FG150813 - ас үй роботы MOULINEX - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз FG150813 MOULINEX PDF форматында.
| Өнім түрі | Бағдарламаланатын сүзгі кофеқайнатқыш |
| Бренд және модель | Moulinex FG150813 |
| Өлшемдері (шамамен) | 25 x 20 x 35 см |
| Салмағы (шамамен) | 2 кг |
| Электр қуаты | 220-240 В, 50-60 Гц, 1000 Вт |
| Резервуар сыйымдылығы | 12 кесеге дейін (1,5 л) |
| Құйғыш түрі | Шыны құйғыш немесе модельге байланысты термос құмыра |
| Қолданылатын сүзгі | Қағаз сүзгі №2 немесе 4 немесе қосымша тұрақты сүзгі |
| Тамшыны тоқтату функциясы | Иә, цикл аяқталмай тұрып бір кесе құюға мүмкіндік береді |
| Хош иіс реттегіші | Кофенің күштілігін реттеуге арналған (күштірек немесе жұмсақ) |
| Автоматты өшіру | Иә, циклден кейін шамамен 30 минут (шыны құйғыш) немесе бірнеше минут (термос құмыра) өткен соң |
| Жылы ұстау | 30 минутқа дейін (шыны құйғыш) немесе 4 сағатқа дейін (термос құмыра) |
| Материалдар | Пластик, шыны, тот баспайтын болат (термос құмыра) |
| Күтім және тазалау | Ылғал шүберекпен тазалау; сүзгі ұстағышы ыдыс жуғыш машинада жууға болады; металл құрсауы жоқ шыны құйғыш ыдыс жуғыш машинада жууға жарамды; термос құмыраны қолмен ыдыс жуу сұйықтығымен жуу |
| Ұсынылатын кірден тазарту | Әр 40 цикл сайын кірден тазартқыш немесе ақ сірке суымен |
| Қауіпсіздік | Суға батырмаңыз; қуат сымын пайдаланушы ауыстыра алмайды; ыстық беттер; балалардың қараусыз пайдалануына жол бермеңіз |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу | Керек-жарақтар бөлек сатылады: шыны құйғыш, термос құмыра, тұрақты сүзгі; жөндеу тек уәкілетті орталықта |
| Кепілдік | Кепілдік күтім жасамау ақауларын қамтымайды (мысалы, кірден тазартпау) |
| Жалпы ақпарат | Тек тұрмыстық қолдану; биіктік < 2000 м; кәсіби ортада қолданбаңыз |
Жиі қойылатын сұрақтар - FG150813 MOULINEX
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы FG150813 MOULINEX
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ас үй роботы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз FG150813 - MOULINEX және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. FG150813 брендінің MOULINEX.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ FG150813 MOULINEX
Құралды алғаш рет қолданар алдында пайдалану нұсқауларын мұқият оқып шығып, анықтама құралы ретінде сақтап қойыңыз. Өндіруші құралдың нұсқауға сәйкес қолданылмағаны үшін жауапкершілік тартпайды.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
- Бұл құрал физикалық, сезімталдық немесе ойлау қабілеті шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалардың (балаларды қоса) қолдануына арналмаған. Олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауымен және құралды пайдалану туралы нұсқаулары берілген жағдайда ғана қолдануына болады. Балалардың құралмен ойнамауын қадағалау керек.
- Қуат сымы немесе штепсельдік ұшы зақымдалған болса, құралды пайдалануға болмайды. Қауіпсіздік мақсатында қуат сымын өндіруші, оның сатып алудан кейінгі қызмет көрсету орталығы немесе
тиісті біліктілігі бар маман ауыстырғаны жөн.
Сіздің құрылғыңыз тұрмыстық, тек 2000 м-ден төмен биіктікте пайдалану үшін арналған.
Құралды, оның қуат сымы мен штепсельдік ұшын суға немесе басқа сұйықтыққа салмаңыз.
Сіздің құралыңыз тек үйде пайдалануға арналған.
Дүкендердегі қызмет көрсетушілер асүйі, кеңселер және басқа жұмыс орталарында; мейрамханалардағы, мотельдердегі және басқа тұрғын аудандарындағы тұтынушылар арқылы; жатақ және таңғы ас сияқты орталары.
Құрылғыңызды тазалау үшін әрдайым тазалау нұсқауларын орындаңыз.
- Құрылғыны ажыратыңыз.
- Құрылғыны ыстық күйінде тазаламаңыз.
- Дымқыл шүберекпен немесе губкамен тазалаңыз.
Құрылғыны ешқашан суға батырмаңыз немесе ағынды судың астында ұстамаңыз.
ЕСКЕРТУ: Бұл құрылғыны дұрыс қолданбасаңыз, жарақат алу қаупі бар.
ЕСКЕРТУ: Қолданғаннан кейін ыстық сақтайтын плитаны ұстамаңыз, қосымша ыстық сақталады.
Әйнек құмыра салқындағанға дейін оның тек тұтқасынан ұстап пайдаланыңыз.
Құралды пайдалану бойынша нұсқаулар беріліп, қауіптер туралы толық хабардар етілген жағдайда, бұл құралды ересектің бақылауымен 8 жастан үлкен балалар қолдана алады. Тазалау және күтім көрсету шараларын 8 жастан асқан балалар ересектің бақылауымен ғана жүргізуі керек.
Құралды және оның сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Бұл құралды физикалық, сезімталдық немесе ойлау қабілеті шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар тек жауапты адамның бақылауымен және құралды қауіпсіз түрде пайдалану туралы нұсқаулар беріліп, қауіптерді толық түсінген жағдайда ғана қолдана алады.
Балалар құрылғыны ойыншық ретінде пайдаланбауы керек.
Қол жететін беттердің температурасы құрылғы қолданылу барысында жоғары болуы мүмкін. Құрылғының ыстық беттерін қолмен ұстамаңыз.
Құрылғыны қосудан бұрын оның қолданатын қуаты электр қуатын беру жүйесіне сәйкес келетініне және розетканың жерге қосылғанына көз жеткізіңіз.
Электр байланысындағы қате кепілдіктің күшін жояды.
Құралды пайдаланып болғаннан кейін және тазалау қажет болғанда, ток көзінен ажыратыңыз.
Дұрыс істемесе немесе зақымдалған болса, құралды қолданбаңыз. Осындай жағдай орын алса, өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Тазалау және күнделікті күтімнен басқа қызмет көрсету әрекеттері өкілетті қызмет көрсету орталығында орындалуы керек.
- Қуат сымы құралдың ыстық бөлшектеріне тиіп немесе жақын тұрмауы, сондай-ақ жылу көзінің жанына немесе өткір жиекке қойылмауы керек.
- Қауіпсіздік мақсатында өндірушінің құралыңызға арналып жасалған керек-жарақтары мен қосымша бөлшектерін ғана пайдаланыңыз.
- Қуат көзінен ажыратқанда, сымнан тартпаңыз.
- Кофе құмырасын микротолқынды пешке, оттың үстіне немесе электрлік плиталардың үстіне ешқашан қоймаңыз. • Құрылғы әлі ыстық болса су құймаңыз.
- Барлық құралдар қатаң сапа тексерісінен өтеді. Онда кездейсоқ таңдалған құралдарға сынақтар жасалады, олар қолданыс салдарын түсіндіреді.
- Кофе қайнатқыш істеп тұрған кезде қақпағын әрдайым жауып қойыңыз. • Құмыраны қақпақсыз қолданбаңыз.
- Ыдыстарына ыстық су құймаңыз.
Бірінші рет қолданғанда
- Шәйнекті алғаш қолданғанда, қажетінше су толтырып, сүзгісін бір рет шайып алыңыз.
Кофе әзірлеу
(1–9 суреттерін қараңыз)
- Тек қана суық су қолданыңыз және нөмірі 2 немесе 4 сүзгі қағазын ғана қолданыңыз (5-сур) немесе тұрақты сүзгі* қолданыңыз (4-сур). • Су құйғанда құманда көрсетілген су деңгейінен асырмаңыз.
- Кофені айналым аяқталғанға дейін құю ыңғайлы болу үшін, бұл құрал тамшылауды уақытша тоқтататын механизммен жабдықталған. Кофе құйып болған соң, құманды немесе изотермалық шәйнекті орнына қойыңыз.
- Мөлшері: Бір кесе үшін бір өлшейтін қасық кофе үнтағын салыңыз.
- Екінші рет кофе әзірлеу үшін, бірнеше минут күтіңіз.
- Егер құманда әлі кофе бар болса, екінші кесе кофені жасамай тұра тұрыңыз.
- Изотермалық шәйнекті қақпақсыз қолданбаңыз.
- Кофе әзірлеу және оны ыстық күйінде сақтау үшін изотермалық шәйнектің қақпағы нықтап жабылу керек.
- Кофені құйып алу үшін изотермалық шәйнектің тұтқасын төмен итере басыңыз немесе қақпағын жартылай бұрап қойыңыз.
- Изотермалық шәйнекті микротолқын пешіне немесе ыдыс жуатын машинаға салмаңыз. • Ыстық күйінде жақсы сақталу үшін, изотермалық шәйнекті қолданарда ыстық сумен шайып алыңыз. Кофе әзір болған соң кофені күманнан құйып алыңыз.
- Изотермалық шәйнек кофені ыстық күйінде 4 сағатқа дейін сақтайды.
Хош иіс түрін таңдау* (7-суретті қараңыз)
• Хош иіс түрін таңдау (7-сурет) кофенің қоюлығын реттеу мүмкіндігін ұсынады. - Кофенің қоюлығы үшін хош иіс селекторын қара кесе белгісіне немесе ірі кофе дәні бар белгіге қарай бұраңыз.
Автоматты түрде сөндіру
- Электр қуатын үнемдеу мақсатында шәйнек автоматты түрде сөнеді.
– Күманы шыны үлгілер: Кофе қайнату үрдісі аяқталғаннан соң шамамен 30 минуттан кейін (яғни контейнердегі су біткеннен соң 30 минуттан кейін) шәйнек автоматты түрде сөнеді. Қосу/өшіру батырмасының шамдық көрсеткіші сөнеді. Осы 30 минут бойы кофе ыстық күйінде қала береді.
- Термоконтейнері бар үлгілер: Кофе қайнату үрдісі аяқталғаннан соң бірнеше минуттан кейін (яғни контейнердегі су біткеннен соң бірнеше минуттан кейін) шәйнек автоматты түрде сөнеді. Қосу/өшіру батырмасының шамдық көрсеткіші сөнеді.
Кофені қайта ысыту
- Егер темір бөлшегі болса (мысалы, темір жапсырмасы болса), изотермалық шәйнекті микротолқын пешке немесе ыдыс жуатын машинаға салмаңыз.
Жуу
- Қолданылған кофе ұнтағын алу үшін, қағаз сүзгіні (5-сурет) немесе тұрақты сүзгісін* (4-сурет) алыңыз.
- Шәйнекті суыту үшін, қуат көзінен ажыратып қойыңыз.
- Жұмсақ мата немесе ылғалданған спонжбен сүртіңіз. • Құралы ыстық болса, тазаламаңыз. • Құралды суға салмаңыз.
- Алынбалы сүзгісін ыдыс жуатын машинада жууға болады.
- Тек қана темір бөлшектері жоқ шыны құманды ғана ыдыс жуатын машинада жууға болады (қақпағынсыз).
- Ыстық жуғыштармен жууға болмайды.
- Жуу үшін қолыңызды ішіне салмаңыз (кесіп алу қаупі бар).
- Изотермалық шәйнекті жуу үшін, шәйнекке аздап тазалағыш сұйық қосылған су толтырып жуып, артынан жақсылап шайыңыз.
- Егер шәйнекте кофе қалдықтары болса, жылы су толтырып, бір таблетка жуғыш салып, жібітіп қойыңыз. Одан кейін мол сумен жақсылап шайыңыз.
Татты тазалау
• Әр 40 айналымнан кейін шәйнекте жиналған әкті тазалап отырыңыз. Не қолдануға болады:
– Бір пакет тат тазалағышты екі кесе суға ерітіп қолданыңыз. – Немесе екі кесе ақ сіркесуын қолданыңыз.
• Су құятын ыдысына құйып (b), шәйнекті қойыңыз (кофесіз).
• Бір кесесін құманға немесе изотермалық шәйнекке жіберіңіз (f), одан кейін кофе жасайтын құралды өшіріңіз (кейбір автоматты үлгілерін қуат көзінен ажырату қажет болады).
• Бір сағат жібітіп қойыңыз. • Шәйнекті алып, ағысын тоқтатыңыз. - Шаю үшін, құманды толтыра таза су құйып, 2–3 рет жүргізіңіз.
Татты тазаланбағандықтан бүлінген шәйнекке кепіл берілмейді.
Назар аударыңыз: егер кофе қайнату үрдісінің әдеттегіден тым созылып кеткендігін және сондай-ақ шуылдың болуын байқасаңыз, татты тазалау жұмысын жасаңыз.
Жабдықтар*
• Шыны күман - Изотермалық шәйнек • Тұрақты сүзгі
Қоршаған ортаны қорғауға ат салысыңыз!

① Құралда қайта өңдеуге болатын бірнеше материал қолданылған. Тастағанда арнаулы жинақ орталығына өткізіңіз.
- Электрлі және электронды құралдарды (DEEE) пайдалану жөніндегі 2012/19/EU Еуропалық директива кәне тұрмыстық электр құралдарының, күнделікті тұрмыстық қоқыстармен бірге тасталмауын талап етеді. Пайдаланылған құралдарды іске жарату үрдісін онтайландыру және құрам бөлшектерін қайта пайдалану, сондай-ақ олардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайту үшін бөлек жинау керек.