ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - плита

NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - плита ELICA - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A ELICA PDF форматында.

📄 490 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы
Notice ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - page 353
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A ELICA

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық пошта жеке болып қалады: ол тек сіздің сұрағыңызға біреу жауап берген жағдайда хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз плита PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - ELICA және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A брендінің ELICA.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A ELICA

КК Монтаждау мен пайдалану нускауы

Осы нүсқаулықта берілген нүсқауларды қатаң қадағалаңыз. Өндіруші осы нүсқаулықтағы нүсқауларды орындамау салдарынан туындаған ақаулар, зақымдар немесе өрт үшін ешбір жауапкершілікті мойнына алмайды. Бұл құрылғы тек үй жағдайында тамақ пісіру үшін пайдалануға арналған және тамақ пісіру кезінде түтінді сорып алады. Басқа мақсаттарда пайдалануға болмайды (мысалы, бөлмені жылыту үшін). Өндіруші осы өнімді дұрыс пайдаланбау немесе дұрыс баптамаудан туындайтын жауапкершілікті мойнына алмайды.

Өнім осы оқульқтағы суреттерде берілгеннен өзгеше эстетикалық функцияларға не болуы мүмкін, алайда, жұмыс істеуі, техникалық қызмет көрсету және орнату бірдей болады.

Нускаулыкты муқият оқып шығыңыз: ол орнату, пайдалану және қауіпсіздік туралы маңызды ақпаратты қамтиды.
① Өнімнің электрлік жүйесін өзгертпеніз
① Кұрылғыны орнатпас бұрын, оның ешбір бөлігінің зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Болмаса дилерге хабарласып, орнатуды токтатыңыз.
① Орнатуды жалғастырмас бұрын құрылғының бүтіндігіне көз жеткізіңіз. Болмаса дилерге хабарласып, орнатуды токтатыңыз.

Ескертпе: "(*)" таңбасы бар бөліктер тек кейбір үлгілермен берілетін (баска жағдайларда берілмейтін), бірақ сатып алуға болатын қосымша аксессуарлар болып табылады.

1. Ескертулер

Ескеріңіз! Келесі нұсқауларды қатаң сақтаңыз: ● Кез келген орнату жұмыстарын орындамас бұрын, құрылғы қуат көзінен ажыратылуы керек. ● Орнатуды немесе жөндеуді өндірушінің нұсқауларына және жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сәйкес білікті маман орындауы керек. Пайдалану нұсқаулығында арнайы көрсетілмейінше, құрылғының ешбір бөлігін жөндеуге не ауыстыруға болмайды. ● Заң бойынша, құрылғы жерге қосылуы керек. ● Қуат кабелі құрылғыны қуат көзіне қосуға болатындай ұзын болуы керек. ● Орнату

жұмыстары қолданыстағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келуі үшін, монтаж ережелеріне сәйкес, кернеу III санаттан асып кеткен кезде электр қуатының толық ажыратылуына кепілдік беретін, қолдануға рүқсат етілген көп полярлы автоматты ажыратқыш орнатылуы қажет. ● Бірнеше розеткалы ұзартқышты немесе басқа да ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз. ● Орнату аяқталғаннан кейін, электрлік бөлшектер одан әрі пайдаланушыға қолжетімді болмауы керек. ● Пайдалану кезінде құрылғы мен оның қолжетімді бөліктері қызады. Қыздырушы элементтерді ұстамаңыз. ● Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалаңыз; балаларды жақындатпаңыз және олардан көз алмаңыз, себебі пайдалану кезінде қолжетімді бөліктер қатты ысып кетуі мүмкін. ● Кардиостимуляторлары мен қосулы импланттары барадамдар индукциялық плитаны пайдаланбас бұрын кардиостимуляторларының құрылғымен үйлесімді екенін тексеруі керек. ● Пайдалану кезінде және одан кейін құрылғының қыздыру элементтеріне қол тигізбеңіз. ● Плитаның барлық бөліктері жеткілікті салқындағанша оған киімдер немесе басқа жанғыш заттардың тиіп кетуіне жол берменіз, себебі өрт шығуы мүмкін. ● Жанғыш затты плита үстіне немесе жанына қоймаңыз. ● Қатты қызған тоң

майлар мен сүйық майлар тез жанғыш болады. Майлы тағамдарды дайындау кезінде сақ болыңыз. ● Егер плита бетінде жарықтар пайда болса, ток соғу қаупін болдырмас үшін құрылғыны дереу өшіріңіз. ● Құрылғы сыртқы таймермен не бөлек қашықтан басқару құралымен жұмыс істемейді. ● Плитада майды ұқыпсыз пайдалану қауіпті болуы мүмкін және өрт тудыруы ықтимал. ● Тамақ пісіру процесін қадағалап тұру қажет. Қыска пісіру процесі үнемі бақылануы қажет. ● Өртті ЕШҚАШАН сумен өшіру әрекетін жасауға болмайды. Оның орнына құрылғыны өшіріп, өртті қақпақ не шүберек клеенка сияқты нәрсемен жабыңыз. Өрт қаупі бар: плита бетіне бөгде заттарды қоймаңыз. ● Бу тазартқыштарды пайдаланбаңыз, ток соғу қаупі бар. ● Пышақтар, шанышқылар, қасықтар немесе қақпақтар сияқты металл заттарды пешке қоймаңыз, себебі олар қызып кетуі мүмкін. ● Құрылғыны электр желісіне қоспас бұрын: кернеу мен қуаттың электр желісіне сәйкес келетіндігіне және розеткаға сәйкес келетіндігіне көз жеткізу үшін мәліметтер тактасын (құрылғының төменгі жағында) тексеріңіз. Қүмәніңіз болса, білікті электр маманымен кеңесіңіз.

Маңызды: - Пайдаланғаннан кейін, плитаны қосқыштан өшіріңіз және табаны анықтайтын құрылғыға сенбеніз. - Сүйықтықтың тасып кетуіне жол берменіз, сондықтан

сүйықтық қайнағанда немесе қыздырғанда отты өшіріңіз. - Қыздыру элементтерін бос кәстрөлдермен немесе табалармен немесе оларсыз қосулы күйде қалдырмаңыз. - Пісіру аяқталған кезде тиісті ыстық плитаны өшіріңіз. - Тамақ пісіру үшін ешкашан алюминий фольганы пайдаланбаңыз және алюминийге оралған тағамдарды плитаға өшкашан қоймаңыз. Алюминий балқып, құрылғыны зақымдайды және оны жәндеу мүмкін болмайды. - Тағамдар салынған қаушақтарды ашылмаған күйінде қыздыруға болмайды, олар жарылуы мүмкін! Бүл ескерту барлық плита түрлеріне қатысты. - Тездету (Booster) функциясы сияқты жоғары ток деңгейін тамақты құыруға арналған май сияқты сүйықтықтарды қыздыру үшін пайдалануға болмайды. Шамадан тыс қызу қауіпті болуы мүмкін. Мүндай жағдайларда төмен куат деңгейін пайдалануыңызды ұсынамыз. - Ыдыстар плитаның үстіне және дәл ортасына қойылуы керек. Ешқандай жағдайда таба мен плита арасында басқа заттарды қоймаңыз. - Егер температура жоғарыласа, құрылғы пісіру бөліктерінің куат деңгейін автоматты түрде төмендетеді. Кез келген тазалау немесе техникалық қызмет көрсету алдында құрылғыны розеткадан суырыңыз немесе қосқышты өшіріңіз. Барлық орнату және техникалық қызмет көрсету жұмыстары үшін корғаныс қолғаптарын киіңіз. Құрылғыны сегіз жастан асқан балалар, сондай-ак физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі адамдар немесе тәжірибесі немесе қажетті білімі жоқ адамдар адам бақылауынсыз немесе құрылғыны кауіпсіз пайдалану және оның кауіптілігін түсіну туралы нұсқаулар

алмайынша қолданбауы керек. Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалап отырыңыз. Тазалау және қүтім көрсету жұмыстарын балалар тиісті бақылаусыз орындамаулары керек. Түтін сорғышты газбен немесе басқа отынмен жұмыс істейтін басқа құрылғылармен бір уақытта пайдалану кезінде бөлме жақсы желдетілуі керек. Түтін сорғыштың іші де, сырты да техникалық қызмет көрсету нұсқауларына сәйкес міндетті түрде үнемі тазалануы (КЕМІНДЕ АЙЫНА БІР РЕТ) керек. Түтін сорғышты тазалау, сонымен қатар сүзгілерді ауыстыру және тазарту ережелерін сақтамау өртке әкелуі мүмкін. Ашық отта ешкашан тамақ дайындауға болмайды. Ашық отты пайдалану сүзгілерді зақымдауы және өрт қаупін тудыруы мүмкін, сондықтан оны барлық жағдайда болдырмау керек. Май қатты қызып кетіп, өртенуіне жол бермеу үшін құыру кезінде аса сақ болған жөн. ЕСКЕРІНІЗ: Түтін сорғыштың қолжетімді бөліктері плита қосулы кезде ыстық болуы мүмкін. Ескеріңіз! Орнату жұмыстары толық аякталғанша құрылғыны қуат көзіне қоспаңыз. Жергілікті билік органдары бекіткен, түтін шығаруға байланысты қауіпсіздік техникасы және қауіпсіздік шаралары бойынша ережелер қатаң сақталуы керек. Шығарылған ауа газ жағатын құрылғылар не басқа да жағу құрылғылары тудыратын түтінді жою үшін пайдаланылатын құбырлар арқылы жіберілуі керек. Түтін сорғышты сым тор дұрыс орнатылмаған кезде ешкашан пайдаланбаңыз! Құрылғыны орнату үшін тек өніммен бірге берілген бұрандаларды ғана қолданыңыз, ал бірге берілмесе, сәйкес келетін бұрандаларды сатып алыңыз. Орнату нүсқаулығында көрсетілгендей ұзындықтағы бұрандаларды қолданыңыз. Ас бөлмелік түтін сорғыш электр емес қуат көзі berілетін басқа құрылғылармен пайдаланылған кезде, бөлменің теріс қысымы 4 Па (4 x 10 -5 бар) деңгейінен аспауы керек. Алдағы уақытта анықтамалық ретінде қарау үшін бұл нүсқаулықты сақтап қою керек. Сатылатын, тасымалданатын не көшірілетін жағдайда оны өніммен бірге ұстау керек.

Бүл кұрылғы 2012/19/EO - UK SI 2013 №3113, Калдық электр және электрондық жабдықтар (ҚЭЭЖ) еуропалық директивасына сай таңбаланады. Бүл өнімнің қоқыска дұрыс тасталуын қамтамасыз етеді және сіз қоршаған ортаға және адам денсаулығына болатын жағымсыз салдардың алдын аласыз.

Өнімdegі немесе оған қоса берілген құжаттағы

ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - Ескертулер - 1

белгісі осы өнімнің түрмыстық қоқыс ретінде тасталмай, электрлік және электрондық құрылғыларды қайта өндеуге арналған қоқыс жинайтын тиісті орынға тасталуы керектігін білдіреді. Оны жергілікті қоқыс тастау ережелеріне сәйкес тастаңыз. Бүл өнімді пайдалану, қалпын келтіру және қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін жергілікті уәкілетті мекемеге, түрмыстық қалдыктарды жинау қызметіне немесе өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз.

Кұрылғы келесі ережелерге сай жасалуы, сыналуы және жасақталуы керек:

- Kauncişdik: EN/IEC 60335-1; EN/IEC 60335-2-6, EN/IEC 60335-2-31, EN/IEC 62233.

- Өнімділігі: EN/IEC 61591; ISO 5167-1; ISO 5167-3; ISO 5168; EN/IEC 60704-1; EN/IEC 60704-2-13; EN/IEC 60704-3; ISO 3741; EN 50564; IEC 62301.EN 60350-2;

• ЭМУ: EN 55014-1; CISPR 14-1; EN 55014-2; CISPR 14-2; EN/IEC 61000-3-3; EN/IEC 61000-3-12. Коршаған ортаға келетін әсерді азайту үшін дұрыс пайдалану нұсқаулары: Пісіруді бастаған кезде, түтін сорғышты ең аз жылдамдықпен қосыңыз, пісіру аяқталған сон, оны бірнеше минутка қалдырыңыз. Жылдамдықты тек түтін мен бу көп болса ғана, шұғыл жағдайларда ғана Тездету (Booster) функциясы арқылы арттырыңыз. Иісті азайту жүйесінің тиімді жұмысын сақтау үшін, көмір сүзгісін(лерін) қажет болғанда ауыстырып тұрыңыз. Май сүзгісі жақсы жұмыс істеуі үшін оны қажетінше тазалап

тұрыңыз. Тиімділікті арттырып, шуды азайту үшін, осы нұсқаулықта көрсетілген максималды кұбыр диаметрін пайдаланыңыз.

2. Пайдалану

Плитаны пайдалану

Индукциялық пісіру жүйесі магнит индукциясы физикалық кұбылысына негізделеді. Бүл жүйенің негізгі қасиеті куатты генератордан кәстрөлге тікелей жіберу болып табылады.

Артыкшылыктары:

Электр плиталарымен салыстыратын болсак, индукциялык плита:

- Kayıncizírek: шыны беткейіндегі температура төмен болады.

- Жылдамырақ: тамақты қысқа ұақытты қыздыруға болады.

- Тиімдірек: сіңірілген қуаттың 90%-ы қызуға айналады. Сонымен қатар кәстрөл плитадан алынғаннан кейін, қызу бекер пайдаланылмауы үшін қызуды жіберу дереу токтатылады.

2.1 Тамақ пісіру контейнері

ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - Тамақ пісіру контейнері - 1

Тек белгісі бар табаларды гана пайдаланыңыз.

Маңызды:

плита бетіне зақым келмеуі үшін, мыналарға тыйым салынады:

- тубі тегіс емес ыдыстарды қою; - тубі эмальмен капталған металл ыдыстарды қою; - плита бетіне сызат түсірмеуі үшін тубі кедір-бұдыр ыдыстарды қою;

- ыстық көстрөлдерді және табаларды плитаның басқару панелінің бетіне қоюға болмайды. Түптері тек жартылай ферромагниттік материалдардан тұратындықтан, индукциялық қолданыска барлық табалар жарамды бола бермейді! Көстрөлдер мен табаларды сатып алғанда, мынаны ескеріңіз:

- ыдыстың түбі толығымен ферромагниттік материалдардан тұруы керек. Өйтпесе, жылу беру тиімділігі төмендейді, ал жылудың біркелкілігі мен кәстрөлдін/табаның температурасы тамақ пісіруге сәйкес келмеуі мүмкін.

ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - Маңызды: - 1

- Тубінде алюминий болмауы керек, әйтпесе ыдыс қызбайды және оны индукторлар танымауы мүмкін.

ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - Маңызды: - 2

- Тубі тегіс емес немесе біркелкі емес ыдыс. Олар индуктор мен табаның арасындағы байланысты төмендетіп, пісіру тиімділігі мен сапасын нашарлатады.

ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - Маңызды: - 3

Маңызды: ыстық табалар мен кастрөлдерді ешкашан пештің үстіне қоймаңыз.

2.1.1 Алдыңғы контейнерлер

Көстрөлдің материалы магнитті екенін тексеру үшін жай ғана магнитті пайдалана аласыз. Көстрөлдерге магнит жабыспаса, олар жарамайды. Алдыңғы тараудағы көрсеткіштер осыған да қатысты ескерілуі тиіс.

2.1.2 Усынылатын көстрөл түбі диаметрлері МАНЫЗДЫ: егер көстрөлдер дұрыс өлшемде болмаса, пісіру бөліктері іске қосылмайды.

Эрбір жеке бөліктің минималды диаметрлерін осы нүсқаулықта берілген тиісті суреттерден қараңыз.

Жаксы нәтижеге қол жеткізу үшін мыналарды ұсынамыз:

  • Диаметрі пісіру аймағына сай келетін кәстрөлдер мен табаларды пайдаланыңыз.
  • Мумкін болса, пісіру кезінде табаның қақпағын жауып қойыңыз, бүл әсіресе диаметрі 22 см-ден асатын табалар үшін маңызды.
  • Табаны плитада көрсетілген пісіру бөлігінің ортасына қойыңыз.

Мынаны ескеріңіз: Тамақ пісіру тиімділігін және өнім сапасын сақтау үшін индукция адапте лерін пайдаланбаған ЖӨН.

Сорғыш желдеткішті пайдалану

Сору жүйесін екі нұскада пайдалануға болады: сыртқы сору және тасымалдау немесе ішкі рециркуляциясы бар сүзгі.

ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - Сорғыш желдеткішті пайдалану - 1

Сору нускасы

7-cyp.

Түтіндер берілген жалғау фланеціне бекітілген кұбырлар (бөлек сатып алынады) арқылы сыртқа шығарылады.

Сорғыш кұбырдың диаметрі жалғағыш сақинаның, диаметріне сай келуі керек:

-төртбурышты шығыстар үшін:222×89мм
- шенбер шығыстар үшін: ∅ 150 мм (*)

Косымша акпарат алу ўшін осы нүсқаулықта көрсетілген сору нүсқасына қатысты бетті қараңыз. Өнімді диаметрі ауа шығысына (жалғау фланеці) сай келетін қабырғаға орнатылған сорғыш құбырларға және саңылауларға жалғаңыз. Диаметрі кішірек сорғыш құбырлар мен саңылаулар жұмыс тиімділігін нашарлатып, шу денгейін айтарлықтай арттыруы мүмкін. Осыған байланысты барлық жауапкершіліктерден бас тартылады.

Aya өткізгіш мүмкіндігінше кыска болғаны жән.
① Мумкін болатын ең аз індері бар кұбырды пайдаланыңыз (максималды бұрыш: 90°).
① Кубыр диаметрінің күрт өзгерістеріне жол берменіз.

ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - 7-cyp. - 1

Сүзу нүскасы

10-cypet

Сорылған ауа бөлмеге қайта жіберілмес бұрын арнайы май және иіс сүзгілерінен өтеді. Өнім стандартты орнатуға қажет барлық боліктермен беріледі, ауа шығысы корпус негізінің алдыңғы жағына орнатылады. Қосымша акпаратты сүзгі нұсқасына қатысты беттен (осы нұсқаулықтың суреттер бөлімінде) қараңыз.Түрлі сүзу және сору жүйелерін орнатуға арналған жиынтықтардың толық аукымын www.elica.com және www.shop.elica.com веб-сайттарынан көріңіз.

3. Кондыру

- Электрлік және механикалық бөліктерін орнатуды тқ білікті мамандар орындауы керек. Плита мен қабырға арасындағы қашықтық алдыңғы жағынан кемінде 50мм, бүйірлерінен кемінде 50мм және жоғарғы кедергіден кемінде 550мм болуы керек.

Ерекше назар аударыңыз: ұсынылған қашықтық мысал ретінде келтірілген: үй-жайларды жобалау кезінде асүй құрылғысының өндірушісінің нұсқаулары ескерілуі керек.

ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - Кондыру - 1

3.1 Электр қосулары

3-cypet

• Кұрылғыны электрік қуат

көзінен ажыратыңыз. • Орнату жұмыстарын қолданыстағы орнату және қауіпсіздік ережелерін білетін, кәсіби дайындалған қызметкерлер ғана жүзеге асыруы керек. • Егер осы тараудағы нұсқаулар орындалмаса, өндіруші адамдарға, жануарларға немесе мүлікке тиген зардаптар үшін кез келген жауапкершілікті өз мойнына алмайды. • Қуат кабелі плитаны жұмыс бетінен шығарып алғанда ыңғайлы болатындай жеткілікті ұзын болуы керек. • Құрылғының астыңғы жағында орналасқан сериялық нөмір тактайшасында көрсетілген кернеу ол орнатылатын үйдегі кернеуге сәйкес келетіндігін тексеріңіз. • Үзартқыш сымдарды пайдаланбаңыз. • Жерге қосу қуат сымы басқа кабельдерге қарағанда 2 см-ге ұзын болуы керек. • Егер электрлік жабдық қуат сымымен жабдықталмаса, 7200 Ватт қуат ұшін 2,5 мм2 минималды кондуктор диаметрін пайдаланыңыз; жоғарырақ қуат деңгейлері ұшін диаметрі 4 мм2 болуы керек. • Кабель бойындағы температура 50°C-тан аспауы керек. • Бүл Құрылғы қуат көзіне тұрақты қосылуға арналған.

- Ескеріңіз! Электр желісіне қайта қоспас бұрын, оның дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз, әрқашан қуат кабелінің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. • Ескеріңіз! Аралық жалғау кабелін ауыстыруды уәкілетті техникалық қолдау

қызметі немесе біліктілігі оған сай адам жүзеге асыруы керек. Ескертпе: өнім максимальды қуат шектеуін орнатуға мүмкіндік беретін Қуат шектеуші функциясымен жабдықталған Құрылғы электр желісіне қосылған кезде немесе ажыраған соң электр желісіне қайта қосылған кезде (келесі 2 минут ішінде), Электр жүйесінің қорғанысын таңдалған қуатты шектеу деңгейіне сәйкес орнатыңыз. шектеу қойылуы керек. Қуат шектеу параметрі үшін осы нұсқаулықтың Жұмыс бөлімін қараңыз.

3.3 Бекіту

Орнатуды бастамас бұрын:

  • Өнімді қораптан шығарғаннан кейін, оның тасымалдау кезінде зақымдалмағанына көз жеткізіңіз, ақаульықтар түындаған жағдайда, сатушыға немесе түтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарлаңыз.
  • Өнімнің өлшемдері орнатылатын орынға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
  • Каптаманың ішіндегі тасымалдау мақсатында салынған керек-жарактардың (мысалы, бұрандалар салынған қалташықтар, кепілдік күәліктері және т.б.) бар-жоғына көз жеткізіңіз. Егер болса, оларды алып тастаңыз және қауіпсіз жерде сақтаңыз.

- Орнату аймағында куат ұясы бар екенін тексеріңіз Корпусты орнатуға дайындау:

- Бул буйымды салкындаткыш кұрылғылардың, ыдыс жуғыштардың, пештердің, кір жуғыш машиналар мен кір кептіргіш қондырғылардың үстіне орнатуға болмайды. - Плитаны орнатпас бұрын, шкафты сәйкесінше кесіңіз және жаңқалар мен үгінділерді абайлап алыңыз.

- сүзгіні орнатуды онтайландыру мақсатында торды (белек сатып алуға болады) енгізу үшін төменгі негізге үяшық кесу ұсынылады

МАНЫЗДЫ: 250° температураға шыдайтын бір компонентті жабысқақ герметикті (S) қолданыңыз; орнатпас бұрын, жабыстырылатын беттерді мұқият тазалаңыз және жабысуға кедергі жасайтын барлық нәрселерді жойыңыз (мысалы, бөлгіш жақпалар, беткі үлдірлер, тоңмайлар, сұйық май, шан, ескі желімнің іздері және т.б.); желім жақтаудың барлық сыртқы жағына біркелкі жағылуы керек; жабысканнан кейін, желімді шамамен 24 сағат құргғатыңыз.

1B-2B сурети

Ескеріңіз! Бұрандалар мен ысырмаларды ос нұсқауларға сай орнатпасаңыз, электр тогы қаупі орын алуы мүмкін.

Ескертпе: бүйымның дұрыс орнатылуын қамтамасыз ету үшін келесі сипаттамалары бар құбырларды желіммен тығыздау ұсынылады:

- акрил негізіндегі желімді жұмсақ иілгіш ПВХ үлдір

- ескіруге төзімділігі жоғары

- температура ауыткуларына төзімді

- төмен температурада қолдануға жарамды

4. Пайдалану

Баскару тактасы

ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - Баскару тактасы - 1

Дисплей / СКД

  1. КОСУ/ӨШІРУ: плитканың / плитканың сорғыш желдеткішінің
  2. Тамаç пісіру аймағы позициясының индикаторы
  3. Тамақ пісіру аймағын тандау Қуат деңгейін арттыру/кеміту
  4. Температура реттегішті іске косу
  5. Пернелер желдеткіші
  6. Сорғыш желдеткішті тандау Сору жылдамдығын (қуатын) арттыру/кеміту
  7. Автоматты функцияларды іске қосу Сүзгі қанығуын бастапқы мәніне қайтару
  8. Таймерді іске қосу Таймер мәнін арттыру/кеміту
  9. Перне кулпы
    9+10. Балалардан корғау
  10. Кідірту / Қайтару

  11. Куат деңгейін көру

  12. Тарту жылдамдығын (қуатын) көру
  13. Тамақ пісіру аймағы дисплейі
  14. Түтін тартқыштың дисплейі
  15. Таймер дисплейі
  16. Температура реттегішінің индикаторы
  17. Сузгі көмегі индикаторы
  18. Автоматты тарту функциясының индикаторы
  19. Таймер индикаторы белсенді
  20. Жұмыртқа таймерінің индикаторы белсенді
  21. Көпір индикаторы белсенді
  22. SNAP жұмысының индикаторы
  23. ҚАПСЫРМА индикаторы

ПЛИТАНЫ ПАЙДАЛАНУ

Бастамас бұрын ескеріңіз:

Бүл плитаның барлық функциялары ең қатаң қауіпсіздік ережелеріне сай болатын етіп жасалған. Осыған байланысты:

- Кэстрөлдер жанарғының үстіне қойылмағанда немесе дұрыс емес қойылғанда, кейбір функциялар іске қосылмайды немесе автоматты түрде өшіріледі.

- Баска жағдайларда белгілі бір функция тандалмаған параметрді қажет еткен кезде, іске қосулы функциялар автоматты түрде өшіріледі (мысалы: "Selecting the cooking zone" (Пicipу аймағын тандау) және "Operating temperature" (Жұмыс температурасы), "Lock Function" (Құлыптау функциясы) немесе "Timer" (Таймер) функциясынсыз "плитаны іске қосыңыз" (Пicipу аймағын тандау) және "Operating temperature" (Жұмыс температурасы), "Lock Function" (Құлыптау функциясы) немесе "Timer" (Таймер) функциясынсыз "плитаны іске қосыңыз").

ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - Бастамас бұрын ескеріңіз: - 1

Ескерту! Узак уакыт пайдаланылған жағдайда

(мысалы) тамак пісіру аймағы суыту фазасың болғандықтан, дереу өшірілмеуі мүмкін; бүл фазаның аяқталатының білдіретің" " таңбасы тамак пісіру аймағына шығады.

Тамак пісіру аймағын пайдаланбас бұрын, дисплейдің өшірілуін күтіңіз.

Тамақ пісіру аймағы дисплейі

тамак пісіру аймағының дисплейі көрсетеді:

Тамақ пісіру аймағы қосулы0
Қуат деңгейі1...9 р
Қалдық қызу индикаторыН
Қөстрөл анықтағышУ-
Температура реттегіші функциясы қосулыУ
Балалардан қорғау функциясыL
Кідірту функциясыII
Автоматты қыздыру функциясыЯ

Плита сипаттамалары

- Kayınci3 іске косу

Өнім тек көстрөл тамақ пісіру аймағында болған жағдайда ғана іске қосылады: ешқандай көстрөл болмаса немесе олар алынса, қыздыру процесі іске қосылмайды не токтатылады.

• Кэстрөл аныктағыш

Өнім тамақ пісіру аймағында кәстрөлдің барын автоматты түрде анықтайды.

• Kayíncíздік ушін өшіру

Қауіпсіздік мақсаттарында әрбір тамақ пісіру аймағында максимальды жұмыс істеу уақыты белгіленеді, ол орнатылған максимальды қуат деңгейіне байланысты болады.

- Калдык кызу индикаторы

Бір не бірнеше тамақ пісіру аймағы өшірілген кезде, қалдық қуат бар болса, ол "танбасының көмегімен сәйкес аймақ дисплейіндегі визуалды сигналмен көрсетіледі.

Жумыс

Ескертпе: Кез келген функцияларды іске қосу алдында қажетті аймақты қосу керек

• Kocy

Плитаның/түтін тартқыштың,

ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - • Kocy - 1

(Қосу/Өшіру) түймесін басыңыз

Плита/түтін тартқыш пайдалануға дайын екенін білдіретін индикатор шамы жанады Өшіру үшін қайта басыңыз

Ескертпе: Бул функцияның басқаларға қарағанда басымдығы жоғары.

Пісіру аймағына қатысты Таңдау аймағын (3) басыңыз.

• 9-куат деңгейі

Плитада 9 куат деңгейі бар

Тандау аймағын (3) саусақтарыңызбен түртіңіз және сипаңыз:

куат деңгейін көбейту үшін онға қарай; куат деңгейін азайту үшін солға қарай.

• Куат артырғыш

Өнім 5 минут бойы қосулы болатын қосымша куат деңгейіне ие (Зденгейінен кейін), одан кейін температура алдыңғы орнатылған мәнге қайтарылады.

Саусактарыңызбен Тандау аймағын (3) түртіңіз және сипаңыз (денгейінен тыс) және Куат арттырғыш режимін іске қосыңыз Куат арттырғыш деңгейі тандалған аймақтың дисплейінде " ① белгісімен көрсетілген

• Көпір аймактары

Bridge (Kenip) функциясының аркасында пісіру аймақтары бір қуат деңгейіндегі жалғыз аймақты жасай отырып, аралас күйде жұмыс істей алады. Бүл функция үлкен кәстрөлдер мен табалар тамақты біркелкі пісуіне мүмкіндік береді.

"Herizri" алдыңғы пісіру аймағын да, тиісті "Қосымша" артқы пісіру аймағын да пайдалана аласыз. (осы функциямен қандай аймақтар жабдықталатынын көру үшін осы нұсқаулықтың суреттер бөлімін қараңыз).

Көпір функциясын іске қосу үшін:

- пайдаланғыңыз келген пісіру аймактарының тандай аймактарының екеуін де бір уақытта тандаңыз

- "Косымша" пісіру аймағының Көпір (21) индикаторы "Жанады" - "Негізгі" пісіру аймағының Тандау аймағын (3) режимнің куат деңгейін орнату үшін пайдаланыңыз

- Көпір функциясын ажырату үшін іске қосқан кездегі әрекеттерді орындасаңыз болғаны

• Температура реттегіші

Температура реттегіші – кызуды оңтайлы қуат деңгейіндегі тұрақты температурада сақтауға мүмкіндік беретін басқару функциясы; бұл функция дайын тамақтарды жылы қүйінде сақтауға өте қолайлы. Температура реттегіші функциясын белсендіру аймағын (4) түрту арқылы іске қосуға болады Температура реттегіші режимінде іске қосулы аймақтың дисплейінде "Белгісі пайда болады

• Перне кулпы

Перне құлпы орнатылған функцияларды іске қосулы қалпында қалдырған кезде плитаның параметрлеріне байқаусызда тиіп кету арқылы кедергі келтірудің алдын алуга мүмкіндік береді.

Iске косу:

(9) түймесін басыңыз
- түйменің үстіндегі ЖШД шамы оның іске қосылғанын көрсету үшін жанады

ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - Iске косу: - 1

Ажырату үшін осы әрекетті қайталаныз.

• Балалардан корғау

Балалардан қорғау балалардың байқаусызда тамақ пісіру аймағына және түтін тарту аймағына кіруінің алдың алып, қандай да бір функцияның іске қосылуына жол бермейді. Балалардан қорғау тек өнім қосулы болып, ал пісіру аймақтары (және тарту аймақтары) өшірулі болғанда іске қосылады.

Iске косу:

- плитадан кез келген көстрөлді алып тастаңыз

ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - Iске косу: - 1

(9) және

ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - Iске косу: - 2

(10) түймелерінің

екеуін де басып тұрыңыз, шыққан дыбысты сигнал функцияның белсенді екенін көрсетеді және дисплейде "L" белгісі (13) және (14) белгісі көрінеді.

Ажырату үшін осы әрекетті қайталаныз.

• Таймер

Таймер функциясы әр тамақ пісіру (және сору аймағы) аймағы үшін орнатылатын кері санақ болып табылады.

Орнатылатын мерзімнің соңында тамақ пісіру аймактары (немесе тарту аймағы) автоматты түрде өшіріледі және пайдаланушы акустикалық сигнал арқылы хабарландырылады.

Плитаның Таймер функциясын іске косу/реттеу

• Пісіру аймағын таңданыз (10 куаты)

• Таймер функциясына кіру үшін —(8) + түймесін басыңыз

• Таймер узактығын орнатыңыз: автоматты өшіру уақытын көбейту үшін тандағышын, басыңыз автоматты өшіру уақытын азайту үшін тандау құралын тандағышын басыңыз Қажет болса, басқа тамақ пісіру аймақтары үшін операцияны қайталаңыз.

Ескертпе: Таймер мәні әрбір тамақ пісіру аймағында әртүрлі болуы мүмкін; (15) дисплейінде соңғы таңдалған плитаның кері санағы 10 секундқа шығады, одан кейін ең аз қалған уақыт көрсетіледі.

Таймер санауды аяктаған кезде, ол дыбысты сигнал шығарады (2 минут; түймесін басу арқылы ажыратуға болады ), сол кезде

дисплей (15) "0.00" белгісін көрсетіп жыпылыктайды.

Ескертпе: "L" (19) белгісі таймері белсенді пісіру аймағының қасында пайда болады.

Таймерді өшіру үшін:

• тамак пісіру аймағын тандаңыз
• таймердің мәнін "☐ мәніне орқылы орнатыңыз

Ескертпе: ешкандай перне басылмаса, функция косулы калады.

- Жумыртка пісіру таймері

Жұмыртқа пісіру таймері функциясы пісіру аймақтарынан (және тарту аймағынан) тәуелсіз кері санақ болып табылады. Жұмыртқа пісіру таймерін (8) түймесін басу арқылы іске қосуға болады.

Ескертпе: Жұмыртқа пісіру таймері

функцисын орнату үшін Таймер функциясына қолданылатын қадамдарды орынданыз.

Таймер санауды аяктаған кезде, ол дыбысты сигнал шығарады (2 минут; түймесін басу арқылы ажыратуға болады ), сол кезде дисплей (15) "0.00" белгісін көрсетіп жыпылықтайды.

Ескертпе: Жұмыртқаға арналған таймер белсенді болған кезде, таңбасы пайда болады

ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - Ескертпе: Жұмыртқа пісіру таймері - 1

■Кідірту

Кідірту функциясы плиткада жұмыс істеп түрган кез келген функцияны кідіртуге (кідіру кезінде тамақ пісіру қуаты нөлге түседі) мүмкіндік береді.

Icke косу:

• (16) түймесін басыңыз
• дисплейде "11" белгісі (13) пайда болады.

Ескертпе: бүл өрекет плитаның күйлерін кідіруге дейінгі қалпына келтіреді.

• (10) түймесін басыңыз

• 10 секунд ішінде саусактарыңызды онға қарай,

Тандау аймағы (3) бойымен сырғытыңыз (қалаған пісіру аймағына тиесілі).

(19-CYP.);

кідірту функциясы белсенді күйде қалады.

Ескертпе: егер Кідірту функциясы 10

минуттан кейін ажыратылмаса, плита автоматты түрде өшеді.

- Кайтару

Егер Кайтару функциясы абайсызда өшіру жағдайында плитканың барлық функцияларын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Iске косу:

- плитаны қайтадан іске қосыңыз (өшкеннен кейін 6 секунд ішінде)

ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - Iске косу: - 1

• "Фіймесін басыңыз (6 секунд ішінде)

• Автоматты кыздыру

Автоматты қыздыру функциясы орнатылған куатты жылдамдыққа жеткізуге мүмкіндік береді; бұл функциямен бізде тезірек пісіру артықшылығы болады, бірақ тамакты күйдіріп алу қаупі жоқ, өйткені температура белгіленген деңгейден аспайды.

Бул функция 1-8 куат деңгейлері үшін қолжетімді.

Iске косу:

• Таңдау аймағын (3), қалаған куатты басып тұрыңыз

• дисплейде "Я" белгісі (13) пайда болады.

• Куатты шектеу

Куатты шектеу функциясы өнімді максимальды тұтынуды шектеу кезінде де пайдалануға мүмкіндік береді.

Ескертпе: шектеу плита өшірулі болған кезде,

пернесін баспай, плита электр желісіне қосылуы барысында немесе электр желісі келесі 2 минут ішінде ажыратылып, қайта жалғанған кезде орнатылуы керек.

Куат шектеун орнату үшін:

- пернелерін кыскаша дыбысты сигнал естілгенше басып тұрыңыз

- сол уакытта тандау аймактарын (алдыңғы

сол жақ және артқы сол жақ)

солдан онға қарай сипаңыз, сосын соңғы қуат деңгейіне қатысты

аймақты қыскажа дыбысты сигнал естілгенше басып тұрыңыз

- Таймер (15) дисплейінде баптауды орындаудың мүмкін екенін көрсететін "CF6" белгілері көрсетіледі

ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - сол жақ және артқы сол жақ) - 1

- одан кейін - түлмесін басыңыз, сонда таймер дисплейінде (15) РНА (фазалык куат шегі) жазуы көрінеді:

- алдыңғы сол жақ аймақ дисплейі ағымдағы параметрлі көрсетеді**

$$ 0 = 7, 4 \mathrm{kBT} $$

$$ 1 = 4, 5 \mathrm{kBT} $$

$$ 2 = 3, 1 \mathrm{kBT} $$

** әдепкісінше, шектеу 7,4 КВт мәніне қойылады - Power Limitation (Қуатты шектеу) параметрін өзгерту үшін алдыңғы сол жақ тандай аймакта

жылжыңыз

ELICA NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A - сол жақ және артқы сол жақ) - 2

- таңдалған параметрді сақтау үшін түймелерін 1 секунд басыңыз; параметрді растау үшін дыбысты сигнал шығарылады; функция жабылады.

ТУТИН ТАРТКЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ

• Kocy

Плитанын/түтін тартқыштың ON/OFF (Қосу/Өшіру) түймесін басыңыз

Плита/түтін тартқыш пайдалануға дайын екенін білдіретін индикатор шамы жанады Өшіру үшін қайта басыңыз

Ескертпе: Бул функцияның басқаларға қарағанда басымдығы жоғары.

● Тутін тартқыштың іске қосу: Плитаны іске қосу үшін Таңдау аймағын (6) түртіңіз (басыңыз)

● Сору жылдамдығы (қуат): Саусақпен Тандау жолағын (6) түртіп, сырғытыныз:

сору жылдамдығын артыру үшін онға қарай (қуат) (0-9);
сору жылдамдығын артыру үшін солға қарай (қуат) (9-0)

Өнімде қосымша 1 еселік түтін сору жылдамдығы бар (куат деңгейлері):

"Р" 5 минутка

одан кейін куат 8-денгейге оралады

Ескертпе: екі жылдамдык та (13) тандалған пісіру аймағының, дисплейінде "Р" белгісімен көрсетіледі.

- Таймер

Таймер функциясын түтін тартқыш үшін іске қосу/реттеу

• Түтін тартқышты таңданыз.

• Таймер функциясына кіру үшін (8) түймесін басыңыз (кез келген жылдамдықта)

• Таймер узактығын орнатыңыз: автоматты өшіру уақытын көбейту үшін + тандағышын, басыңыз автоматты түрде өшу уақытын азайту ү — тандағышын басыңыз

дисплейде (15) кері санақ көрсетіледі,

Ескертпе: "(19) белгісі тутін тартқыштың дисплейінің жанында көрінеді

Таймер санауды аяктаған кезде, ол дыбысты сигнал шығарады (2 минутқа; оның дыбысын пісіру бетіндегі кез келген пернені басу арқылы өшіре аласыз), сол кезде дисплей (15) "0.00" белгісін көрсетіп жыпылықтайды.

Таймерді өшіру үшін:

• Таңдау аймағын (6) таңданыз
• таймердің мәнін "Д" мәніне —арқылы орнатыңыз

Ескертпе: ешкандай перне басылмаса, функция косулы қалады.

●Сүзгінің толғанын көрсететін индикаторлардың іске қосылуы

Бул көрсеткіштер өдетте ажыратылған болады (май сүзгісі үшін де, белсенді көмір сүзгісі үшін де)

Оларды белсендіру үшін, мынаны орынданыз:

- түтін тартқышты 🙏 арқылы іске қосыңыз;

- сору моторы мен пісіру аймактары өшірулі болған кезде, Таңдау аймағын (7) басып тұрыңыз:

"FILTER" ЖШД (17) теменгі жарыктыкта жанады түтін тартқыштың (14) дисплейінде "G" белгісі көрсетіледі, осылайша май сүзгісінің толу индикаторы іске қосылады –

Ескертпе: Таңдау аймағын (7) тағы басу арқылы (14) "F" әрібін көрсете аласыз, сосын иіс кетіргіш көмір сүзгісіне өтесіз Белсенді

- Тандау аймагын (6) басыңыз, "FILTER" ЖШД (17) жоғарғы жарықтыққа ауысады, сосын, 10 секундтан соң ол КОСУ аяқталғанын көрсету үшін өшеді.

Сузгінің толғанын көрсететін индикаторларды өшіру

белсендіру үшін берілген нұсқауды тағы да орындаңыз;

- "FILTER" ЖШД (17) төменгі жарыктыкка ауысады, сосын, 10 секундтан кейін ол ӨШІРУ аякталғанын көрсету үшін өшеді.

● Сүзгінің қанығу индикаторы

Плита сүзгіге техникалық қызмет көрсету қажеттігін көрсетеді:

Май сүзгісі

"FILTER (17) жанады

дисплейде (14) "G" белгісі көрінеді (іске қосудан кейін 10 секунд бойы)

Белсендірілген көмірі бар иіс сүзгісі

"FILTER" ЖШД (17) жыпылыктайды; дисплейде (14) "F" белгісі көрінеді (іске қосудан кейін 10 секунд бойы)

- Сүзгінің толғанын көрсететін индикаторды қайта орнату

Сузгілерге қызмет көрсеткен соң (май сүзгісіне және/немесе белсендірілген көмірі бар иіс сүзгісіне), Таңдау аймағын (7) басып тұрыңыз:

"БИЛЬТЕР ЖШД өшеді де, индикатор санағы қайта басталады.

Ескертпе: Егер екі сүзгінің де сигналдары бір уақытта көрсетілсе, осы қадамдарды қайталаңыз.

● Автоматты жумыс

Бүл өнім ауа сапасының датчигімен жабдыкталған, ол түтін тартқышқа тандаған пісіру түріне ең қолайлы сору жылдамдығын автоматты түрде орнатуға мүмкіндік береді.

Бул функцияны косу үшін:

Тандау аймағын (7) басып қалыңыз, сонда "(А)" ЖШД (18) түтін тартқыштың осы режимде жұмыс істеп түрғанын көрсету үшін жанады.

- SNAP® кұрылғысы бар түтін тартқыштың автоматты режимі

Түтін татқыш пен SNAP® арасына байланыс орнату жолы туралы акпаратты SNAP® құрылғысымен берілген пайдалану нұсқаулығынан немесе www.elica.com сайтынан көріңіз.

Ескертпе: SNAP® – түтін тартқышпен бір уақытта жұмыс істей алатын қосымша түтін сорғыш құрылғы.

Бул функцияны қосу үшін:

Тандау аймағын (7) басып қалыңыз, "(A)" ЖШД (18) және "ЖШД (22) түтін тартқыштың осы режимде жұмыс істеп түрганын көрсету үшін жанады.

Сору аймағы механикалық айналатын ҚАПСЫРМАМЕН жабдықталған. Өнімді іске қосу үшін түтін тартқышты іске қосып, қапсырманы ашуыңыз керек. Түтін тартқыш сору функциясы іске қосылғанда және ҚАПСЫРМА толығымен жабылған кезде моторды автоматты түрде токтататын датчикпен жабдықталған. Сору функциясы тек ҚАПСЫРМА қайта ашылған кезде ғана қайта басталады.

- erep KAPCSbPMA жабык болса, желдеткішті іске қосып жатқан кезде мотор іске қосылмайды: "АШЫК" ЖШД (23) 5 секунд сайын шығатын дыбысты сигналмен бірге жанады. дисплей (12) жыпылыктайды

- егер мотор жұмыс істеп түрған кезде ҚАПСЫРМАНЫ жапсаңыз, мотор тоқтайды: "АШЫҚ" ЖШД (23) 5 секунд сайын шығатын дыбысты сигналмен бірге жанады. дисплей (12) жыпылықтайды Бүл құрылғыны терезе датчигі ЖИЫНТЫЛЬМЕН бірге пайдалануға болады (оны өндіруші бермейді).

Егер терезе датчигі бар ЖИНАК орнатылса (тек EXTRACTOR (Тутін сорғыш) режимі қолданылған жағдайда), датчик орнатылған бөлмедегі терезе жабылған сайын ауа сору токтайды.

- ЖИНАК пен құрылғы арасындағы электрлік байланысты білікті және маманддырылған техник орнатуы керек.

• ЖИНАК күрамдас бөлікке және оны кұрылғымен бірге пайдалануға рүқсат беретін қауіпсіздік стандарттарына сәйкес бөлек сертификатталуы керек. Орнату жұмысы тұрмыстық жүйелерге арналған ағымдағы ережелерге сай орындалуы тиіс. ЕСКЕРІНІЗ:

- ЖИНАКТЫН курылғыға жалғанатын сымдары сертификатталған қауіпсіз қосымша төменгі кернеу (SELV) тізбегінің бір бөлігі болатындай етіп жалғануы тиіс.

- бул кұрылғының өндірушісі ақауларға және/немесе ЖИНАҚТЫ дұрыс орнатпауға байланысты түындайтын ақаулардан және/немесе проблемалардан түындаған қолайсыздық, зақым немесе өрт үшін ешбір жауапкершілікті мойнына алмайды.

4.1 Куат кестелері

Куат деңгейіПісіру түріДенгейді қолдану(дисплей пісіру тәжірибесі мен пісіру әдеттерін бірге қамтиды)
Максимум куатBoostТез қыздыруСу болған жағдайда тамақтың температурасын тез қайнату деңгейіне дейін жылдам арттыруға және тамақ пісіру сұйықтықтарын жылдам қыздыруға өте ыңгайлы.
8-9Құыру - қайнатуТамақты қызартуға, пісіруді бастауға, қатырылған тамақтарды құыруға және жылдам қайнатуға өте ыңгайлы
Жоғарғы куат7-8Қызарту - құыру - қайнату - отқа қақтауҚұыруға, қайнатып қоюға, пісіруге және отқа қақтауға (5-10 минуттық қыска уақыттар ішінде) өте ыңгайлы
6-7Қызарту - пісіру - бұқтыру - құыру - отқа қақтауҚұыруға, қайнатып қоюға, пісіруге және отқа қақтауға (10-20 минуттық қыска уақыттар ішінде), көрек-жарактарды алдын ала қыздыруға өте ыңгайлы
Орташа куат4-5Пісіру - бұқтыру - құыру - отқа қақтауҚайнатуға, баяу қайнатып қоюға, пісіруге (ұзағырақ уақытқа) өте ыңгайлы Пастаны араластыру
3-4Пісіру - қайнату - қоюлату - араластыруСұйықтық (мысалы, су, шарап, сорпа, сүт) қосылған тағамды (құріш, соустар, құрғақтай құырылған тағамдар, балық) баяу пісіруге, пастаны араластыруға өте ыңгайлы
2-3Пісіру - қайнату - қоюлату - араластыруСұйықтық (мысалы, су, шарап, сорпа, сүт) қосылған тағамды (бір литрден аз көлемдегі: құріш, соустар, құрғақтай құырылған тағамдар, балық) баяу пісіруге өте ыңгайлы
Төменгі куат1-2Еріту - жібіту - жылы қүйде сақтау - араластыруМайды жұмсартуға, шоколадты жайлап балқытуға, шағын тамақтарды ерітуге өте ыңгайлы
1Еріту - жібіту - жылы қүйде сақтау - араластыруЖаңадан пісірілген тамақтың шағын порцияларын жылы қүйде сақтауға немесе берілетін тамақтардың температурасын ұстап тұруға және ризоттоны араластыруға өте ыңгайлы
ӨШІРУНөлдік куатБеткі бөлікке қолдау көрсетуПлита күту немесе өшіру режимінде болады (Н-Л-О арқылы сигнал берілетін тамақ пісіруден кейін қалуы мүмкін қалдық қызу)

4.2 Тамақ пісіру кестелері

ТамақтарсанатыТамақтарнемесепісіру түріҚуат деңгейі мен пісіру белгішесі
Бірінші кезенҚуаттарЕкінші кезенҚуаттар
Паста, құрішЖаңа піскенпастаСуды қыздыруАрттыру-9Паста пісіружәнеқайнатып қою7-8
Жаңа піскенпастаСуды қыздыруАрттыру-9Паста пісіружәнеқайнатып қою7-8
ҚайнатылғанқұрішСуды қыздыруАрттыру-9Паста пісіружәнеқайнатып қою5-6
РизоттоҚұыру және құргақтай құыру7-8Пісіру4-5
Көкөністер,бұршақтарҚайнатылғанСуды қыздыруАрттыру-9Қайнату6-7
ҚұырылғанМайды қыздыру9Құыру8-9
МайғабұқтыруҚыздыру керек-жағағы7-8Пісіру6-7
БұқтырылғанҚыздыру керек-жағағы7-8Пісіру3-4
ҚұырылғанҚыздыру керек-жағағы7-8Қызартыпқұырылған7-8
ЕттерҚұргақтайқұыруЕтті майға қызартып құыру(сары майға құырылса, 6-қуат)7-8Пісіру3-4
ОтқақақталғанТабаны алдын ала қыздыру7-8Екі жағын отқақақтау7-8
ҚызартуМайға қызартып құыру(сары майға құырылса, 6-қуат)7-8Пісіру4-5
БұқтыруМайға қызартып құыру(сары майға құырылса, 6-қуат)7-8Пісіру3-4
БалықОтқақақталғанТабаны алдын ала қыздыру7-8Пісіру7-8
БұқтыруМайға қызартып құыру(сары майға құырылса, 6-қуат)7-8Пісіру3-4
ҚұырылғанСұйық немесе тоң майдықыздыру8-9Құыру7-8
ЖұмыртқаларОмлеттерТабаны сары май нетоң май салып қыздыру6Пісіру6-7
ОмлеттерТабаны сары май нетоң май салып қыздыру6Пісіру5-6
Жұмсаққайнатылған/қайнатылғанСуды қыздыруАрттыру-9Пісіру5-6
ҚұймақтарТабаны сары майсалып қыздыру6Пісіру6-7
СоустарҚызанақСұйық майға қызартып құыру(сары май болса, 6-қуат)6-7Пісіру3-4
Ет соусыСұйық майға қызартып құыру(сары май болса, 6-қуат)6-7Пісіру3-4
БешамельсоусыНегізді дайындау (сарымайды ерітіңіз және ұнсебіңіз)5-6Баяу қайнағаншакыздырыңыз3-4
Десерттер,кремдерҚайнатылғанкремСүтті қайнату4-5Баяу қайнатыпқою4-5
БотқаларСүтті қайнату4-5Баяу қайнатыпқою2-3
Қүріш ботқасыСүтті қыздыру5-6Баяу қайнатыпқою2-3

5. Техникалық қызмет көрсету

Плитаға техникалық қызмет көрсету

Саç болыңыз! Қандай да бір тазалау не техникалық қызмет көрсету жұмыстары алдында тамақ пісіру аймақтарының өшірулі екенін және қызу индикаторы сөнгенін тексеріңіз.

5.1 Тазалау

Плитканы әр пайдаланған сайын тазалап қою керек.

Маңызды:

Абразивті губкаларды, шаю губкаларын пайдалануға болмайды. Оларды пайдалансаңыз, уақыт өте келе шыны зақымдануы мүмкін.

Піш бүріккіштері не дақ кетіргіштер сияқты химиялық тітіркендіргіштерді пайдаланбаныз.

Эр пайдаланған сайын, тамақ қалдықтары мен дақтарын кетіру үшін плитаны салқын әрі таза күйінде ұстаңыз.

Қант не құрамында қант мөлшері көп тамақ плитаны зақымдайды және дерек алынуы керек.

Түз. қант және құм шыны беткейді зақымдауы мүмкін.

Плитаны тазалау үшін жүмсақ шүберекті, қағаз сүлгіні немесе арнайы құралдарды пайдаланыңыз (Өндірушінің нұсқауларын қадағалаңыз).

БУМЕН ТАЗАЛАФЫШТАРДЫ ПАЙДАЛАНУГА БОЛМАЙДЫ!!!

Маңызды:

Егер суйбықтықтар байқаусызда не шамадан тыс кәстрөлден ағып кетсе, қандай да бір қалдықты алып тастап, максимальды гигиеналық жағдайларда тазалау үшін өнімнің төменгі жағындағы ағызу клапанын ашыңыз.

18 сурет

Толык әрі терең тазалау үшін төменгі науаны алып тастауга болады.

19-сурет

Тор ыстық сумен және бейтарап жуғыш қоспамен қолмен жуылып, одан кейін тотықтанудың алдың алу үшін толық кептірілуі керек.

Сорғыш желдеткішке қызмет көрсету

Тазалау

Тазалау үшін ТЕК бейтарап сүйықтық тазалағышқа малшынған шуберекті пайдаланыңыз. ТАЗАЛАĞЫШ АСПАПТАРДЫ НЕ ҚұРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУғА БОЛМАЙДЫ!

Абразивті күрамдастары бар өнімдерді пайдалануға болмайды.

СПИРТТИ ПАЙДАЛАНУГА БОЛМАЙДЫ!

Май сүзгісі

Тамақ пісіру кезінде шығатын май бөлшектерін тартып алады.

Айына бір рет (немесе сүзгінің қанығуын көрсететін жүйе қажет еткенде) агрессивті емес тазалағышты пайдалана отырып, қолмен не ыдыс жуғышта төмен температурада және жылдам тазаланып тұруы керек.

Ыдыс жуғышта тазаланғаннан кейін металл май сүзгісінің түсі оңып кетуі мүмкін, бірақ оның сүзу сипаттамалары өзгеріссіз қалады.

15-cypet

Белсендірілген Көмір Сүзгі - Керамикалық (Сүзу нұсқасына ғана арналады)

Тамаç пісіру кезінде шығатын жағымсыз иістерді жояды.

Өнімде ііс сүзгісі бар. ¥зак уақыт қолданғаннан кейін сүзгілер іістерге қанығуы мүмкін, бұл пісірілетін тамақ түріне және май сүзгісінің майдан қаншалықты жиі тазаланатынына байланысты. Ііс сүзгілерін 45 минут 200°C дейін қыздырылған пеште әр 2/3 айда термиялық әдіспен қалпына келтіруге болады. Сүзгіні дұрыс қалпына келтіру оның 5 жыл бойы үздіксіз тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Ескерту! Сүзгілерді пештің, түбінде қалдырманыз, оларды пісіру науасына салып, орташа биіктікке қойыңыз.

17 - 17a - 17b - 17c-cypet

5.2 Акауларды жою

АҚПАРАТ КОДЫСИПАТТАМАЫҚТИМАЛ СЕБЕБІШЕШІМІ
E2Пөрмен аймағы шамадан тыс жоғары температураға байланысты өшедіЭлектрондық бөлшектердің ішіндегі температура тым жоғарыҚайта пайдаланбас бұрын плитаның салқындағанын күтіңіз
ERR03+дыбысты сигнал[зәсс]Кілттің үздіксіз (тұрақты) іске қосылуы анықталды. Интерфейс 10 секундтан кейін өшеді.Су, ыдыстар немесе асхана құралдары пайдаланушы интерфейсінің жоғарғы жағында.Беткі бөліктен кез келген затты алып, бетті сүртіңіз.
Басқа қате сигналдары үшін ( E ... U ... )Тұтынушыларды қолдау қызметіне қоңырау шалып, қате коды туралы есеп беріңіз

5.3 Тутынушыларды колдау кызметі

Тутынушыларды қолдау қызметіне хабарласу алдында

  1. "Акауларды жою" бөлімінде берілген пункттер негізінде мәселені жоя алмайтыныңызды тексеріңіз.
  2. Курылғыны өшіріп, мәселенің өздігінен жойылғанын не жойылмағанын тексеру үшін оны қайта қосыңыз.

Егер тексерулерден кейін ақау жойылмаса, ең жақын Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : ELICA

Модель : NIKOLATESLA SWITCH PRF0146210A

Санат : плита