CVH 2 Premium - Шаңсорғыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз CVH 2 Premium Kärcher PDF форматында.
| Өнім түрі | Сымсыз балдық шаңсорғыш |
| Бренд | Керхер |
| Модель | CVH 2 Premium |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 330 x 76 x 76 мм |
| Салмағы (жинақсыз) | 0,55 кг |
| Қуат көзі | Li-ion батареясы 7,2 В, 2000 мАч |
| Зарядтау уақыты | Шамамен 3-4 сағат |
| Қалыпты жұмыс режиміндегі автономдылық | 20 минутқа дейін |
| Номиналды қуат | 70 Вт |
| Максималды сору күші | 10 кПа |
| Шаң жинайтын ыдыстың көлемі | 0,15 л |
| Сүзгі | HEPA 12 жууға болатын (сумен жууға болмайды) |
| Шу деңгейі | 75 дБ(А) |
| Сору режимдері | Толық жылдамдық және энергия үнемдеу |
| Жабдықтар | Саңылау сорғыш, матаға арналған щетка, зарядтауға арналған сақтау ыдысы |
| Сүзгіні күту | HEPA сүзгісін қағып тазалау; болат сүзгіні және ыдысты ағын сумен жуу |
| Қауіпсіздік | Адамдарға, жануарларға, ылғалды немесе жанғыш заттарға қолданбаңыз |
| Кепілдік | Елдің шарттарына сәйкес, дистрибьюторға хабарласыңыз |
| Мақсаты | Жеке үй шаруашылығы, ішкі кеңістік |
Жиі қойылатын сұрақтар - CVH 2 Premium Kärcher
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы CVH 2 Premium Kärcher
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз CVH 2 Premium - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. CVH 2 Premium брендінің Kärcher.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ CVH 2 Premium Kärcher
Пайдалану мақсаты 117
Қоршаған ортаны қорғау 117
Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер.... 118
Жеткізілім жинағы 118
Құрылғыны шолу 118
Пайдалану 118
Кепілдік.... 119
Тасымалдау 119
Сақтау 119
Күтім және техникалық қызмет көрсету .... 119
Кедергілер болғанда көмек алу..... 121
Техникалық сипаттамалары ..... 121
Жалпы нұсқаулар


Құрылғыны алғаш рет қолданбас бұрын, осы
пайдалану жөніндегі түпнұсқа нұсқаулық пен берілген қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды оқып шығыңыз. Оларға сай әрекет етіңіз.
Екі кітапшаны да әрі қарай пайдалану немесе келесі несі үшін сақтап қойыңыз.
Пайдалану мақсаты
Бұл эмбебап шаңсорғыш коммерциялық мақсатта емес, үйде жеке пайдалануға арналған. Дұрыс емес пайдалану немесе дұрыс пайдаланбау салдарынан болуы мүмкін кез келген зақым үшін өндіруші жауапкершілік алмайды. Эмбебап шаңсорғышты мыналармен ғана пайдаланыңыз:
• түпнұсқа сүзгілер;
- түпнұсқа қосалқы бөлшектер, керек-жарақтар және арнайы керек-жарақтар.
Эмбебап шаңсорғыш мыналар үшін жарамсыз:
- адамдарды немесе жануарларды тазалау;
- шаңсорғышпен тазалау: – шағын тіршілік иелері (мысалы, шыбындар, өрмекшілер және т.б.); – денсаулыққа зиянды, өткір жиектері бар немесе ыстық немесе жанып жатқан заттар; – ылғал немесе сұйық заттар; – жанғыш немесе жарылғыш заттар мен газдар.
△ЕСКЕРТУ
Балаларға бұл құрылғымен ойнауға тыйым салынады.
Қоршаған ортаны қорғау

Орауыш материалдарын утилизациялауға болады.
Орауыштарды қоршаған ортаға қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.

Электрлік және электрондық бұйымдардың құрамында қате қолдану немесе утилизациялау
нәтижесінде адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі материалдар және батареялар, аккумуляторлар немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі. Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды.
Курамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Буйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.kaercher.com/REACH
Керек-жарак және қосалқы бөлшектер
Тек түпнұсқа керек-жарак немесе қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың қауіпсіз және апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік болады. Керек-жарактар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Буйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде көрсетілген. Буйымды орауыштан шығарғанда жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-жарактар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.
Құрылғыны шолу
Сурет A
①Шаң жинағыш ② ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі ③ Батарея индикаторы ④Сүзгі қақпағы ⑤HEPA сүзгісі ⑥ Болаттан жасалған тор сүзгі ⑦Зарядтағыш ⑧Қуат кабелі ⑨Қуысты қондырма ⑩ * Зарядтағыш қондырғы * тек CVH 2 Premium
Зарядтағыш
ЕСКЕРТУ
- Буйымды тек жеткізілім жинағына кіретін түпнұсқа зарядтағыш құрылғымен немесе КÄRCHER компаниясы рұқсат еткен зарядтағыш құрылғымен зарядтаңыз.
Келесі адаптерді қолданыңыз:
- Қолданба түрі
CVH 2: 1.198-401.0 CVH 2 Premium: 1.198-421.0

Пайдалану
Нұсқау
- CVH сүзгісінсіз немесе шаң контейнерінсіз құрылғыны қосу мүмкін емес. Құрылғыны пайдаланбас бұрын, НЕРА сүзгісі мен шаң жинағыш контейнер құрылғыға дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
- Шаңды / кірді сорып алу үшін ҚОСУ / ӨШІРУ түймесін басыңыз.
Зарядтау
Нұсқау
- Зарядтау кезінде құрылғы жұмыс істемейді.
- Зарядтау уақыты шамамен 3–4 сағат.
- Алғаш қолданар алдында құрылғыны толық зарядтау керек.
CVH 2
- Зарядтағыш коннекторын зарядтау интерфейсіне салыңыз. Сурет В
- Зарядтағыштың қуат кабелін қуат көзіне қосыңыз.
- Зарядтау процесі аяқталғанда, қуат кабелін қуат көзінен ажыратыңыз.
CVH 2 Premium
- Зарядтағыштың қуат кабелін қуат көзіне қосыңыз.
- Құрылғыны зарядтағыш қондырғыға салыңыз. Сурет С
- Зарядтау процесі аяқталғаннан кейін, зарядтағыш қондырғыға қуат кабелін қуат көзінен ажыратыңыз.
Пайдалану
- Шаңды / кірді сорып алу үшін ҚОСУ / ӨШІРУ түймесін басыңыз. Сурет D
- Толық жылдамдықпен соратын және қуатты үнемдеу режимін қолданатын 2 сору режимі бар. (Тек CVH 2 Premium).
Көрсеткіш
Төмендегі кестеде құрылғыдағы жарықдиодты индикаторлардың мағыналары сипатталған:
| Индикаторлар | Күй/түс | Сипаттамасы |
| Батарея индикаторы, зарядталуда | Жыпылық тау (қызыл) | Зарядтау |
| Эрдайым қосулы (көк) | Батарея қуаты толық. | |
| Батарея индикаторы, разрядталуда | Жыпылық тау (қызыл) | Батарея қуаты аз. |
- Жұмсақ жиһазды, матрастарды, шілтер перделерді және т.б. тазалау үшін осы қондырманы бекітіңіз.
Сурет E Сурет F
① Бұл нәзік заттарды, мысалы, кітап сөрелерін, қолөнер бұйымдарын және т.б. мұқият тазалау үшін қолданылады. ② Бұл қосылыстарды, есіктер мен терезелер арасындағы ойықтарды, ұсақ саңылауларды және т.б. тазалау үшін қолданылады.
Кепілдік
Әр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда, ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз. (Мекенжайы артқы жағында берілген)
Өндірілген күні көрсетілген түр кестесінде шифрланған. Жеке сандардың мағынасы келесідей болады:
Мысалы: 30190
3 Өндірілген жылы 0 Өндірілген ғасыры 1 Өндірілген онжылдық 9 Өндірілген айының екінші саны 0 Өндірілген айының бірінші саны
Сонымен бұл мысалда 30190 коды 09/(2)013 өндірілген күнін білдіреді.
Тасымалдау
Аккумулятор халықаралық тасымалдаудың тиісті ережелеріне сәйкес тексерілген және оны тасымалдауға/жәнелтуге болады.
Сактау
Нұсқау
- Құрылғыны құрғақ бөлмеде сақтаңыз.
- Құрылғыны сақтау кезінде оның салмағын ескеріңіз.
- Құрылғыны сақтау орнына салыңыз.
- Саңылауларға арналған саптаманы және үстіңгі щетканы керек-жарақтар қоймасына салыңыз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету
Нұсқау
- Құрылғыны тек барлық сүзгілер мен шаң жинағыш орнатылған кезде ғана қолданыңыз.
- Ақаулы сүзгілер мен бұдан әрі тазаланбайтын сүзгілерді ауыстыру керек.
Құрылғыда кез келген жұмысты жасамас бұрын:
- Құрылғыны өшіріңіз.
- Қуат көзін розеткадан ажыратыңыз.
Сүзгі жиынтығы мен шаң жинағышты тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
НЕРА сүзгісін дұрыс тазаламау
НЕРА сүзгісінің зақымдалуы НЕРА сүзгісін жууға болмайды. НЕРА сүзгісін кір жуғыш машинада тазаламаңыз.
НЕРА сүзгісін шаш кептіргішпен кептірмеңіз.
НЕРА сүзгісі шығарылған ауаның таза болуын қамтамасыз етеді.
- НЕРА сүзгісін, егер ол кір болса, тазалаңыз.
- НЕРА сүзгісін, егер ол зақымдалған болса, ауыстырыңыз.
- Құрылғыны пайдалануыңызға байланысты НЕРА сүзгісін әр 6 ай сайын ауыстырып отыруды ұсынамыз.
- Шаң жинайтын контейнердің құлпын ашыңыз.
- Шаң жинайтын контейнерден сүзгі жинағын ажыратыңыз. Сүзгі қақпағын сағат тіліне қарсы бұраңыз. Сүзгі қақпағын алыңыз, НЕРА сүзгісін болат сүзгіден ажыратыңыз.
Сурет H
- НЕРА сүзгісін тазалаңыз және НЕРА сүзгісінен кірді абайлап шығарыңыз/қағыңыз.
Сурет I
- Шаң жинағышты босатып, оның ішін шуберекпен сүртіңіз.
Сурет J
- Сүзгі қақпағын, болаттан жасалған сүзгіні және шаң жинағыш контейнерді ағын судың астында жуыңыз.
Сурет К
- Сүзгі қақпағын, болаттан жасалған сүзгіні және шаң жинағыш контейнерді толық кептіріңіз.
Сурет L
- Сүзгіні шаң жинағыш контейнерге салыңыз, содан кейін шаң жинағыш контейнерді сағат тілімен бұрап, орнына бекітіңіз.
Сурет M
Кедергілер болғанда көмек алу
Кемшіліктердің себебін астыда көрсетілген тізімге сәйкес Өзіңіз жоя алуыңыз мүмкін. Күдікті жағдайларда немесе осында аталған емес себебі жағдайларда Қызмет Көрсету бөлімінің арнайы мамандарымен хабарласыңыз.
| Акау | Ыктимал себебі | Акаулықты жою әдісі |
| Құрылғы жұмыс істемейді. | Батарея заряды бітуге жақын. | 1. Батареяны зарядтаңыз. |
| Құрылғының қызып кету қаупі бар. | 1. Шаң жинағыштың бітелгенін тексеріңіз.2. Шаң жинағышты тазалаңыз.3. Құрылғыны қайтадан қосыңыз. | |
| Сору мүмкіндігі азаяды. / Қалыпты емес дыбыс немесе жұмыс кезіндегі қатты шу. | Шаң жинағыш толы.НЕРА сүзгісінің жинағы бітелген. | 1. Шаң жинағышты тексеріңіз.2. Сүзгіні тексеріп, тазалаңыз. |
Техникалық сипаттамалары
| CVH 2 CVH 2 Premium | |||
| Электр желісіне косу | |||
| Желі жилігі Hz 50 - 60 50 - 60 | |||
| Желілік кернеу | V | 100 - 240 | 100 - 240 |
| Аккумулятор кернеуі | V | 5 | 5 |
| Батарея кернеуі | V | 7,2 | 7,2 |
| Батарея толығымен зарядсызданған кездегі зарядтау уақыты | min | 180 ~ 240 | 180 ~ 240 |
| p | |||
| Батарея сыйымдылығы | mAh | 2000 | 2000 |
| Батарея түрі | Li-ion | Li-ion | |
| Қорғау класы | II | II | |
| Номиналды қуат | W | 70 | 70 |
| Құрылғының техникалық сипаттамалары | |||
| Шаң жинағыштың тиімді көлемі | I | 0,15 | 0,15 |
| Вакуум (мин.) | kPa | 5 | 10 |
| Қалыпты жұмыс кезінде батарея толық болғандағы жұмыс уақыты | min | ≤ 10 | ≤ 20 |
| p | |||
| НЕРА-сүзгі | НЕРА 12 | НЕРА 12 | |
| Дыбыстық шуылдың деңгейі Lылғал таратқыштық | dB(A) | 78 | 75 |
| Өлшемдері мен салмағы | |||
| Салмағы (толымдаушыларсыз) | kg | 0,65 | 0,55 |
| Үзындығы | mm | 330 | 330 |
| Ені | mm | 76 | 76 |
| Биіктігі | mm | 76 | 76 |
Техникалық өзгертулерді енгізу құқығы бар.
| CVH 2 Premium | CVH 2 |
| 10 ≥20 min | |