KN3G207(W)/RU - плита INDESIT - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз KN3G207(W)/RU INDESIT PDF форматында.
| Өнім түрі | Еркін тұрған плита |
| Бренд | Indesit |
| Модель | KN3G207(W)/RU |
| Биіктігі | 85 см |
| Ені | 50 см |
| Тереңдігі | 60 см |
| Салмағы | 52 кг |
| Қуат көзі | 220-240 В, 50/60 Гц |
| Энергия класы | A |
| Плита түрі | Газ |
| Газ оттықтарының саны | 4 |
| Пеш түрі | Электрлік |
| Пеш функциялары | Кәдімгі, Гриль, Желдеткіш, Пицца, Жібіту |
| Пеш сыйымдылығы | 58 л |
| Тазалау түрі | Эмальданған ішкі бет, алынбалы есік |
| Қауіпсіздік мүмкіндіктері | Жалын сөндіру құрылғысы, балалар құлпы |
| Бақылау түрі | Тұтқалар |
| Дисплей | LED таймер |
| Түс | Ақ |
| Қосалқы бөлшектердің қолжетімділігі | Иә, Indesit қызметі арқылы |
| Жөндеу көрсеткіші | 8.0 / 10 |
| Кепілдік | 2 жыл |
Жиі қойылатын сұрақтар - KN3G207(W)/RU INDESIT
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы KN3G207(W)/RU INDESIT
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз плита PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз KN3G207(W)/RU - INDESIT және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. KN3G207(W)/RU брендінің INDESIT.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ KN3G207(W)/RU INDESIT
Қазақша, 25Қазақша, 25Қазақша, 25
Мазмуны
KN3G207/RU
Орнату, 26-29
Орналастыру және түзулеу
Электр косылымдары
Газды жалғау
Газ түрлеріне сәйкестендіру
Техникалық деректері
Оттык пен форсункалар сипаттарының кестесі
Курылғы сипаттамасы, 30
Жалпы шолу
Баскару тактасы
Косу және пайдалану, 31-32
Плитаны колдану
Пешті қолдану
Пеште тағам пісіру бойынша кеңестер кестесі
Сактандырулар мен кецестер, 33
Жалпы қауіпсіздік
Коңыска тастау
Коршаған ортаны сақтау және қорғау
Техникалық қызмет көрсету және күтім, 34
Курылғыны өшіру
Курылғыны тазалау
Газ шумегіне техникалық қызмет көрсету
Көмек
KZ
! Жаңа құрылғыны іске қоспас бұрын нұсқаулық кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда құрылғыны қауіпсіз орнату және оны пайдалану туралы маңызды ақпараттар қамтылған.
! Келешекте аныктама ретінде қарау үшін пайдалану нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Құрылғы сатылса, біреуге берілсе немесе жылжытылса, нұсқаулар онымен бірге болатынын қамтамасыз етіңіз.
! Күрылғыны нұсқауларға сәйкес арнайы біліктілігі бар маман орнатуға тиіс.
! Кез келген түрде реттеу немесе қызмет көрсету қажет болса, оны плитаны токтан ажыратқаннан кейін орындау керек.
Бөлменің желдетілуі
Ағымдағы мемлекеттік заңдарға сәйкес құрылғыны тек үздіксіз желдетілетін бөлмелерге орнату қажет. Құрылғы орнатылған бөлме тиісті түрде желдетілуі тиіс, яғни өдеттегі газ жану процессіне қажетті ауа мөлшері қамтамасыз етілуі керек (ауа ағыны орнатылған қуаттың әрбір кВт-на 2 м'сағ. мәнінен аз болмауы тиіс).
Торлармен қөрғалған ауа кіретін саңылауларда ішкі көлденең қимасы кем дегенде 100 ұмүтік болуы қажет және олар тіпті жартылай жабылып қалмайтындай орналасқан болуы тиіс (А суретін қараңыз).
Плита беті жалынның өшіп қалуына қарсы сақтандырғышпен жабдықталмаған болса, бүл кіріс саңылауларын 100%-ға кеңейту қажет, ягни көлденең кимасы кем дегенде 200 сіболуы тиіс. Ауа ағыны ғимараттың ортақ бөліктері, өрт қаупі жоғары аймактар немесе жататын бөлмелерді қоспағанда, жақындағы бөлмелерден жанама түрде берілетін болса (В суретін қараңыз), кіріс саңылауларына жоғарыда айтылғандай сыртқа шығаратын желдету түтіктерін орнату керек.
A

Жануға қажетті ауаға арналған желдету тесігі
B
Жапсарлас
белме
Желдетуді кажет
ететін бөлме

Есік пен еден арасындағы аралықты үлкейту
! Курылғыны узак уақыт пайдаланғаннан кейін терезені ашу немесе қолданылатын кез келген желдеткіштердің жылдамдығын артыру жен.
Жану түтіндерін шығару
Қауінсіз әрі тиімді әдеттегі мұршаға қосылған қалқаның немесе құрылғы қосылған кезде автоматты түрде қосылатын электр желдеткіштің көмегімен жану түтіндерін шығару қамтамасыз етілуі керек (суретті қараңыз).

Түтіндер тікелей сыртка шығарылады

Тутіндер мұрша немесе тағам пісіру құрылғыларына арналған тармақты түтін шығару жүйесі арқылы шығарылады)
! Суйтылған газдар ауадан ауыр болады және еденде жиналады, сондықтан суйтылған газ баллондары қойылған барлық бөлмелерде баллоннан шыққан газ оңай шығып кетуі үшін сыртқа шығатын тесіктер болуы тиіс.
Сол себепті, сўытылған газ баллондары, жартылай немесе толық болса да, жер деңгейінен төмен бөлмелерде не сақтау аумактарында (төле және т.б.) орнатылмауы немесе сақталмауы тиіс. Тек қолданыстағы баллон бөлмеде сақталуы керек; ал оны баллонның температурасын 50°C-тан жоғары көтеріп жіберуі мүмкін қызу көздерінен (пештер, мұршалар, каминдер) алшақ жерде ұстау қажет.
Орналастыру және түзулеу
! Күрылғыны биіктігі плитаның биіктігінен аспайтын шкафтардың қасына орнатуға болады.
! Курылғының артқы жағына тиіп тұратын қабырға жанғыш емес, қызуға төзімді материалдан (Т 90°C) жасалғанына көз жеткізіңіз.
Кұрылғыны дұрыс орнату үшін:
- Оны ас үйге, залға немесе түрғын үйге қойыңыз (ваннага қоймаңыз).
- Плита шкафтардан биік болса, кұрылғыны олардан кем дегенде 200 мм қашық орнату қажет.
- Плита қабырғаға ілінетін шкафтың астына орнатылса, осы шкаф пен плита үстінің арасында кем дегенде 420 мм аралық болуы тиіс.
Қабырғаға ілінетін шкафтар жанғыш материалдан жасалған болса, бұл аралықты 700 мм-ге дейін жеткізу керек (суретті караңыз).

- Плита артына немесе оның шеттеріне 200 мм-ден жақын жерге перде ілмеңіз.
- Калқалар қатысты пайдалану нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес орнатылуы тиіс.
Түзулеу

Құрылғыны түзулеу қажет болса, плита түбінің әрбір бұрышындағы орындарына реттелетін аяқтарын бұраңыз (суретті қараңыз).

Аяктар плита тубінің астынғы жағындағы тесіктерге кигізіледі.
Токка жалғау
Құрылғының негізгі деректер кестесінде қөрсетілген жүктемеге сәйкес стандартты штепсельдік ұшты орнатыңыз (Техникалық деректер кестесін қараңыз).
Кұрылғы тікелей электр желісіне құрылғы мен электр желісі арасында орнатылған 3 мм ашық кішкене байланыс бар бірнеше каналды айырып-қосқыш арқылы қосылуы қажет. Айырып-қосқыш көрсетілген жуктемеге лайықты және NFC 15-100 стандартына сәйкес болуы қажет (жөрге қосылған сымды айырып-қосқыш ажыратпауы тиіс). Электр кабелін кез келген нүктесі 50°C-тан жоғары температурамен байланыспайтындай етіп орналастыру қажет.
Кұрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді тексеріңіз:
- Кұрылғы жөрге қосылған және штепсельдік үш заңға сәйкес болып табылады.
- Розетка негізгі деректер кестесінде көрсетілген кұрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді.
- Кернеу деректер кестесінде көрсетілген мән аралығы аумағында болады.
- Розетка курылғының штепсельдік ұшына сәйкес келеді. Розетка штепсельдік ұшка сәйкес болмаса, өкілетті маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз. Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын пайдаланбаңыз.
! Кұрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен розетка жақын жерде болуы қажет.
! Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.
! Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның көмегімен ғана алмастырылуы тиіс.
! Осы қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады.
Газды жалғау
Ағымдағы үлтық заңдарға сәйкес және берілетін газ түрімен құрылғы жұмыс істей алатынына кез жеткізгеннен кейін газ желісіне немесе газ баллонына майыскɑқ резенке не болат түтікпен қосылуға болады (қақпақтағы сипаттама жапсырмасын қараңыз: олай болмаса, төмендегі мәтінді қараңыз). Баллоннан сүйық газды пайдаланғанда, ағымдағы үлтық заңнамаларға сәйкес келетін қысым реттегішін орнатыңыз. Қосылымды жеңілдету үшін газ түтігін шетке қарай бұру керек*: түтік түтқышын қақпаққа қарама-қарсы қойыңыз және құрылғымен бірге берілетін аралық қабатты орнына қойыңыз.
! Газ беру крысымы Оттык пен форсункалар сипаттарының кестесінде көрсетілген мәндерге сәйкес келетінін тексеріңіз (төменdegі мәтінді караңыз). Бүл құрылғының қауіпсіз жұмыс істеуін және төзімділігін қамтамасыз ете отырып, қуаттың тиімді жұмсалуына мүмкіндік береді.
Майыскақ резеңке түтікпен газды жалғау
Түтік ағымдағы үлтық заңдарға сәйкес келетініне і көз жеткізіңіз. Түтіктің ішкі диаметрі мынадай болуы тиіс: сұйық газ беру үшін 8 мм; метан газын беру үшін 13 мм.
Косылым жасалғаннан кейін түтікке байланысты келесі жағдайлардың орындалуына көз жеткізіңіз:
- Температурасы 50°C-тан асатын ешбір бөлшекке тимейді.
- Оған ешбір тарту немесе бұрау күштері әсер етпейді және ол бұралмаған не майыстырылмаған.
- Жуздерге, үшкір бұрыштарға немесе қозғалмалы бөлшектерге тимейді және қысылмаған.
- Жағдайын тексеру үшін бүкіл үзындығы бойынша оңай қарап шығуға болады.
• 1500 мм-ден кыска. - Ағымдағы заңдарға сәйкес келетін қыскыштармен екі жағынан да мыктап бекітілген.
! Осы жағдайлардың бірі немесе бірнешесі орындалмаса не плитаны 2-сынып, 1-ішкі сынып құрылғыларына (екі шкаф арасына орнатылатын) қолданылатын жағдайларға сәйкес орнату қажет болса, резенке түтік орнына майысқақ болат түтік қолданылуы қажет (төмендегі мәтінді қараңыз).
Майыскаç буынсыз тот баспайтын болаттан жасалған түтікті оймасы бар жалғауға қосу
Түтік пен қыскыштар ағымдағы ұлтық заңдарға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
KZ
Түтікті пайдалана бастау үшін құрылғыдағы түтік түтқышын шешіп алыңыз (құрылғыдағы газ беру кіріс тесігі цилиндр пішіміндегі оймалы 1/2 газдық еркек жалғау болып табылады).
! Тутік қысылмағанын және қозғалмалы бөліктерге тимейтінін қамтамасыз ете отырып, оның ұзындығы ең көбі 2 м-ден аспайтындай қылып қосыңыз.
Орнату аякталғаннан кейін, сабынды сумен түтік фитингтерінде тесіктердің бар не жоқ екенін тексеріңіз. Ешкашанда алауды қолданушы болмаңыз.
Газ түрлеріне сәйкестендіру
Құрылғыны әдепкі газ түрінен (ол қақпақтағы сипаттама жапсырмасында көрсетілген) басқа түрге сәйкестендіруге болады.
Плитаны сэйкестендіру
Плита оттыктарының форсункаларын ауыстыру:
- Плита торларын алып, оттыктарды тіректерінен сырғытып шығарыңыз.

-
Форсункаларды 7 мм гайка кілтімен (суретті караңыз) босатып, шығарып алыңыз да, газдың басқа түріне арналған форсункалармен алмастырыңыз(Оттық пен форсункалар сипаттарының кестесін караңыз).
-
Барлык курамдас бөліктерді жоғарыдағы нұсқауларды керісінше орындау арқылы алмастырыңыз.
Плита оттыктарының ең төменгі параметрін реттеу:
- Тутканы ең төменгі позицияға бұрыңыз.
- Тутка шешіп алып, тутка шегесінің ішінде немесе оның жанында орналаскан реттеу бұрандасын жалын кіші бірақ турақты болғанша реттеңіз.
! Күрылғы сұйық газ көзіне жалғанған болса, реттеу бұрандасы мүмкін болғанша мықты бекітілуі керек. - Оттық жанып түрғанда түтқа позициясын бірнеше мәрте ең төменгіден ең жоғарыға және қарама-қарсы жылдам ауыстырып, жалын өшіп қалмайтынын тексеріңіз.
! Плита оттықтары үшін негізгі ауаны реттеу қажет емес.
Пешті баптандыру
Пештің оттығының форсункасын ауыстыру:
- Пеш бөлігін шешіп алыңыз.

- «А» корғаушы тактасын сырғытып шығарып алыңыз (сызбаны караңыз).

- «V» бұрандаларын босатқаннан кейін пеш оттығын шешіп алыңыз (суретті қараңыз). Пеш есігін шешіп алсаңыз, бул әрекеттерді орындау жеңілірек болады.

- Форсунканы арнайы форсунка кеспелтек кілтімен (суретті караңыз) немесе 7 мм кеспелтек кілтімен бұрап шешіп алыңыз және оны жаңа газ түріне сәйкес келетін жаңа форсункамен ауыстырыңыз (қараңыз Оттық пен
форсункалар сипаттарының кестесі).
Газ пешінің оттығының ең төмен параметрін реттеу:
- Оттыкты жағыңыз («Қосу және пайдалану» бөлімін караңыз).
- Тутканы ең жоғарғы позицияда (Ең жоғары) шамамен 10 минут ұстағаннан кейін ең төменгі позицияға (Ең төмен) бұрыңыз.
- Тутканы алып тастаңыз.
- Термостат шегесінің сыртқы жағындағы реттеу бұрандаларын (суретті қараңыз) жалын кіші бірақ тұрақты болғанша қатайтыңыз немесе босатыңыз.
! Кұрылғы сүйық газға жалғанған болса, реттеу бұрандасы мүмкін болғанша мықты бекітілуі керек.

- Тутканы «Ең жоғары» позициядан «Ең төмен» позицияға тез бұрыңыз немесе пеш есігін ашып, жабыңыз, бірақ оттық өшіп қалмайтынына көз жеткізіңіз.
Пешті алғаш рет қолданбас бұрын «Қүтім және техникалық қызмет көрсету» бөлімінде берілген нұсқауларға сәйкес оны тазалап алған жөн.

KN3G207/RU
| ТЕХНИКАЛЫК ДЕРЕКТЕР | |
| Пеш өлшемдері(БхExТ) | 34x39x44 см |
| Көлемі 58 л | |
| Пеш белігінеқатысты пайдалыөлшемдер | ені 42 смтерендігі 44 смбиктігі 18 см |
| Ток кернеуі менжилігі | деректер кестесін қараңыз |
| Оттықтар | қайырма ішінде немесе пешбелігін ашқанда пештің ішіндегісол жақ қабырғада орналасқандеректер кестесінде көрсетілгенкез келген газ түрімен қолдануүшін баптандыруға болады |
| [ТЗХУ] | ЕҚ Директивалары: 12.12.2006жылғы 2006/95/ЕС (төменкернеу) және кейінгі өзгертулері– 15.12.04 жылғы 2004/108/ЕС(Электромагнитті үйлесімділік)және кейінгі өзгертулері –30.11.2009 жылғы 2009/142/ЕС(Газ) және кейінгі өзгертулер– 22.07.1993 жылғы 93/68/ЕЕС және кейінгі өзгертулері –2002/96/ЕС.1275/2008 (Қүту/өшірулі режим) |
Оттык пен форсункалар сипаттарының кестесі
| 1-кесте | Суйык газ | Табиги газ | |||||||||
| Оттык Диаметр (мм) | Жылу куаты, кВт (р.с.с.+) | Айналып ету 1/100 (мм) | Форсунка 1/100 (мм) | Ағым* г/сағ *** | ** | Форсунка 1/100 (мм) | Ағым* л/сағ | Форсунка 1/100 (мм) | Ағым* л/сағ | ||
| Номиналды | Азайтылған | ||||||||||
| Жылдам (үлкен)(R) | 100 | 3.00 | 0.7 | 41 | 87 | 218 | 214 | 128 | 286 | 143 286 | |
| Жартылаи жылдам (орташа)(S) | 75 | 1.90 | 0.4 | 30 | 70 | 138 | 136 | 104 | 181 | 118 | 181 |
| Косымша (кіші)(A) | 51 | 1.00 | 0.4 | 30 | 52 | 73 | 71 | 76 | 95 | 80 | 95 |
| Пеш | - | 2,80 | 1.0 | 46 | 80 | 204 | 200 | 119 | 267 | 132 | 257 |
| Жеткізу крысымдары | Номиналды (мбар)Ең темен (мбар)Ең жоғары (мбар) | 28- 302035 | 372545 | 201725 | 136,518 | ||||||
* 15°C және 1013 мбарр жағдайында – *** құргақ газ
** Пропан P.C.S. = 50,37 МДж/кг
Бутан P.C.S. = 49,47 МДж/кг
Табиғи P.C.S. = 37,78 МДж/м³
KZ
Жалпы шолу

Баскару тактасы

Плитаны колдану
Оттыктарды жағу
Эрбір ОТТЫК түткасында қатысты оттық жалынының күшін көрсететін толық шеңбер бар. Плитадағы оттықтардың бірін жағу үшін:
- Оттыкка жалынды немесе газ жакпағын жақындатыңыз.
- ОТТЫК туткасын басып, ол ең жоғарғы жалын параметріне ⚙ бағытталғанша, сағат тіліне қарсы бағытта бұрыңыз.
- ОТТЫК түткасын сағат тіліне қарсы бағытта бұру арқылы жалын күшін қажетті деңгейге реттеңіз. Ол ең төменгі параметр ө, ең жоғарғы параметр ө немесе екеуінің арасындағы кез келген позиция болуы мүмкін.

Кұрылғы электрондық жағу құралымен* (C)
жабдыкталған болса, таңбасымен белгіленген түтату түймесін басыңыз, одан кейін ОТТЫК түтқасын басып, оны оттық жанғанша
ең жоғарғы жалын параметріне қарай, сағат тіліне қарсы бағытта бұрыңыз. Түтқа босатылғанда оттық өшіп қалуы мүмкін. Бүл орын алса, түтқаны ұзағырақ ұстан, әрекетті қайталаңыз.
! Жалын байкаусыз өшірілсе, оттықты өшіріңіз де, оны қайтадан жақпас бұрын кем дегенде 1 минут күтіңіз.
Құрылғы жалынның өшіп қалуына қарсы сақтандырғышпен (X)* жабдықталған болса, жалынның жанып тұруы және құралды іске қосу үшін ОТТЫҚ түтқасын шамамен 2-3 секунд басып, ұстап тұрыңыз.
Оттықты өшіру үшін түтқаны токтау позициясына жеткенше бұрыңыз.
Оттыктарды пайдалану бойынша кецестер
Оттықтар ең тиімді түрде жұмыс істеуі және тұтынылатын газ мөлшерін үнемдеуі үшін қақпағы бар және асты тегіс табаларды ғана қолданған жән. Сондай-ақ, олар оттықтың өлшеміне сәйкес келуі тиіс.

ЕСКЕРТУ! Шыны қақпақ қызса сынып кетуі мүмкін. Қақпақты жаппас бұрын барлық оттықтар мен электр конфоркаларды өшіріңіз. *Тек шыны қақпағы бар модельдер үшін қолданылады.
| Оттык ø Ыдыс | диаметрі (см) |
| Жылдам (R) 24 - 26 | |
| Жартылай жылдам (S) | 16 - 20 |
| Косымша (A) 10 - 14 |
Оттык турін аныктау үшін «Оттык пен форсункалардың сипаттары» ішіндегі сызбаларды караныз.
! Төмендеткіш сөремен жабдыкталған үлгілерде диаметрі 12 см-ден аз кіші табақтарды қолданған кезде оны тек қосымша оттықта ғана пайдалануға болатынын есіңізде болсын.
Пешті қолдану
! Курылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада көмінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне байланысты женіл жағымсыз іис шығуы мүмкін.
! Өнімді пайдаланбас бұрын құрылғының бүйірлеріндегі барлық пластикалық үлдірлерді алып тастаңыз.
! Ешкашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз; бұл эмальді қабатты зақымдайды. Гриль-бар істігімен пісірген кезде пеште тек 1-позицияны қолданыңыз.
Пешті жағу

Пеш оттығын жағу үшін жалынды немесе газ шақпағын «F» тесігіне жақындатыңыз (суретті қараңыз), одан кейін ПЕШТІ басқару тутқасын басып, оны «Еңжоғары» позицияға жеткенше сағат тіліне қарсы бағытта бұрыңыз.
Егер, 15 секундтан кейін оттык жанбаса, тутканы жіберіп, пеш есігін ашыңыз да, қайтадан жағуға әрекет етпес бұрын кем дегенде 1 минут күтіңіз.
! Пеш сактандыргышпен жабдыкталған, сондыктан ПЕШТІ басқару түтқасын шамамен 6 секунд басып, устап түру керек.
* Тек белгілі үлгілерде болады.
KZ
! Жалын байқаусыз өшірілсе, оттықты өшіріңіз де, пешті кайтадан жақпас бұрын кем дегенде 1 минут күтіңіз.
Температураны реттеу
Кажетті пісіру температурасын орнату үшін ПЕШТІ баскару түткасын сағат тіліне қарсы бағыпта бұрыңыз.
Температуралар баскару тактасында көрсетіледі және «Ең төмен» (140°C) мен «Ең жоғары» (250°C) арасында болуы мүмкін. Орнатылған температураға жеткеннен кейін пеш термостаттың көмегімен оны бір қалыпта ұстайды.
Төменгі бөлім
! Бөлімнің (бар болған жағдайда) ішкі беттері қызуы мүмкін.
! Пеш астындағы бөлімге жанғыш заттарды қоймаңыз.

Пеште тағам пісіру бойынша кеңестер кестесі
| Дайындалатын тағам | Салмағы (кг) | Төменнен санағанда сөрелердің пісіру позициясы | Температура (°C) | Алдын ала қыздыру уақыты (мин) | Пісіру уақыты (мин) |
| Паста | |||||
| Лазанья | 2.5 | 4 | 200-210 | 10 | 75-85 |
| Ет қосылған қамыр түтіктері | 2.5 | 4 | 200 | 10 | 50-60 |
| Гратин паста пісірмелері | 2.5 | 4 | 200 | 10 | 50-60 |
| Ет | |||||
| Бұзау еті | 1.5 | 3 | 200-210 | 10 | 95-100 |
| Тауық | 1.5 | 3 | 210-220 | 10 | 90-100 |
| Үйрек | 1.8 | 3 | 200 | 10 | 100-110 |
| Қоян | 2.0 | 3 | 200 | 10 | 70-80 |
| Шошка еті | 2.1 | 3 | 200 | 10 | 70-80 |
| Жас қой еті | 1.8 | 3 | 200 | 10 | 100-105 |
| Балық | |||||
| Макрель | 1.1 | 3 | 180-200 | 10 | 45-50 |
| Зубан | 1.5 | 3 | 180-200 | 10 | 45-55 |
| Қағазда пісірілген бақтақ | 1.0 | 3 | 180-200 | 10 | 45-50 |
| Пицца | |||||
| Наполитана 1.0 4 210-220 15 20-25 | |||||
| Кекс | |||||
| Печеньелер | 0.5 | 4 | 180 | 15 | 25-35 |
| Бәліш | 1.1 | 4 | 180 | 15 | 40-45 |
| Хош ністі бәліш | 1.0 | 4 | 180 | 15 | 50-55 |
| Көтерілген торттар | 1.0 | 4 | 170 | 15 | 40-45 |
Ескертпе: пісіру уақыттары шамалап берілген және оларды жеке қалауға қарай взгертуге болады. Грильді пайдаланып тағам дайындаған кезде, түтқалы таба пештің тубінен санағанда бірінші тартпада орналастырылуы тиіс.
! Бул кұрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай жасақталып, дайындалған.
Төменdegі ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту максатында берілген және оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
- Бул нүсқаулар тек нүсқаулық пен сериялық нөмір тілімшесінде танбалары көрсетілген елдер үшін жарамды.
- Кұрылғы үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық немесе өндірістік тұргыда қолдануға болмайды.
- Жабык жер болса да, кұрылғыны сыртта қолданбау қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр мен боранда қалдыру аса қауіпті.
- Курылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл қолмен, аяқпен түртпөңіз.
- Кұрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау мақсатында пайдалануы тиіс. Кұрылғыны басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені жылыту үшін) дұрыс емес әрі қауіпті. Кұрылғыны тиісті, дұрыс және каналы түрде пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез келген зақымға өндіруші жауапты болмайды.
- Нускаулық кітапшасы 1-сынып (окшауланған) немесе 2-сынып - 1-ішкі сынып (2 шкаф арасына орналастырылған) құрылғымен бірге беріледі.
• Балаларды пештен аулақ устаңыз. - Баска электр құрылғыларының кабельдері пештің ыстық бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
- Желдету және ыстықты салқындатуға арналған ашық жерлерді ешкашан жаппау керек.
- Оттыктар жанып түрган кезде немесе элі ыстық болғанда плитаның шыны қакпағын (тек кейбір модельдерде) жаппаңыз.
- Пешке асханалык ыдысты коярда немесе оны алған кезде әрдайым пеш қолғаптарын пайдаланыңыз.
• Кұрылғыны қолданған кезде оны маңына жанғыш сүйықтықтар (спирт, бензин және т.б.) қоймаңыз. - Төменгі сақтау бөліміне немесе пештің өзіне жанғыш заттар салмаңыз. Егер байқаусызда құрылғы қосылса, бүл заттардың жануы мүмкін.
- Кұрылғыны қолданбаған кезде түтқалар • позициясында екенін және газ шумегі жабылғанын тексеріңіз.
- Кұрылғыны өшіргенде розеткадан әрдайым айыргышты устап тартыңыз, кабельден тартып суырмаңыз.
-
Кұрылғыны электр желісінен ажыратпай ешкашан тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын жасамаңыз.
-
Егер құрылғы істен шыққан болса, оны ешбір жағдайда өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз. Тәжірибесіз адам тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз болып қалуы мүмкін. Көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз.
- Ашык пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
- Кұрылғыны физикалық, сезімталдық және психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе нұсқаулары берілуі тиіс.
- Балаларға құрылғымен ойнауға рүқсат етпеніз.
Коқыска тастау
- Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай жөргілікті заңды қадағалаңыз.
- Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты қатты қалалық қалдық айналымын пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен халық DENсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану мен машина ішіндегі материалдарды өндеу құнын онтайландыру мақсатында белек жиналуы керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім иесінің белектелген қоқыс жинауға қатысты міндетін еске салады.
Колданылған құрылғыларды қоғамдық қоқыс жинау қызметіне тапсыруға, айналадағы тиісті жинау орындарына апаруға немесе, ағымдағы ұлттық заңдар рүқсат берсе, жаңа ұқсас өнімге ауыстыру үшін сатушыға ауыстыру ұсынысы бойынша қайтаруға болады.
Уй құрылғыларының барлық негізгі өндірушілері ескі және қолданыстан шыққан құрылғыларды жинау және тастау жүйелерін жасауға және ұйымдастыруға қатысады.
Коршаған ортаны сақтау және қорғау
- Пешті танертең өрте немесе түстен кейін кешірек пайдалану арқылы электр құатын қамтамасыз етуші желілік компаниялардың ең жоғары жуктемесін азайтуға көмектесе аласыз.
- Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін тазалап сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың сыртқа шығуын болдырмайсыз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету
KZ
Курылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны төқтан ажыратыңыз.
Курылғыны тазалау
! Дақ кетіргіштер, тат кетіргіштер, ұнтақ тазартқыш заттар немесе қырғыш беттері бар губкалар сияқты қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш заттарды пайдаланбаныз. олар құрылғы беттерін біржола сызып тастауы мүмкін.
! Курылғыны ешкашан бу тазартқышымен немесе шансорғышпен тазаламаңыз.
- Эдette, плитаны дымкыл губкамен жуып, сорғыш ас үй сулгісімен күрғату жеткілікті.
- Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы беліктер және резенке тығыздағыштар жылы суға малынып, түссіз сабын жағылған губкамен тазартылады Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны жақсылап шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
- Плитаның торларын, оттық қақпақтарын, жалын қақ жарғыш сақиналарын шешіп алып тазалауды женілдетуге болады; оларды ыстық су мен қырғыш емес тазартқыш затта жуыңыз да, жақсылап кептірер бұрын қатып қалған қалдықтарды кетіргеніңізге көз жеткізіңіз.
- Электрондык түтату функциясы бар плиталарда электрондык түтату құралының ұшын жиі тазалап, газ шығатын тесіктердің бітеліп қалмауын тексеріп отыру қажет.
- Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы кезінде муқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып, жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш заттарды пайдаланбаныз.
- Пеш ecirinih әйнегін ыскышпен және қырғыш емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ шүберекпен мұқият құргатыңыз. Қатты қырғыш затты немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар әйнек бетін тырнап, оның сынуына әкелуі мүмкін.
- Керек-жарактар күнделікті ыдыстар сиякты жуылуы мумкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға жууға болады.
- Тот баспайтын болатка оның бетінде узак уақыт түрган қаттылығы жоғары су немесе құрамында фосфор бар күшті тазартқыш заттар дак түсіруі мүмкін. Жуып болған соң оны жақсылап шайып, мұқият құрғатыңыз. Сондай-ак, қалып қойған барлық су тамшыларын сүртіп алу қажет.
Какпак

Пеш шыны қақпакпен жабдықталған болса, бүл қақпақты жылы сумен тазалау керек. Қырғыш заттарды пайдаланбаңыз. Плитаның артқы жағын тазалауды жеңілдету үшін қақпақты шешіп алуға болады. Қақпақты толығымен ашып, оны жоғары қарай тартыңыз (суретті қараңыз).
! Оттыктар жанып түрган кезде немесе элі ыстык болғанда қақпақты жаппаңыз.
Пеш тығыздағыштарын тексеру
Пештері есік тығыздағыштарын жиї тексеріп тұрыңыз. Ёгер тығыздағыштар зақымдалған болса, жақын жердегі Өкілетті сатудан кейін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Газ шумегіне техникалық қызмет көрсету
Уакыт өте, шумектер тығыздануы немесе оларды бұру қындауы мүмкін. Бүл жағдай орын алса, шүмекті ауыстыру қажет.
! Бул процедураны өндіруші өкілет берген білікті маман орындауы тиіс.
Көмек
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
• Курылғының моделі (Мод.).
- Сериялық нөмірі (С/Н).
Бул акпарат кұрылғыда орнатылған деректеме кестесінде немесе орамадан табылуы мүмкін.