GHE 18V-50 (II) Professional - Тікенекті кескіштер BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GHE 18V-50 (II) Professional BOSCH PDF форматында.

BOSCH GHE 18V-50 (II) Professional - Тікенекті кескіштер
📄 263 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice BOSCH GHE 18V-50 (II) Professional - page 159
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Сымсыз бұтақескіш
Бренд Bosch
Модель GHE 18V-50 (II) Professional
Санат Бұтақескіш
Өлшемдері (Ұ x Е x Б) 940 x 200 x 180 мм
Салмағы (батареясыз) 2,8 кг
Қуат көзі Литий-ионды батарея 18 В (Bosch Power for ALL үйлесімді)
Максималды кесу қабілеті 25 мм
Пышақ ұзындығы 50 см
Пышақ түрі Қос әрекетті пышақ
Кесу жылдамдығы (бос жүрісте) 2400 айн/мин
Дыбыс деңгейі (LpA) 78 дБ(А)
Діріл (ah) 2,5 м/с²
Негізгі функциялар Қос әрекетті пышақ, үнсіз кесу, бұрылатын тұтқа
Күтім және тазалау Әр қолданудан кейін пышақтарды тазалау, арнайы маймен үнемі майлау
Қауіпсіздік Кездейсоқ іске қосудан қорғау, пышақтың жылдам тоқтауы
Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі Бөлшектер Bosch сатудан кейінгі қызметі арқылы қолжетімді, кәсіби маманмен жөнделеді
Жалпы ақпарат Сымсыз кәсіби құрылғы, 18V батареямен ұзақ мерзімді пайдалану

Жиі қойылатын сұрақтар - GHE 18V-50 (II) Professional BOSCH

Bosch GHE 18V-50 (II) моделімен қандай батарея үйлесімді?
Бұл бұтақескіш Bosch Power for ALL желісінің 18V литий-ионды батареяларын пайдаланады. Осы желінің барлық батареялары үйлесімді.
Бұтақескіштің пышақтарын қалай қайрауға болады?
Қайрауды кәсіби маман жүргізуі керек. Бастапқы бұрышты сақтай отырып, жұқа егеуішті пайдаланыңыз. Қайрағаннан кейін пышақтарды арнайы маймен майлаңыз.
Пышақтарды майлау үшін қандай май түрін қолдану керек?
Бензопила тізбегіне арналған майды немесе бақша құралдарына арналған арнайы майды пайдаланыңыз. Әр қолданудан кейін пышақтарға бірнеше тамшы жағыңыз.
Бұтақескіш суға төзімді ме?
Жоқ, құрылғы суға төзімді емес. Оны жаңбырға ұшыратпаңыз және сумен тазаламаңыз. Құрғақ шүберек немесе щетка қолданыңыз.
Қыста бұтақескішті қалай сақтау керек?
Пышақтарды тазалаңыз және майлаңыз, батареяны алыңыз, құрылғыны құрғақ және аяздан қорғалған жерге қойыңыз. Батарея 10-25°C температурада сақталады.
Бұтақескіш шамадан тыс жүктеме кезінде автоматты түрде тоқтайды ма?
Иә, құрылғы шамадан тыс жүктеме қорғанысымен жабдықталған, ол бітелу немесе қызып кету кезінде қуатты өшіреді. Салқындағаннан кейін ол қайта жұмысқа қосылады.
Бұтақескішті бір қолмен қолдана аламын ба?
Жоқ, қауіпсіздік себептері бойынша құрылғыны әрдайым алдыңғы және артқы тұтқаны пайдаланып, екі қолмен ұстау керек.
Пайдалану кезінде пышақ бітеліп қалса не істеу керек?
Пышақты тоқтату үшін қосқышты дереу босатыңыз. Батареяны ажыратыңыз, содан кейін қысқышты пайдаланып бітеліп қалған бұтақтарды ақырын алыңыз.
Бұл модельге қосалқы бөлшектерді қайдан табуға болады?
Қосалқы бөлшектер Bosch Professional сайтында немесе рұқсат етілген сатушыларда қолжетімді. Сіз пышақтарды, батареяларды және зарядтағыштарды тапсырыс бере аласыз.
Бұл бұтақескіштің дыбыс деңгейі қандай?
Дыбыс қысымының деңгейі 78 дБ(A). Қолдану кезінде әрқашан есту қорғанысын киіңіз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GHE 18V-50 (II) Professional BOSCH

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Тікенекті кескіштер PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GHE 18V-50 (II) Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GHE 18V-50 (II) Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GHE 18V-50 (II) Professional BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады

Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген.

Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.

Өнімді пайдалану мерзімі

Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады.

Істен шығу себептерінің тізімі

  • көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
  • қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
  • ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз
  • өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз

Пайдаланушының мүмкін қателіктері

– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз - жауын-шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз - корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз

Шекті күй белгілері

  • ток сымының тозуы немесе зақымдануы
  • өнім корпусының зақымдалуы

Қызмет көрсету түрі мен жиілігі

- Әр пайдаланудан кейін өнімді тазалау ұсынылады.

Сақтау

  • Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
  • Орамасыз сақтау мүмкін емес
  • Сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (шарт 1) құжатын қараңыз

- +5-ден +40 °C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80 %-дан аспауы тиіс.

Тасымалдау

  • Тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді
  • Тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз
  • Қоршаған орта температурасы -50 °C-тан +50 °C-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.

Қауіпсіздік нұсқаулары

Белгілердің мағынасы

BOSCH GHE 18V-50 (II) Professional - Белгілердің мағынасы - 1

Қолдану нұсқаулығын оқыңыз.

BOSCH GHE 18V-50 (II) Professional - Белгілердің мағынасы - 2

Жаңбыр жауып тұрғанда қолданбаңыз.

BOSCH GHE 18V-50 (II) Professional - Белгілердің мағынасы - 3

Көз және құлақты қорғайтын құралдарды киіп жүріңіз.

BOSCH GHE 18V-50 (II) Professional - Белгілердің мағынасы - 4

САҚТАНДЫРУ: Құралда күту және жөндеу жұмыстарын жүргізу алдында алдымен құрал аккумуляторын шығарып алыңыз.

BOSCH GHE 18V-50 (II) Professional - Белгілердің мағынасы - 5

Қолдарыңызды пышақтан алыс ұстаңыз.

Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік нұсқаулықтары

ЕСКЕРТУ

Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді,

нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды

оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.

Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі бар) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.

Жұмыс орнының қауіпсіздігі

Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ

160 | Қазақ

немесе шаң бар болғанда. Электр құралы ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін.

▶ Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алаңдаушылық бақылаудың жоғалуына алып келуі мүмкін. Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарда жұмыс істеу үшін арналған.

Электр қауіпсіздігі

Электр айырлары розеткаға сай болуы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай түрде өзгертпеңіз. Жерге қосылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. ▶ Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса, жоғары ток соғу қауіпі пайда болады. Электр құралдарын жаңбырда немесе ылғалды ортада пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су ток соғу қауіпін жоғарылатады. Кабельді тиісті емес мақсатта пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе токтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтан, майдан, өткір қырлардан және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе шатасқан кабель ток соғу қауіпін жоғарылатады. Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жағдайларға сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді. ▶ Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған ток желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді.

Жеке қауіпсіздік

Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңғалдық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтарды тиісті жағдайларда қолданып, жеке жарақаттануларды кемейтеді.

Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан бұрын, құралды көтеру немесе тасудан бұрын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын токқа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан бұрын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жақақаттануға алып келуі мүмкін. Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақтылықты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. ▶ Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді кимеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. ▶ Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берілген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жақақаттануға алып келуі мүмкін. НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс.

Электр құралдарын пайдалану және күту

▶ Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды

электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз.

Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.

Пайдаланылмайтын электр құралдарын балалар қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Осы құралды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдардың қолында электр құралдары қауіпті болады.

Электр құралдарын және керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан бұрын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.

Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.

Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен қатар жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.

Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді.

Батарея құралын пайдалану және күту

▶ Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышпен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне алып келуі мүмкін. Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. ▶ Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші металл заттардан алыс ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін.

Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шыққан сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақаттануға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін. Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130 °C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. Барлық зарядтау нұсқауларын орындап, батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап, өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін.

Қызмет көрсету

Электр құралына маман жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді. Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы жөндетуге болады.

Бак қайшылары үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары

▶ Ауа райы нашар болып тұрған жағдайларда, әсіресе найзағай түсу қаупі пайда болғанда, секаторды пайдаланбаңыз. Құралды осындай ауа райы жағдайларында қолданбау найзағай түсу қаупін азайтады. Электр қуатына қосу кабелін және электр тоғын өткізетін кабельдерді бұталар кесу аумағынан ұзақта ұстаңыз. Электр қуатына қосу кабелі немесе электр тоғын өткізетін кабельдер бұталар немесе талшықтар арасында көрінбейтін түрде орналасып жатып, пышақ арқылы кесіліп кетуі мүмкін. ▶ Құлақ сақтағышын киіңіз. Лайықты қорғаныш құралдары жарақаттану қаупін төмендетеді. Секаторды тек қана оның оқшауланған тұтқаларынан ұстаңыз, себебі құрал пышағы көзбен көрінбейтін тоқ кабельдеріне тиіп қалуы мүмкін. Құрал пышақтары кез келген электр кернеуін өткізгіш кабельдерге жанасып тиіп кетуі бақ қайшысының металдан жасалған бөлшектерін кернеу астына қойып, электр соққысына апаруы мүмкін. Дене мүшелерінің барлығын құрал пышағынан алыс ұстаңыз. Пышақ іске қосылып жұмыс істеп тұрғанында кесілген заттарды электр құралдан шығармаңыз, немесе кесілетін материалдарды ұстамаңыз. Пышақтар құрал өшіріліп қойылғаннан

кейін де әлі жылжып тұрады. Бақ қайшысын қолданғанда бір сәт аланғасарлық пен абайсыздық ауыр апаттарға апара алады.

▶ Құралда қысылып қалған заттарды алып тастау алдынан немесе құралда күтім жұмыстарын өткізу алдынан алдымен Қосу/Өшіру түймелерінің барлығы өшіріліп, және аккумулятор құралдан шығарылып немесе ажыратылып қойылғанына көз жеткізіңіз. Құрал ішінде қысылып қалған заттарды алу барысында немесе құралды күту жұмыстарын өткізу барысында бақ қайшысының өз-өзімен іске қосылып кетуі ауыр жаралануларға апара алады. ▶ Секаторды тасымалдағанда, оның пышағы өшіріліп және тоқтап тұрғанда, тұтқасынан ұстап тасымалдаңыз және құралдың Қосу/Өшіру түймесінің басылып қалмауына назар аударыңыз. Бақ қайшысын ұқыпты түрде ұстап тасымалдау құралдың өз-өзімен іске қосылып кету қаупін және осының салдарынан пайда бола алатын жаралану қауіптерін азайтады. Бақ қайшысын тасымалдаған немесе сақтаған уақытта пышақтарды үстінен әрқашан қорғау жапқышымен жауып қою керек. Бақ қайшысын ұқыпты түрде қолдану оның пышағынан пайда бола алатын жаралану қаупін азайтады.

Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары

Бұл құралдың құрамында магниттер бар. Магнитті ешбір имплантаттар мен басқа медициналық құралдардың жанына, мысалы жүрек ырғағын реттегіш (кардиостимулятор) немесе инсулин сорғысы, магниттік деректер тасығыштар және магнитке сезімтал құралдардың жанына жақындатпаңыз. Магнит медициналық құралдардың жұмысына жағымсыз әсер ететін немесе деректердің қайтымсыз жоғалуына әкелетін өріс тудыруы мүмкін. Бұл құралды физикалық, сенсорлық немесе психикалық қабілеттері шектелген немесе оны қолдану үшін қажетті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдар (соның ішінде балалар) тек бақылау астында болғанда немесе құралды қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықтармен танысып, ықтимал қауіптерді түсінгеннен кейін ғана пайдалана алады. Балалардың электр құралымен ойнамауын қамтамасыз ету үшін оларды қадағалаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарылуы тиіс. Бұйымды қолданар алдында құралдың барлық қорғаныс құрылғылары мен тұтқаларының орнатылғанын тексеріңіз. Құрал толық құрастырылып орнатылмаған немесе оған рұқсат етілмеген өзгертулер енгізілген жағдайда, құралды ешқашан іске қоспаңыз.

өткізілген жағдайларда құралды ешқашан іске қосып қолданбаңыз.

▶ Құралды қолданар алдында оның пышақ дөңгелегін әрқашан күтім бүріккішімен майлап өңдеңіз. Электр құралын жерге қою алдында оның толық тоқтағанын күтіңіз. Электр бұйымы қолданылып жатқан уақытта оның аймағында 3 метр аралықта басқа адамдар немесе жануарлардың болмауы қажет. Жұмыс өткізіліп жатқан аумақта электр бұйымын қолданушы үшінші тараптарға қарай жауапты болады. ▶ Бақ қайшысын ешқашан пышақ дөңгелегінен ұстамаңыз. Балаларға немесе осы қолдану нұсқаулығымен таныс емес адамдарға бақ қайшысын қолдануға рұқсат етпеңіз. Құрал қолданылып жатқан елдегі ұлттық заңдар мен ережелер қолданушы жасының шектелуін талап етуі мүмкін. Жақын жерде басқа адамдар, әсіресе балалар немесе үй жануарлары болғанда бақ қайшысын ешқашан сыртқа шығарып қолданбаңыз. Электр бұйымының иесі немесе қолданушысы басқа адамдардың денсаулығына немесе олардың мүлкіне келтірілген апаттар немесе шығындар үшін жауапты болады. Аяқ киім мен киімнің ашық түрін киіп жүргенде бақ қайшысын қолданбаңыз. Әрқашан тұрақты аяқ киім мен ұзын шалбар киіп жүріңіз. Тұрақты қолғаптар, тайғанамайтын аяқ киім және қорғау көзілдіріктерін киіп жүру қажет. Электр бұйымының қозғалатын бөліктеріне кіріп кете алатын тым кең киім немесе әшекейлер киіп жүрмеңіз. ▶ Кесілетін бұталар мен ағаштарды мұқият тексеріп, үстінде немесе жанында болған сымдар немесе басқа бөтен заттарды алдымен жинап алып тастаңыз. ▶ Құралды қолданар алдында әрқашан кесу құралының пышағы, пышақ бұрандалары немесе басқа бөлшектерінің тозған немесе бұзылған болмағанын тексеріңіз. Бұзылған немесе тым тозып кеткен кесу құралымен ешқашан жұмыс істемеңіз. Апат жағдайларда бақ қайшысын дереу тоқтата алу үшін, оның қолдану бойынша нұсқаулығын толығымен оқып шығыңыз. Бақ қайшысымен кесу әрекеттерін тек қана күн жарығында немесе жарықтығы жеткілікті жасанды жарықта өткізіңіз. ▶ Қорғау құралдары бұзылған күйде болғанда немесе олар құрастырылып орнатылмағанда бақ қайшысын ешқашан қолданбаңыз. Бақ қайшысын қолданар алдында онымен бірге қорапта болған барлық тұтқалар мен қорғау құралдарының құрастырылып орнатылғанын тексеріп алыңыз. Толығымен құрастырылып орнатылмаған электр бұйымын немесе рұқсат етілмеген өзгертулері бар бақ қайшысын ешқашан іске қосып қолданбаңыз. ▶ Бақ қайшысын ешқашан оның қорғау құралынан ұстамаңыз.

Бак қайшысын қолдану барысында әрқашан тұрақты қалыпта тұруыңызға назар аудара отырып, тепе-теңдікті сақтап жүріңіз. Секатор қайшысы пайдаланушы жерде тұрып пайдалану үшін қарастырылып, баспалдақ немесе басқа тұрақсыз сүйеніш үстінде тұрып пайдалану үшін мақсатталмаған. Бұталарды кесу барысында өзіңіз естімей қала алатын қауіп сәттеріне дайын болу үшін, өзіңіздің жұмыс істеп жатқан жеріңізді жақсылап танып алыңыз. Бақ қайшысының лайықты жұмыс қалпын қамтамасыз ету үшін сомдар, бүркеншіксіз шегелер және бұрандалардың барлығының нық түрде бекітіліп құрастырылып қойылуын тексеріп алыңыз. Бақ қайшысын құрғақ, жоғары жерде немесе құлыппен жабылған, балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз. Бұзылған немесе әбден тозып кеткен бөлшектерді қауіпсіздік себептерінен ауыстырып жүріңіз. ▶ Өзіңізде лайықты арнайы техникалық біліміңіз болмаған жағдайда бұйымда жөндеу жұмыстарын өткізбеңіз. ▶ Ауыстырылатын бөлшектері Bosch фирмасының бұйымдары болғанына назар аударыңыз. Жылжып тұратын кесу пышағын түртіп кетуден қорғау үшін, бақ қайшысының екі тұтқаларының әрқайсысы пышақтан қорғау айырғышымен жабдықталған. Бақ қайшысын іске қосып қолдану үшін тұтқа айырғыштарының екеуі де бір уақытта бірге басылуы тиіс. Бақ қайшысын, ол қосылып тұрған кезде де, оның айырғыштары басылмағанда немесе айырғыштардың тек біреуі ғана басылған жағдайларда қолданбаңыз.

Аккумуляторды оңтайлы пайдалану бойынша нұсқаулар

▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар.

BOSCH GHE 18V-50 (II) Professional - Аккумуляторды оңтайлы пайдалану бойынша нұсқаулар - 1

BOSCH GHE 18V-50 (II) Professional - Аккумуляторды оңтайлы пайдалану бойынша нұсқаулар - 2

Аккумуляторды ыстықтан (мысалы, ұзақ уақыт бойы күн сәулеленуінен де), оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қауіпі бар.

Құралды пайдаланбаған уақытта пайдаланылмайтын аккумуляторды қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, бұрандалардан және түйіспелердің тұйықтауына апара алатын басқа ұсақ темір заттардан ұзақ жерде сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке апаруы мүмкін. Аккумуляторда зақымданған жерлері бар болғанда немесе ол дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс аумағына таза ауа кіргізіп, шағымдар болса, дәрігерге жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.

▶ Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшкір заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. ▶ Аккумулятордың қысқа тұйықталуын өткізбеңіз. Жарылу қауіпі бар. - Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап жүріңіз. ▶ Құралды тек қана оның жеткізілім көлемінде болған қуаттандыру құралымен қуаттандырыңыз.

Белгілер

Төмендегі белгілер қолдану нұсқаулығын оқу және түсіну үшін маңызды. Белгілер мен олардың мағынасын есте сақтаңыз. Белгілерді дұрыс түсіну құралды дұрыс әрі одан да сенімдірек түрде пайдалануға көмек болады.

Белгі Мағына

Корғау қолғабын киіп жүріңіз
Қозғалыс бағыты
Реакция бағыты
Салмағы
Іске қосу
Өшіру
CLICKЕстілетін шуылдар
Рұқсат етілмеген қолдану әрекеттер
Құрамдас бөлшектер/қосалқы бөлшектер

BOSCH GHE 18V-50 (II) Professional - Белгілер - 1

немесе ауыр жарақаттануға апара алуы мүмкін.

Пайдалану нұсқаулығының алдыңғы бөлігінде берілген суреттерге назар аударыңыз.

164|Қазақ

Мақсатты қолданылуы

Бұл бақ құралы бұталар мен тал-шіліктерді кесу және қысқартып кесу үшін арналған.

Бейнеленген құрамдас бөлшектер (А суретін қараңыз)

Бейнеленген құрамды бөлшектерінің нөмірленуі құралдың графикалық беттерде бейнеленуі негізінде беріледі.

(1) Қол тұтқасы (2) Артқы тұтқадағы айырып-қосқыш

(3) Алдыңғы айырып-қосқыш (4) Қол қорғағыш (5) Кесу пышағы (6) Қорғаныстық қаптамасы (7) Кесуден қорғаушы (8) Тіліп аралау функциясы (9) Қуаттандыру құралы 3) (10) Аккумуляторды бұғаттан босату түймешігі a) (11) Аккумулятор a) a) Бейнеленген құрамдас бөлшектер стандарттық жеткізу көлеміне кірмейді.

Техникалық мәліметтер Аккумулятормен істейтін секатор GHE 18V-50 (II) GHE 18V-60 (II)

Өнім нөмірі3 600 HC9 6.. 3 600 HC9 4..
Бос жүріс саны мин-12800 2800
Кесу ұзындығы см 50 60
Тісті ашылуыі мм 23 23
Салмағы A)
- аккумуляторсыз кг 2,9 3,0
- аккумуляторы бар кг 3,5 3,6
Сериялық нөмірі бақ құралының такташасындабак құралының такташасында
қараңызқараңыз
қуаттандыру кезіндегі үйғарындықоршаған орта температурасы°C 0 ... +35 0 ... +35
Жұмыс кезіндегі B) және сақтаукезіндегі руксат етілген қоршаған орта температурасы°C -20 ... +50 -20 ... +50
Үйлесімді аккумуляторлар GBA 18V...GBA 18V...
ProCORE18V...ProCORE18V...
ұсынылатын аккумуляторлар GBA 18V... ≥ 4.0АсағGBA 18V... ≥ 4.0Асағ
ProCORE18V... ≥ 4.0АсағProCORE18V... ≥ 4.0Асағ
ұсынылатын қуаттандыру құралдарыGAL 18...
GAX 18...GAX 18...
GAL 36....GAL 36....

Шуыл және дірілдеу бойынша мәліметтер

3 600 HC9 6.. 3 600 HC9 4..

Шуыл эмиссия мәндері EN 62841-4-2:2019+A1:2022+A11:2022 нормасына сай белгіленген

Құралдың "А" қылып белгіленген шуыл деңгейі келесілерге сай болады:

- Дыбыс крысымы деңгейідБ(А)83 83
- Дыбыстық куат деңгейідБ(А)91 91
- "К" өлшеу дәлсіздігідБ33

Ah жалпы тербелу мәні (үш бағыттың векторлық қосындысы) және "К" дәлсіздігі

EN 62841-4-2:2019+A1:2022+A11:2022 стандартына сай белгіленген

- an -тербелмелі эмиссия мәні M/c2 < 2,5< 2,5

3 600 HC9 6.. 3 600 HC9 4..

- "К" өлшеу дәлсіздігі м/с

2

1,5 1,5

Құрал үшін белгіленген жалпы тербеліс мәні (мәндері) мен белгіленген шуыл эмиссия мәні (мәндері) стандартталған техникалық сынақтар әдісіне сай өлшеніп, электр бұйымды салыстыру арқылы басқа құралмен қолдана алынуына көз жеткізіңіз.

Құрал үшін белгіленген жалпы тербеліс мәні (мәндері) мен белгіленген шуыл эмиссия мәнін (мәндерін) жүктеменің бастапқы мәнін бағалау үшін де қолдана алынуына назарыңызды аударамыз.

Тербеліс және шуыл мәндері мен электр құралдың қолданып жатқан уақытында болған мәндері арасында ауытқу пайда болуы мүмкін, бұл осы құралдың қолдану түрі мен тәсіліне, әсіресе осы құралмен өнделетін өнімдердің түріне байланысты болады; керек болғанда, құрал пайдаланушыны қорғау үшін электр құрал пайдаланып жатқан уақытындағы тербеліс жүктемесін бағалау негізінде қарастырылған, лайықты шараларды белгілеп қолдану лазым (бұл үшін электр құралдың жұмыс циклдарының барлығын ескеріп жүру лазым, мысалы, электр құралдың өшіріліп қойған уақыттары және оның қайта іске қосып бірақ ешбір жүктемесіз тұрған уақыттары).

Аккумулятор

Bosch компаниясы аккумуляторлық электр құралдарын аккумуляторсыз да сатады. Электр құралыңыздың жеткізілім жынтығында аккумулятордың бар-жоғын қаптауыштан біліп алуға болады.

▶ Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-иондық аккумулятормен сәйкес.

Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.

Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне тірелгенше енгізіңіз.

Аккумуляторды шығару

Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату түймесін басыңыз және аккумуляторды электр құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.

Аккумуляторда, аккумуляторды босату түймесі байқаусызда басылып кеткенде, оның түсіп кетуінен қорғайтын 2 құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор электр құралына орнатулы болса, оны өз орнында серіппе ұстап тұрады.

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады.

Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған түймесін басыңыз. Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.

Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді.

Уздіксіз жарык 3× жасыл 60–100%
Уздіксіз жарык 2× жасыл 30–60%
Уздіксіз жарык 1× жасыл 5–30%
Жыпылыктайтын жарык 1× жасыл 0–5%
Уздіксіз жарык 5× жасыл 80–100%
Уздіксіз жарык 4× жасыл 60–80%
Уздіксіз жарык 3× жасыл 40–60%
Уздіксіз жарык 2× жасыл 20–40%
Уздіксіз жарык 1× жасыл 5–20%
Жыпылыктайтын жарык 1× жасыл 0–5%

Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар

Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.

Аккумуляторды тек – 20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.

Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.

Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.

Аккумуляторды күту

Аккумулятордың оңтайлы түрде қолдануын қамтамасыз ету үшін төмендегі нұсқаулар мен шараларды ұстанып жүріңіз:

– Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдықтан қорғаңыз. – Электр құралды және аккумуляторды температура аумағы -20 ℃ және 50 ℃ аралығында болған жерлерде ғана сақтаңыз. Аккумуляторды, мысалы, жазда көлікте қалдырмаңыз. – Аккумуляторды басқа электр бұйымнан шығарып алып, басқа электр бұйымнан бөлек сақтаңыз. – Тікелей күн сәулелері түсе алатын жағдайларда аккумуляторды басқа электр бұйым ішінде қалдырмаңыз. – Аккумуляторды сақтау үшін ең оңтайлы температура деңгейі болып 5 °C саналады. – Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап жүріңіз.

Қуаттандырылғанынан кейін жұмыс циклдарының айтарлықтай қысқарып қалуы аккумулятордың тозып қалғанын және оны ауыстыру керектігін білдіреді.

Баскару

Косу/Өшіру (C - D суреттерін қараңыз)

Аккумулятор толығымен енгізіліп, "сырт" дыбысы естілгенде (В суретін қараңыз), құралды іске қосу үшін алдыңғы айырып-қосқышын (3) және артқы түтқадағы айырып-қосқышын (2) бірге басыңыз (С суретін қараңыз).

Құралды өшіру үшін, артқы түтқадағы айырып-қосқышын (2) немесе алдыңғы айырып-қосқышын (3) босатыңыз, немесе осылардың екеуін де бірге босатыңыз (D суретін қараңыз).

Бақ қайшысымен жұмыс істеу (Е суретін қараңыз)

Бақ қайшысын біркелкі түрде кесу жолымен алға қарай жылжытыңыз. Екіжақты пышақ ұстағышы арқасында екі бағытта кесу немесе бір жақтан басқа жаққа қарай тербелгіш қозғалыстарының өткізілуі мүмкін болады. Бұталарды алдымен бүйірінен, одан кейін үстіңгі жақтарынан кесіңіз.

Бұталардың бүйірлерін біркелкі түрде тегіс қылып кесу үшін, бұтаны оның кесу бағытымен, яғни төменнен жоғарыға қарай кесуіңіз қажет. Бұталарды жоғарыдан төменге қарай кескен жағдайда жұқалау бұтақтар тысқа қарай шығып тұрып, осының салдарынан бұталарда жұқа жерлер немесе саңылаулардың пайда болуы мүмкін. Кесу барысының соңында бұтаның үстіңгі жағын біркелкі түрде кесу үшін, бұтаның бүкіл ұзындығы бойынша өзіңізге керекті биіктікте реттеуіш жібін керіп қойыңыз. Басқа заттардың, мысалы сымдардың, кесіліп қалмауына назар аударып жүріңіз. Себебі бұл пышақтың немесе жетектің зақымданып қалуына апара алады.

Бұғаттауға қарсы механизмі

Кесу пышағы кесу барысында бекем материалда бұғаталып қалған жағдайда қозғалтқыш жүктемесі шамадан асып кетеді. Жүктеменің осы шамадан асып кетуі “ақылды” микроэлектроника жүйесі арқылы белгіленіп отырып, қозғалтқыштың реттеліп, бірнеше рет қайта ауыстырылып, осының арқасында кесу пышағының бұғаталып қалуын болдырмауы мен материалдың тіліп кесілуі қамтамасыз етіліп отырады.

Осы, айырып-қосқыш басылып тұрған уақытта естілетін ауыстырылу 15 айналымға дейін өткізіліп тұрады.

Қайталанатын, ауыр кесу әрекеті өткізілсе бұғатталуға қарсы функциясын, осы функцияның баптауын қалпына келтіру үшін, 15 минут үшін өшіріп қоюға болады.

Материалды тіліп кескеннен кейін бақ электр құралы қалыпты түрде әрі қарай жұмыс істей береді, немесе жүктемесі шамадан тыс асып кетіп тұрған жағдайларда кесу пышағы автоматты түрде ашылып тұрған қалыпта тұрып қалады (мысалы, металлдан жасалған дуалдың бір бөлшегі кездейсоқ түрде бақ электр құралын бұғаттап қалғанда).

Қателерді белгілеу

BOSCH GHE 18V-50 (II) Professional - Қателерді белгілеу - 1

Симптомдар Мүмкін болған себептер Көмек

Бақ қайшысы жұмыс істемей тұр

Аккумулятор қуатсызданып қалған. Аккумуляторды қуаттандырып алыңыз,

"Қуаттандыру бойынша нұсқаулар" тарауын оқыңыз.

Аккумулятор дұрыс енгізіліп орнатылмаған. Бұғаттау сатылардың екеуі де толығымен енгізіліп орнатылуын тексеріңіз.

Симптомдар. Мүмкін болған себептер. Көмек.

Бақ қайшысы үзіліммен жұмыс істеп түрБақ электр бұйымының ішкі кабель жүйесі бұзылғанТехникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз
Қосу/өшіру түймешігі бұзылған Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз
Қозғалтқыштың бұру бағыты қайта-қайта өзгеріліп, шамамен 3 секндтан кейін тұрып қалады"Жұмыс нұсқаулары" (бұғаттауға қарсы механизмі) тарауын оқыңыз
Қозғалтқыш жылжып түрса да, пышақтар тұрып қаладыІшкі жүйелік қателер Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз
Пышақтар қызып кетедіПышағы дөкір Пышақдіңгектерін қайратып алыңыз
Пышақта кетіктер бар Пышақдіңгектерін тексертіңіз
Жағармайдың жеткіліксіз жағылуы себебінен үйкелістің тым жоғары болуыУстінен жағармайды бүркіп шашыңыз
Пышақ жылжымай түрАккумулятор қуатсызданып қалған Аккумуляторды қуаттандырып алыңыз, "Куаттандыру бойынша нұсқаулар" тарауын оқыңыз
Бақ электр бұйымы бұзылған Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз
Қатты вибрациялар/ шуылдарБақ электр бұйымы бұзылған Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз
Аккумулятордың бір куаттандыру циклы кесу барысының үзактығы үшін жеткіліксізЖағармайдың жеткіліксіз жағылуы себебінен үйкелістің тым жоғары болуыУстінен жағармайды бүркіп шашыңыз
Пышақты тазалау керек Пышақты тазалау
кесу нәтижелері нашар "Жұмыс бойынша нұсқаулар" тарауын (Е суретін қараңыз)
Аккумулятор толығымен токпен куаттандырылмағанАккумуляторды қуаттандырып алыңыз, "Куаттандыру бойынша нұсқаулар" тарауын оқыңыз
Пышақтар баяу ғана жылжып тұрады немесе бұғаттауға қарсы механизмі жұмыс істемей түрАккумулятор қуатсызданып қалған Аккумуляторды қуаттандырып алыңыз, "Куаттандыру бойынша нұсқаулар" тарауын оқыңыз
Аккумулятор лайықты температура дәрежесінде сақталмағанБатареяны лайықты бөлме температура дәрежесіне дейін жылытып алыңыз (0 - 35°C арасындағы үйғарынды температура дәрежесінде)

Техникалық күтім және қызмет көрсету

Күту, тазалау және сақтау

Бақ құралы бойынша кез келген жұмыстарды өткізу алдында (мысалы, күтім, бөлшектерін ауыстыру және т.б.), сонымен қатар оны тасымалдау мен сақтауда, құрал аккумуляторын құралдан шығарып алыңыз. Қосу/өшіру түймесін абайсыздан басып қалғанда жарақаттану қаупі пайда болуы мүмкін.

▶ Құралдың қауіпсіз және қалыпты түрде жұмыс істей алуы үшін, құралды таза қалыпта ұстаңыз.

▶ Құралды өзгерту бойынша ешбір жұмыстарды өз бетіңізбен өткізбеңіз. Лайықсыз және рұқсатсыз түрде өзгерту жұмыстарын өткізу құралдың қауіпсіздік сипаттарының нашарлануына апара алады.

Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.

Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.

168 | Қазақ

Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс:

– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.

Пайдаланудан кейінгі әрекеттер

▶ Кесу пышақтарының тістері өте өткір. Бұл пайдаланушының кесіліп, жарақат алуына әкелуі мүмкін.

Төзімді материалдан жасалған жұмыс қолғаптарын киіп жүріңіз.

Бақ қайшысын тазалау

Бақ қайшысын өшіріп, аккумуляторды шығарып алыңыз. Бақ қайшысын дымқыл шүберекпен сүртіп, пышақтарға BOSCH компаниясының майлау спрейін бүркіп жағыңыз. Алдыңғы қол тұтқасының айналасын таза жұмсақ шүберекпен немесе таза қылшақпен тазалаңыз.

Жөндеу

Бақ қайшысы мен аккумуляторды жөндеу

Бақ қайшысын, кесу пышақтарын және аккумуляторды жөндеу жұмыстары пайдаланушы арқылы өткізілмеуі тиіс.

Зақымданып бұзылып қалған бақ қайшысын немесе кесу пышағын ешқашан пайдаланбаңыз. Ақаулы бақ қайшысымен жұмыс істемеңіз, BOSCH компаниясының қызмет көрсету бөліміне жүгініңіз.

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарыңызға жауап береді. Құрамалық сызбаны және қосалқы бөлшектер бойынша деректерді келесі сайттан таба аласыз: www.bosch-pt.com

Құралды пайдалану бойынша кеңес беретін Bosch қызметкерлер тобы өнімдеріміз және оларға арналған қосалқы бөлшектер бойынша сұрақтарыңызға жауап беруге дайын.

Сұрақтарыңызды қойғаныңызда және қосалқы бөлшектерге тапсырыс бергеніңізде әрқашан міндетті түрде өнімнің зауыттық тақташасындағы 10-санды өнім нөмірін атаңыз.

Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Қазақстан

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:

"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС

Алматы қ.,

Қазақстан Республикасы

050012

Мұратбаев к-сі, 180 үй

"Гермес" БО, 7 қабат

Тел.: +7 (727) 331 31 00

Факс: +7 (727) 233 07 87

E-Mail: ptka@bosch.com

Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз

Сервистік орталықтардың мекенжайларын мына жерден таба аласыз:

Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады:

– механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының бар болуы; – электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.

Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:

– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген сынықтар; – барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы.

Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін

қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:

– табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның бөліктері; – электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)

Тасымалдау

Ұсынылған литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға бағынады. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.

Үшінші тараптар (мысалы, әуе немесе жүк тасымалдау компаниясы) орауышқа және таңбаламаға қойылатын арнайы талаптарды сақтауы керек. Жіберілетін жүкті дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау сарапшыларымен хабарласу керек.

Аккумуляторды корпусы зақымдалмаған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.

Кәдеге жарату

BOSCH GHE 18V-50 (II) Professional - Кәдеге жарату - 1

Өнімдер, аккумуляторлар, керек-жарақтар мен қаптамалар экологиялық тұрғыдан лайықты түрде қайта өңделуге тапсырылуы тиіс.

BOSCH GHE 18V-50 (II) Professional - Кәдеге жарату - 2

Электр құралдарын және аккумуляторларды/батареяларды тұрмыстық қалдықтар контейнерлеріне тастамаңыз!

Тек қана ЕО елдері үшін:

Еуропа Одағының 2012/19/EU директивасы сай, қолдану үшін жарамсыз болып қалған өнімдер және, Еуропа Одағының 2006/66/ЕС директивасына сай, ақаулы немесе тозған аккумуляторлар/батареялар іріктеліп жиналып, экологиялық тұрғыдан лайықты түрде қайта өңделуге тапсырылуы тиіс.

Лайықсыз түрде кәдеге жаратылған жағдайда, ескі электр және электрондық құралдар, оларда қауіпті заттардың бар болуы ықтималдығы себебінен, қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына қауіпті түрде әсер етуі мүмкін.

Аккумуляторлар/батареялар:

Li-ион:

(караңыз „Тасымалдау“, Бет 169) тарауындағы нұсқауларына назар аударыңыз.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GHE 18V-50 (II) Professional

Санат : Тікенекті кескіштер