PCM 8 ST - Бұранда BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз PCM 8 ST BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Радиалды оңға қию арасы |
| Бренд | Bosch |
| Модель | PCM 8 ST |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | шамамен 500 x 400 x 300 мм |
| Салмағы | шамамен 12 кг |
| Қуат көзі | 230 В ~ 50 Гц |
| Тұтынылатын қуат | 1600 Вт |
| Пышақ диаметрі | 210 мм (8 дюйм) |
| Пышақ тесігі | 30 мм |
| Бос жүріс жылдамдығы | 4800 айн/мин |
| Максималды кесу қабілеті (90°) | 65 x 130 мм |
| Максималды кесу қабілеті (45°) | 45 x 95 мм |
| Көлденең оңға қию диапазоны | 0°-тан 45°-қа дейін (сол/оң) |
| Тік оңға қию диапазоны (еңкею) | 0°-тан 45°-қа дейін (сол) |
| Негізгі функциялар | Көлденең кесу, оңға қию кесу, қиғаш кесу |
| Күтім және тазалау | Пышақ пен бағыттағыштарды үнемі тазалау, қолданғаннан кейін құрылғыны шаңнан тазарту |
| Қауіпсіздік | Қорғаныс көзілдірігі, қолғаптарды қолдану және қолды айналып жатқан пышақтан алыс ұстау |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Bosch ресми дилерлерінде немесе Bosch Professional сайтында қолжетімді |
| Жалпы ақпарат | Нұсқаулықты notice-facile.com сайтынан тегін жүктеуге болады |
Жиі қойылатын сұрақтар - PCM 8 ST BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы PCM 8 ST BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Бұранда PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз PCM 8 ST - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. PCM 8 ST брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ PCM 8 ST BOSCH
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде көрсетілген.
Импорттаушы контактілік мәліметін орамада табу мүмкін.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
- тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз
- өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
- ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз
- жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз
- корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
- көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
- қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
- ток сымының тозуы немесе зақымдануы
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- құрғақ жерде сақтау керек
- жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек
- орамасыз сақтау мүмкін емес
- сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
Тасымалдау
- тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
- босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
- тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Жалпы электр құралы қауіпсіздік ескертулері

ЕСКЕРТУ
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды,
суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Барлық ескертулер мен нұсқауларды болашақ пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Ескертулердегі "электр құрылғы" терминінің атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі бар) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.

ЕСКЕРТУ: Электр құралдарын пайдалануда ток соғуы, жарақаттану және күйіп қалу
қаупінен сақтану үшін төмендегі негізгі қауіпсіздік шараларын орындаңыз.
Электр құралын пайдаланудан алдын осы нұсқаулықтардың барлығын оқып, қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құралы ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. ▶ Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алаңдаушылық бақылауды жоғалтуға алып келуі мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Электр айырлары розеткаға сай болуы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге қосылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. ▶ Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары ток соғу қаупі пайда
Электр құралдарын жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су ток соғу қауіпін жоғарылатады.
▶ Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе токтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель ток соғу қауіпін жоғарылатады.
Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жағдайларға сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді.
Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған ток желісін пайдаланыңыз.








RCD пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді.
Жеке қауіпсіздік
Электр құралын пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралын шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтарды тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды кемітеді. Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақтылықты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді кимеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берілген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемітеді. Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін.
Электр құралдарын пайдалану және күту
Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе құралды қоймаға қоюдан алдын аккумуляторды электр құралынан алып тастаңыз.
Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Пайдаланылмайтын электр құралдарын балалар қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Осы құралдарды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын және керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан бұрын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен қатар жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті. Тұтқалар мен ұстау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ тұтқалар мен ұстау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Қызмет көрсету
Электр құралына маман жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Торцық және бұрышты араға арналған қауіпсіздік нұсқаулары
Бұрыштық ара ағаш немесе ағаш сияқты өнімдерді аралауға арналған, оларды абразивті кесу деңгелектерімен брус, шыбық, шеге және т.б. сияқты темір материалдарды аралауға пайдалану мүмкін емес. Абразивті шаң төменгі тіреуіш сияқты жылжымалы бөлшектерді қысып қалады. Абразивті аралаудағы ұшқындар төменгі тіреуішті, ішпек және басқа бөлшектерді жандырады. Дайындаманы ұстау үшін мүмкін болса қысқыштарды пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен ұстасаңыз, қолыңызды ара дискісінен кемінде 100 мм қашықтықта ұстаңыз. Қысу үшін немесе қолмен ұстау үшін тым кіші бөлшектерді кесу үшін бұл араны пайдаланбаңыз. Егер қолыңыз ара дискісіне тым жақын болса, дискіге тиюден шығатын ұшқындардан жарақаттану қаупі жоғары болады. Дайындама тұрақты болып тіреуіш пен үстелге қысылуы немесе тірелуі керек. Дайындаманы
Қазақша | 205
дискіге жылжытпаңыз немесе "қолмен" апармаңыз. Қысылмаған немесе жылжымалы дайындамалар жоғары жылдамдықта лақтырылып жарақаттауы мүмкін.
▶ Араны дайындамаға басыңыз. Араны дайындамадан тартпаңыз. Кесік істеу үшін ара басын көтеріп, дайындама жоғарысынан кеспей өткізіңіз, қозғалтқышты іске қосыңыз, ара басын төмен басып, араны дайындамаға басыңыз. Тартып аралау ара дискісін дайындама үстіне шығарып, дискіні операторға қарай лақтыруы мүмкін. Қолыңызды ешқашан ара дискісінің алдында немесе артында кесу сызығына қоймаңыз. "Басқа қолмен" дайындаманы ұстау, мысалы, дайындаманы ара дискісінің оң жағында сол қолмен ұстау немесе терісі өте қауіпті. Ешқашан қолыңызды ағаш жоңқаларын немесе басқа себептен дискі айналып тұрғанда ара дискісіне 100 мм-ден жақын тіреуіш арқасына апармаңыз. Айналып тұрған араның жақындығы дұрыс айқындалмай сіз қатты жарақаттануыңыз мүмкін. Кесуден алдын дайындаманы тексеріңіз. Егер дайындама қисайтылған немесе деформацияланған болса, оны сыртқы қисайтылған жағымен тіреуішке қысыңыз. Әрдайым кесік бойы дайындама, тіреуіш және үстел арасында аралық болмауына көз жеткізіңіз. Бұрылған немесе қисайған дайындамалар ширап, жылжып не айналып тұрған ара дискісін қысып қалуы мүмкін. Дайындамада шеге немесе басқа бөгде денелер болмауы тиіс. ▶ Үстел барлық аспаптар, ағаш жоңқалары т.б. бос болмағанша араны пайдаланбаңыз. Кіші сынықтар немесе бос ағаш бөлшектері не басқа нысандар айналып тұрған дискіге тисе, олар жоғары жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін. ▶ Бір уақытта тек бір ғана дайындаманы аралаңыз. Жинап қойылған бірнеше дайындамалар дұрыс қысылмай не бекітілмей аралау кезінде дискіні қысуы немесе жылжуы мүмкін. ▶ Пайдаланудан алдын бұрыштық араның тегіс, тұрақты жұмыс аймағына бекітілуін немесе орналастырылуын қамтамасыз етіңіз. Тегіс және тұрақты жұмыс аймағы бұрыштық араның қимылдап кету қауіпін кемітеді. Жұмысыңызды жоспарлаңыз. Еңіс немесе көлбеу бұрышының параметрін өзгерткеніңізде, реттелетін тіреуіш дайындаманы ұстауға дұрыс реттелгенін және дискіні немесе қорғау жүйесіне тимеуіне көз жеткізіңіз. Аспапты "ҚОСУ"дан алдын және үстелде дайындама болмағанда ара дискісін бүтін симуляциялық кесіктен өткізіп, кедергі болмауына және тіреуіш кесілмеуіне көз жеткізіңіз. Үстелден үлкен дайындамалар үшін үстел кеңейткіші, аралау сандалы, т.б. сияқты көмекші аспаптар арқылы дұрыс ұстауды қамтамасыз етіңіз. Бұрыштық ара үстелінен ұзын немесе кең
дайындамалар сенімді ұсталмаса аударылуы мүмкін. Егер кесілген бөлшек немесе дайындама аударылса, ол төменгі тіреуішті көтеруі немесе айналып тұрған дискімен лақтырылуы мүмкін.
Устел кецейткіші немесе қосымша тіреуі орнына басқа адамды пайдаланбаңыз. Дайындама тұрақты бекітілмесе, дискі қысылуы немесе дайындама кесу кезінде жылжып, сізді не көмекшіңізді айналып тұрған дискіге жақындатуы мүмкін. ▶ Кесілген бөлшек тұрып қалмауы немесе айналып тұрған ара дискісіне басылмауы тиіс. Шектелген болса, мысалы, ұзындық шектеулері арқылы, кесілген бөлшек дискіге қысылып қатты лақтырылуы мүмкін. - Шыбық немесе құбыр сияқты домалақ материалдар үшін әрдайым қысқыш немесе бекіткішті пайдаланыңыз. Шыбықтар кесілгеннен соң домалап кетуі мүмкін, мұнда дискі "тістеп" дайындаманы қолыңызбен бірге дискіге тартуы мүмкін. ▶ Дайындамаға тиюден алдын дискі толық жылдамдығына жетуі керек. Бұл дайындама лақтырылу қауіпін кемітеді. ▶ Егер дайындама немесе дискі тұрып қалса, бұрыштық араны өшіріңіз. Барлық істеп тұрған бөлшектердің тоқтағанын күтіп, ашаны қуат көзінен шығарыңыз /немесе батарея жинағын шығарыңыз. Сосын тұрып қалған материалды шығарыңыз. Дайындама тұрып қалған кезде аралауды жалғастыру бұрыштық араның бақылауы жоғалуына немесе зақымдалуына алып келуі мүмкін. ▶ Аралауды аяқтағаннан соң өшіргішті жіберіп, ара басын төмен ұстап, кесілген бөлшекті шығарар алдын дискінің тоқтауын күтіңіз. Дискі айналып тұрған кезде оған қолды жақындату өте қауіпті. Электр құралы ескерту тақтасымен жабдықталған (электр құралының суретінде графика бетінде 2 нөмірімен белгіленген).

IEC 60825-1:2014 <1mW, 650 nm
▶ Егер ескерту жапсырмасы сіздің еліңіз тілінде болмаса, алғашқы пайдаланудан алдын оның орнына сіздің еліңіз тілінде болған жапсырманы жабыстырыңыз.

Лазер сәулесін адам немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылған лазер сәулесіне қарамаңыз. Осылай адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға алып келуі және көзді зақымдауы мүмкін.
▶ Егер лазер сәулесі көзге түссе, көздерді жұмып, басты сәуледен ары қарату керек. ▶ Лазер құрылығысында ешқандай өзгертуді орындамаңыз.
Электр құралындағы ескертулер анық көрінетін болсын. ▶ Пайдаланбаған электр құралын дұрыс сақтаңыз. Жататын жері құрғақ және жабылатын болуы керек. Осылай электр құралы жатқан жерінде зақымдалуы немесе тәжірибесіз адамдар пайдалануына жол бермейсіз. Электр құралды зақымдалған кабельмен пайдаланбаңыз. Кабель жұмыс істеу кезінде зақымдалған болса, желі айырын шығарыңыз. Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін арттырады. Кабельді жүйелі түрде тексеріп, зақымдалған кабельді тек Bosch электр құралдарының өкілетті сервистік қызметіне жөндетіңіз. Зақымдалған ұзартқыш кабелін алмастырыңыз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз. ▶ Өтпес, жарылған, қисайған немесе зақымдалған аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Аралау дискілері немесе ауытқыған тістер енсіз кесуге, артық үйкеліске, тұрып қалуға және кері соққыға әкелуі мүмкін. ▶ Аспапты ешқашан ішпексіз пайдаланбаңыз. Ақаулы ішпекті алмастырыңыз. Ішпек мінсіз болмаса, ара дискісімен жарақаттану мүмкін. ▶ Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау дискілері оңай сынуы мүмкін. Әрқашан дұрыс өлшемдері және сәйкес орнату тесіктері бар аралау дискілерін пайдаланыңыз (мысалы, ромб түріндегі немесе дөңгелек). Араның орнату бөлшектеріне сәйкес келмейтін аралау дискілері эксцентрлі жұмыс істейді, бұл бақылауды жоғалтуға әкеледі. ▶ Қорғағыш қаптама дұрыс істеп, бос жылжуын қамтамасыз етіңіз. Қорғағыш қаптаманы ешқашан ашық жағдайында қыспаңыз. ▶ Еденді ағаш жоңқалары мен қалдықтарынан бос ұстаңыз. Сырғануыңыз немесе сүрінуіңіз мүмкін. Жұмыстан соң аралау дискісіне суығанша тимеңіз. Аралау дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады. ▶ Құрал толық тоқтағаныша оны ешқашан қалдырмаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін. ▶ Аралау дискісін дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Әйтпесе аралау дискісі дайындамаға ілініп, кері соғу қаупі пайда болады. ▶ Ешқашан электр құрал үстіне тұрмаңыз. Электр құралы түсіп, сіз аралау дискісіне тисеңіз, қатты жарақаттанулар пайда болуы мүмкін.
Белгілер
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер мен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағынасы

Электр құралы айналып тұрғанда қолды аралау аймағына әкелмеңіз. Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін тудырады.

▶ Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.

▶ Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.

▶ Құлақ сақтағышын киіңіз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін.

▶ Лазерлік сәулеге тікелей қарамаңыз. 2-сынып лазері

▶ Қауіпті аймақ! Мүмкіндік бойынша алақан, бармақ немесе қолдарды осы аймақтан алыстатыңыз.

Вертикалды еңіс бұрыштарын аралауда реттелетін тіреуіш планканы сыртқа тарту керек.

Аралау дискісінің өлшемдеріне назар аударыңыз. Тесік диаметрі аралықсыз аспап шпинделіне сәйкес келуі керек. Жалғастырғыш тетіктерді немесе адаптерлерді пайдаланбаңыз.

Кесік сызығын лазер сәулесі қалағаныңызша ара дискісінің сол немесе оң жағында көрсетілуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау ток соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Қазақша | 207
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құрал қозғалмайтын тіректе бойлай және көлденеңінен, ағашты кесудің түзу бағытымен жұмыс істеуге арналған. Осында горизонталды еңіс бұрышы -48° мен +48° дейін және вертикалды еңіс бұрышы 0°-тан 45°-қа дейін болуы мүмкін.
Электр құралының қуаты қатты және жұмсақ ағашты аралауға арналған.
Электр құрал алюминий немесе басқа түсті металдарды аралауға арналмаған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірлері суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына негізделген.
1 Қол тұтқасы 2 Лазер ескерту тақтасы 3 Манипуляторды босату үшін тұтқыш 4 Қорғаныш қаптамасы 5 Маятниктік қорғағыш қаптама 6 Сырғанайтын доңғалақша 7 Тіреуіш планка 8 Аралау үстелі 9 Орнату ойықтары
10 Шпек
11 Кез келген қисайту бұрышы үшін бекіту басы (көлденең)
12 Кулаудан сактау
13 Бұрыш көрсеткіш (горизонталды)
14 Стандартты кисайту бұрышы үшін ойықтар
15 Кисайту бұрышы шкаласы (көлденен)
16 Бекіткіш буранда жылжымайтын аралау үстелі үзарткішы 17 үшін
17 Аралау устелінің үзартқышы (жылжымайтын)
18 Жылжытылатын тіреуіш планка
19 Бурандалы кыскыш
20 Лазер блогы/Лазер сәулесінің шығысы
21 Кез келген кисайту бұрышы үшін қыскыш түтқа (тік)
22 Тасымалдау түткасы
23 Шаң қабы
24 Теренд ік тіреуішінің дәлдеу бұрандасы
25 Терендік шектегіші
26 Аралау дискісі
27 Қосқыш/өшіргіш
28 Лазер қосқышы (кесік сызығының белгісі)
29 Жоңқаларды шығаруға арналған келте құбыр
30 Құлаудан сақтайтын қысқыш
31 Тартқыш
32 Тарту аспабын бекіту тұтқышы
33 Бұрандалы қысқыш үшін тесіктер
34 Жылжымайтын аралау үстелі ұзартқышының қысқышы
35 Тасымалдау қорғауышы
36 Иілмелі аралау үстелі ұзартқышының қысқышы (электр құралында)
37 Шпиндельді бұғаттау
38 Алты қырлы дөңгелек кілт
39 Жылжытылатын тіреуіш планканы қысқыш тұтқышы
40 Бұрыш көрсеткіші (тік)
41 Қисайту бұрышы шкаласы (тік)
42 Аударылудан сақтайтын тоғын үшін бекіткіш бұранда
43 Аралау дискісін бекітуге арналған алты қырлы бұранда
44 Қысқыш фланец
48 Аралау үстелінің ұзартқышы (иілмелі)
49 Иілмелі аралау үстелі 48 қысқышы (жылжымайтын аралау үстелі ұзартқышында 17)
51 Ішпекті бекітуге арналған бұранда
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Сәйкестік мәлімдемесі
CE
Жеке жауапкершілікпен біз "Техникалық мәліметтер" де сипатталған өнімнің 2011/65/EU, 2016 жыл 19 сәуірге дейін: 2014/108/EC, 2016 жыл 20 сәуірден соң 2014/30/EU, 2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті анықтамаларына өзгерістерімен бірге сәйкес екенін және төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз: EN 61029-1, EN 61029-2-9, EN 60825-1, EN 50581:2012.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідей: Robert Bosch Power Tools GmbH, PT/ETM9, 70538 Stuttgart, GERMANY
Henk Becker
Helmut Heinzelmann
Шуыл бойынша ақпарат
Шу эмиссиясының мәндері EN 61029-2-9 бойынша есептелген.
А-мен белгіленген электр құралының шуыл деңгейі әдетте төмендегіге тең: дыбыс қысымы 94 дБ(А); дыбыс қуаты 102 дБ(А). Өлшеу дәлсіздігі К = 3 дБ.
Құлақты қорғау құралдарын киіңіз!
Техникалық мәліметтер
| Панельдік ара | PCM 8 S | |
| PCM 800 S | PCM 8 ST | |
| Өнім нөмірі | ||
| 3 603 M10 ... | ... 1.... 1.. | |
| Кесімді куатты пайдалану | Вт 1200 1200 | |
| Бос айналу сәті | мин 1 | 4800 4800 |
| Лазер түрі | НМ | 650 |
| мВт | < 1 | |
| Лазер сыныпы | 2 | |
| Лазер сызығының | 1,0 мрад(толық бұрыш) | |
| айырмашылығы | ||
| Түпкойма | - ● | |
| ЕРТА-Procedure 01:2014 | ||
| құжатына сай салмағы | кг | 11,4 |
| Сақтық сыныпы | ☐ /II /II | |
* Тіреуіші бар құрылғы үлгісі. Рұқсат етілген дайындама көлемдерін (максималды/минималды) 211 бетінде қараңыз. Мәліметтер [U] 230 В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.
Сәйкес аралау дискілерінің көлемдері
| Аралау дискісі диаметрі | мм | 216 |
| Орта диск қалындығы | мм 1,4-1,8 | |
| макс. кесік ені | мм | 2 |
| Бүрғылау диаметрі | мм | 30 |
Жинау
Электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол бермеңіз. Орнату кезінде және электр құралындағы барлық жұмыстарда желі айыры токқа қосылмауы керек.
Жеткізу көлемі

Ол үшін пайдалану нұсқаулығының басындағы жинақ құрамының сипаттамасын қараңыз.
Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде жазылған бөліктердің
жинақта барлығын тексеріңіз:
– Ара дискісі орнатылған панельдік ара - Шаң қабы 23 - жылжымайтын аралау үстелінің ұзартқышы 17 (2 x), Бекіткіш бұрандалар 16 (2 x) - иілмелі аралау үстелі ұзартқышы 48 (2 x) - Бұрандалы қысқыш 19 - Алты қырлы дөңгелек кілт 38 - Құлаудан сақтау дөңесі 30 бекіткіш бұрандамен 42
Қосымша бөлшектер PCM 8 ST үлгісінде (тіреуіші бар құрылғы үлгісі)
Түпқойма
- Байланыстырғыштар Е, Д (әр бірі 1 дана) - Жоғарғы профильдер А, В (әр бірі 2 дана)
- Астыңғы тақта I (2 дана)
Бекіту жинағы
- Астыңғы тақта бекіткіш бұрандалары G (26 дана)
- Электр құрылғы бекіткіш бұрандалары J (4 дана)
Астына қоятын шайба K (4 дана)
Ескертпе: Электр құралын зақымдануларға тексеріңіз.
Электр құралын пайдаланудан алдын қорғағыш аспаптар немесе аз зақымдалған бөліктерді әбден мінсіз және дұрыс істеуін тексеріңіз. Жылжымалы бөліктер кедергісіз істеуін және қысылмауын немесе бөліктер зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс орнатылған және кедергісіз жұмыс істеуді қамтамасыз ететін пайдалану шарттарына сәйкес болуы керек. Зақымдалған қорғағыш аспаптар мен бөліктер уәкілетті шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Жинақтан тыс керекті аспаптар:
- Шеңберлік немесе айыр тәрізді кілт (12 мм) түпқойманы орнату үшін
Бөліктерін орнату
- Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып қойыңыз.
- Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы жабдықтардан алып қойыңыз.
- Жинақтағы құрылғы элементтерін орнатуда жұмысты оңтайландыру үшін электр құралдың тасымалдау күйінде тұруына көз жеткізіңіз.
Құлаудан сақтау дөңесін орнату (А суретін қараңыз)
Электр құралын алғашқы рет пайдаланудан алдын, ағымдық қорғаныс құрылғысын (30 мА) орнату керек.
Электр құралын бұрап, қорғағыш қаптамаға 4 және аралау үстеліне 8 қойыңыз.
- Құлаудан сақтау дөңгелегін 30 оған арналған тесіктерге, тіреуіш тақтадағы құлаудан сақтау дөңгелегі мен тіреуіш тақта тесіктері сәйкес келгенше салыңыз.
- Бекіткіш бұрандаларды 42 тесіктерге салып, жинақтағы алты қырлы дөңгелек кілтпен 38 бұрап бекітіңіз.
- Электр құралын жұмыс істеу үшін дұрыс күйде тұратындай етіп бұрыңыз. ▶ Құлаудан сақтайтын қысқышты алып қоймаңыз. Құлаудан сақталмаған электр құралы тұрақты тұрмай, максималды қисайту бұрышындағы аралау кезінде құлауы мүмкін.
Жылжымайтын аралау үстелінің ұзартқышын орнатыңыз (В суретін қараңыз).
Жылжымайтын аралау үстелі ұзартқыштарын 17 аралау үстелінің 8 сол және оң жағында электр құралына бекіту керек.
- Аралау үстелінің ұзартқыштарын 17 бекіткіш бұрандалармен 16 алға электр құралындағы қысқыштарға 34 салыңыз.
- Бекіткіш бұранданы 16 жинақтағы алты қырлы дөңгелек кілтпен 38 тартыңыз.
Қатты немесе икемді орнату
Тұпқоймасыз орнату (С суретін қараңыз)
- Электр құралын сәйкес бұрандалармен жұмыс аймағында бекітіңіз. Ол үшін 9 ойықтары көмектеседі.
Икемді орнату (ұсынылмайды!) (D суретін қараңыз)
Ерекше жағдайларда электр құралын тегіс тұрақты жұмыс аймағында орнату мүмкін болмаса, көмекші ретінде құлаудан сақтағышын орнату керек.
▶ Құлаудан сақталмаған электр құралы тұрақты тұрмай, максимальды қисайту бұрышындағы аралау кезінде құлауы мүмкін.
- Құлаудан сақтауды 12 электр құрал дәл жұмыс аймағында тұрғанша бұраңыз.
PCM 8 ST: Түпкі қоймамен орнату (F1 – F6 суреттерін қараңыз)
- Пластик қақпақты аяқ профиліне салыңыз F.
- Екі бекіткіш бұранданы g ұзын төменгі профильден F қысқа төменгі профильден С және қысқа байланыстыру профилінен Е өткізіп салыңыз. Бекіткіш бұрандаларды фланецтік бұрандалармен h бос бекітіңіз.
- Екінші аяқты (ұзын төменгі профиль F, қысқа төменгі профиль C) қысқа байланыстыру профилімен E байланыстырыңыз. Бекіткіш бұрандаларды фланецтік бұрандалармен h бос бекітіңіз.
- Екі алдыңғы қадамды қалған профильдермен F, C, E қайталаңыз.
- Осылайша пайда болған астыңғы тақта жақ бөліктерін ұзын байланыстыру профиліне D қосыңыз. Бекіткіш бұрандаларды фланецтік бұрандалармен h бос бекітіңіз.
- Ұзын жоғарғы профильді А төменгі профильдерге С салып, астыңғы тақтаға бекем бұрап бекітіңіз.
- Қысқа жоғарғы профильдерді В сыртынан ұзын жоғарғы профильдерге А (тесіктерімен жоғарыға) салып, астыңғы тақтаға бекем бұрап бекітіңіз. Екі жоғарғы бөліктер тесіктерінің сай болуына көз жеткізіңіз.
- Төменгі тақталарды і тірелгенше қысқа жоғарғы профильдерге В салыңыз. Астыңғы тақта мен жоғарғы бөлік тесіктерінің сай болуына көз жеткізіңіз.
- Бір бекіткіш бұранданы г астыңғы тақта і мен жоғарғы профильдің В төрт қырлы тесіктерінен өткізіп салыңыз. Бекіткіш бұрандаларды фланецтік бұрандалармен h бос бекітіңіз.
- Барлық фланецтік сомындарды h сақиналы немесе айыр кілтпен (12 мм) бекітіп тартыңыз.
- Электр құралын астыңғы тақталарға і салыңыз. Электр құралы тесіктерінің 9 астыңғы тақта мен жоғарғы бөлік тесіктеріне сай болуына көз жеткізіңіз.
- Электр құралын астыңғы тақтаға бекіткіш бұрандалар j астына қоятын шайбалар к және фланецтік сомын h көмегімен бұрап бекітіңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек.
- Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын үйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
- Электр құралын өшіріп, желі айырын розеткадан тартып қойыңыз. – Аралау дискісі толық тоқтағанынша күте тұрыңыз.
- Тығыздану себебін айқындап, оны жойыңыз.
Жеке шаңсору (Е суретін қараңыз)
- Шаң қабын 23 жоңқаларды шығаруға арналған келте құбырға 29 салыңыз.
Шаң қабы аралау кезінде әрекет жасап тұрған аспан бөліктерін тимеуі тиіс.
Шаң қабын уақтылы босатыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаңсору үшін жоңқа шығатын жерге 29 шаңсорғыш шлангісін (∅ 35 мм) қосу мүмкін.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет. Денсаулыққа зиян, обыр тұғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру (G1 - G4 суреттерін қараңыз)
▶ Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. ▶ Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге сәйкес және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз өңдейтін материалға сәйкес аралау дискілерін пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Алты қырлы бұранданы 43 жинақтағы алты қырлы деңбек кілтпен 38 бұрап, шпиндель бұғаттауышын 37 тірелгенше бірдей басыңыз.
- Шпиндель бұғаттауышын 37 басып ұстан, бұранданы 43 сағат тілімен бұрап шығарыңыз (сол жақтық бұранда!).
- Қысқыш фланецті 44 шешіңіз.
- Тұтқышты 3 басып, тербелуден сақтайтын қаптаманы 5 тірелгенше артқа қайырыңыз.
- Тербелуден сақтау қаптамасын осы күйде ұстап, ара дискісін 26 алып қойыңыз.
- Тербелуден сақтау қаптамасын жай артқа қайта апарыңыз.
Аралау дискісін орнату
Керек болса, барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
- Тұтқышты 3 басып, тербелуден сақтайтын қаптаманы 5 тірелгенше артқа қайырып, осы күйде ұстаңыз.
- Жаңа аралау дискісін қысқыш фланецке 45 орнатыңыз.
► Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
- Тербелуден сақтау қаптамасын жай артқа қайта апарыңыз.
- Қысқыш фланец 44 пен бұранданы 43 орнатыңыз. Шпиндель бұғаттауын 37 тірелгеніше басып, бұранданы сағат тіліне қарсы бұрап бекітіңіз.
Пайдалану
▶ Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау қорғауышы (Н суретін қараңыз)
Тасымалдау қорғауышы 35 сізге түрлі жұмыс жайларына тасымалдау кезінде электр құралын қолай пайдалануға көмектеседі.
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
- Манипуляторды тұтқасында 1 аз төмен басып, тасымалдау қорғауышын 35 босатыңыз.
- Тасымалдау қорғаушысын 35 толық сыртқа тартыңыз.
- Манипуляторды жай ғана жоғары бағыттаңыз.
Электр құралының қорғауышын орнату (тасымалдау күйі)
- Бекіткіш тұтқышты 32 тарту аспабы 31 қысылып қалса, босатыңыз. Манипуляторды алға тартып, тарту аспабын бұғаттау үшін бекіткіш тұтқышты қайта артқа басыңыз.
- Дәлдеу бұрандасын 24 жоғарыға бұрап қойыңыз.
- Аралау үстелін 8 бұғаттау үшін құлыптау басын 11 тартып қойыңыз.
- Тұтқышқа 3 басып, бір уақытта манипуляторды қолтұтқасынан 1 төменге тасымалдау бекіткіші 35 толық ішіне басылғанша қайырыңыз.
Манипулятор енді тасымалдауға дайын болып бұғатталған.
Дайындаманы бекітіңіз (І суретін қараңыз)
Оптималды жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаманы әрдайым бекем қысу керек. Қатты қысуға өте кіші болған дайындамаларды өндемеңіз.
- Дайындаманы 18 мен 7 тіреуіш планкаларына қарсы басып қойыңыз.
- Жинақтағы бұрандалы қысқышты 19 оған арналған тесіктерге 33 салыңыз.
- Құлақты бұранданы 46 босатып, бұрандалы қысқышты дайындамаға дұрыстаңыз. Қалақты бұрғыны берік бекітіңіз.
- Дайындаманы бұрандалы өзекті 47 бұрап қысыңыз.
Дайындаманы босату
Бурандалы қысқышты босату үшін бурандалы штифтті сағат тіліне қарсы бұраңыз.
Аралау үстелін ұзарту (J суретін қараңыз)
Аралау үстелінің ұзартқышындағы ілмелі біріктіру жүйесі көп ұзартуға мүмкіндік береді.
Қажет болса, иілмелі аралау үстелінің ұзартқышын электр құралындағы қысқыштарға немесе жылжымайтын аралау үстелі ұзартқышының қысқыштарына салыңыз.
Бағыт бұрышын реттеу
Еңіс бұрышын реттеуде ешқашан қосқыш/өшіргішке тимеңіз. Егер осы арқылы электр құрал кездейсоқ іске қосылса, жарақаттану қаупі пайда болады.
Горизонталды еңіс бұрышын реттеу (К суретін қараңыз)
Көлденең қисайту бұрышын 48° (сол жақтық) мен 48° (оң жақтық) аралығында реттеу мүмкін.
- Бекіту басы тартылған болса, оны босатыңыз.
- Аралау үстелін бекіту басында солға немесе оңға бұрыш көрсеткіші керекті еңіс бұрышын көрсеткенше бұраңыз.
- Бекіту басын қайта тартыңыз.
Жиі пайдаланылатын еңіс бұрыштарын жылдам және нақты реттеу үшін аралау үстелі төмендегі стандартты бұрыштарда бұғатталады:
солда оңда
0°
45° 30° 22,5° 15° 15° 22,5° 30° 45°
Вертикалды еңіс бұрышын реттеу (L1 - L2 суреттеріне қараңыз)
Тік кисайту бұрышын 0° мен 45° аралығында реттеу мүмкін.
- Қысу тұтқышын 39 босатыңыз.
- Тіреуіш планканы 18 толық сыртқа тартыңыз.
- Жылжытылатын тіреуіш планканы бекіту үшін 39 қысқыш тұтқышын қайта тартыңыз.
- Қысқыш тұтқасын 21 босатыңыз.
- Манипуляторды қол тұтқасында 1 бұрыш көрсеткіші 40 керекті кисайту бұрышын көрсеткенше кисайтыңыз.
- Манипуляторды осы күйде ұстап, қысу тұтқасын 21 қайта бекітіңіз.
0° мен 45° стандартты бұрыштарын жылдам және дәл реттеу үшін корпуста тіреуіш бар.
- Қысқыш тұтқасын 21 босатыңыз.
Қазақша | 211
- Ол үшін манипуляторды қол тұтқасында 1 тірелгенше оңға (0°) немесе тірелгенше солға (45°) қайырыңыз.
- Қысқыш тұтқасын 21 қайта берік бекемдеңіз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі мүмкін.
Косу (М суретін қараңыз)
- Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті 27 басып ұстан тұрыңыз.
Энергия куатын үнемдеу үшін электр құралын тек пайдаланарда қосыңыз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 27 құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған болуы қажет.
Тұтқышты 3 басып қана манипуляторды төмен жылжыту мүмкін.
- Аралау үшін қосқыш/өшіргішті 27 тиюге қосымша тұтқышты 3 басу керек.
- Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 27 жіберіңіз.
Жалпы аралау нұсқаулары
▶ Бекіту басы 11 мен қысқыш тұтқаны 21 аралаудан алдын әрдайым бекем тартып қойыңыз. Әйтпесе ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін. ▶ Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе оларды лайықтаңыз.
Тербелуден сақтайтын қаптаманың дұрыс істеп, бос жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төменге апаруда тербелуден сақтайтын қаптама ашылуы керек. Манипуляторды жоғарыға апаруда тербелуден сақтайтын қаптама ара дискісінің жоғарысынан қайта жабылып, манипулятордың ең жоғарғы күйінде бекітілуі керек.
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз. Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Кесік сызығын белгілеу (N1 – N2 суреттерін қараңыз)
Лазер сәулесі аралау дискісінің кесік сызығын көрсетеді. Осылай дайындаманы аралау үшін тербелу қорғағыш қаптамасын ашпай нақты орналастыру мүмкін.
- Ол үшін лазер сәулесін қосқышпен 28 қосыңыз.
- Лазер блогын 20 керекті көріс бағытында шибер 50 көмегімен солға немесе онға жылжытыңыз. Осылай кесік сызығының лазер сәулесі қалағаныңызша ара дискісінің сол немесе оң жағында көрсетіледі.
- Егер кесік сызығы лазер сәулесі арқылы ара дискісінің сол жағында көрсетілсе, онда белгіңізді дайындамада лазер сызығының оң шетіне бағыттаңыз.
Егер кесік сызығы лазер сәулесі арқылы ара дискісінің оң жағында көрсетілсе, онда белгіңізді дайындамада лазер сызығының сол шетіне бағыттаңыз.
Пайдаланушы күйі (О суретін қараңыз)
Электр құралы алдына аралау дискісімен бір сызыққа тұрмай, әрдайым аралау дискісінен шетте тұрыңыз. Осылай денеңіз мүмкін кері соққыдан сақталады.
Рұқсат етілген дайындама өлшемдері
Максималды дайындамалар:
| Кисайту бурышы | Биіктігі x Ені | |
| көлденец | тігінен | |
| 0° 0° | 65 x 220 мм | |
| 45° 0° | 65 x 155 мм | |
| 0° 45° | 40 x 220 мм | |
| 45° 45° | 40 x 155 мм | |
Минималды дайындамалар (= жинақтағы бұрандалы қысқышпен 19 аралау дискісінің сол немесе оң жағында бекітілетін барлық дайындамалар):
100 x 40 мм (ұзындығы х ені)
макс. аралау тереңдігі (0°/0°): 50 мм
Жүріссіз аралау (қыршу) (Р суретін қараңыз)
- Тарту әрекетінсіз кесіктер үшін (кіші дайындамалар) бекіткіш тұтқыштың 32 тарту аспабы 31 қысылып қалса босатыңыз. Манипуляторды тірелгенше 18 мен 7 тіреуіш планкалар бағытында жылжытып, тарту аспабын бұғаттау үшін бекіткіш тұтқышты артқа басыңыз.
- Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
- Керекті қисату бұрышын орнатыңыз.
- Электр құралын қосыңыз.
- Тұтқышты 3 басып, манипуляторды қолтықтасынан 1 ұстап, жай төмен апарыңыз.
- Дайындаманы бірқалыпты жылжытып аралаңыз.
- Электр құралын өшіріп, аралау дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
- Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Жүріспен аралау
- Тар тұ аспабымен 31 кесіктер үшін (кең дайындамалар) бекіткіш тұтқышты 32 тарту аспабы қысылып қалса босатыңыз.
- Дайындаманы өлшемдерге сай ретте қысыңыз.
- Керекті қисату бұрышын орнатыңыз.
- Манипуляторды 7 тіреуіш планкаларынан ары ара дискісі дайындама алдында тұрғанша тартыңыз.
- Электр құралын қосыңыз.
- Тұтқышты 3 басып, манипуляторды қолтықтасынан 1 ұстап, жай төмен апарыңыз.
- Енді манипуляторды 7 тіреуіш планкалары бағытында басып, дайындаманы бірқалыпты жылжумен аралаңыз.
- Электр құралын өшіріп, аралау дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
- Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Тереңдікті шектеу тірегін реттеу (Тек аралау) (Q суретін қараңыз)
Егер ойықты аралау керек болса, тереңдік тіреуішін жылжыту керек.
- Тереңдік тіреуішін 25 сыртқа қайырыңыз.
- Тұтқышты 3 басып, манипуляторды керекті күйге қайырыңыз. – Дәлдеу бұрандасын 24 бұранда ұшы тереңдік тіреуішіне 25 тигенше бұраңыз.
- Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Ішпекті алмастыру (R суретін қараңыз)
Қара ішпек 10 электр құралын ұзақ уақыт пайдаланудан соң тозуы мүмкін.
Ақаулы ішпекті алмастырыңыз.
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Бекіткіш бұранданы 51 алты қырлы деңбек кілтпен 38 бұрап шығарып, ескі ішпекті алып қойыңыз.
- Жаңа ішпекті салып, бекіткіш бұранданы 51 қайта бұрап бекітіңіз.
Профиль планкаларын өңдеу
Профиль рейкаларын екі жолмен өңдеуге болады:
- аралау үстелінде жатқызып
Мұнан былай профиль планкасының еніне байланысты кесіктерді жылжытумен немесе жылжытусыз орындау мүмкін.
Реттелген кисайту бұрыштарын алдымен қоқыс ағашымен тексеріңіз.
Тасымалдау (S суретін қараңыз)
Электр құралын тасымалдаудан алдын төмендегі басқыштарды орындау керек:
- Электр құралын тасымалдау қүйіне келтіріңіз.
- Иілмелі аралау үстелінің ұзартқыштарын 48 электр құралының алғы қысқыштарына 36 салыңыз.
- Электр құралында бекітілмейтін барлық жабдықтар бөліктерін алыстатыңыз. Пайдаланылмаған аралау дискілерін тасымалдау үшін жабық контейнерлерге салыңыз.
- Электр құралын әрдайым тасымалдау тұтқасынан ұстап тасымалдаңыз 22. Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау аспабын пайдаланыңыз, ешқашан қорғағыш аспаптарды пайдаланбаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
▶ Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету орталықтарында орындаңыз.
Тазалау
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Тербелу қорғағыш қаптамасы әрдайым бос жылжып өзі жабылатын болуы керек. Сондықтан маятниктік қорғағыш қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза ұстаңыз.
Әрбір жұмыс басқышынан соң сығымдалған ауамен үрлеу немесе қылшақ көмегімен шаңды және жоңқаларды кетіріңіз.
Сырғанақ дөңгелекті 6 жүйелік ретте тазалаңыз.
Керек-жарақтар
| Өнім нөмірі | |
| Ағашты аралауға арналған ара дискілері | |
| Аралау дискісі 216 x 30 мм, 24 тістер | 2 608 640 431 |
| Аралау дискісі 216 x 30 мм, 48 тістер | 2 608 640 432 |
| Қатты ағаш пен байланыстыру заттектеріне арналған ара дискілері | |
| Аралау дискісі 216 x 30 мм, 60 тістер | 2 608 640 433 |
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС "Роберт Бош"
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Кәдеге жарату
Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.
Электр құралдарды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:

Электр және электрондық ескі құралдар бойынша Еуропа 2012/19/EU ережесі және оның ұлттық заңдарда орындалуы бойынша басқа пайдаланып болмайтын электр құралдар бөлек жиналып кәдеге жаратылуы қажет.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.