OTP627WH - сорғыш Hansa - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз OTP627WH Hansa PDF форматында.
| Өнім түрі | Ас үй сорғышы |
| Бренд | Hansa |
| Модель | OTP627WH |
| Түс | Ақ |
| Ені | 60 см |
| Тереңдігі | 30–48,8 см |
| Биіктігі | 17,6 см |
| Нетто салмағы | 6,5 кг |
| Қоректену кернеуі | AC 230 В ~ 50 Гц |
| Қозғалтқыш | 2 желдеткіш моторы |
| Жарықтандыру | 2 × 20 Вт галоген шамдар |
| Май сүзгісі | 2 алюминий май сүзгісі |
| Жылдамдық деңгейлері | 2 + Турбо |
| Ауа өнімділігі | 360 м³/сағ |
| Ток тұтыну | 280 Вт |
| Жұмыс шуы | 55 дБА |
| Қорғаныс класы | II |
| Жұмыс режимі | Сыртқа шығару немесе айналдыру |
| Шығатын құбыр диаметрі | 120 мм |
| Орнату қашықтығы (электр плитасы) | ≥ 450 мм |
| Орнату қашықтығы (газ плитасы) | ≥ 650 мм |
| Май сүзгісін тазалау | Әр 2–3 апта сайын, ыдыс жуғыш машинаға жарамды |
| Белсенді көмір сүзгісін ауыстыру | Әр 2 ай сайын (айналдыру режимінде) |
| Шамды ауыстыру | 20 Вт галоген шам, сақина тәрізді патрон |
Жиі қойылатын сұрақтар - OTP627WH Hansa
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы OTP627WH Hansa
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз сорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз OTP627WH - Hansa және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. OTP627WH брендінің Hansa.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ OTP627WH Hansa
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ KZ
Сіз сору құрылғысын пайдаланушы болып табыласыз. Бұл сору құрылғысы Сіздің күткендеріңізді орындау идеясымен жобаланып, дайындалды және ол заманауи жабдықталған асүй бөлшегін құрайтын болады. Онда заманауи техникалық шешімдерді қолдану және өндіруде ең жаңа технологияны пайдалану оның жоғары атқарымдылығы мен эстетикасына кепілдік береді. Құрастыруды бастағанға дейін дұрыс орнатпау және сору құрылғысына дұрыс қызмет көрсетпеуді болдырмау мақсатында осы жетекшіліктің мазмұнымен әбден танысып алуды сұраймыз.
Біз Сізге біздің фирманы таңдағаныңызға қанағаттануды және рахаттануды тілейміз.

Ескертпе: Дайындаушы дұрыс құрастырмау және осы жетекшілікке сәйкес пайдаланбауына байланысты туындаған ақаулар үшін өзіне кез келген жауапкершілікті қабылдамайды.
Соратын құрылғы асүйдегі иісті жоюға немесе бейтараптандыруға арналған және оны тұрақты түрде газ немесе электр плиткаларының үстіне орнатады. Иісті жұтып алу режимінде жұмыс істей отырып, ол сырттан ауаны бұруға құбыр орнатуды талап етеді. Құбырдың ұзындығы Ø120 мм /
150 мм 4-5 м аспауы тиіс. Активтенген көмірмен сүзгі орнатқаннан кейін соратын құрылғы иістерді жұтып алу режимінде жұмыс істей алады. Бұл жағдайда ол сырттан ауаны бұру үшін құбыр құрастыру талап етілмейді. Асүйге арналған сору құрылғысы ашасы бар қорек сымына жалғанған электроғымен зақымданудан ІІ класты қорғау бойынша орындалған құрастыруды талап етпейді. Құрылғы үш айналу жылдамдығының бірін орнату мүмкіндігі бар соратын желдеткішпен және жарықпен жабдықталған.
II ЖАБДЫҚ
Соратын құрылғы мынадай элементтерден тұрады (1-сур.):
- Алдыңғы панель
- Желдеткіш жұмысының жылдамдығын басқару, Жарықтандыруды басқару 3 Май ұстайтын алюминий сүзгі
- Жарықтандыру
| Басып шығару ОТР627ІН ОТР627WH ОТР616ІН ОТР616WH | ||||
| Корек кернеуі АС 230V ~50Hz АС 230V ~50Hz АС 230V ~50Hz | ||||
| Желдеткіштің қозғалтқышы 2 2 1 1 | ||||
| Жарықтандыру 2x20W 2x20W 2x20W 2x20W | ||||
| Майды жұтып алуға арналған фильтр саны 2 2 2 2 | ||||
| Жылдамдық дәрежелері 2 + Turbo 2 + Turbo 2 + Turbo | ||||
| Ені (см) 60 60 60 60 | ||||
| Терендігі (см) 30~48,8 30~48,8 30~48 8 30~48,8 | ||||
| Биіктігі (см) 17,6 | 17,6 | 17,6 | 17,6 | 17,6 |
| Ауа шығару (ø mm) 120 | 120 | 120 | 120 | 120 |
| Өнімділігі (m3/h) 360 | 360 | 360 | 280 | 280 |
| Қуатты тұтыну (W) 280 | 280 | 280 | 160 | 160 |
| Шу шығаруы (dBA) 55 55 54 54 | ||||
| Таза салмағы [kg] 6.5kg | 6.5kg | 6.5kg | 6kg | 6kg |
| Сокқыға қарсы қорғау класы II II II II | ||||
| Жұмыс режимі Желдеткіш немесе абсорбатор | Желдеткіш немесе абсорбатор | Желдеткіш немесе абсорбатор | Желдеткіш немесе абсорбатор | Желдеткіш немесе абсорбатор |
| Бояуы Inox | White | Inox | White |
- Құрылғы асүй иісінің сыртқа шығуын жоюға арналған. Оны тиісті желдету арнасына жалғау керек (оны пайданылатын түтіншыққышқа жалғамау керек).
- Құрылғы электр плитасынан кем дегенде 650 мм және газ плитасынан 750 мм биіктікте құрастырылады. Егер плитаның нұсқаулығында басқа қашықтық көрсетілсе, онда оны қолдану керек.
- Соратын құрылғының астында ашық жалынды қалдыруға болмайды. Жанарғыдан кәстрөлді алған уақытта, ең төменгі жалынға қою керек.
- Майға дайындалатын тағамдарды үздіксіз бақылау керек, өйткені қызған май жалындауы мүмкін.
- Соратын құрылғыға арналған, майды сорып алатын сүзгіні тым болмағанда, ай сайын тазалап тұру керек, өйткені май сіңгендіктен, оңай жалындауы мүмкін.
- Сүзгіні күнделікті тазалап, ауыстырар немесе жөндер алдында розеткадан ашасын ағытып тастау керек.
- Егер орынжайда соратын құрылғыдан басқа, электрмен қоректендірілмейтін басқа қондырғылар (мысалы, сұйық жанарғымен жанатын пеш, ағынды қыздырғыш, гидротермалар) жұмыс істесе, тиісті желдеткіш (ауа ағыны) үшін жағдай жасау керек. Соратын құрылғы мен орынжайдағы ауаға байланысты жағу құрылғылары бір мезгілде жұмыс істегенде, осы құрылғылар орнатылған жерде 0,004 милибардан аспайтын вакуумдық қысым болса, қауіпсіз пайдалануға болады (бұл талап егер соратын құрылғы иістерді жұтып алу режимінде жұмыс істесе, талап етілмейді).
- 240 V электржелісіне қосылғанда, жарамды штепсель розетка талап етіледі.
- Асүйге арналған сору құрылғысына сүйенуге тыйым салынады.
- Асүйге арналған соратын құрылғыны осы жетекшілікте айтылған ұсынымдарды сақтай отырып, сыртынан да, ішінен де (АЙЫНА БІР РЕТТЕН ЖИІ ЕМЕС) тұрақты түрде тазалап отыру керек. Соратын құрылғыны тазалау және көмір сүзгілерін (иістерді жұтып алу режиміндегі) ауыстыру жөніндегі ұсынымдарды сақтамау өрт шығуына әкелуі мүмкін.
- Электр сымы бүлінген жағдайда, оны мамандандырылған жөндеу шеберханасында ғана ауыстыру керек.
Өндіруші осы жетекшіліктегі ұсынымдарды сақтамау нәтижесінде құралды дұрыс пайдаланбауға байланысты туындауы мүмкін ақаулар, жану немесе өрт үшін жауапкершілікте болады.
ОРАУЫН ШЕШУ
Орауышы құралды тасымалдағанда бүлінуден қорғайды. Орауышын дайындағанда пайдаланылатын материалдар қоршаған орта үшін қауіпсіз, оңай пайдаға жаратылады және қайтадан өңдеу үшін 100 %-ға жарамды, бұны тиісті символмен таңбалануы көрсетіп тұр. Сізден мүмкіндігінше орауышын қайталама шикізатты қабылдау пунктіне тапсыруды өтінеміз.

Назар аударыңыз! Орауыштың кейбір элементтері (полиэтилен қаптар, пенополистирол тіліктері және т.б.) адам организмі үшін қауіпті. Орауышын балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтау керек.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ:
- сорғышты қорек беретін торапқа қосардан бұрын және оның жұмысын тексерер алдында қорек беретін торап сымының дұрыс жалғанына және Сіз құрастыру барысында соратын құрылғының сымын қысып қалмағаныңызға міндетті түрде көз жеткізіңіз.
- Сорғышты орнатар алдында электрқорегінің шнурын жазып, түзету қажет. НАЗАР АУДАРЫНЫЗ: асүй сорғышын электрқорегі торабына қосар алдында және оның жұмысын тексерерде, сымы орнату кезінде сору элементтерімен қысылып қалмағанын және сымы дұрыс жалғанғанына көз жеткізіңіз.
- Бұл құрылғы дене, ақыл-ой қабілеті шектеулі тұлғалардың (соның ішінде балалардың), сондай-ақ құрылғыны пайдалануға білімі мен тәжірибесі жеткіліксіз тұлғалардың пайдалануына арналмаған, бұл олардың қауіпсіздігіне жауап беретін тұлғаларға берілген құрылғыға қызмет көрсету нұсқаулығына сәйкес немесе олардың қадағалауымен болуы тиіс.

Сорғышты қорек торабына қосып, оның жұмысын тексерер алдында қорек беретін торап сымының дұрыс қосылғанына және Сіз құрастыру барысында сорғыштың сымын қысып тастамағаныңызға көз жеткізіңіз.
ЖИНАҚТАУ
Жинақтауды оңтайландыру мақсатында орнатуды бастамас бұрын сорғыштан алюминий сүзгісін шығару ұсынылады.
Сорғышты орнату алдында ауаны сыртқа бұрып жіберетін өткізгішті орнатыңыз. Келесі параметрлерлі бұрып жіберетін өткізгішті қолдану керек: Барынша қысқа-бүгіліс мөлшері аз (ең үлкен бүгілу бұрышы ̄ 90 °) – сертификатталған материалдан (жергілікті құрылыстық және өртке қарсы нормаларға сәйкес) дайындалған, сондай-ақ шікі беті барынша тегіс. – Сонымен қатар диаметрі ұсынылғаннан (ұсынылатын диаметр: 125 мм) едәуір ерекшеленетін өткізгішті қолданудан аулақ болу ұсынылады – 3-сур.
Ауаның шығуы үшін оң жақта орналасқан жинақтаудың түрлі мүмкін әдістеріне арналған көлемдері көрсетілген суреттерге сәйкес қабырғада саңылау бұрғылау керек (диаметрі 133 мм) – 4-сур.
Ауаның шығуына арналған саңылаудың орнын таңдау: Саңылау керекті орында, төбесінде орналасуы керек. Бірақ сорғыштың үстіндегі тік сызық бойымен орналасуы керек. Сорғыш ауаны тек жоғарғы шығатын жері арқылы ғана бұруға арналғандығын естен шығармаған жөн.
Ас үйдің шағын шкафының астына орнату 5-сур.
- Ас үйдің шағын шкафына сорғышты бекіту алдында шағын шкафта диаметрі 130 мм саңылау бұрғылау керек.
- Әрбір жағдайда қоректендіру розеткасының қай жерде орналасқанын ескеру керек, себебі сорғышты қоректендіру көзіне қосу үшін ас үйдің шағын шкафында қосымша саңылау бұрғылау қажет болуы мүмкін.
- Ас үйдің шағын шкафында көрсетілген ара қашықтықтарды сақтай отырып, 4 саңылау бұрғылаңыз. Сорғышты шағын шкаф астына орналастырып, шкафтың ішкі жағынан сорғышты 4 бекіту бұрандаларымен бекітіңіз.
- Қоректендіру көзіне қосыңыз.
Электр желісіне қосу және жұмысын тексеру
Электр желісіне қосу аяқталған соң (бұрынырақ айтылған талаптарға сәйкес), сорғыштың жарығы және электрмоторы тиісті түрде жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз. Қажет болған жағдайда оны қорек торабынан дереу ағыту үшін, ол розетка орнатылған асүй сорғышына тікелей жақын орналасуы тиіс.
Асүй сорғышының жұмыс режимін таңдау
Құрылғының сору жүйесі режимінде жұмыс істеуі
Құрылғы сору жүйесінде жұмыс істеген жағдайда, ауа арнайы құбырмен сыртқа беріледі. Бұл жағдайда болуы мүмкін көмірсүзгілерін алып тастау керек. Құрылғы диаметрі 150 немесе 120 мм қатты немесе эластик құбырдың және тиісті қысқыштардың көмегімен ауаны сыртқа жіберетін саңылауларға жалғастырылады, оларды мамандандырылған дүкендерден сатып алу керек. Құрылғыны білікті құрастырушы қосуы тиіс.
Құрылғының жұту режимінде жұмыс істеуі
Бұл режимде сүзгіден өткен ауа жоғарғы құбырда орналасқан екіжақты тесік арқылы орынжайға қайтып келеді. Бұлай орнатқан кезде, көмірсүзгісін орнату керек және қақпақшалы ауаөткізгіш орнату ұсынылады.
1. Пайдалану қауіпсіздігі
Орнатылған ас үй сорғышы тәуелсіз жарықтандырумен және желдеткіш жұмысының үш жылдамдығының бірін таңдау мүмкіндігі бар сору желдеткішімен жабдықталған.
Желдеткіштің айналу жылдамдығын басқару телескоптық панельде орналасқан ауыстырып-қосқыштардың көмегімен жүргізіледі. Сорғыш қозғалтқышы жұмыс істей бастау үшін міндетті түрде алдыңғы панелін жылжыту керек. Алдыңғы панельді жылжыту сорғыш қозғалтқышының қосылуына алып келеді (желдеткіштің орнатылған жылдамдығына тәуелсіз).
Қалыпты жұмыс жағдайларында оңтайлы өнімділікке жету мақсатында төмен жылдамдықты қолдану ұсынылады, ал жоғары жылдамдықты тек ас үй булануларының жоғары концентрациясы кезінде қосыңыз. Сонымен қатар, сорғышты әзірлеу алдында бірнеше минут алдын ала қосып, ал әзірлеу аяқталған соң ауаның ас үй иістерінен толық тазаруына дейін шамамен 15 минуттан кейін өшіру ұсынылады.
Жарықтандыруды басқару: бағыттаушы телескоптық панельдің сол жағында орналасқан ажыратқыштың көмегімен жүзеге асырылады. Жарықтандыру алдыңғы панельді жылжыту кезінде сөнеді.
3. Күту
Құрылғыны тұрақты түрде күту және тазалау құрылғының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және оны пайдалану қызметін ұзартады. Майды күтуге арналған сызғылар мен кеміргіштерді дайындау нұсқаулықтарындағыдай тазаланып, айыстырылып, ерекше назар аудару керек.
3.1. Алюминийлі майсыздандырушы сүзгі
1. Тазалау
Сорып шығарушының қалыпты жұмыс істеуі кезінде (тиімділік жағынан), майсыздандырушы сүзгі әр ай сайын тазалануы тиіс. Майсыздандырушы сүзгіні ыдыс жуғыш машинасында немесе қолмен жуу қажет, жуу үшін бейтарап жуғыш заттарын немесе сұйық сабынды пайдалану қажет.
- Сүзгіні ауыстыру (5-сурет)
Сүзгіні келесі әдіспен шешу қажет:
а) құлыптың бекітушілерін босату қажет; б) алюминийлі майсыздандырушы сүзгіні телескоптық өткізгіштен шығару қажет.
Көмірлі сүзгілер (тек иістерді сіңіргіш ретінде рециркуляция режимінде ғана)
1. Әрекет ету ұстанымы.
Көмірлі сүзгілер (2 дана) (6 сур.) тек сорғыш желдеткішке жалғанбаған жағдайда ғана қолданылады.
Белсенді көмірі бар сүзгілер толығымен қаныққанша иістерді сіңіреді.
Осындай сүзгіні жууға да, қайта қалпына келтіруге де болмайды, оны кемінде 2-3 айда
1 рет немесе егер сорғыш өте қарқынды жұмыс істесе, ластануына байланысты одан да жиірек ауыстыру қажет.
2. Ауыстыру
а) Май сіңіретін алюминий сүзгілерді алыңыз (7 сур.). b) Көмірлі сүзгілерді иілген жағын торға қаратып қозғалтқыштардың кіріс торларына орнатыңыз (6 сур.). c) Сүзгілерді байонеттерге бұрап салыңыз. d) Май сіңіретін сүзгілерді орнына орнатыңыз.
3.3. Жарықтандыру
Жарықтандыру жүйесі қуаты 20 Вт екі галоген лампадан тұрады.
Лампаларды ауыстыру үшін:
а) оны ұстап тұрып, жалпақ құрал немесе бұрағыш арқылы сыртқа шығарып, галогеннің қапсырма шынысының шығыршығын іліп алу керек. b) Лампаны шүберек немесе қағазбен ұстап тұрып ауыстырыңыз. c) Содан соң кері кезектілік операциясын орындай отырып, шығыршықты шынысымен бірге орнына қойыңыз.
Ескертпе: Галоген лампаларға саусағыңыз тиіп кетпеуін қадағалаңыз!
3.4. Тазалау
Сору құрылғысын қалыпты тазалау алдында мынадай әрекеттерді жасамау керек:
- Суға батырылған шүберек немесе губканы, су ағынын қолданбау.
- Еріткіш немесе алкоголь қолданбау, олар лакталған беткі жағының көмескіленуіне әкеледі. • Әсіресе тоттанбайтын материалдан жасалған беткі жақтарына ойып түсетін заттектерді қолданбау. • Қатты және бұдыр шүберекті пайдаланбау.
Тазалау үшін ылғал шүберек пен бейтарап құралдарды қолдану ұсынылады.
Алюминий май сүзгісін ай сайын тазарту керек - жұмсақ детергентті немесе сұйық сабынды пайдалана отырып қолмен немесе ыдыс жуатын машинада (60°C-қа дейін). Ыдыс жуатын машинада бірнеше рет жуғаннан кейін алюминий сүзгінің түсі өзгеруі мүмкін. Түсінің өзгеруі сүзгінің ақауы болып табылмайды және ауыстыруды қажет етпейді.
ОРАМАДАН ШЫҒАРУ

Жабдық тасымалдау барысында зақымданулардан қорғалған. Жабдықты орамадан шығарғаннан кейін орама элементтерін қоршаған орта үшін қауіпсіз әдіспен алуыңызды сұраймыз.
Орама үшін қолданылған барлық материалдар қоршаған орта үшін қауіпсіз болып табылады, 100 % қайта өңдеуге жатады, бұл сәйкес таңбамен белгіленген. Назар аударыңыз! Орауыш материалдар (полиэтиленді пакеттер, пенопласт бөліктері және т.б) орамадан босатылғаннан кейін балаларға қолжетімсіз болуы қажет.
ПАЙДАЛАНЫП БОЛҒАННАН КЕЙІН

Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін осы өнімді қарапайым үй шаруашылығы қалдықтарымен бірге тастауға болмайды, оны электрлі және электронды құрылғыларды қабылдау және пайдаға асыру орындарына өткізу қажет. Осы туралы өнімде, қызмет көрсету нұсқаулығында немесе орамада орналасқан таңба құлақтандырады. Бұйымда қолданылған пластмассалар олардың белгіленулеріне сәйкес қайта қолдануға жарамды. Қайта қолданудың, тозған құрылғыларды қолданудың немесе қолданудың басқа түрлерінің арқасында Сіз қоршаған ортаны қорғауда елеулі үлес қосасыз. Тозған құрылғыларды жоюдың сәйкес орны туралы Сізге ақпаратты қалалық әкімшілік ұсынады.
Өндіруші куәландырады:
Осы ақпаратпен өндіруші осы өнімнің төменде аталған еуропалық басшылық нұсқаулардың:
• 2006/95/EC төменгі кернеу туралы басшылық нұсқауының • 2004/108/EC электромагниттік үйлесімділіктің басшылық нұсқауының негізгі • 2009/125/EC
талаптарына сәйкес келетінін куәландырады.
Жоғарыда аталғанның негізінде осы бұйымда ① белгісі бар және бұйымға нарықты бақылайтын ұйымдармен берілетін сәйкестік декларациясы берілген.