IdentityCollection FP 5150 - ас үй роботы BRAUN - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз IdentityCollection FP 5150 BRAUN PDF форматында.
| Бренд | Braun |
| Модель | IdentityCollection FP 5150 |
| Өнім түрі | Ас үй комбайны |
| Өлшемдер (Ұ x Е x Б) | шамамен 25 x 25 x 40 см |
| Салмағы | шамамен 5 кг |
| Қуаты | 1000 Вт |
| Қоректенуі | 220-240 В, 50/60 Гц |
| Тостаған сыйымдылығы | 1,5 литр |
| Негізгі функциялар | Турау, араластыру, кесу, үккіштеу, илеу |
| Қосымша керек-жарақтар | S-тәрізді жүз, кесу дискі, үккіш дискі, илеу ілгегі |
| Тостаған материалы | BPA-сыз пластик |
| Жүз материалы | Тот баспайтын болат |
| Жылдамдықтар | 2 жылдамдық + импульс |
| Қауіпсіздік | Қақпақты бекіту, шамадан тыс жүктеме кезінде автоматты тоқтату |
| Күтім және тазалау | Ыдыс жуғышта жууға болатын алынбалы бөлшектер (тостаған, қақпақ, керек-жарақтар) |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Қосалқы бөлшектер қолжетімді, жөндеу индексі жоғары |
| Түсі | Ақ және күміс |
| Кепілдік | 2 жыл |
Жиі қойылатын сұрақтар - IdentityCollection FP 5150 BRAUN
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы IdentityCollection FP 5150 BRAUN
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ас үй роботы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз IdentityCollection FP 5150 - BRAUN және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. IdentityCollection FP 5150 брендінің BRAUN.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ IdentityCollection FP 5150 BRAUN
Біздің өнімдеріміз сапасы, жұмысы және дизайны жоғары стандарттарға сай өндірілген. Braun құрылғысының жаңа нұсқасы сізге ұнайды деп үміттенеміз. Қызықты рецепт түрлері мен видео материалдарды келесі вебсайттан қараңыз: www.braunhousehold.com.
Бұл өнімді қолданарда нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Маңызды
Жүздері өте өткір! Жүздерді түймесінен ғана ұстаңыз. Қолданыстан кейін, өңделген тағамды алуға дейін, алдымен жүздерін алыңыз.
- Қимылдау, сезіну немесе ойлау қабілеті шектеулі және тәжірибесі мен хабары жоқ тұлғаларға, құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану жайлы нұсқаулықтар берілген жағдайда және төнетін қауіпті түсінген жағдайда ғана қолдануына рұқсат етіледі.
- Айналып жатқан елек немесе қорғағыш қақпақ зақымдалса немесе оның көрінетін сынықтары болса, құрылғыны пайдаланбаңыз.
- Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс.
• Бұл құрылғыны балалардың қолданбауы тиіс.
- Балалар құрылғы мен оның қуат сымынан алыстатылуы тиіс.
- Тазалау және техникалық қызмет көрсету балалар тарапынан бақылаусыз орындалмауы тиіс.
- Қараусыз қалдырылса және жинау, бөлшектеу, тазалау немесе сақтауға қою алдында әрқашан құрылғыны розеткадан суырыңыз.
- Егер қуатпен қамту сымы зақымдалған болса, жарақатты болдырмау үшін ол өндіруші, оның қызмет көрсету агенті немесе ұқсас өкілеттігі бар тұлғалар тарапынан ауыстырылуы тиіс.
- Құрылғыны ағытпаға қоспас бұрын, ағытпаның қуат күші құрылғыда көрсетілген қуат күшіне сай екеніне көз жеткізіңіз.
- Ас комбайнына немесе блендерге ыстық сұйықтық құйған жағдайда абай болыңыз, себебі бу құрылғыдан сыртқа шығуы мүмкін.
- Бұл құрылғы үй шаруасында қолдануға ғана арналған және тағамдарды үй шаруасына қажетті мөлшерде ғана қолдану қажет.
- Бөлшектерін микротолқынды пешпен қолданбаңыз.
Шолу
|
1 Мотор негізі 2 Куат сымын жинайтын саңылау 3 Моторды қосу түймесі 4 Жылдамдығын реттегіш (1-11) 5 Тамак комбайнының ыдысы 6 Итергіші бар қақпақ 7 Қабы бар әмбебап жүз 8 Қамыр илеуге арналған жабдық 9 Көпіршітуге арналған жабдық 10 Салындылар ұясы 10а Жұқалап тілетін салынды 10b Қалыңдау тілетін салынды 10с Ұсақтап тілкемдейтін салынды 10d Ірілеп тілкемдейтін салынды 10e Үгетін сайман 11 Французша картоп құралдары 12 Цитрус сыққыш (Конус + Сүзгі) 13 Қалақша
||
14a Нығыздағыш жүзікті жүз жинағы
14b Құманды блендер
14с Қақпақ
14d Өлшейтін ыдыс
III (FP 5160 үлгісінде ғана)
15а Шырын сыққыштың жалғағышы бар негізі
15b Шүмек
15с Мэйек науасы
15d Сүзгі
15е Мұржасы мен итергіші бар қақпақ,
15f Мәсуек
Бірінші рет қолданар алдында
Бірінші рет қолданарда барлық бөліктерін жуыңыз («Тазалау» бөлімін қараңыз).
Мотор бөлігін жазық және таза жерге орналастырыңыз. Сымды жинайтын ұяшықтан куат сымының қажетті ұзындығын ғана шығарыңыз.
Құралды қолдану
Жылдамдықты реттегіш
Жылдамдықты таңдау үшін (1....11) өзгермелі, электронды жылдамдық реттегішті (4) қолданыңыз. Жылдамдық деңгейлерін I + II кестесінен қараңыз.
Мотор түймесі
О Өшіру
I Қосу / тұрақты жұмысы
P Қағыс = бірден қағыс
Авто қағыс
Қамыр илеу бағдарламасы
Блендер құманы бағдарламасы
Қағыс режимі
Құрылғының бірден қосылуын қаласаңыз, мотор түймесін (3) «Р» күйіне қойыңыз. Мотор түймесін «Р» күйіне қойып ұстап тұрғанда, құрылғы таңдалған жылдамдықпен қолыңызды жібергенше жұмыс істейді. Жылдамдығын реттеуге болады.
Авто қағыс
Мотор түймесін (3) «» күйіне қойғанда, құрылғы таңдалған жылдамдықпен үзіліссіз, ұзақтығы біркелкі қысқа қағыс береді. Жылдамдығын реттеуге болады.
Авто қағыс режимін келесі әрекеттер үшін қолдануға болады:
- Қамырдың біркелкілігін сақтау үшін ұнды абайлап қосу үшін.
- Көпіршітілген жұмыртқа немесе қаймақты қаттырақ тағамға қосу үшін.
- Жұмыртқа немесе пияз сияқты жұмсақ тағамдарды турау үшін.
- Мұз кесектерін шағу үшін (құманды блендер салынғанда ғана).
Қамыр илеу бағдарламасы
Қамыр илеуге арналған жылдамдық. Бағдарламаны қолмен тоқтату қажет.
Құманды блендер бағдарламасы
Бағдарламаны қолмен тоқтату қажет (жылдамдық деңгейін ІІ-кестеден қараңыз).
Қауіпсіз қосу жүйесі
Құрылғыны келесі жағдайларда ғана қосуға болады:
- аяқ мотор негізіне дұрыс бекітілгенде және қақпақ, аяққа мықтап бекітілгенде,
- Кұманды блендер негізге дұрыс бекітілгенде,
- шырын жабдығы мотор негізіне дұрыс бекітілгенде және шырын сыққыштың қақпағы мәйек жинағышқа енгізілгенде.
Егер қауіпсіз қосу жүйесі кедергіге ұшыраса (мысалы, тамақ процессордың қақпағы ашылса), құрылғы жұмысын тоқтатады. Ондай жағдайда мотор қосу түймесін «О» күйіне қойыңыз.
Құрылғыны қайта қосарда жабдықтар мен қақпақтардың дұрыс бекітілгенін қадағалаңыз.
Құрылғы қосылып тұрғанда саусақтарыңызды аяққа тигізбеніз.
Ингредиенттерді қосу үшін әрқашан итергішті қолданыңыз.
Қақпағын немесе жабықтарын ауыстырғанда құрылғыны алдымен өшіріңіз.
Құралдар немесе жабдықтарды құрылғы тоқтап тұрғанда ғана ауыстырыңыз.
I Аяқты қолдану
Ең жоғары сыйымдылығы: 2 л сұйықтық.
Жинау
- Аяқты (5) мотор негізіне жебелерін мотор негізіндегі жебелерге қатарластырып орнатыңыз. Аяқты сағат тілі бағытында орнына түскенше бұраңыз.
- Құралдар/жабдықтарды аяққа әрқашан ингредиенттерді салуға дейін орнатып алыңыз.
- Жабдықтарды аяқтың қозғалтқыш білігіне қарай барынша итеріңіз.
- Қақпағын кигізіп (жебелерін қатарластырыңыз), аяққа бекітілгенше сағат тілі бағытында бұраңыз.
- Қақпақты алу үшін сағат тіліне қарсы бұраңыз: содан кейін аяқты сағат тіліне қарсы бұрап, көтеріп алыңыз.
А Жүздер (7)
Сақтандыру! Жүздері өте өткір. Пластик түймесінен ғана ұстаңыз.
Қолданыс алдында жүзді қабымен бірге ұсталға қойып, қорғағыш қабының (І А) түймесін төмен қарай басып, қабын абайлап шешіп алыңыз. Қолданыстан кейін қабын қайта кигізу үшін жүзді ұсталге қойып, қорғағыш қабын тұтқасынан асыра кигізіңіз. Қорғағыш қабын бір қолыңызбен ұстап, түймесін екінші қолыңызбен қаттырақ басып, жүзді қабына дұрыстап бекітіңіз.
Жүзді аяққа ингредиенттерді қосуға дейін орнатыңыз.
Қолданыстан кейін өңделген тамақты алуға дейін жүзді алып тастаңыз.
Турау, кесу
Кофе дәндері, фасоль, мускат және мұз кесектері сияқты қатты тағамдарға қолданбаңыз.
Жылдамдық деңгейлері: А кестесін қараңыз
| Торт/бисквит камырын араластыру: баска ингредиенттер | Ең көбі 500 г, үн және |
Сұйықтықтан басқа ингредиенттердің
барлығын 11 са. 1 мин
аяққа салыңыз.
Мотор қосылып тұрған күйінде сұйықтықты
қақпақтың мүржасы арқылы құйыңыз.
Мейіз сияқты ингредиенттерді қолмен қосыңыз.
Жұмыртқа мен суды араластырыңыз.
Ұн қосыңыз (және какао ұнтағын,
егер қажет болса), қағыс режимі арқылы
6 × «P»
Жүзіммен (7) илегенде турауды қажет етпейтін үзім, цукат, жаңғақтарды қоспаңыз. Буларды қамыр тамақ комбайнынан алған соң қолмен қосу керек.
Қамыр илеуге арналған жабдық (8)
Қамыр илеу жабдығы ашыған қамыр, қамыр және тәтті қамырды илеуге арналып жасалған.
Илейтін жабдықты аяққа ингредиенттерді қосуға дейін орнатыңыз.
Егер қажет болса, сұйықтықты мотор қосылып тұрған күйінде қақпақтың мүржасы арқылы құйыңыз.
Қамыр домаланғаннан кейін су қоспаңыз, қамыр суды сіңірмейді.
Ашыған қамыр (нан және торт қамыры)
Ең көбі 500 г, ұн және басқа ингредиенттер.
3 жылдамдығын таңдаңыз немесе илеу жабдығының бағдарламасы арқылы шамамен 1,5 мин.
Қамыр
Ең көбі 500 г, ұн және басқа ингредиенттер.
3 жылдамдығын таңдаңыз немесе илеу жабдығының бағдарламасы арқылы шамамен 1,5 мин.
Тәтті тоқаштар
Ең көбі 500 г, ұн және басқа ингредиенттер.
3 жылдамдығын таңдаңыз немесе илеу жабдығының бағдарламасы арқылы шамамен 1,5 мин.
Нәтижесі жақсы болу үшін май тым жұмсақ немесе тым қатты болмауы тиіс.
Қамыр домаланған соң илеуді тоқтатыңыз. Әйтпесе тәтті тоқаш қамыры тым жұмсарып кетеді.
С Көпіршітуге арналған жабдық (9)
Араластырғыш жабдығын жұмыртқа ағын, қаймақ көпіршіту үшін немесе бисквит әзірлеу үшін пайдаланыңыз.
Көпіршітуге арналған жабдықты сары май қосылған торт қамырын әзірлеуге қолданбаңыз.
| Жумыртка ағын көпіршіту | Жылдамдық | Уакыт |
| Мин: 2 жұмыртка ағы | 4–5 | са. 4 мин |
| Ең көбі: 6 жұмыртка ағы | 4–5 | са. 6 мин |
| Қаймақ көпіршітуНәтижесі жақсы болу үшін салқындатылғанқаймақты қолданыңыз (4 °C). | ||
| Мин: 0,15 л | 1 | са. 1–2 мин |
| Ең көбі: 0,4 л | 1 | са. 3,5–4 мин |
| Бисквит камырын көпіршіту | Жылдамдык, Уакыт | |
| Ең көбі 300 г, үн және басқа ингредиенттер.Жұмыртқа мен суды араластырыңыз(қажет болса) | 5 | са. 2 мин |
| қант қосыңыз | 5 | са. 2 мин |
| үнды жайлап қосыңыз және какао ұнтағын(қажет болса) | 1 | са. 30 сек |
D Жұқалап тілу / тілкемдеу жүйесі (10)
Бір салманы (10а–10е) салма ұясына (10) суретте көрсетілгендей салып, орнына бекітіңіз. Жиналған тілгіш/тілкемдегішті аяқтың қозғалтқыш білігіне салыңыз. Салманы алу үшін салманың ұяның түбінен шығып тұрған бір ұшын итеріңіз.
Тағамдарды мотор өшіріліп тұрғанда салу қажет. Мотор қосылып тұрғанда мұржаның ішіне қолыңызды салмаңыз. Әрқашан итергішті қолданыңыз.
Нәтижесі жақсы болу үшін шырыны мол немесе жұмсақ тағамды төменгі жылдамдықпен өңдеңіз. Қатты тағамдар үшін жоғары жылдамдықты қолданған дұрыс.
Е Французша картоп күралы (11)
Французша картоп күралын көзғалтқыш білікке кигізіп, қақпаққа (6) қойып, орнына бекітіңіз.
Нәтижесі жақсы болу үшін, қақпақтағы мұржаға (б) тамақты мотор өшіп тұрғанда салыңыз. Құралды қосып, аздаған қысым салу үшін итергішті қолданыңыз. Тамақты саларда: моторды өшіріңіз.
Жылдамдық деңгейлері: D + Е кестелерін қараңыз
Сүзгіні тамақ комбайнының аяғына жебелерін қатарластыра орнатыңыз, одан кейін сүзгі орнына түскенше сағат тілі бағытымен бұраңыз. Конусты сүзгіге салыңыз.
Қауіпсіз бекіту: цитрус сыққыш сүзгі аяққа дұрыс түскенде ғана қосылады.
Құрылғыны қосып (ұсынылған жылдамдық, 1), цитрус жемісінің жартысын конус арқылы сығыңыз.
Сығу үрдісін дүркін-дүркін тоқтатып, сүзгідегі мәйекті алыңыз.
Қолданыстан кейін, өшіріп, қуат көзінен ажыратыңыз. Сүзгіні сағат тіліне қарсы бұрап, көтеріп алыңыз.
Сақтандыру! Жүзі өткір – табанынан ғана ұстаңыз.
Ең жоғары сыйымдылығы: 1,5 л сұйықтық (коктейльдер үшін 750 мл) Жылдамдық аралығы: 1–11
Жинау
Жүзді құманды блендерге (II) орнатпай тұрып жүздің, нығыздағыш жүзігін салып алыңыз.
Жүзді салғанда, алғанда және жуғанда аса абай болыңыз.
Жүзді төменгі жағынан ұстап, құманды блендерге енгізіп, сағат тілі бағытында бұраңыз.
Куманды блендерді мотор негізіне салып (жебелерін қатарластырыңыз), бекітілгенше сағат тілі бағытында бұраңыз.
Қақпақты құлақшасын шүмекке қатарластыра салыңыз.
Куманды блендерді көже, коктейльдер, смузи, бала тағамы немесе майонез әзірлеуге қолданыңыз.
Шикі көкөністерден жасалған көжесі
750 г сәбізді турап, құманға салыңыз. 750 мл су қосыңыз, тұз, бұрыш және шөптерді қосыңыз.
Ең жоғары жылдамдықпен 5 секунд айналдырыңыз.
Нәтижесі тамаша болу үшін:
- Қатты тағамдарды алдын ала турап алыңыз (көже жасағанда пісірілген ингредиенттерді қолданыңыз).
- Сүт қосқанда сүттің көпіршитінін ескеріңіз (көп дегенде 750 мл).
- Сүт коктейлін әзірлегенде жемістерді алдын ала ұсақтап турап алып, сұйықтық қосуға дейін айналдырып алыңыз. • Тамақты құманға салыңыз.
- Қақпақты құманға мықтап орнатып, өлшегіш кесені қақпақтың саңылауына енгізіңіз.
- Қуат негізін қосыңыз.
- Араластыру кезінде сұйықтық қосу үшін өлшегіш кесені қақпақтан алып, қақпақтағы саңылаудан құйыңыз.
- Майонез әзірлегенде майды өлшегіш ыдыстың тамшы саңылауы арқылы құюға болады.
Жылдамдық деңгейлері: II кестесін қараңыз
Қолданыстан кейін өшіріп, қуат көзін ажыратыңыз. Құманды блендерді сағат тіліне қарсы бұрап алыңыз. Блендерді шешу үшін, құманды төңкеріп, блендер жинағын сағат тілі бағытында бұраңыз.
Жиналған құманды алдын ала тазалау
Құманды босатып, ішіне су құйыңыз. Қуат негізіне қойып, бұрандалы қосқышты «Р» бағытында бірнеше рет бұраңыз. Құманды босатып, жақсылап шайыңыз.
Қолданарда әрқашан сүзгісін тексеріңіз. Тілкемдеу жүзіне қолыңызды тигізбеңіз.
Сүзгі немесе қорғағыш қабынан бүліну белгілерін байқасаңыз, шырын сыққышты қолданбаңыз.
Құрылғы қосылып тұрғанда толтыру мұржасына қолыңызды тигізбеңіз.
Тамақты қозғау үшін әрқашан итергішті қолданыңыз.
Сүзгі айналуын тоқтатқанша қақпақты алуға болмайды.
Жинау
- Шырын жабдығын шырын сыққыштың жалғағышына салыңыз.
- Екі жабдықты да мотор негізіне орнатыңыз (жебелерін қатарластырыңыз). Одан кейін шырын сыққышты сағат тілі бағытында бұрап, мотор негізіне бекітіңіз.
- Сүзгіні салып, төмен қарай басып, шырын сыққыштың жалғағышына бекітіңіз.
- Қақпақты салып, артқы қысқыштарын қақпақтың құлақшасына енгізіп бекітіңіз, төменгі ұштарын қатты итеріп, орнына түсіріңіз.
- Құманды шырын шүмегінің астына қойыңыз.
Шырын сыққышты қосыңыз.
- Жемістер/көкөністерді мүржаға салыңыз.
- Моторды «І» күйіне қойыңыз. Жылдамдығын таңдау қажет емес; құрылғы тұрақты жылдамдықпен жұмыс істеп тұр.
- Мотор қосылып тұрғанда итергішпен итеріп, көбірек жеміс/көкөніс салыңыз.
- Дүркін-дүркін өшіріп, қуат көзінен ажыратып, жеміс мәйегін мәйек жинағыштан тазалап отырыңыз.
Жеміс түрі Әзірлеу
| Қатты жемістер/көкөністер, мысалы, алма, алмүрт, | Жеуге жарамсыз қабығы мен дәндөрін алып тастаңыз |
| Жапырақты көкөністер, қырыққабат, шпинат | Араластыруға дейін жапырақтарын мықтап |
| Жұмсақ жемістер/көкөністер, мысалы цитрус жемістері, киви | Жеуге жарамсыз қабығын алып тастаңыз |
| Жүзім негізгі сабағын кесіп тастаңыз | |
| Сүйекті жемістер, мысалы, өрік, шабдалы | сүйегін алып тастаңыз |
| Қауын | Аршып, мұржаға сиятындай етіп кесіңіз |
| Қызанак, қияр әзірлік қажет емес | |
| Жидектер Тек шырын қосындыларымен жарамды | |
Шырын сығуға жарамсыз:
- құрамында крахмалы бар жемістер (банан, манго, папайя, авокадо, інжір)
- өте қатты, талшықты жемістер мен көкөністер
Қолданыстан кейін, өшіріп, қуат көзінен ажыратыңыз. Қысқыштарын ашып, қақпағын көтеріп, мәйек жинағышты сузгімен бірге алыңыз, одан кейін шырын сыққышты сағат тіліне қарсы бұрап, қуат негізінен шешіңіз. Сүзгі мен шырын аяғын ыдыс жуатын машинаға салғанға дейін масуекпен (15f) бір рет тазалап алыңыз.
IV Тазалау
Мотор блогын (1), илеу жабдығын (8) және жалғағышы бар шырын сыққыш негізін (15а) дымқыл матамен сүртіп алыңыз.
Барлық жабдықтар/құралдар/аяқтарды ыдыс жуатын машинамен жууға болады (жуу кестесін қараңыз).
Құрамында пигменті көп тағамдарды өңдегенде (мысалы, сәбіз), жабдықтардың өңі өшеді. Бұл бөліктерін жуарда өсімдік майымен сүртіңіз.
Ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Өнім қолданыстан шыққанда басқа үй қоқысымен бірге тастамаңыз. Еліңіздегі Braun қызмет көрсету орталығына өткізуіңізге болады.

Шығарылған жылы
Шығарылған жылын белгілеу үшін бұйым такташасындағы 5-сандық шығарушы кодын қараңыз. Шығарушы кодының бірінші саны шығарған жылдың соңғы санын білдіреді. Келесі 2 сандар шығарылған жылдың күнтізбелік апта санын білдіреді. Ал соңғы 2 сандар 1992 жылдан бастап автоматты түрде есептелген басып шығару мерзімін білдіреді. Мысалы: 30421 – Бұйым 2013 жылының 4 аптасында шығарылған.
EAC
Асүйлік комбайн
Braun FP 5150, тип 3208, 1000 Ватт.
Braun FP 5160, тип 3209, 1000 Ватт.
Кытайда жасалған үшін Делонги Браун Хаусхолд ГмбХ
Германия Занды өндіруші:
Кепілді қызмет көрсету мерзімінде немесе одан кейін қызмет көрсету, сондай-ақ ақаулықтарды анықтау мәселелері бойынша Braun компаниясының, Тұтынушыларға қызмет көрсету қызметіне 8 800 200 5262 телефоны арқылы хабарласыңыз.
Бұйымды іске пайдалану нұсқаулығына сәйкес өз мақсатында пайдалану керек. Бұйымның қызмет мерзімі тұтынушыға сатылған күннен бастап 2 жылды құрайды.
Импортер:
«Делонги» ААҚ, Ресей, 127055,
Мәскеу қаласы, Сущёвская көшесі,
27/3-үй (27-үй, 3-құрылым)
| Ақаулық Себебі Шешімі | |
| Асүйлік комбайн жұмыс істемей түр. | Қуат жоқ, Құрылғының токқа қосылғанын тексеріңіз.Үйдегі сақтандырғышты/қыска тұйықтағышты тексеріңіз.Егер олардың ешқайсысы ақаулы болмаса, Врашп сервис орталығы-на хабарласыңыз. |
| Шара және/ немесе қақпақ дұрыс бекітілме-ген. | |
| Жұмыс барысында сүйықтық шамадан тыс шашырайды немесе үн бұрқырайды. | Тандалған жылдамдық тым жоғары. |