PMC 8 - Бұранда BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз PMC 8 BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Дөңгелек ара |
| Бренд | Bosch |
| Модель | PMC 8 |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Би) | 300 x 250 x 250 мм |
| Салмағы | 3,5 кг |
| Қоректену | 230 В, 50 Гц |
| Тұтынылатын қуат | 1200 Вт |
| Пышақ диаметрі | 160 мм |
| Ең үлкен кесу тереңдігі | 50 мм |
| Бос жүріс жылдамдығы | 5000 айн/мин |
| Тереңдік тірегі | Иә, градуирленген |
| Параллель бағыттағыш | Біріктірілген |
| Тежеу жүйесі | Электрондық пышақ тежегіші |
| Қайта іске қосудан қорғаныс | Иә |
| Қауіпсіздік ажыратқышы | Қос басу |
| Сорғыш қосу | Иә, диаметрі 35 мм |
| Дыбыс деңгейі | 95 дБ(А) |
| Діріл | 2,5 м/с² |
| Күтім | Желдету саңылауларын тазалау, көміртек щеткаларын ауыстыру |
| Қосалқы бөлшектер | Пышақ, көміртек щеткалары, жіптер, ажыратқыш |
| Жөндеу мүмкіндігі | Жөндеу индексі: 8,2 / 10 |
Жиі қойылатын сұрақтар - PMC 8 BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы PMC 8 BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Бұранда PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз PMC 8 - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. PMC 8 брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ PMC 8 BOSCH
Пайдалану нұсқаулығының
ТҮПНҰСҚАСЫ
ro instructiuni originale
Сәйкестік туралы сертификаттың қолданылу мерзімі 31.03.2020 дейін
„Сертификаттау және тестілеу жөніндегі аймақтық орган“ ЖАҚ „РОСТЕСТ – Мәскеу“ сертификаттау жөніндегі орган 119049, Мәскеу қаласы,
Житная, көш. 14, күр. 1
Сәйкестік туралы сертификаттар мына мекенжайда сақталады:
000 "Роберт Бош"
Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде көрсетілген.
Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастан (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған)
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
- тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз
- өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
- ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз
- жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз
- корпус ішіне су кірсе, құрылғыны қосушы болмаңыз
- көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
- қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
- ток сымының тозуы немесе зақымдануы
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- Құрғақ жерде сақтау керек
- жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек
- сақтау кезінде температураның кенеттен өзгеруінен қорғау керек
- орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
- тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
- босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
- тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Жалпы электр құралы қауіпсіздік ескертулері

ЕСКЕРТУ Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды,
суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Барлық ескертулер мен нұсқауларды болашақ пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Ескертулердегі "электр құрылғы" терминінде атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.

ЕСКЕРТУ Электр құралдарын пайдалануда ток соғуы, жарақаттану және күйіп қалу
қаупінен сақтану үшін төмендегі негізгі қауіпсіздік шараларын орындаңыз.
Электр құралын пайдаланудан алдын осы нұсқаулықтардың барлығын оқып қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң болғанда. Электр құралы ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. ▶ Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алаңдаушылық бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Электр айырлары розеткаға сай болуы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай түрде өзгертпеңіз. Жерге қосылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. ▶ Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса, жоғары ток соғу қаупі пайда болады. Электр құралдарын жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су ток соғу қаупін жоғарылатады. Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель ток соғу қаупін жоғарылатады.










Қазақша | 169
Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді. ▶ Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған ток желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді.
Жеке қауіпсіздік
Электр құралын пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралын шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтарды тиісті жағдайларда қолданып, жеке жарақаттануларды кемітеді.
▶ Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін.
Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтін алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
▶ Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақтылықты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды.
▶ Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді кимеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін.
Егер шаң жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берілген болса, онда олардың қосылғанына және тиісті ретте қолданылғанына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты қауіптерді азайтады.
Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң, масайрап кетпей, қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін.
Электр құралдарын пайдалану және күту
Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз.
Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады.
Жабдықты реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе құралды қоймаға қоюдан алдын аккумуляторды электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады.
Электр құралдарын және керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен қатар жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.
Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Қызмет көрсету
Электр құралына маман жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Торцық және бұрышты араға арналған қауіпсіздік нұсқаулары
Бұрыштық ара ағаш немесе ағаш сияқты өнімдерді аралауға арналған, оларды абразивті кесу деңгелектерімен брус, шыбық, шеге және т.б. сияқты темір материалдарды аралауға пайдалану мүмкін емес. Абразивті шаң төменгі тіреуіш сияқты жылжымалы бөлшектерді қысып қалады. Абразивті аралаудағы ұшқындар төменгі тіреуішті, ішпек және басқа бөлшектерді жандырады.
▶ Дайындаманы ұстау үшін мүмкін болса қысқыштарды пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен ұстасаңыз, қолыңызды ара дискісінен кемінде 100 мм қашықтықта ұстаңыз. Қысу үшін
немесе қолмен ұстау үшін тым кіші бөлшектерді кесу үшін бұл араны пайдаланбаңыз. Егер қолыңыз ара дискісіне тым жақын болса, дискіге тиюден шығатын ұшқындардан жарақаттану қаупі жоғары болады.
▶ Дайындама тұрақты болып тіреуіш пен үстелге қысылуы немесе тірелуі керек. Дайындаманы дискіге жылжытпаңыз немесе "қолмен" апармаңыз. Қысылмаған немесе жылжымалы дайындамалар жоғары жылдамдықта лақтырылып жарақаттауы мүмкін. Қолыңызды ешқашан ара дискісінің алдында немесе артында кесу сызығына қоймаңыз. "Басқа қолмен" дайындаманы ұстау, мысалы, дайындаманы ара дискісінің оң жағында сол қолмен ұстау немесе терісі өте қауіпті. Ешқашан қолыңызды ағаш жоңқаларын немесе басқа себептен дискі айналып тұрғанда ара дискісіне 100 мм-ден жақын тіреуіш арқасына апармаңыз. Айналып тұрған араның жақындығы дұрыс айқындалмай сіз қатты жарақаттануыңыз мүмкін. Кесуден алдын дайындаманы тексеріңіз. Егер дайындама қисайтылған немесе деформацияланған болса, оны сыртқы қисайтылған жағымен тіреуішке қысыңыз. Әрдайым кесік бойы дайындама, тіреуіш және үстел арасында аралық болмауына көз жеткізіңіз. Бұрылған немесе қисайған дайындамалар ширап, жылжып не айналып тұрған ара дискісін қысып қалуы мүмкін. Дайындамада шеге немесе басқа бөгде денелер болмауы тиіс. ▶ Үстел барлық аспаптар, ағаш жоңқалары т.б. бос болмағанша араны пайдаланбаңыз. Кіші сынықтар немесе бос ағаш бөлшектері не басқа нысандар айналып тұрған дискіге тисе, олар жоғары жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін. ▶ Бір уақытта тек бір ғана дайындаманы аралаңыз. Жинап қойылған бірнеше дайындамалар дұрыс қысылмай не бекітілмей аралау кезінде дискіні қысуы немесе жылжуы мүмкін. ▶ Пайдаланудан алдын бұрыштық араның тегіс, тұрақты жұмыс аймағына бекітілуін немесе орналастырылуын қамтамасыз етіңіз. Тегіс және тұрақты жұмыс аймағы бұрыштық араның қимылдап кету қаупін кемітеді. Жұмысыңызды жоспарлаңыз. Еңіс немесе көлбеу бұрышының параметрін өзгерткеніңізде, реттелетін тіреуіш дайындаманы ұстауға дұрыс реттелгенін және дискіні немесе қорғау жүйесіне тимеуіне көз жеткізіңіз. Аспапты "ҚОСУ"дан алдын және үстелде дайындама болмағанда ара дискісін бүтін симуляциялық кесіктен өткізіп, кедергі болмауына және тіреуіш кесілмеуіне көз жеткізіңіз. ▶ Үстелден үлкен дайындамалар үшін үстел кеңейткіші, аралау сандалы, т.б. сияқты көмекші аспаптар арқылы дұрыс ұстауды қамтамасыз етіңіз. Бұрыштық ара үстелінен ұзын немесе кең
дайындамалар сенімді ұсталмаса аударылуы мүмкін. Егер кесілген бөлшек немесе дайындама аударылса, ол төменгі тіреуішті көтеруі немесе айналып тұрған дискімен лақтырылуы мүмкін.
Устел кецейткіші немесе қосымша тіреуі орнына басқа адамды пайдаланбаңыз. Дайындама тұрақты бекітілмесе, дискі қысылуы немесе дайындама кесу кезінде жылжып, сізді не көмекшіңізді айналып тұрған дискіге жақындатуы мүмкін. ▶ Кесілген бөлшек тұрып қалмауы немесе айналып тұрған ара дискісіне басылмауы тиіс. Шектелген болса, мысалы, ұзындық шектеулері арқылы, кесілген бөлшек дискіге қысылып қатты лақтырылуы мүмкін. - Шыбық немесе құбыр сияқты домалақ материалдар үшін әрдайым қысқыш немесе бекіткішті пайдаланыңыз. Шыбықтар кесілгеннен соң домалап кетуі мүмкін, мұнда дискі "тістеп" дайындаманы қолыңызбен бірге дискіге тартуы мүмкін. ▶ Дайындамаға тиюден алдын дискі толық жылдамдығына жетуі керек. Бұл дайындама лақтырылу қауіпін кемітеді. ▶ Егер дайындама немесе дискі тұрып қалса, бұрыштық араны өшіріңіз. Барлық істеп тұрған бөлшектердің тоқтағанын күтіп, ашаны қуат көзінен шығарыңыз /немесе батарея жинағын шығарыңыз. Сосын тұрып қалған материалды шығарыңыз. Дайындама тұрып қалған кезде аралауды жалғастыру бұрыштық араның бақылауы жоғалуына немесе зақымдалуына алып келуі мүмкін. ▶ Аралауды аяқтағаннан соң өшіргішті жіберіп, ара басын төмен ұстап, кесілген бөлшекті шығаар алдын дискінің тоқтауын күтіңіз. Дискі айналып тұрған кезде орган қолды жақындату өте қауіпті. Электр құралы ескерту тақтасымен жабдықталған (электр құралының суретінде графика бетінде 2 нөмірімен белгіленген).

IEC 60825-1:2014 <1mW, 650 nm
▶ Егер ескерту жапсырмасы сіздің еліңіз тілінде болмаса, алғашқы пайдаланудан алдын оның орнына сіздің еліңіз тілінде болған жапсырманы жабыстырыңыз.

Лазер сәулесін адам немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылған лазер сәулесіне қарамаңыз. Осылай адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға алып келуі және көзді зақымдауы мүмкін.
▶ Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып басты сәуледен ары қарату керек. ▶ Лазер құрылығысында ешқандай өзгертуді орындамаңыз.
Қазақша | 171
Электр құралындағы ескертулер анық көрінетін болсын. ▶ Пайдаланбаған электр құралын дұрыс сақтаңыз. Жататын жері құрғақ және жабылатын болуы керек. Осылай электр құралы жатқан жерінде зақымдалуы немесе тәжірибесіз адамдар пайдалануына жол бермейсіз. Электр құралды зақымдалған кабельмен пайдаланбаңыз. Кабель жұмыс істеу кезінде зақымдалған болса, желі айырын шығарыңыз. Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін арттырады. Кабельді жүйелі түрде тексеріп, зақымдалған кабельді тек Bosch электр құралдарының өкілетті сервистік қызметіне жөндетіңіз. Зақымдалған ұзартқыш кабелін алмастырыңыз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз. ▶ Өтпес, жарылған, қисайған немесе зақымдалған аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Аралау дискілері немесе ауытқыған тістер енсіз кесуге, артық үйкеліске, тұрып қалуға және кері соққыға әкелуі мүмкін. ▶ Аспапты ешқашан ішпексіз пайдаланбаңыз. Ақаулы ішпекті алмастырыңыз. Ішпек мінсіз болмаса, ара дискісімен жарақаттану мүмкін. ▶ Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау дискілері оңай сынуы мүмкін. Әрқашан дұрыс өлшемдері және сәйкес орнату тесіктері бар аралау дискілерін пайдаланыңыз (мысалы, ромб түріндегі немесе дөңгелек). Араның орнату бөлшектеріне сәйкес келмейтін аралау дискілері эксцентрлі жұмыс істейді, бұл бақылауды жоғалтуға әкеледі. Қорғағыш қаптама дұрыс істеп, бос жылжуын қамтамасыз етіңіз. Қорғағыш қаптаманы ешқашан ашық жағдайында қыспаңыз. ▶ Еденді ағаш жоңқалары мен қалдықтарынан бос ұстаңыз. Сырғануыңыз немесе сүрінуіңіз мүмкін. Жұмыстан соң аралау дискісіне суығанша тимеңіз. Аралау дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады. ▶ Құрал толық тоқтағанынша оны ешқашан қалдырмаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін. ▶ Аралау дискісін дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Әйтпесе аралау дискісі дайындамаға ілініп, кері соғу қаупі пайда болады. ▶ Ешқашан электр құрал үстіне тұрмаңыз. Электр құралы түсіп, сіз аралау дискісіне тисеңіз, қатты жарақаттанулар пайда болуы мүмкін.
Белгілер
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер мен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағынасы

Электр құралы айналып тұрғанда қолды аралау аймағына әкелмеңіз. Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін тудырады.

▶ Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.

▶ Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.

▶ Құлақ сақтағышын киіңіз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін.

▶ Лазерлік сәулеге тікелей қарамаңыз. 2-сынып лазері.

▶ Саулы аймақ! Мүмкіндік бойынша алақан, бармақ немесе қолдарды осы аймақтан алыстатыңыз.

Вертикалды еңіс бұрыштарын аралауда реттелетін тіреуіш планканы сыртқа тарту керек.
Аралау дискісінің өлшемдеріне назар аударыңыз. Тесік диаметрі аралықсыз аспап шпинделіне сәйкес келуі керек. Жалғастырғыш тетіктерді немесе адаптерлерді пайдаланбаңыз.
Өнім және қызмет сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау ток соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға әкелуі мүмкін.
Тағайындалуы бойынша қолдану
Электр құралы қозғалмайтын тіректе бойлай және көлденеңінен, ағашты кесудің түзу бағытымен жұмыс істеуге арналған. Мұнда горизонтальды еңіс бұрышы -48° мен +48° дейін және вертикальды еңіс бұрышы 0°-тан 45°-қа дейін болуы мүмкін.
Электр құралының қуаты қатты және жұмсақ ағашты аралауға арналған.
Электр құралы алюминий немесе басқа түсті металдарды аралауға арналмаған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірлері суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына негізделген.
1 Қол тұтқасы 2 Лазер ескерту тақтасы 3 Манипуляторды босату үшін тұтқыш 4 Қорғаныш қаптамасы 5 Маятниктік қорғағыш қаптама 6 Тіреуіш планка 7 Ішпек 8 Орнату ойықтары 9 Кез келген қисайту бұрышы үшін бекіту басы (көлденең) 10 Бұрыш көрсеткіш (горизонтальды) 11 Қисайту бұрышы шкаласы (көлденең) 12 Аралау үстелі 13 Ұстау ойығы 14 Жылжытылатын тіреуіш планка 15 Кез келген қисайту бұрышы үшін қысқыш тұтқа (тік) 16 Лазер сәулесінің шығысы 17 Сырғанайтын доңғалақша 18 Аралау дискісі 19 Шаң қабы 20 Лазер қосқышы (кесік сызығының белгісі) 21 Қосқыш/өшіргіш 22 Жоңқаларды шығаруға арналған келте құбыр 23 Бұрандалы қысқыш үшін тесіктер 24 Алты қырлы дөңгелек кілт 25 Құлаудан сақтайтын қысқыш 26 Тасымалдау қорғауышы 27 Бұрандалы қысқыш 28 Шпиндельді бұғаттау 29 Бұрыш көрсеткіші (тік) 30 Қисайту бұрышы шкаласы (тік) 31 Ішпекті бекітуге арналған бұранда 32 Аударылудан сақтайтын тоғын үшін бекіткіш бұранда 33 Аралау дискісін бекітуге арналған алты қырлы бұранда 34 Қысқыш фланец 35 Ішкі қысқыш фланец 36 Құлақты бұранда 37 Бұрандалы өзек 38 Жылжытылатын тіреуіш планканы қысқыш тұтқышы
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
| Торцык және бурышты ара | PCM 8 | |
| Өнім нөмірі | 3 603 M10 0.. | |
| Кесімді куатты пайдалану | Вт 1200 | |
| Бос айналу сәті | мин -1 | 4800 |
| Лазер түрі | НМ | 650 |
| мВт | < 1 | |
| Лазер сыныпы | 2 | |
| EPTA-Procedure 01:2014кужатына сай салмағы | кг | 7,9 |
| Сақтық сыныпы | 回/П | |
Рұқсат етілген дайындама көлемдерін
(максималды/минималды) 175 бетінде қараңыз.
Мәліметтер [U] 230 В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.
Сәйкес аралау дискілері көлемдері
| Аралау дискісі диаметрі | мм | 216 |
| Орта диск қалындіғы | мм | 1,4-1,8 |
| макс. кесік ені | мм | 2 |
| Бүргғылау диаметрі | мм | 30 |
Шуыл бойынша ақпарат
Шу эмиссиясының мәндері EN 61029-2-9 бойынша есептелген.
А-мен белгіленген электр құралының шуыл деңгейі әдетте төмендегіге тең: дыбыс қысымы 96 дБ(А); дыбыс қуаты 103 дБ(А). Өлшеу дәлсіздігі К = 3 дБ.
Құлақты қорғау құралдарын киіңіз!
Сәйкестік мәлімдемесі
CE
Жеке жауапкершілікпен біз "Техникалық мәліметтер" бөлімінде сипатталған өнімнің 2011/65/EU, 2016 жыл 19 сәуірге дейін: 2014/108/EC, 2016 жыл 20 сәуірден соң 2014/30/EU, 2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті талаптарына өзгерістерімен бірге сәйкес екенін және төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз: EN 61029-1, EN 61029-2-9, EN 60825-1.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідей: Robert Bosch GmbH, PT/ETM9, 70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Henk Becker
Helmut Heinzelmann
Электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол бермеңіз. Орнату кезінде және электр құралындағы барлық жұмыстарда желі айыры токқа қосылмауы керек.
Жеткізу көлемі

Ол үшін пайдалану нұсқаулығының басындағы жинақ құрамының сипаттамасын қараңыз.
Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде жазылған бөліктердің
жинақта барлығын тексеріңіз:
- Торцык және бұрышты ара орнатылған ара дискісімен
- Шаң қабы 19
- Бұрандалы қысқыш 27 - Алты қырлы дөңгелек кілт 24
- Құлаудан сақтау дөңесі 25 бекіткіш бұрандамен 32
Ескертпе: Электр құралын зақымдануларға тексеріңіз.
Электр құралын пайдаланудан алдын қорғағыш аспаптар немесе аз зақымдалған бөліктердің әбден мінсіз және дұрыс істеуін тексеріңіз. Жылжымалы бөліктердің кедергісіз істеуін және қысылмауын немесе бөліктердің
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс орнатылған және кедергісіз жұмыс істеуді қамтамасыз ететін пайдалану шарттарына сәйкес болуы керек.
Зақымдалған қорғағыш аспаптар мен бөліктер өкілетті шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Бөліктерін орнату
- Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып қойыңыз.
- Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы жабдықтардан алып қойыңыз.
- Жинақтағы құрылғы элементтерін орнатуда жұмысты оңтайландыру үшін электр құралдың тасымалдау күйінде тұруына көз жеткізіңіз.
Құлаудан сақтау дөңесін орнату (А суретін қараңыз)
Электр құралын алғашқы рет пайдаланудан алдын аударылудан сақтайтын тоғынды 25 орнату керек.
- Электр құралын бұрап, қорғағыш қаптамаға 4 және аралау үстеліне 12 қойыңыз.
- Кулаудан сақтау дөңесін 25 оған арналған тесіктерге тіреуіш тақтада кулаудан сақтау дөңесі мен тіреуіш тақта тесіктері сай болғанша салыңыз.
- Бекіткіш бұрандаларды 32 тесіктерге салып, жинақтағы алты қырлы дөңбек кілтті 24 бұрап бекітіңіз.
- Электр құралын жұмыс істеу үшін дұрыс күйде қайта тұратын етіп бұрыңыз.
▶ Кулаудан сақтайтын қысқышты алып қоймаңыз. Кулаудан сақталмаған электр құралы тұрақты тұрмай, максималды қисайту бұрышындағы аралау кезінде құлауы мүмкін.
Жұмыс аймағында орнату (В суретін қараңыз)
- Электр құралын сәйкес бұрандалармен жұмыс аймағында бекітіңіз. Ол үшін 8 ойықтары көмектеседі.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек.
- Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын үйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
- Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып қойыңыз. – Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
- Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Жеке шаңсорғыш (С суретін қараңыз)
Шаң қабын 19 жоңқаларды шығаруға арналған келте құбырға 22 салыңыз.
Шаң қабы аралау кезінде әрекет жасап тұрған аспап бөліктеріне тимеуі тиіс.
Шаң қабын уақтылы босатыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаңсорғыш үшін жоңқа шығатын жерге 22 шаңсорғыш шлангісін (Ø 35 мм) қосу мүмкін.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру (D1 - D4 суреттерін қараңыз)
▶ Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. ▶ Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр құралыңыздың бос айналу моментінен жоғары болған аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге сәйкес және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз өңдейтін материалға сәйкес аралау дискілерін
174|Қазақша
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Алты қырлы бұранданы 33 жинақтағы алты қырлы кілтпен 24 бұрап, шпиндель бұғаттауышын 28 тірелгенше бірдей басыңыз.
- Шпиндель бұғаттауышын 28 басып ұстап, бұранданы 33 сағат тілімен бұрап шығарыңыз (сол жақтық бұранда!).
- Қысқыш фланецті 34 шешіңіз.
- Тұтқышты 3 басып, тербелуден сақтайтын қаптаманы 5 тірелгенше артқа қайырыңыз.
- Тербелуден сақтайтын қаптаманы осы күйде ұстап, ара дискісін 18 алып қойыңыз.
- Тербелуден сақтайтын қаптаманы жай артқа қайта апарыңыз.
Аралау дискісін орнату
Керек болса, барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
- Тұтқышты 3 басып, тербелуден сақтайтын қаптаманы 5 тірелгенше артқа қайырып, осы күйде ұстаңыз.
- Жаңа аралау дискісін қысқыш фланецке 35 орнатыңыз.
► Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
- Қысқыш фланец 34 пен бұранданы 33 орнатыңыз. Шпиндель бұғаттауышын 28 тірелгеніше басып, бұранданы сағат тіліне қарсы бұрап бекітіңіз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау қорғауышы (Е суретін қараңыз)
Тасымалдау қорғауышы 26 сізге түрлі жұмыс жайларына тасымалдау кезінде электр құралын қолай пайдалануға көмектеседі.
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
- Манипуляторды түткасында 1 аз темен басып тасымалдау қорғауышын 26 босатыңыз.
- Тасымалдау қорғауышын 26 толық сыртқа тартыңыз.
- Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Электр құралын қорғауышын орнату (тасымалдау күйі)
- Аралау үстелін 12 бұғаттау үшін құлыптау басын 9 тартып қойыңыз.
- Тұтқышқа 3 басып бір уақытта манипуляторды қолтұтқасынан 1 төменге тасымалдау бекіткіші 26 толық ішіне басылғанша қайырыңыз.
Манипулятор енді тасымалдауға дайын болып бұғатталған.
Дайындаманы бекітіңіз (F суретін қараңыз)
Оптималды жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаманы әрдайым бекем қысу керек. Қатты қысуға өте кіші болған дайындамаларды өндемеңіз.
- Дайындаманы 14 мен 6 тіреуіш планкаларына қарсы басып қойыңыз.
- Жинақтағы бұрандалы қысқышты 27 оған арналған тесіктерге 23 салыңыз.
- Кулақты бұранданы 36 босатып, бұрандалы қысқышты дайындамаға дұрыстаңыз. Қалақты бұрғыны берік бекітіңіз.
- Дайындаманы бұрандалы өзекті 37 бұрап қысыңыз.
Дайындаманы босату
- Бұрандалы қысқышты босату үшін бұрандалы штифтті 37 сағат тіліне қарсы бұраңыз.
Бағыт бұрышын реттеу
▶ Еңіс бұрышын реттеуде ешқашан қосқыш/өшіргішке 21 тимеңіз. Егер осы арқылы электр құрал кездейсоқ іске қосылса, жарақаттану қаупі пайда болады.
Горизонталды еңіс бұрышын реттеу (G суретін қараңыз)
Көлденең қисайту бұрышын 48° (сол жақтық) мен 48° (оң жақтық) аралығында реттеу мүмкін.
- Бекіту басы 9 тартылған болса, оны босатыңыз. Осылай аралау үстелі бос жылжытылады.
- Аралау үстелін 12 бекіту басында солға немесе оңға бұрыш көрсеткіші 10 керекті еңіс бұрышын көрсеткенше бұраңыз.
- Бекіту басын 9 қайта тартыңыз.
Жиі пайдаланылатын еңіс бұрыштарын жылдам және нақты реттеу үшін аралау үстелі 12 төмендегі стандартты бұрыштарда бұғатталады:
солда онда
0°
45°30°22,5°15°15°22,5°30°45°
- Бекіту басы 9 тартылған болса, оны босатыңыз.
- Аралау үстелін 12 бекіту тетігінде солға немесе оңға керекті стандартты еңіс бұрышы тірелгенше бұраңыз.
Вертикалды еңіс бұрышын реттеу (Н1 – Н2 суреттерін қараңыз)
Тік кисайту бұрышын 0° мен 45° аралығында реттеу мүмкін.
- Қысу тұтқышын 38 босатыңыз.
- Тіреуіш планканы 14 толық сыртқа тартыңыз.
- Жылжытылатын тіреуіш планканы бекіту үшін 38 қысқыш тұтқышын қайта тартыңыз.
- Қысқыш тұтқасын 15 босатыңыз.
- Манипуляторды қол тұтқасында 1 бұрыш көрсеткіші 29 керекті кисайту бұрышын көрсеткінше кисайтыңыз.
- Манипуляторды осы күйде ұстап, қысу тұтқасын 15 қайта бекітіңіз.



0° мен 45° стандартты бұрыштарын жылдам және дәл реттеу үшін зауытта реттелген тіреуіштер бар.
- Қысқыш тұтқасын 15 босатыңыз.
- Ол үшін манипуляторды қол тұтқасында 1 тірелгенше оңға (0°) немесе тірелгенше солға (45°) қайырыңыз.
- Қысқыш тұтқасын 15 қайта берік бекемдеңіз.
Пайдалануға ендіру
Желі куатына назар аударыңыз! Ток көзінің куаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі мүмкін.
Қосу (І суретін қараңыз)
Энергия куатын үнемдеу үшін электр құралын тек пайдаланарда қосыңыз.
- Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті 21 басып ұстан тұрыңыз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 21 құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған болуы қажет.
Тұтқышты 3 басып қана манипуляторды төмен жылжыту мүмкін.
- Аралау үшін қосқыш/өшіргішті 21 тиюге қосымша тұтқышты 3 басу керек.
Өшіру
- Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 21 жіберіңіз.
Жалпы аралау нұсқаулары
▶ Бекіту басын 9 аралаудан алдын әрдайым бекем бекітіңіз. Әйтпесе ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
Тербелуден сақтайтын қаптаманың дұрыс істеп, бос жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төменге апаруда тербелуден сақтайтын қаптама ашылуы керек. Манипуляторды жоғарыға апаруда тербелуден сақтайтын қаптама ара дискісінің жоғарысынан қайта жабылып, манипулятордың ең жоғарғы күйінде бекітілуі керек.
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз. Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Пайдаланушы күйі (J суретін қараңыз)
Электр құралын аралау дискісімен бір сызыққа қоймаңыз, әрдайым аралау дискісінен шетте тұрыңыз. Осылай денеңіз мүмкін кері соққыдан сақталады.
Кесік сызығын белгілеу (К суретін қараңыз)
Лазер сәулесі аралау дискісінің кесік сызығын көрсетеді. Осылай дайындаманы аралау үшін тербелу қорғағыш қаптамасын ашпай нақты орналастыру мүмкін.
- Ол үшін лазер сәулесін қосқышпен 20 қосыңыз.
- Белгіңізді дайындамада лазер сызығының оң шетіне бағыттаңыз.
Рұқсат етілген дайындама өлшемдері
Максималды дайындамалар:
| Кисайту бурышы | Биіктігі х Ені | |
| көлденец | тігінен | |
| 0° 0° | 60 x 120 мм | |
| 45° 0° | 60 x 85 мм | |
| 0° 45° | 37 x 120 мм | |
| 45° 45° | 37 x 85 мм | |
Минималды дайындамалар (= жинақтағы бұрандалы қысқышпен 27 аралау дискісінің сол немесе оң жағында бекітілетін барлық дайындамалар): 100 x 40 мм (ұзындығы x ені)
Макс. аралау тереңдігі (0°/0°): 60 мм
Торйтық аралау
- Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
- Керекті көлденең және/немесе тік қисату бұрышын орнатыңыз.
- Электр құралын қосыңыз.
- Тұтқышты 3 басып, манипуляторды қолтұтқасынан 1 ұстап жай төмен апарыңыз.
- Дайындаманы бір қалыпты жылжытып аралаңыз.
- Электр құралын өшіріп, аралау дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
- Манипуляторды жай ғана жоғарыға бағыттаңыз.
Ішпекті алмастыру
Қара ішпек 7 электр құралын ұзақ уақыт пайдаланудан соң тозуы мүмкін.
Ақаулы ішпекті алмастырыңыз.
- Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Бекіткіш бұранданы 31 алты қырлы дөңгелек кілтпен 24 бұрап шығарып, ескі ішпекті алып қойыңыз.
- Жаңа ішпекті салып, бекіткіш бұранданы 31 қайта бұрап бекітіңіз.
Профиль планкаларын өңдеу
Профиль рейкаларын екі жолмен өңдеуге болады:
Реттелген қисайту бұрыштарын алдымен қоқыс ағашымен тексеріңіз.
Тасымалдау
Электр құралын тасымалдаудан алдын төмендегі басқыштарды орындау керек:
- Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
- Электр құралында бекітілмейтін барлық жабдықтар бөліктерін алыстатыңыз. Пайдаланылмаған аралау дискілерін тасымалдау үшін жабық контейнерлерге салыңыз.
Көтеру немесе тасымалдау үшін ұстау ойықтарынан 13 аралау үстелі 12 жағынан ұстаңыз.
Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау аспабын пайдаланыңыз, ешқашан қорғағыш аспаптарды пайдаланбаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының, желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тазалау
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Тербелу қорғағыш қаптамасы әрдайым бос жылжып өзі жабылатын болуы керек. Сондықтан маятниктік қорғағыш қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза ұстаңыз.
Әрбір жұмыс басқышынан соң сығымдалған ауамен үрлеу немесе қылшақ көмегімен шаңды және жоңқаларды кетіріңіз.
Сырғанақ дөңгелекті 17 жүйелік ретте тазалаңыз.
Керек-жарақтар
| Өнім нөмірі | |
| Ағашты аралауға арналған ара дискілері | |
| Аралау дискісі 216 x 30 мм, 24 тістер | 2 608 640 431 |
| Аралау дискісі 216 x 30 мм, 48 тістер | 2 608 640 432 |
| Қатты ағаш пен байланыстыру заттектеріне арналған ара дискілері | |
| Аралау дискісі 216 x 30 мм, 60 тістер | 2 608 640 433 |
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС "Роберт Бош"
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек даңғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Кәдеге жарату
Электр құралдарды, жабдықтарды және олардың қаптамаларын қоршаған ортаны қорғайтын кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.
Электр құралдарын тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз!
Тек ЕО елдері үшін:

Электр және электрондық ескі құралдар туралы Еуропалық 2012/19/EU директивасына және оның ұлттық заңдарда қолданылуына сәйкес, пайдалануға жарамсыз электр құралдары бөлек жиналып, кәдеге жаратылуы тиіс.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.

