Expression FC8613 - Шаңсорғыш PHILIPS - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Expression FC8613 PHILIPS PDF форматында.

PHILIPS Expression FC8613 - Шаңсорғыш
📄 108 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice PHILIPS Expression FC8613 - page 37
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Қапты шаңсорғыш
Модель Expression FC8613
Бренд Philips
Қаптың түрі s-bag™ синтетикалық қаптар (бір реттік) немесе қайта пайдаланылатын қап (кейбір елдерде)
Сүзгілеу Қозғалтқыштың тұрақты қорғаныс сүзгісі; Super Clean Air сүзгісі (қосымша жуылатын HEPA 12)
Сору қуатын реттеу Иә, тұтқадағы қосқыш немесе құрылғыдағы тетік арқылы
Шу деңгейі 82 dB (A)
Қондырмалар Tri-Active (кілемдер мен қатты едендерге), әмбебап, саңылаулық, кішкентай қондырма
Құбыр Телескопиялық, басу немесе бекіту жүйесімен (модельге байланысты)
Кабель орағыш Иә, автоматты
Қаптың толу көрсеткіші Иә, түс өзгеруі
Қолдану Кілемдер мен қатты едендерді тазалауға арналған
Қауіпсіздік Суды немесе ыстық күлді соруға болмайды; зақымдалған сыммен қолданбаңыз
Күтім Қапты үнемі ауыстыру, сүзгілерді тазалау (HEPA 12 сүзгісін 4 ретке дейін жууға болады)
Қосалқы бөлшектер (қаптар) Classic s-bag™ FC8021, Clinic s-bag™ FC8022, Anti-odour s-bag™ FC8023
Қосалқы бөлшектер (сүзгілер) Super Clean Air FC8032, HEPA 12 FC8044 (жуылмайтын), жуылатын HEPA 12 қызмет көрсету нөмірі 4322 000 39090

Жиі қойылатын сұрақтар - Expression FC8613 PHILIPS

Philips Expression FC8613 шаңсорғышына шлангты қалай жалғау керек?
Шлангты құрылғыға мықтап басыңыз (1), содан кейін оңға бұраңыз (2). Ажырату үшін солға бұрып, тартып шығарыңыз.
Осы модельде сору қуатын қалай реттеуге болады?
Сору қуатын құбыр тұтқасындағы қосқыш (бар болса) немесе құрылғының үстіндегі тетік арқылы реттеуге болады.
Шаң қапшығын қашан ауыстыру керек?
Қаптың толу көрсеткіші тұрақты түске өзгергенде қапты ауыстырыңыз – тіпті қондырма еденге тимесе де.
Super Clean Air HEPA 12 сүзгісін қалай тазалау керек?
Сүзгіні алыңыз, бүктелген жағын ыстық ағынды сумен шайыңыз, щетканы қолданбаңыз. Қайта орнату алдында кем дегенде 2 сағат кептіруге қалдырыңыз.
Бұл шаңсорғышпен суды соруға бола ма?
Жоқ, құрылғыны суды немесе басқа сұйықтарды, ыстық күлді сору үшін пайдалануға болмайды.
Шаңсорғышты қалай сақтау керек?
Құрылғыны өшіріңіз, кабельді ораңыз, тік күйге қойыңыз және қондырманы сақтау саңылауына бекітіңіз. Tri-Active қондырмасы үшін кілем режимін орнатыңыз.
Сору қуаты төмендегенде не істеу керек?
Қаптың толып кетпегенін тексеріңіз (оны ауыстырыңыз), сүзгілердің кірлегенін (тазалаңыз немесе ауыстырыңыз) және қондырманың, құбырдың немесе шлангтың бітелмегенін тексеріңіз.
Super Clean Air сүзгісін қаншалықты жиі ауыстыру керек?
Super Clean Air сүзгісін 6 ай сайын ауыстыру керек. HEPA 12 (жуылатын) сүзгісін ең көбі 4 рет тазалауға болады, содан кейін ауыстырыңыз.
Осы модельге қандай қаптар сәйкес келеді?
Philips s-bag™ қаптарын пайдалану керек: Classic (FC8021), Clinic (FC8022) немесе Anti-odour (FC8023). Кейбір елдерде қайта пайдаланылатын қап қоса беріледі.
HEPA 12 сүзгісінің қызмет көрсету нөмірін қайдан табуға болады?
Жуылатын Super Clean Air HEPA 12 сүзгісі 4322 000 39090 қызмет көрсету нөмірімен қолжетімді.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Expression FC8613 PHILIPS

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Expression FC8613 - PHILIPS және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Expression FC8613 брендінің PHILIPS.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Expression FC8613 PHILIPS

Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips-ке қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өзіңіздің өніміңізді www.philips.com/welcome бойынша тіркеуге отырғызыңыз.

Маңызды

Құралды қолданар алдында осы нұсқауды мұқият оқып шығыңыз, әрі болашақта қолдануға сақтап қойыңыз.

Қауіпті

- Суды немесе басқа сұйықтықты соруға болмайды. Жануы жеңіл заттарды соруға болмайды, ал күлді сору үшін, оның суығанын күтіңіз.

Ескерту

  • Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген вольтаж, жергілікті қамтамасыз етілетін вольтажбен сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
  • Егер құралдың шанышқысы, сымы немесе құралдың өзге бөлшегіне зақым тиген болса, құралмен қолданбаңыз.
  • Егер ток сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips немесе Philips әкімшілік берген қызмет орталығында немесе соған тәріздес деңгейі бар маман ғана ауыстыруы тиіс.
  • Бұл құралмен, егер осы құралды қолдану жөнінде олардың қауіпсіздігіне жауапты адамнан нұсқау алған болмаса немесе оның қадағалауымен қолданып жатпаған болса, физикалық сезімталдығы төмен немесе ақылы кем адамдар, немесе білімі мен тәжірибесі аз адамдар (жас балаларды да қоса) қолдануына болмайды.
  • Құралмен ойнамас үшін, балаларды қадағалаусыз қалдыруға болмайды.
  • Шаң сорғыш қосулы кезінде, шлангіні, құбырды немесе басқа қосымша бөлшектерді көзіңізге, құлақтарыңызға бағыттамаңыз және оларды аузыңызға салмаңыз.

Сактандыру

  • Сіз шаң сорғышты күлді, ұсақ құмды, әкті, цемент шаңын және осы тәріздес заттарды сору үшін қолданған кезде, шанмен шаң дорба тесікшелері бітіп қалады. Осының нәтижесінде, шаң дорбасы толып кетті деген көрсеткіш шаң дорбасы толды деп ескертеді. Бір рет ғана қолданылатын шаң дорбасын алмастырыңыз, ал қайта қолданылатын шаң дорбасын босатыңыз, тіпті ол әлі де болса толы емес болса да («Шаң дорбасын алмастыру/босату» тармағын қараңыз).
  • Бұл құралды мотор қорғауыш фильтрсіз қолдануға болмайды. Бұл моторға зақым келтіріп, құралдың қызмет ететін өмірін қысқартуы мүмкін.
  • Тек қосымша берілген Philips шаңсорғыш дорбаларын, синтетикалық шаң дорбаларын немесе қайта қолданылатын шаң дорбаларын ғана қолданыңыз (кейбір елдерде ғана).
  • Шу деңгейі: Lc = 82 дБ(А)

Бұл Philips құралы электрмагниттік өріске (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес келеді. Егер осы құралды қосымша берілген нұсқаулықтағыдай ұқыпты қолдансаңыз, онда бұл құрал, бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер бойынша, қолдануға қауіпсіз болып табылады.

Қолдануға дайындық

Шланг

1 Шлангты қосу үшін, оны құралға (1) итеріп, сағат бағытымен бұраңыз (2) (Сурет 1). 2 Шлангты босату үшін, оны сағат бағытына қарсы бұрап (1), құралдан тартып суырып алыңыз (2) (Сурет 2).

Құбыр

Жалпы екі түрлі қосу жүйесі бар. Бұл құралда оның біреуі орнатылған. Бұл қосу жүйесі келесі суреттерде көрсетілген.

Конусты қосу (тек ерекше үлгілерінде ғана)

1 Құбырларды бір-біріне және шлангтың қол сабына қосу үшін, тар бөлігін кең бөлігіне кіргізіп, кішкене бұраңыз (Сурет 3).

2 Құбырларды бір-бірінен және шлангтың қол сабынан ажырату үшін, кішкене бұрап отырып тартыңыз.

Түймелі қосу (тек ерекше үлгілерінде ғана)

1 Құбырды шлангтағы қол сабына қосу үшін, қол сабындағы серіппелі бекіту түймесін басып, қол сабын құбырға енгізіңіз. Құбырдағы ашық тесікке серіппелі бекіту түймесін енгізіңіз (сырт ете түседі). (Сурет 4)

2 Құбырды шлангтың сабынан ажырату үшін, серіппелі құлып түймесін басып, сапты құбырдан суырып тартып алыңыз.

Есте сақтаңыз: Қондырғыларды қосу және ажырату үшін де осы әдісті қолданасыз.

Телескоптық (бақылауға болатын) құбыр (тек ерекше түрлері ғана)

1 Шаңсорғышпен жұмыс жасағанда, құбырдың ұзындығын өзіңізге ыңғайлы етіп алыңыз (Сурет 5).

Үш белсенділікті қондырғы (тек ерекше түрлері ғана)

Үш белсенділікті қондырғы – кілем мен қатты едендерге арналған көп мақсатты қондырғы.

  • Жанындағы щетка қосымша шаң мен кірді жинауға көмек көрсете отырып, жиһаздар мен басқа тосқауылдар арасын жақсырақ тазалауға мүмкіндік береді. (Сурет 6)
  • Қондырғының алдындағы ашық саңлау ірі қоқыстарды жинауға мүмкіндік береді (Сурет 7).

1 Қатты едендерді тазалау үшін, құрамалды саптамадағы ықтырмалы қосу/өшіру түймесін аяғыңызбен басыңыз (Сурет 8).

Қатты едендерді тазалауға арналған қылшақ лентасы орыннан шығады. Сонымен қатар, дөңгелектері көтеріліп, еденді сырудың алдын алып, қозғалмасы өседі.

2 Кілемдерді тазалау үшін, ықтырмалы түймесін тағы басыңыз. (Сурет 9)

Қылшақ лентасы орнына түсіп, дөңгелектері автоматты түрде төмендетіледі.

Құрамалды саптама (тек ерекше түрлерінде ғана).

Біріктірілмелі саптамасын кілемге және едендерге де қолдануға болады.

1 Қатты едендерді тазалау үшін, құрамалды саптамадағы ықтырмалы қосу/өшіру түймесін аяғыңызбен басыңыз (Сурет 10).

Қатты едендерді тазалауға арналған қылшақ лентасы орыннан шығады.

2 Кілемдерді тазалау үшін, ықтырмалы түймесін тағы басыңыз. (Сурет 11)

ДКылшак лентасы саптама орына түседі.

Жарыкшакты аспап және кішкене кондырғы.

1 Жарыкшак күралын (1) немесе кішкене саптамасын (2) тікелей қол сабына немесе кұбырға байланыстырыңыз (Сурет 12).

Косымша бөлшек ретінде берілген қыстырғыш

1 Бөлшек кыстырғышын кұбырға кыстырыңыз (Сурет 13).

2 Жарыкшак күралын және кішкене саптамасын қыстыргышка сырт еткізіп орнатыңыз.

Куралды колдану

1 Ток сымын куралдан тартып шығарып, шанышқысын кабырғадағы розеткаға кіргізіңіз. 2 Куралдың жоғарғы жағындағы қосу/өшіру түймесін аяғыңызбен басып, кұралды қосыңыз (Сурет 14). 3 Шаң сорғышпен тазалап жатқанда сіз сору куатын мына жолмен бақылай аласыз:

- Кол сабындағы сырғыма (тек ерекше түрлері ғана) (Сурет 15)

- Куралдың төбесіндегі түйме (тек ерекше түрлері ғана) (Сурет 16)

4 Егер сіз бір сәтке үзіліс жасағыңыз келсе, құбырды ыңғайлы ұстанымда уақытша қою үшін, қондырғының, томпип түрған жағын уақытша қою орнына кіргізіп қойыңыз (Сурет 17).

Сактау

1 Куралды сөндіріп, оны токтан суырыңыз. 2 Ток сымын жинап кою үшін, тоқ сымын жинау түймесін басыңыз (Сурет 18). 3 Күралды тігінен түргызып қойыңыз. Күралға саптаманы орнату үшін, ілмегін сақтап қоятын орынға енгізіңіз (Сурет 19). 4 Шаң сорғышты жинап қойғанда әрдайым үш белсенділікті қондырғыны кілем бағдарламасына қойюды ұмытпаңыз, сонда сіз щетка таспасын қайырылып кетуден сақтайсыз (Сурет 9).

Бір рет ғана қолданылатын шан, дорбасын тастар алдында немесе қайта қолданатын шан, дорбасын алмастырар алдында құралды сөндіріңіз.

Бір рет ғана қолданылатын шаң дорбасын алмастыру

- Шаң жинағыш дорбаны дорба толық деген көрсеткіш түсі тұрақты болып өзгергенде алмастыру керек, мәселен, кондырғы еденге тигізілмеген кезде де (Сурет 20).

1 Оны ашу үшін, жабылғысын жоғары қарай тартыңыз (Сурет 21). 2 Шаң жинағыш дорбаны ұстағышынан жоғары қарай тартып шығарып алыңыз (Сурет 22).

Шаң сорғыш дорбаны құралдан алып жатқанда оны тік ұстағаныңыз жөн.

3 Ұстағыштан толған шаң дорбасын алу үшін, картон биркасынан тартыңыз (Сурет 23). Сіз осылай жасағанда, дорба автоматты түрде жабылады. 4 Жаңа шаң жинағыш дорбаның алдындағы картонын дорба ұстағыштағы екі кершікке барынша терең етіп кіргізіңіз. (Сурет 24) 5 Шаң жинағыш дорба ұстағышын шаң сорғышқа қайта орнатыңыз (Сурет 25).

Есте сақтаңыз: Егер шаң дорбасы салынбаған болса, сіз жапқышын жаба алмайсыз.

Қайта қолданылатын шаң дорбасын босату (тек кей елдерде ғана).

Кей елдерде, шаң сорғышпен қоса қайта қолданылатын шаң дорбалары да беріледі, оларды босатып, қайта қолдануға болады. Қайта қолдануға болатын шаң дорбаларын бір рет қана қолдануға болатын шаң дорбаларының орнына қолдануға болады.

Қайта қолдануға болатын шаң дорбаларын босату үшін, тек қана «Бір рет қолдануға болатын шаң дорбаларын алмастыру» бөлігінде берілген нұсқауды орындаңыз.

Қайта қолданатын шаң жинағыш дорбаны босату:

1 Шаң дорбасының екі жағындағы сырғымасын сырғытыңыз. 2 Ішіндегі қоқысты қоқыс шелегіне сілкіп түсіріңіз. 3 Шаң дорбасын жабу үшін, сырғыманы шаң дорбасының астыңғы жиегіне дейін қайтадан сырғытыңыз.

Фильтрлерді тазалау және күту

Фильтрлерді тазалар немесе алмастырар алдында құралды міндетті түрде токтан суырыңыз.

Моторды қорғауға арналған тұрақты фильтр

Тұрақты Мотор Қорғауыш Фильтрін шаң дорбасын алмастырған сайын тазалап отырыңыз.

1 Шаң жинағыш дорба ұстағышын дорбамен бірге суырып алыңыз (Сурет 22). 2 Құралдан моторды қорғау фильтрінің орнын алыңыз. Фильтрді орнынан шығарыңыз (Сурет 26). 3 Фильтрді тазалау үшін, оны қоқыс шелегінің үстінен сілкіңіз. 4 Фильтрді ұстағышына ақ түсті жағы шаң дорбасы орнына қарай қаратып қайта салыңыз. Ұстағышын төмен қарай қаттылап итеріңіз, төменгі жағында ол дұрыстап орнына кіруі мүмкін. (Сурет 27) 5 Шаң жинағыш дорба орнатылған ұстағышты құралға қайта орнатыңыз (Сурет 25).

Супер Таза Ауа Фильтрлері (тек ерекше түрлері ғана)

Супер Таза Ауа Фильтрлері құралдың фильтрлерінің артқы жағында орналасқан кішкене. Супер Таза Ауа Фильтрлерін әр алты ай сайын алмастырып отырыңыз.

1 Фильтр грилін ашыңыз (Сурет 28). 2 Ескі фильтрді алып тастаңыз. 3 Жаңа фильтрді құралға орнатыңыз (Сурет 29). 4 Фильтр грилін жабыңыз («сырт» ете түседі) (Сурет 30).

Жууға болатын Супер Таза Ауа НЕРА 12 фильтрі (тек ерекше түрлерінде ғана)

Супер Таза Ауа Фильтрлерінің орнына бұл құрал Супер Таза Ауа НЕРА Фильтрлерімен жабдықталуы мүмкін. Бұл фильтр ауа шығарылатын жерден 0.0003 мм. мөлшердегі қоқыстардың 99.5%-на дейін алып тастай алады. Мұның ішіне тек үй ішінде кездесетін шаңдар ғана кіріп қоймай, сонымен бірге тыныс аллергияларына себеп болатын үй шаң бөлшектері және экскременттері сияқты зиянды микроскопты зиянкестер де жатады. Жууға болатын Супер Таза Ауа НЕРА 12 фильтрін әр бір 6 ай сайын тазалап отырыңыз. Сіз жууға болатын Супер Таза Ауа НЕРА 12 фильтрін ең көп дегенде 4 рет тазалауыңызға болады. Фильтрді 4 рет тазалағаннан соң, оны алмастырыңыз.

1 Фильтр грилін ашыңыз (Сурет 28). 2 Жууға болатын НЕРА 12 фильтрін алыңыз. 3 НЕРА 12 фильтрінің бүктелмелі жағын жәймен ағып тұрған ыстық ағын су астында шәйіңіз.

- Фильтрді бүктелген жағын жоғары қаратып ұстап, суды бүктелмесіне параллельді етіп ағызыңыз. Фильтрдің ішіндегі жиналып қалған кірді су ағызып жіберетіндей бұрышпен ұстаңыз (Сурет 31).

  • Фильтрді 180° бұрап, суды керісінше ағызып жіберіңіз (Сурет 32).
  • Осы әрекетті фильтр толығымен таза болғанша қайталай беріңіз.

Жууға болатын фильтрді қылшақпен тазалауға болмайды (Сурет 33).

Есте сақтаңыз: Тазалау әрекеті фильтрдің түп нұсқалы түсін жоймайды, дегенмен, ол оның фильтрлеу қуатын жаяды.

4 Абайлап фильтр бетіндегі суды сілкіп жіберіңіз. Фильтрді кем дегенде 2 сағат бойы кептіріңіз, содан соң оны қайтадан шаң сорғышқа орнатыңыз. 5 Фильтрді қайтадан артына салыңыз. Фильтрдегі Philips белгісі сол жақтағы жоғарғы бұрышында көрініп тұруы тиіс (Сурет 29). 6 Фильтр грилін жабыңыз («сырт» ете түседі) (Сурет 30).

Құрал саймандарға тапсырыс беру

Егер сіз шаң жинағыш дорба, фильтр, немесе басқа қосымша бөлікті табу барысында қиыншылықтарға кездессеңіз, өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар Қызмет Орталығымен байланысыңыз, немесе дүние жүзілік кепілдік кітапшасын қараңыз.

Шаң жинағыш дорбаларға тапсырыс беру

  • Классикалық Philips s-дорба™ қағаз шаң жинағыш дорбалары FC8021 нөмірлі түрлеріне қамтамасыз етіледі.
  • Клиникалық Philips s-дорба™ жоғары фильтрациялы шаң жинағыш дорбалары FC8022 нөмірлі түрлеріне қамтамасыз етіледі.
  • Philips жағымсыз иіске қарсы с-дорба™ қағаз шаң жинағыш дорбалары FC8023 нөмірлі түрлеріне қамтамасыз етіледі. Фильтрлерге тапсырыс беру
  • Супер Таза Ауа Фильтрлері FC8032 нөмірлі түрлеріне қамтамасыз етіледі.
  • Жууға болмайтын Супер Таза Ауа НЕРА 12 фильтрін FC8044 түрінің нөмірі бойынша сұраныс жасауға болады.
  • Жууға болатын Супер Таза Ауа НЕРА 12 фильтрін қызмет нөмірі 4322 000 39090 бойынша сұраныс жасауға болады.

Қоршаған айнала

- Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға болмайды. Оның орнына бұл құралды арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған айналаны сақтауға себіңізді тигізесіз. (Сурет 34)

Кепілдік және қызмет

Егер сізге ақпарат керек болса, немесе сізде ойландырған мәселе болса, Philips'тің интернет бетіндегі www.philips.com веб-сайтына келіңіз, немесе өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар Орталығына телефон шалсаңыз болады (оның нөмірін сіз дүние жүзі бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан табасыз). Сіздің еліңізде Тұтынушылар Қамқорлық Орталығы жоқ болған жағдайда өзіңіздің жергілікті Philips дилеріне арызданыңыз немесе Philips'тің Үйге арналған құралдар қызмет департаменті және Жеке Қамқор ВУ бөліміне арызданыңыз.

Ақаулықтарды табу

Осы тармақта құралмен қолданғанда жиі кездесетін келел мәселелер жөнінде әңгіме жүреді. Егер сіз мәселеңізді шеше алмасаңыз, өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар Орталығына телефон шалсаңыз болады.

1 Сору қуаты әлсіз.

A Шаң жинағыш дорбаны тексеріңіз, мүмкін ол толып кеткен болар.

Егер қажет болса, бір рет қолданылатын шаң дорбасын алмастырыңыз немесе қайта қолданылатын шаң дорбасын босатыңыз (тек кейбір елдерде ғана).

Бастапқы фильтрлерді алмастыру қажет пе екенін тексеріңіз.

Егер қажет болса, фильтрлерді тазалаңыз немесе алмастырыңыз.

Сору қуаты түймесі максималды күйде екенін және/немесе қол сабындағы сырғыманың жабық екенін тексеріңіз.

Қондырғы, құбыр немесе шланг бітелмегенін тексеріңіз. (Сурет 35)

Бітелген заттарды алып тастау үшін, бітелген бөлікті ажыратып, керісінше қосыңыз (мүмкіндік болса). Шаңсорғышты қосып, бітелген затты кері бағытта сору арқылы шығарып аласыз.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : PHILIPS

Модель : Expression FC8613

Санат : Шаңсорғыш