KD49XE8096BAEP - Теледидар SONY - Notice d'utilisation et mode d'emploi gratuit
Retrouvez gratuitement la notice de l'appareil KD49XE8096BAEP SONY au format PDF.
Téléchargez la notice de votre Теледидар au format PDF gratuitement ! Retrouvez votre notice KD49XE8096BAEP - SONY et reprennez votre appareil électronique en main. Sur cette page sont publiés tous les documents nécessaires à l'utilisation de votre appareil KD49XE8096BAEP de la marque SONY.
MODE D'EMPLOI KD49XE8096BAEP SONY
Sony қабырғаға орнататын кронштейнді (SU-WL450) пайдалану туралы орнату ақпараты Қолдау көрсетілетін моделдер: KD-65X850*C/55X850*C/49X830*C/43X830*C * Нақты модель атауындағы «» белгісі əрбір арнайы модель үшін сандарды жəне/немесе таңбаларды көрсетеді.
Тұтынушыларға Өнім қорғанысы және қауіпсіздік себептері үшін Sony компаниясы ТД-ды орнату Sony дилерлері немесе лицензияланған мердігерлер тарапынан орындалуын қатаң ұсынады. Оны өзіңіз орнатуға әрекет етпеңіз. Sony дилерлері мен мердігерлеріне Бұл өнімді орнату, мерзімді түрде техникалық қызмет көрсету және тексеру барысында қауіпсіздікке толық назар аударыңыз.
Бұл өнімді орнату үшін, әсіресе ТД ауырлығын көтеріп тұру үшін қабырғаның бекемдігін анықтау үшін тиісті сараптама жасау керек. Бұл өнімді қабырғаға бекітуді Sony дилерлеріне немесе лицензияланған мердігерлерге тапсырыңыз және орнату барысында қауіпсіздікке тиісті назар аударыңыз. Қате қолдану немесе қате орнату арқылы кез келген зақым немесе жарақат үшін Sony компаниясы жауапты емес. Қауіпсіз және тиісті түрде орнату үшін қабырға орнататын кронштейннің пайдалану нұсқаулығын, теледидардың Іске кірісу нұсқаулығын және осы нұсқаулықтағы әдістерді орындаңыз.
Қауіпсіздік туралы Осы өнімді сатып алғаныңыз үшін рақмет.
Тұтынушылар үшін Осы құрылғыны орнатуға жеткілікті түрде тәжірибе қажет. Орнату жұмыстарын Sony дилерлері немесе лицензиясы бар мердігерлер жасауы керек және орнату барысында қауіпсіздікке аса назар аударыңыз. Sony дұрыс қолданбау, дұрыс орнатпау немесе көрсетілген құрылғыдан басқаны орнату салдарынан болған зақымдарға немесе жарақатқа жауапты емес. Заңды құқығыңыз (қандай да бір) жарамайды.
Sony дилерлері үшін Осы құрылғыны орнатуға жеткілікті түрде тәжірибе қажет. Орнату жұмыстарын қауіпсіз түрде орындау үшін осы нұсқаулықты толық оқып шығыңыз. Sony дұрыс қолданбау немесе дұрыс орнатпау салдарынан болған зақымдарға немесе жарақатқа жауапты емес. Орнатқаннан кейін тұтынушыға осы нұсқаулықты беріңіз. Осы пайдалану нұсқаулығы өнімнің дұрыс қолданылуын және зақымды болдырмауға қажетті алдын алу шараларын көрсетеді. Осы нұсқаулықты толық оқып шығып, өнімді дұрыс қолданыңыз. Болашақта ақпарат алу үшін осы нұсқаулықты қолжетімді жерде сақтаңыз. Sony өнімдері қауіпсіздікті ескере отырып жасалған. Өнімдер дұрыс қолданылмаса, өрт, ток соғу, өнімнің құлауы немесе оны лақтыру салдарынан ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін алдын алу шараларын қараңыз. Қазақстан Республикасы жерінде тұтынушылардан кінәрат-талаптар қабылдайтын ұйым Қазақстандағы «Сони Электроникс» ЖAK Өкілдігі 050059 Алматы қаласы, Иванилов көшесі, 58 үй
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Арнайы құрылғылар Қабырғаға бекіту кронштейні теледидарға арналған құрылғылармен бірге қолдану үшін жасалған. Қабырғаға орнататын кронштейнді пайдалануға болатынын тексеру үшін теледидарға арналған Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТУ Осы алдын алу шаралары сақталмаса, өрт, ток соғу немесе құрылғының құлауы салдарынан ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Орнату жұмыстарын лицензиясы бар мердігерлер жасауы керек және құрылғыны орнату кезінде кішкентай балаларды алыс ұстаңыз. Қабырғаға бекіту кронштейні немесе теледидар дұрыс орнатылмаса, келесі жағдайлар болуы мүмкін. Лицензиясы бар мердігерлер орнату жұмыстарын жүргізе алатындығына көз жеткізіңіз. Теледидар құлап, дененің көгеруі немесе сынық секілді ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін. Қабырғаға бекіту кронштейні орнатылатын қабырға тұрақсыз, қисық болса немесе еденге перпендикуляр болмаса, құрал құлап, жарақатқа не мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін. Қабырға теледидардың салмағынан төрт есе ауыр салқмақты көтере алуы қажет. (Салмағын тексеру үшін теледидардың Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.) Қабырғаға бекіту кронштейні қабырғаға берік бекітілмесе, құрал құлап, жарақатқа немесе мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін.
Балалар үшін Балаларға теледидар үстіне шығуға рұқсат бермеңіз. Ұсақ жабдықтарын балалардан аулақ ұстаңыз, жұтып қоймасын.
Теледидарды тасымалдау немесе бөлшектеу жұмыстарын лицензиясы бар мердігерлер жасауы керек. Лицензия бар мердігерлерден басқа адамдар теледидарды тасымалдаса немесе бөлшектесе, ол құлап, жарақатқа немесе мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін. Теледидарды екі немесе одан да көп адам бекітуі немесе бөлшектеуі керек.
Теледидарды бекіткеннен кейін бұрандаларды және т.б. босатпаңыз. Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін.
Қабырғаға бекіту кронштейнінің бөлшектерін ауыстырмаңыз. Егер солай істейтін болсаңыз, қабырғаға бекіту кронштейні құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін.
Арнайы құрылғыдан басқа құралды бекітпеңіз. Осы қабырғаға бекіту кронштейні тек арнайы құрылғылармен бірге қолдану үшін жасалған. Арнайы құрылғыдан бөлек құралды бекітсеңіз, ол құлап не сынып, жарақатқа не мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін.
Қабырғаға бекіту кронштейніне теледидардан басқа затты қолданбаңыз. Теледидарды солға/ оңға, жоғары/төмен шайқамаңыз. Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін.
Теледидарға сүйенбеңіз немесе асылып тұрмаңыз. Теледидарға сүйенсеңіз не асылып тұрсаңыз, ол сізге құлап, ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осы алдын алу шаралары сақталмаса, жарақат алуыңыз немесе мүлік зақымдануы мүмкін.
Құрылғыны тазалау не оған күтім жасау кезінде қатты күш салмаңыз. Теледидардың жоғарғы бөлігіне қатты күш салмаңыз. Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін.
Алдын алу шаралары Қабырғаға бекіту кронштейніне орнатылған теледидарды ұзақ уақыт бойы пайдалансаңыз, қабырғаның материалына байланысты теледидар артындағы не үстіндегі түс өзгеруі немесе тұсқағаздың түсі кетуі мүмкін. Қабырғаға бекіту кронштейнін орнатқаннан кейін қайта алсаңыз, қабырғада бұранда саңылаулары қалады. Қабырғаға бекіту кронштейнін механикалық тербеліс әсер ететін орында пайдаланбаңыз.
Теледидар дұрыс орнатылғаннан кейін кабельдерді дұрыс бекітіңіз.
Қабырғаға бекіту кронштейнін орнату Sony дилерлері үшін ЕСКЕРТУ Келесі нұсқаулар тек Sony дилерлеріне арналған. Жоғарыда берілген алдын алу шараларын оқып шығыңыз және осы құрылғыны орнату, оған күтім жасау, оны тексеру кезінде аса назар аударыңыз.
Қабырғаға бекіту кронштейнін теледидардың бұрыштары не қапталы қабырға бетінен шығып тұратын орындарға орнатпаңыз. Қабырғаға бекіту кронштейнін теледидардың бұрыштары не қапталы қабырға бетінен шығып тұратын баған секілді орындарға орнатпаңыз. Адам немесе басқа зат теледидардың шығып тұған бұрышына не қапталына соқса, ол жарақат алуы немесе мүлік зақымдануы мүмкін.
Берілген бұрандалар мен бекіту бөлшектерін осы нұсқаулықтағы нұсқауларға сүйене отырып дұрыс пайдаланыңыз. Қосалқы элементтерді пайдалансаңыз, теледидар құлап, біреуге дене жарақатын салуы немесе теледидарды зақымдауы мүмкін. Нұсқаулықта берілген процедураларға сүйене отырып кронштейнді дұрыстап құрастырыңыз. Бұрандалардың бірі жоғалса немесе түсіп қалған болса, теледидар құлап, біреуге дене жарақатын салуы немесе теледидарды зақымдауы мүмкін.
Теледидардың салқындатқыштың үстіне не астына орнатпаңыз. Теледидарға салқындатқыштан ұзақ уақыт бойы су тамшылары ақса не салқын ауа соқса, ол өртке, ток соғуға немесе теледидардың дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Қабырғаға бекіту кронштейнін осы пайдалану нұсқаулығына сүйене отырып мықтап бекітіңіз. Бұрандалардың бірі жоғалып не түсіп қалған болса, қабырғаға бекіту кронштейні құлап, жарақатқа немесе мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін. Қабырғаның материалына сай бұрандаларды пайдаланыңыз және диаметрі 8 мм (немесе ұқсас) болатын төрт не одан да көп бұрандаларды пайдалана отырып құралды мықтап бекітіңіз.
Бұрандалар көрсетілген орында мықтап бекітілуі керек. Осылай орындалмаса, теледидар құлап, біреуге дене жарақатын салуы немесе теледидарды зақымдауы мүмкін.
Орнату кезінде теледидарды соғып алмаңыз. Теледидарды соғып алсаңыз, ол құлауы немесе сынуы мүмкін. Бұдан жарақат алуыңыз мүмкін.
Теледидарды қабырға мен еденге перпендикуляр болатындай етіп орнату керек. Егер солай болмаса, теледидар құлауы немесе жарақат алуыңыз мүмкін.
Адамдар немесе басқа заттар кабельге оралатын болса, жарақатқа не теледидардың зақымдануына әкелуі мүмкін.
Айнымалы ток сымы немесе қосу кабелі қысылып қалмауы керек. Айнымалы ток сымы немесе қосу кабелі құрал мен қабырға арасында қысылып қалса, майысқан немесе күштеп оралған болса, ішкі бағыттағыштар зақымданып, қысқа тұйықталуға немесе электр көзінің үзілуіне себеп болуы мүмкін. Бұл өрттің пайда болуына немесе ток соғуға әкелуі мүмкін.
Кронштейнді қабырғаға бекітуге қажетті бұрандалар берілмеген. Қабырғаға бекіту кронштейнін бекіту кезінде қабырғаның материалы мен құрылымына сай бұрандаларды пайдаланыңыз.
Теледидарды қабырғаға орнату
Бөлшектерді тексеру SU-WL450 құрылғысымен беріледі ˎˎБарлық бөлшектердің бар екендігін тексеріңіз.
Теледидардың түріне байланысты орнату процедурасы өзгеше болады. ТД-ды қабырғаға орнату үшін SU-WL450 қабырғаға орнататын кронштейнін пайдаланыңыз.
Штативті саңылауы бар PSW 4x20 (2)
Тығын (20) (M4) (2)
Негізгі адаптер (2)
Қабырғаға орнататын тіркеме (S) (2)
ˎˎАлынған бұрандаларды балалардан алыс, қауіпсіз орынға қойыңыз.
ˎˎОрнатудың алдында теледидардың Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз. ˎˎҚұрастырмас бұрын бұрандаларға сай келетін Phillips бұрауышы болуы керек. ˎˎТеледидар бекітілетін орынды анықтаңыз. ˎˎДиаметрі 8 мм болатын төрт немесе одан да көп бұранда және 5 мм-лік немесе ұқсас (берілмеген) бұранда дайындаңыз. Қабырғаның материалына сай келетін бұрандаларды таңдаңыз.
Теледидармен беріледі (артқы жағына бекітілген) Кабель ұстағыш (1)
Орнатылатын орынды анықтау
Орнатылатын орынды анықтаңыз.
Қабырғада ТД үшін жеткілікті орын бар екенін және ТД-дың кемінде төрт есе ауырлығын көтере алатындаған тексеріңіз. Теледидарды қабырғаға орнату туралы келесі кестені қараңыз. Теледидардың салмағын тексеру үшін теледидардың Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз. Стандартты орнату Жақын орнату
Экран ортасының нүктесі
Құрал: мм Экран өлшемдері Үлгі нөмірі KD-
Экран ортасының өлшемі
ˎˎКестедегі деректер орнатуға байланысты аздап өзгешеленуі мүмкін.
Теледидар мен төбе және қабырғаның шығыңқы бөліктері арасында төменде көрсетілгендей ашық орын қалдыңыз.
Қабырғаға орнату стилін таңдаңыз. Теледидардың артқы жағы мен қабырға арақашықтығын төменде көрсетілгендей таңдауға болады реттеледі. 2-a Стандартты бекіту 2-b Жіңішке бекіту 1-қадам кестесіне қараңыз. ЕСКЕРТУ
ˎˎ2-b таңдалған кезде, Артқы терминалға қатынас шектеулі болады.
ˎˎТиісті желдету және кір мен шаңның жиналуын болдырмау үшін: ˋˋТД-ды жалпағына қоймаңыз, жоғарғы жағын төмен қарай, артқа қаратып немесе қырымен орнатпаңыз. ˋˋТД-ды сөреге, кілемге, төсекке немесе шкафқа қоймаңыз. ˋˋТД-ды перделер сияқты шүберекпен немесе газеттер т.б. сияқты элементтермен жаппаңыз. ˋˋТД-ды төменде көрсетілгендей орнатпаңыз.
Ауа айналымы блокталған.
Негізгі адаптерді бекіту орны туралы төмендегі кестеден қараңыз. 2-b таңдалған жағдайда, осы қадамды өткізіп жіберіңіз. Үлгі нөмірі KD-
ˎˎКабельдерді қабырға ішіне салытн болсаңыз, орнатпас бұрын кабель салынатын қабырғаны тесіп алуыңыз керек. Кабельдер қысылып қалмас үшін тұғыр (20) , негізгі адаптер мен аралық (20) , аралық (60) периметрінен тыс қабырғадан саңылау дайындаңыз.
Адаптор негізін (PSW 4x10) Бұрандаларымен 2-a таңдалған кезде (20) негізіне бекіту.
Қабырғаға тұғырды орнату
ˎˎДиаметрі 8 мм болатын не ұқсас төрт немесе одан да көп бұранданы пайдаланыңыз (берілмеген). Адапторының негізіне төрт бұрандаларды (20) Негізімен бекітіңіз (Тек 2-a). ˎˎТұғырды (20) қабырғаға көлденең етіп орнатыңыз. 2-a
Тұғырды (20) орнату үшін бұрандалардың орнын анықтаңыз.
12-беттегі сипаттамаларды қараңыз. 2-a таңдалған кезде, Адаптор негізінің тесік орнын пайдаланыңыз.
ˎˎТеледидар орнатылатын қабырға теледидар салмағынан төрт есе ауыр салсақты көтере алуы тиіс (Салмағын тексеру үшін теледидардың Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.). ˎˎТеледидар бекітілетін қабырғаның беріктігін анықтаңыз. Қажет болса, қабырғаны жеткілікті түрде күшейтіңіз.
Теледидарды орнатуға дайындау
ˎˎОсы орнату стилін пайдалану кезінде ТД-дың артқы жағындағы кейбір терминалдарды пайдалану мүмкін емес.
Теледидардың артындағы бұрандаларды алып тастаңыз (KD-65X850C ғана).
Бұранда (+PSW 6 x 20) Аралық (20 мм)
Қабырғаға орнататын кронштейн үшін тіркеу бөлшектерін тіркеңіз. 5-беттегі «Бөлшектерді тексеру» бөліміндегі «SU-WL450 құрылғысымен беріледі» тармағын қарау арқылы монтаждау бөлшектерін тексеріңіз.
Бұранда (+PSW 6 x 20)
Қажетті кабельді (кабельдерді) теледидарға жалғау. Теледидарды қабырғаға орнатпас бұрын кабельдердің жалғанғанын тексеріңіз. Теледидарды орнатқаннан кейін кабельдерді жалғау мүмкін болмайды. Теледидармен берілетін Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.
ˎˎБекіту бөлшектерін бұрандалар арқылы мықтап бекітіңіз. ˎˎЭлектр бұрауышты пайдаланғанда, айналу шамасын шамамен 1,5 Н·м {15 кгк·см} орнатыңыз. ˎˎПайдаланылмаған бөлшектерді болашақта пайдалану үшін қауіпсіз орынға сақтаңыз. Бұл нұсқаулықты болашақта қарау үшін сақтаңыз.
Стандартты орнату (2-a) Шкив
Кабель ұстағышын (теледидармен бірге берілген) босатыңыз. (KD-55X850C/ 49X830C/43X830C ғана)
Бұранда (+PSW 6 x 20) Аралық (60 мм) Белдік
Бұранда (+PSW 6 x 50)
KD-55X850C/49X830C/43X830C үшін кабель ұстағышын ішкі ұялардың біріне бекітіңіз.
Қабырғаға теледидарды орнату
ˎˎКабельді қабырға ішімен жүргізу жұмыстарын лицензиясы бар мердігер жасауы керек. ˎˎКабельдерді қабырғаға бекітпес бұрын оларды басып кетпес үшін жалғанатын кабельдерді жинаңыз.
Теледидарды тұғырға орнату.
ˎˎШкивтердің тұғырда бекітілетін орнын анықтау үшін 7-беттегі «Орнатылатын орынды анықтау» бөліміндегі 3-қадамның кестесін қараңыз. ˎˎТеледидарды екі қолыңызбен мықтап ұстап теледидардың артына бекітілген шкивтерді саңылаулардың кескініне сәйкестендіре отырып тұғырға ақырын бекітіңіз. ˎˎТД-ды қабырғаға орнатқаннан кейін тегершіктер негізге немесе Негізгі адаптерге бекем ілінгендігін тексеріңіз. 2-a
ТД-дан Үстел тұғырын ажыратыңыз.
Орнатудың аяқталғандығын тексеру Келесілерді тексеріңіз. ˎˎТегершіктер негізге немесе Негізгі адаптерге адаптеріне бекем ілінді. ˎˎСым мен кабель оралмаған немесе қысылмаған. ˎˎБелдік мықтап бекітілген.
ˎˎАйнымалы ток сымының немесе т.б. қате орналасуы қысқа тұйықталу салдарынан өрттің пайда болуына немесе ток соғу қаупіне әкелуі мүмкін. Орнату жұмыстарының қауіпсіздік талаптарына сай орындалғанына көз жеткізіңіз.
Басқа ақпарат Теледидарды алған кезде алдыңғы орнату процедурасын керісінше орындаңыз.
ˎˎЖұмыс істеу кезінде екі немесе одан да көп адам теледидарды ұстап тұруы керек.
Теледидардың төменгі бөлігінің жылжып кетуін болдырмау.
ˎˎБелдікті алып, оны қабырғаға мықтап бекітіңіз. 2-a
ˎˎДиаметрі 5 мм болатын немесе ұқсас бұранданы пайдаланыңыз (берілмеген).
ˎˎТеледидарды алған кезде екі немесе одан да көп адам теледидарды ұстап тұруы керек.
ˎˎТеледидардың алға қарай жылжымайтынын тексеру үшін теледидардың төменгі бөлігін өзіңізге қарай ақырын тартып көріңіз. Жылжитын болса, дұрыс бекітілмеген болғаны және белдікті қайта бекітіңіз.
Техникалық сипаттамалары h1 h2
Өлшемдері: (шамамен) [мм] a : 100 b : 200 c : 300 d : 80 e : 400 f : 480 g : 100 h1 : 20 (2-b түрі) h2 : 60 (2-a түрі) Салмағы (тек тұғыр): (шамамен) [кг] 0,8 Дизайн мен техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертіледі.
Notice Facile