MultiMix 3 4644 - Ас үй роботы BRAUN - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз MultiMix 3 4644 BRAUN PDF форматында.

BRAUN MultiMix 3 4644 - Ас үй роботы
📄 84 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice BRAUN MultiMix 3 4644 - page 67
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түріАс үй роботы (батырма араластырғыш)
БрендBraun
МодельMultiMix 3 4644
Қуат көзі220-240 В, 50-60 Гц
Қуат400 Вт
Жылдамдықтар саны12 жылдамдық + турбо
Турбо функциясыИә, түйме арқылы қосу
Аяқ материалыТот баспайтын болат
Жинақ мазмұныҚозғалтқыш блогы, араластырғыш аяқ, шайқауыш, өлшеуіш тостаған (600 мл), илеу ілгектері
Өлшемдер (Ұ x Е x Б)7 x 7 x 38 см
Салмағы0,9 кг
Кабель ұзындығы1,2 м
Басқару түрі12 позициясы бар сырғытпа дөңгелек
ҚауіпсіздікҮздіксіз жұмыс үшін турбо түймесін бекіту; шамадан тыс жүктеме кезінде автоматты тоқтау
КүтімҚозғалтқыш блогын дымқыл шүберекпен тазалау; керек-жарақтарды ыдыс жуғыш машинада жууға болады
Жөндеу мүмкіндігіBraun сатудан кейінгі қызметі арқылы қосалқы бөлшектер қолжетімді
Кепілдік2 жыл
ТүсАқ және қызғылт сары

Жиі қойылатын сұрақтар - MultiMix 3 4644 BRAUN

Braun MultiMix 3 4644 турбо функциясын қалай пайдалануға болады?
Турбо функциясын іске қосу үшін тұтқадағы турбо түймесін басыңыз. Бұл ең қатты тағамдарды араластыру үшін қосымша қуат береді.
Араластырғыш аяқпен ыстық тағамдарды араластыруға бола ма?
Иә, тот баспайтын болаттан жасалған араластырғыш аяқ жылуға шыдайды. Дегенмен, қозғалтқышты зақымдамау үшін 80°C асырмаңыз.
Шайқауышты және илеу ілгектерін қалай тазалау керек?
Бұл керек-жарақтарды ыдыс жуғыш машинада немесе сабынды жылы сумен жууға болады. Оларды дереу кептіріңіз.
Өлшеуіш тостаған микротолқынды пешке жарамды ма?
Жоқ, өлшеуіш тостаған микротолқынды пешке арналмаған. Оны тек араластыру ыдысы ретінде пайдаланыңыз.
Құрылғы жұмыс кезінде тоқтап қалса, не істеу керек?
Егер шамадан тыс жүктеме анықталса, бұл қалыпты жағдай. Құрылғыны 10 минут бойы суытып, содан кейін тағам мөлшерін азайтыңыз.
Қосалқы бөлшектер қолжетімді ме?
Иә, Braun сатудан кейінгі қызметі арқылы араластырғыш аяқ, шайқауыш немесе ілгек сияқты бөлшектерге тапсырыс беруге болады.
Жылдамдықты қалай өзгертуге болады?
Тұтқадағы дөңгелекті қажетті позицияға (1-ден 12-ге дейін) сырғытыңыз. 1 жылдамдық ең баяу, 12 ең жылдам.
Араластырғышты тот баспайтын аяқсыз пайдалануға болады ма?
Жоқ, қозғалтқыш блогы жұмыс істеу үшін әрқашан кем дегенде бір керек-жарақпен (араластырғыш аяқ, шайқауыш немесе ілгектер) жиналуы керек.
Braun MultiMix 3 4644 кепілдігі қандай?
Заңды кепілдік 2 жыл. Кез келген шағым үшін түбіртекті сақтаңыз.
Мұз кесектерін араластыруға болады ма?
Иә, бірақ тек турбо функциясымен импульстік режимде. Үздіксіз 30 секундтан артық жұмыс істеуге болмайды.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы MultiMix 3 4644 BRAUN

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ас үй роботы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз MultiMix 3 4644 - BRAUN және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. MultiMix 3 4644 брендінің BRAUN.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ MultiMix 3 4644 BRAUN

Біздің өнімдер сапа, жұмыс өнімділігі мен сыртқы көрінісі бойынша ең жоғары талаптарға сай болатын етіп жасалады. Біз жаңа Braun құрылғыңыздың пайдасын толық көресіз деп үміттенеміз.

Осы өнімді пайдаланардан бұрын нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.

Ескертпе

  • Жүздер және құралдар өте өткір болады! Жарақаттануды болдырмау үшін оларды сақтықпен қолданыңыз.
  • Бұл құрылғы тек үй іші қолданысына, қалыпты үй шараларының мөлшеріне арналған.
  • Қуатпен қамту сымы ауыстырылмайды. Егер сым зақымдалған болса, құрылғы кәдеге жаратылуы тиіс.
  • Қараусыз қалдырылса және жинау, бөлшектеу, тазалау немесе сақтауға қою алдында әрқашан құрылғыны розеткадан суырыңыз.
  • Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс. Тазалау және техникалық қызмет көрсету балалар тарапынан бақылаусыз орындалмауы тиіс.
  • Қимылдау, сезіну немесе ойлау қабілеті шектеулі және тәжірибесі мен хабары жоқ тұлғаларға, құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану жайлы нұсқаулықтар берілген жағдайда және төнетін қауіпті түсінген жағдайда ғана қолдануына рұқсат етіледі.
  • Бұл құрылғыны балалардың қолданбауы тиіс.
  • Құрылғы мен оның сымын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Жинау, бөлшектеу немесе тазалаудың алдында құрылғыны өшіріп, қуат көзінен ажыратыңыз.
  • Абай болыңыз, егер тамақ комбайнына немесе блендерге ыстық сұйықтық төгілсе, күтпеген жерден шыққан будың әсерінен олар құралдан босап кетуі мүмкін.
  • Бөлшектерін микротолқынды пешпен қолданбаңыз.
  • Жеке жарақат алу қаупін азайту үшін қолдарыңызды, шашыңызды, киімдерді және қалақшалар мен басқа құралдарды араластырғыштар

мен қамыр ілгектерінен қашық ұстаңыз. Жұмысы кезінде қозғалыстағы бөлшектеріне қолыңызды тигізбеңіз.

Сипаттамасы

1 Шығару түймесі 2 Қосу/Өшіру түймесі (I = қосу, 0 = өшіру) 3 Жылдамдық реттегіш 4 Мотор бөлігі 5 Қойылтқыш / қамыр ілгектеріне арналған тесіктер 6 Кол-блендер / турағыш тесіктері 6а Итергі 7 Қамыр ілгектері 8 Қойылтқыштар 9 Кол-блендер саптамасы (егер жабдықталса) 10 Өлшегіш ыдыс 11 Турағыш саптамасы (егер жабдықталса) 11а Турағыш қақпағы (беріліс қорабымен бірге) 11b Жүз 11c Турағыш ыдысы 11d

Жұмыс ұзақтығы: қамыр ілгектерімен 5 минут, қойылтқыштармен 15 минут

Бірінші рет пайдалану алдында барлық бөліктерді тазалаңыз — «Тазалау» тарауын қараңыз.

Кол-араластырғышты пайдалану (А)

Қамыр ілгектері ашыған қамыр, паста қамыры, тәтті қамыр, ауыр ет қамырларын араластыруға қолайлы. Қойылтқыштарды торт және бисквит қамырлары, езілген картоп, көпіршітілген крем (кем дегенде 100 мл крем), жұмыртқа ағы мен қою ингредиенттер үшін қолданыңыз.

  • Итергіні (6а) суретте көрсетілгендей орналастырып, қамыр ілгектерін (7) немесе қойылтқыштарды (8) енгізіңіз.
  • Ингредиенттерді ыдысқа салыңыз.
  • Қолданысқа қарай, жылдамдық деңгейін (1 ... турбо) жылдамдық реттегіш (3) арқылы таңдаңыз. Шашырамас үшін, әрқашан төмен деңгейлі жылдамдықпен бастап, жылдамдығын біртіндеп көтеріңіз.
  • Құрылғыны қосу/өшіру үшін қосу/өшіру (2) түймесін басыңыз.
  • Қолданып болғаннан кейін, құрылғыны өшіріп, қамыр ілгектерін немесе қойылтқыштарды (1) түймесін басып, шығарыңыз.

Нәтижесі жақсы болу үшін:

  • Торт құймалары және т.б. нәтижесі жақсы болу үшін барлық ингредиенттердің температурасы бірдей болуы тиіс. Май, жұмыртқалар немесе басқа тағамдарды тоңазытқыштан қолданысқа дейін біраз уақыт бұрын алып қою қажет. – Егер қаймақты көпіршітуге дейін жақсылап салқындатсаңыз, крем жақсы көпіршиді.
  • Мыжылған картоп біркелкі болып мыжылуы үшін қолданылатын барлық ингредиенттер ыстық болуы тиіс (картопты пісе салысымен мыжу керек).

Кол-блендер саптамасы жылдам және оңай араластырады. Соус, кеже, майонез, диеталық немесе сәби тағамын өзірлеу үшін қолданыңыз.

  • Итергіні (6а) суретте көрсетілгендей орналастырып, қол-блендер саптамасын енгізіңіз. Қол-блендер саптамасын (9) тесікке кіргізгенде саптамадағы белгілерін мотордағы белгілермен қатарластырыңыз. Қол-блендерді сағат тілі бағытында 90° бұрап, кілт еткізіп бекітіңіз.
  • Құрылғыны қосуға дейін, қол-блендер саптамасын тігінен ыдысқа салыңыз. Қол-блендерді ыдысқа салғанда 2/3 бөлігінен асырмаңыз.
  • Шашырамас үшін, әрқашан төмен деңгейлі жылдамдықпен бастан, жылдамдығын біртіндеп көтеріңіз.
  • Қол-блендер саптамасын қолданғанда қосу-өшіру түймесін басып, ұстап тұрыңыз.
  • Егер тамақты пісіп жатқан қазанның ішінде тікелей араластыру қажет болса, блендер ысып кетпес үшін, қазанды оттан түсіріп алыңыз.
  • Құрылғыны өшіру үшін, саптаманы ыдыстан алмас бұрын, қосу/өшіру түймесін босатып, қуат көзінен ажыратыңыз.

- Қол-блендер саптамасын алу үшін, сағат тіліне қарсы 90° бұрап, тартып алыңыз.

Маңызды: Өлшегіш ыдысты (10) қол-блендермен ғана және шағын мөлшерлі тағамдармен ғана қолданыңыз. Қойылтқышпен қолдануға болмайды.

Турағыш саптамасын қолдану (С)

Турағыш саптамасы ет, сыр, шөптер, сарымсақ, сәбіз, жаңғақтар, т.б. үшін қолдануға арналған.

  • Турауға дейін: Ет, сыр, пияз, сәбіздерді (5-ші беттегі кестені қараңыз) алдын ала тураңыз, шөптердің сабағын, жаңғақтардың қабығын, еттің сүйегі мен сіңірін алып тастаңыз.
  • Тұрақтандырғыш жүзіктің (11d) ыдысқа бекітілуін қадағалаңыз.
  • Сақтандыру: Жүздің пластик қабын абайлап алыңыз. Жүзі өте өткір! Жоғарғы жағындағы пластик бөлігінен ғана ұстаңыз.
  • Жүзді турағыштың ыдысының ортасындағы істікке орналастырыңыз, төмен қарай басып, бекітіңіз.
  • Турағыштың ыдысына тамақты салыңыз.
  • Турағыштың қақпағын (11а) салып, дұрыс жабылуын қадағалаңыз.
  • Итергіні (ба) суретте көрсетілгендей орналастырып, турағыштың қақпағының істігін қақпақтағы белгілерді мотордағы белгілеріне қатарластырып енгізіңіз. Мотор белгісін сағат тілі бағытында 90° бұрап, кілт етіп бекітіңіз.
  • Шашырамас үшін, әрқашан төмен деңгейлі жылдамдықпен бастап, жылдамдығын біртіндеп көтеріңіз.
  • Турағыш саптамасын қолданғанда қосу/өшіру түймесін төмен қарай басып қойыңыз және мотор бөлігін қолыңызбен ұстап тұрыңыз. Қатты тағамдарды турағанда (мысалы, қатты сыр), турбо жылдамдығын қолданыңыз.
  • Пісірілген тағамдарды турағанда турағыш ыдысына салуға дейін суытып алыңыз.
  • Түймесін басып, құрылғыны өшіріңіз және бөлшектемес бұрын қуат көзінен ажыратыңыз.
  • Мотор бөлігін алу үшін турағыш саптамасын қолыңызбен ұстап тұрып, мотор бөлігін сағат тіліне қарсы 90° бұрап, көтеріп шешіп алыңыз.
  • Турағыш ыдысынан тағамды аларда жүзін алып тастаңыз.

Маңызды: Мұз кесектері және кофе дәндері сияқты қатты тағамдар үшін пайдаланбаңыз.

Рецепт мысалдары:

Ванилин және бал қосылған өрік (құймақ салмасы немесе жағын ретінде):

  • Турағыш ыдысына (11) 300 г өрік және 300 г қою бал салыңыз.
  • Ең жоғары жылдамдықпен 10 секунд айналдырыңыз.
  • 100 мл су құйыңыз (ванилин қосылған). • 3 секундтай қайта айналдырыңыз.

Құрылғыны тазалау (D)

Құрылғыны тазалауға дейін қуат көзінен ажыратыңыз.

  • Мотор бөлігін (4) дымқыл шүберекпен ғана сүртіңіз. Суға батыруға немесе үстінен су ағызуға болмайды.
  • Қол-блендер саптамасы (9) мен турағыш қақпағын (11а) ағып тұрған сумен ғана жуыңыз. Суға батырмаңыз.
  • Басқа бөлшектерінің барлығын ыдыс жуатын машинамен жууға болады.

Бояуы бар тағамдарды қолданғанда (мысалы, сәбіз), құрылғының пластик бөлшектерінің түсі өңады.

Бұл бөліктерін жуарда өсімдік майымен сүртіңіз.

Шығарылған жылы

Шығарылған жылын белгілеу үшін бұйым тақташасындағы 5-сандық шығарушы кодын қараңыз. Шығарушы кодының бірінші саны шығарған жылдың соңғы санын білдіреді. Келесі 2 сандар шығарылған жылдың күнтізбелік апта санын білдіреді. Ал соңғы 2 сандар 1992 жылдан бастап автоматты түрде есептелген басып шығару мерзімін білдіреді.

Мысалы: 30421 – Бұйым 2013 жылының, 4 аптасында шығарылған.

EAC

Қолмен араластырғыш, MultiMix 3 НМ 3100, НМ 3105, НМ 3135 Тип 4644 220-240 Кернеу, 50-60 Гц, 500 Ватт

Румынияда жасалған Делонги Браун Хаусхолд ГмбХ Германия Өндіруші: Делонги Браун Хаусхолд ГмбХ Карл-Улрих-Штрассе 1 63263 Ной-Изенбург

Кепілдік қызмет көрсету мерзімінде немесе одан кейін қызмет көрсету, сондай-ақ ақаулықтарды анықтау мәселелері бойынша Braun компаниясының Тұтынушыларға қызмет көрсету қызметіне 8 800 200 5262 телефоны арқылы хабарласыңыз.

Бұйымды пайдалану нұсқаулығына сәйкес өз мақсатында пайдалану керек. Бұйымның қызмет мерзімі тұтынушыға сатылған күннен бастап 2 жылды құрайды.

Импорттаушы:

«Делонги» ААҚ, Ресей, 127055, Мәскеу қаласы, Сущёвская көшесі, 27/3-үй (27-үй, 3-құрылым)

Мәселе Себебі Шешімі
Қол-миксер жұмыс істемейді.Электр қуаты жок. Құрылғының қуат көзіне қосылып түрғанын тексеріңіз. Уйdegі сақтандырғыш/автоматты өшіру Құрылғысын тексеріңіз. Жоғарыдағы себептер болмаса, Враип қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қол-миксер қосылғанда әдеттен тыс шуыл шығарады.Араластырғыштар қате ұяға енгізілген (кезекте).Араластырғыштарды дұрыс ұяға салыңыз.
Саптамасы немесе туғағыш салынғанда, қосу түймесі "қосылу" күйінде түрмайды.Бүл қалыпты жағдай; құралдың арнайы қауіпсіздік функциясы.
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BRAUN

Модель : MultiMix 3 4644

Санат : Ас үй роботы