GSS 18 VLI Professional - жонғыш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GSS 18 VLI Professional BOSCH PDF форматында.

BOSCH GSS 18 VLI Professional - жонғыш
📄 201 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice BOSCH GSS 18 VLI Professional - page 118
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Сымсыз дірілдейтін тегістегіш
Бренд Bosch
Модель GSS 18 VLI Professional
Номиналды кернеу 18 В
Бос жүріс жиілігі 11 000 айн/мин
Бос тербеліс жылдамдығы 22 000 мин⁻¹
Абразивті қағаздың ауданы 114,7 см²
Амплитуда диаметрі 1,6 мм
Өлшемдері (Ұ x Е x Б) 199,5 x 113 x 141 мм
Салмағы 1,4 - 2,4 кг (батареяға байланысты)
Батарея түрі Литий-иондық
Үйлесімді батареялар GBA 18V... / ProCORE18V...
Үйлесімді зарядтағыштар GAL 18... / GAX 18... / GAL 36...
Сорғыш жүйесі Кіріктірілген микрофильтр + шаңсорғышқа арналған қосқыш
Негізгі тақта Төртбұрышты, ауыстырылатын
Абразивті бекіту Қысқыштар (өзін-өзі жабыстыратынсыз)
Батарея зарядының көрсеткіші 3 деңгейлі жарықдиод
Электрондық қорғаныс Шамадан тыс жүктеме/қызып кету кезінде тоқтату
Шу деңгейі 79 дБ(А)
Діріл 7,5 м/с²
Ұсынылатын зарядтау температурасы 0-ден +35 °C-қа дейін
Жұмыс температурасы -20-дан +50 °C-қа дейін
Қолданылатын материалдар Ағаш, пластик, металл, мастика, лакталған беттер (құрғақ тегістеу)
Күтім Желдету саңылауларын үнемі тазалап отырыңыз; тозған бөлшектерді ауыстырыңыз
Қауіпсіздік Араласу алдында батареяны алып тастаңыз; ЖҚҚ қолданыңыз; қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз

Жиі қойылатын сұрақтар - GSS 18 VLI Professional BOSCH

GSS 18 VLI тегістегішінде абразивті қағазды қалай ауыстыруға болады?
Екі қысқышты (4) босатып, төмен қарай бұраңыз. Абразивті қағазды артқы қысқыштың (2) астына, содан кейін алдыңғы қысқыштың (7) астына салыңыз. Қысқыштарды орнына қайтарып, бекітіңіз. Тесіксіз қағаздар үшін жиынтықтағы тесу құралын пайдаланыңыз.
Осы тегістегішпен қандай батареяны пайдалану керек?
Bosch Lithium-Ion GBA 18V немесе ProCORE18V сериясындағы батареяларды пайдаланыңыз. Басқа батареяларды пайдаланбаңыз, бұл құралды зақымдауы мүмкін.
Батареяны қалай зарядтау керек?
Тек көрсетілген Bosch зарядтағыштарын пайдаланыңыз: GAL 18..., GAX 18... немесе GAL 36.... Батарея бөлшектеп зарядталған түрде жеткізіледі; бірінші пайдалану алдында оны толық зарядтаңыз.
Шаңсорғышсыз соруды қолдана аламын ба?
Иә, тегістегіш шаңды жинайтын микрофильтр корпусымен жабдықталған. Оңтайлы сору үшін тегістелетін материалға сәйкес шаңсорғышты қосуға болады.
Максималды айналу жылдамдығы қандай?
Бос жүріс жиілігі 11 000 айн/мин, ал тербеліс жылдамдығы 22 000 мин⁻¹. Жылдамдық реттелмейді.
Шаң сүзгісін қалай тазалау керек?
Микрофильтр корпусын төмен қарай тартып алыңыз. Шаңды кетіру үшін оны қағыңыз, содан кейін ашып, сүзгі қабыршақтарын жұмсақ щеткамен тазалаңыз.
Тегістегіш кенеттен тоқтап қалса не істеу керек?
Тоқтау шамадан тыс жүктеме немесе температураның жоғарылауы салдарынан болуы мүмкін. Құрал мен батареяны суытыңыз. Мәселе шешілмесе, батарея зарядын және бөлшектердің күйін тексеріңіз.
Ылғал беттерді тегістей аламын ба?
Жоқ, тегістегіш тек құрғақ тегістеуге арналған. Ылғал электр тогының соғу қаупін арттырады және құралды зақымдайды.
Батареяны қалай сақтау керек?
Батареяны -20 °C пен +50 °C аралығындағы құрғақ, жылу мен аяздан қорғалған жерде сақтаңыз. Тікелей күн сәулесінен аулақ болыңыз және жазда көлікте қалдырмаңыз.
Тегістегішпен қандай керек-жарақтар кіреді?
Стандартты жеткізу жиынтығына тегістегіш, төртбұрышты негізгі тақта, микрофильтр корпусы, тесу құралы және бір абразивті қағаз кіреді. Батареялар мен зарядтағыштар бөлек сатылады.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GSS 18 VLI Professional BOSCH

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз жонғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GSS 18 VLI Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GSS 18 VLI Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GSS 18 VLI Professional BOSCH

Пайдалану нұсқаулығы

ТҮПНҰСҚАСЫ

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады

Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.

Өнімді пайдалану мерзімі

Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады.

Істен шығу себептерінің тізімі

  • Көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
  • Қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз

Пайдаланушының мүмкін қателіктері

– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз - жауын-шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз

- корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз

Шекті күй белгілері

  • ток сымының тозуы немесе зақымдануы
  • өнім корпусының зақымдалуы

Қызмет көрсету түрі мен жиілігі

Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

Сақтау

  • Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек.
  • Сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек.
  • Орамасыз сақтау мүмкін емес.
  • Сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (шарт 1) құжатын қараңыз.
  • +5-ден +40 °C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80 %-дан аспауы тиіс.

Тасымалдау

  • Тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
  • Тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
  • Қоршаған орта температурасы -50 °C-тан +50 °C-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.

Қауіпсіздік нұсқаулары

Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік нұсқаулары

Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді,

нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау ток соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.

Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі бар) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.

Жұмыс орнының қауіпсіздігі

Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құралы ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін.

▶ Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алаңдаушылық бақылауды жоғалтуға алып келуі мүмкін. Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарда жұмыс істеу үшін арналған.

Электр қауіпсіздігі

Электр айырлары розеткаға сай болуы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай түрде өзгертпеңіз. Жерге қосылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. ▶ Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары ток соғу қаупі пайда болады. Электр құралдарын жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су ток соғу қаупін жоғарылатады. Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе токтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель ток соғу қаупін жоғарылатады. Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді. ▶ Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған ток желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді.

Жеке қауіпсіздік

Электр құралын пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралын шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтарды тиісті жағдайларда қолданып, жеке жарақаттануларды кемітеді. Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр

құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын токқа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін.

Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. ▶ Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақтылықты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралының бақылануын сақтайды. ▶ Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді кимеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. ▶ Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берілген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемітеді. Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей, қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс.

Электр құралдарын пайдалану және күту

▶ Куралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. ▶ Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын

электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады.

Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. ▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын және керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті. Тұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ тұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді.

Батарея құралын пайдалану және күту

▶ Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышпен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне алып келуі мүмкін. Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. ▶ Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші металл заттардан ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе

дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шыққан сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін.

Закымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақатқа алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін. Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130 °C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. Барлық зарядтау нұсқауларын орындап, батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап, өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін.

Қызмет көрсету

Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз етеді. Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін.

Терістетіру үшін қауіпсіздік нұсқаулары

Электр құралын тек құрғақ ажарлау үшін пайдаланыңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қауіпін арттырады. ▶ Өрт қауібі бар! Ажарланатын материалды немесе ажарлау құрылғысын қызып кетуден сақтаңыз. Шаңтұтқыш қабын жұмыс істеуден алдын тазартыңыз, босатыңыз. Шаң қабындағы, микросүзгідегі, қағазқабындағы ажарлау шаңы (немесе сүзгі қабында немесе шаңсорғыш сүзгісіндегі) металды ажарлауда болатын ұшқындар жануы, өрт тудыруы мүмкін. Ажарлау шаңы лак, полиуретан қалдықтары немесе химиялық заттектермен араласуы, ажарлау материалының ұзақ өнделуінен қызуы аса жоғары қауіп тудырады. Электр құралыңыздың желдеткіш саңылауын жүйелі түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр қаупін тудыруы мүмкін. ▶ Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.

▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. ▶ Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.

BOSCH GSS 18 VLI Professional - Терістетіру үшін қауіпсіздік нұсқаулары - 1

BOSCH GSS 18 VLI Professional - Терістетіру үшін қауіпсіздік нұсқаулары - 2

Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.

Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.

Өнім және қуат сипаттамасы

BOSCH GSS 18 VLI Professional - Өнім және қуат сипаттамасы - 1

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.

Тағайындалу бойынша қолдану

Электр құралы ағаш, пластмасса, сылағыш және лакталған беттерді құрғақ тегістеуге арналған.

Бейнеленген құрамды бөлшектер

Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді.

(1) Бүтін шаң қорабы (микросүзгі жүйесі) (2) Артқы қысқыш планка (3) Ажарлағыш пластина (4) Қысқыш қапсырма (2x) (5) Шаршы тірек тақтасы (6) Ажарлағыш төсем a) (7) Алдыңғы қысқыш планка (8) Ажыратқыш (9) Заряд деңгейінің индикаторына арналған түйме 3) (10) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы a) (11) Аккумулятор a) (12) Аккумуляторды босату түймесі (13) Тұтқа (беті оқшауланған) (14) Тірек тақтасының бұрандалары (4х) (15) Үрлеп шығару келте құбыры (16) Сүзгіш элемент (микросүзгі жүйесі) a)

(17) Саңылау тескіш құрал a)

a) Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан табасыз.

Техникалық мәліметтер

Тербелуші тегістеріш GSS 18V-10
Өнім нөмірі 3 601 JD0 2..
Номиналды кернеу V= 18
Бос жүріс күйіндегі айналу жилігі A) мин -1 11000
Бос жүріс күйіндегі тербелістер саны A) мин -1 22000
Ажарлағыш төсемнің жазықтығысм 2 114,7
Тербеліс контурының диаметрімм 1,6
Өлшемдер мм 199,5 x 113 x 141
Салмағы кг 1,4–2,4
Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы°C 0 ... +35
Жұмыс кезіндегі B) және сақтау кезіндегі рүқсат етілген қоршаған орта температурасы°C –20 ... +50
ұсынылатын аккумуляторларGBA 18V...ProCORE18V...
ұсынылатын зарядтағыш құрылғыларGAL 18...GAX 18...GAL 36...

A) 20-25 °C температурасында GBA 18V 4.0Ah аккумуляторымен өлшенеді. B) <0 °C температураларында қуаты шектелген. Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/wac.

Шуыл және діріл туралы ақпарат

EN 62841-1 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері.

Электр құралының амплитуда бойынша есептелген дыбыстық қысым деңгейі әдетте 79 дБ(А) құрайды. К дәлсіздігі = 3 дБ. Шуыл деңгейі жұмыс барысында белгіленген шамалардан артық болуы мүмкін. Құлақ қорғанысын тағыңыз!

Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі, EN 62841-2-4 бойынша есептелген:

an = 7,5 м/с2, K = 1,5 м/с2

Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен

122|Қазақ

салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.

Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптармен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса, дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін.

Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.

Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды жылы ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.

Жинау

Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.

▶ Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек қана мұндай зарядтағыш құрылғылар электр құралыңызда пайдаланылатын литий-иондық аккумулятормен үйлесімді.

Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық зарядтаңыз.

Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.

Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection (ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.

Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.

Аккумуляторды (11) шығару үшін аккумуляторды босату түймесін (12) басыңыз және аккумуляторды электр құралынан жоғарыға қарай шығарыңыз. Осы кезде күш салмаңыз.

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.

Тірек тақтасын монтаждау (А суретін қараңыз)

4 бұранданы (14) толығымен бұрап шығарыңыз. Тиісті тірек тақтасын ажарлағыш пластинамен бірге орнатып, бұрандаларды қайта қатайтыңыз.

Тегістеу тактасын алмастыру (А суретін қараңыз)

Тегістеу дискісін (3) қажет болғанда алмастыруға болады. 4 бұранданы (14) толық шығарып, тегістеу пластинасын (3) алып қойыңыз. Жаңа тегістеу пластинасын (3) орнатып, бұрандаларды қайта тартып қойыңыз.

Жаңа тегістеу дискісін салмас бұрын тегістеу тілігін (3) лас пен шаңнан тазалаңыз, мысалы, щеткамен.

Оптималды шаңсоруды қамтамасыз ету үшін тегістеу дискісіндегі ойықтардың тегістеу пластинасының ойықтарымен сәйкес келуіне көз жеткізіңіз.

Тегістеу дискілері жабысусыз (В – Д суреттерін қараңыз)

① Екі қысқыш қапсырманы (4) ысырмадан шығарып, төменге қайырыңыз. ② Тегістеу дискісін (6) артқы қысқыш планка (2) астына апарыңыз. Тегістеу дискісі (6) тым қысқа болмауына, дұрыс қысылып бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Қысқыш қапсырманы (4) артқа бастапқы күйге қайырып, сол жерде құлыптаңыз. ③ Тегістеу қағазын тегістеу дискісіне (3) тығыздап салыңыз. Тегістеу дискісінің алдыңғы бөлігін алғы қысқыш планка (7) астында қысыңыз. Тегістеу дискісі (6) тым қысқа болмауына, дұрыс қысылып бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Қысқыш қапсырманы (4) артқа бастапқы күйге қайырып, сол жерде құлыптаңыз.

Тесілмеген тегістеу дискілерін, мысалы, белдік немесе метрлік сатып алынғанда, шаңсору үшін тесу аспабымен (17) тесуге болады. Ол үшін тегістеу дискісі орнатылған электр құралын тесу аспабына басыңыз (F суретін қараңыз).

Тегістеу дискісін (6) алып қою үшін екі қысқыш қапсырманы (4) босатып, тегістеу дискісін ұстағыштан шығарыңыз.

Тегістеу дискісін таңдау

Өңделетін материал және қажетті беттің алынуына байланысты түрлі тегістеу дискілері ұсынылады:

Түйіршіктілік

red:Wood

40 - 180

Барлық ағаштық заттектерді өңдеу үшін

Сургіленбеген брус немесетақтайларды алдын ала тегістеу үшіндөрекі 40
Жалпақ тегістеу және аздаған кедір -будірді тегістеу үшінорташа 80, 120

Түйіршіктілік

Қатты ағаштарды соңғы және нәзік тегістеу үшін майда 180

white:Paint

40 - 180

Бояу/лак қабаттарын немесе толтырғыш пен сылақ сияқты төсемелерді өңдеу үшін

Бояуды тегістеу үшін дөрекі 40

Төсеме бояуды тегістеу үшін орташа 80, 120

Лактың төсеме бояуын тегістеу майда 180

Соңғы өңдеу немесе жылтырату үшін, әсіресе метал мен тасты, флизелин/жылтырату киізін пайдаланыңыз. Дайындаманы керекті бет сапасына байланысты түрлі флизелин немесе жылтырату киіздерін пайдалануға болады.

Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.

– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз.

– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.

- Р2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын үйғарымдарды пайдаланыңыз.

Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.

Өзіндік сору шаң қорабымен (E1 – E4 суреттерін қараңыз)

Шаң қорабын (1) сору құбырына (15) тірелгенше орнатыңыз.

Шаң жәшігін (1) босату үшін оны төмен тартыңыз.

Шаң жәшігін (1) ашудан алдын сүзгі элементінен шаңды босату үшін оны суретте көрсетілгендей қатты тақтаға соққылаңыз.

Шаң жәшігін (1) ұстау ойысынан ұстап, сүзгі элементін (16) жоғарыға шығарып шаң жәшігін босатыңыз. Сүзгі элементінің (16) тілімшелерін жұмсақ қылшақпен тазалаңыз.

Сыртқы сорғыш

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет. Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Пайдалану

Пайдалануға ендіру

Қосу/өшіру

▶ Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.

Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті (8) оңға "І" күйіне аударыңыз.

Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (8) солға "О" күйіне аударыңыз.

Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы

Аккумулятор зарядталу күйі индикаторының (10) үш жасыл жарық диоды аккумулятор (11) зарядталу күйін көрсетеді. Қауіпсіздік мақсатында зарядталу күйін электр құралын тоқтатып барып орындау мүмкін.

Зарядталу күйін көрсету үшін (9) түймешесін басыңыз. Бұл әрекетті алынған аккумулятормен (11) де орындауға болады.

Жарық диодтарының қуаты

Уздіксіз жарык 3× жасыл ≥66 %
Уздіксіз жарык 2× жасыл ≥33 %
Уздіксіз жарык 1× жасыл <33 %
Жыпылықтау 1× жасыл Резерв

(9) пернесін басқаннан соң ешбір жарық диоды жанбаса, оны алмастыру қажет.

Артық жүктемеден қорғаныс

Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы артық жүктелмейді. Асқын жүктелгенде немесе аккумулятор температурасы үйғарынды мөлшерден асып кетсе, электроника электр құралын тиісті температура аймағына қайту үшін автоматты түрде өшіреді.

Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.

Электр құралын жерге қоюдан алдын оның толық тоқтауын күтіңіз.

Тегістеуде ажырату қуаты тегістеу полотносына байланысты.

Тек мінсіз тегістеу дискімен ғана дұрыс тегістеуге, сол арқылы электр құралын сақтауға болады.

Ажарлау дискінің қызмет мерзімін ұзарту үшін бірқалыпты басуға тырысыңыз.

Шамадан артық басу күші жоғары ажарлау қуатын қамтамасыз етпей, электр құралының тым қатты тозуына және ажарлағыш пластинаның мерзімінен бұрын істен шығуына әкеледі.

Металл өңдеген тегістеу дискісін басқа материалдар үшін пайдаланбаңыз.

Тек түпнұсқа Bosch ажарлағыш керек-жарақтарын пайдаланыңыз.

Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар

Аккумуляторды суықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.

Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.

Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.

Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.

Техникалық күтім және қызмет

Қызмет көрсету және тазалау

Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.

Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.

Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.

Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.

Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс:

- Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті;

– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс;

– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді:

www.bosch-pt.com

Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.

Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Қазақстан

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:

"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС

Алматы қ.,

Қазақстан Республикасы

050012

Мұратбаев к., 180 үй

"Гермес" БО, 7 қабат

Тел.: +7 (727) 331 31 00

Факс: +7 (727) 233 07 87

E-Mail: ptka@bosch.com

Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз

Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі

төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады:

  • механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының бар болуы; – электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.

Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:

– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген сынықтар;

– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы.

Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:

  • табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның бөліктері; – электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)

Тасымалдау

Ұсынылған литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға бағынады.

Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.

Үшінші тараптар (мысалы, әуе немесе жүк тасымалдау компаниясы) орауышқа және таңбаламаға қойылатын арнайы талаптарды сақтауы керек. Жіберілетін жүкті дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау сарапшыларымен хабарласу керек.

Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай етіп ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.

Кәдеге жарату

BOSCH GSS 18 VLI Professional - Кәдеге жарату - 1

Электр құралдарын, аккумуляторларды, керек-жарақтарды және орау материалдарын экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.

BOSCH GSS 18 VLI Professional - Кәдеге жарату - 2

Электр құралдарын және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!

Тек қана ЕО елдері үшін:

Ескі электрлік және электрондық құрылғылар туралы 2012/19/EU еуропалық директивасы және оның ұлттық заңнамада қолданылуы бойынша пайдалануға бұдан былай жарамсыз электрлік құралдарды және 2006/66/EC еуропалық директивасы бойынша зақымдалған немесе ескірген аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинап, қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеуге жіберу қажет.

Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.

Аккумуляторлар/батареялар:

Литий-иондық:

Тасымалдау бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 125).

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GSS 18 VLI Professional

Санат : жонғыш