AEG X91484MG1 - ас үй желдеткіші

X91484MG1 - ас үй желдеткіші AEG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз X91484MG1 AEG PDF форматында.

📄 192 бет PDF ⬇️ Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы 🖨️ Басып шығару
Notice AEG X91484MG1 - page 160
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : AEG

Модель : X91484MG1

Санат : ас үй желдеткіші

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ас үй желдеткіші PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз X91484MG1 - AEG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. X91484MG1 брендінің AEG.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ X91484MG1 AEG

ТАМАША НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН AEG өнімін таңдағаныңызға рахмет. Бұл өнімді тұрмыс-тіршілікті жеңілдету үшін инновациялық технологияны - қатардағы құрылғыларда бола бермейтін функцияларды қолдана отырып, сізге жылдар бойы мүлтіксіз көмек көрсету үшін арнайы жасадық. Құрылғының мүмкіншіліктерін барынша толық қолдану үшін бірнеше минутыңызды бөліп, осы ақпаратты оқып шығыңыз. Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз: Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат: www.aeg.com Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз: www.aeg.com/productregistration Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін: www.aeg.com/shop ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз. ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі,

Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат. Алдын ала ескертусіз өзгертіледі. KK ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ161

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР Кез келген тазалау немесе техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындамас бұрын ашаны шығару немесе желілік қуат көзін ажырату арқылы сорғышты электр желісінен ажыратыңыз. Орнату және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізген кезде әрдайым жұмыс қолғабын киіңіз. Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан үлкен балалар, дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі тұлғалар немесе тәжірибесі мен білімі жоқ тұлғалар оны қауіпсіз жолмен пайдалануға қатысты нұсқау алып, ықтимал қауіптерді ұғынған жағдайда және бақылауда болғанда пайдалана алады. Балалардың басқару элементтерін өзгертуіне және құрылғымен ойнауына жол бермеу керек. Тазалау және өз бетінше техникалық қызмет көрсету жұмыстарын балалардың бақылаусыз жүргізуіне болмайды. Асүй сорғышы басқа газ жағу құрылғыларымен немесе басқа отындармен пайдаланылған кезде, құрылғы орнатылған бөлме жеткілікті түрде желдетілуі қажет. Сорғыштың іші-сыртын тұрақты түрде тазалап тұру қажет (АЙЫНА КЕМІНДЕ БІР РЕТ). Оны осы нұсқаулықта берілген техникалық қызмет көрсету нұсқауларына сәйкес жүзеге асыру керек. Осы пайдаланушы нұсқаулығында сорғыш пен сүзгілерді тазалауға қатысты берілген нұсқауларды орындамау өрт қаупіне әкеп

Тамақты тікелей сорғыш астында жандыруға қатаң тыйым салынады.www.aeg.com

ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ Ашық жалынды пайдалану сүзгілер үшін зиян және өрт қаупін туындатуы мүмкін, сондықтан оған ешқашан жол бермеу

Майдың шамадан тыс қызып немесе жанып кетпеуін қамтамасыз ету үшін, тамақты абайлап қуыру қажет. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Сорғыштың қолжетімді бөліктері тамақ дайындау құрылғылары пайдаланылған кезде қызып кетуі мүмкін. Шамды ауыстыру үшін тек осы нұсқаулықтың «Техникалық қызмет көрсету/Шамдарды ауыстыру» бөлімінде көрсетілген шам түрін пайдаланыңыз. ЕСКЕРТУ! Орнату толық аяқталмайынша құрылғыны электр желісіне қоспаңыз. Будың шығуына қарсы қолданылатын техникалық және қауіпсіздік шараларын ескере отырып, жергілікті билік органдары бекіткен ережелерді мұқият орындау маңызды. Осы құрылғының түтік арқылы бағыттау жүйесін газ немесе басқа отынды жағатын құрылғылардан шыққан буларды шығару сияқты басқа да мақсаттарда пайдаланылатын кез келген қолданыстағы желдету жүйесіне жалғау қажет. Электр тогының соғу қаупіне байланысты шамы дұрыс бекітілмеген сорғышты пайдаланбаңыз және қалдырмаңыз. Торлары тиісті түрде бекітілмеген сорғышты ешқашан пайдаланбаңыз. Арнайы көрсетілмейінше, сорғышты ЕШҚАШАН тірек беті ретінде пайдаланбаңыз. Тек орнату үшін өніммен бірге берілген бекіту бұрандаларын пайдаланыңыз, егер берілмесе, бұранданың тиісті түрін сатып алыңыз. Бұрандалардың орнату нұсқаулығында көрсетілген дұрыс ұзындығын пайдаланыңыз. Күмәндансаңыз, өкілетті қызмет көрсету бойынша жәрдем көрсету орталығына немесе тиісті маманданған тұлғаға хабарласыңыз. ЕСКЕРТУ! Бұрандаларды немесе бекіту құрылғысын осы нұсқауларға сәйкес орнатпау электрлік қауіптерге әкелуі мүмкін. 2.ПАЙДАЛАНУ Сорғыш тамақ дайындаудан буларды және түтіндерді сору үшін пайдаланады. Сіздің үлгіне байланыста қосатын пайдалану нұсқауынде қажетті сорғыштың түрі көрсетілген, сыртқа шығаратын сорғыш ретінде немесе ішкі айналатын фильтр ретінде 3.ОРНАТУ Желінің кернеуі аспаптың ішінде орналасқан тақтайшада белгіленген техникалық деректердей кернеуге сәйкес келуі керек. Егер сорғыш вилкамен жабдықталған болса, орнатылғаннан кейін де істеуге болатын, қол жетерлік жерде болуы тиіс, істеп тұрған ережелерге сәйкес алмалы-салмалы штепсельге сорғышты қосыңыз. Егер сорғыш вилкамен жабдықталмаған болса (желіге тура қосылу), немесе алмалы- салмалы штепсель орнатылғаннан кейін де қол жетерлік жерде болмаса, онда орнату нұсқауына сәйкес 3-дәрежедегі асқын кернеуді болдырмайтын және желінің толық ашылуын қамтамассыз ететін тиісті екіполюстік ажыратқышты пайдаланыңыз. Ескерту!қорек желісіне сорғыштың электрлік жүйесін қосу алдында қорек кабелі дұрыс монтаждалғанына көз жеткізіңіз.163

Сорғыштың төменгі қыры мен ыдыс астындағы тіреуіш жазықтығының ара қашықтығы электр плитасы үшін 70cm, ал газ немесе біріктірілген плиталар үшін 80cm ден кем болмауы тиіс. Егер нұсқауда газ плитасын орнатуға артығырақ ара қашықтық белгіленген болса, оны ескеріңіз. Ескерту! Желілік розетканы орнату және қосу тек өкілетті қызметкерлердің тарапынан орындалуы керек. Ескертпе: Сорғыш ең жарамды жылдамдықты автоматты түрде реттеу үшін плитамен сымсыз байланысу функциясымен жабдықталған. Осы функцияның бар-жоғы мен үйлесімділігін тексеру үшін плитаның пайдалану нұсқаулығын қараңыз. Желіге алғаш рет қосқан жағдайда немесе қуат көзінен кенеттен ажыратылған жағдайда (элетрлік қуаттың сөнуі), сорғыш плитамен байланысты қалпына келтірмегенше 1 минут күте

Ескерту! Кез келген тазалау немесе техникалық қызмет ету операциясын жасаудан бұрын, вилканы шығарып немесе бөлменің басты ажыратқышын суырып сорғышты электр желісінен ажыратыңыз. Сорғыш ішінен және сыртынан жиі тазаланып тұруы қажет (кем дегенде шамамен майды ұстап қалатын фильтрді тазалау мерзіміне сәйкес). Тазалау үшін бейтарап жуғыш затпен суланған арнайы шүберекті пайдаланыңыз. Абразиялық қоспасы бар затты пайдаланбаңыз. СПИРТТІ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ! Ескерту! Фильтрді ауыстыру және аспапты тазалау ережелерінің сақталынбауы өрттің пайда болуына әкелуі мүмкүн. Сондықтан берілген нұсқаумен пайдалануға кеңес

Жоғарыда көрсетілген ескертулерді сақтамағандықтан немесе дұрыс емес жөндеу салдарынан болған өрт немесе қозғауыштың бүлінуіне байланысты барлық жауапкершілік алынады.

4.1 Майды ұстап қалу фильтрі

Фильтрді ай сайын жуғыш заттармен қолмен немесе төмен температурада және үнемді жуу цикліндегі ыдыс жуғыш машинасында тазалап тұру керек (немесе фильтрді қанықтыру жүйесі, егер сіздің үлгіде болса, берілген қажеттілікті көрсеткен жағдайда). Майды тазалау фильтрі ыдыс жуғыш машинасымен жуғанда өңсізденуі мүмкін. Бірақ оның тазалау сипаты мүлде өзгермейді.www.aeg.com

4.2 Қайта құрылмалы белсендірілген

көмір сүзгісі Регенерация алдын ала жылытылған пеште (200°C) іске асырылады және иістің жүктемесіне байланысты, бір-екі сағатқа созылады. Ескерту! Будан күйіп қалу қаупі!

  • Ешқашан микротолқынды пештегі белсендірілген көмір сүзгісін өңдеп, бастапқы қалпына келтірмеңіз
  • Ешқашан белсендірілген көмір сүзгісі үшін пиролиз функциясын қолданбаңыз, оны пеш ішінде өңдеп, бастапқы қалпына келтіріңіз
  • Бастапқы қалпына келтірмес бұрын, белсендірілген көмір сүзгісін сулы матамен тазалаңыз Белсендірілген көмір сүзгілері тек салқындатылғаннан кейін пештен алынуы керек. Процедура барысында пеште жағымсыз иіс пайда болуы мүмкін! Белсендірілген көмірдегі ұялы құрылым торларын бастапқы қалпына келтіру қажеттілігі тамақ дайындау жиілігіне байланысты; дегенмен, регенерация әрекетін әр 2-3 ай сайын орындау ұсынылады. Белсендірілген көмір сүзгісін, сондай-ақ, әр 2-3 ай сайын сулы матамен тазалау керек.

Сорғыш функциялары қашықтан басқару пультімен басқарылады. Дегенмен, балама ретінде сорғыш негізгі функцияларды (жарықты ҚОСУ/ӨШІРУ, 1 -ші сору жылдамдығын (қуат) ҚОСУ/ ӨШІРУ) басқару үшін 2 -ші қызметтік жарық диодтары мен қашықтан басқару пульті қабылдағышының жанында орналасқан кірістірілген 1-ші қосқышпен жабдықталған. Ас үйдегі белгілі бу концентрациясы пайда болған жағдайларда жоғарырақ сору жылдамдығын пайдаланыңыз. Тамақ дайындаудан 5 минут бұрын соруды қосу және оны тамақ дайындаудан кейін шамамен 15 минутқа жұмыс күйінде қалдыру ұсынылады.

5.1 Қашықтан басқару пультінің

3 Моторды ҚОСУ/ӨШІРУ: Осы түймені сорғышты қосу үшін басыңыз, сору жылдамдығы (қуат) 1

Сорғыш қосылғанда (кез келген жылдамдықта), оны өшіру үшін осы түймені басыңыз 4 Сору жылдамдығын (қуатты) арттыру – осы түймені сору жылдамдығын (қуатты) арттыру үшін

5 Сору жылдамдығын (қуатты) азайту: сору жылдамдығын (қуатты) азайту үшін осы түймені басыңыз. 6 Жарықты ҚОСУ/ӨШІРУ Саќ болыѕыз! Жарыќ диодыныѕ сјулесіне тікелей ќарамаѕыз. 7 Қарқынды сору жылдамдығы (қуат): Сорғыш осы жылдамдықпен 5 минут ішінде жұмыс істейді, содан кейін 3-жылдамдықты қосады. 8 Шектеулі уақыт жұмысына арналған түйме: сорғыш 3-сору жылдамдығын (қуатты) қосады да, содан кейін жылдамдықты біртіндеп азайтып, өшіріледі. Вентиляция функциясы (ас үйде ауа алмасуға арналған): Осы функцияны іске қосу үшін 8 түймесін 10 секундтан артық басыңыз. Сорғыш 1-ден төмен сору қуатымен жұмыс істей бастайды. 1-жылдамдыққа сай келетін қызметтік жарық диоды жыпылықтай бастайды. Ескертпе: осы функцияны өшіру үшін 8 түймесін 10 секундтан артық басыңыз.www.aeg.com

Қашықтан басқару пультіне техникалық қызмет көрсету Қашықтан басқару пультін тазалау: Қашықтан басқару пультін жұмсақ шүберекпен және құрамында абразивті материалдар жоқ жеңіл тазалағыш ерітіндімен тазалаңыз Батареяны ауыстыру:

  • Батарея бөлімін ашыңыз (орнында магнитпен бекітілген)
  • Пайдаланылған батареяны жаңа 3 В CR2032 үлгісімен ауыстырыңыз Батарея бөлімінде көрсетілген кереғарлық бойынша тұрақты жаңа батареяны салыңыз!
  • Батарея бөлімін жабыңыз. Батареяларды тастау Батареялардың ең дұрыс тасталуы барлық ұлттық заңдар мен ережелерге сай орындалуы тиіс. Қолданылған батареяларды үйдегі қоқыспен бірге тастамаңыз. Батареялардың ең дұрыс тасталуы қауіпсіз орындалуы тиіс. Батареяларды қоршаған орта үшін қауіпсіз жинау,өңдеу және тастау бойынша басқа ақпарат алу үшін жергілікті қоқыс басқармасының өкілдеріне хабарласыңыз.

5.2 Қосқыш функциялары

Жарықты қосу және өшіру үшін түйменің оң жағын басыңыз. Қалаған жылдамдықты таңдау үшін жылдамдықтардың сол жағын басыңыз. Май сүзгісінің қанықтық индикаторы жарық диоды жанып тұрғанда, май сүзгісіне техникалық қызмет көрсетуді жалғастырыңыз. Май сүзгісінің қанықтық индикаторын бастапқы қалпына

Кірістірілген 1 қосқышын 10 секундтан артық басыңыз.

Hood Сорғыш ең жарамды жылдамдықты автоматты түрде реттеу үшін плитамен сымсыз байланысу функциясымен жабдықталған. Осы функцияның бар- жоғы мен үйлесімділігін тексеру үшін плитаның пайдалану нұсқаулығын

Желіге алғаш рет қосқан жағдайда немесе қуат көзінен кенеттен ажыратылған жағдайда (элетрлік қуаттың сөнуі), сорғыш плитамен байланысты қалпына келтірмегенше 1 минут күте

6. ЖАРЫҚТАНДЫРУ ҚҰРАЛЫ

Корпус жарық диод технологиясына негізделген жарық жүйесімен жабдықталған. Жарық диодтары оңтайлы жарықты, әдеттегі шамдардан 10 есе артық ұзақтықты қамтамасыз етеді және 90% электр энергиясын сақтауға мүмкіндік

Саќ болыѕыз! Жарыќ диодыныѕ сјулесіне тікелей ќарамаѕыз. Ауыстыру үшін техникалық қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.167