BP 2 - Су сорғысы Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз BP 2 Kärcher PDF форматында.
| Өнім түрі | Бақшаға арналған беткі сорғы |
| Бренд | Kärcher |
| Модель | BP 2 |
| Электрмен жабдықтау | 230 В / 50 Гц |
| Номиналды қуаты | 600 Вт |
| Макс. шығыны | 3 700 л/сағ |
| Макс. қысымы | 4,5 бар |
| Макс. сору биіктігі | 8 м |
| Макс. айдау биіктігі | 45 м |
| Сұйықтықтың макс. температурасы | 35 °C |
| Рұқсат етілген сұйықтық түрлері | Таза су, жаңбыр суы, хлорланған су (бассейн) |
| Корпус материалы | Күшейтілген пластик / тот баспайтын болат |
| Қорғаныс дәрежесі | IPX4 |
| Электр сымының ұзындығы | 1,5 м |
| Салмағы | 10 кг |
| Өлшемдері (Ұ × Е × Б) | 300 × 200 × 400 мм |
| Негізгі функциялары | Өздігінен сору, құрғақ жүрістен қорғау, кіріктірілген қалтқылы ажыратқыш |
| Күтім және тазалау | Сору сүзгісін үнемі тазалап отыру, сымының жай-күйін тексеру, пайдаланғаннан кейін таза сумен шайып тастау |
| Қауіпсіздік | 30 мА дифференциалды ажыратқышпен қолдану, құрғақ іске қоспау, суға батырмау |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу | Тығыздағыш жиынтығы, кері клапан, қалтқылы ажыратқыш қолжетімді |
| Жалпы ақпарат | Тұрмыстық пайдалануға арналған, ауыз суға жарамсыз |
Жиі қойылатын сұрақтар - BP 2 Kärcher
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы BP 2 Kärcher
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Су сорғысы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз BP 2 - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. BP 2 брендінің Kärcher.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ BP 2 Kärcher
Уй/бакша сораптарына арналған қауіпсіздік нұсқаулары

Бұйымды алғаш рет қолдану алдында осы қауіпсіздік бойынша нұсқауларды және іске пайдалану нұсқаулығын оқып шығыңыз. Оларға сай әрекет етіңіз. Кітаптардың екеуін де кейінгі пайдалану үшін немесе осы бұйымды кейін пайдаланатын тұлғалар үшін сақтап қойыңыз.
Пайдалану нұсқауындағы ережелермен қоса, жалпы заңды қауіпсіздік және жазатайым оқиғаны алдын алу талаптарын сақтаған жөн.
Бұйымға орнатылған ескерту және нұсқау белгілері бұйымды қауіпсіз қолдану үшін маңызды нұсқауларды береді.
Қаптама қағазын балалардан аулақ ұстаңыз, тұншығып қалу қаупі бар!
Қауіп деңгейі
⚠️ҚАУІП
Ауыр жарақаттануға не өлімге апарып соғатын тікелей түрде түсетін тәуекелге нұсқау.
⚠️ЕСКЕРТУ
Ауыр жарақаттануға не өлімге апарып соғатын ықтимал қауіпті жағдайларға нұсқау.
⚠️АБАЙЛАҢЫЗ
Жеңіл жарақаттануға апарып соғатын ықтимал қауіпті жағдайға нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Материалдық зиянға апарып соғатын ықтимал қауіпті жағдайға нұсқау.
Электрлік құрамдастар
Электрлік токтың соғу қаупі.
Қосу кабельдері мен бұйым ашасын қолдану алдында алдын ала бүлінген жерлері бар-жоғын тексеріп алыңыз. Бүлініп қалған кабельдерді дереу осы жұмыстар үшін рұқсаты бар арнайы мамандар арқылы ауыстыртып алуыңыз тиіс.
Барлық электрлік қосылымдар су тимейтін қауіпсіз жерде орналастырылуы қажет.
Жарамсыз электрлік ұзарту кабельдерін қолдану қауіпті болуы мүмкін. Сыртта жұмыс істегенде тек қана рұқсат етілген және лайықты түрде белгіленген және жеткілікті көлденең қимасы бар электрлік ұзарту кабельдерін қолданыңыз.
Ұзарту кабелінің желілік ашасы мен жалғамасы суға берік болуы керек және оларды суға тигізбеу қажет. Жалғама жерде жатпауы тиіс. Кабель барабанын қолданғаныңыз жөн, бұл ашаның розеткадан жерден мин. 60 мм жоғары тұруын қамтамасыз етеді. Ұзартқышты әрқашан кабель барабанына толығымен ораңыз. Желілік кабельді тасымалдауға және құрылғыны бекітуге болмайды. Барлық техникалық қызмет көрсету және тазалау жұмыстарының алдында желі ашасын ажыратыңыз. Бұйымды қуат көзі желісінен ажырату кезінде кабельден емес, штепсельді айырдан тарту қажет. Желілік кабельді өткір бүйірлерден тартып немесе қысып өткізуге болмайды. Құралды орнықты және су ағынымен ағып кетпейтіндей етіп орнату қажет. Құралды жаңбыр кезінде немесе дымқыл ауа райы кезінде ұзақ қолданбау қажет.
Бұйымның түр белгісінде көрсетілген кернеу қолданылған электр ток кернеуіне сәйкес болуы тиіс. Бұзылуды болдырмау үшін, жөндеу жұмыстары мен қосалқы бөлшектерін орнату жұмыстары тек қана осы жұмыстар үшін рұқсаты бар арнайы мамандар арқылы орындалуы тиіс. Сорапты батырғыш сорап ретінде қолдануға болмайды. Сорапты бассейн, бақшадағы тоғандар мен субұрқақ жанында қолданғанда 2 м арақашықтықты сақтау керек және сораптың су ішіне түсіп кетпеуін қадағалау керек. Бассейндерде, бақша тоғандарында және субұрқақтарда сораптарды макс. 30 мА номиналды қалдық тогы бар ажыратқышымен қолдануға болады. Егер бассейндер мен бақша тоғандарында адамдар болса, сорапты қолдануға болмайды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылғыны автоматты ажыратқыш (макс. 30 мА)
арқылы қолдануды ұсынамыз.
Австрияда бассейндер мен бақша тоғандарында қолданылатын кірістірілген құбырмен жабдықталған сораптар ÖVE B/EN 60555 1 - 3 бөлімі бойынша, ÖVE растаған бөлгіш трансформатормен жүктелуі керек, ал номиналды кернеу 230 В аспауға тиіс.
Электрлік қосылымды өткізуді тек электрші мамандар орындауы мүмкін. Мемлекеттік ережелер міндетті түрде сақталуы қажет!
Қауіпсіз қолдану
Жүйе қысым астында!
Толтыру немесе босату қақпағын ашпас бұрын немесе сымдардың қосылымын ажырату алдында, қысым жағындағы шектегіш клапанды ашыңыз және жүйені төгу шүмегі (дүкенде сатып алуға болады) арқылы босатыңыз.
Бұл құрылғыны физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой дамуы шектелген немесе тәжірибесі және/немесе біліктілігі жоқ адамдар білікті маманның
бақылауында болмаған кезде немесе осы мамандар тарапынан бұйымды қолдану тәсілі және оған қатысты қауіптер түсіндірілмеген кезде пайдаланбауы тиіс.
■ Балалар 8 жастан асқан жағдайда немесе олардың қауіпсіздігіне жауапты адам бақылауында немесе құрылғының қолдану тәсілімен және оған қатысты қауіптермен танысқан кезде ғана құрылғыны қолдана алады.
■ Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Балаларға құрылғымен ойнауға жол бермеу үшін оларды бақылап отыру керек.
■ Балалар құрылғыны тек ересектердің бақылауында тазалауы және пайдалануы мүмкін.
■ Құрылғыға қызмет көрсету және оны жөндеу алдында, құрылғыны өшіріп, қуат айырын ажыратыңыз.
⚠АБАЙЛАҢЫЗ
■ Қауіпті жағдайлар немесе бұйым зақымдалуының алдын алу үшін бұйыммен немесе оның үстінде жұмыс істеу алдында қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.
■ Апаттар мен зақымдарды болдырмау үшін бұйымды тасымалдаған кезде салмағына назар аударыңыз (техникалық мәліметтерді қараңыз). ■ Апаттар мен зақымдарды болдырмау үшін сақтау орындарын таңдаған кезде бұйымның салмағына назар аударыңыз (техникалық мәліметтерді қараңыз).
Басқа тәуекелдер
⚠️ҚАУІП
Жарылу қаупі
→ Улы, тез жанатын немесе жарылғыш заттарды (мысалы, керосин, бензин, қышқылдар немесе нитросілтілер) қотаруға болмайды. → Бұйымды өрт немесе жарылыс қаупі бар айналада пайдаланбаңыз.
△АБАЙЛАҢЫЗ
→ Бұл құрылғымен тасымалданған су ішуге жарамайды!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бұйым зақымдалуы мүмкін.
→ Майлар, мұнай өнімдері мен тұзды суды көтеруге болмайды. → Дәретхана суы және суға қарағанда аққыштығы төмен ластанған суды көтеруге болмайды. → Температурасы 35°C-тан жоғары суды көтеруге болмайды.
