PKL 641 D2IXHA - плита HOTPOINT ARISTON - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз PKL 641 D2IXHA HOTPOINT ARISTON PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз плита PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз PKL 641 D2IXHA - HOTPOINT ARISTON және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. PKL 641 D2IXHA брендінің HOTPOINT ARISTON.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ PKL 641 D2IXHA HOTPOINT ARISTON
Пайдалану нұсқаулығы
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін бөліктері жұмыс кезінде қызуы мүмкін. Қыздыру элементтеріне тимеуге назар аударыңыз. 8-ге толмаған балаларға үздіксіз бақылау болмаса, құрылғыдан аулақ ұстау керек. Бұл құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану бойынша кеңес не нұсқау берілген және ықтимал қауіп-қатерлерді түсінетін жағдайда, оны 8-ге толған балалар мен дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар қолдана алады. Балаларға құрылғымен ойнауға болмайды. Балаларға бақылаусыз құрылғыны тазалауға және оған қызмет көрсетуге болмайды. ЕСКЕРТУ: Плитада майға тамақ пісірген кезде бақылап тұрмау қауіпті болуы және өрт шығуға әкелуі мүмкін. Өртті ЕШҚАШАН сумен өшіруші болмаңыз, оның орнына құрылғыны өшіріп, жалынды жабыңыз, мысалы қақпақпен немесе өртенбейтін матамен. ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: пісіру беттерінде заттарды сақтамаңыз. Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе шаңсорғышты пайдаланбаңыз. Қақпақты ашпас бұрын ондағы сұйықтықты сүртіп алыңыз. Шыны қақпақты (бар болса) газ оттықтары немесе электр плиталар әлі ыстық болған кезде жаппаңыз. Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен басқарылуға арналмаған. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: сәйкес келмейтін конфоркалардың қорғану құралдарын пайдалану жазатайым оқиғаларға себеп болуы мүмкін.6 Assistenza Comunicare:
1. ЫДЫСТАРҒА арналған тіреуіш тор2. ГАЗ ОТТЫҚТАРЫ3. ГАЗ ОТТЫҚТАРЫНЫҢ басқару тұтқалары4. ГАЗ ОТТЫҚТАРЫНЫҢ тұтату құралы5. ҚАУІПСІЗДІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ• ГАЗ ОТТЫҚТАРЫ өлшемі мен қуатына қарай әртүрлі болады. Тамақ пісіру үшін тиісті оттықты ыдыстың диаметріне қарай таңдаңыз.• ГАЗ ОТТЫҚТАРЫ басқару тұтқалары жалын қуатын.• ГАЗ ОТТЫҒЫНЫҢ ТҰТАТУ ҚҰРАЛЫ белгілі бір оттықты автоматты түрде жандыруға мүмкіндік береді.• ҚАУІПСІЗДІК ҚҰРЫЛҒЫСЫ жалын байқаусыз өшірілсе, газ ағынын тоқтатады.
! Жаңа құрылғыны іске қоспас бұрын нұсқаулық кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда құрылғыны қауіпсіз қолдану, орнату және оны күту туралы маңызды ақпараттар қамтылған. ! Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Оны құрылғының кез келген жаңа иесіне беріңіз. Орналастыру ! Орау материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тыныс тарылу немесе тұншығып қалу қаупін туғызуы мүмкін ("Сақтандырулар мен кеңестер" бөлімін қараңыз). ! Құрылғыны нұсқауларға сәйкес арнайы біліктілігі бар маман орнатуға тиіс. Құрылғы дұрыс орнатылмаған жағдайда, адамдар мен жануарлар өміріне қауіп төндіруі немесе мүлікті зақымдауы мүмкін. ! Бұл құрылғы ағымдағы ұлттық ережелерге сәйкес тұрақты желдетілген бөлмелерде ғана орнатылуы және пайдаланылуы тиіс. Келесі талаптар сақталуы тиіс:
- Бөлме кез келген түтіндерді айдап шығарып жіберетін ауаны тартып алу жүйесімен жабдықталуы тиіс. Ол құрылғы қосылған кезде автоматты түрде қосылатын электр желдеткіштен немесе қалқадан тұруы мүмкін. Мұрша құбырында немесе айыр түтіндікте. (тек тағам дайындау құрылғылары үшін)Тікелейдалаға
- Жану процесі қалыпты түрде өтуі үшін ауа керек болғандықтан бөлмеде тиісті ауа айналымы болуы керек. Ауаның ағымы орнатылған қуаттың әр кВт бірлігіне 2 м
/сағ мәнінен аз болмауы тиіс. Ауа айналымы жүйесіне, ішкі диаметрі кем дегенде 100 см
болатын түтік арқылы ауаны тікелей даладан алуына болады; тесігі кез келген бөгетпен бітеліп қалуға бейім болмауы тиіс. Сондай-ақ, жүйе жануға қажетті ауаны жанама жолмен қамтамасыз ете алады, яғни жоғарыда сипатталған ауа айналымы түтіктерімен жабдықталған жапсарлас бөлмелерден. Дегенмен, бұл бөлмелер ортақ бөлме, жататын бөлме немесе өрт қаупі бар бөлмелер болмауы тиіс.
- Құрылғыны қарқынды және ұзақ пайдалану үшін қосымша желдету қажет болуы мүмкін, мысалы, терезені ашу немесе тиімділігі көбірек әдіспен – механикалық ауа кіргізу жүйесінің (бар болса) қуатын арттыру арқылы.
- Сығылған газ ауадан ауыр болғандықтан еденге түседі. Сондықтан, сығылған газ баллондары тұратын бөлмелер газдың шығуы жағдайында, ол бөлмеден шығып кетуі үшін вентиляциялық тесіктермен жабдықталуы тиіс. Сол себепті, сығылған газ баллондары, жартылай немесе толық болса да, жер деңгейінен төмен бөлмелерде не сақтау аумақтарында (төле және т.б.) орнатылмауы немесе сақталмауы тиіс. Тек пайдаланылуда болған баллонды, оны 50°C-тан
Жануға арналғанауаның желдетутесіктерінің мысалдары. Терезе мен еден арасындағы желдету саңылауын кеңейту. ЖапсарласбөлмеЖелдетілетінбөлме жоғары температураға дейін ысытып жіберуі мүмкін сыртқы қайнар көздері (пештер, каминдер және т.б.) шығаратын қызудан аулақ орналастырып, сақтаған абзал. Құрылғыны орнату Плитаны орнатқан кезде төмендегі сақтық шаралар орындалуы тиіс:
- Құрылғы маңында тұрған және плитаның үстіңгі жағына қарағанда биік ас үйі шкафтары плитаның шетінен кем дегенде 200 мм-ге алыс орналасуы тиіс.
- Қалқалар тиісті орнату нұсқаулықтарына сәйкес және плитадан кем дегенде 650 мм ара қашықтықта орнатылуы тиіс (суретті қараңыз).
- Қалқаның маңында тұратын қабырғаға ілінетін шкафтар плитадан кем дегенде 420 мм биіктікте орналастырылуы тиіс (суретті қараңыз). Плита қабырғаға ілінетін шкафтың астында орнатылатын болса, сол шкаф плитадан кем дегенде 700 мм ара қашықтықта орналасуы тиіс.
- Орнату қуысы суретте көрсетілген өлшемдерге ие болуы тиіс. Үстінің қалыңдығы 20 мен 40 мм арасындағы шкафтарға плитаны орнатуға мүмкіндік беретін бекіту ілмектері қамтамасыз етілген. Плита шкаф үстіне мықтап бекітілгеніне көз жеткізу үшін барлық ілмектерді пайдалану керек. 555 mm 55 mm 475 mm Орнатпас бұрын плитадан торлар мен оттықтарды шығарып алып, оны аударыңыз. Терможұптар мен тұтандырғыштарды зақымдап алмаңыз. Ауа, ылғал және су өтпеуі үшін құрылғымен бірге берілген тығыздағыштарды плитаның сыртқы жиектеріне қолданыңыз (суретті қараңыз).Дұрыс жағу үшін тығыздалатын беттер таза, құрғақ екеніне және май жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Ілмекті бекіту сызбасы Ілмек орны шкаф үстінің Ілмек орны шкаф үстінің қалыңдығы H=20мм үшін қалыңдығы H=30мм үшін
Ілмек орны шкаф үстінің Арты қалыңдығы H=40мм үшін 600 мм мин. 420 мм мин. 650 мм мин.44
! "Керек-жарақтар" орамасындағы ілмектерді қолданыңыз.
- Плита ендірілген пеш үстіне орнатылмаған жағдайда, оқшаулау үшін ағаш тақтаны орнату қажет. Оны плитаның астыңғы жағынан кем дегенде 20 мм ара қашықтықта орналастыру керек.
Тиісті желдетудің орнатылғанын тексеру үшін шкафтың артқы қабырғасын алып тастау қажет. Пешті екі ағаш тақтайға немесе кемінде 45 x 560 мм ашық тұрған тегіс жерде орналастыру ұсынылады (сызбаны қараңыз). 560 mm. 45 mm. Егер пісіру панелі ешқандай салқындататын желдеткіші жоқ қосымша берілген духовка шкафының үстіне орналастырылса ішкі асүй элементінің ішін тиісті түрде желдету үшін арнайы ауа айналымын реттеу үшін тесік жасау керек (Сызбаны қара). Электр қуатына қосу Үш полярлі желі кабелімен жабдықталған пісіру панелдері паспорттық кестеде көрсетілген кернеумен және электр өткізгіш жиілігіне қарай ауыспалы тоқта жұмыс істеуге есептелген (пісіру панелінің төменгі жағында орналасқан). Желі кабелінің жерге тұйықталу өткізгіші сары-жасыл түсті болады. Пісіру панелін асүй элементіне қоса жасалған духовка шкафының жоғарғы жағына орналастырылған жағдайда, пісіру панелі мен духовка шкафының электр көзіне жалғау қауіпсіздік ережелеріне сәйкес және духовка шкафын тез алу үшін бөлек-бөлек орналасуы керек. Бұйымның желі шнурын электр өткізгіші желісіне жалғау Электр қуаты кабеліне бұйымның паспорттық кестесінде көрсетілген жүктемеге есептелген, нормаланған штепсельдік вилканы орнатыңыз. Электр қуаты желісіне тікелей қосқан жағдайда, асүй пеші және желі арасында байланыс арасы 3 мм минималдық арақашықтықтағы мультиполярлі қосқышты орнату қажет, ол осы жүктеме есептелуі және қолданыстағы нормативтерге сәйкес болуы керек (ажыратқыш жерге тұйықтау сымына жанаспауы тиіс). Желі шнуры оның ешбір нүктесі жай температурасынан 50°С аспайтындай температурада болатындай жерде орналасуы керек. ! Электромонтер бұйымның тоқ көзіне дұрыс жалғануына және қауіпсіздік ережелерінің сақталуына жауапкершілік алады. Бұйымды электр тоғына қосар алдында мыналарды тексеріп алыңыз:
- pозетка жерге тұйықталып, нормативтерге сәйкес жалғануы керек
- желі розеткасы бұйымның паспортына көрсетілген максималдық қуат қабылдау күшіне есептелуі тиіс;
- желідегі тоқтың кернеуі мен жиілігі бұйымның электр мәліметтеріне сәйкес болуы керек;
- желілік розетка бұйымның штепсельді вилкасына сәйкес келуі керек. Кері жағдайда, розетканы немесе вилканы ауыстырыңыз; тоқ ұзартқыштар мен көп көзді тоқ көздерін қолданбаңыздар. ! Бұйым желі шнуры мен желі розеткасы қолжетімді жерде тұратындай болып орналасуы керек. ! Бұйымның желі шнуры майысуына немесе бүктеліп тұруына болмайды. ! Күн сайын желі шнурын тексеріп тұрыңыз және қажет болған жағдайда оны тек уәкілетті техник мамандарға ғана ауыстыртыңыз (Техникалық қызмет көрсетуді қара). ! Өндіруші жоғарыда аталған ережелер сақталмаған жағдайда барлық жауапкершіліктен босатылады. Газ құбырына қосу Газ баллонына немесе газ құбырына қосу иілгіш резеңке немесе болаттан жасалған шланг арқылы қолданыстағы елдің нормативтеріне сәйкес, бұйымның осы пайдаланылатын газ түріне күйін қалай келтіруге болатынына байланысты жүзеге асырылады (қақпақтағы күйге келтіру этикетін қараңыз: кері жағдайда төмендегіге қараңыз). Баллондағы сұйытылған газды пайдаланған жағдайда қысымды реттегіштерді қолданыстағы елдің нормативтеріне сәйкес орнату керек. Газ түтігін жалғауды жеңілдету бағытталған болып табылады: бұқтырмадағы нығайтатын тежегіш гайканы әр жерінен ауыстырыңыз және қосымша тығыздағыштарды ауыстырып тұрыңыз. ! Энергия қызметі сенімді болу, оны дұрыс қолдану үшін және бұйымды ұзақ пайдаланам десеңіз, газды беру қысымы “Газ конфоркалары мен форсункалары сипаты” кестесінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі керек. Назар аударыңыз! Қоспас бұрын газ плитасының құбырынан тасымалдағыш бітеуішін алыңыз. Тығыз трубка көмегімен жалғау )мыс және болат( ! Газ құбырына жалғау бұйымға ешқандай жүктеме түсірмеу керек. Бұйымның газ келетін трубасында тығыздайтын төсемі қоса берілген, бұралып тұратын “L” буыны бар. Егер буынды ауыстыру керек болған жағдайда, оның тығыздау төсемін ауыстыру керек (бұйымға қоса берілетін). Бұйымдағы газ келетін трубаның цилиндрлі түрдегі ішкі ½ газ қимасы болады. Бұрандамен жалғанып, тегіс оралған, тот баспайтын болаттан жасалған шланг арқылы газды қосу. Бұйымдағы газ келетін трубаның цилиндрлі түрдегі ішкі ½ газ қимасы
Бұндай шлангілерді жалғағанда олардың максималдық жазылу ұзындығы 2000 мм аспауы керек. Оларды жалғап болғаннан кейін, металлдан жасалған иілгіш шланг қозғалмалы заттарға тимей тұруын және бүктеліп қалмауын тексеріп алыңыз. Нормативтерге сәйкес трубкаларды, сол елдің мемлекеттік нормативтеріне сәйкес келетін тығыздағыш төсемдерді пайдалану керек. Тығыздығын тексеру ! Жалғауды аяқтағаннан кейін, барлық түтіктердің тығыздық беріктігін сабын ерітіндісінің көмегімен тексеріңіз, бірақ отпен тексермеңіз.KZ
Әртүрлі газ түрлеріне күйге келтіру Бұйым негізгісінен ерекшеленетін газ түріне қарай күйге келтіріледі (қақпақтағы күйге келтіру этикетінде көрсетілген). Конфорка форсункаларын келесі тәртіпте ауыстыру қажет:
1. Пісіру панеліндегі торды алыңыз және жанарғыны өз ұяшығынан
2. Форсункаларды 7 мм кілттің көмегімен бұрап (сур.қара), оларды жаңа
газ түрлеріне есептелген форсункаларға ауыстырыңыз (Жанарғы және форсунка сипаттамасы кестесіне қара);
3. Калған жерлеріне басқа жабдықтарын жоғарыда көрсетілген тәртіпке
керісінше қарай қойып шығыңыз.
4. Операцияны аяқтағаннан кейін тестілеудің ескі этикеткасын осы
пайдаланылатын газ түріне сәйкес келетін жаңасына ауыстырыңыз. Этикетканы біздің Техникалық Қызмет көрсету орталықтарын тапсырыс бере аласыздар. Бөлек "қос жалынды" оттықтарда форсункаларды ауыстыру
1. Торларды алып тастап, оттықтарды корпустарынан сырғытып
шығарыңыз. Оттық 2 бөлек бөлшектен тұрады (суретті көріңіз);
2. 7 мм жаппа кілтпен оттықтарды бұрап босатыңыз. Ішкі оттықта бір
форсунка, ал сыртқы оттықта екі форсунка (өлшемдері бірдей) бар. Газдың жаңа түріне сәйкес келетін форсунка моделімен алмастырыңыз (1-кестені қараңыз).
3. Жоғарыдағы қадамдарды кері ретпен орындау арқылы барлық
бөлшектерді орнына қойыңыз.
- Оттықтардың бастапқы ауасын реттеу Реттеуді қажет етпейді.
- Оттықтарды ең аз мәнге орнату
1. Тұтқаны әлсіз жалын позициясына бұрыңыз;
2. Тұтқаны шешіп алып, тұтқа шегесінің ішінде немесе оның жанында
орналасқан реттеу бұрандасын жалын кіші бірақ тұрақты болғанша
! Бір басқару тұтқасы бар DRDA (DCDR) оттықтары қолданылған жағдайда, тұтқа шегесінің жанында орналасқан 2 бұранданы қолданып реттеуге болады (суретті көріңіз). Ішкі DRDA _(DCDR) оттық реттеуі Толық DRDA _ (DCDR) оттық
3. Жалынды қажетті төмен параметрге реттегеннен кейін, оттық жанып
тұрғанда тұтқа позициясын бірнеше мәрте ең төменгіден ең жоғарыға және қарама-қарсы жылдам ауыстырып, жалын өшіп қалмайтынын тексеріңіз.
4. Кейбір құрылғыларда қауіпсіз құралымен (терможұппен) жабдықталған.
Оттықтар әлсіз жалын параметріне орнатылғанда құрылғы жұмыс істемесе, осы әлсіз жалын параметрін реттеу бұрандасының көмегімен арттырыңыз.
5. Реттеу жасалғаннан кейін айналып өту клапандарындағы тығындарды
сургучпен немесе оған ұқсас затпен қайтадан жабу қажет.
6. Диодтары бар дискретті түрде реттелетін тұтқалар болса, тұтқаны
минималды қуат параметріне бұрап оны шығарып алыңыз, одан кейін тұтқа шегесінің жанындағы реттеу бұрандасын қолданыңыз.
7. Дискретті түрде реттелетін DRDA (DCDR) оттығының минималды
параметрін реттеу және диод күйлері:
- Сыртқы сақинаны реттеу үшін тұтқаны сағат тіліне қарсы бағытта минималды қуат позициясына қойыңыз.
- Ішкі сақинаның минималды қуат параметрін реттеу үшін тұтқаны сағат тілі бағытымен минималды қуат позициясына қойыңыз.
- Тұтқаны шығарып алып, тұтқа шегесінің жанындағы реттеу бұрандасын қолданыңыз. ! Cұйытылған газды пайдаланған жағдайда, реттегіш винт барынша қатты бұралуы керек. ! Oперация аяқталғаннан кейін, ескі этикетканы газдың түріне сәйкес келетін жаңа түріне ауыстырыңыз. Этикетканы біздің Техникалық қызмет көрсету Орталықтарына тапсырыс беру арқылы алуға болады. ! Қолданылған газ қысымы ұсынылған қысымнан өзгеше (немесе сәл өзгеше) болса, кіріс құбырға тиісті қысым реттегіші бекітілуі керек (ағымдағы ұлттық ережелерге сәйкес).46
1-кесте Сұйық газ Табиғи газ Номиналды (мбар) Ең төмен (мбар) Ең жоғары (мбар) 28-30
жылдам (S) Қосымша (A)
(1) (DCDRішкі)(DCDR сыртқы 2 форсунка) Оттық пен форсункалар сипаттары (тек 65 см нұсқалар үшін)
94x2 Жеткізу қысымдары (1) Тек бір басқару тұтқасы бар DRDA (DCDR) оттығы үшін
- 15°C жəне 1013,25 мбарр жағдайында – құрғақ газ ** Пропан P. C.S. = 50,37 МДж/кг *** Бутан P.C.S. = 49,47 МДж/кг Табиғи газ P.C.S. = 37,78 МДж/м3
Қосу және пайдалану ! Тиісті газ оттығының орны әрбір тұтқада көрсетілген. Газ пешінің конфоркалары жалынды 5 түрлі қуат деңгейіне дәл реттеуге мүмкіндік беретін дискретті қуат реттеуімен жабдықталған. Осы жүйенің арқасында газ конфоркалары пісіруге қажетті оңтайлы қуат деңгейін оңай әрі дәл түрде анықтауға мүмкіндік беретіндіктен, әрбір рецепт үшін бірдей пісіру нәтижесін қамтамасыз ете алады. Газ оттықтары Әрбір оттықты тиісті басқару тұтқасының көмегімен төмендегі параметрлердің біріне реттеуге болады:
Жанарғылардың бірін жандыру үшін, жанарғының жанына жанып тұрған сіріңке не оттық апарып, дәл сол уақытта тиісті тұтқаны басып, максималды реттеуге дейін бұраңыз. Жанарғы қауіпсіздік құрылғысымен жабдықталғандықтан, автоматты құрылғыға қыздыру үшін отты жанып тұрған күйде сақтауға мүмкіндік беру үшін тұтқаны шамамен 2-3 секунд ішінде басып тұру керек. Газ жанарғы оталуымен үлгілерді пайдаланған кезде, таңдалған жанарғыны тұтандыру үшін тиісті тұтқаны басып, жанарғы оталмағанша басылған күйде сағат бағытына кері максималды күйге дейін бұраңыз. ! Оты кенет өшіп қалған жағдайда, басқару тұтқасын өшірілген күйге әкеліп, 1 минут өткеннен кейін барып конфорканы қайта тұтандырыңыз. Конфорканы өшіру үшін тұтқаны сағат тілі бойынша жалын өшкенге дейін бұраңыз (күй "●" белгісімен белгіленген). Дискретті жалын реттеуі Таңдалған оттықты тұтқа көмегімен 5 түрлі қуат деңгейіне реттеуге
Деңгейлерді ауыстыру үшін тұтқаны қажетті қуат деңгейіне бұрсаңыз болғаны. Бір деңгейден екінші деңгейге өткен кезде "тық" еткен дыбыс шығады. Таңдалған қуат деңгейін тиісті таңба көрсетеді ( таңбалары) және дисплейі бар конфоркаларда жанатын диодтар білдіреді (5 = макс. қуат; 1 = мин. қуат). Жүйе жалынды дәл реттеуді және қажетті қуат деңгейін таңдау арқасында пісіру нәтижесінің күтілгендей болуын қамтамасыз етеді. "Қос жалын" оттығы Бұл газ оттығы бірге немесе бөлек (тек қос басқару тұтқасы бар болған жағдайда) жұмыс істей алатын екі шоғырлас жалын сақинасынан тұрады. Оттық қауіпсіздік құралымен жабдықталғандықтан жалынды жандырып тұратын автоматты құралдың қызуы үшін тұтқаны шамамен 2-3 секунд басып тұру қажет. Бір басқару тұтқасы: Оттық құрамындағы сақиналар бір басқару тұтқасымен қосылады. Екі сақинаны бір уақытта қосу үшін тұтқаны (макс.) - (мин.) таңбасына орналастырыңыз, одан кейін тұтқаны сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз. Тек ішкі сақинаны қосу үшін тұтқаны (макс.) - (мин.) таңбасына орналастырыңыз, одан кейін тұтқаны сағат тілі бағытымен бұраңыз. (режимді ауыстыру үшін оттықты өшіру қажет). Оттықты өшіру үшін тұтқаны басып, сағат тілі бағытымен тоқтағанша бұрыңыз ("●" позициясына жеткенше). Газ жанарғыларын пайдалану бойынша қарапайым
Бұйым максималдық түрде жұмыс істеп тұруы үшін есте сақта:
- Ә конфорка үшін тиісті ыдысты пайдаланыңыз, ыдыстың түбі конфорка жанарғысына сәйкес келуі керек (кестені қара).
- Табаны тегіс және қақпағы бар ыдысты пайдаланыңыз.
- Қайнаған жағдайда, тұтқаны оттың аз келетін жағына қарай бұраңыз. Жартылай шұғыл (RR)Жартылай жылдам (S) Қосымша (A)Қос жалын (DCDR ішкі)Қос жалын (DCDR сыртқы) 65 см конфоркаларда қолданылатын табалар Оттық24 - 2616 - 2010 - 1410 - 1424 - 26Ø ыдыс табанының диаметрі (см) ! Төмендеткіш сөремен жабдықталған үлгілерде диаметрі 12 см-ден аз кіші табақтарды қолданған кезде, оны тек қос жалынды ішкі (DCDR ішкі) оттықта ғана пайдалануға болатыны есіңізде болсын. Оттық түрін анықтау үшін "Оттық пен форсункалардың сипаттары" бөліміндегі сызбаларды қараңыз.
- Максималды тұрақтылық үшін, таба түпқоймалары әрқашан дұрыс түрде бекітілгеніне және әрбір таба жанарғының үстінен ортаға орналастырылғанына көз жеткізіңіз
- Таба тұтқалары таба тұғырындағы тіреу өзектерінің біріне сәйкес орналастырылуы керек.
- Таба тұтқасы плитаның алдыңғы шетінен шығып кетпейтіндей етіп орналастырылуы керек. Түпқойма тұрақтылығының көзқарасынан айнымалылығы жоғары аспектіге әдетте түпқойманың өзі жатады (немесе қолдану барысында сол түпқойманың орналасуы). Тегіс негіздері жанарғы үстінен қойылған, түпқойма тұтқалары тіреуіш штифтілерінің бірімен тураланған, жақсы теңгерілген түпқоймалар ең жоғары тұрақтылықты сөзсіз қамтамасыз етеді. Сақтандырулар мен кеңестер ! Бұйым қауіпсіздік бойынша халықаралық нормативтерге сәйкес жоспарланған және дайындалған. Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін құрастырылған осы сақтандыруды аса мұқият
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар
- Бұл құрылғы 3 класқа жататын қосалқы тұрмыстық электр құрылғысы болып табылады.
- Газ құрылғылары дұрыс қызмет атқару үшін ауа айналымын ретке келтіру керек. Осы қондырғыларды орнатқан кезде “Орналастыру” параграфында сипатталған талаптар сақталуын тексеріңіз.48
- Басқару бұйымның паспорттық кестесінде және нұсқамасында келтірілген елдерге ғана жарамды болып табылады.
- Бұл бұйым үй шарттарында кәсіби емес тұрғыда пайдалануға
- Бұйымды көшеге, бастырма астында орнатуға тыйым салынады, өйткені оған жаңбыр және нажағайдың әсері өте қауіпті болып
- Бұйымға су қолмен, жалаңаяқ немесе дымқыл аяқпен жақындамаңыз.
- Бұйым тағамдық өнімдерді дайындауға арналған, оны осы техникалық нұсқаулықта көрсетілген ережелерге сәйкес тек ересек адамдар ғана пайдалана алады.
- Басқа тұрмыстық электрожабдықтардың электр қуаты өткізгіштерімен, бұйымның ыстық бөліктерімен жақын байланысқа түспеңіз.
- Желдеткіш торларды және ыстықты басатын тесіктерді жаппаңыз.
- Бұйым пайдаланылмағанда, тұтқалары “l” / “¡” жағдайында болуын ылғи тексеріңіз.
- Бұйымның вилкасын тоқ көзінен суыру үшін желі шнурынан тартпаңыз, вилканың өзінен ұстап суырыңыз.
- Бұйымның тазалау немесе техникалық жұмыстар жасау үшін штепсельді вилканы тоқ көзінен суырыңыз.
- Жөнделмейтін жағдайда, бұйымның ішкі мехнанизмдерін өз бетінше жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ашуға тыйым салынады. Техникалық қызмет көрсету орталықтарына хабарласыңыздар (Техникалық қызмет көрсетуді қара).
- Егер газ және электр конфоркалары ыстық болып тұрса, пісіру панелінің шыны қақпағын (егер ол болса) жаппаңыз.
- Құрылғыны физикалық, сезімталдық және психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе нұсқаулары берілуі тиіс.
- Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
- Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесі арқылы басқарылуға арналмаған.
- Орауыш материалды жойған кезде: орауышты қайта пайдалануға болатындай етіп жергілікті заңнаманы ұстаныңыз.
- Жарамсыз электрлік және электрондық жабдық бойынша (WEEE) 2002/19/EU Еуропалық директивасы ескі тұрмыстық құрылғыларды қалыпты сұрыпталмаған тұрмыстық қоқыс құбырына жоюды талап етеді. Ескі құрылғылар ішіндегі материалдардың қалпына келтірілуін және қайта өңделуін оңтайландыру және адам денсаулығы мен қоршаған ортағы әсерін азауту үшін ескі құрылғыларды бөлек жинау ұсынылады. Өнімдегі үсті сызылған «қоқыс себеті» белгісі құрылғыны жойған кезде бөлек жинау қажеттілігі туралы ескертеді. Тұтынушылар өзінің ескі құрылғыларын жою туралы мәліметтер алу үшін жергілікті үкіметке не делдалға хабарласуы керек. Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
- Азық-түлікті жабық құмыраларды немесе қақпағы тығыз жабылатын кастрөлдерде сақтаңыз және суды аз қолданыңыз. Қақпақсыз дайындаған жағдайда, энергия көп жұмсалатын болады.
- Түбі тегіс құмыралар мен кастрөлдерді пайдаланыңыз.
- Асты ұзақ уақыт бойы дайындаған жағдайда, екі есе жылдам дайындайтын және үштен бір энергия қуатын үнемдейтін жылдам қайнатқышты қолданыңыз. Тасымалдау және сақтау.
- Пісіргіш панельдерін түпнұсқа орауыш ішінде көлденең күйде тасымалдау керек.
- Тасымалдау және сақтау кезінде пісіргіш панельдерін атмосфералық әсерлерден және механикалық зақымдалудан қорғаңыз.
- Панельді жылытылмаған бөлмеде минус 50°С және плюс 40°С температура аралығында орауыш ішінде сақтау керек (газ пісіргіш
- Панельді жылытылған бөлмелерде плюс 5°С және плюс 40°С температура аралығында орауыш ішінде сақтау керек (аралас пісіргіш
Жөндеу және күтім Құрылғыны өшіру Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны тоқтан ажыратыңыз. Конфорка бетін тазалау
- Барлық эмаль жағылған және әйнек бөліктер жылы су және нейтралды тазалағыш затпен тазалануы тиіс.
- Тат баспайтын болат беттер тым ұзаққа жанасып қалса, әкті су немесе қатты тазалағыш заттармен кірленуі мүмкін. Кез келген тағам қалдықтары (су, тұздық, кофе, т.б.) құрғатылуына дейін тазалануы
- Жылы су және нейтрал тазалағыш затпен тазалаңыз және кейін жұмсақ матамен немесе күдерімен құрғатыңыз. Қатып қалған кірді тат баспайтын болат беттерге арналған тазалағыштармен тазалаңыз.
- Tат баспайтын болатты тек жұмсақ мата немесе сүлгімен тазалаңыз.
- Қатты немесе күйдіргіш өнімдерді, хлор негізіндегі тазалағыштарды немесе металл ысқыштарды пайдаланбаңыз.
- Бу тазалағыштар құралдарды пайдаланбаңыз.
- Жанғыш өнімдерді пайдаланбаңыз.
- Сірке суы, қыша, тұз немесе лимон шырыны сияқты қышқылды немесе сілтілі заттарды плитада қалдырмаңыз. Конфорка бөліктерін тазалау
- Торталар, конфорка қақпақтары және конфоркалар тазалану үшін алынуы мүмкін.
- Оларды кез келген тағам қалдықтарын алып, конфорка саңылауларының бітелмегенін тексере отырып қолыңызбен жылы суды және ысқыш емес тазалағышты пайдаланып тазартыңыз.
- Конфоркалар мен конфорка қақпақтарын тиісінше сәйкес орындарына қайта орнатыңыз.
- Торларды ауыстыру кезінде табақтар орнатылатын аймақ конфоркамен сәйкестендірілгеніне көз жеткізіңіз.
- Электрлік оталдыру қосқыштары және қауіпсіздік құрылғысымен жабдықталған үлгілер тиісінше жұмыс істеуі үшін, тұтқаларының шеттері толығымен тазалануы тиіс. Бұл элементтерді жиі тексеріңіз және қажет болса, дымқыл матамен тазалаңыз. Кез келген қатып қалған тағамдар тіс тазартқыш немесе иненің көмегімен тазалануы
! Электрлік оталдыру құрылғысының зақымдалуын болдырмау үшін оны конфоркалар орындарына орнатылмаған жағдайда пайдаланбаңыз. ! Конфорка бетін тазалау үшін таба тіректерін алудың қажеті жоқ. Тірек жүйесінің арқасында оларды көтеріп ұстап тұрсаңыз немесе артқы тірекке қойылғанда бұрасаңыз болғаны.KZ
Ыстық торларды шыны қақпақ )бар болса( үстіне қоймаңыз, әйтпесе шыныдағы резеңке тығыздағыштар зақымдалуы мүмкін. Газ шүмегіне техникалық қызмет көрсету Уақыт өте вентильдер қатып қалуы немесе бұрылмай қою мүмкін. Бұл жағдай орын алса, шүмекті ауыстыру қажет. ! Бұл процедураны өндіруші өкілет берген білікті маман орындауы
Ақаулықтарды жою Пісіргіш панель жұмыс істемей қалып не нашар істеуі мүмкін. Қызмет көрсету орталығына хабарласу алдында өзіңіз орындай алатын әрекеттерді қарастырайық. Алдымен, энергия мен газбен жабдықтау жүйесінде ажыраулардың жоқ, әсіресе панельдің газ шүмектері ашық екендігіне көз жеткізіңіз. Жанарғы жанбайды немесе жалын әркелкі. Төмендегілерге көз жеткізіңіз:
- Жанарғының газ шығару саңылаулары бітелмеген.
- Жанарғының барлық жылжымалы бөлшектері дұрыс орнатылған.
- Панельдің жанында өтпе жел жоқ. Қауіпсіздік құрылғысы бар нұсқаларда жалын өшеді. Төмендегілерге көз жеткізіңіз:
- Тұтқаны шегіне дейін бастыңыз.
- Тұтқаны қауіпсіздік құрылғысын белсендіру үшін жеткілікті уақыт ішінде шегіне дейін бастыңыз.
- Сақтандырғыш орналасқан жердегі газ шығару саңылаулары бұғатталмаған. Жанарғы минималды күйде жанбайды. Төмендегілерге көз жеткізіңіз:
- Газ шығару саңылаулары бітелмеген.
- Панельдің жанында өтпе жел жоқ.
- Минималды мән реттеуі қате. Ыдыстар тұрақсыз. Төмендегілерге көз жеткізіңіз:
- Ыдыстың түбі толығымен тегіс.
- Ыдыс жанарғыда не электрлік плитада ортаға келтірілген.
- Торлар аударылмаған.50 KZKZ 51Indesit Company S.p.A.
Notice-Facile