EasyClean FC8733 - Шаңсорғыш PHILIPS - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз EasyClean FC8733 PHILIPS PDF форматында.
| Өнім түрі | Қапсыз цилиндрлі шаңсорғыш |
| Модель | Philips EasyClean FC8733 |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 400 x 250 x 200 мм |
| Салмақ | 4.5 кг |
| Қуат көзі | Желіден, 220-240В, 50-60Гц |
| Қуат тұтыну | 1800 Вт |
| Сым ұзындығы | 6 м |
| Шаң сыйымдылығы | 1.5 л |
| Сүзу жүйесі | HEPA 13 жуылатын сүзгі |
| Соруды басқару | Тұтқадағы электронды соруды басқару |
| Еден саптамасы | TriActive+ барлық еденге арналған саптама |
| Керек-жарақтар кіреді | Сызат құралы, кішкентай щетка, жиһаз саптамасы |
| Шу деңгейі | 78 дБ(А) |
| Жұмыс радиусы | 9 м (сым + шланг) |
| Шаң контейнерін тазалау | Бір тиюмен гигиеналық тазалау |
| Сүзгіге күтім жасау | Жуылатын HEPA сүзгісі, әр 3 ай сайын тазалау |
| Шығару сүзгісі | Жуылатын шығару сүзгісі |
| Түтік материалы | Металл телескопиялық түтік |
| Тұрақ режимі | Көлденең және тік тұрақ |
| Қауіпсіздік ерекшеліктері | Термиялық шамадан тыс жүктемеден қорғау, автоматты сым орау |
| Жөндеу мүмкіндігі | Қосалқы бөлшектер қолжетімді: сүзгілер, саптама, шланг, түтік |
| Кепілдік | 2 жыл өндіруші кепілдігі |
| Энергия класы | А (ЕО ережесі бойынша) |
Жиі қойылатын сұрақтар - EasyClean FC8733 PHILIPS
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы EasyClean FC8733 PHILIPS
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз EasyClean FC8733 - PHILIPS және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. EasyClean FC8733 брендінің PHILIPS.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EasyClean FC8733 PHILIPS
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетіне тіркеңіз. Philips компаниясы материалды пайдаланумен қатар, қуатты үнемдеу тұрғысынан қоршаған ортаға кері әсер етпейтін өнімдер жасау сияқты технологияның соңғы жетістіктерін ұсынады. Осы бағыттағы кейбір өнім түрлері жартылай биопластиктер мен қайта пайдаланылатын пластиктерден жасалған. Биопластиктен жасалған бөлшектер қоршаған ортаға кері әсер етпейді, себебі олар алмастырылатын биомасса негізінде жасалған. Кейбір бөлшектер әдеттегі пластиктерден жасалуы қажет, алайда Philips компаниясы бұл бөлшектерді мүмкіндігінше қайта пайдаланылатын пластиктерден жасауға тырысады. Дәстүрлі әдіске қарағанда бұл өндіру әдісінің нәтижесінде аз қалдық қалады. Бұл шаңсорғыштардың мотор өнімдері өте тиімді, аз қуат алып жоғары өнімділік көрсетеді.
Philips компаниясының осы және басқа да қоршаған ортаны қорғау әрекеттері туралы қосымша ақпарат алу үшін www.asimpleswitch.com веб-сайтына кіріңіз.
Жалпы сипаттама (Сурет 1)
1 Сүзгі цилиндрі 2 Сүзгі цилиндр қорабы 3 Шлангіні қосатын аузы 4 Шаң жинағыш дорбаны ұстағыш 5 Шаң жинағыш дорба 6 Сүзгі цилиндр құлпы 7 Мотор қорғауыш фильтрі 8 Сору қуат түймесі 9 Жоғарғы сап 10 Қосу/өшіру түймесі 11 Артқы дөңгелектер 12 Тазалайтын тарақ 13 Топсалы шаң жинағыш дорба ұстағышы 14 Ток сымын жинайтын түйме 15 Шлангты қосушы 16 Шлангты ажырататын түйме 17 Шлангты байлайтын ілмек 18 Кішкене қылшық (тек ерекше түрлері ғана) 19 Кішкене қондырғы (тек ерекше түрлері ғана) 20 Жарықшақты кішкене қондырғы (тек ерекше түрлерінде ғана) 21 Стандартты сап (тек ерекше түрлері ғана) 22 Қосымша бөлшекті ұстағыш (тек ерекше түрлерінде) 23 Түтікті босату түймесі (тек ерекше түрлері ғана) 24 Қосымша бөлшектер ұстағышын босату тұтқасы (тек ерекше түрлерінде) 25 Жарықшақты кішкене құрал (тек ерекше түрлерінде) 26 Қосымша бөлшек ретінде берілген қыстырғыш (тек ерекше түрлері ғана) 27 Кішкене саптама (тек ерекше түрлерінде) 28 Қосымша щетка (тек ерекше түрлерінде ғана) 29 Эргономикалық ComfortControl сабы (тек ерекше түрлері ғана)
30 Икемді шланг қосылуы (тек ерекше түрлерінде ғана) 31 Шланг 32 Құрамалды саптама (тек ерекше түрлерінде ғана) 33 Уақытша қоюға арналған жиектер 34 Жылжымалы иін 35 Үш белсенділікті қондырғы (тек ерекше түрлері ғана) 36 Жиектердегі щетка 37 Қосымша бөлшек ретінде берілген қыстырғыш (тек ерекше түрлері ғана) 38 Телескоптік (бақылауға болатын) құбыр (тек ерекше түрлері ғана) 39 Телескоптік (бақылауға болатын) құбыр (тек ерекше түрлері ғана) 40 Сүзгі торы 41 Супер таза ауа сүзгілері (тек ерекше түрлерінде) 42 Ток шанышқысы 43 Уақытша қоюға арналған орын 44 Super Clean Air HEPA фильтрлері (тек ерекше түрлерінде ғана) 45 Шарнирмен байланыстырылған дөңгелек 46 Ерекше табан
Маңызды
Құралды қолданбастан бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
- Суды немесе басқа сұйықтықты соруға болмайды. Жанғыш заттарды соруға болмайды, ал күлді сору үшін оның суығанын күтіңіз.
Ескерту
- Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген кернеудің жергілікті ток көзінің кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
- Егер құралдың ашасы, сымы немесе құралдың өзі зақымдалған болса, құралды қолданбаңыз.
- Егер ток сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін оны тек Philips компаниясы ұсынған қызмет орталығында сол компанияның жабдықтарымен және соған сәйкес білімі бар маман алмастыру керек.
- Физикалық мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және білімі мен тәжірибесі аз адамдар (балаларды қоса) бұл құралды олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамның қадағалауымен немесе құралды қалай пайдалану жөнінде нұсқау берілген жағдайда ғана қолдануына болады.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.
- Шаң сорғыш қосулы кезінде, шлангіні, құбырды немесе басқа қосымша бөлшектерді көзіңізге, құлақтарыңызға бағыттамаңыз және оларды аузыңызға салмаңыз.
Абайлаңыз
- Үлкен заттарды соруға болмайды, себебі олар құбыр мен шлангінің ауа жүретін жеріне тұрып қалуы мүмкін.
- Шаң сорғышты күл, ұсақ құм, әк, цемент шаңын және осы тәріздес заттарды сору үшін қолданған болсаңыз, сүзгі цилиндр тесіктері бітеліп қалады. Егер сору қуатының әжептеуір бәсендегенін байқасаңыз, сүзгі цилиндрін тазалаңыз.

- Егер сүзгі цилиндрі, сүзгі цилиндр ыдысы және шаң жинағыш ыдыс дұрыс орнатылмаған болса, немесе жапқышы дұрыстап жабылмаған болса, құралды қолдануға болмайды.
- Шаң себетін босатар алдында немесе фильтр цилиндрін тазалар алдында міндетті түрде құралды ток сымынан суырыңыз.
- Бұл құралды мотор қорғауыш сүзгісіз қолдануға болмайды. Бұл моторға зақым келтіріп, құралдың қызмет ету уақытын қысқартуы мүмкін.
- Тек қана Philips қосымша берілген сүзгі цилиндрлерін қолданыңыз.
- Шуыл деңгейі: Lc = 80 дБ(А).
- Шаң сору кезінде, әсіресе ауа ылғалдығы төмен бөлмеде, шаңсорғыш статикалық ток құрады. Осының нәтижесінде түтікті немесе шаңсорғыштың басқа темір жерінен ұстасаңыз ток соғуы мүмкін. Бұндай токтың соғуы сізге зиян емес және құралға нұқсан келтірмейді. Бұл қолайсыздықты жою үшін ұсынамыз:
1. Зарядсыздандыру үшін құралды бөлмедегі басқа металл заттарға жиірек тигізіп тұрыңыз (мысалы, үстелдің немесе орындықтың аяқтарына, радиаторға т.б.); 2. Бөлмедегі ауа ылғалдылығын арттыру үшін бөлмеге су қойыңыз. Мысалы, радиатордан алынған суды ыдыстарға құйып, радиаторға ілуіңізге немесе тостағандарға су құйып, радиатордың үстіне немесе жанына қоюыңызға болады.
Philips компаниясы шығарған бұл құрал электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданылса, қазіргі кездегі белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып, құралды қолдану қауіпсіз деуге болады.
Қолдануға дайындау
Эргономика кеңесі

ComfortControl сабы (тек кейбір түрлерінде ғана)
- Ерекше ыңғайлы басқару (ComfortControl) қолсабы шаңсорғышты қолданғанда қолайлы болу үшін эргономикалық жобамен жасалған.
- Осы қолсаптың көмегімен жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін екінші қолыңызбен түтіктен ұстамаңыз. Түтіктен ұстасаңыз, еңкейіп жүргендіктен, беліңізді ауыртып алуыңыз мүмкін.
- Біздің эргономист кеңесшілеріміз сізге түтік ұзындығын сап ұстаудың деңгейі белдің деңгейіне келетіндей етіп ұстауға кеңес береді.
ComfortControl сабын жалғау (тек ерекше түрлерінде ғана)

1. Сапты телескопты құбырға жалғаңыз («сырт» ете түседі).

2. Сапты құбырдан ажырату үшін сапты бір қолыңызбен ұстаңыз. Екінші қолыңызбен телескопты құбырды ұстап тұрып, құбырды босату түймесін (1) басыңыз да, құбырды саптан (2) шығарып алыңыз.
Стандартты сапты жалғау (тек ерекше түрлерінде)

1. Телескопты құбырды шлангінің сабына жалғау үшін саптағы (1) пружиналы бекіту түймесін басып, сапты құбырға (2) жалғаңыз. Пружиналы бекіту түймесін құбырдағы тесікшеге туралап енгізіңіз («тық» ете түседі). 2. Құбырды шлангінің сабынан ажырату үшін, серіппелі құлып түймесін басып, сапты құбырдан суырып тартып алыңыз.
Ескертпе: Бұл шаңсорғыш қолсабының �шында қуыстар бар (кейбір түрлерге ғана). Осы қуыстар шаңсорғышты түтіксіз немесе қосымша бөлшексіз пайдаланғанда заттардың тұрып қалмауы мен зақымданбауын алдын алады.
Шланг

1 Шлангты қондыру үшін, оның белдігін тесікшеге (1) кіргізіңіз және шланг қосушыны төмен қарай итеріңіз (2) («сырт» етіп түскен дыбыс естисіз).

2 Шлангты ажырату үшін, босату түймелерін басып (1), шланг қосушыны оны қосуға арналған тесікшеден тартыңыз (2).
Телескоптық түтік

1 Қондырғыны еденге қойыңыз және түтікті еденге 45° градуста ұстаңыз.

2 Тұтқа шығу деңгейіне келгенше түтікті жоғары-төмен жылжытыңыз.

3 Түтікті саптамаға жалғау үшін түтіктегі серіппелі бекіту түймесін басып, түтікті саптамаға салыңыз. Серіппелі бекіту түймесін саптамадағы тесікшеге келтіріп салыңыз. («сырт» етіп түседі). - Құбырды шлангтің сабынан ажырату үшін, серіппелі құлып түймесін басып, сапты құбырдан суырып тартып алыңыз.
Қосымша бөлшек ұстағышы (тек ерекше түрлері ғана)

1 Қосымша бөлшектер ұстағышын сапқа сырғытып енгізіңіз («сырт» етіп түседі).

2 Қосымша бөлшектер ұстағышын қолсабынан ажырату үшін, босату ілмегін біріктіріп қысыңыз (1) содан соң қосымша бөлшектер ұстағышын қолсабынан сырғытып суырып алыңыз (2).
Қосымша бөлшек қыстырмасы (тек ерекше түрлері ғана)

Қосымша бөлшек қыстырмасы құбырға сырт етіп түсіп орнатылады.
- Сіз жарықшақты қондырғыны және кішкене саптаманы сырт еткізіп қыстырмаға ілуіңізге болады (тек ерекше түрлерінде ғана).
Қосымша бөлшек ұстағышы (тек ерекше түрлері ғана)

- Қосымша бөлшек ұстағышы сапқа сырт ете түсіп орнатылады. Қосымша бөлшектерді арнайы ұстағышта сақтауға болады. Оларды ұстағышқа итеріп орнатып және тартып алуыңызға болады. Сіз бірден екі қосымша бөлшекті арнайы ұстағышта сақтай аласыз:

- Жарықшақты аспап және кішкене қондырғы. Қосымша бөлшектерге арналған ұстағышқа кішкене қондырғыны қалай орнату керек екендігіне назар аударыңыз.

- Жарықшақты аспап және кішкене щетка.
Жарықшақты аспап және кішкене саптама (тек ерекше түрлерінде ғана).

1 Саңылауды тазалау құралын (1) немесе қылшықты ұшпен не онсыз кішкене саптаманы (2) түтікке (3) не болмаса тікелей сапқа жалғаңыз.

Қосымша щетка (тек ерекше түрлерінде ғана)
1 Қылшақты қосымша бөлшекті жинақтау үшін, оны кішкене саптаманың астына сырғытып енгізіңіз («сырт» ете түседі).

2 Қылшақты қосымша бөлшекті ажырату үшін, оны кішкене саптаманың астынан сырғытып суырып алыңыз.

Жарықшақты аспап, кішкене қондырғы (тек ерекше түрлері ғана)

- Жарықшақты аспапты (1), кішкене қондырғыны (2) немесе кішкене щетканы (3) құбырға немесе тікелей сапқа жалғастыра аласыз.
Үш белсенділікті қондырғы (тек ерекше түрлері ғана)

Үш белсенділікті қондырғы ол кілем мен қатты едендерге арналған көп мақсатты қондырғы.
- Жанындағы щетка қосымша шаң мен кірді жинауға көмек көрсете отырып, жиһаздар мен басқа тосқауылдар арасын жақсырақ тазалауға мүмкіндік береді.

- Қондырғының алдындағы ашық саңлау ірі қоқыстарды жинауға мүмкіндік береді.

1 Қатты едендерді тазалау үшін қатты едендер бағдарламасын таңдаңыз (мәселен, черепица, паркет, ламинат және линолиум төселген едендер): саптама үстіндегі тербелме қосқышын табаныңызбен басып, қылшықты лентаны орнынан шығарыңыз. Сол мезетте, дөңгелектері көтеріледі, демек, сырып кетуден сақ етіп және маневр жасауға ыңғайлы болады.

2 Кілемдерді тазалау үшін кілем бағдарламасын таңдаңыз: саптама үстіндегі тербелме қосқышын табаныңызбен тағы басып, қылшықты лентаны орнына кіргізіңіз. Дөңгелектері автоматты түрде төмендетіледі.

Құрамалы саптама (тек ерекше түрлерінде ғана).
Сіз құрамалы саптаманы кілемдерді (қылшықты жолағын кіргізіп) немесе қатты едендерді (қылшықты жолағын шығарып) тазалауыңызға болады.
1 Қатты едендерді тазалау үшін құрамалы саптамадағы қосу/өшіру түймесін аяғыңызбен басыңыз. Қылшықты жолақ саптамадағы орнынан шығады.

2 Кілемдерді тазалау үшін, құрамалы саптамадағы ықтырмалы қосу/өшіру түймесін аяғыңызбен тағы бір рет бассаңыз, қылшақты лента қайтадан саптамадағы орнына кіреді.
Құрылғыны қолдану

1 Ток сымын құралдан тартып шығарып, шанышқысын қабырғадағы розеткаға кіргізіңіз. 2 Құралды қосу үшін оның қосу/өшіру түймесін басыңыз.

- Шаң сорып жатқанда сіз сору қуатын сору қуаты түймесі арқылы сәйкестендіре аласыз.
- Өте кір кілемдер мен қатты едендерді шаң сорғышпен тазалау үшін ең жоғарғы сору қуатын қолданыңыз.
- Перделер, дастархандар және т.б. тазалау үшін, минималды сору қуатын таңдаңыз.
- Егер сіз бір сәтке үзіліс жасағыңыз келсе, құбырды ыңғайлы ұстанымда уақытша қою үшін, қондырғының томпып тұрған жағын уақытша қою орнына кіргізіп қойыңыз.
Тазалау және күтіп ұстау
Құралдың еш бір бөлігін ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды.
Құралдан кез келген бөлшекті алмас бұрын немесе тазаламас бұрын құралды сөндіріп, оны токтан суырыңыз.
Шаң жинағыш шелекті босату

- Шаң жинағыш шелекті шаң деңгейі сүзгі цилиндр қорабының дөңгелек дискісіне жеткен мезетте босатыңыз.
1 Шлангіні құралдан ажыратыңыз.

2 Шаң жинағыш шелекті оның ұстағышын төмен қарай тарту арқылы босатып алыңыз.

3 Шаң жинағыш шелектің сабын ұстап, оны құралдан жоғары қарай көтеріп тартып алыңыз.

4 Шаң жинағыш шелекті қоқыс шелегінің үстінен ұстап, сүзгі цилиндр қорабын суырып алыңыз.

5 Шаң жинағыш шелектің құрамын қоқыс шелегіне босатыңыз.
Шаң жинағыш шелекті суық ағын суымен және біраз тазалағыш сұйықтықпен жуып жіберсеңіз болады.
6 Сүзгі цилиндр қорабын қайтадан шаң жинағыш ыдысқа орнатып, оны құралға қайта қойыңыз.
Сүзгі цилиндрін сүзгі цилиндрі сақталатын қорапқа салғандығыңызды тексеріңіз. Әйтпесе, шаң жинағыш ыдыстың ұстағышы жабылмайды.
Сүзгілерді тазалау және күту

Сүзгі цилиндрін апта сайын тазалап тұрыңыз.
1 Шаң жинағыш ыдысты құралдан алыңыз, сүзгі цилиндрі құлпын ашыңыз (1) енді сүзгі цилиндрін қораптан тартып суырып алыңыз (2).

2 Сүзгі цилиндрді қосымша берілген щеткамен тазалаңыз. Сүзгі цилиндрдің қабырғалары бойынша жоғарыдан төмен қарай щеткамен тазалаңыз.
Тек қосымша берілген щетканы ғана қолданыңыз! Басқа щеткалар сүзгі цилиндрін зақымдауы мүмкін.
3 Сүзгі цилиндрін жуғыңыз келсе, тек сумен жақсылап жуыңыз.
Сузгі цилиндрін тазалауға ешқандай сабын, тазалағыш сұйықтық немесе ұнтақ қолдануға болмайды. Қорабына қайтадан орнатар алдында оны жақсылап кептіріп алыңыз.

1. Сүзгі цилиндрі қорабын шаң жинағыш ыдыстан босатып алыңыз. 2. Сүзгі цилиндрі қорабының ішінде шаң болса, оны қоқыс шелегіне босатыңыз. 3. Егер қажет болса, сүзгі цилиндр қорабын салқын сумен және кішкене тазалағыш сұйықтықпен тазалауыңызға болады. 4. Сүзгі цилиндр құлпын ашып, сүзгі цилиндрін қорабына қайта салыңыз. 5. Сүзгі цилиндр қорабын қайтадан шаң жинағыш ыдысқа орнатып, оны құралға қайта қойыңыз.
Мотор қорғауыш сүзгі
Моторды қорғайтын фильтрді жылына бір рет тазалаңыз.
Мотор қорғауыш сүзгі өте кір болса, онда оны суық ағын суымен шаюыңызға болады.
Фильтрді тазалағанда ешқандай тазалағыш сұйықтықтар мен қоспаларды пайдаланбаңыз.
Фильтр цилиндрін құралға қайта салмастан бұрын оны толық кептіріңіз.
3. Таза мотор қорғағыш фильтрін орнына қатты итеріңіз, оның орнына дұрыс түскендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
Супер таза ауа сүзгілері (тек ерекше түрлерінде)
Құралдың артқы жағында орналасқан Super Clean Air фильтрінде электровалентті талшықтар бар. Бұл талшықтар қолданылған ауадағы майда қоқыстардың ірілерін сүзеді.
Супер таза ауа сүзгілерін әр алты ай сайын алмастырып отырыңыз.
1. Сүзгі торын ашыңыз.
2. Сүзгі ұстағышын шығарып алыңыз.

3. Сүзгі ұстағышын ашып, ескі сүзгіні алып тастаңыз.

4. Жаңа сүзгіні сүзгі ұстағышына орнатып, ұстағышты жабыңыз («сырт» ете түседі»).

5 Сүзгі ұстағышын қайтадан құралға қойыңыз.

6 Сүзгі торын жабыңыз («сырт» ете түседі).
Super Clean Air HEPA фильтрлері (тек ерекше түрлерінде ғана)
Super Clean Air фильтрлерінің орнына бұл құрал Super Clean Air HEPA фильтрлерімен жабдықталуы мүмкін. Бұл фильтр ауа шығарылатын жерден 0.0003 мм. мөлшердегі қоқыстардың 99.5% дейін алып тастай алады. Мұның ішіне тек үй ішінде кездесетін шаңдар ғана кіріп қоймай, сонымен бірге тыныс аллергияларына себеп болатын үй шаң бөлшектері және экскременттері сияқты зиянды микроскопты зиянкестер де жатады.
- Super Clean Air HEPA фильтрлерін әр алты ай сайын алмастырып отырыңыз.
- Бұл фильтрлер Super Clean Air фильтрлері сияқты алмастырылады.
Сактау
1 Құралды сөндіріп, оны токтан суырыңыз.

3 Шаң сорғышты жинап қойғанда әрдайым үш белсенділікті қондырғыны кілем бағдарламасына қоюды ұмытпаңыз, сонда сіз щетка таспасын қайырылып кетуден сақтайсыз.

4 Қондырғының жиегін арнайы тесікшеге енгізу арқылы құралға орнатып қоюыңызға болады. Құралды тігінен қойып, барлық дөңгелектерін еденге тигізіп қойып сақтаңыз.
Егер сүзгі немесе басқа қосымша бөлікті табу барысында қиыншылықтарға кездессеңіз, еліңіздегі Philips тұтынушыларға қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз немесе дүниежүзілік кепілдік кітапшасын қараңыз.
- Philips сүзгі цилиндрлері 4322 004 93320 қызмет нөмірі бойынша қамтамасыз етіледі.
- Супер таза ауа сүзгілері FC8032 түрі нөмірі бойынша қамтамасыз етіледі.
- Super Clean Air HEPA фильтрлері FC8044 нөмірі бойынша бар.
Қоршаған орта

- Қызмет мерзімі аяқталғанда, құрылғыны кәдімгі қоқыспен бірге тастамаңыз, оның орнына ресми жинау орнына тапсырыңыз. Осылайша, сіз қоршаған ортаны сақтауға көмектесесіз.
Кепілдік және қызмет көрсету
Егер көмек немесе ақпарат керек болса, не болмаса сізде шешілмеген мәселе болса, Philips компаниясының www.philips.com веб-сайтына кіріңіз немесе өз еліңіздегі Philips Тұтынушылар орталығына хабарласыңыз (ол нөмірді сіз дүние жүзі бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан табасыз). Еліңізде Тұтынушылар орталығы жоқ болған жағдайда жергілікті Philips дилерімен байланысыңыз.
Ақаулықтарды шешу
Бұл тарауда құрылғыда пайда болуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған. Егер төменде берілген ақпараттың көмегімен ақаулықты шеше алмасаңыз, еліңіздегі Тұтынушы орталығына хабарласыңыз.
| Сору куаты элсіз. Сіз тым төмен сору куаты бағдарламасын тандаған боларсыз. | Жоғарырақ сору куат бағдарламасын тандаңыз. |
| Сүзгін цилиндрін шаң басып қалған болар. | Фильтрлі цилиндрді тазалаңыз («Тазалау және күту» тарауын қараңыз). |
| Мотор қорғауыш сүзгі және/немесе НЕРА сүзгісі кірлеп қалған болар. | Фильтрлерді тазалау немесе ауыстыру («Тазалау және күту» тарауын қараңыз). |
| Шланг, саптама, немесе құбыр бітіп қалған болар. | Тұрып қалған заттарды алып тастау үшін, бітіп қалған бөлікті ажыратып, керісінше қосыңыз (мүмкіндік болса). Шаң сорғышты қосып, тұрып қалған затты кері бағытта сору арқылы шығарып аласыз. |
| Мен шаң дорбасының бекітпесін жаба алмай тұрмын. | Сүзгі цилиндрі кабына дұрыс салынбаған. |
| Мен шаңсорғышты пайдаланғанда кейде ток сокқанын сеземін. | Шаңсорғышыңыз статикалық токты кұрады. Бөлмедегі ауа ылғалдығы төмен болған сайын, құралдағы статикалық ток құру артады. |
| Бұл ынғайсыздықты кеміту үшін токты азайту үшін құралды бөлмедегі баска метал заттарға жиірек тигізіп тұруды ұсынамыз (мысалы үстелдің немесе орындықтың аяқтарына, радиаторға т.б.). | |
| Бұл ынғайсыздықты кеміту үшін бөлмеге су қойып бөлмедегі ауа ылғалдылығын арттыруды ұсынамыз. Мысалы, радиатордан алынған суды ыдыстарға құйып радиаторға ілуңізге немесе тостағандарға суды құйып радиатордың үстіне немесе жанына қоюыңызға болады. |