LM542810 - миксер MOULINEX - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз LM542810 MOULINEX PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз миксер PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз LM542810 - MOULINEX және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. LM542810 брендінің MOULINEX.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ LM542810 MOULINEX
ЕСКЕРТУ: құрылғыңыз күйіктерге әкелуі мүмкін буды шығарады. Қақпақты және өлшеу саптыаяғын абайлап ұстаңыз (қажет болса, қолғапты, тақтаны, т.б. пайдаланыңыз). Өлшеу саптыаяғын орталық бөлігінен ұстаңыз. ЕСКЕРТУ : Құрылғыны суға батырмаңыз. Құрылғымен бірге қауіпсіздік туралы нұсқаулар кітапшасы қамтылған. Бұл құрылғыны бірінші рет пайдалану алдында кітапшаны мұқият оқып шығып, болашақта анықтама алу үшін сақтап қойыңыз.
СИПАТТАМАСЫ A Жоғарғы сап B Қозғалтқыш блогі C Толып кеткенді білдіретін айқындағыш D Қозғалтқышты басқару блогінің ажырандысы E Пышақ E1 Білік E2 Төрт бөлікті пышақ F Тостаған G Бүйірдегі сап H Тостаған ажырандысы I Электрмен қоректендіру баусымына арналған ажыранды
J Электрмен қоректендіру баусымы K Басқару аспапбеті K1 Бағдарлама таңдау түймесі K2 Ингредиенттер майдаланған сорпа бағдарламасының түймесі K3 Ингредиенттер майдаланбаған сорпа бағдарламасының түймесі K4 Смузи бағдарламасының түймесі K5 Оңай тазалау бағдарламасының түймесі K6 Start/Stop (Іске қосу/Тоқтату) түймесі K7 ЖШД экраны
КЕҢЕСТЕР: - Кейбір тамақтар құрылғының ыдысында дақтар қалдыруы мүмкін. Бұл құрылғыға немесе денсаулығыңызға ешбір әсер етпейді. Дақтарды кетіру үшін құрылғының ыдысын суға салып, біраз ыдыс жуу затын (1 таблетка, сұйықтық, ұнтақ) қосыңыз. Түнде суда қалдырыңыз. Содан кейін ысқышпен ақырын қырыңыз: дақтар кетуі керек. - Егер білікте (E1) және толып кету датчигінде (C) дақтар әлі қалса, оларды кетіру үшін абразивтік ысқышты пайдаланыңыз.
Құрал электр желісіне жалғанбаған
Құралды электрмен қоректендіру розеткасына қосыңыз. Электрмен қоректендіру баусымының бүйірдегі саптың ажырандысына және желілік розеткаға дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
Қозғальқыш блогі (B) дұрыс орнатылмаған немесе бекітілмеген
Құрам бөліктердің жартысын алып тастаңыз. Сорпа пісіргіш тостағынының ішіндегі құрам бөліктердің MAX деңгейінен аспағанын тексеріңіз және құрам бөліктердің тостаған түбінде біркелкі салынғанына көз жеткізіңіз.
Құрал тегіс емес бетте орналасқан, орнықсыз тұр.
Құралды тегіс бетке қойыңыз.
Құрам бөліктердің өте көп мөлшері.
Өңделетін құрам бөліктердің мөлшерін азайтыңыз.
Толып кеткенді білдіретін бергіш (C) ластанған.
Бергішті (C) тазалаңыз.
Құрам бөліктердің өте көп мөлшері.
Өңделетін құрам бөліктердің мөлшерін азайтыңыз.
Өнімнің бөліктері өте үлкен немесе өте қатты.
Өңделетін құрам бөліктердің өлшемін кішірейтіңіз немесе мөлшерін азайтыңыз.
Құралдың аса жүктелуінен туындаған қозғалтқыш блогінің тоқтауы
Қозғалтқыш блогін 20 минуттан кем емес уақыт бойы салқындатыңыз және өңделетін құрам бөліктердің өлшемін кішірейтіңіз немесе мөлшерін азайтыңыз. Аз ғана сұйықтық қосыңыз.
Құралдың ішкі бөлігіне ылғал тиді.
Құралды қайта қосудан бұрын 24 сағат бойы кептіріңіз.
Құрал жұмыс істемейді
Тостағанның жоғарғы бөлігінен сұйықтықтың ағуы байқалады
Құрам бөліктер дұрыс араласпайды
Құралдың жұмысы электр желісінің апатты ажырауын тудырады
ҚИЫНШЫЛЫҚТАР Құрылғы үздіксіз дыбыстық сигнал шығарады, барлық ЖШД-тар жыпылықтайды және экранда cdE1 немесе cdE2 көрсетіледі Тағам дұрыс дайындалмады немесе тостағанның түбіне жабысып қалады
Тағам дұрыс дайындалмады немесе тостағанның түбіне жабысып қалады
Тасып төгілуден қорғау сенсоры (C) Сіздің құралыңыз аса толып кеткенді білдіретін бергішпен (C) жабдықталған.
Сенсорды тазалау (C) Құрам бөліктердің мөлшерін азайтыңыз.
Құрам бөліктердің өте көп мөлшері.
Құрам бөліктерді тостағанды толтырудың ең жоғары деңгейінен асырмаңыз (3 сурет).
Сіз тағамдарды дайындау үшін бағдарламаны дұрыс таңдамадыңыз.
Тағамды дайындау үшін дұрыс бағдарламаны таңдау арқылы сорпа пісіргішті қайта іске қосыңыз.
Сұйықтық жеткіліксіз немесе өте көп.
P1 және P2 режімдерін қолдану барысында сұйықтықтың деңгейі MIN және MAX деңгейлері арасында екендігіне көз жеткізіңіз (3 сурет). P3 режімі үшін сұйықтықтың көлемі 150 мл-ден 300 мл-ге дейін болғанын қадағалау керек.
Құрам бөліктердің жеткіліксіз біркелкілігі.
Құрам бөліктерді сұйықтықпен бірге араластырыңыз (4 сурет).
Сорпа пісіргіш сүтті жылыту үшін арналмаған.
Ингредиенттерді ұмытып кету немесе рецепттерде ұсынылған мөлшерлерді өзгерту.
Ингредиенттер тізімін және рецепттегі пропорцияларды қолданыңыз.
ҚАЙТА ӨҢДЕУ • Қаптау материалдарын және құралды пайдаға асыру Қаптама тек қоршаған орта үшін қауіпсіз материалдардан ғана тұрады және қолданыстағы ережелерге сәйкес пайдаға асырылуы мүмкін. Құралдың өзін пайдаға асыру бойынша ақпарат алу үшін сіздің ауданыңыздағы сәйкес қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз. • Электрлі және электронды жабдықтың қызмет ету мерзімінің аяқталуы: 90
Қоршаған ортаны қорғайық! Сіздің құралыңыздың құрамында көп рет пайдалануға немесе қайта өңдеуге болатын материалдардың көптеген мөлшері бар. Оны қайта өңдеу үшін мамандандарылған қалдықтарды қабылдау орнына өткізіңіз. Электрлі және электронды жабдықты пайдаға асыру бойынша 2012/19/EU Еуропалық басшылық нұсқауы (DEEE) тозығы жеткен тұрмыстық электр құралдары әдеттегі тұрмыстық қалдықпен бірге пайдаға асырылмағанын талап етеді. Пайдаға асыру және оның құрамында материалдар мен құрам бөліктерді қайта өңдеу үдерісін оңтайландыру үшін, сонымен қатар олардың адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту үшін пайдаланылған құралдарды жеке жинаған жөн.
Laughing Cow © және қызылша пюре-сорпасы
• 450 мл сиыр етінің сорпасы • Текшелерге туралған 450 г әзірленген қызылша • 300 г ашылған, текшелерге туралған қызанақ • 60 г туралған пияз • 1 сарымсақ басы • 4 Laughing Cow© ірімшік үшбұрыштары • Тұз, бұрыш ҮСТЕЛГЕ БЕРУ • Туралған балғын баттауық • Бальзамдық сірке суы Сорпа әзірлегішке сиыр етінің сорпасын құйып, көкөністер мен сарымсақты салыңыз. Ірімшік үшбұрыштарын қосыңыз. Тұз және бұрыш себіңіз. « smooth soup » (пюре сорпа) параметрін таңдаңыз. Осы тамаша қызыл түсті сорпаны туралған баттауық және бальзамдық сірке суының бірнеше тамшысын қосып беріңіз. Қызылша — басқа ингредиенттермен бірге дәмі керемет болатын көкөніс. Дәмін жақсарту үшін оған қуырылған бекон тілімдерін, тіпті арнайы жағдай үшін әзірленен фуа-гра текшелерін қосуға болады.
Қызанақ пюре-сорпасы және райхан қосылған сорпа • • • •
1 деңгейге дейінгі жүгері ұнының ас қасығы 700 г ашылған, бөліктерге туралған және тұқымдары алынған қызанақ 60 г туралған пияз 1 сарымсақ басы, ашылған
• 1 май бөлігі • 2 ас қасық маскарпоне • 500 мл көкөністер сорпасы • 10 туралған райхан жапырақтары • 2 ас қасық қуырылған балқарағай жаңғақтары, үгілген • 2 ас қасық үгілген пармезан • Тұз, бұрыш Жүгері ұнын біраз сұйықтықпен араластырыңыз. Сорпа әзірлегішке қызанақтарды, пиязды, сарымсақты, майды, араластырылған жүгері ұнын, маскарпонені салып, көкөністер сорпасын құйыңыз. Азғантай тұз қосыңыз (сорпаның өзі азғантай тұздалған болады), әрі бұрыш қосыңыз. « smooth soup » (пюре сорпа) параметрін таңдаңыз. Сорпаны үгілген балқарағай жаңғақтарын, райхан және пармезан қосып беріңіз. Бұл пюре сорпаны ыстық немесе салқын күйде беруге болады.
Порей пиязының және стилтонның пюре-сорпасы
• 400 г жұқа етіп кесілген порей пиязы (ақ бөліктер) • 60 г туралған ақ пияз • 100 г текшелерге туралған картоп • 15 г жүгері ұны • 600 мл тауық сорпасы • 60 г стилтон • Тұз ҮСТЕЛГЕ БЕРУ • Біраз үгілген жаңғақ • Жаңғақ майы • 5 үгілген бұрыш дәні Жүгері ұнын біраз суытылған сорпамен араластырыңыз. Сорпа әзірлегішке көкөністерді, жүгері ұны қоспасын, стилтонды салып, сорпаны құйыңыз. Тұз қосыңыз. « smooth soup » (пюре сорпа) параметрін таңдаңыз. Сорпаны терең емес сорпа тәрелкелеріне құйыңыз. Үстіне үгілген жаңғақтарды және жаңғақ майының бірнеше тамшысын себіңіз. Бірнеше салым үгілген бұрыш қосыңыз. Сондай-ақ бұл сорпа стейкке дәмді соус бола алады.
Салқындатылған асбұршақ қосылған сорпа
• 300 г асбұршақ • 60 г майда туралған тәтті пияз • 300 г текшелерге туралған қияр • 300 мл су • 200 мл соя пюресі • 20 балғын жалбық жапырақтары • 1/2 лимон • 1 ас қасық қант • Тұз, бұрыш Сорпа әзірлегішке асбұршақты, пиязды, қиярды салып, су мен соя пюресін құйыңыз. Талғамға сай дәмдеуіштер қосыңыз. « smooth soup » (пюре сорпа) параметрін таңдаңыз. 92
Сорпа суығанша тоңазытқышқа 4 сағатқа салыңыз. Сорпа әзірлегішті ашыңыз. Қант, жалбыз жапырақтарын және жарты лимонның шырынын қосыңыз. « smoothie » (араластыру) параметрін таңдаңыз. Суытылған күйде беріңіз. Дәмдеуіштері көбірек сорпа әзірлеу үшін 1 ас қасық васаби пастасын, ақжелкек пастасын немесе ірі түйіршікті қыша қосыңыз. Сондай-ақ сорпаның текстурасын арттыру үшін шағын 50 г шағын паста немесе ноқат қосуға болады.
Қуат беретін тауық сорпасы • • • • • •
200 г майда туралған сәбіз 200 г шағын гүлді қырыққабат бөліктері 60 г майда туралған пияз 200 г, 2 см-лік текшелерге туралған тауық төсінің сүбесі 600 мл тауық сорпасы Хош иісті шөптердің 1 байламы (яғни, жіппен байланған ақжелкен, лавр жапырағы және жебіршөп) • Тұз, бұрыш ҮСТЕЛГЕ БЕРУ • 1 ас қасық туралған ақжелкен • 1 ас қасық ірі түйіршікті қыша • 2 ас қасық қос пюре Көкөністер мен тауық етін араластырыңыз. Сорпа әзірлегішке құйыңыз. Сорпа мен шөптердің байламын қосыңыз. Тұз және бұрыш себіңіз. Сорпа әзірлегішке үстін қойып, « chunky soup » (бөліктер бар сорпа) параметрін таңдаңыз. Күту уақытында пюре мен қышаны араластырыңыз. Әзірлеу аяқталғанда шөптер байламын алып тастаңыз. Сорпаны ыстық күйде беріңіз. Қосымша ретінде соус пен ақжелкенді беріңіз. Соя соусын, күріш сірке суын және күнзені қосу арқылы сорпаны шығыс дәмімен беруге болады.
Порей пиязы және картоп қосылған сорпа
• 300 г жіңішке кесілген порей пияздары • 200 г текшелерге туралған картоп • 75 г туралған пияз • 1 майда туралған сарымсақ басы • 1 сиыр еті сорпасына қосатын текше • 630 мл су • 1 май бөлігі ҮСТЕЛГЕ БЕРУ • 2 ас қасық туралған баттауық Сорпа әзірлегішке баттауықтан басқа барлық ингредиенттерді салыңыз. « chunky soup » (бөліктер бар сорпа) параметрін таңдаңыз. Әзірлеу аяқталғанда баттауықты қосып, беріңіз. Сондай-ақ бұл сорпаны « smooth soup » (пюре сорпа) параметрін пайдаланып 93
әзірлеуге болады. Біраз қос пюре қоссаңыз, vichyssoise деп аталатын дәстүрлі француз сорпасы әзірленеді.
• 150 г жіңішке кесілген порей пияздары • 150 г текшелерге туралған сәбіз • 100 г текшелерге туралған кәділер • 150 г текшелерге туралған шалқан • 100 г туралған пияз • 1 сарымсақ басы, ашылған • 1 майда кесілген балдыркөк сабағы • 700 мл су • Тұз, бұрыш ҮСТЕЛГЕ БЕРУ • Біраз эмменталь немесе үгілген француз конте ірімшігі, крутондар. Сорпа әзірлегішке барлық ингредиенттерді салыңыз. « chunky soup » (бөліктер бар сорпа) параметрін таңдаңыз. Біраз үгілген ірімшікпен және майда қызартылған крутондармен бірге беріңіз. Осы сорпаның салындысын көбейткіңіз келсе және оны негізгі тамақ ретінде бергіңіз келсе, 100 г сәбіз бен 100 г порей пиязын 250 г картоппен алмастырыңыз.
Тәтті картоп және қызыл жасымық қосылған сорпа
• 2 см-лік текшелерге туралған 300 г тәтті картоп • 60 г туралған тәтті пияз • 100 г қызыл жасымық • 2 см-лік текшелерге туралған 150 г картоп • 600 мл су • Тұз, бұрыш ҮСТЕЛГЕ БЕРУ • 2 ас қасық туралған кориандр Сорпа әзірлегішке кориандрдан басқа барлық ингредиенттерді салыңыз. « chunky soup » (бөліктер бар сорпа) параметрін таңдаңыз. Кориандрды қосып, беріңіз. Бұл сорпаны балаларға әзірлеп жатсаңыз, кориандрды қоспаңыз, қызанақ кетчубымен күлімсіреуді салыңыз!
Марокколық көкөністер сорпасы (чорба)
• 2 орташа өлшемді, ашылған, тұқымдары алып тасталған және текшелерге туралған қызанақ • 150 г текшелерге туралған кәділер • 150 г текшелерге туралған сәбіз • 60 г туралған пияз • 150 г текшелерге туралған картоп • 150 г әзірленген ноқат • 50 г булгур бидайы • 500 мл су • Қызанақ пюресінің 1 үлкен ас қасығы (20 г) 94
• Тұз, бұрыш ҮСТЕЛГЕ БЕРУ • 1 ас қасық туралған жалбыз • 1 ас қасық балғын, туралған кориандр Көкөністерді дайындаңыз, содан кейін булгур бидайымен араластырыңыз. Сорпа әзірлегішке құйыңыз. Тұз және бұрыш себіңіз. Су мен қызанақ пастасын қосыңыз. Қақпақты жабыңыз. « chunky soup » (бөліктер бар сорпа) параметрін таңдаңыз. Ол әзірленгеннен кейін шөптер қосып, ыстық кезінде дәмін көріңіз. Бұл қуат беретін сорпаны жеңілірек, жазғы сорпаға айналдыру үшін ноқатты, картоп және булгур бидайы орнына қызанақ, сәбіз және кәді қосыңыз.
Асшаяндар, қант жүгерісі және кокос сүті қосылған сорпа
• 400 г әзірленбеген, қабығы ашылмаған корольдік асшаяндар (16 дана) • 100 г кептірілген қант жүгерісі • 40 г жұқа туралған балдыркөк • 100 г жұқа туралған сәбіз • 60 г туралған ақ пияз • 200 г кокос сүті • 400 мл су • Тұз, бұрыш ҮСТЕЛГЕ БЕРУ • Үгілген кокос және чили ұнтағы Асшаяндар мен көкөністерді араластырыңыз. Сорпа әзірлегішке құйыңыз. Кокос сүтін және суды қосыңыз. Тұз және бұрыш себіңіз. Қақпақты жауып, « chunky soup » (бөліктер бар сорпа) параметрін таңдаңыз. Сорпаны табақтарға құйып, үгілген кокос пен чили ұнтағының бір салымын қосыңыз. Бұл сорпаның экзотикалық иісі болады. Оны қарқындырақ еткіңіз келсе, карри ұнтағын және/немесе кориандр қосыңыз. Әзірлеу аяқталғанда қытай күрішінен жасалған кеспені немесе жапондық удон кеспесін қосуға болады.
Банан және ваниль балмұздағынан жасалған смузи
• Бөліктерге кесілген 4 банан • 200/210 г ванильді балмұздақ (шамамен 5 қасық) • 250 мл майлылығы 100 пайыз сүт ҮСТЕЛГЕ БЕРУ • Біраз банан кәмпиттері Банандар мен балмұздақты сорпа әзірлегішке салып, сүт құйыңыз. Үстін қойып, « smoothie » (араластыру) параметрін таңдаңыз. Суытылған күйде, сыртта тұруға қалдырмай, банан кәмпиттерін шетіне қойып беріңіз. 95
Жеке смузилерді жасау үшін жемістер мен балмұздақ дәмдерін өзгертіңіз. Манго, алмұрт, шабдалы, өрік, сонымен бірге, карамель немесе даршын қосылған балмұздақ жақсы нәтиже береді.
Құлпынай және даршын қосылған смузи
• 4 соя йогурты • Жартыға немесе төрттен бір бөліктерге кесілген 350 г құлпынай • 2 ас қасық қант • 1 толы ас қасық үгілген даршын Сорпа әзірлегішке барлық ингредиенттерді салыңыз. « smoothie » (араластыру) параметрін таңдаңыз. Бірден беріңіз. Йогурттар және құлпынайлар суымаса, смузиді дұрыс температураға әкелу үшін 4 мұз текшесін қосуға болады. Даршын смузиге тәтті дәм береді, бірақ, қаласаңыз, оны қоспасаңыз болады және оны ваниль қантымен немесе үгілген зімбірмен ауыстыруға болады.
Notice-Facile