MO235SYB - микротолқынды пеш GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз MO235SYB GORENJE PDF форматында.

GORENJE MO235SYB - микротолқынды пеш
📄 320 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice GORENJE MO235SYB - page 292
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Грильмен біріктірілген микротолқынды пеш
Сыйымдылық 23 литр
Өлшемдері (Биіктігі x Ені x Тереңдігі) 28,0 x 48,3 x 36,0 см
Нетто салмағы 12,0 кг
Микротолқынды пештің қуаты 800 Вт
Гриль қуаты 1000 Вт
Электрмен қамтамасыз ету 230 В / 50 Гц
Қуат деңгейлері 5 деңгей
Таймер 95 минутқа дейін
Кіріктірілген сағат Иә
Автоматты жібіту Салмақ бойынша немесе уақыт бойынша
Сенсорлық пісіру Иә
Гриль функциясы Иә
Ашылу түрі Бүйірлік
Ішкі жабын Эмаль
Ішкі жарықтандыру Иә
Балаларды құлыптау Иә
Автоматты тоқтату Иә
Айналмалы науа Диаметрі 27 см
Күтім және тазалау Ішін дымқыл шүберекпен және жұмсақ жуғыш затпен тазалаңыз
Қолжетімді қосалқы бөлшектер Айналмалы науа, тірек, толқын өткізгіш
Жөндеу мүмкіндігі Жөндеу мүмкіндігі көрсеткіші берілмеген

Жиі қойылатын сұрақтар - MO235SYB GORENJE

Gorenje MO235SYB микротолқынды пеште сағатты қалай орнатуға болады?
Сағат түймесін сандар жыпылықтағанша басып тұрыңыз. Уақытты орнату үшін айналмалы тұтқаны пайдаланыңыз, содан кейін растау үшін Сағат түймесін қайта басыңыз.
Микротолқынды пештің максималды қуаты қандай?
Микротолқынды пештің қуаты 800 Вт, ал гриль қуаты 1000 Вт құрайды.
Автоматты жібіту функциясын қалай пайдалануға болады?
Жібіту режимін таңдаңыз, тағамның салмағын енгізіңіз, содан кейін циклды бастаңыз. Уақыт автоматты түрде есептеледі.
Осы микротолқынды пеште металл ыдыстарды қолдануға бола ма?
Жоқ, металл ыдыстар ұшқындарды тудырып, құрылғыны зақымдауы мүмкін. Микротолқынды пешке жарамды ыдыстарды пайдаланыңыз.
Балаларды құлыптауды қалай қосуға болады?
Балалар құлпы түймесін 3 секунд басып тұрыңыз. Экранда құлып белгісі пайда болады.
Егер микротолқынды пеш қыздырмаса не істеу керек?
Есіктің жақсы жабылғанын және балалар құлпының қосылмағанын тексеріңіз. Мәселе сақталса, сатудан кейінгі қызметке хабарласыңыз.
Микротолқынды пештің ішін қалай тазалауға болады?
Жұмсақ жуғыш заты бар дымқыл шүберекті пайдаланыңыз. Абразивті өнімдерден аулақ болыңыз. Лимон қосылған бір тостаған суды салып, 2 минут қыздырыңыз, бұл тазалауды жеңілдетеді.
Микротолқынды пештің сыйымдылығы қандай?
Сыйымдылығы 23 литр, диаметрі 27 см-ге дейінгі тағамдарға жарамды (айналмалы науа).
Таймерді қалай орнатуға болады?
Уақытты 95 минутқа дейін орнату үшін айналмалы тұтқаны сағат тілінің бағытымен бұраңыз. Кері санақты бастау үшін Іске қосу түймесін басыңыз.
Грильді жеке қолдануға бола ма?
Иә, Гриль функциясын жеке қолдануға болады. Гриль режимін таңдап, пісіру ұзақтығын орнатыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы MO235SYB GORENJE

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз микротолқынды пеш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз MO235SYB - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. MO235SYB брендінің GORENJE.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ MO235SYB GORENJE

Сізге біздің бұйымды сатып алғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз және бұйымдарымыздың сенімділігіне көз жеткізесіз деп сенеміз. Шағын толқынды пештің сізге қуаныш сыйлауын тілейміз.

Осы нұсқаулық сіздің жаңа шағын толқынды пешіңізбен тезірек танысуыңызға көмектеседі. Аспапты пайдаланар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықты және басқа қоса тіркелетін құжаттаманы міндетті түрде сақтап қойыңыз. Аспапты жаңа иесіне беру кезінде осы құжаттарды да беруді ұмытпаңыз.

Іске пайдалану нұсқаулығы тұтынушыға арналған. Онда шағын толқынды пеш және оны басқару сипатталады. Нұсқаулық аспаптардың бірнеше түрлері үшін әзірленген, сондықтан сіздің моделіңізде жоқ жекелеген функциялардың сипатталуын қамтуы мүмкін.

GORENJE MO235SYB - 1

Аспап үй жағдайында электрмагнитті толқындардың көмегімен үй-жайдың ішінде пайдалану үшін ғана, тағам мен сусындарды жылыту және дайындау үшін арналған.

Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз және оны одан әрі қолдану үшін сақтап қойыңыз!

Осы нұсқаулық сіздің жаңа шағын толқынды пешіңізбен тезірек танысуыңызға көмектеседі. Аспапты пайдаланар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықты және басқа қоса тіркелетін құжаттаманы міндетті түрде сақтап қойыңыз. Аспапты жаңа иесіне беру кезінде осы құжаттарды да беруді ұмытпаңыз.

Өндіруші пайдалану жөніндегі нұсқаулығына қателіктерге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

GORENJE MO235SYB - 2

Дайындау кезінде аспаптың бетіне және олардың қыздыру элементтеріне жанаспаңыз. Жұмыс істеу кезінде беттер қызып кетеді. Балаларды қауіпсіз арақашықтықта ұстаңыз. Күйіп қалу қаупі бар.

GORENJE MO235SYB - 3

Шағын толқынды энергия көзі. Жоғары кернеу. Қақпағын алмаңыз.

Назар аударыңыз, аспап пен оның бөлшектері пайдалану кезінде қызып кетеді. Абай болыңыз, қыздыру элементтеріне қолыңызды тигізбеніз. 8 жастан кіші балалардың үлкендердің үнемі бақылауынсыз бұл аспапты пайдалануына тыйым салынады. Балалардың аспаппен ойнамауын қадағалаңыз. Бұл аспапты 8 жастан үлкен балалар пайдалана алады; мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, сондай-ақ, мұндай құрылғымен жұмыс істеу тәжірибесі жоқ тұлғалар қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін тұлғалардың бақылауымен және басшылығымен ғана пайдалануға тиіс. 8 жастан кіші балалар тазартпауға және қызмет көрсетпеуге тиіс, немесе үлкендердің бақылауымен жасауы керек. Аспапты және оның желілік сымын балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.

  • ЕСКЕРТУ! Егер пеш аралас дайындау режимімен жабдықталса, пештің камерасындағы жоғары температура үшін үлкендердің қарауынсыз балалардың оны пайдалануына рұқсат берілмейді (грилі бар модельдерде).
  • ЕСКЕРТУ! Егер есіктері мен тығыздауышы зақымданса, пешті пайдалануға тыйым салынады. Жөндеу үшін авторландырылған сервис орталығына хабарласыңыз.
  • ЕСКЕРТУ! Сәулелендіруден қорғайтын қақпақты шешіп алумен байланысты сервис жұмыстарын білікті емес және өндіруші авторландырмаған тұлғалардың орындауы қауіпті.

- ЕСКЕРТУ! Тағамды тығыз жабылған ыдыстарда жылытпаңыз, өйткені олар жарылып кетуі мүмкін.

- Балалардың аспаппен ойнамауын қадағалаңыз.

- Шағын толқынды пештің аяқтарын шешіп алмаңыз, желдету тесіктерін жаппаңыз.

- Шағын толқынды пештерде пайдалану үшін жарамды асүй ыдыс-аяғын және керек-жарақтарды пайдаланыңыз.

- Жұмыс істеп тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе, егер қағаздан, пластиктен және басқа жанғыш заттардан жасалған ыдысты пайдалансаңыз, өйткені олар балқып және жанып кетуі мүмкін.

- Егер сіз түтін немесе от байқасаңыз, пештің есігін ашпаңыз, аспапты өшіріңіз және айырын штепсель розеткасынан шығарыңыз немесе пешті электр қорек көзінен ажыратыңыз.

- Сұйықтықты қыздыру кезінде абай болыңыз! Егер сіз шағын толқынды пештен қайнау температурасына жақын сұйықтығы бар сауытты тез шығарып алсаңыз, ол бұрқылдап, сіздің қолыңызға төгілуі мүмкін.

- Банкілердегі және бөтелкелердегі балалар тағамын жылытқаннан кейін, бірқалыпты температураны қамтамасыз ету үшін, ішіндегісін мұқият араластырыңыз немесе сілкіңіз. Тамақтандырар алдында балалар тағамының температурасын міндетті түрде тексеріңіз. КҮЙІП ҚАЛУ ҚАУПІ БАР!

- Шағын толқынды пеште қабығы бар жұмыртқаны және қатып пісірілген жұмыртқа дайындамаңыз және жылытпаңыз, өйткені олар жарылып кетуі мүмкін.

- Есігін, тығыздауышын, жұмыс камерасын тазарту үшін жұмсақ абразивті емес тазарту құралдарын және жұмсақ губкаларды немесе шүберектерді пайдаланыңыз.

- Пешті үнемі тазартып тұрыңыз. Камера қабырғасында қалған тағам қалдықтарын жойыңыз.

  • Егер пештің тазалығын қадағаламасаңыз, оның беттері бүлінетін болады, бұл аспаптың қызмет мерзімінің қысқаруына әкеп соғады, сондай-ақ қауіпті жағдайдың пайда болу себебі болуы мүмкін.
  • Зақымданған желілік сымды қауіпті жағдайларды болдырмау үшін өндіруші, авторландырылған сервис орталығының шебері немесе білікті маман ауыстыра алады.
  • Желілік кабельдің шайнек қойылған үстел шетінен немесе жұмыс бетінен салбырап тұрмауын қадағалаңыз.
  • Аспапты қауіпсіз іске пайдалану үшін аспапты қосымша уақыт релесіне қосуға тыйым салынады.
  • Аспапты тазалау үшін бу тазартқыштарын, жоғары қысымды тазартқыштарды, үшкір заттарды, абразивті тазарту құралдарын, сондай-ақ абразивті губкалар мен дақ кетіргіштерді пайдаланбаңыз.

Бұл аспап электр аспаптарын іске пайдалануға қатысты қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы қабылданған ережелер мен талаптарға сәйкес жұмыс істейді:

  1. Пешті тағам дайындау үшін ғана пайдаланыңыз. Киімді, қағазды және басқа заттарды пеште кептіруге қатаң тыйым салынады. Пешті зарарсыздандыру үшін пайдаланбаңыз.
  2. Пеш бос болған кезде қоспаңыз. Бұл оны зақымдауы мүмкін.
  3. Пешті кітап, қағаз және т.б. сақтау үшін пайдаланбаңыз.
  4. Пешті тағамды консервілеу үшін пайдаланбаңыз, өйткені ол бұл үшін арналмаған. Дұрыс консервіленбеген тағам бұзылуы мүмкін және осылайша адам денсаулығы үшін қауіпті болуы мүмкін.
  5. Жұмыртқаны қабығымен пісірмеңіз: олар жарылып кетуі мүмкін. Жұмыртқа дайындаған кезде, оны қақпақпен жауып қойыңыз және дайындағаннан кейін бір минут тұра тұрсын.
  6. Сосиска, жұмыртқаның сарысы, картоп, тауық бауыры және т.б. сияқты (яғни қабығы бар тағам) тағамды дайындар алдында, оларды шанышқымен бірнеше рет тесіңіз.
  7. Заттарды пештің есігі мен қаңқасы арасындағы тесікке салмаңыз. МАҢЫЗДЫ! ШАҒЫН ТОЛҚЫНДЫ ПЕШТЕ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ЖАРАМСЫЗ ЫДЫС-АЯҚ: – металл табалар немесе кастрюльдер немесе металл тұтқалары бар ыдыс-аяқ.
  8. металл элементтері бар ыдыс-аяқ.
  9. сымтемірлі байлауыштары бар қағаз ыдыс-аяқ немесе пластик орауыштар.
  10. меламин ыдыс-аяқ, өйткені оның құрамына кіретін материал шағын толқынды энергияны сіңіреді. Бұл ыдыс-аяқтың бүлінуіне және дайындау жылдамдығының азаюына әкеп соғуы мүмкін.
  11. жалтыр ыдыс-аяқ.
  12. аузы тар ыдыс-аяқ. – ет пен тәтті тағамдарға арналған әдеттегі термометрлер, оны қажет болған кезде пайдалануға болады.
  13. Айналып жатқан тәрелкеде тікелей тағам дайындамаңыз. Дайындар алдында тағамды тиісті ыдысқа салыңыз.
  14. Шағын толқынды пешке арналған ыдысты өндірушінің нұсқаулықтарына сәйкес қана пайдаланыңыз.
  15. Тағамды шағын толқынды пеште қуыруға тырыспаңыз.
  16. Шағын толқынды пеште тағам контейнерге қарағанда тезірек қызады. Есте сақтаңыз: тіпті қақпағы ұстағанда ыстық болмаса да, оның астындағы тағамның температурасы жоғары және әдеттегі плитадағы сияқты бу шығаратын болады.
  17. Дайындалған тағамның температурасын, әсіресе, егер сіз оны нәресте үшін дайындасаңыз, әрқашан тексеріңіз. Тағамды дайындағаннан кейін бірден жеу дұрыс емес. Оны бірнеше минут қоя тұрыңыз және температураның бірқалыпты таралуы үшін араластырыңыз.
  18. Құрамында май мен су бар тағамдарды дайындағаннан кейін пеште 30-60 секундқа қалдыру керек. Бұл қоспаның демделуіне мүмкіндік береді және көпіршіктің түзілуін болдырмайды.
  19. Кейбір тағамдар (мысалы, пудинг, джем және т.б.) өте тез қызып кетеді. Құрамында май немесе қант көп тағамды дайындау кезінде пластик ыдысты пайдалануға болмайды.
  20. Тағамы бар ыдыс тағамнан қызып кетуі де мүмкін. Егер ыдыста пластик элементтері болса, бұл әсіресе маңызды. Мұнда пештен ыдысты алу үшін ұстағыш қажет болады.

Сызбадағы өлшемдер: 0-ден 80-ге дейінгі сандар тізімі.

ДИСПЛЕЙ

(Тағамды даярлау уақыты, уақыт индикаторлары, қуаты, функциялары және сағат көрсетулері дисплейде көрсетіледі).

GORENJE MO235SYB - ДИСПЛЕЙ - 1

УАҚЫТ

(Даярлау бағдарламасын іске қосу үшін бір рет басыңыз. Даярлау процесін уақытша тоқтату үшін бір рет басыңыз. Осы кнопкалар сондай-ақ балалардан блоктауды қосу үшін қолданылады).

Есікті ашу үшін кнопкасы

1. 2. 3. 4. 5. 6.

  1. Есіктің қорғау бекіткішінің жүйесі
  2. Пештің терезесі
  3. Роликті шығыршық
  4. Шыны табақ
  5. Баскару панелі
  6. Волновод (волноводты жабатын миканитті бетін шешіп алмауыңызды өтінеміз)

Грильге арналған тіреу (тек гриль үшін немесе аралас функциялары үшін арналған және шыны табаға ауыстырылады)

GORENJE MO235SYB - Есікті ашу үшін кнопкасы - 2

Микротолқынды пеші цифрлық сағатымен жабдықталған. Сіз сағат кнопкасын күту режиміне ауыстырып қосып, 24-сағаттық

Мысалы: Сізге пештің сағатын 8:30-ға күйге келтіру қажет деп ұйғарайық.

  1. Пештің күту режимінде функцияларын ауыстырып қосудың тұтқасын УАҚЫТ режиміне бұраңыз.
  2. Сағатты 8:30 форматында баптау үшін < немесе > батырмаларын басыңыз.
  3. Сағаттың күйге келтіруін растау үшін ІСКЕ ҚОСУ/СТОП кнопкасын бір рет басыңыз.

Бұл функция даярлау бағдарламасын іске қосуды неғұрлым кеш уақытқа бағдарландыруға мүмкіндік береді.

Мысалы: қазір сағат 9:00 деп ұйғарайық, енді Сіз пеш сағат 10:30-да грильдің 5 минутқа даярлау бағдарламасын іске қосқанын қалайсыз.

  1. Функцияларды ауыстырып қосу түтқасын КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛҒАН СТАРТ дегенге бұрыңыз.
  2. Сағатты 10:30 форматында баптау үшін < немесе > батырмаларын басыңыз.
  3. Функцияларды ауыстырып қосу түтқасын ГРИЛЬ бағдарламасына сағат тіліне қарсы бұрыңыз.
  4. Даярлау уақытын тікелей 5:00-ге күйге келтіру үшін < немесе > дегенді басыңыз.
  5. Бағдарламаны іске қосу үшін ІСКЕ ҚОСУ/СТОП дегенді басыңыз.

ЕСКЕРТУ:

Егер уақыт 10:30-ды көрсетіп тұрса, даярлаудың қалаған бағдарламасы автоматты түрде іске қосылады.

3. БАЛАЛАРДАН БЛОКТАУ

GORENJE MO235SYB - БАЛАЛАРДАН БЛОКТАУ - 1

Осы функция кішкентай балалардың пешті бақылаусыз пайдалануын болдырмау үшін қолданылады. БАЛАЛАРДАН БЛОКТАУ индикаторы дисплейде жанады да, блоктаудың осы режимін орнату кезінде пеш жұмыс істемейтін болады.

БАЛАЛАРДАН БЛОКТАУ функциясын күйге келтіру үшін: пештің күту режимінде ІСКЕ ҚОСУ/СТОП кнопкасын басып, оны 3 секунд бойына ұстап тұрыңыз, блоктау индикаторы жанады.

БАЛАЛАРДАН БЛОКТАУ функциясын болдырмау үшін: ІСКЕ ҚОСУ/СТОП кнопкасын басыңыз да, дисплейде блоктау индикаторы сөнгенше 3 секунд бойына ұстап тұрыңыз.

6. SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ

GORENJE MO235SYB - SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ - 1

Сумен 200 мл стаканын қойыңыз да, функцияны ауыстырып қосу түтқасын AQUACLEAN (өздігінен тазарту функциясы) қалпына бұраңыз. Операцияны іске қосу үшін ІСКЕ ҚОСУ/СТОП кнопкасын басыңыз. 8 минуттан соң стаканды алып тастаңыз да, духовканы құрғақ шүберекпен сүртіңіз.

Жұмыс уақытын азайту немесе ұлғайту үшін тиісті функциясын (микротолқынды пеш, гриль және т.б.) таңдаңыз, < немесе > кнопкасын басып қалаған уақытыңызды қойыңыз, содан кейін функцияны таңдағаныңызды растаңыз.

Simplicity түтқасы қалаған функцияны (даярлау, жібіту, гриль және т.б.) орнату үшін қолданылады. Кнопкадағы белгілер даярлау үшін қандай да бір функция қолданылатын үлгілі өнімдердің бейнеленуін көрсетеді; алайда сіз сондай-ақ осы функциялар көмегімен басқа да баламалы тамақтарды дайындай аласыз. Келесі беттегі кестеде әр функцияның арналуы сипатталған, сондай-ақ әр функция үшін алдын ала белгіленетін уақыты көрсетілген. Әрине, Сіз кез келген уақытты өз қалауыңыз бойынша орната аласыз.

Функцияларды ауыстырып қосу тұтқасы сондай-ақ таңдалған функцияны ТОҚТАТУ немесе БОЛДЫРМАУ үшін қолданылады. Жай ғана оны «0» деген бастапқы қалпына бұраңыз.

« » және « » пернелерін бір уақытта басыңыз. Дисплей бұрылып өшіріледі, микротолқынды пеш электр қуатын пайдалануды азайтатын Эко режимінде болады. Эко режимін болдырмау және дисплейді қайтадан қосу үшін кез келген түймені басыңыз немесе есікті ашыңыз немесе жабыңыз.

СимволыФункциясы Мәні УңдемеуКүйге келтіру бойынша уақыт саныУсыныстар
[СКАЗ]Микротолқын 100% GORENJE MO235SYB - SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ - 2Бір кесе су / кофе / сүт / шай1 кесе - 200мл2 мин 20 секНегурлым ыстық сусын алу үшін не кесе үлкен болса, қыздыру уақытын үлгайтыңыз.
[ЗН72]Микротолқын 100% GORENJE MO235SYB - SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ - 3Поп-корн1 пакет - 100г3 мин 30 секегер кесе үлкен болса, жылыту уақытын үлгайтыңыз.
[НЗЯ]Микротолқын 50% GORENJE MO235SYB - SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ - 4Көкөніс300г - сәбіз (кесілгшен)4 мин
GORENJE MO235SYB - SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ - 5Микротолқын 30% GORENJE MO235SYB - SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ - 6Жібіту Нан 0,5кг 20 минНегурлым ұсак кесектер. үшін, уақытын азайтыңыз.
GORENJE MO235SYB - SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ - 7Гриль 85% GORENJE MO235SYB - SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ - 8БалықБалық 500г25 минБалықты 12,5 мин сон, Аударыңыз, қыска дабылы естіледі, ІСКЕ ҚОСУ/ПАУЗА дегенді басыңыз.
GORENJE MO235SYB - SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ - 9Микротолқын 30% + гриль 70% GORENJE MO235SYB - SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ - 10ПиццаПицца 350г11 мин
GORENJE MO235SYB - SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ - 11Микротолқын 40% + гриль 60% GORENJE MO235SYB - SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ - 12Бифштекс 500г35Екі жағынан стейктің қытырлак қабық алу үшін, аяғына дейін 5мин. ІСКЕ ҚОСУ/ПАУЗА кнопнасын басыңыз, Стейкті аударыңыз, содан соң ІСКЕ ҚОСУ/ПАУЗА кнопкасын басыңыз.
GORENJE MO235SYB - SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ - 13Микротолқын 10% GORENJE MO235SYB - SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ - 14жылы ұстаңыз 10 мин
GORENJE MO235SYB - SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ - 15Сағат Сағат
[7TRAY]Уақытын кідірту Уақытын кідірту дејствување
GORENJE MO235SYB - SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ - 16Микротолқын 100% GORENJE MO235SYB - SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ - 17Өзін тазарту1 кесе - 200мл5 мин
  1. Пешті электр желісінен өшіріңіз.
  2. Пеш қуысын таза ұстаңыз. Тағам бөлшектері немесе сусын пештің қабырғаларына тисе, оларды ылғал шүберекпен сүртіңіз. Абразивті және агрессивті тазарту құралдарын пайдалану ұсынылмайды.
  3. Пештің ішкі бетін ылғал шүберектің көмегімен тазарту керек. Пештің ішіндегі функционалдық бөлшектердің зақымдануын болдырмас үшін, судың желдету тесіктеріне түспеуін қадағалаңыз.
  4. Судың басқару панеліне түспеуін қадағалаңыз. Оны жұмсақ ылғал шүберекпен сүртіңіз. Басқару панелін тазарту үшін абразивті және агрессивті тазарту құралдарын пайдаланбаңыз.
  5. Егер пештің жанында бу жиналса, пешті ылғал шүберекпен сүртіңіз. Бұл үй-жайда жоғары ылғалдылық деңгейі болғанда орын алады.
  6. Пештің ішіндегі жағымсыз иісті жою үшін, терең ыдысқа бір шынаяқ су құйыңыз және бір лимонның шырыны мен цедрасын қосыңыз. Пешті 5 минутқа қосыңыз, содан кейін оны жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
  7. Доңғалақшалары бар тіректі және түбін пештің жұмыс істеу барысында шуды болдырмау үшін жиі тазартып отыру керек. Оларды жұмсақ детергент, су немесе шыны жууға арналған құралымен сүрту керек. Даярлау барысында буланулар пайда болады, бірақ олар пештің беттері мен тіреу деңгелектері үшін залалсыз. Сіз пештің барлық жабдығын орнына қайтарғанда, олардың дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
  8. Пештің ішінен шығатын жағымсыз иісті кетіру үшін, терең ыдысқа бір кесе су құйыңыз да, оған шырын мен бір лимонның ұнтағын қосыңыз. Пешті 5 минутқа іске қосыңыз, содан кейін оны жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.

Қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін аспапты тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Оны әрі қарай кәдеге жарату үшін мамандандырылған орынға тапсырыңыз. Осылайша сіз қоршаған ортаны қорғауға көмектесесіз.

  1. Барлық орауыш материалдың аспаптан алынғанына және шығарылғанына көз жеткізіңіз.
  2. Аспаптың мынадай сияқты көзге көрінетін зақымдануларын қарап шығыңыз:
  3. реттелмеген есік - бұзылған есік
  4. есіктің әйнек бетіндегі майысқан жерлері мен тесіктері
  5. пеш қуысындағы майысқан жерлер
  6. егер осы зақымданулардың бірі болса - пешті пайдаланбаңыз.
  7. Бұл шағын толқынды пештің салмағы 15,5 кг құрайды, сондықтан оны осы салмақты көтеруге қабілетті бетке орнату керек.
  8. Пешті жоғары температура көздері мен будан алыс жерге орнатыңыз.
  9. Пешке ешқандай заттар қоймаңыз.
  10. Пеш пен бүйір қабырғалар арасындағы арақашықтық 20 см, және тиісті желдетуді қамтамасыз ету үшін 30 см – артқы қабырғадан болуға тиіс.
  11. Балалар пешті пайдаланғанда, оларды қадағалаңыз.
  12. Төтенше жағдайлар пайда болған кезде, айыры тез алынуы үшін, немесе құрылғыны ажыратқыштың көмегімен ажырату мүмкін болу үшін розетканың қолжетімді болуына көз жеткізіңіз. Мұндай жағдайларда қауіпсіздік ережелері сақталуға тиіс. Құрылғы дұрыс орнатылған жерге тұйықталған розетканың көмегімен 230В/50Гц бір фазалы ауыспалы ток көзіне дұрыс қосылуға тиіс. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұл аспап жерге тұйықталуға тиіс!
  13. Бұл аспап 1.4 кВт тұтынады. Аспапты орнатуға қатысты сервис орталығының маманынан консультация алуды ұсынамыз.

ЕСКЕРТУ: Аспап 250 В, 10 А арналған ішкі қорғаныш сақтандырғышпен қорғалған.

GORENJE MO235SYB - SIMPLICITY КНОПКАСЫН ПАЙДАЛАНУ - 18

ЖИНАҚТАУ ӨЛШЕМДЕРІ

РАДИОКЕДЕРГІЛЕР

Тұтынатын қуаты 220-240В~50Гц, 1400Вт

Бастапқы қуаты 900Вт

Жиілігі 2450 мГц

Гриль .....1200Вт

Аспаптың ішкі өлшемдері .....510мм(д) x 303мм(в) x 375мм(ш)

Көлемі....23л

Салмағы ...... шамамен 15,5 кг

Шуыл деңгейі .... Lc < 58 дБ (А)

Бұл жабдық электр және электронды жабдықтың қалдықтары (waste electrical and electronic equipment - WEEE) туралы 2012/19/EU еуропалық директивасына сәйкес таңбаланған. Бұл директива барлық ЕО елдерінде қолданылатын электр және электронды жабдықтың қалдықтарын жинау және жою талаптарын белгілейді.

0 см, 30 см, 20 см, 20 см, мин 85 см, 20 см

Шағын толқынды пеш сіздің радиоңыздың, теледидарыңыздың және басқа ұқсас аспаптарыңыздың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Бұл кедергілерді былайша бейтараптауға болады:

а) пештің есігін және тығыздауышын тазалаңыз. б) радионы, теледидарды және басқаларын пештен алыс жерге қойыңыз. в) күшті сигнал алу үшін радиоға, теледидарға арналған антеннаны дұрыс пайдаланыңыз.

ӨНДІРУШІ АСПАПТЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫНА ӘСЕР ЕТПЕЙТІН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ЕНГІЗУ ҚҰҚЫҒЫН ӨЗІНЕ ҚАЛДЫРАДЫ

  1. Егер пеш мүлдем жұмыс істемесе, дисплейі жанбаса немесе жоқ болып кетсе:

а) Пештің электр желісіне дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Егер дұрыс қосылмаса – розеткадан ашасын шығарып, 10 секунд күтіңіз де, ашаны қайта тығыз енгізіңіз. б) Электр желісінде қысқа тұйықталудың жоқтығын тексеріңіз. Егер бәрі қалыпты болса, басқа аспаптың көмегімен розетканы тексеріңіз.

  1. Егер микротолқынды режим жұмыс істемесе:

а) Таймердің қойылғанын тексеріңіз. б) Есіктің тығыз жабылғанына көз жеткізіңіз. Олай болмаған жағдайда, микротолқынды энергия пешке келіп түспейді.

ЕГЕР СІЗ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ӨЗІҢІЗ ЖОЯ АЛМАСАҢЫЗ, ЕҢ ЖАҚЫН ОРНАЛАСҚАН АВТОРЛАНДЫРЫЛҒАН СЕРВИС ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.

Қосымша ақпарат алу үшін немесе проблемалар пайда болған жағдайда, сіздің еліңіздегі Сатып алушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз (орталық телефонының нөмірі кепілдік талонында көрсетілген). Егер сіздің еліңізде мұндай орталық болмаса, Gorenje жергілікті сауда ұйымыңызға немесе Gorenje Domestic Appliances компаниясының сатып алушыларды қолдау бөліміне хабарласыңыз. Авторландырылған сервис орталықтарының мекенжайлары мен телефондары «Кепілдік міндеттемелер» кітапшасында немесе кепілдік талонында орналастырылған.

Бір өндірістік желі шегінде түрлі аспаптар немесе компоненттер арасындағы түс рендеріндегі ықтимал сәйкессіздіктер әртүрлі көру бұрыштары, фон түсі, материалдар және бөлмедегі жарық сияқты түрлі факторларға байланысты туындауы мүмкін.

Үйде пайдалану үшін ғана!

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : GORENJE

Модель : MO235SYB

Санат : микротолқынды пеш