ELECTROLUX ERA 40633 X - тоңазытқыш

ERA 40633 X - тоңазытқыш ELECTROLUX - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз ERA 40633 X ELECTROLUX PDF форматында.

📄 72 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы
Notice ELECTROLUX ERA 40633 X - page 36
Нұсқаулықты қарау : Български BG Қазақша KK Македонски MK Shqip SQ
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы ERA 40633 X ELECTROLUX

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық пошта жеке болып қалады: ол тек сіздің сұрағыңызға біреу жауап берген жағдайда хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз тоңазытқыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз ERA 40633 X - ELECTROLUX және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. ERA 40633 X брендінің ELECTROLUX.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ ERA 40633 X ELECTROLUX

Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб- сайтынан танысыңыз.

МАЗМУНЫ

Қауіпсіздік туралы мағлүматтар36Құту менен тазалау45
Басқару панеліНе істерсіңіз, егеріг.47
Бірінші қолдануТехникалық сиппідтама
Әркүндік қолдануОрнату 42
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестерҚоршаған орта мәселелері53
44

Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

ELECTROLUX ERA 40633 X - 1

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАFLOWАТТАР

Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс қолдану максатында, пайдаланушыға арналған бул нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны пайдаланатын адамдардың барлығы, кажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап қойыңыз және тоңазытқышты басқа адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз. Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ескертулерді орынданыз, себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.

Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі

- Бул кұрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен білімінің аздығына байланысты пайдалана алмайтын адамдар

(балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды алмайынша не олардың қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс. Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды қадағалап отыру қажет.

  • Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Түншығып кету қаупі бар.
  • Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын розеткадан суырыңыз да, қорек сымын қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар ішіне кіріп қамалып не электр тогының қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін ағытып алып тастаңыз.
  • Егер ecírì магнитті тығыздағышпен жабдықталған бүл құрылғыны, есігінде не қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі құрылғыны ең алдымен оның серіппелі құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз. Бүл құрылғыны бала ішіне қамалып қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.

Жалпы қауіпсіздік туралы мағлүматтар

ELECTROLUX ERA 40633 X - Жалпы қауіпсіздік туралы мағлүматтар - 1

Назарыңызда болсын!

Желдету тесіктерін ашык устаңыз.

- Осы нүсқаулықта айтылғандай, бұл құрылғы әдеттегі үй жағдайларында

тамакты және/немесе сусындарды сақтау үшін арналған.

  • Жібіту үдерісін жылдамдату максатында ешкандай механикалық немесе кез келген басқа жасанды құралды пайдаланушы болмаңыз.
  • Өндіруші руксат бермеген болса, тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа электр құрылғыларды (балмүздак жасайтын құрылғы сияқты) салып қолданушы болмаңыз.
  • Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым келтірмеңіз.
    • Кұрылғының салқындатқыш зат ағатын жүйесінде изобутан (R600а) және қоршаған ортамен сыйысымдылығы жоғары, бірақ сонда да жанғыш зат болып табылатын, табиғи газ болады.

Құрылғының тасымалдау және орнату кезінде салқындатқыш зат жүйесіне зақым келтірілмейтініне көз жеткізіңіз. Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса:

– жалын от пен түтату көздері болмауы тиіс
– кұрылғы орналасқан бөлмені жақсылап желдетіңіз

- Осы өнімді немесе оның сипаттарын өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қыска түйықталу, өрт шығу және/немесе ток соғу қаупі төнеді.

ELECTROLUX ERA 40633 X - Назарыңызда болсын! - 1

Назарыңызда болсын! Кез келген электрлік бөлшектерін (қуат сымы, аша, компрессор), қатерлі жағдай орын алмас үшін, куәлігі бар қызмет көрсетуші маманы немесе білікті техник маман ауыстыруға тиіс.

  1. Куат кабелін узартуға болмайды.
  2. Куат кабелі құрылғының артқы жағында мыжылып немесе зақымдалып қалмағанына көз жеткізіңіз. Мыжылған немесе зақымдалған қуат кабелі тым қызып кетіп, өрт шығуына әекелуі мүмкін.
  3. Кұрылғының айыры қол жетерлік жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.

9) Егер шамның какпагы бар болса.
10) Егер шам бар болса.
11) Егер күрылғыға мүз қатпайтын болса.

  1. Айырды куат кабелін устап тартпаңыз.
  2. Розетка босап кеткен болса, айырды оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт шығу қаупі бар.
  3. Кұрылғыны ішкі жарықтама шамының ^9) калпағынсыз коспаңыз.

Бүл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болу керек.
- Қолыңыз сулы болса, мүздатқыш бөліктен заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз, себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі немесе қарылып қалуы мүмкін.
- Кұрылғыны ұзак ұақытқа тікелей күн сәулелерінің астына қоймаңыз.
- Осы құрылғыдағы шамдар ^10) — тек үй құрылғылары үшін пайдаланылуға арналған арнайы шамдар. Оларды үйді жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.

Күнделікті пайдалану

  • Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик жерлерге қоймаңыз.
  • Кұрылғы ішіне түтанғыш газ бен сұлықты қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі мүмкін.
    • Тағамды пештің артқы қабыргасындағы ауа шығатын саңылауға тура қарама-қарсы жөрге қоймаңыз. 11)
  • Муздатылған тағамды жібітіп алған соң оны қайта мүздатуға болмайды.
  • Алдын ала оралған тағамды мүздатылған тағам өндірушінің нұқсауларына сай сақтаңыз.
  • Кұрылғы өндірушінің тағам сақтауға қатысты ұсыныстарын қатаң орындау керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз.
  • Көмірқышқылдандырылған не көпіршитін сусындарды тоңазытқыш камераға қоймаңыз, себебі ыдыска түскен қысым оның жарып, нәтижесінде құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
  • Муздактарды тоңазытқыштан алған бетте пайдаланғанда аяз қарып жіберуі мүмкін.

Күтім және тазалау

  • Кұрылғыға қызмет көрсетуді бастамас бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр желісіндегі розеткадан суырып алыңыз. Егер желідегі розеткаға қолыңыз жетпесе, ток желісін өшіріп қойыңыз.
    • Курылғыны металл заттармен тазаламаңыз.
  • Кұрылғы қырауын тазалау үшін өткір заттарды пайдаланбаңыз. Пластик қырғышты пайдаланыңыз.
  • Еріген суды жинайтын табақшаны мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Кажет болса, табақшаны тазалап отырыңыз. Табақша толып қалған жағдайда су құрылғының астыңғы жағына жиналады.

Орнату

Өте маңызды! Электр желісіне қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият орынданыз.

  • Кұрылғы орамын ашып, оның еш жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Кұрылғының бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік орын алғанда, кұрылғыны сатып алған жерге дереу хабарлаңыз. Бүндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
  • Кұрылғыны қоспас бұрын оның майы компрессорға ағып құйылу үшін кем дегенде екі сағат күтіңіз.
  • Кұрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз болса кұрылғы қызып кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты нұсқауларды орынданыз.
  • Мумкін болса, кұрылғының жылы тұратын бөлшектерін (компрессор,

конденсатор) устап қалып не оларға қол тигізіп алып қуйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт жағын әрқашан қабырғаға қаратып қойыңыз.

  • Кұрылғыны радиатор не пештердің қасына жақын орналастыруға болмайды.
  • Кұрылғыны орнатқан соң оның ашасының қол оңай жететін жерде болуын қамтамасыз етіңіз.
  • Тек ауыз суы жүйесіне гана жалғаңыз. 12)

Кызмет

  • Кұрылғыны жәндеу үшін қажет электр жұмыстарын электр маманы не білікті адам жүзеге асыруға тиіс.
  • Бул өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті қызмет көрсету орындары жүзеге асыру керек және құрылғының нағыз өз бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.

Коршаған ортаны корғау

ELECTROLUX ERA 40633 X - Коршаған ортаны корғау - 1

Бүл құрылғының салқындатқыш сұйығының құрамында да, изоляция материалдарында да озон қабатына зиян келтіретін газдар жоқ. Бүл құрылғыны тұрмыстық қалдық пен қоқыстар тасталатын жерге тастауға болмайды. Оның изоляция қабаттамасында түтанғыш газдар бар: құрылғыны жергілікті құзырлы мекемелерден алынатын жарамды ережелерге сай тастау қажет. Салқындатқыш құралға, әсіресе оның қызу алмастырғышқа жақын артқы бөлігіне зиян келтірмеңіз.

Кұрылғыда пайдаланылған белгішесімен белгіленген материалдар қайта өндеуден өткізуге жарайды.

БАСКАРУ ПАНЕЛИ

ELECTROLUX ERA 40633 X - БАСКАРУ ПАНЕЛИ - 1

flowchart
graph TD
    A["A"] --> B["B"]
    B --> C["C"]
    C --> D["D"]
    D --> E["E"]
    F["Function"] --> G["Ok"]

A - Кұрылғының ON/OFF (қосу/ажырату) түймешігі
В - Температураны реттеу түймешігі
С - Температура мен функция индикаторы

Бейнебет

10 ECO SUPER +88 m 56

1 Температура индикаторы.
2 Аскын температура туралы ескерту.
3 FreeStore функциясының индикаторы.
4 Шопинг функциясының индикаторы.
5 Балалар күлпы функциясының индикаторы.

Алғаш рет Іске қосу

Ашаны розеткаға сүкқаннан кейін, егер бейнебет жанбаса, (А) пернесін басыңыз, сонда құрылғы іске қосылады. Құрылғы іске қосылғаннан кейін ол ескерту қүйінде болады, температура жыпылықтап, ызылдаған дыбыс естіледі.

(E) пернесін басыңыз, сонда ызыл токтайды да (сондай-ак "асқын температура туралы ескерту" бөлімін қараңыз), ⚠ белгішесі әлі жыпылықтап тұрады, және ең жылы температураға

D - Функция түймешігі
E - Куптау түймешігі

6 Таймер функциясының индикаторы.
7 Он немесе теріс температура индикаторы.
8 Муздату функциясының индикаторы.
9 Камера индикаторы.

10 Эко режимі функциясының индикаторы.

жеткенін көрсететін 88 индикаторы пайда болады.

Тағамды сақтау үшін эко режимі функциясын таңдаңыз, ол мына температуралардың орнатылуын қамтамасыз етеді: тоңазытқышта +5°C мүздатқышта -18°C

- Муздаткыш камераға тағамды салмас бұрын ішкі камераның температурасы -18°C мәніне жеткенше күтіңіз.

- Баска температураны тандау үшін "Температураны реттеу" тарауын караңыз.

Өшіру

Құрылғы (А) пернесін 1 секундтан астам басу арқылы өшіріледі.

Осы кезде температураның -3 -2 -1-ден басталатын кері санағы көрсетіледі.

Функциялар мәзірі

(D) пернесін іске қосу арқылы функциялар мәзірі жұмыс істейді. Әр функцияны (Е) түймешігін басу арқылы құптауға болады. Егер бірнеше секундтан кейін құптау берілмесе, бейнебет мәзірден шығады да, қалыпты қуйге оралады.

Төмендегі функциялар көрсетіледі:

Тоңызытқыш бөлікті тандау Мүздатқыш бөлікті тандау

Эко режимі функциясы FreeStore функциясы Шопинг функциясы

Балалар күлпы функциясы Сусын салкындату функциясы

SUPER Муздату функциясы

Температураны реттеу

Камераны тандау үшін (D) пернесін басыңыз да, қажетті температураны орнату үшін (В) пернесін басыңыз. Тандауыңызды растау үшін (E) пернесін басыңыз.

Температура индикаторы орнатылған температураны көрсетеді. Таңдалған температура 24 сағат ішінде орнайды.

"H" демалыс функциясы

Демалыс функциясы температураны + 15 °C мәніне орнатады.

Бул функция узак демалыста (мысалы, жазғы демалыс) болған кезде, жағымсыз иіс пайда болмастан тоңазытқышты жабық әрі бос ұстауға мүмкіндік береді.

Демалыс функциясын іске қосу үшін таңдалған температураны өзгерткен сияқты әрекет етіңіз. Температура индикаторы бейнебеттегі температураны + 8 °С мәніне дейін, әр кез 1 ° градустан өзгерте алады. + 2 °С мәнінен кейін "Н" әрпі шығады. Растау үшін Е пернесін басыңыз.

Енді тоңазытқыш "демалыс" функциясында, қуат ұнемдеу режимінде тұрады.

Өте маңызды! Демалыс функциясы іске қосулы түрганда, тоңазытқыш камерасы бос болуға тиіс.

Балалар күлпы функциясы

Балалар күлпы функциясы (D) пернесін тиісті белгіше пайда болғанша басу арқылы (кажет болса бірнеше рет) іске қосылады 📋.

Тандауыңызды бірнеше секунд ішінде (Е) пернесін басу арқылы күптау керек. ызылдаған дыбыс естіледі де, белгіше жанып тұра береді. Осы күйде пернелер арқылы жасалған кез келген әрекет ешқандай өзгеріс тудырмайды, себебі осы функция іске қосулы.

Бул функцияны кез келген уақытта (D) пернесін тиісті белгіше жыпылықтағанша басып, содан кейін (E) пернесін басу арқылы ажыратуға болады.

Шопинг функциясы

Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы, азық-түлік дүкенінен келген бетте салғыңыз келсе, тағамдарды негұрлым тез тоңазыту үшін, әрі тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп кетпес үшін Шопинг функциясын іске қосуды ұсынамыз.

Шопинг функциясы(D) пернесін тиісті белгіше пайда болғанша басу арқылы (кажет болса бірнеше рет) іске қосылады. Тандауыңызды бірнеше секунд ішінде (E) пернесін басу арқылы күптау керек. ызылдаған дыбыс естіледі де, белгіше жанып тұра береді. Шопинг функциясы шамамен 6 сағат уақыт өткенде автоматты түрде өшеді. Бүл функцияны кез келген уақытта (D) пернесін тиісті белгіше жыпылықтағанша басып, содан кейін (E) пернесін басу арқылы ажыратуға болады.

Эко режимі функциясы

(D) (кажет болса бірнеше рет) пернесін тиісті белгіше көрсетілгенше басыңыз

ELECTROLUX ERA 40633 X - Эко режимі функциясы - 1

Тандауыңызды растау үшін (Е) пернесін басыңыз. Ызылдаған дыбыс естіледі де, белгіше жанып тұра береді. Бүл күйде температуралар автоматты түрде (+ 5°C және - 18°C) тағам сақтауға ең жақсы қалыпта орнатылады. Функцияны ажырату камералардың біріне басқа температураны орнатыңыз.

FreeStore функциясы

(D) (кажет болса бірнеше рет) пернесін тиісті белгіше көрсетілгенше басыңыз Тандауыңызды растау үшін (E) пернесін басыңыз. Ызылдаған дыбыс естіледі де, белгіше жанып тұра береді.

Өте маңызды! Егер функция автоматты түрде іске қосылса, FreeStore белгішесі көрсетілмейді ("Күнделікті пайдалану" тарауын қараңыз). FreeStore функциясы іске қосылғанда куат тұтыну көлемі артады.

Муздату функциясы

Мүздатқыш камера сату үшін мүздатылған және терең мүздатылған тағамды үзак мерзімге сақтау үшін және жас тағамды мүздату үшін қолайлы. 24 сағаттан кейін мүздайтын тағамның ең үлкен мөлшері ақпарат тақтайшасында көрсетілген. Ақпарат тақтайшасында көрсетілген тағам мөлшерін мүздату үшін тағамды тікелей суытқыш қабатқа (суырманы немесе себетті алып тастаңыз) қойыңыз. Тағам суырмалардың не себеттердің ішінде мүздатылған жағдайда, ең үлкен көлемі сәл азаяды. Жас тағамдарды мүздату үшін Мүздату функциясын іске қосу керек. (D) пернесін (кажет болса бірнеше рет) SUPER индикаторы пайда болғанша басыңыз. Тандауыңызды бірнеше секунд ішінде (Е) пернесін басу арқылы құптау керек. Ызылдаған дыбыс естіледі де, бейнебетте сызықтары бар қимыл көрсетіледі. 24 сағаттық алдын ала суыту кезеңінен кейін тағамды мүздатқышқа салыңыз.

Муздатылуға тиіс тағамды бөлікке салыңыз, себебі ол ең суық жер. Муздату үдерісі 24 сағатқа созылады. Осы уақыт ішінде муздатқышқа басқа тағам салмаңыз. Бүл функция 52 сағат өткенде автоматты түрде тоқтайды. Функцияны кез келген уақытта (D) пернесін SUPER индикаторы жыпылықтағанша басып, содан кейін (E) пернесін басу арқылы ажыратуға болады.

Сусын салкындату функциясы

Сусын салқындату функциясы шөлмектерді мүздатқыш камераға қойғанда қауіпсіздік құралы ретінде қолданылады. Бүл функция (D) пернесін тиісті белгіше пайда болғанша басқанда (қажет болса бірнеше рет) іске қосылады

Тандауыңызды бірнеше секунд ішінде (Е) пернесін басу арқылы құптау керек. Ызылдаған дыбыс естіледі де, белгіше жанып тұра береді. Осы қүйде бұл таймерді 30 минуттық бастанқы мәні бойынша іске қосады және оны 1 минуттан 90 минутқа дейін өзгертуге болады, (В) пернесін басу арқылы қажетті минут санын таңдайсыз Таңдалған уақыт аяқталған кезде келесі белгілер көрсетіледі:

• 88 индикаторында белгішесі жыпылыктайды
• m белгішесі жыпылыктайды
• белгішесі жыпылыктайды
• (E) пернесі басылғанша дыбыстық сигнал естіледі
Осы кезде муздаткыш камерадағы сусындарды алуды ұмытпаңыз.
Бүл функцияны кез келген уақытта (D) пернесін тиісті белгіше жыпылықтағанша басып, содан кейін (E) пернесін басу арқылы ажыратуға болады.

Аскын температура туралы ескерту

Камерадағы температураның артуы (мысалы, электр қуаты үзіліп қалуы себепті) төменdegілер арқылы көрсетіледі:

  • жыпылыктаған температура
    • муздаткыш камера ■ жыпылыктайды

• жыпылыктаған белгіше:
- ызылдаған дыбыс естілуі Қалыпты жағдайлар қалпына келгенде:
• дыбыстык сигнал токтайды
• температура мәндері жыпылыктай береді
ескерту сигналын ажырату үшін (E) пернесін басканда, камерадағы ең жоғары температура 88

БІРІНШІ ҚОЛДАНУ

Ішін тазалау

Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, жаңа бұйымға тән іісті арылту үшін оның іші мен ішкі керек- жарактарын сәл нейтрал сабын салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият Құрғатыңыз.

ЭРКУНДІК КОЛДАНУ

Муздатылған тағамды сақтайтын камера

Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не үзак ұақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде, камераға тамақ салмас бұрын ұрылғыны ең кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.

Өте маңызды! Кездейсок өріп кету, мысалы электр қуаты өшіп, ток техникалық сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру уақыты" бөлімінде берілген мәндерден де үзак уақыт бойы қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды жылдам пайдаланып не дереу пісіріп алып барып қайта тоңазыту (салқындатқан соң) қажет.

Жібіту

Муздатылған не тоңазытылған тағамды қажетке жаратпас бұрын, осы жұмыска арналған уақыттың шамасына қарай отырып, оны тоңазытқыш ішінде не бөлме температурасында жылытуға болады.

Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан алған бетте мүздаған қалпы пісіре беруге болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ болады.

индикаторында бірнеше секундка пайда болады.

Содан кейін таңдалған камераның температурасын көрсетіп, қалыпты жұмыс күйіне оралады.

Ескерту сатысында изылдаған дыбысты (E) пернесін басу арқылы ажыратуға болады.

Өте маңызды! Жуғыш зат не жеміргіш үнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл құрылғының сыртқы қабатына зиян келтіреді.

FreeStore

Тоңазытқыш камера тағамдарды жылдам суытып, камера ішіндегі температураны барынша біркелкі ұстауға көмектесетін құралмен жабдықталған.

ELECTROLUX ERA 40633 X - FreeStore - 1

Бүл құрал қажетті болғанда өздігінен іске қосылады, мысалы есік ашылғаннан кейін немесе бөлме температурасы жоғары болған кезде температураны жылдам қалпына келтіреді. Қажет болғанда құралды қолмен қосуға мүмкіндік береді ("FreeStore функциясы" тарауын қараңыз).

Өте маңызды! FreeStore құралы есік ашық кезде токтайды да, есік жабылғаннан кейін дереу іске қосылады.

Жылжымалы сөрелер

Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді қажетті қатарға орналастыруға арналған бірнеше бағыттағыш жолдар бар.

ELECTROLUX ERA 40633 X - Жылжымалы сөрелер - 1

Бөтелкелерді (ауызын алға қаратып) алдын ала орналастырылған сөреге қойыңыз.

Өте маңызды! Сөре көлденең орналастырылған болса, тек жабық бөтелкелерді ғана қойыңыз.

ELECTROLUX ERA 40633 X - Жылжымалы сөрелер - 2

Ашылған бөтелкелерді сақтау үшін осы бөтелке сөресін еңкейтіп қоюға болады. Бүл нәтижеге қол жеткізу үшін сөрені жоғары қарай бұрып, келесі жоғарғы деңгейге көтеріп қоюға болады.

ELECTROLUX ERA 40633 X - Жылжымалы сөрелер - 3

Есіктің сөрелерін орналастыру

Эр түрлі көлемде оралған тағамдарды орналастыру үшін, есіктегі сөрелерді әр түрлі биіктікке қоюға болады.

Бүл істеу үшін төмендегі әрекеттерді орынданыз:

серелерді көрсеткі бағыты бойынша орнынан шыққанша ақырын тартыңыз да, содан соң қажетті орынға қойыңыз.

ELECTROLUX ERA 40633 X - Есіктің сөрелерін орналастыру - 1

Тартпа FreshZoneбалык, ет, теңіз өнімдері сияқты жас тағамдарды сақтауға қолайлы, себебі бүл жердің температурасы, тоңазытқыштың басқа жеріндегі температурадан төмен.

ELECTROLUX ERA 40633 X - Есіктің сөрелерін орналастыру - 2

Муздаткыш себеттер, кездейсок алынып қалуға немесе құлап кетуге жол berмейтін тіреуішпен жабдықталған.

Оны муздатқыштан алу үшін, себетті өзіңізге қарай тартыңыз да, шегіне жеткен кезде себеттің алдыңғы жағын жоғары көтеріп қалыңыз.

Қайта орнына қою үшін, себеттің алдыңғы жағын ақырын ғана көтеріп

муздаткышка салыңыз. Шеткі жактарын келтіріп салғаннан кейін, себеттерді өз орындарына қарай итеріңіз.

ELECTROLUX ERA 40633 X - Есіктің сөрелерін орналастыру - 3

ПАЙДАЛЫ НУСКАУЛАР МЕНЕН КЕНЕСТЕР

Калыпты жұмыс шуылы

  • Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы акқан кезде, сылдыраған немесе көпіршіген тәрізді әлсіз шуыл естілуі мүмкін. Бүл дұрыс.
  • Компрессор қосылып түрган кезде, тоңазытқыш сүйық жан-жаққа тағалады да, компрессордан сылдырлаған, сондай-ақ дірілдеген дыбыс естисіз. Бүл дұрыс.
  • Жылу әсерінен кецею кезінде кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін. Бүл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық құбылыс емес. Бүл дұрыс.

Куатты үнемдеуге қатысты ақыл- кеңес

  • Есікті жиї-жиї ашпаңыз не кажетті уақыттан артық уақыт ашып түрмаңыз.
  • Орта температурасы жоғары болса, температура регуляторы ең жоғарғы параметрге қойылса және тоңазытқыш ішіне тамақ толтырылса салынса, компрессор буландырғыш құралдың үстіне мүз қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура регуляторын

құрылғы электр қуатын үнемдей отырып өздігінен жібу үшін төменгі көрсеткішке қойыңыз.

Жаңа тағамды тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес

Ең жаксы нәтижеге жету үшін:

  • жылы не буы бүрқырап түрган сүйық заттарды тоңазытқышка қоймаңыз
  • тағамның бетін жабыңыз не оны орап салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса
  • тағамды ауа оның айналасында еркін айнала алатындай етіп орналастырыңыз

Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес

Пайдалы кецестер:

Ет (барлық түрлері) : полиэтилен қалтаға орап көкөніс суырмасының үстіңгі жағындағы шыны сөреге қойыңыз.

Сақтық мақсатында тағамды осылайша тек бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау керек.

Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.: булардың бетін жауып кез келген сөреге қоюға болады.

Жемістер мен көкөністер: буларды мұқият тазалап арнайы сөреге (лер) салу қажет.

Сарымай мен ірімшік: буларды арнайы ауа өткізбейтін сауыттарға салып не алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, мүмкіндігінше ауа өткізбеуге тырысу қажет.

Сут бөтелкері: булардың тығындарын жауып, есіктегі бөтелке қойылатын қатарға қою қажет.

Оралмаған банан, картоп, пияз бен сарымсақты тоңазытқышта ұстауға болмайды.

Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды кеңестер берілген:

• 24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп тағам мөлшері техникалық ақпарат тактайшасында берілген;
- муздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс ешбір қосымша тағамды қосып салуға болмайды;
- тек аса жоғары сапалы, жаңа және мұқият тазаланған тағамдарды ғана тоңазытыңыз;
• тағамды жылдам әрі толықтай мұздатып, қажетті кезде оның тек қажетті мөлшерін ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге бөліп дайынданыз;
• тағамды алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, орамының,

ауа өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;

  • жаңа, мүздамаған тағамды өлдеқашан мүздаған тағамға, оның температурасы көтеріле бастамас үшін тигізбеніз;
  • майы аз тағамдар майлы тағамдарға қарағанда жақсы әрі ұзақ сақталады; түз тағамның сақталу ұақытын азайтады;
  • муз текшелерін муздаткыш камерадан алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні қарып кетуі мүмкін;
    • Тағамдарды сақтау уақытының кестесін жасау үшін, тағамның әрбір жеке орамасына оның тоңазытылған ай-күнін жазып қою ұсынылады;

Тоңазытылған тағамдарды сақтауға қатысты ақыл-кеңес

Кұрылғыны аса тиімді пайдалану үшін:

  • сатылып алынатын тағамдардың бөлшек сауда орнында тиісті түрде сақталғанын тексеріп алыңыз;
  • муздатылған тағамдардың тағам дүкенінен тоңазытқышқа мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде жеткізілуін қадағалаңыз;
  • есікті жиї-жиї ашып не қажетті уақыттан артық ашып қалдырмаңыз.
  • Тағамды бірден жібітіп алған соң оның сапасы төмендей бастайды және қайта тоңазытуға келмейді.
  • Тағам өндірушісі көрсеткен уақыттан артық уақыт сақтамаңыз.

КУТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

ELECTROLUX ERA 40633 X - КУТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ - 1

Сактандыру туралы ескерту! Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.

ELECTROLUX ERA 40633 X - КУТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ - 2

Бүл құрылғының салқындатқыш құралында сутегілі көміртек бар; сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны қайта толтыруды тек үәкілетті маман ғана жүзеге асыруға тиіс.

Мезгілімен тазалап отыру

Кұрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру кажет:

  • іші мен керек-жарактарын аздап нейтрал сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.
  • есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл тазалап, кір тұрып қалмас үшін сүртіп алып отырыңыз.
    • шайып муқият құрғатыңыз.

Өте маңызды! Құрылғы ішіндегі түтікшелер және/не сымдардың ешқайсысын тартпаңыз, жылжытып не бүлдірменіз.

Құрылғының ішін тазалау үшін жұғыш заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса хош иістендірілген тазалағыш заттарды не балауыз жылтыратқыштарды пайдаланбаныз, себебі бұндай заттар Құрылғының беткі қабатын бұлдіріп, онда ерекше иіс қалдырады.

Кұрылғының артында орналасқан конденсат құрылғысы (қара гриль) мен компрессорды шөткемен тазалаңыз. Желдеткіш торды бұлай тазалау құрылғының жұмысын жақсартып, электр қуатын тұтынуды азайтуға көмектеседі.

Өте маңызды! Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.

Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға арналған көпшілік заттардың құрамында осы құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге зиянды әсер ететін химикаттар бар. Сондықтан да осы құрылғы корпусының сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған жылы сумен тазалау ұсынылады.

Тазалап болған соң құрылғыны электр желісіне қайта қосыңыз.

Тоңазытқыш қырауын еріту

Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде тоңазытқыш камерасының буландырғышындағы қырау, мотор компрессоры төқтаған сайын автоматты түрде жойылып отырады. Еріген су Құрылғының артындағы, мотор компрессорының үстіндегі арнайы контейнердегі түтікше арқылы жиналады да, осы жерде буға айналады.

Су тасып төгіліп тамактардың үстіне ақпас үшін тоңазытқыш ортасындағы каналдағы еріген суды ағызатын тесікті мезгіл-мезгіл тазалап отырған дұрыс. Арнайы берілген тазалағышты пайдаланыңыз, оны су ағызатын тесіктен таба аласыз.

ELECTROLUX ERA 40633 X - Тоңазытқыш қырауын еріту - 1

Муздаткыш сөрелері мен үстіңгі камераның айналасына белгілі бір мөлшерде қырау әрқашан жиналады.

Муздаткыш камераның қырауының қалындығы шамамен 3-5 мм болған кезде, оны жібітіңіз.

Қырауды кетіру үшін төмендегі нұсқауларды орынданыз:

  • электр ашасын жардағы розеткадан суырыңыз немесе құрылғыны сөндіріңіз
  • ішінде тағам тұрса, оны алып, бірнеше қабат газетке ораңыз да, салқын жерге қойыңыз
    • мүздартқыштың тартпаларын алыңыз
  • тартпалардың айналасына жылу өткізбейтін материал қойыңыз, мысалы, жамылғылар немесе газеттер.

Муздаткыштың музын ерітуді ішіне ыстық су (қайнап түрмаған) құйылған тостағандарды қою арқылы жылдамдатуға болады.

  • Ағызу арнасын бекітілген күйінен босатыңыз, оны суретте көрсетілгендей басыңыз және офан су жиналуы үшін мүздатқыштың төменгі тартпасына салыңыз
  • ери бастаған кезде мүзды ақырын қырып тастаңыз. Ағаш немесе пластмасса қырғышты пайдаланыңыз
  • барлық мүз еріген кезде, камераны тазалаңыз және құрғата сүртіңіз,

содан кейін ағызу арнасын өз орнына қойыңыз.

ELECTROLUX ERA 40633 X - Тоңазытқыш қырауын еріту - 2

- камераны қосыңыз және мүздатылған тағамдарды қайта салыңыз.

Жеткілікті сақтау температурасына тез арада жетуі үшін құрылғыны

термостатты бақылау тетігін бірнеше сағатқа ең жоғарғы күйге қойып пайдалану ұсынылады.

Өте маңызды! Буландырғыштағы қырауды ешқашан өткір металл қыргғышпен қырмаңыз, оны бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Мүзды жылдам еріту үшін өндіруші ұсынған құралдардан өзге механикалық немесе басқа жасанды заттарды ешқашан қолданбаңыз. Құрылғының мүзын еріту кезінде, оралып мүздатылған тағамдардың температурасының жоғарылауы олардың қауіпсіз сақталу мерзімін қыскартуы мүмкін.

НЕ ICTEPCIH3, EГЕР...

ELECTROLUX ERA 40633 X - НЕ ICTEPCIH3, EГЕР... - 1

Ақаулықтың себептерін анықтамас бұрын құрылғыны төқтан ағытыңыз. Осы нұсқаулықта көрсетілмеген ақаулықты тек электрші маман немесе білікті адам ғана анықтауға тиіс.

Өте маңызды! Кұрылғы қалыпты жұмыс істеп түрган кезде шуыл естіледі (компрессор, салқындатқыш сұйықтықтың айналуы).

АқаулықЫқтимал себебіШешімі
Құрылғыдан шуыл шығады.Құрылғы дұрыс орнықпаған.Құрылғының орнықты тұрған-тұрмағанын тексеріңіз (төрт аяғы да өденге тиіп тұруға тиіс).
Компрессор үздіксіз жұмыс істейді.Температура тетігі дұрыс орнатылмаған болуы мұмкін.Жылырақ температураға қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған."Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Есік тым жиі ашылған.Есікті қажет кезде ғана ашыңыз, ұзақ ашып қоймаңыз.
Тағамның температурасытым жоғары.Тағамды сақтардың алдында температурасын бөлме температурасына дейін азайтыңыз.
Бөлме температурасы тым жоғары.Бөлменің температурасын азайтыңыз.
Мүздату функциясы қосулы."Мүздату функциясы" тарауын қараңыз.
Су тоңазытқыштың артқы тактасына қарай ағады.Мүзды автоматты түрде еріту барысында еріген су артқы тактаға ағады.Бүл дұрыс.
Су тоңазытқыштың ішіне ағады.Су ағатын түтікше бітеліп қалған.Су ағатын түтікшені тазалаңыз.
Тағамдар судың су жинағыш науаға құйылуына кедергі жасайды.Тағамдарды артқы тактаға тигізбей орналастырыңыз.
Су жерге ағады.Еріген су ағатын түтікше арқылы акқан су, компрессордың үстіндегі буландыргыш науаға акпайды.Еріген су ағатын түтікшені буландыргыш науаға жалғаңыз.
Қырау, мүз тым көп қатқан.Тағамдар дұрыс оралмаған.Тағамдарды жақсылап ораңыз.
Есік дұрыс жабылмаған."Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Температура тетігі дұрысорнатылмаған болуы мүмкін.Жоғарырақ температураға қойыңыз.
Құрылғының ішіндегі температура тым жоғары.Есік дұрыс жабылмаған."Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Тағамның температурасытым жоғары.Тағамды сақтардың алдында температурасын бөлме температурасына дейін азайтыңыз.
Бір мезгілде тым көп тағам сақтауға қойылған.Бір мезгілде сақталатын тағам мөлшерін азайтыңыз.
Тоңазытқыштың ішіндегі температура тым жоғары.Құрылғының ішінде суық ауа айналымы жоқ.Құрылғы ішінде суық ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз.
Мүздатқыштың ішіндегі температура тым жоғары.Тағамдар бір-біріне өте жақын қойылған.Тағамдарды суық ауа айнала алатындай етіп сақтаңыз.
Құрылғы жұмыс істемей түр.Құрылғы сөндірулі.Құрылғыны қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға дұрыс сұғылмаған.Ашаны розеткаға дұрыстан сұғыңыз.
Құрылғыға электр куатыкелмей түр. Розеткада ток жоқ.Розеткаға басқа электр құрылғысын қосып көріңіз. Электрші маманға хабарласыңыз.
Шам жанбайды.Шам күту режимінде түр.Есікті жауып, қайта ашыңыз.
Шамның ақауы бар."Шамды ауыстыру" тарауын қараңыз.

Берілген ақыл-кеңес ақаулықты түзетуге көмектеспесе, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Шамды ауыстыру

  1. Курылғыны ажыратыңыз.
  2. Шамның қалпағын ағыту үшін жылжымалы бөлігін басыңыз (1).
  3. Шамның қалпағын алыңыз (2).

  4. Шамның орнына түрмыстық кұрылғыларға арналған, куат параметрі дәл сондай шамдардың бірін салыңыз.

  5. Шамның калпағын орнына қойыңыз.
  6. Кұрылғыны іске қосыңыз.

7. Есікті ашыңыз. Шамның жанатындығын тексеріңіз.

ELECTROLUX ERA 40633 X - Есікті ашыңыз. Шамның жанатындығын тексеріңіз. - 1

  1. Есік тығыздағыштарын тазалаңыз.
  2. Кажет болса, есікті лайыктаңыз. "Орнату" тарауын караңыз.
  3. Кажет болса, есіктің нуксан келген тығыздағыштарын айырбастаңыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
ERA36633X ERA40633X
Өлшемдері
Биіктігі1850 мм2010 мм
Ені595 мм595 мм
Терендігі658 мм658 мм
Көтерілу уақыты20 сағ.20 сағ.
Кернеу230 - 240 В230 - 240 В
Жиілік50 Гц50 Гц

Техникалық акпарат құрылғының сол жақ ішкі қабырғасындағы техникалық

акпарат тактайшасында және электр куатының жапсырмасында көрсетілген.

OPHATY

⚠️ Кұрылғыны орнатпай тұрып "Қауіпсіздік туралы ақпаратты" жеке басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және құрылғыны дұрыс пайдалану үшін мұқият оқып шығыңыз.

Орналастыру

Бүл құрылғыны температурасы құрылғының техникалық ақпараттар тақтайшасында көрсетілген климат санатына сай келетін жерге орналастыру қажет:

Климат санатыКоршаған орта температурасы
SN+10°C бастап + 32°C дейін
N+16°C бастап + 32°C дейін
ST+16°C бастап + 38°C дейін
T+16°C бастап + 43°C дейін

Орналасуы

Құрылғыны радиаторлар, бойлерлер, тура түскен күн жарығы сияқты жылу көздерінен мүмкіндігінше алыс орнату қажет. Құрылғының артқы жағында ауаның еркін айналып тұруын қамтамасыз етіңіз. Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін, егер құрылғы қабырғаға ілулі заттың астына қойылса, құрылғының үсті мен қабырғаға ілулі заттың арасында кем дегенде 100 мм орын қалуға тиіс. Дегенмен, ең жақсысы, құрылғыны қабырғаға ілінетін заттың астына қоймаған дұрыс. Құрылғы корпусының астындағы бір немесе бірнеше аяғын реттеу арқылы оны бір деңгейлеп орнатуға болады.

Назарыңызда болсын! Кұрылғыны электр желісінен ағытатындай етіп орналастыру керек; сондықтан оны орнатқаннан кейін оның ашасы қол оңай жететін жерде тұруға тиіс.

100 mm min A 20 mm

B
ELECTROLUX ERA 40633 X - Орналасуы - 2

Электр желісіне жалғау

Электр желісіне қоспас бұрын техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына сай келетіндігін тексеріп алыңыз.

Кұрылғы жөрге қосылуға тиіс. Осы мақсатта қорек сымы контактпен қатар жеткізілген. Егер үйдегі розетка жөрге қосылмаған болса, білікті электр маманынан ақыл-кеңес ала отырып, құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай жөрге жекелей қосыңыз.

Жоғарыда айтылып өткен ережелер сақталмаса, өндіруші қандай да бір жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады.

Бул курылғы Е.Е.С. ережелеріне сай келеді.

Арткы тығыздағыштар

Кужаттар салынған қалтадан екі тығыздағышты таба аласыз.

Тығыздағыштарды орнату үшін мына кадамдарды орынданыз:

  1. Буранданы босатыңыз.
  2. Тығыздағышты бұранданың астына салыңыз.
  3. Тығыздағышты дұрыс жаққа бураңыз.
  4. Бурандаларды катайтыңыз.

ELECTROLUX ERA 40633 X - Арткы тығыздағыштар - 1

Кұрылғыны орналастырған кезде орнықты болуын қадағалаңыз. Оны алдының төменгі жағындағы реттемелі екі аяғының көмегімен орнықты етуге болады.

ELECTROLUX ERA 40633 X - Арткы тығыздағыштар - 2

Сөре тіреуіштерін алу

Кұрылғы тасымал кезінде сөрелерді орнынан жылжыптай ұстауға арналған тіреуіштермен жабдықталған.

Тіреуіштерді алу үшін мына әрекеттерді орынданыз:

  1. Сәре тіреуіштерін көрсеткі(А) бағытымен жылжытыңыз.
  2. Сөрені артқы жағынан көтеріңіз де, әбден босағанша алға итеріңіз (В).
  3. Тіреуіштерді алыңыз(С).

ELECTROLUX ERA 40633 X - Сөре тіреуіштерін алу - 1

Есіктің ашылатын жағын өзгерту

ELECTROLUX ERA 40633 X - Есіктің ашылатын жағын өзгерту - 1

Назарыңызда болсын! Кандай да бір жұмысты іске асырмас бұрын ашаны электр розеткасынан суырыңыз.

Өте маңызды! Төмендегі әрекеттерді жүзеге асыру үшін біз тағы бір адамның болуын ұсынамыз, ол жұмыс барысында құрылғының есіктерін мыктап ұстап тұрады.

Есіктің ашылатын бағытын өзгерту үшін мына қадамдарды жасаңыз:

  1. Есікті құрылғымен бірге тігінен ашып қойыңыз. Бұрандаларды (t1) ағытып алыңыз да, үстіңгі есіктің пластмасса жақтауын (t2) алыңыз. Есікті жабыңыз.

t1 t1 t1 t2 t3 d7

  1. Есіктің пластмасса жақтауының кішкене пластмасса қақпағын алыңыз да, қарсы жағына орналастырыңыз (t3).

  2. Панельді (t4) алыңыз. Кажет болса, өте абайлап бурағышты пайдаланыңыз. Екінші жақтағы бұранданы босатып алыңыз. Устіңгі есіктің бекітпесін (t5) алыңыз. Оларды бос пластик капшыққа салыңыз.

ELECTROLUX ERA 40633 X - Есіктің ашылатын жағын өзгерту - 3

  1. Устіңгі есікті ағытып алыңыз.

  2. Буранданы ағытып алып, есіктің тығырығын (d1) алыңыз. Оны қарсы жағына бекітіңіз.

d1

  1. Ортаңғы топсаны (m2) бұрап алыңыз. Пластмасса аралық шектегішті (m1) алыңыз.

  2. Астыңғы есікті ағытып алыңыз.

ELECTROLUX ERA 40633 X - Есіктің ашылатын жағын өзгерту - 5

  1. Аралык шектегішті (m6) алыңыз да, топса өзегінің (m5) екінші жағына ауыстырыңыз.

  2. Сайманның көмегімен қақпақты (b1) алыңыз. Астыңғы топса өзегін (b2) және аралық шектегішті (b3) бұрап алыңыз да, қарсы жағына салыңыз.

  3. Какпакты (b1) карама-карсы жакка орнатыңыз.

b1 b2 b3

  1. Тығырықтарды (d1) алыңыз да, есіктің екінші жағына ауыстырыңыз.

  2. Ортаңғы топсаның (m3,m4) сол жақ қақпақ істікшесін алыңыз да, екінші жағына ауыстырыңыз.

  3. Ортаңғы топсаның істікшесін (m5) астыңғы есіктің сол жақ тесігіне салыңыз.

  4. Астыңғы есікті бұрылмалы істікшеге (b2) қайта орнатыңыз.

  5. Ортаңғы топсаны (m1) қарама- қарсы жаққа орнатыңыз. Ортаңғы топсаның астына салынған пластмасса шектегішті (m2) ұмытпаңыз.

  6. Устінгі есікті ортаңғы топсаға (m5) қайта орнатыңыз. Есіктердің жиектерінің құрылғының бүйір жиегімен қатарлас келетіндігін тексеріңіз.

  7. Устінгі топсаны қарама-қарсы жаққа салып, бекітіңіз (тб) (оларды пайдаланушы нұсқаулығы салынған қапшықтан таба аласыз).

t6 t7

  1. Панельді (т7) салыңыз (оны пайдаланушы нүсқаулығы салынған қапшықтан таба аласыз).

  2. Устінгі есікті ашыңыз да, устінгі қакпакты (t2) бұрандалардың (t1) көмегімен бекітіңіз. Магнитті (d7) салыңыз. Есікті жабыңыз.

  3. Кұрылғыны орнына қойыңыз, денгейін реттеңіз, кем дегенде төрт сағат уақыт өткеннен кейін электр желісіне жалғаңыз.

Төмендегілерді тексеріңіз:

  • барлық бұрандалардың қатайтып бұралғанын.
  • Магнитті тығыздауыштың қаптамаға жабысканын.
  • Есіктің дұрыс ашылып-жабылатынын. Егер бөлме температурасы салқын болса (мысалы, қыста), тығыздағыш қаптамаға дұрыс келмеуі мүмкін. Мүндай жағдайда тығыздағыш өздігінен дәл келгенше күтіңіз.
    Егер жоғарыда аталған жұмысты атқарғыңыз келмесе, жақын жерде орналасқан қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Қызмет көрсету орталығының маманы есіктің орның төлемақыға ауыстырып береді.

Бүйымдағы немесе бүйым қорапшасындағы 📄 белгісі осы бүйым кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп білдіреді. Сондықтан оны ескі электр және электроникалық бүйымдарды жинап утилизация үшін арнайы контейнерлерге салуыңыз керек. Осы бүйымды дұрыс түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған орта менен адам денсаулығына түсіп пайда бола алатын

зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда болуы мүмкін. Осы бұйымның утилизациясы туралы көбірек білуіңіз үшін жергілікті әкімшілігіңізбен, қалдықтарды жинап әкететін мекемеңізбен немесе осы бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен хабарласыңыз.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : ELECTROLUX

Модель : ERA 40633 X

Санат : тоңазытқыш