ELECTROLUX ENB 34933 X - тоңазытқыш

ENB 34933 X - тоңазытқыш ELECTROLUX - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз ENB 34933 X ELECTROLUX PDF форматында.

📄 64 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы
Notice ELECTROLUX ENB 34933 X - page 2
Нұсқаулықты қарау : Қазақша KK Русский RU Türkçe TR Українська UK
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы ENB 34933 X ELECTROLUX

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық пошта жеке болып қалады: ол тек сіздің сұрағыңызға біреу жауап берген жағдайда хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз тоңазытқыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз ENB 34933 X - ELECTROLUX және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. ENB 34933 X брендінің ELECTROLUX.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ ENB 34933 X ELECTROLUX

Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб- сайтынан танысыңыз.

МАЗМУНЫ

Қауіпсіздік туралы мағлүматтар Басқару панелі2Құту менен тазалау Не істерсіңіз, егер..512
Бірінші қолдануТехникалық сиппатама Орнату 8
Өркүндік қолдану
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер10Қоршаған орта мәселелері16

Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

ELECTROLUX ENB 34933 X - 1

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАFLOWАТТАР

Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс қолдану максатында, пайдаланушыға арналған бул нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны пайдаланатын адамдардың барлығы, кажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдың алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап қойыңыз және тоңазытқышты басқа адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз. Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ескертулерді орынданыз, себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.

Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі

- Бул кұрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен білімінің аздығына байланысты пайдалана алмайтын адамдар

(балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды алмайынша не олардың қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс. Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды қадағалап отыру қажет.

  • Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Түншығып кету қаупі бар.
  • Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын розеткадан суырыңыз да, қорек сымын қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар ішіне кіріп қамалып не электр тогының қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін ағытып алып тастаңыз.
  • Егер ecírì магнитті тығыздағышпен жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі құрылғыны ең алдымен оның серіппелі құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз. Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.

Жалпы қауіпсіздік туралы мағлүматтар

ELECTROLUX ENB 34933 X - Жалпы қауіпсіздік туралы мағлүматтар - 1

Назарыңызда болсын!

Желдету тесіктерін ашык ұстаңыз.

- Осы нүсқаулықта айтылғандай, бүл кұрылғы әдеттегі үй жағдайларында

тамакты және/немесе сусындарды сақтау үшін арналған.

  • Жібіту үдерісін жылдамдату максатында ешкандай механикалық немесе кез келген басқа жасанды құралды пайдаланушы болмаңыз.
  • Өндіруші рүқсат бермеген болса, тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа электр құрылғыларды (балмүздак жасайтын құрылғы сияқты) салып қолданушы болмаңыз.
  • Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым келтірмеңіз.
    • Кұрылғының салқындатқыш зат ағатын жүйесінде изобутан (R600а) және қоршаған ортамен сыйысымдылығы жоғары, бірақ сонда да жанғыш зат болып табылатын, табиғи газ болады.

Құрылғының тасымалдау және орнату кезінде салқындатқыш зат жүйесіне зақым келтірілмейтініне көз жеткізіңіз. Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса:

– жалын от пен түтату көздері болмауы тиіс
– кұрылғы орналасқан бөлмені жақсылап желдетіңіз

- Осы өнімді немесе оның сипаттарын өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қыска түйықталу, өрт шығу және/немесе ток соғу қаупі төнеді.

ELECTROLUX ENB 34933 X - Назарыңызда болсын! - 1

Назарыңызда болсын! Кез келген электрлік бөлшектерін (куат сымы, аша, компрессор), қатерлі жағдай орын алмас үшін, куәлігі бар қызмет көрсетуші маманы немесе білікті техник маман ауыстыруға тиіс.

  1. Қуат кабелін үзартуға болмайды.
  2. Куат кабелі құрылғының артқы жағында мыжылып немесе зақымдалып қалмағанына көз жеткізіңіз. Мыжылған немесе зақымдалған қуат кабелі тым қызып кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін.
  3. Курылғының айыры қол жетерлік жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.

  4. Айырды куат кабелін устап тартпаңыз.

  5. Розетка босап кеткен болса, айырды оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт шығу қаупі бар.
  6. Күрылғыны ішкі жарықтама шамының ^1) калпағынсыз қоспаңыз.

- Бул кұрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болу керек.

- Қолыңыз сулы болса, мүздатқыш бөліктен заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз, себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі немесе қарылып қалуы мүмкін.

- Кұрылғыны ұзак ұақытқа тікелей күн сәулелерінің астына қоймаңыз.

- Осы құрылғыдағы шамдар²) — тек үй құрылғылары үшін пайдаланылуға арналған арнайы шамдар. Оларды үйді жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.

Күнделікті пайдалану

  • Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик жерлерге қоймаңыз.
  • Кұрылғы ішіне түтанғыш газ бен сұйықты қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі мүмкін.
    • Тағамды пештің артқы қабырғасындағы ауа шығатын саңылауға тура қарама-қарсы жерге қоймаңыз. ³)
  • Муздатылған тағамды жібітіп алған соң оны қайта мүздатуға болмайды.
  • Алдын ала оралған тағамды мүздатылған тағам өндірушінің нұқсауларына сай сақтаңыз.
  • Кұрылғы өндірушінің тағам сақтауға қатысты ұсыныстарын қатаң орындау керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз.
  • Көміркышқылдандырылған не көпіршитін сусындарды тоңазытқыш камераға қоймаңыз, себебі ыдыска түскен қысым оның жарып, нәтижесінде құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
  • Муздактарды тоңазытқыштан алған бетте пайдаланғанда аяз қарып жіберуі мүмкін.

Күтім және тазалау

  • Кұрылғыға қызмет көрсетуді бастамас бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр желісіндегі розеткадан суырып алыңыз. Егер желідегі розеткаға қолыңыз жетпесе, ток желісін өшіріп қойыңыз.
    • Курылғыны металл заттармен тазаламаңыз.
  • Кұрылғы қырауын тазалау үшін өткір заттарды пайдаланбаңыз. Пластик қырғышты пайдаланыңыз.
  • Еріген суды жинайтын табақшаны мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Кажет болса, табақшаны тазалап отырыңыз. Табақша толып қалған жағдайда су құрылғының астыңғы жағына жиналады.

Орнату

Өте маңызды! Электр желісіне қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият орынданыз.

  • Кұрылғы орамын ашып, оның еш жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Кұрылғының бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік орын алғанда, кұрылғыны сатып алған жерге дереу хабарлаңыз. Бүндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.
  • Кұрылғыны қоспас бұрын оның майы компрессорға ағып құйылу үшін кем дегенде екі сағат күтіңіз.
  • Кұрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз болса құрылғы қызып кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты нұсқауларды орынданыз.
  • Мумкін болса, кұрылғының жылы тұратын бөлшектерін (компрессор,

конденсатор) ۷стап қалып не оларға қол тигізіп алып қүйіп қалмас 你就ін тоңазытқыштың арт жағын әрқашан қабырғаға қаратып қойыңыз.

  • Кұрылғыны радиатор не пештердің қасына жақын орналастыруға болмайды.
  • Кұрылғыны орнатқан соң оның ашасының қол оңай жететін жерде болуын қамтамасыз етіңіз.
  • Тек ауыз суы жүйесіне гана жалғаңыз. 4)

Кызмет

  • Кұрылғыны жәндеу үшін қажет электр жұмыстарын электр маманы не білікті адам жүзеге асыруға тиіс.
  • Бул өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті қызмет көрсету орындары жүзеге асыру керек және құрылғының нағыз өз бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.

Коршаған ортаны корғау

ELECTROLUX ENB 34933 X - Коршаған ортаны корғау - 1

Бүл құрылғының салқындатқыш сұйығының құрамында да, изоляция материалдарында да озон қабатына зиян келтіретін газдар жоқ. Бүл құрылғыны тұрмыстық қалдық пен қоқыстар тасталатын жерге тастауға болмайды. Оның изоляция қабаттамасында түтанғыш газдар бар: құрылғыны жөргілікті құзырлы мекемелерден алынатын жарамды ережелерге сай тастау қажет. Салқындатқыш құралға, әсіресе оның қызу алмастырғышқа жақын артқы бөлігіне зиян келтірмеңіз.

Кұрылғыда пайдаланылған белгішесімен белгіленген материалдар қайта өндеуден өткізуге жарайды.

БАСКАРУ ПАНЕЛИ

ELECTROLUX ENB 34933 X - БАСКАРУ ПАНЕЛИ - 1

flowchart
graph TD
    A["1"] --> B["Mode"]
    C["7"] --> B
    D["6"] --> B
    E["5"] --> B
    F["+"] --> G["2"]
    H["OK/5sec"] --> I["3"]
    J["+"] --> K["4"]

1 Гоңазытқыш температурасын реттеу тетігі Минус түймешігі
2 Гоназыткыш температурасын реттеу тетігі Плюс түймешігі
3 ON/OFF түймешігі ОК түймешігі
4 Муздаткыш температурасын реттеу тетігі Плюс түймешігі Таймер тетігі
5 Бейнебет
6 Муздаткыш температурасын реттеу тетігі Минус түймешігі Таймер тетігі
7 Mode түймешігі Түймешіктердің алдын ала қойылған дыбысын қаттырақ етіп өзгерту үшін Mode түймешігін 7 және минус түймешігін 6 бірнеше секунд бірге басу керек. Осыны қайта өзгертуге болады.

Бейнебет

+88°C 11 10 9 8 7 6 ECO SUPER Off +88°C min 2 3 4 5

1 Гоңазыткыш температурасының индикаторы
2 Балалар күлпы функциясы
3 Тоңазытқышты сөндіру функциясы
4 Drinks Chill функциясы
5 Гаймер
6 Муздаткыш температурасының индикаторы
7 Ескерту индикаторы
8 Шопинг функциясы
9 Action Freeze функциясы
10 Eco Mode функциясы
11 Демалыс функциясы

Kocy

Кұрылғыны қосу үшін, мына әрекеттерді орынданыз:

  1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
  2. Бейнебет сөніп қалса, ON/OFF түймешігін басыңыз.
  3. Бірнеше секундтан кейін ескерту құралы сигнал береді. Ескерту құралын бастапқы қалпына қайтару үшін, "Жоғары температураны ескерту" тарауын қараңыз.

  4. Температура индикаторы бастапкы орнатылған температураны көрсетеді.

Орнатылған температураның басқа түрін тандау үшін, "Температураны реттеу" тарауын қараңыз.

Θωργ

Кұрылғыны сөндіру үшін, мына әрекеттерді орынданыз:

  1. Мына ON/OFF түймешікті 5 секунд басыңыз.
  2. Бейнебет сөнеді.
  3. Кұрылғыны электр желісінен ағыту үшін, ашаны розеткадан суырыңыз.

Тоңазытқышты сөндіру

Тоңазытқышты сөндіру үшін:

  1. Тиісті белгіше көрінгенше Mode түймешігін басыңыз.
    "Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы жыпылықтайды.
    Тоңазытқыш индикаторында үзік сызықшалар көрінеді.
  2. Куптау үшін ОК түймешігін басыңыз.
  3. "Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы көрсетіледі.

Тоңазытқышты іске қосу

Тоңазытқышты іске қосу үшін:

  1. Тоңазытқыш температурасын реттеу тетігін басыңыз.

Hemece:

  1. Тиісті белгіше көрінгенше Mode түймешігін басыңыз. "Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы жыпылықтайды.

  2. Куптау үшін ОК түймешігін басыңыз.

  3. "Тоңазытқыш сөндірулі" индикаторы өшеді.

Орнатылған басқа температураны таңдау үшін "Температураны реттеу" тарауын қараңыз.

Температураны реттеу

Тоңазытқыш пен мүздатқыштың орнатылған температурасын температура түймешігін басып реттеуге болады.

Орнатылған әдепкі температура:

• тоңазытқыш үшін +5°C

• мүздатқыш үшін -18°C

Температура индикаторлары орнатылған температураны көрсетеді.

Өте маңызды! Әдепкі температураны қайта келтіру үшін құрылғыны сөндіріңіз.

Тандалған температура 24 сағат ішінде орнайды.

Орнатылған температураның бірнеше градусқа ауытқұы қалыпты жағдай, бұл құрылғыда ақаулық бар дегенді білдірмейді.

Өте маңызды! Электр қуаты үзіліп қалса, орнатылған температура сақтаулы қалады.

Тағамды барынша онтайлы сақтау үшін Eco Mode функциясын таңданыз. " Eco Mode функциясы" тарауын қараңыз.

Eco Mode функциясы

Тағамды барынша оңтайлы сақтау үшін Eco Mode функциясын таңдаңыз.

Функцияны іске қосу үшін:

  1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode түймешігін басыңыз.
    Eco Mode индикаторы жыпылыктайды.
    Температура индикаторы орнатылған температураны бірнеше секунд көрсетеді:
    – тоңазытқыш үшін: +5°C
  2. мүздаткыш үшін: -18°C

  3. Куптау үшін ОК түймешігін басыңыз. Eco Mode индикаторы көрсетіледі.

  1. Mode түймешігін Eco Mode индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.

  2. Куптау үшін ОК түймешігін басыңыз.

  3. Eco Mode индикаторы сөнеді.

Өте маңызды! Функция басқа орнатылған температураны тандау арқылы ажыратылады.

Балалар кулпы функциясы

Туймешіктер арқылы орындалатын жұмысты бұғаттау үшін балалар құлпы функциясын танданыз.

Функцияны іске қосу үшін:

  1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode түймешігін басыңыз.
  2. Балалар күлпы индикаторы жыпылыктайды.
  3. Куптау үшін ОК түймешігін басыңыз. Балалар құлпы индикаторы көрсетіледі.
  1. Балалар күлпы индикаторы жыпылықтағанша Mode түймешігін басыңыз.

  2. Куптау үшін ОК түймешігін басыңыз.

  3. Балалар күлпы индикаторы өшеді.

Демалыс функциясы

Бүл функция үзак демалыска кетерде жағымсыз иіс пайда болмастан тоңазытқышты жабық әрі бос ұстауға мүмкіндік береді.

Өте маңызды! Демалыс функциясы іске қосулы түрганда, тоңазытқыш камерасы бос болуға тиіс.

Функцияны іске қосу үшін:

  1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode түймешігін басыңыз.
    Демалыс индикаторы жыпылыктайды.
    Тоңазытқыш температурасының индикаторы орнатылған температураны бірнеше секунд көрсетеді.

  2. Куптау үшін ОК түймешігін басыңыз. Демалыс индикаторы көрсетіледі.

  1. Демалыс индикаторы жыпылыктағанша Mode түймешігін басыңыз.

  2. Куптау үшін ОК түймешігін басыңыз.

  3. Демалыс индикаторы өшеді.

  4. Eger Eco Mode функциясы алдын ала тандалған болса, ол қалпына келтіріледі.

Өте маңызды! Функция

тоңазытқыштың басқа орнатылған температурасын тандау арқылы ажыратылады.

Drinks Chill функциясы

Муздаткыш камераға шөлмектерді койған кезде, Drinks Chill функциясы қауіпсіздік туралы ескерту міндетін атқарады.

Функцияны іске қосу үшін:

  1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode түймешігін басыңыз. Drinks Chill индикаторы жыпылықтайды.

Таймер орнатылған мәнді (30 минут) бірнеше секунд көрсетіп тұрады.

  1. Таймердің орнатылған мәнін 1 мен 90 минут аралығында өзгерту үшін таймер тетігін басыңыз.

  2. Куптау үшін ОК түймешігін басыңыз. Drinks Chill индикаторы көрсетіледі. Таймер жыпылыктай бастайды.

Kepi санаç аякталғанда, Drinks Chill индикаторы жыпылықтап, дыбыстық сигнал естіледі:

  1. Муздаткыш камерадағы сусындарды алыңыз.
  2. Функцияны ажыратыңыз.
    Функцияны ажырату үшін:
  3. Mode түймешігін Drinks Chill индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.
  4. Куптау үшін ОК түймешігін басыңыз.
  5. Drinks Chill индикаторы өшеді.
    Функцияны кез келген уақытта ажыратуға болады.

Шопинг функциясы

Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы, азық-түлік дүкенінен келген бетте салғыңыз келсе, тағамдарды негұрлым тез тоңазыту үшін, әрі тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп кетпес үшін Шопинг функциясын іске қосуды ұсынамыз.

Функцияны іске қосу үшін:

  1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode түймешігін басыңыз.
    Шопинг индикаторы жыпылыктайды.
    Тоңазытқыш температурасының индикаторы орнатылған температураны бірнеше секунд көрсетеді.

  2. Куптау үшін ОК түймешігін басыңыз. Шопинг индикаторы көрсетіледі.

Шопинг функциясы шамамен 6 сағат уақыт өткенде автоматты түрде өшеді. Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай тұрып өшіру үшін:

  1. Шопинг индикаторы жыпылыктағанша Mode түймешігін басыңыз.

  2. Куптау үшін ОК түймешігін басыңыз.

  3. Шопинг индикаторы өшеді.

  4. Алдын ала тандалған Eco Mode функциясы қайта қалпына келтіріледі.

Өте маңызды! Функция тоңазытқыштың басқа орнатылған температурасын тандау арқылы ажыратылады.

Action Freeze функциясы

Функцияны іске қосу үшін:

  1. Тиісті белгіше пайда болғанша Mode түймешігін басыңыз. Action Freeze индикаторы жыпылықтайды. Мүздаткыш температурасының индикаторы ☐ белгішесін бірнеше секунд көрсетеді.

  2. Куптау үшін ОК түймешігін басыңыз. Action Freeze индикаторы көрсетіледі. Анимация басталады.

Бүл функция 52 сағат өткенде автоматты түрде токтайды. Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай тұрып өшіру үшін:

  1. Mode түймешігін Action Freeze индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.
  2. Куптау үшін ОК түймешігін басыңыз.
  3. Action Freeze индикаторы өшеді.
  4. Алдын ала таңдалған Eco Mode функциясы қайта қалпына келтіріледі.

БІРІНШІ КОЛДАНУ

Ішін тазалау

Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, жаңа бұйымға тән ністі арылту үшін оның іші мен ішкі керек- жарактарын сәл нейтрал сабын салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият Құрғатыңыз.

ЭРКУНДІК КОЛДАНУ

Муздатылған тағамды сақтайтын камера

Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не үзак ұақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде, камераға тамақ салмас бұрын ұрылғыны ең кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.

Өте маңызды! Кездейсок еріп кету, мысалы электр қуаты өшіп, ток техникалық сипаттамалар

Өте маңызды! Функция мүздатқыштың басқа орнатылған температурасын таңдау арқылы ажыратылады.

Жоғары температураны ескерту сигналы

Муздаткыш камераның температурасының көтерілуі (мысалы, электр куаты үзіліп қалуы себепті) төмендегілер арқылы көрсетіледі:

- ескерту сигналы мен муздаткыш температурасының индикаторлары жыпылыктайды - дыбыстық сигнал естіледі.

Ескерту сигналын қалпына келтіру үшін:

  1. Кез келген түймешікті басыңыз.
  2. Дыбыстык сигнал ажыратылады.
  3. Муздаткыш температурасының индикаторы ең жоғары температураны бірнеше секунд көрсетеді. Содан кейін орнатылған температураны қайтадан көрсетеді.

  4. Ескерту индикаторы қалыпты жағдайлар қалпына келгенше жыпылықтап тұрады.

Ескерту сигналы токтаған кезде, ескерту индикаторы сөнеді.

Өте маңызды! Жуғыш зат не жеміргіш үнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл құрылғының сыртқы қабатына зиян келтіреді.

кестесіндедегі "көтеру уақыты" бөлімінде берілген мәндерден де үзақ уақыт бойы қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды жылдам пайдаланып не дереу пісіріп алып барып қайта тоңазыту (салқындатқан соң) қажет.

Жібіту

Муздатылған не тоңазытылған тағамды қажетке жаратпас бұрын, осы жұмыска арналған уақыттың шамасына қарай отырып, оны тоңазытқыш ішінде не

болме температурасында жылытаға болады.

Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан алған бетте мүздаған қалпы пісіре беруге болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ болады.

Жылжымалы сөрелер

Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді қажетті қатарға орналастыруға арналған бірнеше бағыттағыш жолдар бар.

ELECTROLUX ENB 34933 X - Жылжымалы сөрелер - 1

Бөтелкелерді (ауызын алға қаратып) алдын ала орналастырылған сөреге қойыңыз.

Өте маңызды! Сәре көлденен орналастырылған болса, тек жабық бөтелкелерді ғана қойыңыз.

ELECTROLUX ENB 34933 X - Жылжымалы сөрелер - 2

Ашылған бөтелкелерді сақтау үшін осы бөтелке сөресін еңкейтіп қоюға болады. Бул нәтижеге қол жеткізу үшін сөрені жоғары қарай бұрып, келесі жоғарғы деңгейге көтеріп қоюға болады.

ELECTROLUX ENB 34933 X - Жылжымалы сөрелер - 3

Есіктің сөрелерін орналастыру

Эр түрлі көлемде оралған тағамдарды орналастыру үшін, есіктегі сөрелерді әр түрлі биіктікке қоюға болады.

Бүл істеу үшін төмендегі әрекеттерді орынданыз:

сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша орнынан шыққанша ақырын тартыңыз да, содан соң қажетті орынға қойыңыз.

ELECTROLUX ENB 34933 X - Есіктің сөрелерін орналастыру - 1

Бүл суырма жеміс-жидек пен көкөністі сақтау үшін қолайлы.

Суырманың ішін бөлуге арналған, қажеттілікке қарай әр түрлі орынға қоюға болатын бөлгіштер бар.

Суырманың астында құрылғының астыңғы бетінде түзілуі мүмкін ылғалдан жеміс-жидек пен көкөністі бөліп тұратын тор (eger бар болса) бар. Тартпаның ішіндегі бөлшектердің барлығын тазалау үшін алуға болады.

ELECTROLUX ENB 34933 X - Есіктің сөрелерін орналастыру - 2

Тартпа FreshZoneбалык, ет, теңіз өнімдері сияқты жас тағамдарды сақтауға қолайлы, себебі бүл жердің температурасы, тоңазытқыштың басқа жеріндегі температурадан төмен.

ELECTROLUX ENB 34933 X - Есіктің сөрелерін орналастыру - 3

Муздаткыш себеттер, кездейсок алынып қалуға немесе құлап кетуге жол berмейтін тіреуішпен жабдықталған.

Оны муздаткыштан алу үшін, себетті өзіңізге қарай тартыңыз да, шегіне жеткен кезде себеттің алдыңғы жағын жоғары көтеріп қалыңыз. Қайта орнына қою үшін, себеттің алдыңғы жағын ақырын ғана көтеріп мүздаткышқа салыңыз. Шеткі жақтарын келтіріп салғаннан кейін, себеттерді өз орындарына қарай итеріңіз.

ELECTROLUX ENB 34933 X - Есіктің сөрелерін орналастыру - 4

ПАЙДАЛЫ НУСКАУЛАР МЕНЕН КЕНЕСТЕР

Калыпты жумыс шуылы

  • Тоңазытқыш сүйық түтікшелер арқылы акқан кезде, сылдыраған немесе көпіршіген тәрізді әлсіз шуыл естілуі мүмкін. Бүл дұрыс.
  • Компрессор қосылып түрған кезде, тоңазытқыш сүйық жан-жаққа таралады да, компрессордан сылдырлаған, сондай-ақ дірілдеген дыбыс естисіз. Бүл дұрыс.

  • Жылу әсерінен кецею кезінде кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін. Бүл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық құбылыс емес. Бүл дұрыс.

Куатты үнемдеуге қатысты ақыл- кеңес

- Есікті жиї-жиі ашпаңыз не кажетті уақыттан артық уақыт ашып түрманыз.

- Орта температурасы жоғары болса, температура регуляторы ең жоғарғы параметрге қойылса және тоңазытқыш ішіне тамақ толтырылса салынса, компрессор буландырғыш құралдың үстіне мүз қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура регуляторын құрылғы электр қуатын үнемдей отырып өздігінен жібу үшін төменгі көрсеткішке қойыңыз.

Жаңа тағамды тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес

Ең жақсы нәтижеге жету үшін:

• жылы не буы бүрқырап түрған сүйық заттарды тоңазытқышка қоймаңыз
- тағамның бетін жабыңыз не оны орап салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса
- тағамды ауа оның айналасында еркін айнала алатындай етіп орналастырыңыз

Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес

Пайдалы кенестер:

Ет (барлық түрлері) : полиэтилен қалтаға орап көкөніс суырмасының үстіңгі жағындағы шыны сөреге қойыңыз.

Сақтық мақсатында тағамды осылайша тек бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау керек.

Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.: бұлардың бетін жауып кез келген сөреге қоюға болады.

Жемістер мен көкөністер: бүларды мүқият тазалап арнайы сөреге (лер) салу қажет.

Сарымай мен ірімшік: буларды арнайы ауа өткізбейтін сауыттарға салып не алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, мүмкіндігінше ауа өткізбеуге тырысу қажет.

Сут бөтелкелері: бұлардың тығындарын жауып, есіктегі бөтелке қойылатын қатарға қою қажет.

Оралмаған банан, картоп, пияз бен сарымсақты тоңазытқышта ұстауға болмайды.

Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше маңызды кеңестер берілген:

• 24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп тағам мөлшері техникалық ақпарат тақтайшасында берілген;
- мүздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы уақыт аралығында тоңазытылуға тиіс ешбір қосымша тағамды қосып салуға болмайды;
- тек аса жоғары сапалы, жаңа және мұқият тазаланған тағамдарды ғана тоңазытыңыз;
- тағамды жылдам әрі толықтай мұздатып, қажетті кезде оның тек қажетті мөлшерін ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге бөліп дайынданыз;
- тағамды алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, орамының ауа өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;
- жаça, мүздамаған тағамды әлдеқашан мүздаған тағамға, оның температурасы көтеріле бастамас үшін тигізбеніз;
- майы аз тағамдар майлы тағамдарға қарағанда жақсы әрі ұзақ сақталады; түз тағамның сақталу уақытын азайтады;
- муз текшелерін муздаткыш камерадан алған бетте тура пайдаланса, аяз теріні қарып кетуі мүмкін;
• Тағамдарды сақтау уақытының кестесін жасау үшін, тағамның әрбір жеке орамасына оның тоңазытылған ай-күнін жазып қою ұсынылады;

Тоңазытылған тағамдарды сақтауға қатысты ақыл-кеңес

Кұрылғыны аса тиімді пайдалану үшін:

- сатылып алынатын тағамдардың бөлшек сауда орнында тиісті түрде сақталғанын тексеріп алыңыз;

- муздатылған тағамдардың тағам дүкенінен тоңазытқышқа мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде жеткізілуін қадағалаңыз;

- есікті жиї-жиї ашып не кажетті уақыттан артық ашып қалдырмаңыз.

- Тағамды бірден жібітіп алған соң оның сапасы төмендей бастайды және қайта тоңазытуға келмейді.

• Тағам өндірушісі көрсеткен уақыттан артық уақыт сақтамаңыз.

КУТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

ELECTROLUX ENB 34933 X - КУТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ - 1

Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын кұрылғыны электр желісінен ағытыңыз.

ELECTROLUX ENB 34933 X - КУТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ - 2

Бул кұрылғының салқындатқыш кұралында сутегілі көміртек бар; сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға тиіс.

Тоңазытқыш қырауын еріту

Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде тоңазытқыш камерасының буландырғышындағы қырау, мотор компрессоры тоқтаған сайын автоматты түрде жойылып отырады. Еріген су құрылғының артындағы, мотор компрессорының үстіндегі арнайы контейнердегі түтікше арқылы жиналады да, осы жерде буға айналады.

Су тасып төгіліп тамақтардың үстіне ақпас үшін тоңазытқыш ортасындағы каналдағы еріген суды ағызатын тесікті мезгіл-мезгіл тазалап отырған дұрыс. Арнайы берілген тазалағышты пайдаланыңыз, оны су ағызатын тесіктен таба аласыз.

ELECTROLUX ENB 34933 X - Тоңазытқыш қырауын еріту - 1

Тоңазытқыш қырауын еріту

Осы үлгідегі муздатқыш камера, екінші жағынан алғанда "еш қырау тұрмайтын" түрге жатады. Бүл құрылғы пайдаланылып тұрғанда құрылғының ішкі қабырғаларына да, тағамдырдың үстіне де өш қырау тұрмайды дегенді білдіреді.

Қыраудың болмауы автоматты түрде басқарылатын желдеткіштің көмегімен құрылғы ішінде үздіксіз айналыстағы суық ауаның болуына байланысты.

НЕ ICTEPCIH3, ЕГЕР...

ELECTROLUX ENB 34933 X - НЕ ICTEPCIH3, ЕГЕР... - 1

Ақаулықтың себептерін анықтамас бұрын құрылғыны төқтан ағытыңыз. Осы нұсқаулықта көрсетілмеген ақаулықты тек электрші маман немесе білікті адам ғана анықтауға тиіс.

Өте маңызды! Кұрылғы қалыпты жұмыс істеп түрган кезде шуыл естіледі (компрессор, салқындатқыш сүйықтықтың айналуы).

АқаулықЫқтимал себебіШешімі
Құрылғыдан шуыл шығады.Құрылғы дұрыс орнықпаған.Құрылғының орнықты тұрған-түрмағанын тексеріңіз (төрт аяғы да еденге тиіп тұруға тиіс).
Компрессор үздіксіз жұмыс істейді.Температура тетігі дұрыс орнатылмаған болуы мүмкін.Жылырақ температураға қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған."Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Есік тым жиі ашылған.Есікті қажет кезде ғана ашыңыз, ұзақ ашып қоймаңыз.
Тағамның температурасытым жоғары.Тағамды сақтардың алдында температурасын бөлме температурасына дейін азайтыңыз.
Бөлме температурасы тым жоғары.Мүздату функциасы қосулы."Мүздату функциасы" тарауын қараңыз.
Су тоңазытқыштың артқы тақтасына қарай ағады.Мүзды автоматты түрде еріту барысында еріген су артқы тақтаға ағады.Бүл дұрыс.
Су тоңазытқыштың ішіне ағады.Су ағатын түтікше бітеліп қалған.Су ағатын түтікшені тазалаңыз.
Тағамдар судың су жинағыш науаға құйылуына кедергі жасайды.Тағамдарды артқы тақтаға тигізбей орналастырыңыз.
Су жерге ағады.Еріген су ағатын түтікше арқылы аққан су, компрессордың үстіндегі буландырғыш науаға акпайды.Еріген су ағатын түтікшені буландырғыш науаға жалғаңыз.
Қырау, мүз тым көп қатқан.Тағамдар дұрыс оралмаған.Тағамдарды жақсылап ораңыз.
Есік дұрыс жабылмаған."Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Температура тетігі дұрысорнатылмаған болуы мүмкін.Жоғарырақ температураға қойыңыз.
Құрылғының ішіндегі температура тым жоғары.Есік дұрыс жабылмаған."Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Тағамның температурасытым жоғары.Тағамды сақтардың алдында температурасын бөлме температурасына дейін азайтыңыз.
Бір мезгілде тым көп тағам сақтауға қойылған.Бір мезгілде сақталатын тағам мөлшерін азайтыңыз.
Тоңазытқыштың ішіндегі температура тым жоғары.Құрылғының ішінде суық ауа айналымы жоқ.Құрылғы ішінде суық ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз.
Мүздатқыштың ішіндегі температура тым жоғары.Тағамдар бір-біріне өте жақын қойылған.Тағамдарды суық ауа айнала алатындай етіп сақтаңыз.
Құрылғы жұмыс істемей түр.Құрылғы сөндірулі.Құрылғыны қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға дұрыс сұғылмаған.Ашаны розеткаға дұрыстан сұғыңыз.
Құрылғыға электр куатыкелмей түр. Розеткада тоқ жоқ.Розеткаға басқа электр құрылғысын қосып көріңіз. Электрші маманға хабарласыңыз.
Шам жанбайды.Шам күту режимінде түр.Есікті жауып, қайта ашыңыз.
Шамның ақауы бар."Шамды ауыстыру" тарауын қараңыз.

Берілген ақыл-кеңес ақаулықты түзетуге көмектеспесе, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Шамды ауыстыру

  1. Курылғыны ажыратыңыз.
  2. Шамның қалпағын ағыту үшін жылжымалы бөлігін басыңыз (1).
  3. Шамның калпағын алыңыз (2).
  4. Шамның орнына түрмыстық құрылғыларға арналған, қуат параметрі дәл сондай шамдардың бірін салыңыз.
  5. Шамның қалпағын орнына қойыңыз.
  6. Курылғыны іске қосыңыз.
  7. Есікті ашыңыз. Шамның жанатындығын тексеріңіз.

Есікті жабыңыз

  1. Есік тығыздағыштарын тазалаңыз.
  2. Кажет болса, есікті лайыктаңыз. "Орнату" тарауын караңыз.
  3. Кажет болса, есіктің нуксан келген тығыздағыштарын айырбастаңыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

ELECTROLUX ENB 34933 X - Есікті жабыңыз - 1

ENA34933WENA34933XENA38933WENA38933X
Өлшемдері
Биіктігі1850 мм2010 мм
Ені595 мм595 мм
Терендігі658 мм658 мм
Көтерілу уақыты18 сағ.18 сағ.
Кернеу230 В230 В
Жиілік50 Гц50 Гц

Техникалық акпарат құрылғының сол жақ ішкі қабырғасындағы техникалық

акпарат тактайшасында және электр куатының жапсырмасында көрсетілген.

OPHATY

ELECTROLUX ENB 34933 X - OPHATY - 1

Құрылғыны орнатпай тұрып "Қауіпсіздік туралы ақпаратты" жеке басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және

құрылғыны дұрыс пайдалану үшін мұқият оқып шығыңыз.

Орналастыру

Бул кұрылғыны температурасы кұрылғының техникалық ақпараттар тақтайшасында көрсетілген климат санатына сай келетін жерге орналастыру қажет:

Климат санатыКоршаған орта температурасы
SN+10°C бастап + 32°C дейін
N+16°C бастап + 32°C дейін
ST+16°C бастап + 38°C дейін
T+16°C бастап + 43°C дейін

Орналасуы

Құрылғыны радиаторлар, бойлерлер, тура түскен күн жарығы сияқты жылу көздерінен мүмкіндігінше алыс орнату қажет. Құрылғының артқы жағында ауаның еркін айналып тұруын қамтамасыз етіңіз. Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін, егер құрылғы қабырғаға ілулі заттың астына қойылса, құрылғының үсті мен қабырғаға ілулі заттың арасында кем дегенде 100 мм орын қалуға тиіс. Дегенмен, ең жақсысы, құрылғыны қабырғаға ілінетін заттың астына қоймаған дұрыс. Құрылғы корпусының астындағы бір немесе бірнеше аяғын реттеу арқылы оны бір деңгейлеп орнатуға болады.

ELECTROLUX ENB 34933 X - Орналасуы - 1

Назарыңызда болсын! Құрылғыны электр желісінен ағытатындай етіп орналастыру керек; сондыктан оны орнатқаннан кейін оның ашасы қол оңай жететін жерде тұруға тиіс.

100 mm min A 20 mm

ELECTROLUX ENB 34933 X - Орналасуы - 3

Электр желісіне жалғау

Электр желісіне қоспас бұрын техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына сай келетіндігін тексеріп алыңыз.

Құрылғы жөрге қосылуға тиіс. Осы мақсатта қорек сымы контактпен қатар жеткізілген. Егер үйдегі розетка жөрге қосылмаған болса, білікті электр маманынан ақыл-кеңес ала отырып, құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай жөрге жекелей қосыңыз.

Жоғарыда айтылып өткен ережелер сақталмаса, өндіруші қандай да бір жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады.

Бүл кұрылғы Е.Е.С. ережелеріне сай келеді.

Арткы тығыздағыштар

Кужаттар салынған қалтадан екі тығыздағышты таба аласыз.

Тығыздағыштарды орнату үшін мына қадамдарды орынданыз:

  1. Буранданы босатыңыз.
  2. Тығыздағышты бұранданың астына салыңыз.
  3. Тығыздағышты дұрыс жаққа бұраңыз.
  4. Бурандаларды катайтыңыз.

ELECTROLUX ENB 34933 X - Арткы тығыздағыштар - 1

Кұрылғыны орналастырған кезде орнықты болуын қадағалаңыз. Оны алдының төменгі жағындағы реттемелі екі аяғының көмегімен орнықты етуге болады.

ELECTROLUX ENB 34933 X - Арткы тығыздағыштар - 2

Сәре тіреуіштерін алу

Кұрылғы тасымал кезінде сөрелерді орнынан жылжыптай ұстауға арналған тіреуіштермен жабдықталған.

Тіреуіштерді алу үшін мына әрекеттерді орынданыз:

  1. Сәре тіреуіштерін көрсеткі(А) бағытымен жылжытыңыз.
  2. Сөрені артқы жағынан көтеріңіз де, әбден босағанша алға итеріңіз (В).
  3. Тіреуіштерді алыңыз(С).

ELECTROLUX ENB 34933 X - Сәре тіреуіштерін алу - 1

Есіктің ашылатын жағын өзгерту

Егер есіктің ашылатын жағын өзгерткіңіз келсе, жақын жерде орналасқан қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Кызмет көрсету орталығының маманы есіктің орның төлемақыға ауыстырып береді.

Бүйымдағы немесе бүйым

корапшасындағы ⑧ белгісі осы бұйым кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп білдіреді. Сондықтан оны ескі электр және электроникалық бұйымдарды жинап утилизация үшін арнайы контейнерлерге салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған орта менен адам денсаулығына түсіп пайда бола алатын

зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бүл бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда болуы мүмкін. Осы бұйымның утилизациясы туралы көбірек білуіңіз үшін жергілікті әкімшілігіңізбен, қалдықтарды жинап әкететін мекемеңізбен немесе осы бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен хабарласыңыз.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : ELECTROLUX

Модель : ENB 34933 X

Санат : тоңазытқыш