HHBS 7.7F LT X - ас үй желдеткіші HOTPOINT ARISTON - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз HHBS 7.7F LT X HOTPOINT ARISTON PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ас үй желдеткіші PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз HHBS 7.7F LT X - HOTPOINT ARISTON және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. HHBS 7.7F LT X брендінің HOTPOINT ARISTON.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ HHBS 7.7F LT X HOTPOINT ARISTON
- Кез келген тазалау немесе техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындамас бұрын ашаны шығару немесе желілік қуат көзін ажырату арқылы сорғышты электр желісінен ажыратыңыз.
- Орнату жəне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізген кезде əрдайым жұмыс қолғабын киіңіз.
- Бұл құрылғыны 8 жастағы жəне одан үлкен балалар, дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі тұлғалар немесе тəжірибесі мен білімі жоқ тұлғалар оны қауіпсіз жолмен пайдалануға қатысты нұсқау алып, ықтимал қауіптерді ұғынған жағдайда жəне бақылауда болғанда пайдалана алады. Балалардың басқару элементтерін өзгертуіне жəне құрылғымен ойнауына жол бермеу керек.
- Тазалау жəне өз бетінше техникалық қызмет көрсету жұмыстарын балалардың бақылаусыз жүргізуіне болмайды.
- Асүй сорғышы басқа газ жағу құрылғыларымен немесе басқа отындармен пайдаланылған кезде, құрылғы орнатылған бөлме жеткілікті түрде желдетілуі қажет.
- Сорғышты ішінен де, сыртынан да жүйелі түрде (КЕМ ДЕГЕНДЕ АЙЫНА БІР РЕТ) тазалау керек, əрдайым техникалық қызмет көрсету нұсқаулығында берілген нұсқауларды орындаңыз.
- Сорғыштың тазалау стандарттарын жəне сүзгілерді алмастыру жəне тазалау бойынша ережелерді
- ұстанбау нəтижесінде өрт туындауы мүмкін.Тамақты тікелей сорғыш астында жандыруға қатаң тыйым салынады.
- Шамды ауыстыру үшін тек осы нұсқаулықтың «Техникалық қызмет көрсету/Шамдарды ауыстыру» бөлімінде көрсетілген шам түрін пайдаланыңыз. Ашық жалынды пайдалану сүзгілер үшін зиян жəне өрт қаупін туындатуы мүмкін, сондықтан оған ешқашан жол бермеу керек. Майдың шамадан тыс қызып немесе жанып кетпеуін қамтамасыз ету үшін, тамақты абайлап қуыру қажет. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Сорғыштың қолжетімді бөліктері тамақ дайындау құрылғылары пайдаланылған кезде қызып кетуі мүмкін.
- Орнату толық аяқталмайынша құрылғыны электр желісіне қоспаңыз.
- Будың шығуына қарсы қолданылатын техникалық жəне қауіпсіздік шараларын ескере отырып, жергілікті билік органдары бекіткен ережелерді мұқият орындау маңызды.
- Осы құрылғының түтік арқылы бағыттау жүйесін газ немесе басқа отынды жағатын құрылғылардан шыққан буларды шығару сияқты басқа да мақсаттарда пайдаланылатын кез келген қолданыстағы желдету жүйесіне жалғау қажет. Электр тогының соғу қаупіне байланысты шамы дұрыс бекітілмеген сорғышты пайдаланбаңыз жəне қалдырмаңыз.
- Торлары тиісті түрде бекітілмеген сорғышты ешқашан пайдаланбаңыз.
- Арнайы көрсетілмейінше, сорғышты ЕШҚАШАН тірек беті ретінде пайдаланбаңыз.104
- Тек орнату үшін өніммен бірге берілген бекіту бұрандаларын пайдаланыңыз, егер берілмесе, бұранданың тиісті түрін сатып алыңыз.
- Бұрандалардың орнату нұсқаулығында көрсетілген дұрыс ұзындығын пайдаланыңыз.
- Күмəндансаңыз, өкілетті қызмет көрсету бойынша жəрдем көрсету орталығына немесе тиісті маманданған тұлғаға хабарласыңыз.
- Бұрандаларды немесе бекіту құрылғысын осы нұсқауларға сəйкес орнатпау электрлік қауіптерге əкелуі мүмкін.
- Бағдарламалаушымен, таймермен, бөлек қашықтан басқару жүйесімен немесе автоматты түрде қосылатын кез келген басқа құрылғымен қолданбаңыз. Өте жас балалар (0-3 жастағы) құрылғыға жақындамауы тиіс. Жас балалар (3-8 жастағы) үздіксіз бақылаусыз құрылғыдан аулақ болуы тиіс. АБАЙЛАҢЫЗ: бұл құрылғы таймер немесе бөлек қашықтан басқару жүйесі сияқты сыртқы қосу-өшіру құрылғысымен пайдалануға арналмаған. Бұл құрылғы кəсіби қолданысқа арналмаған. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз. Құрылғыны екі немесе одан көп адам ұстауы жəне орнатуы керек, əйтпесе жарақат алу қаупі болады. Орнатуды, сонымен қатар су беру желісін (егер болса),электрлік желілерді жалғауды жəне жөндеу жұмыстарын білікті маман орындауы тиіс. Орнатылған соң, қаптамадан қалған қоқыстарды (пластик, пенопласт бөлшектер жəне т.б.)балалардың қолы жетпейтін жерде сақталуы тиіс, əйтпесе жұтып қою қаупі туындайды. Егер ылғалды немесе жалаң аяқ болсаңыз, бұл құрылғыны пайдаланбаңыз.
тазалау құрылғыларын ешқашан пайдаланбаңыз, əйтпесе электр тогына түсу қаупі болады. Қаптама 100% қайта өңдеуге болатын материалдан тұрады жəне ол қайта өңдеуге жіберу таңбасымен белгіленген
Қақпақ осы кітапшада көрсетілген суреттерден өзгеше болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, қолдану, техникалық қызмет көрсету жəне орнату нұсқаулары бірдей болады. Дайындаушы аспапты пайдалану барысында бұл нұсқауда белгіленген қолдану шарттарын сақтамағанның кесірінен болған
қылық өрт пен зақым үшін жауап бермейді. Сорғыш тек қана үйде пайдалануға болатындай етіп жобаланған.
- Кезкелген уақытта бұл нұсқаумен пайдалану үшін ақтаған маңызды. Бұйым сатылған,тапсырған немесе жойылған кезде ол онымен бірге қалғанына көз жеткізіңіз.
- Нұсқауды мұқият оқыңыз: онда бұйамды қондыру, пайдалану жəне қауыпсіздік жөнінде маңызды мəлімет бар.
- Бұйымның электрондық немесе механикалық конструкциясында немесе сорғыш вентиляциялық каналдарында ешқандай да өзгерістер жасамаңыз.
- Орнатуды орындамас бұрын берілген барлық құрамдастардың зақымдалмағанын тексеріңіз немесе орнатуды жалғастырмас бұрын делдалға хабарласыңыз. Сорғыштың төменгі қыры мен ыдыс астындағы тіреуіш жазықтығының ара қашықтығы электр плитасы үшін 50cm, ал газ немесе біріктірілген плиталар үшін 65cm ден кем болмауы тиіс. Егер нұсқауда газ плитасын орнатуға артығырақ ара қашықтық белгіленген болса, оны ескеріңіз. ЭЛЕКТР БАЙЛАНЫСЫ Желінің кернеуі аспаптың ішінде орналасқан тақтайшада белгіленген техникалық деректердей кернеуге сəйкес келуі керек. Егер сорғыш вилкамен жабдықталған болса, орнатылғаннан кейін де істеуге болатын, қол жетерлік жерде болуы тиіс, істеп тұрған ережелерге сəйкес алмалы-салмалы штепсельге сорғышты қосыңыз. Егер сорғыш вилкамен жабдықталмаған болса (желіге тура қосылу), немесе алмалы-салмалы штепсель орнатылғаннан кейін де қол жетерлік жерде болмаса, онда орнату нұсқауына сəйкес 3- дəрежедегі асқын кернеуді болдырмайтын жəне желінің толық ашылуын қамтамассыз ететін тиісті екіполюстік ажыратқышты пайдаланыңыз.105
қорек желісіне сорғыштың электрлік жүйесін қосу алдында қорек кабелі дұрыс монтаждалғанына көз жеткізіңіз. Егер кабель ашамен бірге берілмесе, сымдарды мына кестеге сай жалғаңыз: Электр кернеуі жəне жиілігі Сым жалғау Түтін тартқыштың ішіндегі тақтайда көрсетілген кернеуді қараңыз. : сары/жасыл N : көк (бейтарап) L : қоңыр (фаза) Қуат кабелін ауыстыру Суыру қалпағы арнайы нəр беруші сымжелімен жабдықталған. Сымжелі бұзылған жағдайда оны ауыстыру үшін тиісті қызмет көрсету орталықтарына барыңыз. АУА ТАРТУ САҢЫЛАУЫ (сору нұсқалары үшін) Сорғышты қабырғадағы сорғыш құбырлары мен ауа шығаратын тесіктердей, сол диаметрдегі тесіктерге қосыңыз (біріктіруші
Қабырғадағы сорғыш құбырлары мен кемдеу диаметрдегі тесікті пайдалану, сору қуатын нашарлатып, гүрілдеуін күшейтеді. ! Қажетті минималды ұ зындықтағы түтікті қолданыңыз. ! Барынша көп иілімі бар түтікті қолданыңыз (иілімнің максималды бұрышы: 90°). ! Түтіктің көлденең қимасында түбегейлі өзгерістерді болдырмаңыз. ! Бұл ережелер орындалмаған жағдайда компания ешбір жауапкершілікті көтермейді. СҮЗГІЛЕУ НЕМЕСЕ ТҮТІК АРҚЫЛЫ БАҒЫТТАУ? ! Пеш қақпағы сору нұсқасында пайдалануға дайын. Қақпақты сүзгілеу функциясы бар нұсқада пайдалану үшін арнайы САЙМАНДАР ЖИНАҒЫ орнатылуы тиіс. Осы нұсқаулықтың бірінші беттерінде САЙМАНДАР ЖИНАҒЫНЫҢ жабдықталғандығын немесе жеке сатып алу қажеттігін тексеріңіз. Ескертпе: Жабдықталған болса, қақпаққа кейбір жағдайда қосымша белсендірілген көмір сүзгілеу жүйесін орнату қажет болуы мүмкін. Қақпақты сору нұсқасынан сүзгілеу нұсқасына ауыстыру туралы ақпарат осы нұс қаулықта берілген. Түтік арқылы бағыттау нұсқасы Бу сыртқа біріктіруші фланецке қосылған сорғыш құбыр арқылы шығарылады.
Сорғыш құбырдың диаметрі біріктіруші сақинаның диаметрімен теңдес болу керек.
Сорғыш құбыры сорғыш жинақтамасымен жеткізілмейді, оны бөлек сатып алу керек. Сүзгі нұсқасы Ол үшін бір көмір сүгісі қажет, оны əдеттегі сатушылардан алуға болады. Сүзгі шығарылған ауаны жоғарғы шығыс торы арқылы бөлмеге қайта жіберу алдыда оны май мен иістерден тазартады.106 БАСҚАРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ Суыру желдеткішінің жылдамдығын бақылау үшін жəне плитаның үстіне жарық түсіру үшін, суыру қалпағы басқару қалқанымен жабдықталған.
Сорғыштың функцияларын таңдау үшін, жай ғана басқару элементтерін түртіңіз: Т1. Сору моторының ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі Т2. Орташа сору жылдамдығын (қуат) таңдауға арналған түйме T3. Жоғары жəне қарқынды сору жылдамдығын (қуат) таңдауға арналған түйме Жоғары сору жылдамдығын (қуат) (T3 жарық диоды қосулы) таңдау үшін бір рет басыңыз; Қарқынды сору жылдамдығын (қуат) (T3 жарық диоды жыпылықтайды) таңдау үшін қайта басыңыз. Ескертпе: Қарқынды сору жылдамдығы (қуат) шамамен 5 минутқа созылады, содан кейін жоғары сору жылдамдығы (қуат) автоматты түрде орнатылады. Т4. Автоматты өшіру түймесі (Таймер) жəне көмір сүзгісіне арналған қанықтық индикаторы: Автоматты өшіру: Белсенді сору жылдамдығының (қуат) автоматты өшіру функциясын орнату үшін, осы түймені басыңыз: Дыбыссыз сору жылдамдығы (қуат): 20 минут Орташа сору жылдамдығы (қуат): 15 минут Жоғары сору жылдамдығы (қуат): 10 минут Көмір сүзгісінің қанықтық индикаторы Шам жыпылықтаған кезде, көмір сүзгісіне (орнатылған болса) техникалық қызмет көрсетіңіз, жыпылықтауды тоқтату үшін, T1 түймесін ұзақ уақыт бойы басып тұрыңыз. T5. "Дыбыссыз" сору жылдамдығын (қуат) жəне май сүзгісінің қанықтық индикаторын таңдауға арналған түйме Ескертпе: шам жыпылықтаған кезде, май сүзгісіне техникалық қызмет көрсетіңіз; содан кейін жыпылықтауды тоқтату үшін, T1 түймесін ұзақ уақыт бойы басып тұрыңыз. T6. Шамдарды ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі T2+T3+T4 жыпылықтауы: жоғары температура шарттарында автоматты жұмыс істеу (сəйкес бөлімді
Көмір сүзгісінің қанықтық индикаторын іске қосу Бұл индикатор əдетте өшірулі болады. Оны белсендіру үшін келесі қадамдарды орындаңыз: Сорғыш өшірулі болғанда, T2 жəне T3 түймелерін бір мезгілде басып тұрыңыз: Сəтті белсендіруді көрсету үшін, алдымен T3, содан кейін T2 жыпылықтайды. Көмір сүзгісінің қанықтық жарық диодын өшіру: жоғарыда сипатталған əрекетті қайталаңыз; T3 жəне T2 жыпылықтай бастайды, содан кейін өшіру сəтті орындалғанын көрсету үшін, T3 ғана жыпылықтайды. Жоғары температура шарттарында автоматты жұмыс істеу Сорғыш температураны анықтайтын датчикпен жабдықталған. Ол тым жоғарылағанда, датчик автоматты түрде орташа сору жылдамдығын (қуатты) қосады. Датчик арқылы анықталған температура едəуір төмендегенде, сорғыш өшеді.107 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалау үшін ТЕК бейтарап жуғыш затпен суланған арнайы шүберекті пайдаланыңыз. ҚҰРЫЛҒЫНЫ НЕМЕСЕ ТАЗАЛАУ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ! Абразиялық қоспасы бар затты пайдаланбаңыз. СПИРТТІ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ! Майды тазарту сүзгілеріне техникалық қызмет көрсету Ас дайындаудағы май бөлшектерін ұстап қалады. Фильтрді ай сайын жуғыш заттармен қолмен немесе төмен температурада жəне үнемді жуу цикліндегі ыдыс жуғыш машинасында тазалап тұру керек (немесе фильтрді қанықтыру жүйесі, егер сіздің үлгіде болса, берілген қажеттілікті көрсеткен
Майды тазалау фильтрі ыдыс жуғыш машинасымен жуғанда өңсізденуі мүмкін. Бірақ оның тазалау сипаты мүлде өзгермейді. Май сүзгісін алып тастау үшін серіппелі босату тұтқасын
Көмір сүзгісіне қызмет көрсету Ас пісірген кезде жарамсыз иісті ұстап қалады. Көмір фильтрінің қанығуы, асүйдің түрі мен көмір фильтрінің жүйелі тазаланылуына байланысты ұзақ уақыт қолданғаннан кейін болады. Қандай жағдай болмасын, картриджді кемінде 4 ай сайын ауыстырып тұру қажет (немесе фильтрдің қанығу индикатор жүйесі, егер сіздің моделіңізге орнатылған болса, ауыстырудың қажет екенін көрсеткен жағдайда). Жууға немесе қалпына келтіруге БОЛМАЙДЫ.
Көмір сүзгісін қақпақтың алдымен металл дөңес жерінің артына, одан кейін алдына екі түймемен
Көмір сүзгісін қақпаққа 90° бұрышында
тұтқаларды бұру арқылы алып тастаңыз.
Лампаларды ауыстыру Корпус жарық диод технологиясына негізделген жарық жүйесімен жабдықталған. Жарық диодтары оңтайлы жарықты, əдеттегі шамдардан 10 есе артық ұзақтықты қамтамасыз етеді жəне 90% электр энергиясын сақтауға мүмкіндік береді. Ауыстыру үшін техникалық қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.108
Электрлік жəне электрондық аспаптарды қайта пайдаға асыру жөніндегі 2012/19/EC Европалық директивке (WEEE) сəйкес берілген өнім таңбаланды. Берілген өнімді дұрыс қайта пайдаға асыруды қамтамассыз етумен, Сіз қоршаған ортаға жəне адам денсаулығына кері əсерін тигізу ді болдырмауға көмектесесіз. Аспаптағы немесе жолдама құжаттағы таңбасы берілген аспапты қайта пайдаға асыруда əдеттегі тұрмыстық қалдық ретінде игеруге болмайтынын көрсетеді. Оның орнына электрлік жəне электрондық аспаптарды қайта пайдаға асыруға арналған қабылдау пунктіне тапсыру керек. Бұзуға тапсыру аспапты қайта пайдаға асыру жөніндегі жергілікті ережелерге сəйкес шығарылуы тиіс. Бұндай өнімдерді пайдалану, қайта пайдаға асыру ережелері жөнінде толық ақпаратты жергілікті
орындарынан, қалдықтарды қайта пайдаға асыру қызметінен немесе берілген өнімді Сіз сатып алған дүкенен ала аласыз. Құрылғы келесілерге сай жобаланған, сыналған жəне жасап шығарылған:
- EMC: EN 55014-1; CISPR 14-1; EN 55014-2; CISPR 14-2; EN/IEC 61000-3-2; EN/IEC 61000-3-3. Қоршаған ортаға əсерді азайту үшін дұрыс пайдалану туралы нұсқаулар: Əзірлеуді бастағанда қақпақты ең аз жылдамдықпен қосыңыз жəне əзірлеу аяқталғаннан кейін біраз минут
жұмыс істетіңіз. Жылдамдықта тек түтіннің жəне будың үлкен мөлшері жағдайында арттырыңыз жəне күшейту жылдамдығын(қтарын) тек шекті жағдайларда пайдаланыңыз. Жақсы жағымсыз иісті азайту тиімділігін сақтау үшін қажет болғанда көмір сүзгісін(лерін) ауыстырыңыз. Жақсы май сүзгісі тиімділігін сақтау үшін қажет болғанда май сүзгісін(лерін) ауыстырыңыз. Тиімділікті оңтайландыру жəне шуды барынша азайту үшін осы нұсқаулықта көрсетілген өткізу жүйесінің ең үлкен диаметрін пайдаланыңыз.
Егер құрылғының бір бөлігі дұрыс жұмыс істемесе, Техникалық қызмет көрсету бөліміне қоңырау шалмас бұрын келесі əрекеттерді орындаңыз:
- Қақпақ жұмыс істемесе: Төмендегілерді тексеріңіз: - Қуат ажыратылмаған. - Жылдамдық таңдалған.
ақпақ жеткіліксіз қызмет атқарса: Төмендегілерді тексеріңіз: - Таңдалған мотор жылдамдығы босатылған түтін мен будың мөлшері үшін жеткілікті. - Асүй ауа кірісі үшін жеткілікті желдетіледі. - Көмір сүзгісі тозбаған (қақпақ сүзу нұсқ
- Қақпақ қалыпты əрекет барысында өшірілсе: Төмендегілерді тексеріңіз: - Қуат ажыратылмаған. - көп полюсті ажырату құрылғысы өшірілмеген. Егер қақпақ тиісінше жұмыс істемесе, оны сымды тарту арқылы желілік розеткадан 5 секундқа қысқа уақытқа ажыраты
кейін оны қайтадан жалғаңыз да, Техникалық қолдау қызметіне хабарласу алдында қайта қосып көріңіз.109 ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР Биіктігі (см) Ені (см) Тереңдігі (см) Түтін шығару құбыры Ø
Өніммен бірге берілмеген құрамдастар
Қауіпсіздік нұсқаулығын, пайдалану нұсқаулығын, техникалық деректер парағын жəне электр деректерін келесідей жүктеп алуға болады:
- Веб-сайтымызға кіру: docs.hotpoint.eu
- Болмаса, Сатудан кейінгі қызмет көрсету орталығымен хабарласу (телефон нөмірін кепілдік буклетінен көріңіз). Сатудан кейінгі қызмет көрсету орталығымен хабарласқан кезде, өнімнің деректер тақтайшасындағы кодты беріңіз.7
Notice-Facile