KN3C117A(X)/RU - плита INDESIT - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз KN3C117A(X)/RU INDESIT PDF форматында.

INDESIT KN3C117A(X)/RU - плита
📄 36 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice INDESIT KN3C117A(X)/RU - page 25
Нұсқаулықты қарау : English EN Қазақша KK
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Еркін тұрған пеш
Бренд Indesit
Моделі KN3C117A(X)/RU
Ені 60 см
Тереңдігі 60 см
Биіктігі 85 см
Салмағы 52 кг
Қуат көзі 220-240 V ~ 50/60 Hz
Плита түрі Газ (4 оттық)
Пеш түрі Электрлік көп функциялы
Пеш сыйымдылығы 71 л
Энергия тиімділігі класы (Пеш) A
Гриль функциясы Иә
Конвекция желдеткіші Иә
Жалын сөнуінен қорғау құрылғысы Иә (газ оттықтарында)
Балалар құлпы Жоқ
Пешті тазалау Эмаль жабыны, оңай тазалау
Пеш функцияларының саны 8
Тұтану түрі Автоматты (ұшқын)
Кепілдік 2 жыл
Жөндеуге жарамдылық индексі 7.5 / 10

Жиі қойылатын сұрақтар - KN3C117A(X)/RU INDESIT

Пешті қалай тазалау керек?
Ылғалды шүберек пен жұмсақ жуғыш затты қолданыңыз. Абразивті тазартқыштардан аулақ болыңыз. Эмаль қабырғасын сүртіп тазалауға болады. Қиын дақтар үшін эмальға жарамды кәсіби пеш тазартқышты пайдаланыңыз.
Пеш функциялары қандай?
Пеште 8 функция бар: дәстүрлі, желдеткіш көмекші, гриль, желдеткіш гриль, пицца, жібіту және т.б. Нақты белгішелер мен сипаттамалар үшін нұсқаулықты қараңыз.
Газ оттықтарын қалай тұтату керек?
Тұтқаны басып, сағат тіліне қарсы максималды жалын белгісіне бұраңыз. Ұшқын тұтануы оттықты автоматты түрде жағады. Егер жанбаса, ұшқын шырағын немесе тұтану батареясын тексеріңіз.
Пеш неге қыздырылмайды?
Қуат көзінің жалғанғанын және автоматты ажыратқыштың қосулы екенін тексеріңіз. Таймердің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Әлі де қыздырылмаса, рұқсат етілген қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Пеште алюминий фольгасын қолдануға бола ма?
Иә, бірақ пештің түбін жабудан немесе ауа айналымын бөгеуден аулақ болыңыз. Фольганы науаларды төсеу үшін пайдаланыңыз, пештің еденіне емес.
Оттықтардың өлшемдері қандай?
Плитада үлкен (3,5 кВт), орта (2,0 кВт), кіші (1,0 кВт) және көмекші (0,8 кВт) оттықтар бар. Нақты диаметрлер үшін нұсқаулықты қараңыз.
Балалар құлпы бар ма?
Бұл үлгіде балалар құлпы жоқ. Пештің жанында балаларды қадағалаңыз.
Пеш жарық шамын қалай ауыстыру керек?
Қуатты ажыратыңыз, шыны қақпағын алып, 25 Вт, 300°C ыстыққа төзімді шамға ауыстырыңыз. Қайта жинап, қуатты қосыңыз.
Газ иісі сезілсе, не істеу керек?
Газ беруді дереу өшіріңіз, электр қосқыштарын пайдаланбаңыз, бөлмені желдетіп, газ компаниясына немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қосалқы бөлшектерді қайдан табуға болады?
Indesit ресми қызметі немесе рұқсат етілген дилерлер арқылы тапсырыс беріңіз. Қауіпсіздік пен өнімділік үшін түпнұсқа бөлшектерді пайдаланыңыз. Моделі KN3C117A(X)/RU көрсетіңіз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы KN3C117A(X)/RU INDESIT

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз плита PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз KN3C117A(X)/RU - INDESIT және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. KN3C117A(X)/RU брендінің INDESIT.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ KN3C117A(X)/RU INDESIT

Орналастыру және түзулеу

Электр қосылымдары

Техникалық деректері

Құрылғы сипаттамасы, 29

Жалпы шолу

Баскару тактасы

Қосу және пайдалану, 30

Пешті қосу

Тағам дайындау режимдері

Электрондық таймер

«Пеште тағам дайындау бойынша кеңестер» кестесі

Шыны керамикалық плитаны қолдану, 33

Пісіру аймақтарын қосу және өшіру

Пісіру аймақтары

Сактандырулар мен кеңестер, 34

Жалпы қауіпсіздік

Қоқысқа тастау

Қоршаған ортаны сақтау және қорғау

Күтім және техникалық қызмет көрсету, 36

Құрылғыны өшіру

Пешті тазалау

Пеш шамын ауыстыру

Шыны керамикалық плитаны тазалау

Көмек

ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін бөліктері жұмыс кезінде қызуы мүмкін.

Қыздыру элементтеріне тимеуге назар аударыңыз. 8-ге толмаған балаларға үздіксіз бақылау болмаса, құрылғыдан аулақ ұстау керек. Бұл құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану бойынша кеңес не нұсқау берілген және ықтимал қауіп-қатерлерді түсінетін жағдайда, оны 8-ге толған балалар мен дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар қолдана алады.

Балаларға құрылғымен ойнауға болмайды. Балаларға бақылаусыз құрылғыны тазалауға және орган қызмет көрсетуге болмайды.

ЕСКЕРТУ: Плитада майға тамақ пісірген кезде бақылап тұрмау қауіпті болуы және өрт шығуға әкелуі мүмкін.

Өртті ЕШҚАШАН сумен өшіруші болмаңыз, оның орнына құрылғыны өшіріп, жалынды жабыңыз, мысалы қақпақпен немесе өртенбейтін матамен.

ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: пісіру беттерінде заттарды сақтамаңыз.

ЕСКЕРТУ: Шыны мен керамикадан жасалған бет жарылған болса, ток соғу мүмкіндігінің алдын алу үшін құрылғыны өшіріңіз. Пеш есігінің шынысын тазалау үшін қатты ысқыш тазалағыштарды немесе өткір металл ысқыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар шыныны сызып, оның сынуына әкелуі мүмкін.

Бөліктің (бар болса) ішкі беттері қызып кетуі мүмкін.

Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе шаңсорғышты пайдаланбаңыз.

Металл заттарды (пышақтар, қасықтар, таба қақпақтары, т.б.) конфоркаға қоймаңыз, себебі олар қызып кетуі мүмкін. Қақпақты ашпас бұрын ондағы сұйықтықты сүртіп алыңыз.

Шыны қақпақты (бар болса) газ оттықтары немесе электр плиталар әлі ыстық болған кезде жаппаңыз.

Пайдаланғаннан кейін плитаны басқару элементінің көмегімен өшіріңіз, таба детекторына сенбейіңіз.

ЕСКЕРТУ: Тоқ соғу мүмкіндігінің алдын алу үшін шамды ауыстырмас бұрын құрылғы өшірілгеніне көз жеткізіңіз.

Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен басқарылуға арналмаған.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: сәйкес келмейтін конфоркалардың қорғану құралдарын пайдалану жазатайым оқиғаларға себеп болуы мүмкін.

! Тартпаны ішке салған кезде шектегіш жоғары қарап, қуыстың артқы жағында тұрғанына көз жеткізіңіз.

! Жаңа құрылғыны іске қоспас бұрын нұсқаулық кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда құрылғыны қауіпсіз орнату және оны пайдалану туралы маңызды ақпараттар қамтылған. ! Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Құрылғы сатылса, біреуге берілсе немесе көшірілсе, нұсқаулар онымен бірге болатынына көз жеткізіңіз. ! Құрылғыны нұсқауларға сәйкес арнайы біліктілігі бар маман орнатуға тиіс. ! Кез келген түрде реттеу немесе қызмет көрсету қажет болса, оны құрылғыны токтан ажыратқаннан кейін орындау керек.

Орналастыру және түзулеу

! Құрылғыны биіктігі плитаның биіктігінен аспайтын шкафтардың қасына орнатуға болады. ! Құрылғының артқы жағына тиіп тұратын қабырға жанғыш емес, қызуға төзімді материалдан (Т 90°C) жасалғанына көз жеткізіңіз.

Құрылғыны дұрыс орнату үшін:

  • Оны ас үйге, залға немесе тұрғын үйге қойыңыз (ваннаға қоймаңыз).
  • Плитаның жоғарғы жағы шкафтан жоғары болса, құрылғыны олардан кем дегенде 200 мм қашықтықта орнату керек.

COPFYII MHN. 600 MM. MHN. 420 MM. MHN. 420 MM. MHN. 650 MM. MHN. 700 MM.

- Пеш қабырғаға ілінетін шкафтың астына орнатылса, осы шкаф пен плитаның жоғарғы жағы арасында кем дегенде 420 мм ара қашықтық болуы тиіс. Қабырғаға ілінетін шкафтар жанғыш болса, бұл қашықтықты 700 мм-ге дейін үлкейту

керек (суретті қараңыз).

  • Пештің артқы жағына немесе бүйірлеріне 200 мм-ден жақын жерге жалюзи орнатпаңыз.
  • Қақпақтар қатысты пайдалану нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес орнатылуы тиіс.

Түзулеу

INDESIT KN3C117A(X)/RU - Түзулеу - 1

Құрылғыны түзулеу қажет болса, плита түбінің әрбір бұрышындағы орындарына реттелетін аяқтарын* бұраңыз (суретті қараңыз).

INDESIT KN3C117A(X)/RU - Түзулеу - 2

Құрылғымен бірге берілетін аяқтар* плита түбінің астыңғы жағындағы тесіктерге кигізіледі.

Электр қосылымдары

Кабель төмендегі жалғау сызбасына сәйкес қолданылатын электр қосылым түріне сай болуы тиіс.

400 3N~ H05RR-F 5x2.5 CEI-UNEL 35363 H05VV-F 5x2.5 CEI-UNEL 35746 400V 2N~ H05RR-F 4x4 CEI-UNEL 35363 H05VV-F 4x4 CEI-UNEL 35746 230V ~ H05RR-F 3x4 CEI-UNEL 35363 H05VV-F 3X4 CEI-UNEL 35746

Электр кабелін дұрыс орнату үшін:

INDESIT KN3C117A(X)/RU - Электр қосылымдары - 2

  1. Контактілер тақтасындағы «V» бұрандасын босатып, қақпағын ашу үшін оны тартыңыз (суретті қараңыз).

INDESIT KN3C117A(X)/RU - Электр қосылымдары - 3

  1. «А» қосылым тірегін (суретті қараңыз) жоғарыда көрсетілген жалғау сызбасына сәйкес орналастырыңыз. Контактілер тақтасы бір фазалық 230 В қосылымына арналған: 1, 2 және 3 контактілері

бір-біріне қосылады; 4-5 жалғастырғышы контактілер тақтасының төменгі аумағында орналасқан.

  1. «N» және «L» сымдарын сызбаға (суретті қараңыз) сәйкес орналастырып, контактілер тақтасының бұрандаларын мүмкін болғанша мықтап қатайту арқылы қосылымды жасаңыз.
  2. Қалған сымдарды 1-2-3 контактілеріне орналастырып, бұрандаларды қатайтыңыз.
  1. Кабельдің қыспа бұрандасын нығайтып, электр кабелін орнына бекітіңіз.
  2. «V» бұрандаларын бұрау арқылы контактілер тақтасын жабыңыз.

Электр кабелін желіге қосу

Құрылғыда орналасқан деректер кестесінде көрсетілген жүктемеге сәйкес стандартты айырғышты орнатыңыз.

Құрылғы тікелей электр желісіне құрылғы мен электр желісі арасында орнатылған 3 мм ашық кішкене байланысы бар бірнеше каналды айырып-қосқыш арқылы қосылуы қажет. Айырып-қосқыш көрсетілген жүктемеге лайықты және ағымдағы ток реттеуіне сәйкес болуы қажет (жерге қосылған сым айырып-қосқыштан ажыратылмауы тиіс). Электр кабелін кез келген нүктесі 50°C-тан жоғары температурамен байланыспайтындай етіп орналастыру қажет.

Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді тексеріңіз:

  • Құрылғы жерге қосылған және штепсельдік ұш заңға сәйкес болып табылады.
  • Розетка деректер тақтасында көрсетілген құрылғының ең жоғарғы қуатына төзімді.
  • Кернеу деректер тақтасында көрсетілген мәндер аралығында.
  • Розетка құрылғының штепсельдік ұшына сәйкес келеді. Розетка штепсельдік ұшқа сәйкес болмаса, өкілетті маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз. Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын пайдаланбаңыз.

! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен розетка жақын жерде болуы қажет.

! Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.

Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның көмегімен ғана алмастырылуы тиіс.

Пешті алғаш рет қолданбас бұрын «Күтім және техникалық қызмет көрсету» бөлімінде берілген нұсқауларға сәйкес оны тазалап алған жөн.

Пеш қауіпсіздігіINDESIT KN3C117A(X)/RU - Электр кабелін желіге қосу - 1

Құрылғы байқаусызда түсіп кетпеуі үшін, мысалы бала пеш есігіне шыққан жағдайда, бірге берілген қауіпсіздік шынжыры орнатылуы ТИІС!

Пеш қауіпсіздік шынжырымен жабдықталған; оны құрылғының артындағы қабырғаға,

шынжыр құрылғыға бекітілген биіктікте бұрандамен (пешпен бірге берілмейді) бекіту қажет. Бұранда мен бұранда анкерін құрылғы артындағы қабырға материалына сәйкес таңдаңыз.

Бұранда басы 9 мм-ден кіші болса, тығырық қолданылуы тиіс. Бетон қабырғаға кем дегенде диаметрі 8 мм және ұзындығы 60 мм бұранда керек. Шынжыр пештің артқы жағына және қабырғаға суретте көрсетілгендей, орнатылғаннан кейін жермен параллель күйде тартылып тұратындай бекітіңіз.

ТЕХНИКАЛЬІКДЕРЕКТЕР
Пеш өлшемдері(БхЕхТ)34x39x44 см
Көлемі 60 л
Пеш бөлігінекатысты пайдалыөлшемдерені 42 смтерендігі 44 смбиіктігі 23 см
Ток кернеуі менжилігідеректер кестесін қараңыз
Керамикалықплита
Алдыңғы сол жақАртқы сол жақАртқы оң жақАлдыңғы оң жақКерамикалықплитаның ең жоғарықуат тұтыну мәні1200 Вт1700 Вт1200 Вт1700 Вт5800 Вт
ҚУАТ БЕЛГІСІЭлектр пештерінің белгісіндегі2002/40/ЕС нұсқауы. EN 50304стандартыТабиғи конвекция – қыздырурежимі үшін қуат тұтынуы:Статикалық;
[IMAGE]ЕҚ Директивалары: 2006жылғы 12-желтоксан2006/95/ЕС (төмен көрнеу)директивасы және одан кейінгітүзетулер –2004 жылғы 15-желтоксан2004/108/ЕС (электромагниттікүйлесімділік туралы)директивасы және одан кейінгітүзетулер –1993 жылғы 22-шілде 93/68/ЕЕС және одан кейінгітүзетулер –2002/96/ЕС.1275/2008 (құту/өшу режимі)

* Тек белгілі модельдерде болады.

Жалпы шолу

KZ

Шыны керамикалық плита Басқару тақтасы ГРИЛЬ тартпасы МАЙ ЖИНАЙТЫН ТАБА Реттелмелі аяқ Сырғымалы тартпаларға арналған БАҒЫТТАУЫШ ЖОЛДАР 5-позиция 4-позиция 3-позиция 2-позиция 1-позиция Реттелмелі аяқ

Баскару тактасы

ТЕРМОСТАТ түтқасы* ТЕРМОСТАТ индикатор шамы БЕЛСЕНДІ КОНФОРКА индикатор шамы ТАНДАУ түтқасы Жылумен пісіру конфорка түтқалары

ТЕРМОСТАТ түтқасы ТЕРМОСТАТ индикатор шамы БЕЛСЕНДІ КОНФОРКА индикатор шамы ТАЙМЕР түтқасы* ТАНДАУ түтқасы Жылумен пісіру конфорка түтқалары

* Тек белгілі модельдерде болады.

Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.

Өнімді пайдаланбас бұрын құрылғының бүйірлеріндегі барлық пластикалық үлдірлерді алып тастаңыз.

Пешті қосу

  1. ТАНДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам дайындау режимін таңдаңыз.
  2. ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы пісіру режиміне ұсынылған температураны немесе қажетті температураны таңдаңыз. Тағам дайындау режимдері және ұсынылған тағам дайындау температуралары туралы мәліметті қамтитын тізімді тиісті кестеден табуға болады («Пеште тағам дайындау бойынша кеңестер» кестесін қараңыз).

Тағам дайындау кезінде әрқашан мына әрекеттерді орындауға болады:

  • ТАНДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам дайындау режимін өзгерту.
  • ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы температураны өзгерту.
  • Толық пісіру уақытын және пісіруді аяқтау уақытын орнату (төмендегі мәтінді қараңыз).
  • РЕТТЕУ тұтқасын «0» позициясына бұрап, тағам дайындауды тоқтату.

! Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз; бұл эмальді қабатты зақымдайды. Гриль-бар істігімен пісірген кезде пеште тек 1-позицияны қолданыңыз.

! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)ға қойыңыз.

Бұл шам жанып тұрса, демек пеш қызуда. Пештің іші таңдалған температураға жеткенде ол сөнеді. Бұл кезде шам жанып өшіп тұрады, сейтіп термостат жұмыс істеп тұрғаны және температураны бір қалыпта ұстап тұрғаны көрсетіледі.

Пеш шамы

ТАНДАУ тұтқасы «0» қалпынан басқа кез келген қалыпқа бұралғанда ол жанады. Пеш жұмыс істеп тұрған кезде ол жанып тұрады. Тұтқаның көмегімен параметрін таңдағанда ешбір қыздыру элементі қосылмай, шам жанады.

INDESIT KN3C117A(X)/RU - Пеш шамы - 1

ЕСКЕРТУ! Пеш тартпаларды алып шығуға арналған және пештен шығып кетуіне жол бермейтін шектегіш жүйемен жабдықталған. Сызбада

көрсетілгендей, толығымен шығарып алу үшін тартпаларды алдыңғы шетінен ұстап көтеріп, тартсаңыз (2) болғаны.

Тағам дайындау режимдері

Температура мәнін төмендегі режимдерден басқа барлық пісіру режимдері үшін 50 °C мен Макс. аралығына орнатуға болады.

• ГРИЛЬ (кеңес: тек МАКС қуат деңгейін орнатыңыз). • ЖЕЛДЕТКІШ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ГРИЛЬ (кеңес: 200°C-тан асырмаңыз).

Тағам дайындау режимдері

Статикалық пеш

Тұтқа параметрі: 50°C мен Ең жоғары арасындағы кез келген параметр

Пеш шамы жанады да, жоғарғы және төменгі қыздыру элементтері (кедергілер) қосылады.

Термостат тұтқасымен реттелетін температураға автоматты түрде жетіп, термостат басқару элементімен бір қалыпта ұсталады. Бұл функция температураны керемет таратудың арқасында кез келген тағамды пісіруге мүмкіндік береді.

Төменгі қыздыру элементі

Тұтқа параметрі: 50°C мен Ең жоғары арасындағы кез келген параметр

Пеш шамы жанады және төменгі қыздыру элементі қосылады. Термостат тұтқасымен реттелетін температураға автоматты түрде жетіп, бір қалыпта ұсталады. Бұл параметрді сырты дайын, бірақ іші әлі піспеген тағамдарды (табаға салынған) пісіруді аяқтау немесе үстін сәл қызартуды қажет ететін жеміспен не джеммен қапталған тәттілерді дайындау үшін қолданған жөн. Бұл функция әрдайым осы пеш параметрінде тағам пісіру үшін қажетті температураға жетуге мүмкіндік бермейтінін ескеріңіз, тек 180°C-ты қажет ететін бәліштерді дайындауға болады.

Жоғарғы қыздыру элементі

Тұтқа параметрі: 50°C мен Ең жоғары арасындағы кез келген параметр

Пеш шамы жанады да, инфрақызыл сәулелер грилі қосылады және қозғалтқыш істікті айналдыра бастайды. Грильдің жетерліктей жоғары және тікелей берілетін температурасы еттің сыртын қызартып, шырындарын сақтауға және жұмсақтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Гриль

Жоғарғы қыздыру элементі қосылады. Грильдің аса жоғары әрі тіке температурасы ет пен қақталған етті жұмсақ түрде қалдыру үшін нәрін ішінде ұстай отырып, олардың бетін қызартуға мүмкіндік береді.

Таймер*

Таймерді қосу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Сигналды орнату үшін ТАЙМЕР тұтқасын сағат тілі бағытымен ⚙ бір толық айналымға бұрыңыз.
  2. Қажетті уақыт ұзақтығын орнату үшін ТАЙМЕР тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта ○ бұрыңыз. Осы режимде пештің есігін жауып, гратин тағамдарды пісіріңіз. «Гратин» – алабұға, тунец, семсер балық, тұрама салынған кальмар, т.б. пісірудің ең қолайлы жолы.

Ол пештің қызу кезеңін білдіреді; пеш ішіндегі температура орнатылған температураға жеткен кезде шам сөнеді. Бұл кезде индикатор шамы бір жанып, бір сөніп тұрады; яғни термостат пеш ішіндегі температураны тұрақты ұстап тұру үшін дұрыс жұмыс істеп тұр.

Айналмалы істікINDESIT KN3C117A(X)/RU - Таймер* - 1

Айналмалы істікті қосу үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз:

• 1-тартпаға май жинайтын табаны қойыңыз. • Істік тірегін 3-тартпаға қойып, істік артқа қарай итеріп, тесік арқылы өткізіңіз. • Тұтқаны істікке қосыңыз.

қалпына бұрау арқылы істікті қосыңыз.

Пеш шамы

Тұтқа 🔑 таңбасына бұрау арқылы қосылады. Пештің қыздыру элементтері жұмыс істеп тұрғанда пеш шамы жанып тұрады.

* Тек белгілі модельдерде болады.

Тағам дайындау бойынша кеңес

! ГРИЛЬ режимінде тағамның қалдықтарын (тоң май не май сияқты) жинау үшін тұтқалы табаны бірінші позицияға орналастырыңыз.

ГРИЛЬ

  • Тартпаны 3 немесе 4-позицияға орналастырыңыз. Тағамды тартпаның ортасына салыңыз.
  • Куат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату ұсынылады. Үстіңгі қыздыру элементі термостат арқылы реттеледі және тұрақты күйде жұмыс істемеуі мүмкін.

ПИЦЦА

- Жеңіл алюминийден жасалған пицца табасын пайдаланыңыз. Оны қамтамасыз етілген тартпаға орналастырыңыз.

Сыртын қытырлақ етіп пісіру үшін тұтқалы табаны пайдаланбаңыз, себебі ол пісіру мерзімін ұзарту арқылы қытырлақ болуына кедергі жасайды.

- Пиццаның беті көп құрамды болғанда пісіру үрдісінің ортасында пиццаның үстіне моцарелла ірімшігін қосу ұсынылады.

Пеште тағам пісіру бойынша кеңестер кестесі

ТандаутүткасыныңқалпыТағамдар Салмағы(кг)ТөменненсанагандапозициясыорныҚыздыруұзактығы(минут)ТермостаттүткасыПісіруұзактығы(минут)
1 Қалыпты Лазанья2,52520045-50
Ет қосылған қамыр түтіктері2,535200
Гратин паста пісірмелері2,035200
Бұзау еті1,7210180
Тауық1,5310200
Үйрек1,8310180
Қоян2310180
Шошка еті2,1310180
Жас қой еті1,8310180
Макрель1,125180
Қызыл пагр1,525180
Қағазда пісірілген бақтақ125180
Неаполитан пицчасы1215220
Печеньелер0,5310180
Жеміс қосылған бөліш1,1310180
Хош иісті бөліш1310180
Ашытылған кекс0,5310160
Жеміс қосылған кекс1310170
2 Пеш түбі Сонғы өндеу
3 ЖоғарғытүбіПалтус пен каракатица145Ең жоғары8
Істіктері кальмар және асшаян145Ең жоғары4
Треска белдемесі145Ең жоғары10
Грильде пісірілген кекөністер13/45Ең жоғары8-10
4 Қос гриль Буғау етінен пісірілген стейктер145Ең жоғары15-20
Котлет1,545Ең жоғары
Гамбургер135Ең жоғары
Скумбрия145Ең жоғары
Қызартылған нан мен бутербродNo ° 445Ең жоғары
Гриль-бар болса
Гриль істігінде пісірілген бұзау еті1,0-5Ең жоғары70-80
Гриль істігінде пісірілген тауық еті2,0-5Ең жоғары70-80

Ескертпе: пісіру уақыттары шамалап берілген және оларды жеке қалауға қарай өзгертуге болады. Грильді немесе қос грильді пайдаланып тағам дайындаған кезде, тұтқалы таба пештің түбінен санағанда бірінші тартпада орналастырылуы тиіс.

Шыны керамикалық плитаны пайдалану

! Аралық қабаттағы желім шыныда май іздерін қалдырады. Құрылғыны пайдаланбас бұрын оны қырмайтын тазалағыш затпен алып тастауға кеңес береміз. Пайдаланудың алғашқы сағаттарында тез кетіп қалатын резеңкенің иісі шығады.

Пісіру аймақтарын қосу және өшіру

Пісіру аумағын қосу үшін тиісті тұтқаны сағат тілі бағытымен бұраңыз.

Оны өшіру үшін тұтқаны «0» қалпына жеткенше сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз.

ЭЛЕКТР КОНФОРКАСЫ ҚОСУЛЫ индикатор шамы жанып тұрса, демек плитада кем дегенде бір конфорка қосылып тұр.

Пісіру аймақтары

Плита электр қызу тарату элементтерімен жабдықталған. Олар қолданылған кезде плитада келесі заттар қызарады.

A A A B

A. Қызу шығаратын қыздыру элементтері бар пісіру аймағы.

В. Қалдық қызу индикатор шамы: ол қыздыру элементі өшіріліп, бірақ әлі ыстық кезде тиісті пісіру аумағының

температурасы 60 °C-тан асатынын білдіреді.

Қызу тарататын элементтері бар пісіру аумақтары

Олар ішіндегі қызу шамдарынан қызуды сәулелендіру арқылы шығарады. Олар газ жаққыштарға ұқсас сипаттарға ие: оларды басқару оңай және олар орнатылған температураға тез жетіп, берілген қуатты көруге мүмкіндік береді.

Тиісті тұтқаны сағат тілі бағытымен 1 мен 6 аралығындағы позицияға бұраңыз

Параметр Калыпты немесе жылдам плита
0 Өшірулі
1 Көкөніс, балық пісіру
2Картоп (бумен), ноқат, бұршақ пісіру,сорпа дайындау
3Улкен мөлшерде тағам және көкөнісқосылған етті сорпаны дайындаудыжалғастыру
4 Құыруүшін (орташа)
5 Құыруүшін (орташадан жоғары)
6Қызарту және қайнауға аз уақыттажеткізу үшін.

Плитаны пайдалану бойынша кеңестер

- Пісіру аймағына толық тиіп тұруы үшін асты қалың әрі тегіс табаларды пайдаланыңыз.

INDESIT KN3C117A(X)/RU - Плитаны пайдалану бойынша кеңестер - 1

- Шығарылған қызуды толық пайдалану үшін конфорканы толық жабатындай диаметрі үлкен табаларды пайдаланыңыз.

INDESIT KN3C117A(X)/RU - Плитаны пайдалану бойынша кеңестер - 2

  • Табаның асты әрдайым таза әрі құрғақ болуын қамтамасыз етіңіз: мұның нәтижесінде табалар пісіру аумақтарына толығымен тиіп, таба мен плита ұзағырақ қызмет етеді.
  • Газ оттығында пайдаланылатын ыдысты пайдаланбаңыз: газ оттығындағы қызу табаның қалпының бұзылып, оның бетке толық тимеуіне себеп болады.
  • Пісіру аймағын табасыз қосып кетпеңіз, әйтпесе ол зақымдалуы мүмкін.

! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай жасақталып, дайындалған. Төмендегі ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту мақсатында берілген және оны мұқият оқып шығу қажет.

Жалпы қауіпсіздік

  • Шыны керамикалық плита температура ауытқулары мен келең өзгерістерге төзімді. Дегенмен, жүздер немесе ас үй құралдары плитаның бетін зақымдауы мүмкін екенін ескеру керек. Мұндай жағдай орын алса, пештің айырын розеткадан ағытып, бастапқы бөлшектерге тапсырыс беру үшін өкілетті техникалық көмек көрсету орталығына хабарласыңыз. Жоғарыдағы шарт орындалмаса, құрылғының қауіпсіздігі бұзылуы мүмкін.
  • Плита беті шатынаған болса, ток соғудың алдын алу үшін құрылғыны өшіріңіз.
  • Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық немесе өндірістік түрде қолдануға болмайды.
  • Құрылғыны далада, тіпті үсті жабылған болса да, орнатуға болмайды. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр мен боранда қалдыру аса қауіпті.
  • Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл қолмен, аяқпен түртпеңіз.
  • Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау мақсатында пайдалануы тиіс. Құрылғыны басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені жылыту үшін) дұрыс емес әрі қауіпті. Құрылғыны тиісті, дұрыс және қанағаттанарлық түрде пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез келген зақымға өндіруші жауапты болмайды.
  • Нұсқау кітапшасы 1-класс (оқшауланған) немесе 2-класс 1-субкласс (2 шкаф арасына орнатылған) құрылғымен бірге беріледі.
  • Құрылғыны пайдаланған уақытта қыздыру элементтері және пеш есігінің белгілі бөліктері қатты қызады. Бұларға тимеу және балалардан аулақ ұстау керек.
  • Басқа электр құрылғыларының кабельдері пештің ыстық бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
  • Желдету және ыстықты салқындатуға арналған ашық жерлерді ешқашан жаппау керек.
  • Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе оны алған кезде әрдайым пеш қолғаптарын пайдаланыңыз.
  • Құрылғыны пайдаланған кезде оның жанында жанғыш сұйықтықтарды (спирт, бензин, т.б.) қолданбаңыз.
  • Төменгі сақтау бөлігіне немесе пештің өзіне жанғыш материалдар салуға болмайды. Егер байқаусызда құрылғы қосылса, бұл заттардың жануы мүмкін.
  • Құрылғыны қолданбағанда тұтқалар позициясында тұрғанын тексеріңіз.
  • Құрылғыны өшіргенде розеткадан әрдайым айырғышты ұстап тартыңыз, кабельден тартып суырмаңыз.
  • Құрылғыны электр желісінен ажыратпай ешқашан тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын жасамаңыз.
  • Егер құрылғы істен шыққан болса, оны ешбір жағдайда өз басыңызбен жөндеуге әрекеттенбеніз. Тәжірибесіз адам тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз болып қалуы мүмкін. Көмек көрсету бөліміне хабарласыңыз.
  • Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз. • Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
  • Құрылғыны физикалық, сезімталдық және психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе нұсқаулары берілуі тиіс.

Қоқысқа тастау

  • Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті заңды қадағалаңыз.
  • Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты қатты қалалық қалдық айналымын пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу құнын онтайландыру мақсатында бөлек жиналуы керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты міндетін еске салады.

Қолданылған құрылғыларды қоғамдық қоқыс жинау қызметіне тапсыруға, айналадағы тиісті жинау орындарына апаруға немесе, ағымдағы ұлттық заңдар рұқсат берсе, жаңа ұқсас өнімге ауыстыру үшін сатушыға ауыстыру ұсынысы бойынша қайтаруға болады.

Үй құрылғыларының барлық негізгі өндірушілері ескі және қолданыстан шыққан құрылғыларды жинау және тастау жүйелерін жасауға және ұйымдастыруға қатысады.

Қоршаған ортаны сақтау және қорғау

  • Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз етуші желілік компаниялардың ең жоғары жүктемесін азайтуға көмектесе аласыз. • ГРИЛЬ, ҚОС ГРИЛЬ және ЖЕЛДЕТКІШІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚОС ГРИЛЬ режимдері пайдаланылғанда пеш есігін әрқашан жауып қою қажет: Бұл қуатты сақтай отырып (шамамен 10%), жақсы нәтижеге жеткізеді.
  • Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін тазалап сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың сыртқа шығуын болдырмайсыз.

Құрылғыны өшіру

Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны токтан ажыратыңыз.

Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе шаңсорғышты пайдаланбаңыз.

Пешті тазалау

  • Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы бөліктер және резенке тығыздағыштар жылы суға малынып, түссіз сабын жағылған губкамен тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
  • Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып, жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш заттарды пайдаланбаңыз.
  • Пеш есігінің әйнегін ыскышпен және қырғыш емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар әйнек бетін тырнап, оның сынуына әкелуі мүмкін.
  • Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш машинада жууға болады.
  • Кір мен майды басқару тақтасынан қырғыш емес губкамен немесе жұмсақ шүберекпен сүртіп алу қажет.

Пеш тығыздағыштарын тексеру

Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған болса, жақын жердегі Сатудан кейін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін пешті пайдаланбауды ұсынамыз.

Пеш шамын ауыстыру

  1. Пешті токтан ажыратқаннан кейін шам ұясын жауып тұрған шыны қақпақты шешіп алыңыз (суретті қараңыз).

INDESIT KN3C117A(X)/RU - Пеш шамын ауыстыру - 1

  1. Шамды алып, оны сондай басқа шаммен ауыстырыңыз: кернеуі 230 В, қуаты 25 Вт, цоколі Е 14.
  2. Қақпақты орнына қойып, пешті токқа қайтадан қосыңыз.

Шыны керамикалық плитаны тазалау

! Қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш заттарды (мысалы, барбекю жасайтын құралдар мен пештерді тазалауға арналған спрейлер), дақ кетіргіштерді, тат кетіргіштерді, ұнтақ тазартқыш заттарды немесе қырғыш беттері бар губкаларды пайдаланбаңыз: олар құрылғы беттерін біржола сызып тастауы мүмкін.

  • Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш ас үй сүлгісімен құрғату жеткілікті.
  • Плита өте кір болса, оны арнайы шыны керамиканы тазалау затымен ысқылап, одан кейін жақсылап шайыңыз да, кептіріңіз.
  • Кетпей қойған кірді кетіру үшін тиісті қырғышты қолданыңыз (ол құрылғымен бірге берілмейді). Тегілген тамақ қатып қалмауы үшін, құрылғының суығанын күтпей-ақ, оны дереу сүртіп алыңыз. Шыны керамикалық беттерге арналған тот баспайтын болат сымнан жасалған губканы сабынды суға малып қолдансаңыз, тамаша нәтижеге қол жеткізуге болады.
  • Пластмассалық немесе қантқа ұқсас заттар абайсыз плитада ерісе, плита беті әлі ыстық кезде оларды дереу қырғышпен алып тастау керек.
  • Тазалағаннан кейін, плитаны арнайы қорғағыш күтім өнімімен өңдеуге болады: бұл өнім қалдыратын көзге көрінбейтін үлдір плитаның бетін пісіру кезінде тамақ тамшыларынан қорғайды. Бұл қызмет көрсету жұмыстарын құрылғы жылы (ыстық емес) немесе салқын кезде орындау керек.
  • Құрылғыны таза сумен шайып, жақсылап кептіруді ұмытпаңыз: қалдықтар кейін пісірген кезде жабысып, қатып қалуы мүмкін.
Шыны керамикалық плита тазартқыштарыСатылатын жерлер
Терезе қырғышы Yetара жүзінің қырғыштарыКерек-жарак дукендері
Қосалқы жүздерҚұрал-жабдық дукендері, супермаркеттер, дәріханалар
COLLO lunetaHOB BRITEПлитаны тазалауSWISSCLEANERBoots, кооперативтік дукен, университет, аймақтық электр компаниясының дукендері, супермаркеттер

Тот баспайтын болатты тазалау

Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт тұрған қаттылығы жоғары су немесе құрамында фосфор бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі мүмкін. Болат беттерді жақсылап шайып, мұқият кептірген абзал.

Көмек

Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:

• Құрылғының моделі (Мод.). - Сериялық нөмірі (С/н).

Бұл ақпарат құрылғыда орнатылған деректеме кестесінде немесе орамадан табылуы мүмкін.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : INDESIT

Модель : KN3C117A(X)/RU

Санат : плита