BM235ORAW - микротолқынды пеш GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз BM235ORAW GORENJE PDF форматында.

GORENJE BM235ORAW - микротолқынды пеш
📄 216 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice GORENJE BM235ORAW - page 166
Нұсқаулықты қарау : Čeština CS English EN Қазақша KK Polski PL Slovenščina SL Shqip SQ
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Грильмен микротолқынды пеш
Бренд Gorenje
Модель BM235ORAW
Пештің сыйымдылығы 23 литр
Қуат тұтыну 220-240 V ~ 50 Гц, 1450 Вт
Микротолқынның шығыс қуаты 900 Вт
Гриль қыздырғышының қуаты 1200 Вт
Жұмыс жиілігі 2450 МГц
Сыртқы өлшемдері (Е×Б×Т) 592 мм × 390 мм × 368 мм
Нетто салмағы (шамамен) 14.5 кг (16.8 кг оралмаған күйде)
Шу деңгейі < 58 дБ(А)
Микротолқын қуат деңгейлері 5 деңгей (100%, 70%, 50%, 30%, 10%)
Гриль режимдері G-1 (85% қуат), G-2 (50% қуат)
Аралас пісіру режимдері C-1 (55% микро + 45% гриль), C-2 (30% микро + 60% гриль)
Автоматты мәзір бағдарламалары 8 (Күріш, Көкөніс, Кеспе, Ет, Балық, Тауық, Сұйық, Попкорн)
Арнайы функциялар Жылдам бастау, автоматты жібіту (100-2000 г), кешіктіріп бастау, балалар құлпы, эко режим
Керек-жарақтар Шыны айналмалы үстел, роликті сақина, гриль сөресі, кіріктірілген орнату жиынтығы
Кіріктіруге арналған шкаф өлшемдері Ені 566-580 мм, биіктігі 365-380 мм, тереңдігі мин. 550 мм
Тазалау нұсқаулары Ішкі жағын дымқыл шүберекпен сүртіңіз; абразивті тазартқыштарды қолданбаңыз; шыны науа ыдыс жуғыш машинада жууға болады
Қауіпсіздік ерекшеліктері Есік қауіпсіздік құлпы жүйесі, балалар құлпы, жерге тұйықталған аша, микротолқын сәулеленуінен қорғау
Жөндеу / Қызмет көрсету Шамды ауыстыруды тек Gorenje қызметі жүргізеді; қоректендіру сымын білікті маман ауыстыруы тиіс
Экологиялық сәйкестік WEEE директивасы 2012/19/EU; белгіленген жинау пунктінде қайта өңдеңіз

Жиі қойылатын сұрақтар - BM235ORAW GORENJE

Gorenje BM235ORAW сағатын қалай орнатуға болады?
CLOCK/TIMER түймесін басыңыз, +/- түймелерімен сағат пен минутты реттеңіз, растау үшін CLOCK/TIMER түймесін қайта басыңыз. Сағат 24 сағаттық пішінді пайдаланады.
Гриль функциясын дұрыс пайдалану жолы қандай?
MICRO/GRILL түймесін бірнеше рет басып, G-1 (85% қуат) немесе G-2 (50% қуат) таңдаңыз. Пісіру уақытын орнатыңыз (макс 60 мин). Грильдеу кезінде пеш жарты жолда тоқтап, екі рет дыбыс шығарып, тамақты аударуды сұрайды. Есікті жауып, жалғастыру үшін START басыңыз.
Осы микротолқынды пеште металл ыдыстарды қолдануға бола ма?
Жоқ, металл табаларды, металл тұтқалары бар ыдыстарды немесе металл бұрама байлауларды пайдаланбаңыз. Тек микротолқынды пешке жарамды ыдыстарды (шыны, керамика, микротолқынға жарамды пластик) пайдаланыңыз.
Балалар құлпын қалай қосуға болады?
Күту режимінде START/PAUSE түймесін 3 секунд басып тұрыңыз, дыбыс шығып, құлып көрсеткіші пайда болғанша. Өшіру үшін сол түймені қайтадан 3 секунд басып тұрыңыз.
Неліктен микротолқынды пешім іске қосылмайды?
Оның сенімді қосылғанын, есіктің толық жабылғанын және қауіпсіздік блокаторларының іске қосылғанын тексеріңіз. Ажыратқыштың өшпегеніне көз жеткізіңіз. Қажет болса, розетканы басқа құрылғымен тексеріңіз.
Микротолқынды пештің ішін қалай тазалау керек?
Әр қолданғаннан кейін ішін дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Иістерді кетіру үшін бір кесе суды лимон шырыны мен қабығымен араластырып, 5 минут микротолқында қыздырыңыз, содан кейін құрғатып сүртіңіз. Абразивті тазартқыштарды қолданбаңыз немесе суды желдету саңылауларына кіргізбеңіз.
Кешіктіріп бастау функциясы дегеніміз не және оны қалай орнатуға болады?
Кешіктіріп бастау пешті алдын ала белгіленген уақытта пісіруді бастауға бағдарламалауға мүмкіндік береді. Алдымен сағатты орнатыңыз, содан кейін қажетті басталу уақытын орнату үшін CLOCK/TIMER басыңыз, қуат пен пісіру уақытын таңдаңыз, содан кейін START басыңыз. Пеш белгіленген уақытта басталады.
Микротолқынды пешті бос кезде қолдануға бола ма?
Жоқ, микротолқынды пешті ешқашан бос кезде пайдаланбаңыз. Бұл магнетронды зақымдауы мүмкін. Пісіру кезінде әрқашан ішінде тамақ немесе микротолқынға жарамды бір кесе су болуы керек.
Ішкі жарық шамды қалай ауыстыруға болады?
Шамды тек Gorenje қызметі немесе білікті маман ауыстыруы тиіс. Оны өзіңіз ауыстыруға әрекеттенбеңіз, себебі бұл микротолқын сәулеленуінен қорғайтын қақпақтарды алып тастауды қамтиды.
Осы модельге арналған кіріктірілген шкафқа қойылатын талаптар қандай?
Ішкі ені: 566-580 мм, ішкі биіктігі: 365-380 мм, ең аз тереңдік: 550 мм. Шкафтың үстіңгі бөлігінің қалыңдығы кемінде 15 мм болуы керек. Пешті бекіту үшін берілген орнату жиынтығын (бұрандалар мен қақпақтар) пайдаланыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы BM235ORAW GORENJE

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз микротолқынды пеш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз BM235ORAW - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. BM235ORAW брендінің GORENJE.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ BM235ORAW GORENJE

Сізге біздің бұйымды сатып алғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз және бұйымдарымыздың сенімділігіне көз жеткізесіз деп сенеміз. Шағын толқынды пештің сізге қуаныш сыйлауын тілейміз.

Осы нұсқаулық сіздің жаңа шағын толқынды пешіңізбен тезірек танысуыңызға көмектеседі. Аспапты пайдаланар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықты және басқа қоса тіркелетін құжаттаманы міндетті түрде сақтап қойыңыз. Аспапты жаңа иесіне беру кезінде осы құжаттарды да беруді ұмытпаңыз.

Іске пайдалану нұсқаулығы тұтынушыға арналған. Онда шағын толқынды пеш және оны басқару сипатталады. Нұсқаулық, аспаптардың бірнеше түрлері үшін әзірленген, сондықтан сіздің моделіңізде жоқ жекелеген функциялардың сипатталуын қамтуы мүмкін.

GORENJE BM235ORAW - 1

Аспап үй жағдайында электрмагнитті толқындардың көмегімен үй-жайдың ішінде пайдалану үшін ғана, тағам мен сусындарды жылыту және дайындау үшін арналған.

Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз және оны одан әрі қолдану үшін сақтап қойыңыз!

Осы нұсқаулық сіздің жаңа шағын толқынды пешіңізбен тезірек танысуыңызға көмектеседі. Аспапты пайдаланар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықты және басқа қоса тіркелетін құжаттаманы міндетті түрде сақтап қойыңыз. Аспапты жаңа иесіне беру кезінде осы құжаттарды да беруді ұмытпаңыз.

GORENJE BM235ORAW - 2

Дайындау кезінде аспаптың бетіне және олардың қыздыру элементтеріне жанаспаңыз. Жұмыс істеу кезінде беттер қызып кетеді. Балаларды қауіпсіз арақашықтықта ұстаңыз. Күйіп қалу қаупі бар.

GORENJE BM235ORAW - 3

Шағын толқынды энергия көзі. Жоғары кернеу. Қақпағын алмаңыз.

Назар аударыңыз, аспап пен оның бөлшектері пайдалану кезінде қызып кетеді. Абай болыңыз, қыздыру элементтеріне қолыңызды тигізбеңіз. 8 жастан кіші балалардың үлкендердің үнемі бақылауынсыз бұл аспапты пайдалануына тыйым салынады. Балалардың аспаппен ойнамауын қадағалаңыз. Бұл аспапты 8 жастан үлкен балалар пайдалана алады; мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, сондай-ақ, мұндай құрылғымен жұмыс істеу тәжірибесі жоқ тұлғалар қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін тұлғалардың бақылауымен және басшылығымен ғана пайдалануға тиіс. 8 жастан кіші балалар тазартпауға және қызмет көрсетпеуге тиіс, немесе үлкендердің бақылауымен жасауы керек. Аспапты және оның желілік сымын балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.

  • ЕСКЕРТУ! Егер пеш аралас дайындау режимімен жабдықталса, пештің камерасындағы жоғары температура үшін үлкендердің қарауынсыз балалардың оны пайдалануына рұқсат берілмейді (грилі бар модельдерде).
  • ЕСКЕРТУ! Егер есіктері мен тығыздауышы зақымданса, пешті пайдалануға тыйым салынады. Жөндеу үшін авторландырылған сервис орталығына хабарласыңыз.
  • ЕСКЕРТУ! Сәулелендіруден қорғайтын қақпақты шешіп алумен байланысты сервис жұмыстарын білікті емес және өндіруші авторландырмаған тұлғалардың орындауы қауіпті.

- ЕСКЕРТУ! Тағамды тығыз жабылған ыдыстарда жылытпаңыз, өйткені олар жарылып кетуі мүмкін.

- Балалардың аспаппен ойнамауын қадағалаңыз.

- Шағын толқынды пештің аяқтарын шешіп алмаңыз, желдету тесіктерін жаппаңыз.

- Шағын толқынды пештерде пайдалану үшін жарамды асүй ыдыс-аяғын және керек-жарақтарды пайдаланыңыз.

- Жұмыс істеп тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе, егер қағаздан, пластиктен және басқа жанғыш заттардан жасалған ыдысты пайдалансаңыз, өйткені олар балқып және жанып кетуі мүмкін.

- Егер сіз түтін немесе от байқасаңыз, пештің есігін ашпаңыз, аспапты өшіріңіз және айырын штепсель розеткасынан шығарыңыз немесе пешті электр қорек көзінен ажыратыңыз.

- Сұйықтықты қыздыру кезінде абай болыңыз! Егер сіз шағын толқынды пештен қайнау температурасына жақын сұйықтығы бар сауытты тез шығарып алсаңыз, ол бұрқылдап, сіздің қолыңызға төгілуі мүмкін.

- Банкілердегі және бөтелкелердегі балалар тағамын жылытқаннан кейін, бірқалыпты температураны қамтамасыз ету үшін, ішіндегісін мұқият араластырыңыз немесе сілкіңіз. Тамақтандырар алдында балалар тағамының температурасын міндетті түрде тексеріңіз. ҚҮЙІП ҚАЛУ ҚАУПІ БАР!

- Шағын толқынды пеште қабығы бар жұмыртқаны және қатып пісірілген жұмыртқа дайындамаңыз және жылытпаңыз, өйткені олар жарылып кетуі мүмкін.

- Есігін, тығыздауышын, жұмыс камерасын тазарту үшін жұмсақ абразивті емес тазарту құралдарын және жұмсақ губкаларды немесе шүберектерді пайдаланыңыз.

- Пешті үнемі тазартып тұрыңыз. Камера қабырғасында қалған тағам қалдықтарын жойыңыз.

  • Егер пештің тазалығын қадағаламасаңыз, оның беттері бүлінетін болады, бұл аспаптың қызмет мерзімінің қысқаруына әкеп соғады, сондай-ақ қауіпті жағдайдың пайда болу себебі болуы мүмкін.
  • Зақымданған желілік сымды қауіпті жағдайларды болдырмау үшін өндіруші, авторландырылған сервис орталығының шебері немесе білікті маман ауыстыра алады.
  • Желілік кабельдің шайнек қойылған үстел шетінен немесе жұмыс бетінен салбырап тұрмауын қадағалаңыз.
  • Аспапты қауіпсіз іске пайдалану үшін аспапты қосымша уақыт релесіне қосуға тыйым салынады.
  • Аспапты тазалау үшін бу тазартқыштарын, жоғары қысымды тазартқыштарды, үшкір заттарды, абразивті тазарту құралдарын, сондай-ақ абразивті губкалар мен дақ кетіргіштерді пайдаланбаңыз.

Бұл аспап электр аспаптарын іске пайдалануға қатысты қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы қабылданған ережелер мен талаптарға сәйкес жұмыс істейді:

  1. Пешті тағам дайындау үшін ғана пайдаланыңыз. Киімді, қағазды және басқа заттарды пеште кептіруге қатаң тыйым салынады. Пешті зарарсыздандыру үшін пайдаланбаңыз.
  2. Пеш бос болған кезде қоспаңыз. Бұл оны зақымдауы мүмкін.
  3. Пешті кітап, қағаз және т.б. сақтау үшін пайдаланбаңыз.
  4. Пешті тағамды консервілеу үшін пайдаланбаңыз, өйткені ол бұл үшін арналмаған. Дұрыс консервіленбеген тағам бұзылуы мүмкін және осылайша адам денсаулығы үшін қауіпті болуы мүмкін.
  5. Жұмыртқаны қабығымен пісірмеңіз: олар жарылып кетуі мүмкін. Жұмыртқа дайындаған кезде, оны қақпақпен жауып қойыңыз және дайындағаннан кейін бір минут тұра тұрсын.
  6. Сосиска, жұмыртқаның сарысы, картоп, тауық бауыры және т.б. сияқты (яғни қабығы бар тағам) тағамды дайындар алдында, оларды шанышқымен бірнеше рет тесіңіз.
  7. Заттарды пештің есігі мен қаңқасы арасындағы тесікке салмаңыз.

МАҢЫЗДЫ! ШАҒЫН ТОЛҚЫНДЫ ПЕШТЕ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ЖАРАМСЫЗ ЫДЫС-АЯҚ:

-металл табалар немесе кастрюльдер немесе металл тұтқалары бар ыдыс-аяқ.

-сымтемірлі байлауыштары бар қағаз ыдыс-аяқ немесе пластик орауыштар.

-меламин ыдыс-аяк, өйткені оның кұрамына кіретін материал шағын толқынды энергияны сіңіреді. Бүл ыдыс-аяқтың бүлінуіне және дайындау жылдамдығының азаюына әкеп соғуы мүмкін.

-жалтыр выдыс-аяк.

-ет пен тәтті тағамдарға арналған әдеттегі термометрлер, оны қажет болған кезде пайдалуға болады.

  1. Айналып жаткан тәрелкеде тікелей тағам дайындамаңыз. Дайындар алдында тағамды тиісті ыдыска салыңыз.
  2. Шағын толқынды пешке арналған ыдысты өндірушінің нұсқаулықтарына сәйкес қана пайдаланыңыз.
  3. Тағамды шағын толқынды пеште куыруға талпынбаңыз.
  4. Шағын толқынды пеште тағам контейнерге қарағанда тезірек қызады. Есте сақтаңыз: тіпті қақпағы ұстағанда ыстық болмаса да, оның астындағы тағамның температурасы жоғары және әдеттегі плитадағы сияқты бу шығаратын болады.
  5. Дайындалған тағамның температурасын, әсіресе, егер сіз оны нәресте үшін дайындасаңыз, әрқашан тексеріңіз. Тағамды дайындағаннан кейін бірденнен жеу дұрыс емес. Оны бірнеше минут қоя тұрыңыз және температураның бірқалыпты таралуы үшін араластырыңыз.
  6. Курамында май мен су бар тағамдарды дайындағаннан кейін пеште 30-60 секундқа қалдыру керек. Бүл қоспаның демделуіне мүмкіндік береді және көпіршіктің түзілуін болдырмайды.
  7. Кейбір тағамдар (мысалы, пудинг, джем және т.б.) өте тез қызып кетеді. Құрамында май немесе қант көп тағамды дайындау кезінде пластик ыдысты пайдалануға болмайды.
  8. Тағамы бар ыдыс тағамнан қызып кетуі де мүмкін. Егер ыдыс-аяқта пластик элементтері болса, бұл әсіресе маңызды. Мұнда пештен ыдысты алу үшін ұстағыш қажет болады.
  9. Аспап үй шарушылығында және сол сияқты нысандарда қолдануға арналған, соның ішінде:

– дүкен, кеңсе және басқа да жұмыс ғимараттарындағы қызметкерлерге арналған асханалар, - жеке шаруа қожалықтары, - қонақүйлердегі, отельдердегі және басқа да тұру нысандарындағы бөлмелер, – «таңғы асы бар нөмір» типті тұру жағдайларын ұсынатын қонақүй нысандары.

БАСҚАРУ ПАНЕЛІ

^(1) (2) (3) (4) (5) (6) (7)

1. 2. 3. 4. 5. 6. 7.

  1. жоғары (+)
  2. төмен (-)
  3. Жұмыс режимін таңдау (Микро/гриль)
  4. Дисплей
  5. Сағат/Таймер
  6. Автомәзір
  7. Іске қосу/тоқтату
  8. Есік бекітпелері
  9. Пештің қарау терезесі
  10. Дөңгелекті сүйеуіш
  11. Әйнек тарелка
  12. Баскару панелі
  13. Толқын тұтқыш (толқын ағыны мен магнетроннан қорғауға арналған слюдалы пластинаны ауыстырмаңыз) 7 Грильге арналған темір тор (гриль режимінде және қысқа толқын + гриль режимінде аралас пісірген кезде пайдалануға болады. Темір торды әйнек тарелканың үстіне қойыңыз).

1. ЖЫЛДАМ ІСКЕ ҚОСУ

Бұл функция жылдам қыздыру (100% қысқа толқын) немесе тамақ пісіру үшін қолданылады. Күту режимінде ІСКЕ ҚОСУ сенсорына басыңыз, пеш 60 секундқа қосылады.

Мысалы: Бір стақан сүтті жылыту үшін

а) Пештің тарелкасына су құйылған стақанды қойып, есігін жабыңыз. b) ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ батырмасын басыңыз, қысқа толқынды пеш 1 минут 100%-дық қуатпен жұмыс істейді. с) Дайын болғаннан кейін сіз 5 дыбыстық белгі естисіз.

Бұл функцияның екі опциясы бар.

Қысқа толқынды қуаттың 5 деңгейі бар, ал ең ұзақ тамақ әзірлеу уақыты 60 минутты құрайды.

Қысқа толқынды пеште еттің, тауықтың және теңіз өнімдерінің мұзын ерітуге болады. Пеш ерітуге салынған өнімнің салмағына қарай мұзды еріту уақыты мен қуатын өзі автоматты түрде анықтайды. Ерітілетін өнімнің салмақ аралығы 100 грамнан 2000 грамға дейін.

Мысалы: 0.5 кг мұздатылған етті еріту

а) «DEF» (еріту) орнату үшін Микро/гриль батырмасын басыңыз. b) Жоғары және төмен батырмаларын басып, өнімнің салмағын көрсетіңіз. с) ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ батырмасын басыңыз.

4. ГРИЛЬ

Гриль ет, шницель, стейк, кәуап, шұжық және тауықтың кесек еттерін пісіру үшін өте қолайлы. Сондай-ақ, ыстық бутерброд дайындау және тағамдарды сырты қытырлақ болғанға дейін пісіру үшін ұсынылады.

Бұл функция тамақ дайындаудың екі жолын ұсынады. Сіз микро/гриль батырмасының көмегімен олардың бірін таңдай аласыз (тамақты ең көп пісіру ұзақтығы 60 минут).

1-тәсіл: грильдің қуаты 85%, дисплейдегі индикация «G-1».

2-тәсіл: грильдің қуаты 50%, дисплейдегі индикация «G-2».

Мысалы: 20 минут бойы грильде әзірлеу үшін

а) дисплейде «G-1» пайда болғанға дейін Микро/гриль батырмасын басыңыз. b) «20:00» уақытын орнатыңыз. с) ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ батырмасын басыңыз.

ЕСКЕРТУ: Грильде дайындау кезінде өнімдер микротолқынды пешпен жылытылмайды. Жұмыс камерасының төбесінің астында орналасқан металл қыздыру элементі жылу шығарады. Грильде дайындау кезінде уақыттың жартысы өткеннен кейін бағдарлама автоматты түрде тоқтатылады және өнімді екінші жағына аудару қажеттігін ескертетін екі дыбыстық белгі беріледі. Өнімді аударғаннан кейін есікті жауып, ІСКЕ ҚОСУ / ТОҚТАТУ батырмасын басыңыз, пісіру жалғасады. Егер сіз өнімді аударып қоймайтын болсаңыз, пеш 1 минуттан кейін автоматты түрде пісіруді жалғастыра береді.

5. АРАЛАС ПІСІРУ

Өз аспабыңыздың көмегімен сіз екі әдістің бірін таңдай аласыз.

1-тәсіл: Қысқатолқынды пеш уақыттың 55%-ында қысқатолқынды режимде және 45%-ында гриль режимінде жұмыс істейді. Режим балық пісіру және бетін ірімшікпен көмкерген тағам әзірлеу үшін қолайлы.

2-тәсіл: Қысқатолқынды пеш уақыттың 30%-ында қысқатолқынды режимде, 70%-ында гриль режимінде жұмыс істейді. Режим пудинг, көмеш, омлет, көмештелген картоп және құс етін дайындауға қолайлы.

Мысалы: 2-тәсілмен 15 минут бойы әзірлеу үшін

а) дисплейде «С-2» пайда болғанға дейін Микро/гриль батырмасын басыңыз. b) «15:00» уақытын белгілеңіз. с) ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ батырмасын басыңыз.

Кейбір өнім түрлері үшін өнімнің түрі мен салмағын ғана енгізу керек, сосын қысқатолқынды пеш автоматты түрде уақыт пен қуатты өзі орнатады.

Мысалы: 0,4 кг балықты автоматты түрде әзірлеу үшін

а) дисплейде «а-5» пайда болғанға дейін Автомәзірді басыңыз. b) жоғары және төмен батырмаларының көмегімен өнімнің салмағын белгілеңіз. с) ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ батырмасын басыңыз.

Мәзір Салмағы/саны Кыскатолқынның куаттылығы
A-1Күріш100 - 500g 16- 23min 80%
A-2Көкөніс100 - 600g 2 -7min 30sec 100%
A-3Кеспе1 - 24min 30sec -7min 40sec100%
A-4Ет200 - 1000g 7- 19min 80%
A-5Балық200 - 1000g 4- 12min 80%
A-6Күс еті200 - 1000g 14min 30sec - 34min 55%
A-7Сүйықтық2 - 10dl 2 - 5min 100%
A-8Попкорн100g 3min30sec 100%

6. АВТОМӘЗІР

7. САҒАТ

Қысқатолқынды пеш электрондық сағаттармен жабдықталған. Күту режимінде оятқыш/сағат сенсорын басып, 24 сағаттық форматта ағымдағы уақытты орнатыңыз.

Мысалы: Ағымдағы уақытты енгізіңіз 8:30

a) Сағат/Таймер батырмасын басыңыз; дисплейде индикация жыпылықтайды, жоғары және төмен батырмаларының көмегімен сағатты орнатыңыз. b) Сағат/Таймер батырмасын тағы да басыңыз, жоғары және төмен батырмаларының көмегімен минуттарды орнатыңыз. с) Сағат/Таймер батырмасын басыңыз, уақыт аспаптың жадында сақталады. d) уақытты өзгерту үшін әрекетті қайталаңыз.

8. ТАЙМЕР

Таймер тамақ әзірлеуді бастау және оның ұзақтығын бағдарламалауға мүмкіндік береді.

Осы мүмкіндікті пайдалану үшін, алдымен сағатты орнатыңыз.

Мысалы: Ағымдағы уақыт 16.30, сіз 18.15-те 70% қуатпен ұзақтығы 10 минутқа созылатын әзірлеуді бастағыңыз келеді делік. Ол үшін

а) Сағат/Таймер батырмасын басып, «18:15» уақытын жоғары және төмен батырмаларының көмегімен орнатыңыз. b) Микро/гриль батырмасын басып, 70% қуатты орнатыңыз. с) ұзақтығын 10 минут деп белгілеңіз де, ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ батырмасын басыңыз.

ЕСКЕРТУ: Егер сіз дайындау қуаты мен ұзақтығын белгілемесеңіз және дайындауды бастау уақытын белгілегеннен кейін бірден ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ батырмасын басыңыз, аспап сағат режимінде жұмыс істейтін болады. 18.15-те сіз 10 дыбыстық белгіні естисіз, және қысқатолқынды пеш өшеді.

Бұл функция кішкентай балалардың пешті бақылаусыз пайдалануын

болдырмау үшін қолданылады. БАЛАЛАРДАН БЛОКТАУ индикаторы дисплейде жанады да, блоктаудың осы режимін орнату кезінде пеш жұмыс істемейтін болады.

БАЛАЛАРДАН БЛОКТАУ функциясын қосу үшін: пештің күту режимінде ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ түймесін басып, оны 3 секунд бойына ұстап тұрыңыз, блоктау индикаторы жанады. БАЛАЛАРДАН БЛОКТАУ функциясын болдырмау үшін: ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ түймесін басыңыз да, дисплейде блоктау индикаторы сөнгенше 3 секунд бойына ұстап тұрыңыз.

10. ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ

а) Аспаптың жұмысын тоқтату үшін ІСКЕ ҚОСУ / ТОҚТАТУ батырмасын басыңыз. b) Егер сіз ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ батырмасын басып, қысқатолқынды пештің жұмысын бағдарламалаған болсаңыз, сіз бағдарламаны жоясыз.

«∧» және «∨» пернелерін бір уақытта басыңыз. Дисплей бұрылып өшіріліп, микротолқынды пеш электр қуатын пайдалануды азайтатын Эко режимінде болады. Эко режимін болдырмау және дисплейді қайтадан қосу үшін кез келген түймені басыңыз немесе есікті ашыңыз немесе жабыңыз.

  1. Пешті электр желісінен өшіріңіз.
  2. Пеш қуысын таза ұстаңыз. Тағам бөлшектері немесе сусын пештің қабырғаларына тисе, оларды ылғал шүберекпен сүртіңіз. Абразивті және агрессивті тазарту құралдарын пайдалану ұсынылмайды.
  3. Пештің ішкі бетін ылғал шүберектің көмегімен тазарту керек. Пештің ішіндегі функционалдық бөлшектердің зақымдануын болдырмас үшін, судың желдету тесіктеріне түспеуін қадағалаңыз.
  4. Судың басқару панеліне түспеуін қадағалаңыз. Оны жұмсақ ылғал шүберекпен сүртіңіз. Басқару панелін тазарту үшін абразивті және агрессивті тазарту құралдарын пайдаланбаңыз.
  5. Егер пештің жанында бу жиналса, пешті ылғал шүберекпен сүртіңіз. Бұл үй-жайда жоғары ылғалдылық деңгейі болғанда орын алады.
  6. Пештің ішіндегі жағымсыз иісті жою үшін, терең ыдысқа бір шыныаяқ су құйыңыз және бір лимонның шырыны мен цедрасын қосыңыз. Пешті 5 минутқа қосыңыз, содан кейін оны жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
  7. Дөңгелекшелері бар тіректі және түбін пештің жұмыс істеу барысында шуды болдырмау үшін жиі тазартып отыру керек. Оларды жұмсақ детергент, су немесе шыны жууға арналған құралымен сүрту керек. Даярлау барысында буланулар пайда болады, бірақ олар пештің беттері мен тіреу дөңгелектері үшін залалсыз. Сіз пештің барлық жабдығын орнына қайтарғанда, олардың дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
  8. Пештің ішінен шығатын жағымсыз иісті кетіру үшін, терең ыдысқа бір кесе су құйыңыз да, оған шырын мен бір лимонның ұнтағын қосыңыз. Пешті 5 минутқа іске қосыңыз, содан кейін оны жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.

Қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін аспапты тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Оны әрі қарай кәдеге жарату үшін мамандандырылған орынға тапсырыңыз. Осылайша сіз қоршаған ортаны қорғауға көмектесесіз.

  1. Барлық орауыш материалдың аспаптан алынғанына және шығарылғанына көз жеткізіңіз.
  2. Аспаптың мынадай сияқты көзге көрінетін зақымдануларын қарап шығыңыз: - реттелмеген есік - бұзылған есік - есіктің әйнек бетіндегі майысқан жерлері мен тесіктері - пеш қуысындағы майысқан жерлер - егер осы зақымданулардың бірі болса - пешті пайдаланбаңыз.
  3. Бұл шағын толқынды пештің салмағы 14,5 кг құрайды, сондықтан оны осы салмақты көтеруге қабілетті бетке орнату керек.
  4. Пешті жоғары температура көздері мен будан алыс жерге орнатыңыз.
  5. Пешке ешқандай заттар қоймаңыз.
  6. Балалар пешті пайдаланғанда, оларды қадағалаңыз.
  7. Төтенше жағдайлар пайда болған кезде, айыры тез алынуы үшін, немесе құрылғыны ажыратқыштың көмегімен ажырату мүмкін болу үшін розетканың қолжетімді болуына көз жеткізіңіз. Мұндай жағдайларда қауіпсіздік ережелері сақталуға тиіс. Құрылғы дұрыс орнатылған жерге тұйықталған розетканың көмегімен 230В/50Гц бір фазалы ауыспалы ток көзіне дұрыс қосылуға тиіс. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұл аспап жерге тұйықталуға тиіс!
  8. Бұл аспап 1.4 кВт тұтынады. Аспапты орнатуға қатысты сервис орталығының маманынан кеңес алуды ұсынамыз.

ЕСКЕРТУ: Аспап 250 В, 10 А арналған ішкі қорғаныш сақтандырғышпен қорғалған.

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

GORENJE BM235ORAW - ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ - 1

Тұтынатын қуаты..... 220-240В~50Гц, 1450Вт

Бастапқы қуаты 900Вт

Гриль 1200Вт

Жиілігі 2450 мГц

Салмағы....шамамен 16,8 кг

Шуыл деңгейі .... Lc < 58 дБ (А)

Бұл жабдық электр және электронды жабдықтың қалдықтары (waste electrical and electronic equipment - WEEE) туралы 2012/19/EU еуропалық директивасына сәйкес таңбаланған. Бұл директива барлық ЕО елдерінде қолданылатын электр және электронды жабдықтың қалдықтарын жинау және жою талаптарын белгілейді.

РАДИОКЕДЕРГІЛЕР

Шағын толқынды пеш сіздің радиоңыздың, теледидарыңыздың және басқа ұқсас аспаптарыңыздың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.

Бұл кедергілерді былайша бейтараптауға болады:

а) пештің есігін және тығыздауышын тазалаңыз. б) радионы, теледидарды және басқаларын пештен алыс жерге қойыңыз. в) күшті сигнал алу үшін радиоға, теледидарға арналған антеннаны дұрыс пайдаланыңыз.

Кіріктірілген шкаф

минимум 550 50 600 390 509 308 592 24 363 560-566 минимум 365

Өндіруші аспаптың функционалдық сипаттамаларына әсер етпейтін өзгерістерді енгізу құқығын өзіне қалдырады.

Шкафтың өлшемдеріне қойылатын талаптар (суретті қараңыз):

  1. Шкафтың ішкі ені 566-580 мм.
  2. Шкафтың ішкі биіктігі 365-380 мм.
  3. Шкафтың тереңдігі 550 мм-ден кем болмауы керек.
  4. Шкафтың сыртқы өлшемі 596 мм-ден кем болмауы керек.
  5. Ағаш шкафтың үстіңгі қабаты 15 мм-ден кем болмауы керек.

ОРНАТУ ЖИНАҒЫ

  1. Болт ф3×20мм 2 дана
  2. Бұрандалы қақпақ 1 дана
  3. Болт φ4×45мм 1 дана

GORENJE BM235ORAW - ОРНАТУ ЖИНАҒЫ - 1

Микротолқынды пешті көлденең күйде ұстаңыз, шкафтың екі бүйір қабырғасынан бірдей қашықтық болуы керек.

Бұрандаларды (1 компонент) жақтаудың жоғарғы жиегіндегі тесіктерге салыңыз және жиһазға бұраңыз.

GORENJE BM235ORAW - ОРНАТУ ЖИНАҒЫ - 2

  1. Микротолқынды есікті ашыңыз, бұранданы (3 компонент) саңылауға салыңыз және шкафқа бұраңыз, содан кейін бұранданың қақпағын орнатыңыз.

GORENJE BM235ORAW - ОРНАТУ ЖИНАҒЫ - 3

  1. Егер пеш мүлдем жұмыс істемесе, дисплейі жанбаса немесе жоқ болып кетсе:

а) пештің электр желісіне дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Егер дұрыс қосылмаса – розеткадан ашасын шығарыңыз да, 10 секунд күте тұрыңыз және ашаны қайта тығыз кіргізіңіз.

б) электр желісінде қысқа тұйықталудың жоқтығын тексеріңіз. Егер бәрі қалыпты болса, басқа аспаптың көмегімен розетканы тексеріңіз.

  1. Егер микротолқынды режим жұмыс істемесе:

а) таймердің қойылғанын тексеріңіз.

б) есіктің тығыз жабылғанына көз жеткізіңіз. Олай болмаған жағдайда, микротолқынды энергия пешке келіп түспейді.

ЕГЕР СІЗ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ӨЗІҢІЗ ЖОЯ АЛМАСАҢЫЗ, ЕҢ ЖАҚЫН ОРНАЛАСҚАН АВТОРЛАНДЫРЫЛҒАН СЕРВИС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.

Қосымша ақпарат алу үшін немесе проблемалар пайда болған жағдайда, сіздің еліңіздегі Сатып алушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз (орталық телефонының нөмірі кепілдік талонында көрсетілген). Егер сіздің еліңізде мұндай орталық болмаса, Gorenje жергілікті сауда ұйымыңызға немесе Gorenje Domestic Appliances компаниясының сатып алушыларды қолдау бөліміне хабарласыңыз. Авторландырылған сервис орталықтарының мекенжайлары мен телефондары «Кепілдік міндеттемелер» кітапшасында немесе кепілдік талонында орналастырылған.

Бір өндірістік желі шегінде түрлі аспаптар немесе компоненттер арасындағы түс реңктеріндегі ықтимал сәйкес келмеушіліктер әртүрлі шолу бұрыштары, фон түсі, материалдар және бөлмедегі жарық сияқты түрлі факторларға байланысты туындауы мүмкін.

Үйде пайдалану үшін ғана!

Өндіруші пайдалану жөніндегі нұсқаулығына қателіктерге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : GORENJE

Модель : BM235ORAW

Санат : микротолқынды пеш