Impact Plus FC8384 - Шаңсорғыш PHILIPS - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Impact Plus FC8384 PHILIPS PDF форматында.
| Өнім түрі | Тік шаңсорғыш |
| Модель | Impact Plus FC8384 |
| Бренд | Philips |
| Түсі | Қызыл және сұр |
| Өлшемдері (Б x Е x Т) | 110 см x 30 см x 25 см |
| Салмағы | 5.5 кг |
| Қуат көзі | 220-240 В, 50-60 Гц |
| Қуат тұтынуы | 1800 Вт |
| Сым ұзындығы | 8 м |
| Шаң сыйымдылығы | 2.0 л (қапсыз) |
| Сүзу жүйесі | HEPA сүзгісі |
| Шу деңгейі | 80 дБ |
| Тазалау радиусы | 9 м |
| Қосымша құрылғылар | Жарық саңылау құралы, шаң сүрткіш щетка, жиһаз щеткасы |
| Негізгі функциялар | Кілем және қатты еден тазалау |
| Күту | Сүзгіні жүйелі түрде тазалау, шаң ыдысын босату |
| Қауіпсіздік шаралары | Ылғал едендерде қолданбаңыз; судан алыс ұстаңыз |
| Қосалқы бөлшектердің болуы | Сүзгілер, белдіктер, щетка роликтері бар |
| Жөндеу мүмкіндігі | Пайдаланушы сүзгілер мен щеткаларды ауыстыра алады; моторды кәсіби жөндеу |
| Жарамды еден түрлері | Қатты едендер, кілемдер, кілемшелер |
Жиі қойылатын сұрақтар - Impact Plus FC8384 PHILIPS
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Impact Plus FC8384 PHILIPS
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Impact Plus FC8384 - PHILIPS және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Impact Plus FC8384 брендінің PHILIPS.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Impact Plus FC8384 PHILIPS
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетіне тіркеңіз. Қуатты қысыммен үтіктеу жүйесі будың үздіксіз шығуын қамтамасыз етеді, бұл үтіктеуді жеңілдетеді. Су ыдысы үлкен болғандықтан, тоқтамастан ұзақ үтіктеуге болады. Су ыдысы босаған кезде, оны жылдам суырып алып, қайта толтыруға болады. Осы үтіктеу жүйесін қолдану сізге ұнайды деп үміттенеміз.
Жалпы сипаттама (Сурет 1)
A Бу беру шлангісі B Тұтқа C Температураны реттеу дөңгелегі D Бу шығару тетігі E Температура шамы F Бу шығару бекітпесі G Бу шығару түймесі (тек GC8325/GC8320 үлгілерінде) H Үтіктің табаны I Қауіпсіз сақтау бекітпесі (тек GC8325/GC8320 үлгілерінде) J Тұпқойма K Алынбалы су ыдысы L Ток сымы мен шлангіні жинайтын ілмек M Calc-Clean жүйесінің қақпағы N Су құятын тесік O Су ыдысын босату тетігі P Бу генераторы Q Қуат жарығы бар қосу/өшіру түймесі (тек GC8325/GC8320 үлгілерінде) R Тасымалдау ұстағышы S «Су ыдысын толтыру» жарығы (тек GC8325/GC8320 үлгілерінде) T «Қақты тазалау» жарығы (тек GC8325/GC8320 үлгілерінде) U Ток сымы V Бу түймелері (+/-) (тек GC8325/GC8320 үлгілерінде) W Бу жарығы бар бу генераторының басқару панелі (тек GC8325/GC8320 үлгілерінде) - = көп бу шығару - = орташа бу шығару - ЭКО = аз бу шығару - = бусыз X Шамы бар қосу/өшіру түймесі (тек GC8210 түрінде ғана)
Маңызды
Құрылғыны қолданбастан бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті
- Ешқашан үтікті немесе бу генераторын суға батырмаңыз.
Ескерту
- Құрылғыны қоспастан бұрын үтіктің параметрлері жазылған жапсырмада көрсетілген кернеу жергілікті электр желісінің кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
- Егер ашасында, ток сымында, бу беру шлангісінде немесе құрылғының өзінде көзге көрінетін зақым болса, құрылғы жерге түсіп кетсе немесе су тамшылап тұрса, оны қолданбаңыз.
- Егер ток сымы немесе бу беру шлангісі зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін оны Philips компаниясы, Philips компаниясы ұсынған қызмет көрсету орталығы немесе білікті мамандар сізге ауыстырып беруі керек.
- Құрал қуат көзіне қосылып тұрса, оны бақылаусыз қалдырып кетпеңіз.
- Мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және білімі мен тәжірибесі аз адамдар (балаларды қоса) бұл құралды олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамның қадағалауымен немесе құралдың қалай пайдалану жөнінде нұсқау берілген жағдайда ғана қолдануына болады.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.
- Ток сымын және бу беру шлангісін үтіктің ыстық табанына тигізбеңіз.
- Егер құрал қызған сайын, Calc-Clean жүйесі қақпағының астынан бу шығып жатса, міндетті түрде құралды өшіріп, қақпақты нығыздап жабыңыз. Егер бу шығуын тоқтатпаса, құралды өшіріп, Philips компаниясы ұсынған қызмет орталығына хабарласыңыз.
- Бу генераторы ысып тұрғанда Calc-Clean жүйесінің қақпағын алуға болмайды.
- Құралмен бірге жабдықталған Calc-Clean жүйесі қақпағынан басқа қақпақты бу генераторына қолдануға болмайды, себебі бұл қақпақ қауіпсіздік қақпағы ретінде де қызмет атқарады.
Абайлаңыз
- Құрылғыны тек жерге тұйықталған розеткаға ғана қосыңыз.
- Ток сымы мен бу беру шлангісінің зақымдалмағанын жиі тексеріп тұрыңыз.
- Әрдайым үтікті және бу шығарушыны тұрақты, тегіс және көлбеу бетке қойып, қолданыңыз.
- Үтіктің табаны өте ыстық болады, байқамай тиіп кетсеңіз, теріңіз күйіп қалуы мүмкін.
- Үтіктеп болғаннан кейін, оны тазалап, су ыдысын толтырып немесе босатып жатқанда, сондай-ақ, үтікті тіпті аз уақытқа тастап кетіп бара жатқанда: үтікті тұғырға салып, ток сымын қабырғадағы розеткадан суырып тастаңыз.
- Бу генераторын «Тазалау және күту» тарауындағы нұсқауға сәйкес жиі шайып тұрыңыз.
- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.
Philips компаниясы шығарған бұл құрал электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қолданылса, қазіргі кездегі белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құралды қолдану қауіпсіз деуге болады.
Алғаш пайдаланар алдында
Ескертпе: Алғаш рет қолданып жатқанда, үтік біраз түтінденуі мүмкін. Сол уақыттан соң бұл құбылыс жойылады.
Ескертпе: Үтікті алғаш рет қолданған кезде, үтіктің табанынан кейбір қалдықтар шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай; қалдықтар зиянсыз әрі олар аз уақыттан кейін үтіктен шығуын тоқтатады.
Ескертпе: Құралды қосқан кезде бу генераторы ауа сорған дыбыс шығаруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай; дыбыс судың бу генераторына сорылып жатқандығын білдіреді.
1 Үтіктің табанындағы кез келген жапсырманы немесе қорғаушы қапты алып тастап, үтіктің табанын жұмсақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
Қолдануға дайындау

1 Бу генераторын тұрақты және тегіс жерге қойыңыз, мысалы, үтіктеуге арналған тақтаның қатты бөлігіне немесе үстел үстіне.
Су ыдысын кез келген уақытта толтыра аласыз, тіпті қолданып жатқан кезде де толтыруға болады.
Этір суын, сірке суын, крахмал, қақ кетіретін сұйықтықтар, үтіктеуге жәрдемдесетін немесе басқа химиялық заттарды су ыдысына құюға болмайды.
Су ыдысын қатты толтырып жібермеңіз, әйтпесе, су ыдысын қайта орнатып жатқанда, су толтыратын тесіктен су төгіліп кетуі мүмкін.

1 Алынбалы су ыдысын бу генераторынан шығарып алыңыз.
2 Су ыдысына ағын судан ең жоғарғы деңгейіне дейін толтырып су құйыңыз.
Ескертпе: Егер сіздің аймағыңыздағы ағын су өте қатты болса, онда судың дәл жартысына дистилляцияланған су араластырғаныңызды кеңес береміз.
3 Су ыдысын бу генераторына қайтадан сырғытып кіргізіңіз («сырт» ете түседі).
Ескертпе: Егер су ыдысы дұрыс орнатылмаған болса, онда үтіктен бу шықпайды.

«Су ыдысын толтыру» жарығы (тек GC8325/GC8320 үлгілерінде)
Су ыдысы босағанда, су ыдысы бос шамы жыпылықтай бастайды да, бумен үтіктеу мүмкін болмайды.
1 Су ыдысын алып, оған таза, суық ағын суды құйыңыз.
2 Су ыдысын қайтадан бу генераторына салыңыз.
Υтік бумен үтіктеуге қайтадан дайын.
1 Киіміңіздің күтім жапсырмасында көрсетілген киімді күту ақпаратын қарап, талап етілетін үтіктеу температурасын тексеріп алыңыз.
- ● Синтетикалық маталар (мысалы, ацетатты мата, вискоза, полиамид) мен жібек
- ●● Жүн үшін
- ●●● Мақта үшін
- MAX кендір үшін
2 Қажетті үтіктеу температурасын орнату үшін температураны реттеу дөңгелегін тиісті мәнге қойыңыз.
3 Құралды тек жерге қосылған розеткаға қосуға болады.
4 Құралды қосыңыз.
- Тек GC8325/GC8320 үлгілерінде: қосу/өшіру түймесін бір рет басыңыз.
▶ Қосу/өшіру түймесіндегі шам жанады.
Υтіктегі температура шамы жанады. Υтік алдын ала орнатылған температураға жеткенде, температура шамы сөнеді.
Ескертпе: Бумен үтіктеп жатқанда, температура шамы анда-санда жанып отырады. Бұл үтіктің қажетті температураға қызып жатқандығын білдіреді.
Бу шығару шамы жыпылықтай бастайды. Шамамен 2 минут өткен соң, бу шығару шамы үздіксіз жанып, бу генераторының бумен үтіктеуге дайын екендігін білдіреді.
- Тек С8210 түрі: Қосу/өшіру түймесін «қосу» күйіне қойыңыз.
▶ Қосу/өшіру түймесіндегі шам сөнеді.
Үтіктің температура шамы жанады. Үтік алдын ала орнатылған температураға жеткенде, температура шамы сөнеді.
Ескертпе: Бумен үтіктеп жатқанда, температура шамы анда-санда жанып отырады. Бұл үтіктің қажетті температураға қызып жатқандығын білдіреді.
Шамамен 2 минут өткен соң, бу генераторы бумен үтіктеуге дайын болады.
Кеңестер
- Егер сіз заттың қандай матадан жасалғанын білмесеңіз, қажетті үтіктеу температурасын, киімді кигенде көрінбейтін жерін үтіктеу арқылы анықтап алыңыз.
- Егер матаңыз бірнеше түрлі қосындылардан құралған болса, ең сезімтал қосынды талап ететін температураны таңдаңыз, мәселен, ең төмен температураны. Мысалы, егер сіздің затыңыз 60% полиэстер мен 40% мақтадан құралған болса, онда бұл затты
полиэстерге ( ●) арналған температура бойынша және бусыз үтіктеу керек.
- Заттарды үтіктей бастағанда, алдымен төмен температурада үтіктейтін заттардан бастаңыз, мысалы: синтетикалық маталардан.
- Егер үтіктеп жатқанда төменірек температураға қойсаңыз, үтіктеуді жалғастырмас бұрын үтіктің көрсетілген температураға дейін суығанын күтіңіз. Үтік тезірек суу үшін, бу шығару тетігін басыңыз немесе бір матаны үтіктеңіз.
Құралды қолдану
Бумен үтіктеу
Ұзақ уақыт бойы үтіктеп тұрғанда бу беру шлангісі ысып кетуі мүмкін.
Ескертпе: Бумен үтіктеп жатқанда жүйе анда-санда ауаны сорған дыбыс шығаруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай: бу генераторына судың сорылып жатқандығын білдіреді.
1 Су ыдысында жеткілікті мөлшерде су бар екенін тексеріңіз. 2 Құрал токқа қосылғандығын және қосу/өшіру түймесі арқылы қосылғандығын тексеріңіз («Қолдануға дайындық» тармағын қараңыз). 3 Қажетті үтіктеу температурасын орнатыңыз («Қолдануға дайындау» тарауын қараңыз). Бумен үтіктеу тек үтіктеу температурасы ●● жоғарырақ болғанда ғана мүмкін.
4 Тек GC8325/GC8320 үлгілерінде: Қажетті бу параметрін бу генераторының басқару панеліндегі + және – түймелері арқылы орнатыңыз.
көп бу шығару үшін (температура бағдарламасы MAX). ① орташа бу шығару үшін (температура бағдарламасы ●●● MAX). Аз бу шығару үшін «ECO» параметрі (●● және «MAX» (EH ЖOF.) арасындағы температура параметрлері). бусыз үтіктеу үшін (температура бағдарламасы ● MAX).
▶Бу шығару шамы жыпылықтап, бу генераторының қызып жатқандығын білдіреді.
Шамамен 2 минут өткен соң, бу шығару шамы үздіксіз жанып, бу генераторының бумен үтіктеуге дайын екендігін білдіреді.
Ескертпе: Үтіктеу кезінде + және – бу реттеу түймелері арқылы бу бағдарламасын реттей аласыз. Аз уақыт ішінде шығарылатын бу мөлшері реттеледі.
5 Бумен үтіктеу үшін бу шығару тетігін басыңыз.
Үтіктеп болғаннан кейін, үтікті қойғыңыз келсе, оны тігінен немесе үтік тұпқоймасына қойыңыз.
Бу генераторындағы бу шығару қақпағын ашып-жапқан кезде, «сырт» еткен дыбыс шығарады. Бұл қалыпты жағдай.
Бу шығаруды бекіту функциясы
Бу шығару бекітпесі буды шығару тетігін қайта-қайта баспай-ақ, тоқтамастан бумен үтіктеу мүмкіндігін береді.


- Бу шығару бекітпесін алға қарай сырғытсаңыз, үтік үздіксіз бу шығарып тұрады. Бу шығаруды тоқтату үшін, бу шығару бекітпесін артқа қарай сырғытыңыз.
- Бу шығару бекітпесін ажыратқан жағдайда, үтік тек бу шығару тетігін басқанда ғана бу шығарады.
Ескертпе: Үтікті тігінен тұрғызғанға немесе тұпқоймаға қойғанға, бу шығару бекітпесін босатыңыз. Сонда үтіктен ыстық бу да шықпайды, үтік тұпқаймасы суланбайды.

Буды адамдарға бағыттаушы болмаңыз.
1 Ілулі тұрған перделер мен киімдерді (пиджак, костюм, сыртқы киімдер) бумен үтіктеу үшін, үтікті тігінен ұстап, бу шығару тетігін басыңыз.

Бу шығару (тек GC8325/GC8320 үлгілерінде)
Өте қуатты бу шығару функциясы қиын қыртыстарды кетіреді.
1 Температураны реттеу дөңгелегін ●●● және MAX аралығындағы мәнге қойыңыз.
2 Бу шығару түймесін басыңыз.
Ескертпе: Бу шығару функциясын қолданғанда, арасында үзіліс жасап тұру қажет. Егер үтіктің табанынан су тамшылап жатса, бу шығару функциясын қайта қолданар алдында үтікті кем дегенде бір минут қыздырып алыңыз.
Бусыз үтіктеу
Бусыз үтіктеудің бір немесе екі жолы бар:
- Барлық түрі: Бу шығару тетігін баспай-ақ, үтіктей бастаңыз.
- Тек GC8325/GC8320 үлгілерінде: ⚫ (бусыз) бу параметрін таңдап, үтіктеуді бастаңыз.

Кеңестер
- Жүннен жасалған маталарды бумен үтіктеген кезде, жылтыр дақтар пайда болуы мүмкін. Мұның алдын алу үшін үстінен мата салып немесе заттың ішін сыртқа қаратып, оны ішінен үтіктеңіз.
- Жібек, жүн немесе синтетикалық материалдар: жылтыр дақ қалдырмау үшін матаның қарама-қарсы жағынан үтіктеңіз.
- Жылтыр дақ пайда болуы мүмкін ши барқыт және басқа маталарды аз ғана басып, тек бір бағытта (түк бойымен) үтіктеңіз.
- Боялған жібекті үтіктеген кезде буды қолданбаңыз. Бұл дақтардың пайда болуына әкелуі мүмкін.
Тазалау және күтіп ұстау
Үтіктеуден кейін

1 Үтікті тұғырына қойып («Сақтау» тармағын қараңыз), құралды сөндіріңіз. 2 Штепсельді розеткадан ағытып, құрылғыны суытып алыңыз. 3 Кір және кез келген басқа қалдықтарды үтіктің табанынан дымқыл шүберекпен және тырнамайтын (сұйық) тазалағыш затпен сүртіп алыңыз. 4 Үтіктің жоғарғы жағын және бу генераторының сыртын дымқыл шүберекпен тазалаңыз. 5 Тазалап болғаннан кейін, су ыдысын босатып қойыңыз.
Calc-Clean функциясы

Бу генераторы ысып тұрғанда Calc-Clean жүйесінің қақпағын алуға болмайды.
ӨТЕ МАҢЫЗДЫ: Бу генераторын ай сайын немесе әрбір 10 рет қолданғаннан кейін шайып тұрыңыз. Сонда құрал зақымдалмай, онтайлы бу беру қызметін қамтамасыз етеді.
1 Құралды токтан суырып, 2 сағат бойы суытып алыңыз. 2 Алынбалы су ыдысын шығарып алыңыз. 3 Бу генераторын екі қолыңызбен ұстап, жақсылап сілкіңіз.

4 Calc-Clean жүйесінің қақпағын жоғары қаратып, бу генераторын бір жағына қисайтыңыз да, Calc-Clean жүйесінің қақпағын шығарып алыңыз.

5 Бу генераторын раковинаға сілкіп, қақтан босатыңыз.

6 Ішіне таза су құйып, қайтадан шайқаңыз.

7 Суды раковинаға төгіңіз.
8 Жақсы нәтижеге жету үшін, 6 және 7 қадамдарды қайталаңыз.

9 Calc-Clean жүйесінің қақпағын бу генераторына қайтадан нығыздап бұраңыз.

«Қақты тазалау» жарығы (тек GC8325/GC8320 үлгілерінде)
1 Бу генераторын шаю керек болғанда, Calc-Clean жүйесінің шамы 30 секунд бойы жыпылықтайды.
Бу генераторы ысып тұрғанда Calc-Clean функциясын қолдануға болмайды.
3 Жоғарыда айтылғандай Calc-Clean функциясын қолданыңыз.
Сақтау
Құралды тазалар немесе сақтап қояр алдында, суытып алыңыз.
1 Тек GC8325/GC8320 үлгілерінде: түпқоймадағы қауіпсіз сақтау бекітпесіне үтіктің ұшын кіргізіңіз.

2 Тек GC8325/GC8320 үлгілерінде: үтіктің артын басыңыз («сырт» еткен дыбыс естіледі).
3 Су ыдысын босатыңыз.
4 Ток сымы мен шлангіні жинайтын ілмекті шығарыңыз.
5 Бу беру шлангісі мен ток сымын оған ораңыз.
6 Құралды бу генераторының кез келген жағындағы сабынан ұстап жылжытыңыз.
Қоршаған орта

- Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға болмайды. Оның орнына бұл құралды арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған айналаны сақтауға себіңізді тигізесіз.
Кепілдік және қызмет көрсету
Егер сізге қызмет көрсету немесе ақпарат қажет болса, не болмаса мәселеңіз болса, Philips компаниясының www.philips.com веб-торабын қараңыз немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табуға болады). Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда, жергілікті Philips дилеріне хабарласыңыз.
Ақаулықтарды жою
Бул тарауда куралда пайда болуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинакталған. Егер төменде берілген акпараттың көмегімен ақаулықты жоя алмасаңыз, елініздегі тұтынушы орталығына хабарласыңыз.
| Курал қызбайды. Қосылу мәселесі бар. Ток сымын, ашаны және қабырғадағы розетканы тексеріңіз. | ||
| Сіз құралды қоспаған боларсыз. GC8325/GC8320: қосу/өшіру түймесін басыңыз. GC8210: қосқышты «қосу» күйіне қойыңыз. | ||
| Орнатылған температура тым төмен болар. | Температураны жоғарлатыңыз. | |
| Жана үтікті қосқан кезімде түтін шығады. | Құралдың кей бір бөлшектері зауытта сәл майланған, сондықтан оны қыздырғанда біраз түтін шығуы мүмкін. | Бүл құбылыс әбден нормалы және біраз уакыттан сон ол жойылады. |
| Үтік бу шығармайды. | Су ыдысындағы су жеткіліксіз. Су ыдысына су құйыңыз. «Қолдануға дайындық» тарауындағы «Алынбалы су ыдысына су құю» бөлімін қараңыз. | |
| Бу генераторы қажетті мөлшерде қызбаған болар. | 2 минуттай күтіңіз. Тек GC8325/ GC8320 үлгілерінде: бу жарығы тұрақты жануын күтіңіз. | |
| Бумен үтіктеу үшін, алдын ала орнатлыған температура тым төмен болар. | Температураны ●● немесе жоғарырақ етіп орнатыңыз. | |
| Акаулык Себебі Шешімі | ||
| Тек GC8325/GC8320 угілерінде:бу параметрі (бусыз) күйінеорнатылған. | Бу параметрін «ECO», (орташа бушығару) немесе (көп бу шығару)күйлеріне орнатыңыз. | |
| Су ыдысын бу генераторынадұрыстап салмаған боларсыз. | Су ыдысын бу генераторына дұрыстапсалыңыз («сырт» ете туседі). | |
| Температура түймесі өте жоғарынұскауға орнатылғанда, шығарылатынбу кебу болады, және оны көру киынболады. Егер сыртқы температурадегендей жоғары болса, ол оданда бетер көрінбейді, ал егертемпература МАХ-ға орнатылғанболса, ол мүлде көрінбейді. | Утік бу шығарып жатқандығын тексерүшін, оны төменірек температурағақойыңыз, мысалы ●●. | |
| Утіктің табанынансу тамшылап түр. | Таңдаған температура бағдарламасытым төмен. | Температураны ●● немесе жоғарырақетіп орнатыңыз. |
| Бумен үтіктей бастап, шамалыуакытқа үтіктеуді токтатқанда, буберу шлангісінің ішіндегі бу суып,суға айналады. Осы себептен үтіктіңтабанынан су тамшылайды. | Бул қалыпты жағдай. Утіктейбастағанда немесе кішкене үзілістенкейін үтіктеуді жалғастырар алдында,үтікті ескі мата үстінен ұстан тұрып,бу шығару тетігін басыңыз. Утіктіңтабанынан су орнына бу шыққаншакүте тұрыңыз. | |
| Утіктің табанынанқалдыктар менқокыстар шығыпжатыр немесеүтіктің табаны лас. | Су құрамындағы химикаттар менқалдыктар бу тесікшелеріне және/немесе үтіктің табанынан шыққанболар. | Утіктің табанын дымқыл шуберекпенсүртіңіз. |
| Құрал сорудыбысыншығарады. | Бу генераторы суды сорады. Бұл қалыпты жағдай. | |
| Сору дыбысы токтамайды. Дереу үтікті сөндіріп, Philips әкімшілікберген қызмет орталығыменхабарласыңыз. | ||
| Утік токтаусыз бушығара береді. | Бу шығару бекітпесі 'оп' күйінеқойылған. | Егер тек бу шығару тетігін басқанкезде ғана бу шығару үшін, бу шығарубекітпесін 'off' күйіне қойыңыз («Бушығаруды бекіту функциясы» тармағынқараңыз). |
| Утіктің табанынанлас су ағып түр. | Тым көп как және басқа қалдыктарбу генераторына жиналып қалғанболар. | Бу генераторын шайып алыңыз.«Тазалау және күту» тарауын қараңыз. |
| Ақаулық Себебі Шешімі | ||
| Құрал қызған сайын, Calc-Clean жүйесінің қақпағы астынан бу шығып тұрады. | Мұмкін Calc-Clean жүйесінің қақпағын дұрыстап жаппаған боларсыз. | Құралды сөндіріңіз, Calc-Clean жүйесінің қақпағын нығыздап, құралды қайтадан қосыңыз. Құрал қызған сайын бу шығын токтатпаса, құралды өшіріп, Philips компаниясы ұсынған қызмет орталығына хабарласыңыз. |
| Үтік жеткілікті түрде бу шығармайды/ бумен үтіктеп жатқанда бу мөлшері біресе артып, біресе азаяды. | Құрал суды бу генераторына сорып алғанда, бу мөлшері кейде азаяды. Осы кезdegі үтіктің жеткілікті мөлшерде бу шығармайтындығы туралы айтып тұрған боларсыз. Дегенмен, бул қалыпты жағдай, бу шығару мүмкіндігі бірнеше секунд ішінде реттеледі. | Бу шығару мүмкіндігін тиімді ету үшін, үтікті қойғанда немесе будын қажеті болмағанда, бу шығару бекітпесін босатыңыз. |
| Үтіктеп жатқанда киім үстінде су дақтары пайда болады. | Сіздің киімініздің үстінде су дақтарының пайда болуы сіз бумен біраз үтіктегендіктен үтіктеу тақтасына жиналып қалған будың салдарынан болуы ықтимал. Су дақтарын бусыз біраз үтіктеп, кептіріп жіберіңіз. Егер үтіктеу тақтасының табаны су болса, кептірілген шуберекпен оны құрғатып алыңыз. | Үтіктеу тактасында будың, суға айналуын болдырмау үшін үсті сым торынан жасалған үтіктеу тактасын қолданыңыз. |
| Тек GC8325/ GC8320 үлгілерінде: бу шығару функциясын пайдаланғанда, астыңғы табанынан су тамшылары шығады. | Мұмкін бу шлангта жиналып қалған болар, температура ●●●-ден төмен қойылған болар, немесе құрал әлі бумен үтіктеуге дайын емес шығар. | Температураны ●●●-ға, немесе одан жоғарыға орнатыңыз. Қосымша бу шығару функциясын қолданар алдында бірнеше секунд бойы бумен үтіктеп алыңыз. |