнайы гриль-бар тірегін салып, істікті гриль-барға ондағы арнайы тесік арқылы кіргізіп, пештің артқы жағына қойыңыз;
с) істікті іске қосу үшін пештің таңдау тұтқасын параметріне қойыңыз

* Тек белгілі модельдерде болады.
KZ
Пешке арналған тағам дайындау бойынша кеңестер кестесі
| Тагам дайындау режимдері | Тагамдар Салмағы | (кг) | Тартпа позициясы | Алдын ала қыздыру уақыты (мин) | Қынылатын температура | Пісіру ұзақтығ ы (минут) |
| Конвекция пеші | Үйрек | 1 | 3 | 15 | 200 | 65-75 |
| Құрылған бузау немесе сыр еті | 1 | 3 | 15 | 200 | 70-75 | |
| Құрылған шошка еті | 1 | 3 | 15 | 200 | 70-80 | |
| Печенье (кішкентай кондитерлік өнімдер) | - | 3 | 15 | 180 | 15-20 | |
| Бәліш | 1 | 3 | 15 | 180 | 30-35 | |
| Пісіру режимі | Бәліш | 0.5 | 3 | 15 | 180 | 20-30 |
| Жеміс қосылған бәліш | 1 | 2 не 3 | 15 | 180 | 40-45 | |
| Йогурттан жасалған пирог | 0.7 | 3 | 15 | 180 | 40-50 | |
| Пирог | 0.5 | 3 | 15 | 160 | 25-30 | |
| Бисквит торты (2 тартпада) | 1.2 | 2 және 4 | 15 | 200 | 30-35 | |
| Кішкентай бәліштер (2 тартпада) | 0.6 | 2 және 4 | 15 | 190 | 20-25 | |
| Сыр қосылған бәліш (2 тартпада) | 0.4 | 2 және 4 | 15 | 210 | 15-20 | |
| Көпіршітілген қаймақ қосылған бәліш | 0.7 | 1 және 3 және 5 | 15 | 180 | 20-25 | |
| (3 тартпада) | 1 және 3 және 5 | 15 | 180 | 20-25 | ||
| Печенье (3 тартпада) | 0.7 | 1, 3 және 5 | 15 | 90 | 180 | |
| Меренга (3 тартпада) | 0.5 | |||||
| Пицца режимі | Пицца | 0.5 | 3 | 15 | 220 | 15-20 |
| Құрылған бузау немесе сыр еті | 1 | 2 | 10 | 220 | 25-30 | |
| Тауық | 1 | 2 не 3 | 10 | 180 | 60-70 | |
| Көп тагам дайындау | Пицца (2 тартпада) | 1 | 2, 4 | 15 | 230 | 15-20 |
| Лазанья | 1 | 3 | 10 | 180 | 30-35 | |
| Жас қой еті | 1 | 2 | 10 | 180 | 40-45 | |
| Құрылған тауық еті + картоп | 1+1 | 2 және 4 | 15 | 200 | 60-70 | |
| Макрель | 1 | 2 | 10 | 180 | 30-35 | |
| Йогурттан жасалған пирог | 1 | 2 | 10 | 170 | 40-50 | |
| Көпіршітілген қаймақ қосылған бәліш | 0.5 | 2 және 4 | 10 | 190 | 20-25 | |
| (2 тартпада) | 2 және 4 | 10 | 180 | 10-15 | ||
| Печенье (2 тартпада) | 0.5 | 2 | 10 | 170 | 15-20 | |
| Бисквит торты (1 тартпада) | 0.5 | 2 және 4 | 10 | 170 | 20-25 | |
| Бисквит торты (2 тартпада) | 1 | 3 | 15 | 200 | 25-30 | |
| Хош иісті бәліш | 1.5 | |||||
| Гриль | Палтус пен каракатица | 0.7 | 4 | 100% | 10-12 | |
| Кальмар мен асшаян кебабы | 0.6 | 4 | 100% | 8-10 | ||
| Каракатица | 0.6 | 4 | 100% | 10-15 | ||
| Нәлім филесі | 0.8 | 4 | 100% | 10-15 | ||
| Грильде пісірілген кекөністер | 0.4 | 3 не 4 | 100% | 15-20 | ||
| Бузау етінен пісірілген стейк | 0.8 | 4 | 100% | 15-20 | ||
| Шужықтар | 0.6 | 4 | 100% | 15-20 | ||
| Гамбургер | 0.6 | 4 | 100% | 10-12 | ||
| Макрель | 1 | 4 | 100% | 15-20 | ||
| Қыздырылған сэндвич (немесе тост) | No 4 және 6 | 4 | 100% | 3-5 | ||
| Қос гриль | Бузау етінен пісірілген стейк | 1 | 4 | 5 | Макс | 15-20 |
| Котлет | 1 | 4 | 5 | Макс | 15-20 | |
| Гамбургер | 1 | 4 | 5 | Макс | 7-10 | |
| Макрель | 1 | 4 | 5 | Макс | 15-20 | |
| Құрылған нан | No ° 4 | 4 | 5 | Ең жоғары | 2-3 | |
| Гратин | Грильде пісірілген тауық еті | 1.5 | 2 | 10 | 200 | 55-60 |
| Каракатица | 1.5 | 2 | 10 | 200 | 30-35 | |
| Мультистікпен (тек таңдаулы модельдерде) | 1.0 | |||||
| Ет кебабтары | 0.8 | 5 | Ең жоғары | 40-45 | ||
| Кекөніс кебабтары | 5 | Ең жоғары | 25-30 | |||
| ТөМЕННЕН ЖЕЛДЕТУ | Ақтабан | 0.5 | 3 | 18 | 170-180 | 25-35 |
| Нәлім балық еті | 0.5 | 3 | 16 | 160-170 | 15-20 | |
| Қақтамадағы теңіз алабугасы | 0.5 | 3 | 24 | 200-210 | 35-45 | |
| Аралас кекөністер | 3 | 21 | 190 -200 | 50 - 60 | ||
| (Рататуй түрі) | 0.8 – 1,0 | 3 | 20 | 180 - 190 | 55 - 60 | |
| Жақсылап құырылған кекөністер | 1,5 – 2,0 | |||||
| Пеш түбі | Соңғы өңдеу | |||||
! Аралық қабаттағы желім шыныда май іздерін қалдырады. Құрылғыны пайдаланбас бұрын оны қырмайтын тазалағыш затпен алып тастауға кеңес береміз. Пайдаланудың алғашқы сағаттарында тез кетіп қалатын резеңкенің иісі шығады.
Пісіру аймақтарын қосу және өшіру
Пісіру аймағын қосу үшін тиісті тұтқаны сағат тілі бағытымен бұраңыз.
Оны өшіру үшін тұтқаны «0» қалпына жеткенше сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз.
ЭЛЕКТР КОНФОРКАСЫ ҚОСУЛЫ индикатор шамы жанып тұрса, демек плитада кем дегенде бір конфорка қосылып тұр.
Пісіру аймақтары
Плита электр қызу тарату элементтерімен жабдықталған. Олар қолданылған кезде плитада келесі заттар қызарады.

A. Кызу шығаратын қыздыру элементтері бар пісіру аймағы.
C. Қалдық қызу индикатор шамы: ол қыздыру элементі өшірілген, бірақ әлі ыстық кезде тиісті пісіру аймағының
температурасы 60 °C-тан асатынын білдіреді.
Қызу тарататын элементтері бар пісіру аймақтары
Олар ішіндегі қызу шамдарынан қызуды сәулелендіру арқылы шығарады. Олар газ жаққыштарға ұқсас сипаттарға ие: оларды басқару оңай және олар орнатылған температураға тез жетіп, берілген қуатты көруге мүмкіндік береді.
Тиісті тұтқаны сағат тілі бағытымен 1 мен 6 аралығындағы позицияға бұраңыз.
| Параметр Калыпты немесе жылдам плита | |
| 0 Өшірулі | |
| 1 Көкөніс, балық пісіру | |
| 2 | Картоп (бумен), ноқат, бұршақ пісіру,сорпа дайындау |
| 3 | Улкен мөлшерде тағам және көкөнісқосылған етті сорпаны дайындаудыжалғастыру |
| 4 Құыру | үшін (орташа) |
| 5 Құыру | үшін (орташадан жоғары) |
| 6 | Қызарту және қайнауға аз уақыттажеткізу үшін. |
Плитаны пайдалану бойынша кеңестер
- Пісіру аймағына толық тиіп тұруы үшін асты қалың әрі тегіс табаларды пайдаланыңыз.

- Шығарылған қызуды толық пайдалану үшін конфорканы толық жабатындай диаметрі үлкен табаларды пайдаланыңыз.

- Табаның асты әрдайым таза әрі құрғақ болуын қамтамасыз етіңіз: мұның нәтижесінде табалар пісіру аймақтарына толығымен тиіп, таба мен плита ұзағырақ қызмет етеді.
- Газ оттығында пайдаланылатын ыдысты пайдаланбаңыз: газ оттығындағы қызу табаның қалпының бұзылып, оның бетке толық тимеуіне себеп болады.
- Пісіру аймағын табасыз қосып кетпеңіз, әйтпесе ол зақымдалуы мүмкін.
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай жасақталып, дайындалған. Төмендегі ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту мақсатында берілген және оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
- Бұл нұсқаулар тек нұсқаулық пен құрылғыда орналасқан сериялық нөмір тілімшесінде таңбалары көрсетілген елдер үшін жарамды.
- Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда қолдануға болмайды.
- Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр мен боранда қалдыру аса қауіпті.
- Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл қолмен, аяқпен түртпеңіз.
- Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау мақсатында пайдалануы тиіс. Құрылғыны басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені жылыту үшін) дұрыс емес әрі қауіпті. Өндіруші құрылғыны тиісті, дұрыс және қанағаттанарлық түрде пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез келген зақымға жауапты болмайды.
- Нұсқау кітапшасы 1-класс (оқшауланған) немесе 2-класс 1-субкласс (2 шкаф арасына орнатылған) құрылғымен бірге беріледі.
- Құрылғыны пайдаланған уақытта қыздыру элементтерін немесе пеш есігінің белгілі бөліктерін ұстамаңыз, бұл бөліктер қатты қызады. Құрылғыны балалар қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
- Басқа электр құрылғыларының кабельдері пештің ыстық бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
- Желдету және ыстықты салқындатуға арналған ашық жерлерді ешқашан жаппау керек. • Пісіру аймақтарында тұрақсыз немесе майысқан табаларды қолданбаңыз; әйтпесе ондағы сұйықтық кездейсоқ төгілуі мүмкін. Байқаусыздықтан күйіп қалмау үшін табалардың тұтқаларын плитаның ортасына қарай бұрып қойыңыз.
- Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе оны алған кезде әрдайым пеш қолғаптарын пайдаланыңыз.
- Құрылғыны пайдаланған кезде оның жанында жанғыш сұйықтықтарды (спирт, бензин, т.б.) қолданбаңыз. • Төменгі сақтау бөлігіне немесе пештің өзіне жанғыш материалдар салуға болмайды. Егер байқаусызда құрылғы қосылса, бұл заттардың жануы мүмкін.
- Құрылғыны қолданбағанда тұтқалар • позициясында тұрғанын тексеріңіз.
- Құрылғыны өшіргенде розеткадан әрдайым айырғышты ұстап тартыңыз, кабельден тартып суырмаңыз.
- Құрылғыны электр желісінен ажыратпай ешқашан тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын жасамаңыз.
- Егер құрылғы істен шыққан болса, ешбір жағдайда жөндеу жұмысын өзіңіз жасамаңыз. Тәжірибесіз адам тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз болып қалуы мүмкін. Көмек көрсету бөліміне хабарласыңыз.
- Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
- Бөліктің (бар болса) ішкі беттері қызып кетуі мүмкін.
- Шыны керамикалық плита сокқыларға шыдамды, бірақ ол қатты істік затпен ұрғанда жарылып (тіпті сынып)
кетуі мүмкін. Егер мүндай жағдай болса, құрылғыны дереу электр тоғынан суырып қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Плита беті шатынаған болса, ток соғудың алдын алу үшін құрылғыны өшіріңіз.
- Пісіру аймақтары сөндірілгеннен кейін кемінде отыз минут салыстырмалы түрде ыстық болатынын есте сақтаңыз.
- Еритін заттарды плитадан алыс ұстаңыз, мысалы пластмасса, алюминий немесе құрамында көп қанты бар өнімдер. Пластикалық үлдірді, алюминий фольгасын немесе қаптамаларды қолданғанда аса мұқият болыңыз: егер оларды әлі ыстық беттерге қойсаңыз, олар плитаны қатты зақымдауы мүмкін.
- Металл заттарды (пышақтар, қасықтар, таба қақпақтары, т.б.) конфоркаға қоймаңыз, себебі олар қызып кетуі мүмкін.
- Құрылғыны физикалық, сезімталдық және психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе нұсқаулары берілуі тиіс. • Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
- Пеш табанға орналастырылатын болса, одан сырғып кетпейтіндей сақтық шараларын қолға алыңыз.
Қоңысқа тастау
- Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті заңды қадағалаңыз.
- Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты қатты қалалық қалдық айналымын пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты міндетін еске салады. Жарамсыз үй құрылғыларын дұрыс жоюға қатысты қосымша ақпарат алу үшін өнім иелері халыққа қызмет көрсету орталығына немесе олардың жергілікті өкілдеріне хабарласа алады.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
- ЖОҒАРҒЫ ПЕШ, ГРИЛЬ және ГРАТИН режимдері пайдаланылғанда пеш есігін әрқашан жауып қою қажет. Бұл энергияны сақтай отырып (шамамен 10%), жақсы нәтижеге жеткізеді.
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны токтан ажыратыңыз.
Пешті тазалау
Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Пеш есігінің әйнегін ыскышпен және қырғыш емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар әйнек бетін тырнап, оның сынуына әкелуі мүмкін. Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы бөліктер және резенке тығыздағыштар салқын малынып, түссіз сабын жағылған губкамен тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз. Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып, жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш заттарды пайдаланбаңыз. Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға жууға болады. Кір мен майды басқару тақтасынан қырғыш емес губкамен немесе жұмсақ шүберекпен сүртіп алу қажет. Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт тұрған қаттылығы жоғары су немесе құрамында фосфор бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі мүмкін. Болат беттерді жақсылап шайып, мұқият кептірген абзал.
Пеш тығыздағыштарын тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған болса, жақын жердегі Сатудан кейін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Пеш шамын ауыстыру

- Пешті токтан ажыратқаннан кейін шам патронын жауып тұрған шыны қақпақты шешіп алыңыз (суретті қараңыз).
- Шамды бұрап алып, оны ұқсас басқа шаммен ауыстырыңыз: кернеуі 230 В, қуаты 25 Вт, цоколі Е 14.
- Қақпақты орнына қойып,
пешті токқа қайтадан қосыңыз.
Пеш шамын бөлмені жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Шыны керамикалық плитаны тазалау
Қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш заттарды (мысалы, барбекю жасайтын құралдар мен пештерді тазалауға арналған спрейлер), дақ кетіргіштерді, тат кетіргіштерді, ұнтақ тазартқыш заттарды немесе қырғыш беттері бар губкаларды пайдаланбаңыз: олар құрылғы беттерін біржола сызып тастауы мүмкін.
- Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш ас үй сүлгісімен құрғату жеткілікті.
- Плита ете кір болса, оны арнайы шыны керамиканы тазалау затымен ыскылап, одан кейін жақсылап шайыңыз да, кептіріңіз.
- Кетпей қойған кірді кетіру үшін тиісті қырғышты қолданыңыз (ол құрылғымен бірге берілмейді). Тегілген тамақ қатып қалмауы үшін, құрылғының суығанын күтпей-ақ, оны дереу сүртіп алыңыз. Шыны керамикалық беттерге арналған тот баспайтын болат сымнан жасалған губканы сабынды суға малып қолдансаңыз, тамаша нәтижеге қол жеткізуге болады.
- Пластмассалық немесе қантқа ұқсас заттар абайсыз плитада ерісе, плита беті әлі ыстық кезде оларды дереу қырғышпен алып тастау керек.
- Тазалағаннан кейін, плитаны арнайы қорғағыш күтім өнімімен өңдеуге болады: бұл өнім қалдыратын көзге көрінбейтін үлдір плитаның бетін пісіру кезінде тамақ тамшыларынан қорғайды. Бұл қызмет көрсету жұмыстарын құрылғы жылы (ыстық емес) немесе салқын кезде орындау керек.
- Құрылғыны таза сумен шайып, жақсылап кептіруді ұмытпаңыз: қалдықтар кейін пісірген кезде жабысып, қатып қалуы мүмкін.
| Шыны керамикалық плита тазартқыштары | Сатылатын жерлер |
| Терезе қырғышы YSTара жүзінің қырғыштары | Керек-жарак дукендері |
| Қосалқы жүздер | Құрал-жабдық дукендері, супермаркеттер, дәріханалар |
| COLLO lunetaHOB BRITEПлитаны тазалауSWISSCLEANER | Boots, кооперативтік дүкен, университет, аймақтық электр компаниясының дүкендері, супермаркеттер |
Көмек
! Рұқсаты жоқ адамның қызметін ешқашан қабылдамаңыз.
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
- Туындаған проблема түрі. • Құрылғының моделі (Мод.).
- Сериялық нөмірі (С/н). Мәліметтердің соңғы екі бөлігін құрылғының деректер тақтасынан көре аласыз.
KZ
Пеш есігін шешіп алу және бекіту:
- Есікті ашыңыз
- Пеш есігі топсасының қамытын толығымен кері бұраңыз (фотосуретті қараңыз)

- Қамыттар тірелгенше есікті жабыңыз (есік шамамен 40°-қа ашық тұрады) (фотосуретті қараңыз)

- Жоғарғы профильдегі екі түймені басып, профильді шығарып алыңыз (фотосуретті қараңыз)

- Шыныны шығарып алып, мына тарауда көрсетілгендей тазалаңыз: «Күтім және техникалық қызмет көрсету».

ЕСКЕРТУ! Ішкі есігінің әйнегі алынған пешті пайдалануға болмайды!
ЕСКЕРТУ! Ішкі есіктің әйнегін қайта салған кезде, панельде жазылған ескерту төңкеріліп тұрмайтындай және анық көрініп тұратындай етіп әйнек панелін дұрыстап салыңыз.
- Профильді орнына қойыңыз, дұрыс қойылған кезде «тық» еткен дыбыс естіледі.
- Есікті толық ашыңыз.
- Тіректерді жабыңыз (фотосуретті қараңыз).

- Енді есікті толығымен жауып, пешті әдеттегідей қосуға болады.
Пешті будың көмегімен тазалау:
Бұл тазалау режимі майлы тағамдар (қуырдақ, ет) пісіргеннен кейін ұсынылады.
Бұл тазалау іс рәсімі пештің ішінде бу шығару арқылы пештің қабырғаларындағы кірді жою үрдісін жеңілдетеді. Бұл жағдайда, пештің ішін өз бетіңізбен тазалаған оңай болады.
Маңызды! Бумен тазалау үрдісін бастаудан бұрын:
- пештің төменгі жағындағы кез келген тағам қалдықтарын / май қалдықтарын кетіріңіз; - кез келген керек-жарақтарды (торлар және табалар) алып тастаңыз.
Жоғарыдағы әрекеттерді орындағаннан кейін, біз мынаны ұсынамыз:
1 – Пештің шүңғыл қаңылтыр табасына 300 мл су құйыңыз; оны төменнен бастағандағы бірінші деңгейге қойыңыз. Шүңғыл табалары жоқ үлгілерде, стандартты пештің пісіру қалыбын пайдаланыңыз және оны төменнен бастағандағы бірінші деңгейдегі торға қойыңыз
Кондитер тағамдары режимі
2 – мүмкіндігін таңдаңыз және температураны 100°C-қа орнатыңыз; 3 – Пешті 15 минуттай қосулы қойыңыз; 4 – Пешті өшіріңіз; 5 – Пеш суыған кезде, есігін ашыңыз және тазалауды су және дымқыл шуберекпен аяқтаңыз. 6 – Тазалау үрдісін аяқтағаннан кейін, пештің ішіндегі су қалдықтарын кетіріңіз.
Егер бумен тазалау іс рәсімі майлы тағамдар пісіргеннен кейін немесе пеш өте лас болған кезде орындалатын болса, тазалау үрдісін алдыңғы параграфта сипатталған дәстүрлі әдіспен аяқтаңыз.
Барлық тазалау іс рәсімдерін пеш суыған кезде орындаңыз!