PTS 10 T - Бұранда BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз PTS 10 T BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Үстелдік дөңгелек ара |
| Бренд | Bosch |
| Модель | PTS 10 T |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 800 x 600 x 900 мм |
| Салмағы | 22 кг |
| Қоректену кернеуі | 230 В |
| Жиілік | 50 Гц |
| Тұтынылатын қуат | 1400 Вт |
| Бос жүріс жылдамдығы | 5000 айн/мин |
| Пышақ диаметрі | 250 мм |
| 90° кесу тереңдігі | 70 мм |
| 45° кесу тереңдігі | 50 мм |
| Қиғаш бұрыш диапазоны | -2°-тан 47°-қа дейін |
| Жұмыс үстелі | Құйма алюминий |
| Негізгі функциялар | Бойлық, көлденең, қиғаш кесу |
| Қауіпсіздік | Кездейсоқ жанасудан қорғау, қауіпсіздік ажыратқышы, пышақ тежегіші |
| Күтім және тазалау | Тұнбаларды үнемі тазалап, қозғалатын бөлшектерді майлау |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Пышақ, бағыттағыш, тоқтатқыш, қорғаныс қақпағы қолжетімді |
| Жалпы ақпарат | Пайдалану нұсқаулығы берілген, шу деңгейі 95 дБ(А) |
Жиі қойылатын сұрақтар - PTS 10 T BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы PTS 10 T BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Бұранда PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз PTS 10 T - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. PTS 10 T брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ PTS 10 T BOSCH
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген. Өндіру мерзімі нұсқаулықтың соңғы бетінде көрсетілген. Импорттаушыға қатысты байланыс мәліметі қаптамада берілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
- тұтқасы мен корпусы бүлінген болса, өнімді пайдаланбаңыз
- өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
- ток сымы бүлінген немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз
- жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз
- корпус ішіне су кірсе, құрылғыны қосушы болмаңыз
- көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
- қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
- ток сымының тозуы немесе зақымдануы
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Эр пайдаланудан сон өнімді тазалау ұсынылады.
Сактау
- Құрғақ жерде сақтау керек.
- Жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек.
- Орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз.
Сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек. Егер деценіз жерге қосулы болса, электр тоғының соғу қаупі артады.
Тасымалдау
- Тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады.
- Босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
- Тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік нұсқаулықтары

ЕСКЕРТУ: Электр құралдарын пайдалануда ток соғуы, жарақаттану және күйіп қалу қаупінен сақтану үшін төмендегі негізгі қауіпсіздік шараларын орындаңыз.
Электр құралын пайдаланудан алдын осы нұсқаулықтардың барлығын оқып, қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
Электр құралын пайдаланар алдында осы нұсқаулықтардың барлығын оқып, қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелімен) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жақсы жарықтандырылған күйде ұстаңыз. Тәртіпсіздік немесе жарықтың болмауы жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін. Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиналған жарылыс қаупі бар ортада электр құралын пайдаланбаңыз. Электр құралдары ұшқын шығарып, шаң немесе буларды тұтандыруы мүмкін. Электр құралдарын пайдалану кезінде балалар мен басқа адамдарды алыс ұстаңыз. Алаңдаушылық кезінде құралды бақылауды жоғалтуыңыз мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Электр құралының штепсель айыры розеткаға сыйымды болуы керек. Айырды ешқандай өзгертуге болмайды. Жерге қосулы электр құралдарымен ешқандай адаптерлік айырды пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айыр мен жарамды розеткаларды пайдалану электр тогының соғу қаупін төмендетеді.
▶ Құбыр, жылыту жабдығы, плита және тоңазытқыш сияқты жерге қосулы құралдардың сыртына тимеңіз. Егер денеңіз жерге қосулы болса, электр тогының соғу қаупі артады.
▶ Электр құралдарын ылғалдан, судан сақтаңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тогының соғу қаупін арттырады.
Электр құралын алып жүру, іліп қою немесе айырын розеткадан шығару үшін кабельді пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтан, майдан, өткір жиектерден немесе құралдың қозғалатын бөліктерінен алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель электр тогының соғу қаупін арттырады.
Электр құралымен ашық жерде жұмыс істесеңіз, тек сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты пайдалану электр тогының соғу қаупін төмендетеді.
Электр құралын ылғалды ортада пайдалану қажет болса, автоматты ажыратқышты пайдаланыңыз. Автоматты
ажыратқышты пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді.
Адамдар қауіпсіздігі
Сақ болып, не істеп жатқаныңызға айрықша көңіл бөліп, электр құралын ретімен пайдаланыңыз. Шаршаған жағдайда немесе еліткіш, алкоголь немесе дәрі әсері астында электр құралды пайдаланбаңыз. Электр құралды пайдалануда секундтық абайсыздық қатты жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Жеке сақтайтын киімді және әрдайым қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Электр құрал түріне немесе пайдалануына байланысты шаңтұтқыш, сырғудан сақтайтын бәтенке, сақтайтын шлем немесе құлақ сақтағышы сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию жарақаттану қаупін төмендетеді. ▶ Байқаусыз пайдаланудан аулақ болыңыз. Электр құралын тоққа және/немесе аккумуляторға қосуда, оны көтергенде немесе алып жүргенде, өшірулі болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын көтеріп тұрғанда, бармақты ажыратқышта ұстау немесе құрылғыны қосулы күйде тоққа қосу, жазатайым оқиғаға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын реттейтін аспаптарды және гайка кілттерін алыстатыңыз. Айналатын бөлшекте тұрған аспап немесе кілт жарақаттануларға алып келуі мүмкін. ▶ Қалыпсыз дене күйінде тұрмаңыз. Тірек күйде тұрып, әрқашан өзіңізді сенімді ұстаңыз. Осылай сіз күтпеген жағдайда электр құралды жақсырақ бақылайсыз. Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім, әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге тиюі мүмкін. ▶ Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс пайдаланылуына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады. НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.
Электр құралдарын пайдалану және күту
▶ Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз.
Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе құралды алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. ▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. ▶ Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.
Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Үстелдік дискілік аралар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
▶ Ешқашан электр құрал үстіне тұрмаңыз. Электр құралы түсіп сіз аралау дискісіне тисеңіз қатты жарақаттанулар пайда болуы мүмкін. ▶ Қорғағыш қаптаманың дұрыс істеп, бос жылжуын қамтамасыз етіңіз. Қорғағыш қаптаманы аралауда оның дайындамада бос жататындай етіп реттеңіз. Қорғағыш қаптаманы ешқашан ашық жағдайында қыспаңыз. ▶ Дайындаманы ұстау үшін, ағаш жоңқаны алыстату немесе басқа себептен қолыңызды ара дискісінің артына апармаңыз. Мұнда қолыңыз бен аралау дискісіне дейін қашықтық аз болады. ▶ Дайындаманы тек айналып тұрған ара дискісіне жақындатыңыз. Әйтпесе аралау дискісі дайындамаға ілініп кері соғу қаупі пайда болады. ▶ Тұтқаларды құрғақ, таза және майсыз жағдайда ұстаңыз. Май тұтқалар сырғақ болып бақылау жоғалтуына алып келеді.
Электр құралын тек жұмыс аймағы өңделетін дайындамаға дейін реттеу құралдарынан, ағаш жоңқасынан т.б. бос болғанда пайдаланыңыз. Айналып тұрған аралау дискісінде жатқан ағаш бөліктері немесе басқа заттар пайдаланушыға қатты жылдамдықта тиюі мүмкін. Әрдайым тек бір дайындаманы ғана аралаңыз. Бір-бірінің үстіне немесе алдына қойылған дайындамалар аралау дискісін бұғаттауы немесе аралау кезінде бір-біріне жылжуы мүмкін. ▶ Әрдайым параллельді немесе бұрышты панельді пайдаланыңыз. Бұл кесу дәлдігін жақсартады және аралау дискісінің тұрып қалу қаупін азайтады. ▶ Ою немесе тесуде электр құралды тек тиісті қорғағыш аспаппен (мысалы, туннельдік қаптама) пайдаланыңыз. Электр құралды кесу үшін пайдаланбаңыз (дайындамада аяқталатын ойық). Электр құралын тек пайдалануға арналған заттарды пайдаланыңыз. Әйтпесе электр құралын артық жүктеуіңіз мүмкін. ▶ Егер аралау дискісі қысылса, электр құралын өшіріп, дайындамаға аралау дискісі тоқтағанша тимеңіз. Кері соққыға жол бермеу үшін дайындаманы тек аралау дискісі тоқтағанда жылжыту қажет. Электр құралын қайта қосудан алдын аралау дискісінің қысылу себебін жойыңыз. - Өтпес, жарылған, қисайтылған немесе зақымдалған аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Аралау дискілері немесе ауытқыған тістер енсіз кесуге, артық үйкеліске, тұрып қалуға және кері соққыға әкелуі мүмкін. ▶ Ара полотносын орнатуда қорғаныш қолғабын киіңіз. Ара полотносына тию жарақаттану қаупін тудыруы мүмкін. ▶ Әрқашан дұрыс өлшемдері және сәйкес орнату тесіктері бар аралау дискілерін пайдаланыңыз (мысалы, ромб түріндегі немесе дөңгелек). Араның орнату бөлшектеріне сәйкес келмейтін аралау дискілері эксцентрлі жұмыс істейді, бұл бақылауды жоғалтуға әкеледі. ▶ Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау дискілері оңай сынуы мүмкін. Жұмыстан соң аралау дискісіне суығанша тимеңіз. Аралау дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады. ▶ Аспапты ешқашан ішпексіз пайдаланбаңыз. Ақаулы ішпекті алмастырыңыз. Ішпек мінсіз болмаса ара дискісімен жарақаттану мүмкін. ▶ Кабельді жүйелі түрде тексеріп, зақымдалған кабельді тек Bosch электр құралдарының өкілетті сервистік қызметіне жөндетіңіз. Зақымдалған ұзартқыш кабелін алмастырыңыз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз. ▶ Пайдаланбаған электр құралын дұрыс сақтаңыз. Жататын жері құрғақ және жабылатын болуы керек. Осылай электр құралы жатқан жерінде
зақымдалуы немесе тәжірибесіз адамдар пайдалануына жол бермейсіз.
▶ Құрал толық тоқтағанынша оны ешқашан қалдырмаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Электр құралды зақымдалған кабельмен пайдаланбаңыз. Кабель жұмыс істеу кезінде зақымдалған болса, желі айырын шығарыңыз. Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін арттырады.
Белгілер
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер мен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағынасы

▶ Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.

▶ Қорғаныш көзілдірігін киіңіз.

▶ Құлақ сақтағышын киіңіз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін.

Электр құралы айналып тұрғанда қолды аралау аймағына әкелмеңіз. Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін тудырады.

Электр құралдарды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар бойынша Еуропа 2012/19/EU ережесі және оның ұлттық заңдарда орындалуы бойынша басқа пайдаланып болмайтын электр құралдар бөлек жиналып кәдеге жаратылуы қажет.

Сермектің бұрау бағытын аралау дискісін түсіру үшін (Тасымалдау күйі) немесе көтеру үшін (Жұмыс күйі) көрсетеді.
Қазақша | 229
Белгілер мен олардың мағынасы


Дайындаманың вертикалды стандартты еңіс бұрыштарында 90° мен 45° максимальды рұқсат етілген биіктігін көрсетеді.

Аралау дискісінің өлшемдеріне назар аударыңыз. Тесік диаметрі аралықсыз аспап шпинделіне сай келуі керек. Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану керек болса, жалғастырғыш тетік өлшемдері ара дискісінің қалыңдығына және тесіктерінің диаметріне және аспап шпинделінің диаметріне сай болуына кез жеткізіңіз. Ара дискісімен жеткізілген жалғастырғыш тетіктерді пайдаланыңыз.
Ара дискісін алмастыруда кесік қалыңдығы сына қалыңдығынан кіші және ара дискісі қалыңдығы сынанікінен үлкен болмауына назар аударыңыз.

Бекіткіш бастиектің бұрышты тіреуіште горизонталды еңіс бұрыштарын реттеудегі жұмысын көрсетеді.

Параллельді тіреуіштің үстел кеңейтпесіндегі мүмкін күйлерін көрсетеді. Жапсырманың түстері бағыттауыш планканың шкаласындағы түстерге сай. Шкала параллельді тіреуіш күйіне қарай аралау дискісіне дейінгі қашықтықты көрсетеді.

Өнім және қызмет сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау ток соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құрал қозғалмайтын тіректе бойлай және көлденеңінен, ағашты кесудің түзу бағытымен жұмыс істеуге арналған. Осында көлденең қисаю бұрышы -60° мен +60° дейін және тік қисаю бұрышы 0°-45° дейін болуы мүмкін.
Электр құралының қуаты қатты және жұмсақ ағашты және ағаш-жоңқалы плита мен ағаш-талшықты плиталарға арналған.
Электр құралы дөңгелек үстел арасы ретінде жұмыс істеуде алюминий немесе басқа бейметалл заттарды аралауы мүмкін емес.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірлері суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына негізделген.
1 Жылжыма бөлшек 2 Үстел кеңейтпесі 3 Ішпек 4 Сына 5 Қорғаныш қаптамасы 6 Кесік сызығын белгілеуге арналған жапсырма 7 Параллельді тіреуіштің қосымша тіреуіші 8 Бағыттайтын планка 9 Үстел кеңейтпесінің параллельді тіреуіші
10 Үстел кеңейтпесі
11 Аралау үстелі
12 Аралау дискісін көтеру және түсіруге арналған қос иін
13 Ара дискісі мен параллельді тірек аралығының шкаласы
14 Қосу пернесі
15 Өшіру пернесі
16 Бұрыш планкасы
18 Бұрышты тіреуіштің 16 қосымша тіреуіші
19 Аралау дискісінің сақтау ұяшығының бекіткіш бұрандасы
20 Орнату ойықтары
21 Бұрышты тіреуіштің бағыттауыш ойығы
22 Жылжыту таяғы
23 Үстел ұзартқышының 2 бекіткіш басы
24 Жылжыма бөлшектің бұғаттау тұтқышы
25 Параллельді тіреуіш 9 бекіткіш басы
26 Үстел кеңейтпесінің 10 бекіткіш басы
27 Қосымша тіреуіштің 18 ұяшығы
28 Параллельді тіреуіштің 8 ұяшығы
230|Қазақша
29 Вертикалды еңіс бұрышын реттеуге арналған бұғаттау басы 30 Кабель ұстағышы 31 Жоңқаларды шығаруға арналған келте құбыр 32 Бұрышты тіреуіштің ұяшығы 33 Сорғыш шланг 34 Төменгі плита 35 Сынаны 4 бекітуге арналған алты қырлы бұранда 36 Салынбалы плита үшін саңылаулар 37 Аралау дискісі 38 Сына ұстағышы 39 "Үстел кеңейтпесі" бекіткіш жинағы 40 Резеңке жұмсартқыш 41 Бұрышты тіреуіштің бағыттауышы 42 Бұрышты тіреуіштің бекіткіш басы 43 "Қосымша тіреуіш/бұрышты тіреуіш" бекіткіш жинағы 44 Параллельді тірек қысқыш тұтқасы 45 Параллельді тіреуіш 8 бағыттауыш ойығы 46 Қосымша тіреуіштің 7 қысқыш тұтқышы 47 Шпиндель бекіту білігі 48 Қысқыш гайка 49 Қысқыш фланец 50 Тірек фланеці 51 Аспап шпинделі 52 Еңіс бұрышына арналған бекіткіш бас (горизонталды) 53 Бұрышты тіреуіштегі бұрыш көрсеткіші 54 Сермер 55 Бұрыш көрсеткіші (тік) 56 Қисайту бұрышы шкаласы (тік) 57 Лупа 58 Ара дискісі мен параллельді тірек аралығының шкаласы 9 59 Вертикалды 90° еңіс бұрышын реттеу бұрандасы 60 Вертикалды 45° еңіс бұрышын реттеу бұрандасы 61 Бұрыш индикаторының бұрандасы (тік) 62 Параллельді тіреуіштің 8 қысу күшін реттеу сомыны 63 Жылжыма бөлшек бостығын реттеу бұрандасы 64 Салынбалы плитаны реттеу бұрандасы 65 Ұстау ойығы 66 "Түпқойма" бекіткіш жинағы* 67 Түпқойма* *Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
| Устелдік дискілі ара | PTS 10 | |
| PTS 10 T | ||
| PTS 100 T | ||
| Өнім нөмірі 3 603 М03 ... | ... 4.. | |
| Кесімді куатты пайдалану | Вт 1400 | |
| Бос айналу сәті | мин -1 | 5000 |
| Іске қосу тогының шектеулері | ● | |
| EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай салмағы | кг 26,0 | |
| Сақтық сыныпы | ☐/П | |
| Өлшемдер (шешілетін құрылғы элементтерімен) | ||
| Ені х терендігі х биқтігі | мм 620 x 770 x 450 | |
| Максималды дайындама өлшемдері 235 бетінде қараңыз. | ||
| Мәліметтер [U] 230 В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бүл мәліметтерді өзгертуі мүмкін. | ||
Сэйкес аралау дискілері көлемдері
| Аралау дискісі диаметрі | мм 254 |
| Орта диск қалындығы | мм 1,8 |
| ең кіші тістіңқалындығы/тістердіңауыткуының ені | мм 2,5 |
| Бүргылау диаметрі | мм 30 |
Шуыл бойынша ақпарат
Шу эмиссиясының мәндері EN 61029-2-1 бойынша есептелген.
А-мен белгіленген электр құралының шуыл деңгейі әдетте төмендегіге тең: дыбыс күші 91 дБ(А); дыбыс қуаты 104 дБ(А). Өлшеу дәлсіздігі К = 3 дБ.
Құлақты қорғау құралдарын киіңіз!
Осы ескертпелерде берілген шуыл шығару мәні нормалық өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол шуыл шығару мәнін шамалап өлшеу үшін де жарамды.
Берілген шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптармен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы шуыл шығару мәнін арттырады.
Шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.
Жинау
Электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол бермеңіз. Орнату кезінде және электр құралындағы барлық жұмыстарда желі айыры токқа қосылмауы керек.
Қазақша | 231
Жеткізу көлемі

Ол үшін пайдалану нұсқаулығының басындағы жинақ құрамының сипаттамасын қараңыз.
Электр құралын алғашқы рет іске қосудан
алдын төменде жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз:
– Үстелдік дискілі ара (алдын ала орнатылған: үстел кеңейтпесі 10, ара дискісі 37, салынбалы плита 3) - Төменгі плита 34 алдын ала орнатылған крест тәрізді бұрауыш - Үстел кеңейтпесі 2 - "Үстел ұзартқышы" бекіткіш жинағы 39 (2 бағыттауыш планкалар, 2 бекіткіш бұранда, 2 қысқыш, 2 қысқа бекіткіш бастар) - Параллельді тіреуіштер 8 мен 9 - Қосымша тіреуіштер 7 мен 18 - Бұрыш планкасы 16 - "Қосымша тіреуіш/бұрышты тіреуіш" бекіткіш жинағы 43 - Қорғаныш қаптамасы 5, Сына 4 алдын ала орнатылған алтықырлы бұрандамен 35 - Сорғыш шланг 33 - Жылжыту таяғы 22 - Торцық кілт 17
Түпқоймалық құрылғы үлгілерінде:
PTS 10 T, PTS 100 T:
- Түпқойма 67
- "Түпқойма" бекіткіш жинағы 66
(24 бұранда орнату сомындарымен, 4 бұранда электр құралын бекіту сомындарымен, 4 астына қоятын шайбалармен)
Ескертпе: Электр құралын зақымданулар барлығына тексеріңіз.
Электр құралын пайдаланудан алдын қорғағыш аспаптар немесе аз зақымдалған бөліктерді әбден мінсіз және дұрыс істеуін тексеріңіз. Жылжымалы бөлектер кедергісіз істеуін және қысылмауын немесе бөліктер зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс орнатылған және кедергісіз жұмыс істеуді қамтамасыз ететін пайдалану шарттарына сәй болуы керек. Зақымдалған қорғағыш аспаптар мен бөліктер өкілетті шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Алғашқы іске қосу
- Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып қойыңыз.
- Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы жабдықтардан алып қойыңыз.
- Қозғалтқыш блогының астынан орама материалды алып қойыңыз.
Жинақтан тыс керекті аспаптар:
- Крест тәрізді бұрауыш
- Шеңберлік немесе айыр тәрізді кілт (13 мм) түпқойманы орнату үшін
Орнату реті
Жұмысты оңтайландыру үшін жинақтағы құрылғы элементтерінің орнату ретін ескеріңіз.
1. Төменнен орнату
- Сорғыш шланг 33
- Төменгі плита 34 алдын ала орнатылған крест тәрізді бұрауыш
2. Жоғарыдан орнату
- Сына 4
- Үстел кеңейтпесі 2
- Бұрышты тіреуіш 16 пен қосымша тіреуіш 18
- Электр құралды аралау үстелінде 11 тұратындай етіп бұраңыз.
Сорғыш шлангті орнату (а суретін қараңыз)
- Ара дискісінің корпусындағы жоңқаларды шығаруға арналған келте құбыр мен құрылғы корпусындағы 31 жоңқаларды шығаруға арналған келте құбырды сорғыш шлангпен 33 біріктіріңіз.
Төменгі плитаны орнату (в суретін қараңыз)
- Төменгі плитаны 34 арнайы саңылауларына крест тәрізді бұрандалар корпус бұрандалы тесіктеріне кіретіндей етіп салыңыз.
- Төменгі плитаны крест тәрізді бұрандалармен берік тартып бекітіңіз.
Жоғарыдан орнату
Электр құралын жұмыс істеу үшін дұрыс күйде қайта тұратындай етіп бұрыңыз.
Сынаны орнату (с1 – с3 суреттерін қараңыз)
- Шеңберлік кілтпен 17 салынбалы плитаны 3 алдыңғы жағынан көтеріп, саңылаулардан 36 шығарыңыз.
- Қос иінді 12 сағат тіліне қарсы ара дискісі 37 аралау үстелінің жоғарғы жағында ең жоғарғы күйде тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз.
- Ара дискісін 37 қайыру үшін бұғаттау басын 29 босатыңыз.
- Сынаны 4 тиісті тесіктермен ұстағыштың 38 қысқыш болттарына жылжытыңыз.
- Сынаны 4 ұстағышта 38 бекітіңіз, ол үшін алты қырлы бұранданы 35 шеберлік кілтпен 17 (13 мм) тартып қойыңыз.
- Ара дискісін 90° қайта реттеп, бұғаттау басын 29 берік тартыңыз. (және "Вертикальды еңіс бұрышын реттеу" 234 бетінде қараңыз)
Ескертпе: Дайындаманың қысылып қалуының алдын алу үшін сынаны ара дискісімен бір сызықта орналастырыңыз.
– Соңында салынбалы плитаны 3 қайта орнатыңыз. Ол үшін салынбалы плитаны саңылауға 36 кіргізіп, сосын салынбалы плитаны төменге аралау үстелінде тірелгенше басыңыз.
- Қорғағыш қаптамадағы сомынды шеңберлік кілтпен 17 (13 мм) қорғағыш қаптама реттелген күйде өзі тұратындай етіп берік тартыңыз.
Үстел ұзартқышын орнату (d1-d2 суреттерін қараңыз)
Орнату үшін "Үстел ұзартқышы" бекіткіш жинағын 39 пайдаланыңыз. (2 бағыттауыш планкалар, 2 бекіткіш бұранда, 2 қысқыш, 2 қысқа бекіткіш бастар)
- Екі бағыттаушы планканы тірелгенше бұрандалы тесіктермен алға үстел ұзартқышының 2 арнайы тесіктеріне жылжытыңыз.
- Резеңке жұмсартқышты 40 үстел ұзартқышына бұрап бекітіңіз. – Қысқыштарды бекіту үшін бағыттаушы планкалар тесіктеріне салыңыз. – Сосын үстел ұзартқышын екі бағыттаушы планкамен аралау үстелінің астындағы арнайы ұстағыштарына жылжытыңыз. – Шешілуден сақтауға арналған бұрандаларды арнайы бұрандалы тесіктерге бұрап қойыңыз.
- Бекіткіш бастарды 23 аралау үстелінің бұрандалы тесіктеріне бұрап қойыңыз.
Бұрышты тіреуішті орнату (e1 - e2 суреттерін қараңыз)
- Бағыттауышты 41 бұрышты тіреуіште 16 аралау үстелінің арнайы бағыттауыш ойықтарына 21 апарыңыз.
Ескертпе: Бұрышты тіреуіштің күйін сол жақтық бағыттауыш ойықта бекіткіш басты 42 бұрап жылжыма бөлшекте бекіту мүмкін.
- Қосымша тіреуішті 18 жинақтағы бекіткіш жинағымен 43 бұрышты тіреуіште орнатыңыз.
Ескертпе: Қосымша тіреуіштің аралау үстелінде толық жатуына көз жеткізіңіз.
Ара дискісі мен қосымша бағыттауыш 18 аралығы кемінде 15 мм болуы тиіс.
Параллельді тіреуішті орнату (f1 - f2 суреттерін қараңыз)
Параллельді тіреуішті 8 ара дискісінің сол немесе оң жағында орналастыру мүмкін.
- Қысқыш тұтқаны 44 параллельді тіреуіш алдындағы арнайы бұрандалы тесікке бұрап қойыңыз.
- Алдымен параллельді тіреуішті аралау үстелінің артында орнатыңыз. Сосын параллельді тіреуішті бағыттауыш ойықта 45 орналастырыңыз. Параллельді тіреуішті енді кез келген бағытта жылжыту мүмкін.
- Параллельді тіреуішті бекіту үшін қысқыш тұтқаны 44 төменге басыңыз.
Жіңішке дайындамаларды аралауда және вертикальды еңіс бұрыштарын аралауда қосымша тіреуішті 7 параллельді тіреуіште 8 орнату керек.
- Кыскыш туткышты 46 ашыңыз.
- Қосымша тіреуішті 7 параллельді тіреуішке 8 салыңыз.
- Күйін бекіту үшін қысқыш тұтқышты 46 төменге басыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек.
- Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын үйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң-жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
- Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып қойыңыз. – Аралау дискісі толық тоқтағанынша күте тұрыңыз.
- Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Төменгі ара дискісінің қаптамасын тазалаңыз
Дайындаманың сынған бөлшектерін және үлкен жоңқаларды алып тастау үшін жүйелік түрде төменгі аралау дискісінің қаптамасын шаңсору керек.
- Шеберлік кілтпен 17 салынбалы плитаны 3 алдында көтеріп, саңылаулардан 36 шығарыңыз.
- Қос иінді 12 сағат тілімен ара дискісінің 37 тістері аралау үстелінің 11 астында тұрғанша бұраңыз.
- Темеңгі ара дискісі қаптамасын тиісті шаңсорғышпен шаң сорыңыз. – Соңында салынбалы плитаны 3 қайта орнатыңыз. Ол үшін салынбалы плитаны саңылауға 36 кіргізіп, сосын салынбалы плитаны төменге аралау үстелінде тірелгенше басыңыз.
Сыртқы сорғыш (g суретін қараңыз)
- Шаңсорғыш шлангісін жоңқаларды шығаруға арналған келте құбырға 31 біріктіріңіз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет. Денсаулыққа зиян, обыр тұғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Қатты немесе икемді орнату
▶ Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс аймағына (мысалы верстак) орнату керек.
Түпкоймасыз орнату (h суретін қараңыз)
- Электр құралын сәйкес бұрандалармен жұмыс аймағында бекітіңіз. Ол үшін 20 ойықтары көмектеседі.
Қазақша | 233
Түпкоймамен орнату
(j1 - j3 суреттерін 14-беттен бастап қараңыз)
Орнату үшін "Түпкойма" бекіткіш жинағын 66 пайдаланыңыз. (24 бұранда орнату сомындарымен, 4 бұранда электр құралын бекіту сомындарымен, 4 астына қоятын шайбалармен)
- Түпкойманы 67 жинап қойыңыз. Бұрандаларды берік бекітіңіз.
- Электр құралды түпқойманың тіреуіш аймағында бекітіңіз. Ол үшін электр құралындағы тесіктер 20 және түпқоймадағы ұзын ойықтар арналған.
Аралау дискісін алмастыру
(i1 - i4 суреттерін қараңыз)
▶ Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. ▶ Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар. Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
- Шеңберлік кілтпен 17 салынбалы плитаны 3 алдында көтеріп саңылаулардан 36 шығарыңыз.
- Қос иінді 12 сағат тіліне қарсы ара дискісі 37 аралау үстелінің жоғарысында ең жоғарғы күйде тұратын етіп тірелгенше бұраңыз.
- Қысқыш сомынды 48 шеңберлік кілтпен 17 (23 мм) бұрап бір уақытта шпиндельді бұғаттау тұтқышын 47 тірелгенше тартыңыз. – Шпиндельді бұғаттау тұтқышын тартып ұстап қысқыш сомынды сағат тіліне қарсы бұрап алыңыз.
- Қысқыш фланецты 49 шешіңіз.
- Аралау дискісін 37 шешіңіз.
Аралау дискісін орнату
Керек болса барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
- Жаңа ара дискісін қысқыш фланецке 50 аспап шпинделінде 51 орнатыңыз.
Ескертпе: Кіші ара дискілерін пайдаланбаңыз. Ара дискісі мен сына аралығы максималды 5 мм болуы мүмкін.
► Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде көрсеткі бағыты) қорғағыш каптама көрсеткі бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
- Қысқыш сомынды 48 шенберлік кілтпен 17 (23 мм) бұрап, бір уақытта шпиндельді бұғаттау тұтқышын 47 тірелгенше тартыңыз.
- Қысқыш сомынды сағат тілімен берік тартыңыз.
- Салынбалы плитаны 3 қайта орнатыңыз. (с3 суретін қараңыз)
Пайдалану
▶ Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау дискісінің тасымалдау және жұмыс істеу күйі
Тасымалдау күйі
- Қос иінді 12 сағат тілімен ара дискісінің 37 тістері аралау үстелінің 11 астында тұрғанша бұраңыз.
Жұмыс күйі
- Ара дискісін қос иін 12 арқылы жоғарғы ара тістері дайындама жоғарғы бетінен шамамен 5 мм жоғарыда тұратын етіп көтеріңіз немесе түсіріңіз.
Ескертпе: Қорғағыш каптама дұрыс орналасқанына көз жеткізіңіз. Ол әрдайым дайындамада жатуы керек.
Аралау үстелін үлкейту
Ұзын дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.
Үстел ұзартқышы/үстел кеңейтпесі (А суретін қараңыз)
Аралау үстелінің аймағын үлкейту үшін электр құралының артында және оң жағында төмендегі бағыттауыштарды шығару мүмкін:
Үстел ұзартқышы 2 (аралау үстелін 11 артқа 215 мм-ге ұзартады) және/немесе
Үстел кеңейтпесі 10 (аралау үстелін 11 оңға 285 мм-ге кеңейтеді)
– Керекті бағыттауыш ортасының астынан ұстап, максималды тірелгенше шығарыңыз. - Күйін бекіту үшін бекіткіш бастарды (23 немесе 26) бағыттауыш планкаларда берік тартып қойыңыз.
Дайындама ауыр болса, бағыттауыштарды тіреу керек болуы мүмкін.
Жылжыма бөлшек (В суретін қараңыз)
Жылжыма бөлшек арқылы 1 дайындамаларды 350 мм максималды еніне дейін аралау мүмкін.
Осымен бір уақытта аралауда жоғарырақ дәлдік бұрышты тіреуішпен 16 жетіледі. ("Горизонталды еңіс бұрыштарын жылжыма бөлшек көмегімен аралаңыз" 235-бетте қараңыз)
– Ол үшін бұғаттау тұтқышын 24 оңға қайырыңыз. Жылжыма бөлшекті осылай алға және артқа тірелгенше жылжыту мүмкін.
Бағыт бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін белсенді пайдаланудан соң электр құралының параметрлерін тексеріп, керек болса реттеу керек ("Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз" 235 бетінде қараңыз).
Горизонталды еңіс бұрышын реттеу (Бұрышты тіреуіш) (С суретін қараңыз)
Көлденең қисайту бұрышын 60° (сол жақтық) мен 60° (оң жақтық) аралығында реттеу мүмкін.
- Бекіту басы 52 тартылған болса, оны босатыңыз.
- Бұрышты тіреуішті бұрыш көрсеткіші 53 керекті еңіс бұрышын шкалада көрсеткенше бұраңыз.
- Бекіту басын 52 қайта тартыңыз.
Вертикалды еңіс бұрышын реттеу (Ара дискісі) (D суретін қараңыз)
Тік кисайту бұрышын 0° мен 45° аралығында реттеу мүмкін.
Бугаттау басын 29 сағат тіліне қарсы аз бұрап босатыңыз.
Ескертпе: Бугаттау басы толық босатылса, ара дискісі тарту күшімен шамамен 30° сай күйге аударылады.
- Сермерді 54 төменгі басып, осы күйде ұстаңыз. Осылай тістер кулисада сермердегі тісті тәжге жетеді.
- Сермерді бұрыш көрсеткіші 55 керекті еңіс бұрышын шкалада 56 көрсеткенше бұраңыз.
- Бугаттау басын 29 қайта берік тартыңыз.
0° мен 45° стандартты бұрыштарын жылдам және дәл реттеу үшін корпуста соңғы тіреуіштер бар.
Параллельді тіреуіштерді реттеу
Бағыттайтын планка 8 (Е суретін қараңыз)
Лупадағы 57 белгі параллельді тіреуіштің ара дискісімен шкаладағы 13 аралығын көрсетеді.
- Параллельді тіреуішті ара дискісінің керекті жағында орналастырыңыз. (Қосымша ақпаратты "Параллельді тіреуішті орнату" бөлімінен, 232-беттен қараңыз)
- Қысқыш тұтқаны 44 босату үшін жоғарыға тартып, параллельді тіреуішті лупа 57 ара дискісіне дейінгі керекті аралықты көрсеткенше жылжытыңыз. – Параллельді тіреуішті бекіту үшін қысқыш тұтқаны 44 төменге басыңыз.
Үстел кеңейтпесінің 9 параллельді тіреуіші (F суретін қараңыз)
Параллельді тіреуішті 9 үстел кеңейтпесінің 10 сол және оң жағында орналастыру қажет.
Параллельді тіреуіштегі жапсырманың түстері алғы бағыттауыш планканың шкаласындағы 58 түстерге сай. Шкала параллельді тіреуіш күйіне қарай аралау дискісіне дейінгі қашықтықты көрсетеді.
- Параллельді тіреуішті үстел кеңейтпесінде керекті күйінде бұрап қойыңыз. – Үстел кеңейтпесінің ортасын астынан ұстап, қара немесе сұр шкала ара дискісіне дейінгі керекті аралықты көрсеткеніше шығарыңыз.
Қосымша тіреуішті 7 реттеу
Жіңішке дайындамаларды аралауда және вертикалды еңіс бұрыштарын аралауда қосымша тіреуішті 7
параллельді тіреуіште 8 орнату керек. (f2 суретін қараңыз)
Дайындамалар аралауда параллельді тіреуіш пен ара дискісі арасында қысылып, ара дискісі арқылы ұсталып лақтырылуы мүмкін.
Сол үшін қосымша тіреуішті 7 бағыттауыш ұшы ара дискісінің ең алдыңғы тісі мен сына алғы қыры аралығында аяқталатын етіп реттеңіз.
- Қысқыш тұтқышты 46 ашып, қосымша тіреуішті 7 сай ретте жылжытыңыз.
- Күйін бекіту үшін қысқыш тұтқышты 46 төменге басыңыз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтерге сай болуы қажет.
Қосу/өшіру (G суретін қараңыз)
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек пайдаланарда қосыңыз.
- Қосу үшін жасыл қосу пернесіне 14 басыңыз.
- Өшіру үшін қызыл өшіру пернесіне 15 басыңыз.
Токешуі
Бұл қосқыш-өшіргіш нөлдік өшіргіш деп аталады, ол ток үзілісінен соң (мысалы пайдалану кезінде желі айырын тарту) электр құралының қайта іске қосылуының алдын алады.
Сосын электр құралын қайта іске қосу үшін жасыл қосу пернесін 14 қайта басыңыз.
Жалпы аралау нұсқаулары
▶ Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу планкасын немесе басқа аспап бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. ▶ Ою немесе тесуде электр құралды тек тиісті қорғағыш аспаппен (мысалы, туннельдік қаптама) пайдаланыңыз. ▶ Электр құралды кесу үшін пайдаланбаңыз (дайындамада аяқталатын ойық). ▶ Шегелерді, бұрандаларды немесе басқа металл заттарды құрайтын дайындамаларды өңдемеңіз. Электр құралы тек ағашты аралауға арналған. Аралаудан алдын бөгде материалдарды дайындамадан алып қойыңыз. Әйтпесе өрт қауіпі пайда болады.
Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз. Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Дайындаманың қырылып қалуының алдын алу үшін сынаны ара дискісімен бір сызықта орналастырыңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындаманы әрдайым параллельді тіреуішке қою үшін тура қыры болуы керек.
Жылжыту таяғын әрдайым электр құралында сақтаңыз.
Қазақша | 235
Кесік сызығын белгілеу
- Домалақ сары жапсырмада 6 ара дискісінің қалыңдығын белгілеңіз. Осылай дайындаманы аралау үшін қорғағыш қаптамасын ашпай нақты орналастыру мүмкін.
Пайдаланушы күйі (Н суретін қараңыз)
Электр құралы алдына аралау дискісімен бір сызыққа тұрмай, әрдайым аралау дискісінен шетте тұрыңыз. Осылай деніңіз мүмкін кері соққыдан сақталады.
- Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын аралау дискісінен алыстатыңыз.
Осында төмендегі нұсқауларға назар аударыңыз:
- Дайындаманы екі қолмен бекем ұстап оны аралау үстеліне басыңыз, әсіресе тіреуішсіз жұмыс істеуде. (І суретін қараңыз)
- Жіңішке дайындамалар мен вертикалды еңіс бұрыштарында әрдайым жинақтағы жылжыту таяғы 22 мен қосымша тіреуішті 7 пайдаланыңыз. (Ј суретін қараңыз)
Максималды дайындама өлшемдері
| тік қисайту бұрышы | дайындаманың макс. биқтігі [мм] |
| 0° 75 | |
| 45° | 63 |
Аралау
Түзу кесіктерді аралау
- Параллельді тіреуішті 8 керек реттеңіз. ("Параллельді тіреуіштерді реттеу", 234 бетінде қараңыз)
- Дайындаманы аралау үстеліне қорғағыш қаптама 5 алдына қойыңыз.
- Ара дискісін қос иін 12 арқылы жоғарғы ара тістері дайындама жоғарғы бетінен шамамен 5 мм жоғарыда тұратын етіп көтеріңіз немесе түсіріңіз.
Ескертпе: Қорғағыш қаптама дұрыс орналасқанына көз жеткізіңіз. Ол әрдайым дайындамада жатуы керек.
- Электр құралын қосыңыз.
- Дайындаманы бір қалыпты жылжытып аралаңыз.
- Электр құралын өшіріп, аралау дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
Вертикалды еңіс бұрыштарын аралау
- Керекті вертикалды еңіс бұрышын орнатыңыз. ("Вертикалды еңіс бұрышын реттеу" 234-бетте қараңыз)
- "Түзу кесіктерді аралау" бөліміндегі жұмыс қадамдарын орындаңыз.
Ара дискісі мен қосымша тіреуіш аралығын бұрыштық тіреуіште реттеңіз (е2 суретін қараңыз).
Ара дискісі мен қосымша бағыттауыш 18 аралығы кемінде 15 мм болуы тиіс.
- Қосымша тіреуіш 18 кесік сызығының артында тұрса, бекіткіш жинағының 43 екі бұрандасын босатыңыз.
- Қосымша тіреуішті жылжытып, бұрандаларды қайта берік тартыңыз.
Горизонталды еңіс бұрыштарын бұғатталған жылжыма бөлшектерді аралаңыз
- Керекті горизонталды еңіс бұрышын орнатыңыз. ("Горизонталды еңіс бұрышын реттеу" 234-бетте қараңыз)
- Бұрышты тіреуіш бағыттауыш ойықта 21 (сол жақ пен оң жақта) бос жүретін болуы керек. Ол үшін керек болса бекіткіш басты 42 босатыңыз.
- "Түзу кесіктерді аралау" бөліміндегі жұмыс қадамдарын орындаңыз.
Горизонталды еңіс бұрыштарын жылжымалы бөлшек көмегімен аралаңыз.
- Керекті горизонталды еңіс бұрышын орнатыңыз. ("Горизонталды еңіс бұрышын реттеу" 234-бетте қараңыз)
- Буғаттау тұтқышын 24 оңға және солға қайырып, жылжымалы бөлшекті 1 алға тартыңыз. (В суретін қараңыз)
- Дайындаманы аралау үстеліне қорғағыш қаптама 5 алдына қойыңыз.
- Бұрышты тіреуішті 16 дайындама алдында сол бағыттаушы ойығында орналастырыңыз 21. Осы күйді буғаттаңыз, ол үшін бекіткіш басты 42 берік тартып қойыңыз.
- "Түзу кесіктерді аралау" бөліміндегі жұмыс қадамдарын орындаңыз.
Горизонталды еңіс бұрыштарын тексеріңіз.
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін белсенді пайдаланудан соң электр құралының параметрлерін тексеріп, керек болса реттеу керек.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар керек болады.
Экілетті Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам және сенімді ретте орындайды.
Стандартты қисайту бұрышын 0° (тік) реттеу
- 0° вертикалды еңіс бұрышын реттеңіз.
Тексеріңіз:
– Бір бұрышты калибрді 90° реттеп, оны аралау үстеліне 11 қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісіне 37 жатуы керек.
Реттеу: (К суретін қараңыз)
- Буғаттау басын 29 босатып, ара дискісін сермер 54 көмегімен 90° күйінде ұстаңыз.
- Реттеу бұрандасын 59 босатып, буғаттау басын 29 қайта аздап бекітіңіз. – Реттеу бұрандасын бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында бұрышты аралау дискісінде жатқанша бұраңыз. – Сосын буғаттау басын 29 қайта толық берік тартыңыз. Егер бұрыш көрсеткіші 55 реттеуден соң, 56 шкаласының 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса, 61 бұрандасын стандартты крест тәрізді бұрауышпен босатып, бұрыш көрсеткішін 0° белгісінен туралаңыз.
Стандартты қисайту бұрышын 45° (тік) реттеу (К суретін қараңыз)
- Жоғарыда айтылған жұмыс қадамдарын 45° вертикалды еңіс бұрышына сай қайталаңыз: бұғаттау басын 29 босатыңыз, реттеу бұрандасын 60 реттеңіз.
Бұрыштық көрсеткішті 55 қайта өзгерту мүмкін емес.
Параллельді тіреуіш қысу қуатын реттеу (L суретін қараңыз)
Параллельді тіреуіштің 8 қысу күші жиі пайдаланудан соң кемуі мүмкін.
- Сомынды 62 параллельді тіреуіш аралау үстелінде қайта бекіту мүмкін болғанша тартыңыз.
Жылжыма бөлшектің бос жүрісін реттеу (М суретін қараңыз)
- Жиі пайдаланудан соң жылжыма бөлшектің 1 бос жүрісі тым үлкен болса, реттеу бұрандасын 63 тартып қойыңыз.
Салынбалы плита деңгейін реттеу (N суретін қараңыз)
Тексеріңіз:
Салынбалы плитаның алғы беті 3 аралау үстелімен бірдей немесе аз төменірек болуы керек, артқы жағы аздап аралау үстелінің жоғарысында болуы керек.
Реттеу:
- Төрт реттеу бұрандасының көмегімен 64 дұрыс деңгейді реттеңіз.
Сақтау мен тасымалдау (О суретін қараңыз)
Сақтау кезінде электр құрал жылжыту таяғын, тіреуіштерді және қосалқы ара дискілерін бекем бекітуге мүмкіндік береді.
- Электр құралын тасымалдау қүйіне келтіріңіз. ("Тасымалдау қүйі" 233-бетте қараңыз)
- Қосымша тіреуішті 7 параллельді тіреуіштен 8 алып, қосымша тіреуішті 18 бұрышты тіреуіштен 16 босатыңыз.
- 8, 16 және 18 тіреуіштерін тиісті ұяшықтарына салып, жылжыту таяғымен 22 бекітіңіз.
- Желілік кабелін кабель ұстағышына 30 ораңыз.
- Қосалқы ара дискісін бекіткіш бұранда 19 көмегімен құрылғы корпусында сақтауға болады.
Электр құралды тасу
▶ Бел жарақаттануын алдын алу үшін электр құралын әрдайым екі кісі болып тасымалдаңыз. Электр құралды тасымалдауда тек тасымалдау аспаптарын пайдаланыңыз, ал қорғағыш аспаптарды, үстел ұзартқышын 2 немесе үстел кеңейтпесін 10 ешқашан пайдаланбаңыз. - Көтеру немесе тасымалдау үшін ұстау ойықтарынан 65 аралау үстелі 11 жағынан ұстаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
▶ Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету орталықтарында орындаңыз.
Тазалау
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Әр жұмыс қадамынан соң шаң мен жоңқаны алып тастаңыз.
Шуды төмендетуге арналған шаралар
Өндіруші шаралары:
- Бірқалыпты жұмыс бастау
- Шуды төмендетуге арналып құрастырылған ара дискісімен жеткізу
Пайдаланушы орындайтын шаралар:
- Тұрақты жұмыс аймағында дірілдеусіз орнату
- Шуды төмендету функциялары бар ара дискілерін пайдалану
- Ара дискісі мен электр құралды жүйелі түрде тазалау
Керек-жарақтар
Өнім жиынтығы 2 607 001 967
| Ағаш пен плиталық материалдар, панельдер мен планкалар үшін ара дискілері |
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Мұратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Кәдеге жарату
Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.

Электр құралдарды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар бойынша Еуропа 2012/19/EU ережесі және оның ұлттық заңдарда орындалуы бойынша басқа пайдаланып болмайтын электр құралдар бөлек жиналып кәдеге жаратылуы қажет.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.
