BCB 7030 EC AAA S 03 - Қосылған тоңазытқыш HOTPOINT - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз BCB 7030 EC AAA S 03 HOTPOINT PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Қосылған тоңазытқыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз BCB 7030 EC AAA S 03 - HOTPOINT және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. BCB 7030 EC AAA S 03 брендінің HOTPOINT.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ BCB 7030 EC AAA S 03 HOTPOINT
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ Құрылғыны қуат көзіне жалғау. Электрондық үлгілерде дыбыс сигналы шығарылуы мүмкін, бұл температура сигналының белсендірілуін білдіреді: дыбыс сигналын өшіру түймешігін басыңыз. Ұсынылған болса, бактерияға қарсы иісті болдырмайтын сүзгіні оның орамында көрсетілгендей желдеткішке орнатыңыз. Ескертпе: Құрылғыны іске қосқаннан кейін қалыпты толтырылған құрылғының сәйкес сақтау температурасы орныққанша 4-5 сағат күту қажет.
ҚҰРЫЛҒЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ Құрылғыны жүйелі түрде сүлгі және суға араластырылған бейтарап тазалау, әсіресе тоңазытқыштың ішін тазалауға арналған заттармен тазалаңыз. Ысқыш тазалау заттарды пайдаланбаңыз. Еріген судың тұрақты және тиісті ағынын қамтамасыз ету үшін тоңазытқыштың жеміс және көкөніс жәшігінің артқы жағында орналасқан науаның ішін ұсынылған жабдықты пайдаланып жүйелі түрде тазалап отырыңыз (суретті қараңыз). Қызмет көрсету немесе тазалаудың алдында ток айырын розеткадан шығарыңыз немесе құрылғыны қуат көзінен өшіріңіз.
Шам лампасын немесе жарық диод шамын ауыстыру (үлгіге байланысты) Шам лампасын ауыстырудың алдында құрылғыны әрқашан қуат көзінен ажыратыңыз. Бұдан кейін өніміңізге арналған шам лампасының түріне негізделген нұсқауларды орындаңыз. Шам лампасын Техникалық қолдау қызметі және өкілетті сатушыларда сатылатын бірдей сипаттағы лампамен ауыстырыңыз. 1-шам түрі) Шам лампасын алу үшін оны суретте көрсетілгендей, сағат тіліне қарсы бағытта бұрап алыңыз. Құрылғыны қайта қосудан бұрын 5 минуттай күте тұрыңыз. - әдеттегі шам лампасы (макс. 25 Вт)
немесе - жарық диод шам лампасы (сипаттары бірдей) тек Техникалық қолдау қызметінде сатылады
Жарық диод шам лампасы
2-шам түрі) Өнімнің төменде көрсетілген суреттердегідей жарық диод шамдары болған жағдайда оларды ауыстыру қажет болса Техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз. Жарық диод шамдары әдеттегі шам лампаларына қарағанда ұзақ жұмыс істейді, ішкі LED- strip көрінерлікті жақсартады және қоршаған ортаға емес. noзиянды garD et2
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ПАЙДАЛАНБАУ ЖАҒДАЙЫНДА Құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз, босатыңыз, мұзды ерітіңіз (қажет болғанда) және тазалаңыз. Бөлімдер ішінде ауаның циркуляциясына мүмкіндік беру үшін есіктерді сәл ашық ұстаңыз. Осының нәтижесінше зең және жағымсыз иістің таралуын болдырмауға болады.
ҚУАТПЕН ҚАМТУ ҮЗІЛГЕН ЖАҒДАЙДА Есіктерді жабық ұстаңыз, осылайша тағамдар мүмкіндігінше ұзақ уақыт бойы сұық күйінде сақталады. Ішінара ерітілген тағамдарды қайта мұздатпаңыз. Егер қуат үзілісі ұзаққа созылса, шамды өшіру сигналы белсендірілуі мүмкін (электроникалық өнімдерде).
ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІ Тоңазытқыш бөлімі балғын тағамдар және сусындарды сақтауға мүмкіндік береді. Тоңазытқыш бөлімі автоматты түрде толық ерітіледі. Бөлімнің ішіндегі артқы бетінде су тамшыларының болуы автоматты еріту кезеңінің белгісі болып табылады. Еріген су төгу құбырына бағытталады және кейін буланатын контейнерде жиналады. Үлгісіне байланысты өнім арнайы «Нөлдік градус» бөлімімен жабдықталуы мүмкін, ол балғын ет және балықты сақтау үшін аса оңтайлы. Ескерту: тоңазытқыштың керек-жарақтарын ыдыс жуғыш машинасында тазаламаңыз. Ескертпе: ортаның температурасы, есіктердің ашылу жиілігі және құрылғының орналасуы екі бөлімдердегі ішкі температурасына әсер етуі мүмкін. Температураларды осы жағдайларға сәйкес орнатыңыз. Ескертпе: өте ылғалды жағдайларда тоңазытқыш бөлімінде, әсіресе әйнек сөрелерде конденсат түзілуі мүмкін. Мұндай жағдайда сұйықтық бар контейнерлерді (мысалы, сорпа құйылған ыдыс) жабу, сұйықтығы көп тағамдарды (мысалы, көкөністер) орау және жабдықталған жағдайда желдеткішті қосу ұсынылады.
Жеміс және көкөніс жәшігін шығару (үлгіге байланысты) Жәшікті сыртқа қарай мүмкіндігінше алыс етіп тартыңыз да, жоғары көтеріп шығарыңыз. Жеміс және көкөніс жәшігінің шығарылуын оңайлату үшін екі төменгі есік сөрелерін босатып, (және мүмкіндігінше шығарып алу) кейін жәшікті шығару қажет болуы мүмкін. Желдеткіш және бактерияға қарсы иісті болдырмайтын сүзгі
(үлгіге байланысты) Желдеткіш бөлімдер ішіндегі температураның таралуын және сәйкесінше тағамдардың сақталуын жақсартып, шамадан тыс ылғалдылықты азайтады. Желдету аймағын бөгемеңіз. Желдеткіш қолмен қосыла/өшіріле алады (Қысқа нұсқаулықты қараңыз); егер желдеткіш қосулы болса, қажет болғанда ол автоматты түрде жұмыс істейді.
МҰЗДАТҚЫШ БӨЛІМІ Бөлек мұздатқыш бөлімі бар үлгі Мұздатқыш бөлімі мұздатылған тағамдарды (орамда көрсетілген мерзім бойы) сақтауға және балғын тағамдарды мұздатуға мүмкіндік береді. 24 сағат ішінде мұздатыла алатын балғын тағамдардың көлемі мөлшерлер кестесінде көрсетілген. Балғын тағамдарды мұздату бөлімінің (Қысқа нұсқаулықты қараңыз) мұздату аймағында ауаның еркін циркуляциясына мүмкіндік бері үшін тағамдар орамының айналасында жеткілікті орын қалдыра отырып орналастырыңыз. Ішінара ерітілген тағамдарды мұздатпау ұсынылады. Су, ылғал және конденсаттың енуін болдырмау үшін тағамдарды орау қажет. Мұз текшелерін жасау Мұз науасының (қолжетімді болса) 2/3 бөлігін сумен толтырып, мұздату бөліміне қайта салыңыз. Мұзды шығару үшін ешбір жағдайда үшкір немесе өткір заттарды пайдаланбаңыз. Жәшіктерді шығару (үлгіге байланысты) Жәшіктерді мүмкіндігінше алыс етіп сыртқа тартыңыз, жоғары көтеріп алыңыз. Қосымша көлемге қол жеткізу үшін мұздатқыш бөлімі жәшіктерсіз пайдаланыла алады. Тамақты қайта торға/сөрелерге қайта орнатқаннан кейін есіктің тиісінше жабылғанына көз 14m_4s жеткізіңіз.
Ішкі өнім бөлімі бар үлгілер Мұздатқыш бөлімінде балғын тағамдарды да 12m_4s мұздатуға болады. 24 сағат ішінде мұздатыла алатын балғын тағамдардың көлемі мөлшерлер кестесінде көрсетілген.
Балғын тағамдарды қалай мұздату қажет: • т ағамды бар болса, торда (1-сурет) немесе бөлімнің (2-сурет) астында орналастырыңыз • т ағамды бұрыннан мұздатылған тағамдармен жанаспайтындай, 20 мм аралықты сақтай отырып, бөлімінің ортасына салыңыз (1 және 2 сурет).
Қырауға төзімді үлгілер үшін еріту рәсімдерін орындаудың қажеті жоқ. Басқа үлгілер үшін қыраудың түзілуі қалыпты жағдай болып табылады. Қыраудың мөлшері және жиналуы орта жағдайларына және есіктің ашылу жиілігіне байланысты өзгереді. Суығырақ температураны орнату немесе, қолжетімді болса, еріту барысында тағамдардың сақталуын ұзарту үшін жылдам мұздату функциясын (Қысқа нұсқаулықты қараңыз) тағамдарды мұздату бөлімінен алудан бұрын 4 сағатқа қосыңыз. Еріту үшін құрылғыны өшіріңіз және жәшіктерді алыңыз. Мұздатылған тағамды суық жерге салыңыз. Қыраудың еруіне мүмкіндіку беру үшін есікті ашық қалдырыңыз. Еріту барысында судың ағуын болыдрмау үшін мұздату бөлімінің астына сіңіргіш матаны төсеп, оны жүйелі түрде сығып отыру ұсынылады. Мұздату бөлімінің ішкі жағын тазалаңыз және жақсылап кептіріңіз. Құрылғыны қосыңыз және тағамдарды қайта орнына салыңыз.
МҰЗДАТУ ЖҮЙЕСІН ТОҚТАТУ
ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ ЖҮЙЕСІ (үлгіге байланысты қолжетімді) мұздату бөлімі үшін ерітуді оңайлатады. ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ құралы (1-сурет) мұздату бөлімінде түзілетін қырауды жинау үшін жасалған және оны алып, тазалау оңай, сондықтан ол мұздату бөлімінің ішкі жағын еріту уақытын қысқартады. ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ құралындағы қырауды алып тастау үшін төменде көрсетілген тазалау рәсімін орындаңыз.
ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ ҚҰРАЛЫН ТАЗАЛАУ РӘСІМІ -М ұздатқыш бөлімінің есігін ашыңыз және жоғарғы жәшікті алыңыз (2-сурет). - ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ құралын (3-сурет) ажыратыңыз да, төмендегі әйнек сөреге құлап қалмауын қадағалап, алыңыз (4-сурет). Ескертпе: Егер құрал қыстырылып қалса немесе алынуы қиын болса, оны алуға тырыспаңыз, бірақ мұздату бөлімінің толық ерітілуін жалғастырыңыз. - Мұздату бөлімінің есігін жабыңыз. - Құралдағы қырауды ағын (ыстық емес) судың астында шаю арқылы тазалаңыз (5-сурет). - Құралды кептіріңіз және пластик бөліктерін жұмсақ матамен сүртіңіз. - 7-А суретінде көрсетілген шығыңқы жерлерге құралды орнату арқылы қайта енгізіңіз және құралдың тетігін жоғарыдағы ұстағыштармен бекітіңіз (7-В суреті). - Жоғарғы жәшікті қайта енгізіңіз де, мұздатқыш бөлімінің есігін жабыңыз.
ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ құралын өздігінен, мұздатқыш бөлімін ерітусіз тазалау мүмкін болады. ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ құралын жүйелі түрде тазалау мұздату бөлімін толық еріту қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.
Ескертпе: өнім сипаттамалары, соның ішінде көлемі және қуаты ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ құралынсыз есептеледі.
«НӨЛДІК ГРАДУС» БӨЛІМІ
«Нөлдік градус» бөлімі балғын тағамдарды (мысалы, ет, балық, жеміс және қысқы көкөністер) ұзақ уақыт бойы сақтау үшін төмен температураға және тиісті ылғалдылыққа қол жеткізу үшін арнайы жасалған. Activ0° мүмкіндігімен байланыстырылған ылғалдылықты басқару технологиясы тағам толығымен оралмаған кезде оның үздік сақталуын қамтамасыз етеді.
Бөлімді қосу және өшіру
Бөлімнің ішкі температурасы бөлім қосулы күйде шамамен 0° тең. Бөлімді қосу үшін суретте көрсетілген түймешікті белгіше жанбағанша бір секундтан артық басып ұстап тұрыңыз. Жанып тұратын белгіше бөлімнің жұмыс істеп тұрғандығын білдіреді. Бөлімді өшіру үшін түймешікті бір секундтан артық басып ұстап тұрыңыз. Бөлімді толық өшіру үшін жәшікті шығару қажет. «Нөлдік градус» бөлімі тиісінше жұмыс істеуі үшін келесі жағдайлар орындалуы тиіс: - тоңазытқыш бөлімі қосылуы тиіс - температура +2°C және +6°C аралығында - «Нөлдік градус» бөліміндегі жәшік енгізіліп тұруы тиіс - келесі арнайы функциялардың бірі таңдалмаған: Stand-by, Cooling-Off, Vacation (бар болса), бұл жағдайда оның ішіндегі тағамдарды шығарыңыз. Ескертпе: - егер бөлімді қосқан жағдайда белгіше жанбаса, жәшіктің тиісінше енгізілуін тексеріңіз; егер ақаулық шешілмесе өкілетті Техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз. - егер бөлім қосулы және жәшік шығарылған болса, басқару панеліндегі белгіше автоматты түрде өшуі мүмкін. Жәшік енгізілген кезде белгіше қайта жанады - бөлімнің жағдайына байланыссыз, қалыпты деп есептелетін сәл естілетін шу естілуі мүмкін. - бөлім жұмыс істемеген жағдайда оның ішіндегі температура тоңазытқыш бөлімінің жалпы температурасына байланысты болады. Мұндай жағдайда суыққа төзімді емес жеміс және көкөніс (жидек, алма, өрік, сәбіз, шпинат, қырыққабат) мұнда сақтала алады. Маңызды: Егер бөлім қосулы және құрамында сұйықтығы көп тағамдар оның ішінде болса, сөрелерде конденсат түзілуі мүмкін. Мұндай жағдайда функцияны уақытша өшіріңіз. Өлшемі кішкентай тағамдар және контейнерлердің сөрелердің арасына және тоңазытқыш бөлімінің артқы жағына түсіп қалуын болдырмау үшін «Нөлдік градус» бөлімінің сөресіне орнату кезінде абай болыңыз.
«Нөлдік градус» бөлімін алу: Келесі қадамдарды орындаңыз: - бөлімнің алынуын жеңілдету үшін төменгі есік сөрелерін босату (және мүмкіндігінше алу) ұсынылады. - бөлімді өшіріңіз - бөлімді жоғары айналдыру арқылы алыңыз - ақ пластик сөрені бөлімнің астынан алыңыз Ескертпе: жоғарғы сөрені және бүйірлік тіректерді алу мүмкін емес. «Нөлдік градус» бөлімін қайта пайдалану үшін жәшікті енгізу және функцияны қайта қосудан бұрын ақ пластик сөрені бөлімнің астына қайта орнатыңыз. Тоңазытқыштың көлемін үлкейту және қуаттың тұтынылуын азайту үшін «Нөлдік градус» бөлімін өшіру және бөлімді шығару ұсынылады. Бөлімді және оның құрамдастарын жүйелі түрде және жылы су (ақ пластик сөресінің жәшік астына түспеуіне көз жеткізіп) мен тоңазытқыштың ішін тазалауға арналған бейтарап тазалау заттарының көмегімен тазалаңыз. Ысқыш тазалау заттарды пайдаланбаңыз. Бөлімді (сондай-ақ, сыртын) тазалаудан бұрын жәшікті алу және бөлімнің электр қуатын ажырату ұсынылады.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ Техникалық қолдау қызметіне хабарласудан бұрын: Ақаулықтың шешілуін тексеру үшін құрылғыны қайта іске қосыңыз. Олай болмаса құрылғыны қайта ажыратыңыз және рәсімді бір сағаттан кейін қайталаңыз. Нұсқаулықта көрсетілген ақаулықтар тексерулерін орындағаннан және құрылғыны қайта іске қосқаннан кейін құрылғыңыз қате жұмыс істесе, Техникалық қолдау қызметімен хабарласып, ақаулықты және жағдайды толық түсіндіріп беріңіз: • ақаулық түрі • үлгісі
• құрылғының түрі және сериялық нөмірі (мөлшерлер кестесінде көрсетілген) • Қызметтік нөмірі (қолжетімді болса) (құрылғының ішінде орналасқан техникалық төлқұжаттағы SERVICE сөзінен кейінгі нөмір)
Ескертпе: Техникалық қолдау қызметімен орындалса, құрылғы есіктерінің орнын ауыстыру кепілдеме қызмет көрсету ретінде қарастырылмайды.
A. Тоңазытқыш бөлімі 1. Мұздату тартпасы 2. Сөрелер / Сөре аймағы 3. Термостатты басқару тетігі/шамы 4. Есік науалары 5. Бөтелке ұстағышы 6. Алынбалы бөтелке ұстатқыш 7. Техникалық паспорт (мұздату тартпасының жанында орналасқан) 8. Мұз кесегі науасы 9. Төменгі температуралы бөлік есігі
B. Егер болса, температура бөлігі
Салқындығы төмен аймақ
Ескертпе: Текшелер мен керек-жарақтар саны үлгіге байланысты өзгеруі мүмкін. Барлық сөрелер, есік науалары мен текшелерді алып тастауға болады.
Маңызды: Тоңазытқыштың керек-жарақтарын ыдыс жуғышта жумаңыз.
Маңызды: Құрылғы есігін жабыңыз!
БАСҚАРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ A. B. D. E.
Термостат тетігі Шам қосқышы Термостатты басқару анықтамалығы Шам лампасы
ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛЫ
Бұл құрылғы – автоматты тоңазытқыш немесе жұлдызды төменгі температура бөлімі. Тоңазытқыш бөлімін еріту толық автоматты түрде орындалады. Тоңазытқыш +16°C және +32°C арасындағы қоршаған орта температураларында жұмыс істеуге арналған.
Тоңазытқышты бірінші рет іске қосу Ашаны розеткаға енгізіңіз. Термостат тетігі тоңазытқыш бөлімінің температурасын реттеу үшін пайдаланылады, ол төменгі температура бөліміндегі температураны сақтап тұрады.
Температураны реттеу Бөлімдегі температураны реттеу үшін, термостатты басқару тетігін бұраңыз: • сандарды төмендету үшін 1-2/МИН мынау үшін: ЕҢ ТӨМЕНГІ САЛҚЫН ішкі температуралар; • ОРТАША температура үшін 3-4/ОРТ деңгейіне; • ЕҢ САЛҚЫН температура үшін 5-7/МАКС. Thermostat set toТермостат мынаған орнатылған: •: ешбір әрекет орындалмайды, ешбір шам жанбайды.
Ескертпе: The ambient temperatureҚоршаған орта температурасы, есіктің ашылу жиілігі және құрылғының орналасқан жері осы екі бөлімнің ішіндегі температураға әсер етуі мүмкін. Термостат тетігін орнатқан кезде осы екі факторды ескеріңіз.
Тоңазытқыш бөлімін пайдалану жолы Тамақты суретте көрсетілгендей орналастырыңыз A. Піскен тағам B. Балық, ет C. Жеміс және көкөністер D. Бөтелкелер E. Жұмыртқа F. Сары май, сыр және сүт өнімдері Ескертпе: • Текшелер мен тоңазытқыш бөлігінің артқы қабырғасының арасындағы бос орын ауа айналымына жол беру үшін кедергісіз болуы керек. • Тамақты осы бөлімнің артқы қабырғасына тақап қоймаңыз. • Сұйықтықтарды жабық контейнерлерде сақтаңыз. • Тіпті қалыпты жағдайларда құрамында суы көп көкөністерді сақтау (мысалы,: салат) тартпаларда және/немесе ортаңғы текшелерде су жиналуына себеп болады; бұл құрылғының дұрыс жұмыс істеуіне әсер етпейді. Дегенмен, су жиналудың алдын алу үшін көкөністерді орап қоюды ұсынамыз.
ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРАЛЫ БӨЛІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛЫ
Төменгі температуралы бөлім, егер болса – жұлдызшалы бөлім. Қатқан тағамдарға арналған дұрыс сақтау уақыттары әрбір тағам өнімінің орамында көрсетіледі. Мұздатылған өнімдерді сатыпу алу кезінде: • Орамның зақымданбағанына көз жеткізіңіз, себебі олай болса тағам сапасы нашарлауы мүмкін. Егер орам ісіп кетсе немесе аққан сұйықтық іздері байқалса, ол қолайлы жағдайларда сақталмауы және еруі әлдеқашан басталған болуы мүмкін. • Азық-түлікті сатып алған кезде мұздатылған тағамдарды соңына қалдырып, өнімдерді изотермиялық дорбада тасымалдаңыз. • Заттарды үйге жеткен соң дереу төменгі температуралы бөлімге салыңыз. • Егер тағамның бір бөлігі бұзылса, оны қайта қатырмаңыз. 24 сағат ішінде пайдаланып тастаңыз. • Температураның минималды деңгейге дейін өзгеруін болдырмаңыз немесе азайтыңыз. Орамдағы жарамдылық мерзіміне дейін пайдаланыңыз. • Мұздатылған тағам қаптамасындағы сақтау нұсқаулықтарын әрқашан орындаңыз.
Мұз текшелерін жасау • Мұз кесектері науасын 3/4 етіп сумен толтырып, төменгі температуралы бөлімнің түбіне қойыңыз. Егер науа төменгі температуралы бөлім түбінде қатып қалса, оны ажырату үшін өткір немесе істік заттарды пайдаланбаңыз.
ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРАЛЫ БӨЛІМДІ ПАЙДАЛАНУЕРІТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ ЖОЛЫ
Тиімділік оңтайлы болуы үшін, төменгі температуралы бөлімді жылына екі рет немесе қабырғадағы мұз 3 мм қалыңдыққа жеткен сайын ерітіп отырған жөн. Мүмкін болса, қатырғышты босады-ау деген кезде ерітіңіз. 1. Тамақты қатырғыштан алып, газетке ораңыз да, салқын жерге немесе тасымалы салқындатқышқа салыңыз. 2. Құрылғыны негізгі қуат көзінен ажыратыңыз. 3. Қыраудың/мұздың еруіне мүмкіндік беру үшін есікті ашық қалдырыңыз. 4. Еріген суды губкамен кетіріңіз. 5. Бөлімді жылы су мен бейтарап жуғыш сұйықтыққа дымқылданған губкамен тазалаңыз. Қырғыш заттарды пайдаланбаңыз. 6. Мұқият шайыңыз және құрғатыңыз.
• Ескертпе: Мұзды қырып алу үшін өткір не істік затты қолданбаңыз; төменгі температуралы бөлімді жасанды жолмен жылытпаңыз.
ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІН ПАЙДАЛАНУТАЗАЛАУ ЖОЛЫ
Тоңазытқыш бөлімнің ішін кезеңді түрде тазалап отырыңыз. Тоңазытқыш бөлімін еріту толық автоматты түрде орындалады. Тоңазытқыш бөлімінің ішіндегі артқы қабырғасындағы су тамшылары кезеңді түрде орындалатын автоматты еріту процесінің орындалып жатқанын білдіреді. Еріген су төгу саңылауына автоматты түрде ағып, кейін контейнерде жиналып, буланады. Еріген су шығу саңылауын құрылғымен бірге берілген жабдықпен тазалаңыз, осылайша еріген суды дұрыс әдіспен аласыз. Қызмет көрсету жұмыстарын орындау алдында құрылғыны розеткадан ажыратыңыз. • Жылы сумен және/немесе бейтарап жуғыш сұйықтықпен дымқылданған губканы пайдаланыңыз. • Шайыңыз және жұмсақ шүберекпен кептіріңіз. Қырғыш заттарды пайдаланбаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
• Құрылғының артындағы ауа саңылауларын және конденсаторды шаңсорғышпен немесе щеткамен тұрақты түрде тазалап отырыңыз • Сыртқы бөлікті жұмсақ шүберекпен тазалаңыз
Ұзақ демалыстар үшін 1. Тоңазытқышты және төменгі температуралы бөлімдерді босатыңыз. 2. Құрылғыны негізгі қуат көзінен ажыратыңыз. 3. Төменгі температуралы бөлімді ерітіңіз және екі бөлімді де тазалап, кептіріңіз. 4. Жағымсыз иістің жиналуына жол бермес үшін есіктерді ашық қалдырыңыз.
ҚУАТ ҮНЕМДЕУ ТУРАЛЫ КЕҢЕСТЕР
• Құрылғыны өте жоғары температураларға және күн сәулесіне шығармаңыз және оны қыздырғыштарға немесе пештерге жақын қоймаңыз, себебі олар қуат тұтыну мөлшерін арттырады. • Құрылғының ауа кіру және шығу саңылауларына кедергі келмесін. • Тамақты еріту үшін, оны тоңазытқышқа салып, қатқан тамақтың ең салқын температурасын төмендетіп алыңыз. • Есіктің ашылып-жабылуына мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз. • Тоңазыту бөліміне ыстық тамақ салмаңыз. • Төменгі температуралы бөлімнің есігін ашық қалдырмаңыз.
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ШЕШУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
1.Құрылғы жұмыс істеп тұрған жоқ. • Қуат іркілісі орын алған ба? • Аша розеткаға дұрыс салынған ба? • Негізгі қуат қосқышы қосылған ба? • Сақтандырғыш күйген бе? • Термостат • күйіне орнатылған ба?
2. Бөлімдердің ішіндегі температураның төмендігі жеткіліксіз. • Есіктер дұрыс жабылған ба? • Құрылғы жылу көзінің жанында орнатылған ба? • Термостат параметрі дұрыс па? • Ауа айналымы торлары бітелген бе?
3. Тоңазытқыш бөлімінің температурасы тым төмен. • Термостат параметрі дұрыс па?
4. Тоңазытқыш бөлімінің астында су жиналды. • Ерітілген судың науасы бөгелген бе?
5. ҚұрылғыІшкі шам жұмыс істемейді. Проблемалардың жоқтығын тексеру жұмысын 1 орындаңыз, сосын: • Құрылғыны негізгі қуат көзінен ажыратыңыз. • Шамды шам ұстатқыштың жанында көрсетілген ватт және қуат мөлшеріне сай басқа шаммен ауыстырыңыз. • Шамды шешіп алу үшін: суретте көрсетілгендей сағат тілі бағытына қарсы бұрап алыңыз.
6. Төменгі температуралы бөлімде шамадан тыс қырау жиналған. • Төменгі температуралы бөлімнің есігі дұрыс жабылған ба?
Ескертпе: • Қалыпты жұмыс барысында құрылғыдан әр түрлі дыбыстар (салқындатқыш сұйықтық айналымына байланысты құрылдау және ысылдау...) шықса, бұл – қалыпты нәрсе.
САТУДАН КЕЙІНГІ ҚЫЗМЕТ
Қызмет орталығымен хабарласпас бұрын: 1. Проблеманы Ақаулықтарды жою нұсқаулығы көмегімен шешіп көріңіз. 2. Мәселенің шешілгенін/шешілмегенін көру үшін құрылғыны қайта қосыңыз. Олай болмаса құрылғыны қайта ажыратыңыз және рәсімді бір сағаттан кейін қайталаңыз. 3. Осы әрекеттен кейін мәселе шешілмесе, Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Келесілерді анықтап беріңіз: • ақаулықтың сипаты, • құрылғы үлгісі, • қызметтік нөмірі (құрылғыныңжеміс салынатын тартпаның ішкібүйір жағындағы деректер тақтасында
SERVICE (ҚЫЗМЕТ) сөзінен кейін жазылған нөмір), • Толық мекенжайыңыз, • Телефон нөміріңіз және аймағыңыздың коды.
Ескертпе: Есіктің ашылу бағытын өзгертуге болады. Осы операция кепілдік бойынша қызмет көрсету бөлімінің тарапынан орындалса, ол кепілдікте қамтылмайды.
• Құрылғыны қызу көздерінен алшақ орнатыңыз (ең жақын арақашықтық: көмір және балауыз пештерінен 30 см, плиталар мен электрлік пісіру плиталарынан 3 см. • Құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілетін жерге орнатыңыз. • Құрылғының ауа саңылауларына кедергі келмесін. • Ішкі бөлігін тазалаңыз (қатысты тарауларды көріңіз). • Берілген керек-жарақтарды бекітіңіз.
ЭЛЕКТР СЫМДАРЫН ЖАЛҒАУ • Электр қосылымдар жергілікті заңнамаға сәйкес орындалуы тиіс. • Кернеу және қуат тұтыну мөлшері жеміс салу тартпасының бүйіріндегі деректер тақтасында көрсетілген. •Ереже бойынша құрылғының жерге
тұйықталуы талап етіледі. Өндіруші жоғарыда көрсетілген процедуралар мен ескертулерді орындамау нәтижесінде орын алатын адам немесе жануар жарақаты мен мүліктің зақымдалуы үшін еш жауапкершілікті мойындамайды. • Егер аша мен розетка бір-біріне сай келмесе, розетканы білікті маманға ауыстыртыңыз. •Ұзартқыштар немесе адаптерлерді пайдаланбаңыз
Құрылғыны ажырату • Қуат көзін ажырату құрылғыны немесе розетканың жоғарғы жағында орналасқан қос полюсті қосқышын өшіру арқылы мүмкін болуы қажет.
ТЕК ҰЛЫБРИТАНИЯ МЕН ИРЛАНДИЯҒА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРЛІК ҚОСЫЛЫМ Ескерту - бұл құрылғы жерге тұйықталуы керек
Сақтандырғышты ауыстыру Егер құрылғының желілік сымы BS 1363A 13 амперлі балқығыш айырмен жабдықталған болса, осы түрдегі айырдың сақтандырғышын ауыстыру үшін, A.S.T.A. растаған сақтандырғышты BS 1362 түріне пайдаланыңыз және келесідей әрекет етіңіз:
1. Сақтандырғыш қақпағын (A) және сақтандырғышты (B) алып тастаңыз. 2. Алмастыру 13 A сақтандырғышты қақпақ ішіне салыңыз. 3. Екеуін де айыр ішіне қайта орнатыңыз.
Маңызды: Сақтандырғышты ауыстыру кезінде сақтандырғыш қақпағы қайта орнатылуы керек, ал сақтандырғыш қақпағы жоғалған болса, тиісті алмастыру бөлшегін орнатпағанша айыр пайдаланылмауы керек. Тиісті алмастыру бөлшегі түсті ендірмемен немесе айырдың үстіндегі сөздерде бадырайып тұрған түспен анықталады. Алмастыру сақтандырғыш қақпақтарын жергілікті электрлік жабдықтар дүкенінен сатып алуға болады.
Тек Ирландия Республикасына арналған Ұлыбританияға қатысты ақпарат жиі қолданылады, бірақ айыр мен розетканың үшінші түрі де пайдаланылады, 2 істікті, жерге тұйықталған бүйірлік түрі.
Штепсельдік розетка / ток айыры (екі ел үшін жарамды) Егер жабдықталған ток айыры штепсельдік розеткаңыз үшін жарамды болмаса, қосымша нұсқау алу үшін кепілдік бойынша қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз. Ток айырын өз бетінше ауыстыруға әрекеттенбеңіз. Бұл процедура өндіруші нұсқаулары мен жергілікті стандартты қауіпсіздік ережелеріне сәйкес білікті техникалық маман тарапынан орындалуы керек.
Notice Facile