KN1E17A(W)/RU - плита INDESIT - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз KN1E17A(W)/RU INDESIT PDF форматында.
| Өнім түрі | Бос тұрған пеш |
| Бренд | Indesit |
| Модель | KN1E17A(W)/RU |
| Түсі | Ақ |
| Пеш үстінің түрі | Газ (4 оттық) |
| Пештің түрі | Электрлік желдеткішті |
| Пештің сыйымдылығы | 70 литр |
| Гриль функциясы | Иә |
| Энергия тиімділігі | А классы |
| Ені | 60 см |
| Тереңдігі | 60 см |
| Биіктігі | 85 см |
| Салмағы | 45 кг |
| Қуат көзі | 220-240 В, 50 Гц (пеш); газбен жабдықтау (пеш үсті) |
| Тазалау | Эмаль ішкі жабыны, алынатын пеш есігі |
| Қауіпсіздік ерекшеліктері | Оттықтағы жалын сөну құрылғысы, салқын есік |
| Қосалқы бөлшектердің қолжетімділігі | Indesit ресми сайты арқылы онлайн |
Жиі қойылатын сұрақтар - KN1E17A(W)/RU INDESIT
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы KN1E17A(W)/RU INDESIT
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз плита PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз KN1E17A(W)/RU - INDESIT және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. KN1E17A(W)/RU брендінің INDESIT.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ KN1E17A(W)/RU INDESIT
Құрылғы сипаттамасы - Жалпы шолу, 26
Құрылғы сипаттамасы - Басқару тақтасы, 26
Орнату, 27
Қосу және пайдалану, 30
K1E107/RU S
KN1E17/RU S
KN1E17A/RU
Күтім және техникалық қызмет көрсету, 34
KZ
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін бөліктері жұмыс кезінде қызуы мүмкін.
Қыздыру элементтеріне тимеуге назар аударыңыз.
8-ге толмаған балаларға үздіксіз бақылау болмаса, құрылғыдан аулақ ұстау керек. Бұл құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану бойынша кеңес не нұсқау берілген және ықтимал қауіп-қатерлерді түсінетін жағдайда, оны 8-ге толған балалар мен дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар қолдана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға болмайды. Балаларға бақылаусыз құрылғыны тазалауға және оған қызмет көрсетуге болмайды.
ЕСКЕРТУ: Плитада майға тамақ пісірген кезде бақылап тұрмау қауіпті болуы және өрт шығуға әкелуі мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен өшіруші болмаңыз, оның орнына құрылғыны өшіріп, жалынды жабыңыз, мысалы қақпақпен немесе өртенбейтін матамен.
ЕСКЕРТУ: Орт каупі бар: пісіру беттерінде заттарды сақтамаңыз.
ЕСКЕРТУ: Шыны мен керамикадан жасалған бет шатынаған болса, ток соғу мүмкіндігінің алдын алу үшін құрылғыны өшіріңіз.
Пеш есігінің шынысын тазалау үшін қатты ысқыш тазалағыштарды немесе өткір металл ысқыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар шыныны сызып, оның шағылуына әкелуі мүмкін.
Бөліктің (бар болса) ішкі беттері қызып кетуі мүмкін.
Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Металл заттарды (пышақтар, қасықтар, таба қақпақтары, т.б.) конфоркаға қоймаңыз, себебі олар қызып кетуі мүмкін.
Қақпақты ашпас бұрын ондағы сұйықтықты сүртіп алыңыз.
Шыны қақпақты (бар болса) газ оттықтары немесе электр плиталар әлі ыстық болған кезде жаппаңыз.
Пайдаланғаннан кейін плитаны басқару элементінің көмегімен өшіріңіз, таба детекторына сенбеніз.
ЕСКЕРТУ: Ток соғу мүмкіндігінің алдын алу үшін шамды ауыстырмас бұрын құрылғы өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен басқарылуға арналмаған.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: сәйкес келмейтін конфоркалардың қорғану құралдарын пайдалану жазатайым оқиғаларға себеп болуы мүмкін.
Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
! Тартпаны ішке салған кезде шектегіш жоғары қарап, қуыстың артқы жағында тұрғанына көз жеткізіңіз.


1. ЭЛЕКТР КОНФОРКА 2. Басқару тақтасы 3. ГРИЛЬ 4. ТҰТҚАЛЫ ТАБА 5. Реттелетін аяқ 6. Төгілген сұйықтықтарды ұстайтын бет 7. Сырғымалы тартпаларға арналған БАҒЫТТАУШЫ ЖОЛДАР 8. 5-позиция 9. 4-позиция 10. 3-позиция 11. 2-позиция 12. 1-позиция
Жаңа құрылғыны іске қоспас бұрын нұсқаулық кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда құрылғыны қауіпсіз орнату және оны пайдалану туралы маңызды ақпараттар қамтылған. Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Құрылғы сатылса, біреуге берілсе немесе жылжытылса, нұсқаулар онымен бірге болатынын қамтамасыз етіңіз. Құрылғыны нұсқауларға сәйкес арнайы біліктілігі бар маман орнатуға тиіс. Кез келген түрде реттеу немесе қызмет көрсету қажет болса, оны құрылғыны токтан ажыратқаннан кейін орындау керек.
Орналастыру және түзулеу
Құрылғыны биіктігі плитаның биіктігінен аспайтын шкафтардың қасына орнатуға болады. Құрылғының артқы жағына тиіп тұратын қабырға жанғыш емес, қызуға төзімді материалдан (Т 90°C) жасалғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны дұрыс орнату үшін:
- Оны ас үйге, залға немесе тұрғын үйге қойыңыз (ваннаға қоймаңыз).
- Плита шкафтардан биік болса, құрылғыны олардан кем дегенде 200 мм қашық орнату қажет.

• Плита қабырғаға ілінетін шкафтың астына орнатылса, осы шкаф пен плита үстінің арасында кем дегенде 420 мм аралық болуы тиіс. Қабырғаға ілінетін шкафтар жанғыш материалдан жасалған болса, бұл аралықты 700 мм-ге дейін жеткізу керек (суретті қараңыз).
- Плита артына немесе оның шеттеріне 200 мм-ден жақын жерге перде ілмеңіз.
- Қақпақтар қатысты пайдалану нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес орнатылуы тиіс.
Түзулеу
Құрылғыны түзулеу қажет болса, плита түбінің әрбір бұрышындағы орындарына реттелетін аяқтарын* бұраңыз (суретті қараңыз).

Құрылғымен бірге берілетін аяқтар* плита түбінің астыңғы жағындағы тесіктерге кигізіледі.
Токқа жалғау
Кабель төмендегі жалғау сызбасына сәйкес қолданылатын электр қосылым түріне сай болуы тиіс.
400V 3N~ H05RR-F 5x2.5 CEI-UNEL 35363 H05VV-F 5x2.5 CEI-UNEL 35746
400V 2N~ H05RR-F 4x4 CEI-UNEL 35363 H05VV-F 4x4 CEI-UNEL 35746
230V 1N~ H05RR-F 3x4 CEI-UNEL 35363 H05VV-F 3x4 CEI-UNEL 35746

Электр кабелін дұрыс орнату үшін:

- Контактілер тақтасындағы «V» бұрандасын босатып, қақпағын ашу үшін оны тартыңыз (суретті қараңыз).

- «А» қосылым тірегін (суретті қараңыз) жоғарыда көрсетілген жалғау сызбасына сәйкес орналастырыңыз. Контактілер тақтасы бір фазалық 230 В қосылымына арналған: 1, 2 және 3 контактілері
бір-біріне қосылады; 4-5 жалғастырғышы контактілер тақтасының төменгі аумағында орналасқан.
- «N» және = сымдарын сызбаға (суретті қараңыз) сәйкес орналастырып, контактілер тақтасының бұрандаларын мүмкін болғанша мықтап қатайту арқылы қосылымды жасаңыз.
- Қалған сымдарды 1-2-3 контактілеріне орналастырып, бұрандаларды қатайтыңыз.
- Кабельдің қыспа бұрандасын нығайтып, электр кабельді орнына бекітіңіз.
- «V» бұрандаларын бұрау арқылы контактілер тақтасын жабыңыз.
Электр кабелін желіге қосу
Құрылғыда орналасқан деректер кестесінде көрсетілген жүктемеге сәйкес стандартты айырғышты орнатыңыз.
Құрылғы тікелей электр желісіне құрылғы мен электр желісі арасында орнатылған 3 мм ашық кішкене байланыс бар бірнеше каналды айырып-қосқыш арқылы қосылуы қажет. Айырып-қосқыш көрсетілген жүктемеге лайықты және ағымдағы ток реттеуіне сәйкес болуы қажет (жерге қосылған сым айырып-қосқыштан ажыратылмауы тиіс). Электр кабелін кез келген нүктесі 50°C-тан жоғары температурамен байланыспайтындай етіп орналастыру қажет.
Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді тексеріңіз:
- Құрылғы жерге қосылған және штепсельдік үш заңға сәйкес болып табылады.
- Розетка негізгі деректер кестесінде көрсетілген құрылғының ең жоғарғы қуатына төзімді.
- Кернеу деректер кестесінде көрсетілген мән аралығы аумағында болады.
- Розетка құрылғының штепсельдік ұшына сәйкес келеді. Розетка штепсельдік ұшқа сәйкес болмаса, өкілетті маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз. Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын пайдаланбаңыз.
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен розетка жақын жерде болуы қажет. ! Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет. ! Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның көмегімен ғана алмастырылуы тиіс.
! Осы қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады.
Пеш қауіпсіздігі
! Құрылғы байқаусызда түсіп кетпеуі үшін, мысалы бала пеш есігіне шыққан жағдайда, бірге берілген қауіпсіздік шынжыры орнатылуы ТИІС!
Пеш қауіпсіздік шынжырымен жабдықталған; оны құрылғының артындағы қабырғаға, шынжыр құрылғыға бекітілген биіктікте
бұрандамен (пешпен бірге берілмейді) бекіту қажет. Бұранда мен бұранда анкерін құрылғы артындағы қабырға материалына сәйкес таңдаңыз.
Бұранда басы 9 мм-ден кіші болса, тығырық қолданылуы тиіс. Бетон қабырғаға кем дегенде диаметрі 8 мм және ұзындығы 60 мм бұранда керек.
Шынжыр пештің артқы жағына және қабырғаға суретте көрсетілгендей,
орнатылғаннан кейін жермен параллель күйде тартылып тұратындай бекітіңіз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
| Пеш өлшемдері(ЕхТхБ) | 38x34x39 см |
| Көлемі 53 л | |
| Пеш бөлігінеқатысты пайдалыөлшемдер | ені 42 смтерендігі 44 смбиіктігі 18 см |
| Ток кернеуі менжилігі | деректер кестесін қараңыз |
| Электр плитаАлдыңғы сол жақАртқы сол жақАртқы оң жақАлдыңғы оң жақПлита тұтынатын еңкөп қуат | 600 Вт2000 Вт1500 Вт1500 Вт5600 Вт |
| ҚУАТ БЕЛГІСІ | Электр пештерінің белгісіндегі2002/40/ЕС нұсқауы. EN 50304стандартыТабиғи конвекция сыныбы– қыздыру күйіне арналғанмәлімденген қуат тұтынуы:Статикалық______ |
[С48W]![]() | ЕҚ Директивалары:12.12.2006 жылғы 2006/95/ЕС(төмен кернеу) және кейінгіөзгертулері – 15.12.04 жылғы2004/108/ЕС (Электромагниттіүйлесімділік) және кейінгіөзгертулері – 22.07.1993жылғы 93/68/ЕЕС және кейінгіөзгертулері – 2002/96/ЕС.1275/2008 (Қүту/өшірулірежим) |
жақ қабырғада орналасқан деректер кестесінде көрсетілген кез келген газ түрімен қолдану үшін баптандыруға болады,
Пешті алғаш рет қолданбас бұрын «Күтім және техникалық қызмет көрсету» бөлімінде берілген нұсқауларға сәйкес оны тазалап алған жөн.
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Пешті қосу
- СЕЛЕКТОР тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам дайындау режимін таңдаңыз.
- ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұру арқылы пісіру режиміне ұсынылатын температураны немесе қажетті температураны таңдаңыз. Пісіру режимдері мен ұсынылатын пісіру температураларын сипаттайтын тізімді қатысты кестеден табуға болады («Пеште тағам пісіру бойынша кеңестер кестесін» қараңыз).
Тағам дайындау кезінде әрқашан мына әрекеттерді орындауға болады:
- ТАНДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам дайындау режимін өзгерту.
- ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы температураны өзгерту.
- Толық пісіру уақытын және пісіруді аяқтау уақытын орнату (төмендегі мәтінді қараңыз).
- ТАНДАУ тұтқасын «0» позициясына бұрап, тағам дайындауды тоқтату.
! Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз; бұл эмальді қабатты зақымдайды. Гриль-бар істігімен пісірген кезде пеште тек 1-позицияны қолданыңыз.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)ға қойыңыз.
! Өнімді пайдаланбас бұрын құрылғының бүйірлеріндегі барлық пластикалық үлдірлерді алып тастаңыз.
Ол жанса, демек пеш қызып жатыр. Пеш іші таңдалған температураға жеткенде ол сөнеді. Шам бір жанып, бір сөніп тұрғаны термостаттың жұмыс істеп тұрғанын және температураны бір деңгейде ұстан тұрғанын білдіреді.
Пеш шамы
ТАНДАУ тұтқасын «0» позициясынан басқа кез келген позицияға бұрағанда ол жанады. Пеш жұмыс істеп тұрғанша, ол да жанып тұрады. Тұтқаның көмегімен 🔑 параметрін таңдағанда ешбір қыздыру элементі қосылмай, шам жанады.
Тағам дайындау режимдері
! Тек «ЕҢ ЖОҒАРЫ» қуат деңгейі ұсынылатын ГРИЛЬ бағдарламасынан басқа, температура мәнін барлық пісіру режимдері үшін 50°C пен «Ең жоғары» аралығында орнатуға болады.
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланған кезде термостатты ең жоғары параметріне орнатып, пештің есігін жабыңыз да, ішіне еш нәрсе салмай, шамамен жарты сағат қойып қойыңыз. Одан кейін, пеш есігін ашып, бөлмеге ауа жіберіңіз. Осы алғашқы қолдану кезінде шығатын иіс пешті орнатқанға дейін қорғау үшін қолданылатын заттардың буға айналуынан болады.
Әртүрлі тағам пісіру функциялары екі тұтқаның көмегімен орнатылады: таңдау тұтқасы мен термостат тұтқасы. «0» санымен белгіленген күту қалпынан басқа таңдау тұтқасының кез келген параметрін орнатқанда пеш шамы жанады; таңбасымен белгіленген тұтқа параметрі ешбір қыздыру элементін қоспай-ақ, пеш шамын жандыруға мүмкіндік береді. Пеш шамы жанған кезде, ол пеш пайдаланылып жатқанын білдіреді және пеш пайдаланылып жатқан бүкіл мерзім бойы ол жанып тұрады.
— СТАТИКАЛЫҚ ПЕШ
Термостат параметрі: 50°C мен Ең жоғары арасындағы кез келген параметр Пеш шамы жанады да, жоғарғы және төменгі қыздыру элементтері (кедергілер) қосылады. Термостат тұтқасымен реттелетін температураға автоматты түрде жетіп, термостат басқару элементімен бір қалыпта ұсталады. Бұл функция температураны керемет таратудың арқасында кез келген тағамды пісіруге мүмкіндік береді.
|—| ТӨМЕНГІ ҚЫЗДЫРУ ЭЛЕМЕНТІ
Термостат параметрі: 50°C мен Ең жоғары арасындағы кез келген параметр Пеш шамы жанады және төменгі қыздыру элементі қосылады. Термостат тұтқасымен реттелетін температураға автоматты түрде жетіп, бір қалыпта ұсталады. Бұл параметрді сырты дайын, бірақ іші әлі піспеген тағамдарды (табаға салынған) пісіруді аяқтау немесе үстін сәл қызартуды қажет ететін жеміспен не джеммен қапталған тәттілерді дайындау үшін қолданған жөн. Бұл функция әрдайым осы пеш параметрінде тағам пісіру үшін қажетті температураға жетуге мүмкіндік бермейтінін ескеріңіз, тек 180°C-ты қажет ететін бәліштерді дайындауға болады.

ЖОҒАРҒЫ ҚЫЗДЫРУ ЭЛЕМЕНТІ
Термостат параметрі: 50°C мен Ең жоғары арасындағы кез келген параметр
Пеш шамы жанады да, инфрақызыл сәулелер грилі қосылады. Грильдің жетерліктей жоғары және тікелей берілетін температурасы еттің сыртын қызартып, шырындарын сақтауға және жұмсақтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ГРИЛЬ
Термостат параметрі: 50°C мен Ең жоғары арасындағы кез келген параметр
Пеш шамы жанады және грильдің қос қыздыру элементі қосылады. Гриль орташа грильдерден үлкен және толығымен жаңа дизайнға ие: пісіру өнімділігі 50%-ға арттырылған. Қос гриль тіпті еттің бұрыштарын қыздыруды да қамтамасыз етеді.
Грильді қолданған кезде, ең жақсы нәтижеге қол жеткізу және қуатты үнемдеу (шамамен 10%) үшін пеш есігін жауып қойыңыз.
Грильді қолданған кезде тартпаны төменгі деңгейлерге орналастырыңыз (пісіру кестесін қараңыз). Май мен тон майды ұстау және түтін шығуды болдырмау үшін төменгі тартпа деңгейіне түтқалы таба қойыңыз.
Грильді пайдаланған кезде пеш түтқалары қызып кетпеуі үшін пеш есігін сәл ашып қою керек, оны емен тақтай арасына шағылдырғыш салып.
Пештің істеп тұрғанын білдіретін шам
Ол пеш қызып жатқанда жанады. Ал пеш ішіндегі температура тұтқамен таңдалған температураға жеткенде сөнеді. Осы шамның бір жанып, бір сөнуі термостат пеш температурасын бір қалыпта ұстау үшін жұмыс істеп тұрғанын білдіреді.
Конфорка шамы
Ол электр конфорка қосылғанда жанады.
Балаларға пеш есігіне тиюге рұқсат бермеңіз, себебі ол тағам пісіру кезінде өте ыстық болады.
Тағам дайындау бойынша кеңес
ГРИЛЬ режимінде тағамның қалдықтарын (тоң май не май сияқты) жинау үшін түтқалы табаны бірінші позицияға орналастырыңыз.
ГРИЛЬ
- Тартпаны 3 немесе 4-позицияға орналастырыңыз. Тағамды тартпаның ортасына салыңыз.
- Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату ұсынылады. Үстіңгі қыздыру элементі термостат арқылы реттеледі және тұрақты күйде жұмыс істемеуі мүмкін.
Төменгі бөлім
Пештің астында пештің керек-жарақтары мен терең ыдыстарды сақтау үшін қолдануға болатын бөлім бар. Есікті ашу үшін оны төмен қарай тартыңыз (суретті қараңыз).

! Пеш астындағы бөлімге жанғыш заттарды қоймаңыз. ! Бөлімнің (бар болған жағдайда) ішкі беттері қызуы мүмкін.

ЕСКЕРТУ! Пеш тартпаларды алып шығуға арналған және пештен шығып кетуіне жол бермейтін шектегіш жүйемен жабдықталған. Сызбада
көрсетілгендей, толығымен шығарып алу үшін тартпаларды алдыңғы шетінен ұстап көтеріп, тартсаңыз (2) болғаны.
Пеште тағам пісіру бойынша кеңестер кестесі
| Тандаутүткасыныңқалпы | Тағамдар Салмағы | (кг) | Төменненсанағандапозициясыорны | Қыздыруұзактығы(минут) | ТермостаттүткасыН | Пісіруұзактығы(минут) |
| 1 Қалыпты Лазанья | 2,5 | 2 | 5 | 200 | 45-50 | |
| Ет қосылған қамыр түтіктері | 2,5 | 3 | 5 | 200 | ||
| Гратин паста пісірмелері | 2,0 | 3 | 5 | 200 | ||
| Бузау еті | 1,7 | 2 | 10 | 180 | ||
| Тауық | 1,5 | 3 | 10 | 200 | ||
| Үйрек | 1,8 | 3 | 10 | 180 | ||
| Қоян | 2 | 3 | 10 | 180 | ||
| Шошка еті | 2,1 | 3 | 10 | 180 | ||
| Жас қой еті | 1,8 | 3 | 10 | 180 | ||
| Макрель | 1,1 | 2 | 5 | 180 | ||
| Қызыл пагр | 1,5 | 2 | 5 | 180 | ||
| Қағазда пісірілген бақтақ | 1 | 2 | 5 | 180 | ||
| Неаполитан пищасы | 1 | 2 | 15 | 220 | ||
| Печеньелер | 0,5 | 3 | 10 | 180 | ||
| Жеміс қосылған бәліш | 1,1 | 3 | 10 | 180 | ||
| Хош иісті бәліш | 1 | 3 | 10 | 180 | ||
| Ашытылған кекс | 0,5 | 3 | 10 | 160 | ||
| Жеміс қосылған кекс | 1 | 3 | 10 | 170 | ||
| 2 Пеш түбі | Соңғы өндеу | |||||
| 3 Пештіңжоғарғы жағы | Палтус пен каракатица | 1 | 4 | 5 | Ең жоғары | 8 |
| Істіктегі кальмар және асшаян | 1 | 4 | 5 | Ең жоғары | 4 | |
| Треска белдемесі | 1 | 4 | 5 | Ең жоғары | 10 | |
| Грильде пісірілген көкөністер | 1 | 3/4 | 5 | Ең жоғары | 8-10 | |
| 4 Гриль | Бузау етінен пісірілген стейктер | 1 | 4 | Ең жоғары | 15-20 | |
| Котлет | 1,5 | 4 | 5 | Ең жоғары | 20 | |
| Гамбургер | 1 | 3 | 5 | Ең жоғары | 7 | |
| Скумбрия | 1 | 4 | 5 | Ең жоғары | 15-20 | |
| Қызартылған нан мен бутерброд | No ° 4 | 4 | 5 | Ең жоғары | 5 | |
Ескертпе: пісіру уақыттары шамалап берілген және оларды жеке қалауға қарай өзгертуге болады. Грильді немесе қос грильді пайдаланып тағам дайындаған кезде, тұтқалы таба пештің түбінен санағанда бірінші тартпада орналастырылуы тиіс.
!Тиісті электр конфорканың орны әрбір тұтқада көрсетілген.
Электр конфоркалар
Тиісті тұтқаны сағат тілі немесе оған қарсы бағытта бұруға және алты түрлі позициялардың кез келгеніне орнатуға болады:
| Параметр | Қалыпты немесе жылдам пеш |
| 0 Өшірулі | |
| 1 Төмен | |
| 2 - 5 Орташа | |
| 6 Жоғары | |
Таңдау тұтқасы өшірулі позициясынан басқа кез келген позицияда болғанда «қосулы» шамы жанады.
Электр конфоркаларды пайдалану бойынша кеңестер
Қызуды жоғалтпау және конфоркаларға зақым келтірмеу үшін диаметрі конфорканың диаметрінен кіші емес, түбі тегіс табаларды қолданыңыз.
| Параметр | Қалыпты немесе жылдам пеш |
| 0 Өшірулі | |
| 1 | Қекөніс, балық пісіру |
| 2 | Қартоп (бумен), ноқат, бұршақ пісіру, сорпа дайындау |
| 3 | Үлкен мөлшерде тағам және көкөніс қосылған етті сорпаны дайындауды жалғастыру |
| 4 | Құыру үшін (орташа) |
| 5 | Құыру үшін (орташадан жогары) |
| 6 | Қызарту және қайнауға аз уақытта жеткізу үшін. |
! Конфоркаларды алғаш рет пайдаланбас бұрын оларды таба қоймай, 4 минут бойы ең жоғары температурада қыздыру керек. Осы бастапқы кезең барысында қорғаушы қаптама қатайып, өзінің ең жоғары төзімділігіне жетеді.
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай жасақталып, дайындалған.
Төмендегі ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту мақсатында берілген және оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
- Бұл нұсқаулар тек нұсқаулық пен сериялық нөмір тақтайшасында таңбалары көрсетілген елдер үшін жарамды.
- Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық немесе өндірістік мақсатта қолдануға болмайды.
- Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр мен боранда қалдыру аса қауіпті.
- Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл қолмен, аяқпен түртпеңіз.
- Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау мақсатында пайдалануы тиіс. Құрылғыны басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені жылыту үшін) дұрыс емес әрі қауіпті. Құрылғыны тиісті, дұрыс және қанағаттанарлық түрде пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез келген зақымға өндіруші жауапты болмайды.
- Нұсқаулық кітапшасы 1-сынып (окшауланған) немесе 2-сынып - 1-ішкі сынып (2 шкаф арасына орналастырылған) құрылғымен бірге беріледі. • Балаларды пештен аулақ ұстаңыз.
- Басқа электр құрылғыларының кабельдері пештің ыстық бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
- Желдету және ыстықты салқындатуға арналған ашық жерлерді ешқашан жаппау керек.
- Электр конфоркаларға тұрақсыз немесе майысқан табаларды қоймаңыз; әйтпесе ондағы сұйықтық төгілуі мүмкін. Оларды конфоркаға тұтқаларын құрылғының ортасына қаратып қойыңыз.
- Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе оны алған кезде әрдайым пеш қолғаптарын пайдаланыңыз.
- Құрылғыны қолданған кезде оның маңына жанғыш сұйықтықтар (спирт, бензин және т.б.) қоймаңыз.
- Төменгі сақтау бөліміне немесе пештің өзіне жанғыш заттар салмаңыз. Егер байқаусызда құрылғы қосылса, бұл заттардың жануы мүмкін.
- Құрылғыны қолданбағанда тұтқалар «0» позициясында тұрғанын тексеріңіз.
- Құрылғыны өшіргенде розеткадан әрдайым айырғышты ұстап тартыңыз, кабельден тартып суырмаңыз.
- Құрылғыны электр желісінен ажыратпай ешқашан тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын жасамаңыз.
- Егер құрылғы істен шыққан болса, оны ешбір жағдайда өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз. Тәжірибесіз адам тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз болып қалуы мүмкін. Көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз.
- Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз. • Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
- Құрылғыны физикалық, сезімталдық және психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе нұсқаулары берілуі тиіс.
Қоңысқа тастау
- Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті заңды қадағалаңыз.
- Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты қатты қалалық қалдық айналымын пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі өнім иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты міндетін еске салады.
Қолданылған құрылғыларды қоғамдық қоқыс жинау қызметіне тапсыруға, айналадағы тиісті жинау орындарына апаруға немесе, ағымдағы ұлттық заңдар рұқсат берсе, жаңа ұқсас өнімге ауыстыру үшін сатушыға ауыстыру ұсынысы бойынша қайтаруға болады.
Үй құрылғыларының барлық негізгі өндірушілері ескі және қолданыстан шыққан құрылғыларды жинау және тастау жүйелерін жасауға және ұйымдастыруға қатысады.
Күтім және техникалық қызмет көрсету
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
- Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз етуші желілік компаниялардың ең жоғары жүктемесін азайтуға көмектесе аласыз.
- ГРИЛЬ және ҚОС ГРИЛЬ режимдері пайдаланылғанда пеш есігін әрқашан жауып қою қажет. Бұл қуатты үнемдей отырып (шамамен 10%), жақсы нәтижеге жеткізеді.
- Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін тазалап сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың сыртқа шығуын болдырмайсыз.
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны токтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
! Дақ кетіргіштер, тат кетіргіштер, ұнтақ тазартқыш заттар немесе қырғыш беттері бар губкалар сияқты қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш заттарды пайдаланбаңыз. Олар құрылғы беттерін біржола сызып тастауы мүмкін.
! Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе шаңсорғышпен тазаламаңыз.
- Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы бөліктер және резеңке тығыздағыштар жылы суға малынып, түссіз сабын жағылған губкамен тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы өнімдерді пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны шайып, мұқият құрғатыңыз. Қатты ұнтақтарды немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
- Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы кезінде мұқият тазалануы тиіс. Ыстық су мен тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін шайып, жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш заттарды пайдаланбаңыз.
- Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш емес тазартқыш құралдармен тазалап, жұмсақ шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты қырғыш затты немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар әйнек бетін тырнап, оның сынуына әкелуі мүмкін.
- Керек-жарақтар күнделікті ыдыстар сияқты жуылуы мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш машинада жууға болады.
- Кір мен майды басқару тақтасынан қырғыш емес губкамен немесе жұмсақ шүберекпен сүртіп алу қажет.
- Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт тұрған қаттылығы жоғары су немесе құрамында фосфор бар күшті тазартқыш заттар дақ түсіруі мүмкін. Жуып болған соң оны жақсылап шайып, мұқият құрғатыңыз. Сондай-ақ, қалып қойған барлық су тамшыларын сүртіп алу қажет.
Қақпақ
Пеш қақпақпен жабдықталған болса, бұл қақпақты жылы сумен тазалау керек. Қырғыш заттарды пайдаланбаңыз.
Плитаның артқы жағын тазалауды жеңілдету үшін қақпақты шешіп алуға болады. Қақпақты толығымен ашып, оны жоғары қарай тартыңыз (суретті қараңыз).

Оттықтар жанып тұрған кезде немесе әлі ыстық болғанда қақпақты жаппаңыз.
Пеш тығыздағыштарын тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп тұрыңыз. Егер тығыздағыштар зақымдалған болса, жақын жердегі Сатудан кейін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Тығыздағыштар ауыстырылғанға дейін пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Пеш шамын ауыстыру
- Пешті токтан ажыратқаннан кейін шам ұясын жауып тұрған шыны қақпақты шешіп алыңыз (суретті қараңыз).
- Шамды алып, оны сондай басқа шаммен ауыстырыңыз: кернеуі 230 В, қуаты 25 Вт, цоколі Е 14.
- Қақпақты орнына қойып, пешті токқа қайтадан қосыңыз.

Пеш шамын бөлмені жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Көмек
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
• Құрылғының моделі (Мод.). - Сериялық нөмірі (С/н). Бұл ақпарат құрылғыда орнатылған деректеме кестесінде немесе орамадан табылуы мүмкін.








































































































































































