ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ K 2 Horizontal Kärcher
KÄRCHER Уй және бақша қосымшасы ...... 130
Жалпы нұсқаулар 131
Қорғаныс құрал-жабдықтары.... 131
Құрылғыдағы белгілер 131
Қоршаған ортаны қорғау 131
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану.... 131
Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер ...... 131
Жеткізілім жинағы 131
Құрылғының сипаттамасы 131
Орнату.... 132
Пайдалануға беру 132
Пайдалану.... 132
Тасымалдау 133
Сақтау.... 133
Күтім және техникалық қызмет көрсету ...... 134
Ақаулар кезіндегі көмек.... 134
Кепілдік.... 134
ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация 135
KÄRCHER Үй және бақша қосымшасы
KÄRCHER Үй және бақша қосымшасы арқылы ақылды Kärcher өнімдерін басқаруға және көмекші мазмұнға қол жеткізуге болады:
- Өнім туралы ақпарат және пайдалану жөніндегі нұсқаулар • жеке құрылғы теңшеулері • Пайдалану статистикасы
- Кеңестер мен амалдар
- Интернет-дүкен және тағы басқалары
Kärcher Үй және бақша қосымшасына және қосымша ақпаратқа қол жеткізу үшін кодты смартфонмен сканерлеңіз.
1.600-941.0
1.600-942.0
Жалпы нұсқаулар


Құрылғыны алғаш рет қолданбас бұрын, осы пайдалану жөніндегі түпнұсқа нұсқаулық пен берілген
қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды оқып шығыңыз.
Оларға сай әрекет етіңіз.
Екі кітапшаны да әрі қарай пайдалану немесе келесі иесі үшін сақтап қойыңыз.
Қорғаныс құрал-жабдықтары
Қауіпсіздік құрылғыларының болмауына, өзгертілуіне немесе тиімсіздігіне байланысты ауыр жарақаттар.
Қауіпсіздік құрылғыларын айналып өтпеңіз немесе алып тастамаңыз немесе оларды тиімсіз етпеңіз. Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге арналған.
Ажыратқыш
Ажыратқыш құрылғының кездейсоқ қосылуына кедергі болады.
Жоғары тегеурінді пистолеттің фиксаторы
Фиксатор жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттайды және құрылғының кездейсоқ іске қосылуына кедергі болады.
Автоматты түрде өшу функциясы
Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігі жіберілген кезде сорғының пневматикалық ажыратқышы өшеді және жоғары тегеурінді ағыс тоқтайды. Тетікті басқан кезде сорғы қайтадан қосылады.
Құрылғыдағы белгілер

Жоғары тегеурінді ағысты адамдарға, жануарларға, жұмыс істеп тұрған электрлік құрылғыға және құрылғының өзіне бағыттауға тыйым салынады. Құрылғыны аяздан қорғаңыз.

Құрылғыны қоғамдық ауыз су жеткізу желісіне тікелей қосуға тыйым салынады.
Қоршаған ортаны қорғау

Орауыш материалдарын утилизациялауға болады. Орауыштарды қоршаған ортаға қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.

Электрлік және электрондық бұйымдардың құрамында қате қолдану немесе утилизациялау нәтижесінде адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі материалдар және батареялар, аккумуляторлар немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі. Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен белгіленген құрылғыларды үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды.
Тазарту кезінде құрамында майы бар ақпасулар туындайтын жұмыстарды (мысалы, қозғалтқыштарын, түптерін жуу) майлы айырғышы бар жуу аландарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі.
Жуғыш құралдармен жұмыстарды кәрізге бұрылатын герметикалық жұмыс аландарында
ғана жүргізуге рұқсат беріледі. Жуғыш құралдарды су қоймаларына немесе жерге төкпеңіз.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мәліметтерді мына мекенжай бойынша табуға болады: www.kaercher.de/REACH
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану
Жууға арналған аппаратты тек үй шаруашылығына арналған қысымда ғана пайдаланыңыз.
Қысыммен жуу аппараты машиналарды, тасымалдау құралдарын, құрылымдарды, құралдарды, қасбеттерді, террасаларды, бақ-бақша жабдықтарын қысымды ағынның көмегімен тазалауға арналған.
Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың қауіпсіз және апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.
Құрылғының сипаттамасы
Суреттерді суреттері бар беттен қараңыз Сурет А
① Желілік байланыстырғыш кабельге арналған сақтау орны ② Жоғары қысымды пистолетке арналған сақтау орны ③ Желілік істікшесі бар желілік байланыстырғыш кабель
④ Жалпы тазалау жұмыстарына арналған Vario Power шүмегі
Жұмыс қысымын «ЖұМСАҚ» күйден «ҚАТТЫ» күйге баяу көтеруге болады. Жұмыс қысымын өзгерту үшін жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз және шүмекті қалаған күйге бұраңыз. Шүмек SOFT (ЖұМСАҚ) күйіне толығымен бұралған кезде жуғыш құралды қосуға болады.
⑤ Жоғары тегеурінді пистолет ⑥ Жоғары тегеурінді кұбыршекті жоғары қысымды пистолеттен ажырату қамыты ⑦ Жоғары қысымды пистолет түтқасы ⑧ Жоғары қысымды пистолеттің фиксаторы ⑨ Жоғары тегеурінді құбыршек ⑩ Ағынды кұбырларға арналған сақтау орны ⑪Тасымалдау түткасы
⑫ «0/OFF»/«I/ON» ажыратқышы ⑬ Зауыт тактайшасы ⑭ Жоғары тегеурінді келтекұбыр үшін жылдам байланыстыратын жалғағыш ⑮ Бурандалар ⑯ * Бакша шлангісі (матамен нығайтылған, диаметрі – кемінде 1/2 дюйм (13 мм), ұзындығы – кемінде 7,5 м, стандартты жылдам байланыстыратын жалғағышпен) ⑰ Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтасы ⑱Елек ⑲Суды косу 20 Жуғыш затты соратын түтік ②1 Жуғыш құрал сүзгісі
** қосымша талап етіледі
Орнату
Суреттерді графикалық беттен қараңыз.
Пайдалануға енгізер алдында бекітілмеген бөлшектерді монтаждаңыз.
Жиынтықтан бұранданы және сәйкес келетін бұрауышты дайындап қойыңыз.
Жоғары қысымды пистолетке арналған қойманы орнатыңыз
- Жоғары қысымды пистолетті сақтау орнын құрылғыға екі бұрандамен бекітіңіз.
Сурет В
Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны монтаждау
- Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны су жеткізуге арналған жалғағышқа бұраңыз.
Сурет С
Пайдалануға беру
- Құрылғыны тегіс, көлденең бетке қойыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Оралған жоғары қысымды шлангпен жұмыс істеу кезінде зақымдану қаупі.
Жоғары қысымды шлангтың зақымдануы.
Құрылғыны қолданар алдында жоғары қысымды шлангты толығымен шешіп, оны түйіндерсіз, ілмектерсіз және бұрамай жайыңыз.
- Жоғары қысымды шлангты толығымен шешіңіз және барлық түйіндерді, ілмектерді және бұралуларды босатыңыз.
- Жоғары тегеурінді құбыршекті құрылғыға жалғаңыз.
а Муфтадағы қысқышты көтеріңіз. в Жоғары тегеурінді құбыршекті муфтаға салыңыз. с Муфтадағы қысқышты төменге басыңыз.
Сурет D
- Жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді пистолетке жалғаңыз.
а Қысқышты қысыңыз. b Қысқышты шығарыңыз. с Жоғары тегеурінді құбыршекті салыңыз. d Сарт етіп жабылғанша тұтқаны қысып тұрыңыз.
Сурет E
- Жоғары тегеурінді құбыршекті тартып, бекіністің сенімділігін тексеріңіз.
- Желі істікшесінің ашасын розеткаға салыңыз.
Су беру
Қосылу мәндерін Техникалық мағлұматтар немесе зауыттық тактайшадан қараңыз.
Сумен жабдықтау кәсіпорнының нұсқауларын сақтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдану қаупі!
Судың ластануынан немесе тұзды суды пайдаланудан құрылғы мен керек-жарақтардың зақымдалуы.
Тұзды емес, тек таза суды қолданыңыз.
Нұсқау
Kärcher компаниясы қосымша Kärcher су сүзгісін қолдануды ұсынады.
Су құбырына қосылу
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдану қаупі!
Құрылғының су қосылымында Aquastop-пен байланысқан шлангіні қолдану кезіндегі сорғыға келетін зақымдар.
Құрылғының су қосылымында Aquastop-пен байланысқан шлангіні қолданбаңыз.
Тек су кранындағы Aquastop-пен байланысқан шлангіні қолданыңыз.
- Бақша құбыршегін су жеткізуге арналған жалғағыштың муфтасына орнатыңыз.
Сурет F
- Бақша құбыршегін су құбырына қосыңыз.
- Су құбырының шүмегін толық ашыңыз.
Пайдалану
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Сорғылардың құрғақ күйінде жұмыс істеуі кезінде зақымдану қаупі бар!
Сорғы зақымдары
Егер құрылғы 2 минут ішінде қысым жасамаса, оны өшіріңіз.
Ақаулар кезіндегі көмек-тараудағы нұсқауларға сәйкес әрекет етіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құрылғы дұрыс тураланбаған жағдайда зақымдану қаупі.
Сорғы зақымдары
Құрылғыны тегіс көлденең бетке қойыңыз және оны тек көлденең тураланған күйде қолданыңыз.
Жоғары қысыммен жұмыс істеу режимі
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Боялған немесе сезімтал беттердің зақымдалуы
Ағыстың жеткілікті қашықтығы сақталмаған жағдайда немесе тетік дұрыс таңдалмаған жағдайда беттері зақымдалады.
Боялған беттерді тазалау кезінде 30 см-ден кем емес шегіністі сақтаңыз.
Автомобиль шиналарын, лагын немесе сезімтал беттерін фреза көмегімен тазаламаңыз.
- Тетікті жоғары тегеурінді пистолетке салыңыз және оны 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз.
Сурет G
- Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан ашыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Құрылғы қосылады.
Тазалау құралдарымен пайдалану
⚠️ҚАУІП
Жуғыш құралдардан жарақат алу қаупі
Жуғыш құралдар тиісінше пайдаланылмаған жағдайда денсаулыққа ауыр зақым келеді.
Тазалау құралы өндірушісінің қауіпсіздік деректер парағын қараңыз.
Көрсетілген жеке қорғаныс құралдарын киіңіз.
Нұсқау
KÄRCHER тазалау құралдары үздіксіз жұмыс істеуге кепілдік береді. Сізге кеңес беруге рұқсат етіңіз немесе біздің каталогты және тазалағыш заттар туралы ақпараттық парақтарымызды сұраңыз.
Нұсқау
Жуғыш құралдарды тек төменгі қысым кезінде араластыруға болады.
- Корпустан жуғыш құралға арналған сору құбыршегінің қажетті ұзындығын тартыңыз. Сурет Н
- Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін жуғыш құралдың ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
- Vario Power тетігін пайдаланыңыз.
- Тетікті «SOFT» күйіне тірелгенше бұраңыз.
Жұмыс барысында жуғыш құралдың ерітіндісі су ағысына араластырылады.
Ұсынылатын жуу тәсілі
- Жуғыш құралды үнемдей отырып, құрғақ бетке шашыңыз және сіңуге қалдырыңыз (кептірмей).
- Еріген балшықты жоғары тегеурінді ағыспен шайып тастаңыз.
Жуғыш құралмен жуғаннан кейін
- Құрылғыны 30 секунд бойы таза сумен жуып тастаңыз.
Жұмысты тоқтату
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз. Тетігі жіберілген кезде, құрылғы өшеді. Жүйеде жоғары қысым қалады.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
Сурет I
- Жұмыс кезінде 5 минуттан аса үзілістерде құрылғыны өшіріп жүріңіз («0/OFF»).
Жұмыстың аяқталуы
△АБАЙЛАНЫЗ
Жоғары қысыммен шығатын судың салдарынан жарақат алу қаупі!
Жарақаттар
Жоғары тегеурінді кұбыршекті жүйедегі қысымды тастағаннан кейін ғана ажыратыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
- Су құбырының шүмегін жабыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін 30 секунд бойы басып тұрыңыз.
Жүйеде қалған қысым төмендетіледі.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
- Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
- Құрылғыны су құбырының желісінен ажыратыңыз.
- Желі істікшесін розеткадан ажыратыңыз.
Тасымалдау
АБАЙЛАНЫЗ
Құрылғының салмағына байланысты жарақат алу және зақымдану қаупі!
Жарақат алу және зақымдану қаупі.
Тасымалдау және жүктеу кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.
Құрылғыны көшіру
- Құрылғыны тұтқасынан көтеріңіз және көшіріңіз.
Автомобильмен тасымалдау
- Құрылғыны қисаймайтындай және құламайтындай етіп бекітіңіз.
Сақтау
АБАЙЛАНЫЗ
Құрылғының салмағына байланысты жарақат алу және зақымдану қаупі!
Жарақат алу және зақымдану қаупі.
Тасымалдау және жүктеу кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.
Құрылғыны ұстау
- Желілік байланыстырғыш кабельді желілік байланыстырғыш кабельге арналған сақтау орнының айналасына ораңыз.
- Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
- Жоғары қысымды шлангты жоғары қысымды пистолеттен ажыратыңыз.
- Шүмекті жоғары қысымды пистолеттен ажыратыңыз.
- Керек-жарақтарды құрылғыға орналастырыңыз:
а) Ағынды құбырды ағынды құбырларға арналған сақтау орнына бекітіңіз. b) Жоғары қысымды пистолетті сақтау орнына салыңыз.
- Жоғары қысымды шлангты құрылғыдан ажыратыңыз.
Ұзақ сақтау алдында қосымша нұсқауларды, Күтім және техникалық қызмет көрсету бөлімін қараңыз.
Аяздан қорғау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдану қаупі!
Судың қатуына байланысты құрылғы мен керек-жарақтардың зақымдалуы.
Құрылғы мен керек-жарақтарды әр қолданғаннан кейін толығымен босатыңыз.
Құрылғыны және керек-жарақтарды 0 °C (32 °F) төмен немесе оған тең температурадан қорғаңыз.
- Құрылғыдағы су құбырының желісін ажыратыңыз.
- Жоғары қысымды шлангті құрылғыдан бөлшектеңіз.
- Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
- Жоғары тегеурінді жалғағыштан су ағып біткенше максимум 1 минут күтіңіз.
- Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
- Құрылғыны және керек-жарақтарды құрғақ және аяздан қорғалған бөлмеде сақтаңыз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету
⚠️ҚАУІП
Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс кезіндегі зақымдар
Құрылғыны өшіріңіз.
Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.
Құрылғы техникалық қызмет көрсетуді талап етпейді, яғни, орган қызмет көрсету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу қажет емес.
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы електі тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдану қаупі!
Дұрыс тазаламау салдарынан електің зақымдануы.
Електі тек оның ағынына қарама-қарсы бағытта ағынды су астында тазалаңыз.
Өткір немесе қатты заттарды
пайдаланбаңыз, мысалы, инелер немесе сым щеткалар.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдану қаупі!
Елексіз немесе зақымдалған елекпен жұмыс кезінде құрылғы мен керек-жарақтардың зақымдалуы.
Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салмас бұрын зақымдарға тексеріңіз. Зақымдалған електі дереу ауыстырыңыз.
Құрылғыны елексіз пайдаланбаңыз.
Қажет болса, електі су жеткізуге арналған жалғағышта тазартыңыз.
- Су қосылымындағы муфтаны бұрап алыңыз.
- Електі шығарыңыз.
Сурет К
- Електі су ағысының астында жуып алыңыз.
- Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салыңыз.
Жуғыш құралға арналған сүзгіні тазалау
Ұзақ сақтау кезеңінің алдында жуғыш құралға арналған сүзгіні тазалап тұрыңыз.
- Жуғыш затты соратын түтіктегі жуғыш құралға арналған сүзгіні алып тастаңыз.
- Жуғыш құралға арналған сүзгіні ағынды су астында жуып алыңыз. Сурет L
Ақаулар кезіндегі көмек
Ақаулардың себептері көп жағдайда келесі шолуды пайдалану арқылы өздігінен жоюға болатындай қарапайым болады. Күдіктер болса немесе осы жерде көрсетілмеген ақаулар болған кезде, ресми сервис орталығына хабарласыңыз.
⚠️ҚАУІП
Өмірге қауіп!
Ток өткізетін бөліктерге тиген кезде электр тогының соғуы салдарынан болатын өлімге әкелетін жарақаттар.
Ток өткізетін бөліктерге жақындамаңыз.
Құрылғыны өшіріңіз.
Ашаны куат беру сымынан тартып шығармаңыз.
Құрылғы жұмыс істемейді
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Құрылғы қосылады.
- Фирмалық тактада көрсетілген кернеу қорек көзінің кернеуімен сәйкес келе ме, жоқ па, тексеріңіз.
- Желі баусымын зақымдарға тексеріңіз.
Құрылғы қысым тудырмайды
- Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз.
- Жеткілікті су мөлшері беріліп жатыр ма, жоқ па, тексеріңіз.
- Су жеткізуге арналған жалғағыштағы електі тазалаңыз. Су жеткізуге арналған жалғағыштағы електі тазалау қараңыз.
Құрылғыда ауа бар.
- Құрылғыны желдетіңіз:
а) Құрылғыны жалғанған шүмексіз максимум 2 минутқа қосыңыз. b) Жоғары тегеурінді пистолетті басыңыз және су көпіршіксіз шықпағанша күтіңіз. с) Шүмекті қосыңыз.
- Жоғары тегеурінді саптаманы тазалау: а) Саптаманың саңылауынан. b) Жоғары тегеурінді саптаманы алдыңғы жағынан сумен жуып алыңыз.
- Келген судың мөлшерін тексеріңіз.
Құрылғының саңылаулылығы
- Құрылғының шағын саңылаулылығын оның конструкциясы қамтамасыз етеді. Күшті саңылаулылық кезінде авторландырылған сервистік қызметке жүгініңіз.
Жуғыш құрал сіңбейді
- Vario Power шүмегін пайдаланыңыз және оны «SOFT» бағытына тірелгенге дейін бұраңыз.
- Жуғыш құралға арналған сүзгіні тазалау, Жуғыш құралға арналған сүзгіні тазалау қараңыз.
- Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін іілуге тексеріңіз.
Кепілдік
Әр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда, ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
Кепілдік туралы қосымша ақпаратты (бар болса) жергілікті Kärcher веб-сайтының «Жүктеулер» бөліміндегі қызмет көрсету бөлімінде табуға болады. Шығару күні фирмалық тақтайшада ММ/YYYY пішімінде көрсетіледі, мұнда ММ - өндіріс айы, YYYY - шығарылған жылы немесе кодталған түрде.
Жеке сандардың мағынасы келесідей болады:
Мысалы: 30290
3 Өндірілген жылы, 0 Өндірілген ғасыры, 2 Өндірілген онжылдығы, 9 Өндірілген айының екінші саны, 0 Өндірілген айының бірінші саны. Сонымен, бұл мысалда 30290 коды 09/(2)023 өндірілген күнін білдіреді.
ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация
Осымен біз төменде аталған өнім аталған нұсқаулықтар мен ережелердің тиісті талаптарына сәйкес келетінін мәлімдейміз. Бізбен келісусіз өнімнің конструкциясы өзгерген жағдайда осы декларация өз күшін жояды.
Бұйым: Жоғарғы қысымды жуғыш
Типі: 1.60х-xxx.0
Нұсқаулықтар мен ережелер
2000/14/EG
2006/42/EG (+2009/127/EG)
2011/65/EU
2014/30/EU
Қолданылатын біріздендірілген стандарттар
EN 60335-1
EN 60335-2-79
EN IEC 63000: 2018
EN 55014-1: 2017 + A11: 2020
EN 55014-2: 1997 + A1: 2001 + A2: 2008
EN 61000-3-2: 2014
EN 61000-3-3: 2013
EN 62233: 2008
Сәйкестікке қолданылатын тексеру әдісі
2000/14/EC: V косымшасы
Дыбыс куаттылығының деңгейі дБ(А)
K 2 (Premium) Horizontal, K 3 Horizontal
Өлшенді: 87
Кепілдік береді: 90
Атауы және мекенжайы
Құжаттаманы жүргізетін уәкілетті түлға:
C. Райзер
Alfred Kärcher SE & Co. KG
Alfred-Kärcher-Str. 28 - 40
Кол койғандар басқарманың тапсырмасы мен уәкілдігі бойынша әрекет етеді.
Alfred Kärcher SE & Co. KG
Alfred-Kärcher-Str. 28 - 40
Техникалық мағлүматтар
| Электр желісіне қосу |
| Кернеу | V | |
| Фаза ~ 1 | | |
| Жилік Hz 50-60 | | |
| Тұтынылатын төк А 6 | | |
| Қорғаныс класы IPX5 | | |
| Қорғау класы II | | |
| Желіні шамадан тыс жуктелуден А 10 қорғау (инерциялық) | | |
| Суды қосу |
| Енгізу қысымы (макс.) | MPa | 1,2 |
| Енгізу температурасы (макс.) | °C | 40 |
| Енгізу саны (мин.) | l/min | 7 |
| Құрылғының техникалық сипаттамалары |
| Жұмыс қысымы | MPa | 7,4 |
| Максималды қолжетімді қысым | MPa | 11 |
| Берілетін мөлшері, су | l/min | 5,2 |
| Максималды берілген мөлшері | l/min | 6,0 |
| Берілетін мөлшері, жұғыш құралдар | l/min | 0,3 |
| Жоғары тегеурінді пистолеттің кері тебу қүші | N | 11 |
| Өлшемдері мен өнімдер |
| Типтік жұмыс салмағы | kg | 4,1 |
| Үзындығы | mm | 380 |
| Ені | mm | 197 |
| Биіктігі | mm | 248 |
| EN 60335-2-79 стандартына сәйкес есептелінетін мән |
| Қолдағы діріндің мәні | m/s 2 | 2,2 |
| Белгісіздік К | m/s 2 | 0,7 |
| Дыбыс қысымының деңгейі L pA | dB(A) | 75 |
| Белгісіздік K pA | dB(A) | 3 |
| Шу деңгейі L WA + белгісіздік K WA | dB(A) | 90 |
Техникалық өзгерістер руксат етілген.
Мазмұны
KÄRCHER Home & Garden қосымшасы...... 136
Жалпы нұсқаулар.... 136